"Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық даму тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 379 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 24 қазандағы № 232 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2018 жылғы 27 наурыздағы № 110 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 30 наурыздағы № 87 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 9 шілдеде № 17162 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2019 жылғы 1 ақпандағы № 43 және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2019 жылғы 1 ақпандағы № 24 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрінің 01.02.2019 № 43 және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 01.02.2019 № 24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 39-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық даму тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2017 жылғы 24 қазандағы № 379 және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 24 қазандағы № 232 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16133 болып тіркелген, 2018 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық даму тиімділігін бағалау әдістемесінде:

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-1) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы - "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдіснамалық қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді сүйемелдеу жөніндегі функциялар жүктелген Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін заңды тұлға";.

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауға уәкілетті келесі органдар мынадай (бұдан әрі – бағалауға уәкілетті органдар) тиімділікті бағалауды жүзеге асырады:

      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі – "Персоналды басқару" бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган) тиімділігін бағалау;

      2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі – "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің (бұдан әрі – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган) тиімділігін бағалау;

      3) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган – "Персоналды басқару" бағыты бойынша ОМО мен ЖАО тиімділігін бағалау;

      4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша ОМО мен ЖАО тиімділігін бағалау.

      "Персоналды басқару" бағыты бойынша тиімділікке бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органның лауазымды тұлғаларынан тұратын жұмыс тобын (бұдан әрі – "Персоналды басқару" бағыты бойынша жұмыс тобы) құрады. "Персоналды басқару" бағыты бойынша жұмыс тобының құрамы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.";

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:

      "5-1. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторын мемлекеттік органдардың ақпараттық технологияларды қолдану бойынша қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізуді сүйемелдеу үшін тартады.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бағалауды осы Әдістеменің 6-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ұсынылған ақпаратты талдау нәтижелерінің негізінде ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.";

      Ұсынылған ақпарат бойынша талдауды "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы жүргізеді және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Бағалау кестесінде белгіленген, бағаланатын мемлекеттік органдарға қорытындыларды беру мерзіміне дейін 10 күнтізбелік күн бұрын ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.";

      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. "Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелер" өлшемшарты бойынша бағалау мынадай формула арқылы есептеледі:



      мұнда:

      А1 – мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жетекшілік ететін салалары мен аяларындағы ведомстволық, сондай-ақ ақпараттық жүйелермен автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны;

      А2 – басқа мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саны;

      n – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны;

      k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті 40-қа тең.

      Аталған өлшемшарт бойынша ең жоғарғы мәні 40 балды құрайды.";

      54 және 55-тармақтар алып тасталсын;

      60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "60. Мемлекеттік органның функцияларын автоматтандыру кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелер" өлшемшарты бойынша бағалау мынадай формула арқылы есептеледі:




      мұнда:

      В1 – мемлекеттік органдардың, ұйымдардың жетекшілік ететін салалары мен аяларындағы ведомстволық, сондай-ақ ақпараттық жүйелермен автоматтандырылған функциялардың саны;

      В2 – басқа мемлекеттік органның ақпараттық жүйесімен автоматтандырылған функциялардың саны;

      m – мемлекеттік органның ережесіне сәйкес функциялардың жалпы саны;

      k – алынған нәтижелерді үлестік мәнге келтіру коэффициенті 40-қа тең.

      Аталған өлшемшарт бойынша ең жоғарғы мәні 40 балды құрайды."

      61 және 62-тармақтар алып тасталсын;

      63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "63. Басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін пайдалануға қажеттіліктің болмауына байланысты функцияларды автоматтандыру орынсыз болған жағдайда, бағаланатын мемлекеттік орган функцияларды автоматтандырудың орынсыздығы туралы талдау ұсынады. Талдау ұсынылған жағдайда. аталған функциялар осы өлшемшартты есептеу кезінде ескерілмейді.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органға "Персоналды басқару" бағыты бойынша тиімділігін бағалау нәтижелеріне шағымдану рәсімін өткізгеннен кейін тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытынды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға енгізіледі.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша тиімділігін бағалау нәтижелеріне шағымдану рәсімін өткізгеннен кейін тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытынды ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға енгізіледі.";

      74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган тиімділікті бағалау нәтижелеріне шағымдану рәсімін өткізгеннен кейін "Персоналды басқару" бағыты бойынша тиімділікті бағалау нәтижелері туралы қорытындыны ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға ұсынады.

      75. "Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық даму" блогының "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындыны ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы Әдістемеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасайды және бағаланатын мемлекеттік органдарға ұсынады.

      "Мемлекеттiк органның ұйымдастырушылық даму" блогы бойынша бағаланатын мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытындыларды (бұдан әрі – Қорытынды) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы Әдістемеге 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.";

      11-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпараттандыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмелерінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне және мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев
     
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы
__________ А. Шпекбаев
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Т. Сүлейменов
      2018 жылғы "__" _____________

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2018 жылғы 27 наурыздағы
№ 110 және
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігі төрағасының
2018 жылғы 30 наурыздағы
№ 87 бірлескен бұйрығына
қосымша
Мемлекеттік органдардың
ұйымдастырушылық даму
тиімділігін бағалау
әдістемесіне
11-қосымша

"Мемлекеттік органның ұйымдастырушылық дамуы" блогының "Ақпараттық технологияларды қолдану" бағыты бойынша мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау өлшемшарттары мен көрсеткіштері

№ р\с

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Балдар

1

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелер

40

2

Мемлекеттік органның функцияларын автоматтандыру кезінде пайдаланылатын ақпараттық жүйелер

40

3

Архитектуралық порталда тіркелген мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің үлесі

20


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады