Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 24 мамырдағы № 380 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 маусымда № 17079 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертуі!
      Осы бұйрық 29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану" Қазақстан Республикасы Кодексінің 75-бабының 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 31.12.2024 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. қоса беріліп отырған Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидалары бекітілсін.

      2. "Геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру және жинақтап қорыту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 413 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11396 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2018 жылғы 29 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2018 жылғы 30 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2018 жылғы 28 мамыр

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрі

      ____________ Қ. Бозымбаев

      2018 жылғы 25 мамыр

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар
және даму министрінің
2018 жылғы 24 мамырдағы
№ 380 бұйрығымен бекітілген

Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 31.12.2024 № 462 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 75-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес әзірленді және меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу, жинақтау және беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) Бастапқы геологиялық ақпарат – табиғи жеткізгіштердегі ақпарат (бұрғылау ұңғымаларының керндері, пайдалы қазбалардың, көмірқышқылды газдардың, меркаптандардың, судың сынамалары, жыныстар мен минералдардың үлгілері, тас материалдың сынамалары мен коллекциялары, шлифтер, аншлифтер, минералдық ерітінділер мен ұнтақтар), жасанды (қағаз және электрондық) жеткізгіштердегі ақпарат (далалық бақылаулар, сынамалау, сынамаларды талдау, геофизикалық байқауларды тіркеу журналдары, бастапқы далалық деректердің және геологиялық ақпаратты өңдеу, түсіндіру, талдау және жинақтап қорыту нәтижелерінің қағаз және электрондық жеткізгіштері);

      2) Керн – бұрғылау кезінде одан әрі зерттеу мақсатында алынатын цилиндрлік баған түріндегі тау жынысының үлгісі;

      3) Қайталама геологиялық ақпарат – бастапқы ақпаратты өңдеу, талдау және жинақтап қорыту нәтижесінде алынған ақпаратты қоса алғанда, геологиялық есептер, геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есептер, пайдалы қазбалардың ресурстарын және қорларын бағалау туралы есептер;

      4) Минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі (бұдан әрі – ҰДБ) – мемлекеттік органдардың бірыңғай платформасы интернет ресурсы арқылы жұмыс істейді;

      5) Оператор – геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлға немесе мемлекеттік кәсіпорын (бұдан әрі – Оператор).

      3. Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйелеу, жинақтау және беру жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органмен өзі айқындаған тәртіпте жүзеге асырылады.

      4. Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы ақпаратты сақтау мен оған қолжетімділікті қамтамасыз ету, геологиялық ақпаратты ұсынуды, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган мен құзыретті орган арасындағы өзара іс-қимыл және жұмыс процестерін үйлестіруді автоматтандыру ҰДБ ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.

      5. ҰДБ-ны пайдалану Кодекстің 75-бабының 3-тармағына сәйкес жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.

      6. Геологиялық ақпарат екі түрге жіктеледі: бастапқы және қайталама. Ережелер Мемлекеттік құпияларды қамтитын геологиялық ақпаратқа қолданылмайды.

2-тарау. Геологиялық ақпаратты есепке алу тәртібі

      7. Геологиялық ақпаратты есепке алу геологиялық материалдарды жазуға арналған түгендеу кітабында (бұдан әрі – түгендеу кітабы) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Түгендеу кітабындағы жазбасына сәйкес әрбір геологиялық материалға түгендеу нөмірі беріледі.

      Қағаз жеткізгіштегі геологиялық ақпаратқа әрбір түптелген сақтау бірлігінің мұқабасының сол жоғарғы бұрышында және титул парағының сол жоғарғы бұрышында түгендеу нөмірі қойылады. Дәл осы нөмір әрбір түптелмеген қосымша мұқабасының және бастапқы геологиялық ақпаратты сақтау бірлігінің әрқайсысына сол жақ бұрышында қойылады.

      Түгендеу кітабында түзету жасау кезінде "ескерту" бағанында осы түзетуді жасаған тұлғаның деректері: тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) және лауазымы жазылады.

      9. Электрондық түрде геологиялық ақпараттың есепке алынуы ҰДБ арқылы жүзеге асырылады.

      Ұйым қызметкерлерінің пайдалануы үшін және жеке тұлғалардың оқу залында пайдалануы үшін қоймадан берілетін барлық құжаттар құжаттарды беру кітаптарында тіркелу жолымен есепке алынуы тиіс.

3-тарау. Геологиялық ақпаратты сақтау тәртібі

      10. Операторға есеп түрінде ұсынылған бастапқы және қайталама геологиялық ақпарат Кодекстің 132-бабының 1) тармақшасына, 180-бабының 1), 2) тармақшаларына, 195-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 215-бабының 1-тармағының 4), 5) тармақшаларына, 236-бабы 1-тармағының 2), 3) тармақшаларына, 90-бабы 5-тармағына сәйкес сақтауға қабылданады.

1-параграф. Бастапқы геологиялық ақпаратты сақтау тәртібі

      11. Тұрақты сақтауға құжаттау, сынамалау, сынамаларды іріктеуден тұратын аяқталған параметрлік, карталау, іздеу және геологиялық өңдеуден кейін барлау ұңғымалары бойынша мынадай түрлері бойынша іріктелген керн түрінде ұсынылған бастапқы геологиялық ақпарат жатады:

      1) далалық күнделіктер, журналдар, мәлімдемелер, бақылаулардың, өлшеулердің, есептеулердің (оның ішінде координаттардың, қателіктердің, түзетулердің) ликстаждық кітаптары және далалық жұмыстарды топографиялық-геодезиялық материалдарымен қамтамасыз етілуі;

      2) тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың, табиғи су көріністерінің құжаттамаларының журналдары, ұнғымалардың іс-құжаттары;

      3) кернді, үлгілерді, шлифтерді іріктеу (сорып шығарулары, құюлары, сынақтары) сынамалау журналдары;

      4) жұмыс аэро-, ғарыш-фотоматериалдары, топонегіз;

      5) ұңғымалардың, тау-кен қазбалардың координаттар, геохимиялық, геофизикалық жұмыстарға және де басқа мақсаттарға арналған топожелілер пункттерін және профильдерін бекіту каталогтары;

      6) геофизикалық, геохимиялық және гидрогеохимиялық ауытқулардың каталогтары;

      7) барлық түрлі талдаулардың, сынақтардың және лабораторлық зерттеулердің нәтижелері;

      8) спектрограммалар;

      9) шлифтердің, аншлифтердің сипаттамалары;

      10) фаунаның, флораның және споралық-тозаңдық кешеннің сипаттамасы;

      11) каротаж, геологиялық және зерттеу ұңғымаларының материалдары мен диаграммалары;

      12) бөлшектік (қабаттық) геологиялық тіліктер;

      13) ұңғымалар бойынша бағаналар (тіліктер);

      14) нақты материалдардың карталары;

      15) тас материалдар (керн, фауна үлгілері), сынамалардың телнұсқалары;

      16) геологиялық мазмұндағы карталардың авторлық (жұмыс) даналары;

      17) аэрогеофизикалық зерттеулердің далалық материалдары, соның ішінде:

      балама диаграммалар, таспалар және аппаратуралық журналдар, спектрометрлердің аэрограммасы, аэромагнитомерлер;

      магнитовариациялық таспалар және магниттік өріс вариациялар кестесінің журналдары;

      балама таспалар және аппаратурамен бақылау-теңшеуі бойынша материалдар;

      дифференциалды каналдар бойынша есептеу жылдамдығының өңделген, шкала нөмірі мен жинақталу уақыты көрсетілген түпкілікті деректерінен тұратын, дискеттердегі түсірілім учаскесінің, топобекітулер деректері бар магниттік индукцияның толық векторы модулінің көшірмелері;

      топографиялық-геодезиялық материалдар (радиогеологиялық бекітулер, аэромаршруттардың ұшу сызбасы, маршруттардың аяқталу басының координаттары бар магниттік таспалар төлқұжатының сызбасы).

      18) сейсмикалық барлау бойынша зерттеулердің далалық материалдары, оның ішінде тігінен сейсмикалық профильдеу сейсмикалық каротаж бойынша:

      сейсмограммаларды тіркеу журналдары;

      деректерді қабылдау жөніндегі операторлардың рапорттары;

      ату, статистикалық түзету сызбасы;

      профильдер бойынша уақытша және миграциялық тіліктер;

      магниттік таспалар түріндегі бастапқы материал немесе кассеталардағы жинақталған жазу.

      19) гравиметриялық зерттеулер бойынша далалық материалдар:

      анықтамалық және қатардағы гравиметриялық нүктелердің каталогтары;

      карталардың далалық нұсқаларының қатты негізі жатады.

      12. Кернді сақтауды және оны көру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін кернді сақтауға арналған орынжайлар (керн қоймалары) керн жәшіктеріне еркін қол жеткізу есебімен орналастырылатын арнайы сөрелермен жабдықталуы тиіс.

      13. Жәшіктерді әрбір ұңғыма бойынша нөмірлеу тәртібімен кернді сөрелерге орналастыру жүргізіледі. Қажет ұңғымалардың керндерін оңай табу үшін жәшіктің таңбаланған бүйір жағы сөрелер арасымен жүретін бетіне қаратып қойылуы қажет. Әрбір ұңғыма бойынша керн жәшіктері сөрелерге керн қоймаларынан ыңғайлы шығарып алатындай етіп қойылады. Сөрелердің адам жүретін бетіндегі бүйір жағына топтаманың нөмірі, бұрғылау учаскесі, ұңғыманың нөмірі және оны ұңғылау жылдары жазылған тақтайша ілінеді.

      14. Іздеу және карталау ұңғымаларының керні егжей-тегжейлі жұмыс жүргізу нәтижесінде өз маңызын жоғалтқанға дейін сақталады.

      15. Алдын ала және тыңғылықты барлау ұңғымалардың керні кен орны бойынша қорлардың есебін бекіту үшін сақталады.

      16. Қорлардың есебі бекітілгеннен немесе ресурстар мен қорлардың мемлекеттік тіркеуден кейін де геологиялық барлау жұмыстары жалғасып жатқан кен орындары бойынша кен орнының жалпы геологиялық құрылымын толық сипаттайтын ұңғымалар керні сақталуы тиіс. Мұндай ұңғымалар бойынша керндер тау-кен жұмыстары арқылы кен орындарының төменгі қабаттарына жеткенгенге дейін немесе кен орны игерілгенге дейін сақталады.

      17. Геологиялық есептер және қорлар бекітілгеннен немесе ресурстар мен қорлардың мемлекеттік тіркеуден кейін:

      өндірістік және ғылыми қызығушылықты көздейтін, оның ішінде монографиялық сипаттамаға, арнайы зерттеу түрлеріне, басқа аудандар мен объектілердің геологиялық тілімдерімен салыстыруға, арналған, жекелеген тірек ұңғымаларының кернін;

      аталған объектідегі барлық көптүрлі жыныстардың және кендердің эталондық үлгілерін;

      қосымша технологиялық және басқа да зерттеулер үшін қажет мөлшердегі пайдалы қазбалардың кернін қоспағанда, ұңғымалар бойынша керн немесе қысқартылған керн үлгілерін қоспағанда, жоюға жатады.

      18. Кең таралған пайдалы қазбалар жөніндегі бастапқы геологиялық ақпарат фотосурет түрінде жасанды жеткізгіштерде сақталады.

2-параграф. Қайталама геологиялық ақпаратты сақтау тәртібі

      19. Тұрақты сақтауға мынадай қайталама геологиялық ақпараттар жатады:

      1) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептер;

      2) геологиялық мазмұндағы басып шығарылған карталар және оларға түсіндірме жазбалар және басып шығарудан алып тасталса, геологиялық мазмұндағы карталарды басып шығаруға дайындалған авторлық түпнұсқалар;

      3) пайдалы қазбалар кен орындарының қорларын қарау жөніндегі комиссиялардың хаттамалары;

      4) минералдық шикізат қорларының есептік және жиынтық баланстары, барланған қорлары бар тау-кен кәсіпорындарын қамтамасыз ету жөніндегі материалдар;

      5) геологиялық, гидрогеологиялық, геофизикалық, геохимиялық, экологиялық-геологиялық зерттелу жөніндегі материалдары (зерттелуді есепке алу карточкалары, зерттелу картограммалары, контурлық карталар, есептердің каталогтік карточкалар картотекасы);

      6) басып шығарылған топографиялық карталар;

      7) геологиялық мазмұндағы жарияланған монографиялар;

      8) геология ғылымдарына тікелей немесе жанама қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері;

      9) Қазақстан Республикасының аумағындағы объектілер бойынша минералдық ресурстар қорларды бағалау жөніндегі есептер;

      10) мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуде бастапқы электрондық форматта растрлық кескін түрінде немесе көруге және басып шығаруға арналған бағдарламаның дистрибутивтік қосымшасымен (viewer) немесе қағаз тасығышта әзірленген графикалық қосымшалар мен модельдер;

      11) графикалық қосымшаларды дұрыс көрсету үшін қажетті арнайы қаріптер мен таңбалар.

      20. Әрбір сақтау бірлігінің есептеу мұқабасының ішкі жоғарғы жағына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мөртабан қойылады, онда нысан бойынша мәтіндегі парақтардың, оның ішінде фотосуреттердің, сызбалардың саны және графикалық қосымшалар саны жеке көрсетіледі. Мөртабанның астында сақтау бірліктерінің саны (кітаптардың, дәптерлердің, папкалардың, альбомдардың саны) көрсетіледі.

      21. Геологиялық ақпаратты сақтауды ұйымдастыру тәртібі "Ұлттық архив қорының құжаттарын және басқа да архивтік құжаттарды ведомстволық және жеке архивтердің қабылдау, сақтау, есепке алу мен пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 тамыздағы № 235 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33338 болып тіркелді).

4-тарау. Геологиялық ақпаратты каталогтау және жинақтау тәртібі

      22. Геологиялық материалдарды жүйелеу ҰДБ-да және қағаз жеткізгіштерде каталогтарды, есеп карточкалары мен картограммаларын жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      23. Каталог геологиялық ақпарат қорларында сақталатын материалдар туралы мәліметтерді жедел іздеуге арналған.

      Каталогтық карточкалардың картотекасы келесі бөлімдерден тұрады:

      1) авторлық каталог;

      2) "Әкімшілік облыстар" каталогы;

      3) "Жиынтық баланстар" каталогы;

      4) "Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамалары" каталогы;

      5) "Кен орындарының паспорттары" каталогы;

      6) "Кен орындары" каталогы.

      24. Авторлық каталогта геологиялық есептердің авторлары және олардың толық атаулары бар. Авторлық каталогтағы карточкаларды жүйелеу геологиялық есептің бірінші авторының тегі бойынша жүзеге асырылады.

      Авторлық каталогтың каталог карточкасында геологиялық есеп бойынша мынадай деректер көрсетілген: түгендеу нөмірі, геологиялық есептің авторы (авторлары), оның толық атауы, мәтін томдарының саны және әрбір томдағы мәтін парақтарының саны, есепке графикалық қосымшалар қалталарының саны, графикалық қосымшалар парақтарының жалпы саны, әрбір қалтадағы графикалық қосымшалар парақтарының саны, даналар саны есептер және олардың орналасқан жері.

      25. "Әкімшілік облыстар" каталогында пайдалы қазбалардың түрлері бойынша жүйеленген, бірінші авторлардың тегі (әліппелік тәртіппен) және әрбір әкімшілік облыс шегінде әліппелік тәртіппен геологиялық есептердің толық атаулары қамтылады.

      26. "Жиынтық баланстар" каталогында пайдалы қазбалардың жыл бойынша және жыл ішінде жүйеленген жиынтық баланстары пайдалы қазбалардың атаулары бойынша әліппелік тәртіппен қамтылады.

      27. "Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамалары" каталогында қор жөніндегі мемлекеттік комиссияның жылдар бойынша жүйеленген хаттамалары қамтылған.

      28. "Кен орындарының паспорттары" каталогында пайдалы қазбалардың түрлері, құрылымдардың атаулары, техногендік минералдық түзілімдер бойынша сараланған пайдалы қазбалар кен орындары, тектоникалық құрылымдар, техногендік минералдық түзілімдер паспорттарының атаулары қамтылады.

      29. "Кен орындары" каталогында пайдалы қазбалардың түрлері бойынша әліппелік тәртіппен топтастырылған, кен орны атауының бірінші сөзінің бірінші әрпі бойынша сараланған геологиялық есептердің атаулары қамтылады.

      Көрсетілген каталогтардың кез келгенінің әрбір каталог карточкасында міндетті түрде түгендеу нөмірі болады, оның астында Оператордың геологиялық қорында геологиялық құжат (геологиялық есеп, жиынтық баланс, паспорт) сақталады.

      30. Каталогтар электрондық және қағаз түрінде құрастырылады.

      31. Электрондық каталогтар ҰДБ-ның арнайы іздеу модулінде құрастырылады.

      32. Операторға сақтауға келіп түсетін геологиялық есептің даналарына міндетті түрде жер қойнауын пайдаланушы дайындаған геологиялық зерделеудің есепке алу карточкалары қоса беріледі.

      ҰДБ жүйесінде зерделеу карточкалары есепке алынбаған жағдайда, Оператор геологиялық есептерді сақтауғ қабылдамайды.

      Есепке алынуы керек аяқталған геологиялық зерттеулердің нәтижелері бойынша жасалған әрбір геологиялық есепке осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес ҰДБ-да белгіленген үлгідегі геологиялық зерттелудің есепке алу карточкасы толтырылады. Барлық геологиялық зерттелу зерттелудің төрт түрі бойынша жүргізіледі: геологиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық геологиялық зерттелу.

      33. Геологиялық зерттелудің есепке алу карточкаларының көрсетілген түрлерін толтыру тәртібі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Есепке алу карточкасын толтыру жөніндегі нұсқаулықта жазылады.

      34. Геологиялық зерттелудің есепке алу карточкасы 1:1 000 000 масштабтағы топографиялық карта парақтары бойынша блоктың тиісті нөмірінің картотекасында орналастырылады және оған кезекті реттік нөмір беріледі.

      35. Зерделенудің есепке алу карточкалары халықаралық бөлік сызықтаудың 1:1 000 000 масштабтағы топографиялық карта парақтары бойынша жүйеленеді. Әрбір есепке толтырылатын есеп карточкаларының саны зерттелген алаң орналасқан миллиондаған парақтардың санына сәйкес келуі керек. Бір есепті алаңның фрагменттеріне сәйкес келетін барлық есепке алу карточкалары бірдей ақпаратпен толтырылады және өзара есеп карточкасының артындағы осы миллионыншы параққа түскен жұмыстардың жалпы контурының бір бөлігі ғана көрсетілген аудан фрагментінің географиялық орналасу үлгісімен ғана ерекшеленеді.

      36. Есепке алу карточкаларының түсуіне қарай Оператормен оларды есепке алу жүзеге асырылады. Келіп түскен есепке алу карточкаларын тіркеу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жасалатын түгендеу кітаптарында және ҰДБ-да жүргізіледі. Операторда есепке алу карточкаларын нөмірлеу тіркеу кітабындағы жазбаның реттік нөміріне сәйкес жүргізіледі. Есепке алу карточкаларының реттік нөмірлерін беру әрбір миллион парақ бойынша жеке. Есепке алу карточкасының нөмірі тиісті торкөзде геологиялық зерттеудің есепке алу карточкасына қойылады.

      37. Есеп карточкалары арнайы жәшіктерде орналасқан. Жәшітер миллионыншы парақтар бойынша жүйеленген. Әрбір миллионыншы парақ үшін және геологиялық зерттеудің әр түрі үшін жылдар бойынша топтастырылған есеп карточкалары жинақталған өз жәшігі бар.

      38. Нәтижесінде 1:1 000 000 және одан да үлкен масштабтағы геологиялық мазмұндағы карталар жасалған аяқталған геологиялық зерттеу алаңдарының шекараларын Оператор геологиялық зерттеулердің әртүрлі түрі мен масштабтарына сәйкес келетін дербес түсті контурлар түрінде аумақты геологиялық зерделеудің жыл сайын толықтырылатын мамандандырылған контурлық карталарына салады.

      39. Контурлық карталарды жасау үшін картографиялық негіз – жүзмыңдық бөліп сызықтауда градустық торы бар 1:1 000 000 масштабтағы бланкілік карталар. Контурлық карталарды жасау және толықтыру есепке алу карточкасында көрсетілген координаттар негізінде жүргізіледі.

      Контурлық карталар миллионыншы парақтар бойынша жүйеленген. Әрбір миллионыншы параққа контурлық карталары бар төрт қалта бар: бір қалта – геологиялық түсірілім жұмыстарына, бір қалта – геофизикалық жұмыстарға, бір қалта – гидрогеологиялық жұмыстарға және тағы бір қалта – инженерлік-геологиялық жұмыстарға арналады.

      40. Контурлық карталардағы барлық контурлар нөмірленеді. Есепке алу карточкасының нөміріне сәйкес келетін контур нөмірі контурланған алаңның ішкі жағынан оның көлеміне байланысты бір немесе бірнеше жерден қойылады. Нөмір сызықша арқылы контур сызығына қосылады. Контур нөмірінен кейін сызықша арқылы тиісті әріптік индекс бір түспен жазылады.

      Зерттелу аймағы кішкентай болса және зерттелу контурына карта нөмірін енгізу мүмкін болмаса, ол сыртқы жағынан қойылып және контур түзуіне сызықпен қосылады.

      Контурлық карталар Қазақстан аумағында жүйелі геологиялық зерттеулер басталғаннан бастап (ХХ ғасырдың 1930-жылдарынан бастап) жүргізіледі және контурлық карталар шамадан тыс жүктелмеуі үшін оларда жинақталған геологиялық зерттеулердің әрбір түрі бойынша барлық ақпарат жылдар бойынша бөлінеді.

5-тарау. Геологиялық ақпаратты беру тәртібі

      41. Құпия ақпаратты және мемлекеттік құпиялары бар геологиялық ақпаратты қоспағанда, Оператор қайталама геологиялық ақпараттың жалпы бөліміне (геологиялық есепке) ашық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

      42. Есептің жалпы бөлігімен танысқаннан кейін жер қойнауын пайдаланушы қажет болған жағдайда есепті не есептің бір бөлігін сатып алуға өтінім береді. Геологиялық ақпарат осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке немесе заңды тұлғаның геологиялық ақпаратының көшірмесін/телнұсқасын сатып алуға өтінім (бұдан әрі – өтінім) негізінде пайдалануға беріледі. ҰДБ-дағы Жеке кабинеттен қажетті геологиялық ақпаратқа қол жеткізу не жасанды жеткізгіштердегі геологиялық ақпараттың көшірмесі түріндегі тапсырыс жеке немесе заңды тұлға геологиялық ақпаратты көшіру жөніндегі қызметтің құнын төлегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      43. Бастапқы геологиялық ақпарат осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім негізінде табиғи жеткізгіштердегі ақпараттың телнұсқаларын геологиялық ақпаратты ҰДБ-дағы Жеке кабинеттен жүктеп алу мүмкіндігімен және жасанды жеткізгіштердегі геологиялық ақпараттың көшірмелері түрлерінде заңды немесе жеке тұлғамен геологиялық ақпараттың көшірмесін жасау бойынша қызметін төлегеннен кейін бес жұмыс күн ішінде беріледі.

      Керн қоймаларында сақтауда тұрған кез келген керннің алынуы актімен ресімделеді және сақтау каталогына тиісті жазбаның тұсындағы ескертулерге жазылады.

      44. Ақы алынбай (өтеусіз) геологиялық ақпарат:

      1. ҰДБ-да конкурстық іс-шараларда жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін жарияланған және аукционға енгізілген кен орындары бойынша;

      2. Ғылыми зерттеулер мемлекеттік бюджеттен және (немесе) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын ұлттық компаниялардың немесе олардың еншілес ұйымдарының қаражатынан қаржыландырылатын болса, ғылыми мақсаттар үшін;

      Мемлекеттік, сондай-ақ аккредиттелген жоғары оқу орындарына оқу мақсатында беріледі.

      45. Мемлекеттік немесе аккредиттелген жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның сұрау салуы негізінде Оператор геологиялық ақпаратты оқу немесе ғылыми мақсаттарда пайдалануға беру туралы не оны беруден дәлелді бас тарту туралы шешімдер қабылдайды. Сұрау салу сұратылған геологиялық ақпараттың мақсаты мен көлемін, оқу бағдарламасы туралы жалпы мәліметтерді, ғылыми зерттеулердің сипатын қамтиды.

      46. Геологиялық ақпаратты беруден мынадай негіздер бойынша бас тартады:

      1) жеке немесе заңды тұлғалар өтеусіз негізде құпиялылық туралы келісім жасасу үшін ұсынған құжаттардың дұрыс еместігі анықталса;

      2) құпиялылық туралы келісімді өтеусіз негізде жасасу үшін қажетті жеке немесе заңды тұлғаның және (немесе) ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмесе бас тартылады.

      47. Оператор "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 91-бабының 2-тармағына сәйкес алынған құпия геологиялық ақпаратты алған күннен бастап бес жыл (құпиялылық мерзімі) өткеннен кейін ашады.

      Жер қойнауын пайдалануға арналған лицензияны иеленушінің жазбаша өтініші бойынша құпиялылық мерзімі өтініште көрсетілген, бірақ бес жылдан аспайтын кезеңге ұзартылады. Мұндай ұзарту туралы өтініш жарты жыл бұрын құпиялылықтың бастапқы бес жыл мерзімі өткенге дейін берілуі мүмкін.

      Құпиялылық геологиялық ақпарат осындай геологиялық ақпарат иесінің шарттарымен және жазбаша келісімімен беріледі.

      Құпиялылық геологиялық ақпарат осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық ақпаратты жарияламау туралы міндеттеме негізінде беріледі.

      48. Цифрланған, ашып түсіндірілген меншіктегі немесе мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпарат Оператормен осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес геологиялық ақпарат пакеті түрінде өтеулі негізде беріледі.

  Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет
иеленуі мен пайдалануындағы
геологиялық ақпаратты есепке
алу, сақтау, жүйеге келтіру,
жинақтап қорыту және
беру қағидаларына
1-қосымша

Геологиялық материалдарды жазуға арналған түгендеу кітабы

р/с

Жазу күні

Түгендеу нөмірі

Авторы

Материалдың атауы

1

2

3

4

5

Есептің шығарылған жылы

Есептің бірліктерінің саны

Мәтіндегі парақтардың саны

Графикалық қосымшалардың саны (алымы – қосымшалар саны, бөлімі – парақ саны

Материал ұсынған ұйымның атауы, материалдың кіріс нөмірі

Құпиялылық дәрежесі

Даналарының саны

Материалдарды қабылдаған адамның тегі, аты-жөнінің бас әріптері, қолы

Ескерту

Барлығы

Оның ішінде

Фотосуреттер мен суреттер

Сызбалар

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

      Түгендеу кітабына ескерту:

      Түгендеу кітабындағы жазбалар біртектес болуы тиіс:

      1) 4-бағанда есеп авторының тегі және аты-жөні атау септігінде жазылады, егер есепті екі автор жасаса, онда бір ғана автордың тегі мен аты-жөні, одан кейін "және тағы басқалары" деп жазылады;

      2) 8-бағанда әрбір сақтау бірлігі үшін иллюстрациялары, фотосуреттері, сызбалары, суреттері бар парақтарды қоса алғанда, мәтін парақтарының жалпы саны көрсетіледі;

      3) 9-бағанда әрбір кітаптың мәтініндегі фотосуреттер мен суреттер саны көрсетіледі;

      4) 10-бағанда әрбір кітаптың мәтініндегі сызбалар саны жазылады;

      5) 11-бағанда жалпы саны мен қоса, шектейтін рұқсат белгісі бар графикалық қосымшалардың саны да көрсетіледі;

      6) 12-бағанда есепті ұсынған ұйымның атауы, оның келіп түскен күні және ілеспе хаттың кіріс нөмірі көрсетіледі. Сондай-ақ мұнда қосымшаның кіріс нөмірі және ілеспе хаттың күні жазылады; толықтырулар мен өзгерістер енгізілгені туралы жазба геологиялық ақпаратты жинау және сақтау қызметі басшысының қолымен бекітіледі;

      7) 13-бағанда әрбір сақтау бірлігінің (кітаптың, дәптердің, графикалық қосымшаның) құпиялылық белгісі көрсетіледі;

      8) 16-бағанда ерекше жазбалар енгізіледі.

  Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет
иеленуі мен пайдалануындағы
геологиялық ақпаратты есепке
алу, сақтау, жүйеге келтіру,
жинақтап қорыту және
беру қағидаларына
2-қосымша

      Мөртабан

      Бұл кітапта _____ парақ бар, оның ішінде:

      фотосуреттер, суреттер______ парақта,

      сызбалар ______ парақта.

      Графикалық қосымшалардың саны _____ дана.

      20______ жылғы "_____" ______________

  Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет
иеленуі мен пайдалануындағы
геологиялық ақпаратты есепке
алу, сақтау, жүйеге келтіру,
жинақтап қорыту және
беру қағидаларына
3-қосымша

      Мерзімді есептер үшін сервердегі элементтердің құрылымы мен орналасу тәртібі:

      Ішінде есептері бар қалта орналасқан түбірлік қалтада ______ жылға арналған мерзімді есеп деп аталатын қалта орналастырылады. Файлдар "Х" деп аталады, мұндағы Х есептің түгендеу нөміріне сәйкеседі.

      Түпкілікті есептер үшін ақпараттық жүйедегі элементтердің құрылымы мен орналасу тәртібі:

      Ішінде есептері бар қалта орналасқан түбірлік қалтада ______ жылға арналған түпкілікті есеп деп аталатын қалта орналастырылады. Файлдар "Х" деп аталады, мұндағы Х есептің түгендеу нөміріне сәйкеседі.

  Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет
иеленуі мен пайдалануындағы
геологиялық ақпаратты есепке
алу, сақтау, жүйеге келтіру,
жинақтап қорыту және
беру қағидаларына
4-қосымша

1. Карточка _зерттелу түрі_ зерттелу № _нөмірі_

8. Зерттелу түрінің индексі

8.1. G

8.2. GG

8.3. IG

8.4. GF

8.5. B

8.6. T

2. Есептің түгендеу нөмірі

9. Миллиондық апарақтың зарттелу карточкасының номеклатурасы

10. Карточка жалғасы

2.1. Республикалық геологиялық қор:

2.2. Аумақтық геологиялық қордың атауы:

5. Лицензияның сериясы; нөмірі және түрі:

9.1. Миллиондық парақтар





10.1.

10.2.

3. Жылдар бойынша жасанды жеткізгіштердегі (ЖЖ) бастапқы материалдардың нөмірлері:

9.2. Республикалық геологиялық қор





3.1. Жылдар










9.3. Аумақтық геологиялық қор





3.2. Түгендеу № (ЖЖ)










11. Облыс (-тар):

4. Түрлері бойынша жылдары бойынша табиғи жеткізгіштердегі (ТЖ) бастапқы материалдардың нөмірлері:

12. Аудан (-дар):

4.1. Жылдар










13. Пайдалы қазбалар (ПҚ)

14. Шығындар, тнг:

4.2.ТЖ түрлері










13.1. ПҚ класы:

13.2. ПҚ түрлері:

4.3. Түгендеу № ТЖ










6. Автор (-лар):

15. Ұйым

16. Жұмыстың жалпы ауқымы:

7. Есептің атауы:

15.1. Тапсырыс беруші (-лер):

15.2. Орындаушы (-лар):

17. Жұмыс басталған жыл:

18. Жұмыстың аяқталу жылы:

19. Жалпы ауданы (кв км):

20. Парақ бойынша ауданы (кв км):

21. Есеп мазмұны (тараулардың бет нөмірлерінің көрсетілуімен).

24. Миллиондық парақтың сызбасындағы зерттелген аймақтың орналасуы:
00° 00°





































 
00°
00°
25. Координаттар (жалпы, есеп бойынша)

гш

мш

сш

гд

мд

сд

22.1.














 

Кітаптар мен қалталардың нөмірлері және атауы. Карта атауы және олардың масштабтары

Парақтардың саны

Масштабы

22. Жасанды жеткізгіштердегі бастапқы материалдар:


Кітаптар мен қалталардың нөмірлері және атауы

Парақтардың саны

23. Табиғи жеткізгіштердегі бастапқы материалдар:


ТЖ түрі

Түгендеу №

Көлемі, өлшем бірлігі

Сақтау орны

Сақтайтын ұйым

26. Реферат
26.1. Жұмыстың бағыты мен мақсаты:
26.2. Орындалған жұмыс:

Жұмыс әдістері:

Саны

Көлемі

Ауданы, (кв км)

Масштабы

Ескерту

 
26.3. Жұмыс нәтижелері:

Объектің атауы

Қорлардың санаты, ПҚ, қорлардың саны, мазмұны. Қорларды санау жүйесі. Қорларды бекіту құжатының атауы, нөмірі және күні.

Ауданы, кв км

Санау тереңдігі, м

Координаттар

Қысқаша сипаттама

С е г

С е м

С е с

Шб г

Шб м

Шб с

 
26.4. Қорытынды мен ұсыныстар:

      27. Толтырды _____________ ______________ _____________ __________ __________

                        27.1. Ұйым       27.2. Лауазымы       27.3. АӘЖ       27.4. Қолы       27.5. күні

      28. Тексерді ______________ _____________ ______________ __________ __________

                        28.1. Ұйым       28.2. Лауазымы       28.3. АӘЖ       28.4. Қолы       28.5. күні

  Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет
иеленуі мен пайдалануындағы
геологиялық ақпаратты есепке
алу, сақтау, жүйеге келтіру,
жинақтап қорыту және
беру қағидаларына
5-қосымша

      Есепке алу карточкасын толтыру бойынша нұсқаулық:

      Есепке алу карточкасын авторлар әрбір геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және геофизикалық жұмыстардың нәтижелері туралы есептерге толтырады.

      Жұмыс жүргізілген әрбір миллиондық параққа есепке алу карточкасы жасалады.

      Кешенді жұмыстар жүргізілген болса, есепке зерттеу түрлерінің санына байланысты екі және одан да көп есепке алу карточкалары жасалуы мүмкін.

      Есепке алу карточкасындағы барлық жазбалар жалпы қабылданған қысқартуларды қолдана отырып компьютерде басылады. Мәтінді қара сиямен анық түсінікті қолжазбамен жазуға рұқсат беріледі.

      1-бағанда зерттелудің геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық немесе геофизикалық секілді түрлері мен есепке алу карточкасының нөмірі көрсетіледі.

      2-бағанда есептің және бастапқы материалдың түгендеу нөмірі жазылады. 2.1. – Республикалық геологиялық қордың түгендеу нөмірі, 2.2. – Аумақтық геологиялық қордың түгендеу нөмірі.

      3-бағанда жылдар бойынша жасанды жеткізгіштердегі бастапқы материалдардың түгендеу нөмірлері келтіріледі.

      4-бағанда табиғи жеткізгіштердегі бастапқы материалдардың түрлері мен жылдары бойынша түгендеу нөмірлері келтіріледі.

      5-бағанда осы жұмысқа Геология комитеті берген лицензияның сериясы, нөмірі және түрі көрсетіледі, ал өңірлік жұмыстар жүргізілген болса, Геология комитеті хаттамасының нөмірі және оны бекіту күні көрсетіледі.

      6-бағанда есеп авторларының (телавторлардың) аты-жөні мен тегі көрсетіледі. Егер екі автор болса, онда екеуі де жазылады, егер авторлар саны үш немесе одан да көп болса, онда алғашқы екі авторға "және басқалары" сөзі қосылып жазылады.

      7-бағанда есептің атауы оның титулдық парағына сәйкес толық келтіріледі.

      8-бағанда зерттелудің түрі көрсетіледі:

      G – геологиялық,

      GG, IG – гидрогеологиялық, инженерлік геология

      GF – геофизикалық,

      Т – геологиядағы ғылыми-техникалық және тақырыптық жұмыстар бойынша зерделеу карточкасы, егер осы зерттелу түрлеріне жататын болса (мұндай зерттелу түрлеріне ғылыми-техникалық сынақтар және геологиядағы ашылу жұмыстары, жаңа жұмыс түрлері мен әдістері, алғашқы сыналған технологиялар, тақырыптық жұмыстар және басқалар жатады. Сондай-ақ қауіпті аудандық аймақтарды зерттеу нәтижелерінің, жер сілкінісін зерттеу нәтижелерінің және т.б. жұмыстарды қосуға болады), зерттелудің басқа да түрлеріне қайталануы керек.

      Жұмыстар мемлкеттік бюджет есебінен орындалса, зерттелу түрінің жанына кіші "b" әрпі, ал жер қойнауын пайдаланушының өз қаражаты есебінен жүргізілген болса, зерттелу түрінің жанына кіші "с" әрпі қосылып жазылады. (Мысалы: Gb, GGb, IGc, GFc).

      9-бағанда 1:1 000 000 масштабтағы халықаралық сызықтаудың топографиялық картасының номенклатура парақтары толтырылады, зерттелген аумақтың орналасу шегінде.

      4 және одан көп миллиондық парақта орналасқан аумақта өңірлік жұмыстар жүргізілген болса, номенклатуралар тізбесінің жалғасы есепке алу карточкасына қосымша бетте келтіріледі.

      Түсті контурмен осы есепке алу карточкасы құрастырылған номенклатура парағы ерекшеленеді.

      10-баған. Осы зерттелу карточкасында деректердің көлемі карточка шегінен асып кетсе, 10.1-тармақшада қосымша парақтардың санын көрсету керек, ал 10.2-тармақшада жалғасы болатын тармақтар көрсетіледі. Жалғасы болуы мүмкін тармақтар:

      9-тармақ пен оның тармақшалары, 6, 7-тармақтар, 11, 12-тармақ, 13-тармақ пен тармақшалары, 15-тармақ пен оның тармақшалары, 14-тармақ пен оның тармақшалары, 21, 22, 23-тармақтар, бұрыштық нүктелердің санына байланысты 25-тармақ, 26-тармақ пен оның тармақшалары, 27 және 28-тармақтар және олардың тармақшалары зерттелу карточкаларының жалғасы болса, қайталанады.

      11, 12-бағандарда жұмыс жүргізу алаңын әкімшілік-аумақтық байланыстыру туралы деректер көрсетіледі.

      13-бағанда жұмыс процесінде анықталған пайдалы қазбалардың тізбесі келтіріледі: 13.1. – ПҚ, ҚПҚ, КТПҚ, КСШ, ЖС сыныптары. – ПҚ сыныптарға жататын түрлері (Мысалы: ПҚ сыныбы – ҚПҚ; ПҚ түрі – алтын, мыс).

      14-бағанда шығын теңгемен және қаржыландыру көздері көрсетіледі.

      15-бағанда жұмыс жүргізген ұйымның және тапсырыс берушілердің атауы келтіріледі.

      16-бағанда жұмыстың жалпы ауқымы көрсетіледі.

      17, 18-бағандарда жұмыстардың басталу және аяқталу жылдары (есепті сақтауға өткізу жылы) белгіленеді.

      19-бағанда зерттелетін аумақтың жалпы ауданы км2-де, 20-тармақта осы зерттелу карточкасына жататын аумақтың ауданы көрсетіледі.

      21-бағанда есептің мазмұны келтіріледі.

      22-бағанда жасанды жеткізгіштердегі бастапқы материалдар туралы деректер келтіріледі.

      23-бағанда табиғи жеткізгіштердегі бастапқы материалдар туралы деректер келтіріледі.

      24-бағанда карта сызбасында штрихтелген контурмен жұмыстың жалпы көлеміне сәйкес зерттелген ауданның орналасуы көрсетіледі. Сызбаның үстінде халықаралық сызықтау парағының номенклатурасы көрсетіледі.

      25-бағанда WGS 84 жүйесіндегі бұрыштық нүктелердің зерттелген ауданының барлық координаттары көрсетіледі.

      26-бағанда төрт міндетті бөлім бойынша жұмыстың негізгі нәтижелерін сипаттайтын реферат келтіріледі:

      26.1. Жұмыстың бағыты мен мақсаты. Геологиялық тапсырмаға немесе лицензияға сәйкес жұмыстың мақсатты бағыты көрсетіледі.

      26.2. Орындалған жұмыс.

      26.3. Жұмыс нәтижелері және ресурстарды бағалау кестесі.

      26.4. Қорытынды мен ұсыныстар.

      27, 28-бағанда карточканы толтырған есеп авторының лауазымы, тегі және қолы, сондай-ақ карточканы қабылдаған қызметкердің тегі мен қолы көрсетіледі.

  Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет
иеленуі мен пайдалануындағы
геологиялық ақпаратты есепке
алу, сақтау, жүйеге келтіру,
жинақтап қорыту және
беру қағидаларына
6-қосымша

Геологиялық ақпараттың көшірмесін/телнұсқаларын сатып алуға өтініш Геологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және беру жөніндегі ұлттық оператор "ҰГҚ" АҚ-ға шығыс № ______ күні_______ Геологиялық ақпарат тізбесі:

Түгендеу

Автор/объекттін атауы

Геологиялық ақпараттың атауы

Құрастыру/іріктеп алу жылы

1





2





3





      Геологиялық ақпараттың түрі:

      ____________________________________________________________________

      (қайталама/бастапқы)

      Жеткізгіштің түрі:

      ____________________________________________________________________

      (жасанды/табиғи)

      Төлем тәсілі:

      ____________________________________________________________________

      (төлем есеп шоты / төлем картасы / төлемді терминалы)

      Сатып алу тәсілі:

      _________________________________________________________________

      (ақпараттық жүйеден жүктеп алу, жасанды/табиғи жеткізгіштерде тапсырыс бойынша)

      Жеткізу қажеттілігі:

      ____________________________________________________________________

      (қажет (жеткізу мекенжайын көрсету) / қажет емес)

      ______________________________ _______________________________

      жеке тұлғаның (ТАӘ (бар болса)             (қолы, күні)

      немесе заңды тұлғаның атауы)

      Мөр орны (бар болса)

  Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет
иеленуі мен пайдалануындағы
геологиялық ақпаратты есепке
алу, сақтау, жүйеге келтіру,
жинақтап қорыту және
беру қағидаларына
7-қосымша

2024 жылғы ___________________ № _____ Өтеусіз негізде геологиялық ақпарат беруге арналған құпиялылық туралы келісім

      Осы Өтеусіз негіздегі құпиялылық туралы келісім (бұдан әрі – Келісім) бұдан әрі Тараптар деп аталатын

      ________________________________________________________________

      (бұдан әрі – "Беруші тарап") атынан

      ________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (негіз болатын құжаттың № мен күні)

      __________________________________________________________________

      (басшының тегі, аты, әкесінің (бар болса)

      және ___________________________________________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      атынан ________________________________________________ негізінде әрекет ететін

      (жарғы немесе сенімхат)

      ___________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның, бірінші басшының немесе өзге де уәкілетті тұлғаның тегі, аты, әкесінің

      (бар болса)

      (бұдан әрі – "Қабылдаушы тарап") арасында жасалған.

      Осыны ескере отырып:

      1) Беруші тарап жер қойнауын зерттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады, тарихи шығындардың мөлшері, геологиялық ақпаратты алу құны мен шарттарын айқындайды, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады;

      2) Беруші тарап пен Қабылдаушы тарап Келісімнің оның шарттарын іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласты.

      Беруші тарап пен Қабылдаушы тарап төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты:

1-бап. Келісімнің мәні

      1.1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің № 380 бұйрығымен бекітілген Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет иеленуі мен пайдалануындағы геологиялық ақпаратты есепке алу, сақтау, жүйеге келтіру, жинақтап қорыту және беру қағидаларының 55-тармағына сәйкес геологиялық ақпарат пайдалануға өтеусіз негізде ұсынылады.

      1.2. Келісімнің шарттарына сәйкес Беруші тарап Қабылдаушы тарапқа Құпия ақпаратты береді, ал Қабылдаушы тарап қабылдауды және Құпия ақпараттың Беруші тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға қол жетімді болуынан қорғауды және Қабылдаушы тараптың қызметкерлерімен Құпия ақпараттың Тараптармен белгіленген құпиялылық режимі бұзылмай тиісінше пайдалануды қамтамасыз етеді.

      1.3. Электрондық және қағаз жеткізгіштердегі Тараптар арасында берілетін Құпия ақпарат беру кезінде үшінші тұлғалардан тиісті және ақылға қонымды: ақпаратты (криптографияны) қорғаудың электрондық құралдары; алу фактісі туралы пошта хабарламасын алу немесе Құпия ақпаратты алу фактісін растайтын Тараптардың қолы қойылған беру/алу құжаты (реестрі және т.б.) бар Тараптардың курьерлері (Курьерлік қызмет көрсететін ұйымдарды тарту мүмкіндігімен) арқылы құнды (тапсырыспен) пошта жіберушілер арқылы жеткізу сияқты қорғау жолдарымен қорғалуы қажет.

      1.4. Құпия ақпаратты электрондық нысанда сканерленген ілеспе хатпен қоса беру құпия сипаттағы ақпаратты тек шифрланған күйінде алмасуға арналған электрондық пошта құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылуы тиіс.

      Құпия ақпаратты қағаз және таңбаланған, тіркеуге алынған электрондық жеткізгіштермен (компакт-дискі, USB-флэш жинақтаушы, жад картасы және т.с.с.) беру Келісімнің 3.2-тармағына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

      1.5. Қабылдаушы тарап 1.2-тармақта көрсетілген құжатқа қол қоюдан бас тартқан жағдайда, Беруші тарап құпия ақпаратты беруден бас тартуға құқылы.

      1.6. Осы Келісім құпия ақпаратты беру тәртібін және Қабылдаушы тараптың Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде жобаларды іске асыруға байланысты Тараптар қатынасы шеңберінде Қабылдаушы тарапқа берілетін құпиялылықты қамтамасыз ету және құпия ақпаратты пайдалану жөнінде шаралар қабылдау шарттарын айқындайды.

      1.7. Тараптар Құпия ақпаратты Тараптар арасында туындаған қатынастар шегінде мақсаттарды іске асыру үшін ғана пайдалана алады.

      1.8. Осы Келісімнің ережелері Беруші тараппен берілетін Құпия ақпаратқа, жазылған жеткізгіштің түріне қарамастан бар жағдайда қолданылады.

      1.9. Құпия ақпараттың маңыздылығына қарай оған "коммерциялық құпия", "құпия" деген белгі беріледі.

      1.10. Келісім күші Қабылдаушы тарап немесе оның Үлестес тұлғаларының Беруші тараппен кез келген өзара іс-қимыл барысында алған барлық Құпия (коммерциялық) ақпаратына қолданылады.

2-бап. Терминдер мен анықтамалар

      2.1. Құпия (коммерциялық) ақпарат – ақпарат жеткізгіштің түріне байланыссыз кез келген сипаттағы мәлімет (өндірістік, техникалық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқалар), оның ішінде ғылыми-техникалық саладағы зияткерлік қызметтің нәтижелері, бағдарламалық жасақтама немесе оның бөліктері (ішкі жүйелер), бағдарламалық өнімдер, бастапқы кодтар туралы, сондай-ақ кәсіби қызметті жүзеге асыру тәсілдері туралы мәліметтер (мыналарды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейді: өнімдер, жұмыстар мен қызметтер туралы ақпарат; технологиялар және ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы мәліметтер; бағдарламалық қамтамасыз ету элементтерін қоса алғанда техникалық жүйелер мен жабдықтар туралы деректер; іскерлік болжамдар және болжамды сатып алулар туралы мәліметтер; нақты серіктестер мен әлеуетті серіктестердің талаптары мен ерекшеліктері; зияткерлік меншікке қатысты ақпарат, жоғарыда айтылғандардың барлығына қатысты жоспарлар мен технологиялар), геологиялық, ғылыми-техникалық, оның ішінде өндіріс құпияларын құрайтын технологиялық, картографиялық, өндірістік, қаржы-экономикалық, құқықтық, стратегиялық мәліметтер, Беруші тарап келіссөздер барысында хабарламада немесе жазбаша құжатта, оның ішінде осы Келісімде осы ақпарат (мәліметтер, деректер) Құпия (коммерциялық) ақпарат болып табылады деген барлық мәліметтер. Тараптар Қабылдаушы тарап серверлерінде сақталатын Беруші тараптың барлық ақпараты Құпия (коммерциялық) ақпарат деп танылатынына келісті.

      2.2. Беруші тарап – заңды негізде құпия (коммерциялық) ақпаратқа ие, осы ақпаратқа қол жеткізуді шектеген және осы Келісімнің шарттарында Қабылдаушы тарапқа құпия (коммерциялық) ақпаратты беретін Келісімнің бір жақ тарабы.

      2.3. Қабылдаушы тарап – Беруші тарап осы Келісімнің шарттарымен құпия (коммерциялық) ақпаратты беретін Келісімнің бір жақ тарабы.

      2.4. Үлестес тұлға – осы адам тікелей немесе жанама бақылайтын, осы адамды бақылайтын немесе осы адаммен ортақ бақылауда болатын, сондай-ақ шешімдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бір-бірімен (тұлғалардың бірімен) қабылданатын шешімдерге ықпал етуге мүмкіндігі бар кез келген жеке немесе заңды тұлғаға қатысты.

      2.5. Құпия (коммерциялық) ақпаратты жария ету – нәтижесінде Құпия (коммерциялық) ақпарат кез келген ықтимал нысанда (ауызша, жазбаша, өзге де нысанда, оның ішінде техникалық құралдарды пайдалана отырып) Беруші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз не осы Келісімге қайшы үшінші тұлғаға белгілі болатын әрекет немесе әрекетсіздік жағдайы.

      2.6. Құпия (коммерциялық) ақпарат мыналарды өзіне қамтымайды:

      1) Қабылдаушы тараптың әрекеті немесе әрекетсіздігі салдарынан қоғамдық пайдалануда (адамдардың белгісіз тобына белгілі) немесе жалпыға қол жетімді болды (оған қол жеткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында және/немесе өзге де қолданылатын құқықтық нормаларда белгіленген тәртіппен шектелмейді);

      2) Ашылғанға дейін заңды түрде және/немесе Беруші тарап бергенге дейін Қабылдаушы тараптың қолдануына түсіп және оны Қабылдаушы тарап жазбаша немесе басқа дәлелдермен растай алған жағдайда.

3-бап. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      3.1. Беруші тарап ерекше жағдайлар болмаса, және осы Келісімнің шарттарына сәйкес Құпия (коммерциялық) ақпаратты Қабылдаушы тарапқа жазбаша немесе электрондық пошта арқылы ашады, береді және қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.

      3.2. Құпия (коммерциялық) ақпарат Беруші тараппен Қабылдаушы тарапқа электрондық пошта және/немесе ақпарат жеткізгіштермен (магниттік және оптикалық дискілер, флэш-жады, қағаз көшірмесі түрінде, Қабылдаушы тарап қол жеткізе алатын вертуалды серверлерге) беріледі. Электрондық хабарламаларда және Құпия (коммерциялық) ақпаратты жеткізгіштерде Беруші тарап осы ақпараттың құпиялылығы туралы ақпаратты және (немесе) "Құпия (коммерциялық) ақпарат" деген белгіні көрсетеді. Жекелеген жағдайларда Беруші тараптың қалауымен Құпия (коммерциялық) ақпаратты беру Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қоятын және осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып есептелетін хаттамалармен (қабылдау-беру актілерімен) рәсімделуі мүмкін.

      3.3. Қабылдаушы тарап осы Келісімге сәйкес ашылатын Құпия (коммерциялық) ақпаратты осы келісімшарт бойынша қызметтер көрсету мақсатында ғана пайдалануға құқылы.

      3.4. Қабылдаушы тарап Құпия (коммерциялық) ақпаратты құпия сақтауға және үшінші тұлғаларға сатпауға, айырбастамауға, бермеуге, жарияламауға және кез келген тәсілмен, оның ішінде фотокөшіру, репродукциялау немесе Келісімде көрсетілген жағдайларды қоспағанда және Келісімде айқындалған мақсаттардан басқа жағдайларда, Беруші тараптың жазбаша келісімінсіз электрондық тәсілмен ашпауға міндетті болады.

      3.5. Қабылдаушы тарап Құпия (коммерциялық) ақпаратты Беруші тараптың жазбаша келісімінсіз осы Келісіммен анықталған мақсаттарды орындау үшін қажетті дәреже мен көлемде өзінің қызметкерлері мен лауазымды тұлғаларына аша алады.

      3.6. Күмәндарды болдырмау үшін осы Келісімнің 3.5-тармақшасында көрсетілген тұлғаларға Құпия (коммерциялық) ақпарат ашылғанға дейін Қабылдаушы тарап бұл туралы Беруші тарапты хабардар етеді, осы тұлғалардың Келісім шарттарын сақтауына кепілдік береді және олардан Келісімде көрсетілгендей көлемде құпиялылықты сақтау бойынша міндеттемелер алады.

      3.7. Қабылдаушы тарап Келісімге сәйкес Құпия (коммерциялық) ақпарат ашылатын әрбір тұлғаның аталған ақпаратты құпия сақтауына және оны үшінші тұлғаларға ашпауына немесе бермеуіне жауапты болады.

      Қабылдаушы тараппен тартылған мердігерлер, қосалқы мердігерлер және/немесе үшінші тұлғалардың Құпия (коммерциялық) ақпараттың және осы Келісімнің шарттарының сақталуына қатысты әрекет және/немесе әрекетсіздігіне Қабылдаушы тарап өзі жауап береді.

      3.8. Қабылдаушы тарап мынадай әрекеттерді орындау арқылы ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндеттенеді, бірақ төмендегілермен шектелмейді:

      1) Құпия (коммерциялық) ақпаратқа тиісінше рәсімделген қолжетімділігі жоқ үшінші тұлғалардың қол жеткізуінсіз Құпия (коммерциялық) ақпаратты сақтау;

      2) Құпия (коммерциялық) ақпаратты рұқсатсыз пайдаланудан, жоғалтудан, ұрлаудан, жариялаудан, желіге қосылған компьютерде өңдеу кезінде жария болып кетуден немесе т. б. жағдайлардан қорғау және қорғау үшін барлық қажетті шараларды іске асыру;

      3) келісім жасалғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Беруші тарапқа Құпия (коммерциялық) ақпаратқа қол жеткізе алатын тұлғалардың тізімін беру;

      4) Құпия (коммерциялық) ақпаратты жұмыстарды (қызметтер көрсету, тауарларды жеткізу) орындау мақсатында қажетті тұлғаларға ғана және қажетті бөлігін ғана ұсыну. Үшінші тұлғалардың Құпия (коммерциялық) ақпаратқа қол жеткізуі үшін Қабылдаушы тарап Құпия (коммерциялық) ақпаратты жария етпеу және оның құпиялылық режимін сақтау туралы үшінші тұлғаның міндеттемесін алдын ала жазбаша рәсімдеуге міндетті;

      5) Құпия (коммерциялық) ақпаратты үшінші тұлғаларға Беруші тараптың жазбаша келісімінен кейін ғана ашу;

      6) осы Келісімді Қабылдаушы тараптың тиісінше орындамауына байланысты Беруші тарапта пайда болған барлық шығынды өтеу;

      3.9. Құпия (коммерциялық) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай ақпаратты ашуды талап ету құқығы берілген мемлекеттік органның заңды талабы негізінде ашылған болса, Құпия (коммерциялық) ақпаратты ашу Келісімді бұзу болып саналмайды. Бұл жағдайда бұндай жария етуге дейін Қабылдаушы тарап Беруші тарапқа осындай талаптың бар екендігі, шарттары мен мән-жайы туралы дереу хабардар етуі; ақпараттың ашылуының алдын алу үшін барлық мүмкін болатын әрекеттерді жасауы; Беруші тарапқа ақпаратты ашуға жол бермеу немесе шектеу үшін қажетті шараларды қабылдауға жәрдемдесу мақсатында барлық ақылға қонымды күш-жігерді пайдалану, сондай-ақ ашылатын Құпия (коммерциялық) ақпаратқа құпиялылық режимі қолданылуы үшін барлық қажетті әрекеттерді жасауы тиіс.

      3.10. Қабылдаушы тарап Құпия (коммерциялық) ақпараттың жария болуына байланысты фактілер анықталған немесе күдік туындаған кезде дереу жазбаша түрде Беруші тарапты хабардар етуге және Құпия (коммерциялық) ақпаратты заңсыз ашудың және (немесе) пайдаланудың алдын алу жөніндегі мүмкін болатын барлық ақылға қонымды іс-шараларды қабылдауға міндетті.

      3.11. Егер үшінші тарап қандай да бір Құпия (коммерциялық) ақпаратты ашу мақсатында іс қозғаса немесе басқа заңды әрекетке барса, Қабылдаушы тарап Беруші тарапты дереу хабардар етеді және Беруші тарапқа жария етудің алдын алу үшін ақылға қонымды шекте берілуі керек көмек көрсетеді.

      3.12. Құпия (коммерциялық) ақпарат Беруші тараптың меншігі болып қалады. Беруші тарап Қабылдаушы тараптың атына кемінде 15 (он бес) күнтізбелік күн бұрын жазбаша хабарлама жолдау арқылы кез келген уақытта оны қайтаруын талап етуге құқылы. Осындай хабарламаны алғаннан кейін, сондай-ақ Келісім күші жойылған болса, Қабылдаушы тарап Беруші тарапқа Құпия (коммерциялық) ақпараттың түпнұсқаларын қайтаруға, осы Келісімнің талаптарына сәйкес ашылған тұлғалардың иелігіндегі Құпия (коммерциялық) ақпараттың барлық көшірмелері мен түпнұсқадан репродукцияларын (электрондық жеткізгіштердегі және тек онымен шектелмейтін кез келген нысандағы деректерді) жою немесе қайтаруға және осындай жою туралы Беруші тарапты жазбаша хабардар етуге міндетті.

4-бап. Тараптардың жауапкершілігі

      4.1. Қабылдаушы тарап осы Келісімге, Тараптар арасындағы өзге де келісімшарттар мен Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапты болады.

      4.2. Осы Келісімді бұзған Қабылдаушы тарап Беруші тараптың жазбаша талабы жазылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Беруші тарапқа осы Келісімді тиісті түрде орындамағандықтан келтірілген шығынды өтеуге және осы Келісімшарттың 3-бабының 3.8-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген мөлшерде айыппұл төлеуге міндетті.

      4.3. Беруші тарап осы Келісімшарт бойынша ашылған Құпия (коммерциялық) ақпараттың сапасы, дәлдігі және толықтығы туралы ешқандай тікелей немесе жанама кепілдік бермейді және Қабылдаушы тарап осыған байланысты туындайтын тәуекелді толық мойындайды. Беруші тарап, оның үлестес компаниялары және олардың тиісті лауазымды тұлғалары, басшылары және қызметкерлері Қабылдаушы тарап, оның үлестес компаниялары осындай Құпия (коммерциялық) ақпаратты қолданғаны немесе сүйенгені үшін ешқандай жауапкершілік алмайды.

      4.4. Залалдарды өтеу немесе тұрақсыздық айыбын төлеу Қабылдаушы тараптың осы Келісім бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау жөніндегі міндеттерін тоқтатпайды және егер заңдардың тиісті нормалары қолданылатын болса, міндеттемелерді бұзған Тарапты заңдарда белгіленген жауапкершіліктен де босатпайды.

5-бап. Құпия ақпаратты қайтару

      5.1. Беруші тарап пен Ақпараттың иесі Қабылдаушы тараптан кез келген уақытта Ақпараттың барлық немесе кез келген бөлігін Қабылдаушы тарапқа жазбаша түрде хабарлама жіберу арқылы қайтаруын талап етуге құқылы.

      5.2. Осындай хабарламаны алғаннан кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде, сондай-ақ тиісті орган (құрылтайшылар, заңды тұлға органы, сот және т.б.) Қабылдаушы тарапты тарату туралы шешім шығарғаннан кейін дереу Қабылдаушы тарап осындай ақпаратты жеткігіштердің барлық түпнұсқаларын Беруші тарапқа қайтаруды өз есебінен қамтамасыз етуге міндетті.

      5.3. Осындай Ақпараттың барлық көшірмесін және оны Қабылдаушы тараптың иелігіндегі, сондай-ақ Келісімге сәйкес ақпарат берілген тұлғалардағы кез келген нысанда сақтаулы ақпаратты Қабылдаушы тарап осы Келісімнің 6-бөлімінде айқындалған тәртіпті ескере отырып жоюы тиіс.

      5.4. Осы ереже Беруші және Қабылдаушы тараптар мемлекеттік органдарға олардың ұйғарымдары бойынша және олардың қаулылары бойынша сотқа Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздерде құпия ақпарат берілген болса, қолданылмайды.

6-бап. Ақпаратты жою тәртібі

      6.1. Ақпаратты жоюды Тараптар комиссиясы механикалық не жою туралы акті жасаған соң өртеу тәсілдері арқылы жүргізеді.

      6.2. Жою туралы акті жасай отырып электрондық түрде және/немесе материалдық жеткізгіштерде ұсынылған құпия ақпаратты қамтитын құжаттарды жоюды Тараптар комиссиясы ақпаратты қалпына келтіруге мүмкіндік бермейтін арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып жүргізеді

7-бап. Дауларды шешу

      7.1. Осы Келісімді орындау барысында немесе оған байланысты Тараптар арасында туындауы мүмкін барлық дауды Тараптар келіссөздер арқылы шешуге міндетті болады.

      7.2. Келіспеушіліктерді келіссөздер арқылы шешу мүмкін болмаған жағдайда, дау жауапкердің тұрғылықты жері бойынша сот органдарында шешіледі.

8-бап. Қорытынды ережелер

      8.1. Осы Келісімнің мазмұны құпия болып табылады.

      8.2. Тараптардың әрқайсысы осы Келісім шеңберінде алмасылған дербес деректерді Қазақстан Республикасының дербес деректерді өңдеуге қатысты қолданыстағы заңнамасына сәйкес өңдейтінін мәлімдейді және кепілдік береді. Кез келген заң бұзушылық дереу екінші Тарапқа хабарлануы керек.

      8.3. Тараптардың ешқайсысының Келісім бойынша өз құқықтары мен міндеттерін екінші тараптың алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға беруге құқығы жоқ.

      8.4. Осы Келісімге барлық толықтырулар мен өзгерістердің, оларды Тараптар жазбаша түрде бекіткен болса, Тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған жағдайда ғана заңды күші болады.

      8.5. Осы Келісім бойынша барлық хабарламалар жазбаша түрде хабарламасы бар тапсырыс хатпен жіберілуі тиіс.

      8.6. Осы Келісімнің бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз болса не жарамсыз болып қалған жағдайда, қалған ережелер толық күші мен қолданысын сақтайды.

      8.7. Осы Келісім Тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және егер Беруші тарап неғұрлым ұзақ мерзімді көрсетпесе, 2029 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады, ал тұрақсыздық айыбын төлеу және залалдарды өтеу жөніндегі міндеттемелердің мерзімі олардың толық орындалғанына дейін жалғасады.

      8.8. Осы Келісім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндірілуге жатады.

Беруші тарап
________________________________
________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________
қолы
Мөр орны (бар болса)

Қабылдаушы тарап
________________________________
________________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________________
қолы
Мөр орны (бар болса)

  Меншіктегі, сондай-ақ мемлекет
иеленуі мен пайдалануындағы
геологиялық ақпаратты есепке
алу, сақтау, жүйеге келтіру,
жинақтап қорыту және
беру қағидаларына
8-қосымша

Геологиялық ақпаратты жарияламау туралы міндеттеме

      20__ жылғы "______" ______________ № _____

      1. Міндеттеменің мәні

      Құпия геологиялық ақпарат немесе геологиялық ақпарат пакетінің (-терінің) тізбесі:

Құпия геологиялық ақпарат немесе геологиялық ақпарат пакетінің (-терінің) атауы

Құны, теңге

1




Барлығы:


      2. Геологиялық ақпарат үшін төлемдер

      1) Құпия геологиялық ақпарат немесе геологиялық ақпарат пакетінің (-терінің) құны _____________ (____________) теңге (толық сөздермен). Осы Міндеттемеге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде осы Міндеттеменің 6-тармағында көрсетілген деректемелер бойынша төлем жасалады. Осы талап орындалмаса, міндеттеме жарамсыз болып есептеледі.

      2) Пайдаланушының геологиялық ақпарат үшін төлемдері бойынша міндеттемелері төлем құжаттарының көшірмелері ұсынылғаннан кейін ғана орындалған болып саналады. Төлем құжаттарында төлем жүргізілгенін растайтын Банктің белгісі болуы тиіс.

      3) Геологиялық ақпарат құнына оның көшірмесін жасауға кеткен шығындар кіреді.

      3. Құпиялылық

      4. Пайдаланушы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы Міндеттеменің мәніне жататын барлық құжаттар, ақпараттар және есептер бойынша құпиялылық шарттарын сақтайды.

      5. Пайдаланушы:

      1) ақпарат сот тергеуі барысында пайдаланылатын;

      2) кез келген ақпаратты, оның ішінде банктік құпия болып табылатын, пайдаланушының кез келген, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлердегі шетел банктерінде ашылған банктік есеп-шотына қатысты ақпаратты алуға рұқсаты бар салық немесе Қазақстан Республикасының басқа уәкілетті мемлекеттік органдарына ақпарат берілетін жағдайларды қоспағанда, уәкілетті органның жазбаша келісімін алмай, осы Міндеттеменің мазмұнына қатысты, құпия болып табылатын және осы Міндеттеме ережелерін іске асырумен байланысты ақпаратты жария етуге құқығы жоқ.

      6. Деректемелер: _________________________________

      (ұйымның атауы)

      ___________________________________

      (ұйымның мекенжайы)

      БИН*______________________________

      IBAN**: KZ________________________

      ___________________________________

      (банктің атауы)

      БИК***______________

      Тел:

      Пайдаланушы:

      Мен, ___________________________________________________________________,

      (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, ұйымның атауы)

      ________________________________________________ негізінде әрекет етуші,

      (жарғының, бұйрықтың, сенімхаттың № мен күні)

      осы геологиялық ақпаратты жарияламау туралы Міндеттеме талаптарын сақтауға және мен сатып алған геологиялық ақпаратты үшінші тұлғаларға жарияламауға, тираждамауға міндеттенемін.

      ________________ _________________________

      (күні, қолы)             Мөр орны (бар болса)

      Ескерту:

      * Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ** Банктік шот нөмірі клиенттің банктегі немесе ISO 13616 халықаралық стандарттарына сәйкес басқа қаржы мекемесі.

      *** Банк сәйкестендіру коды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады