"Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 417 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 21 маусымдағы № 466 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 10 шілдеде № 17173 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 417 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11033 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
К. Ускенбаев

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрі міндетін атқарушының
2018 жылғы 21 маусымдағы
№ 466 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2018 жылғы
31 наурыздағы № 417
бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдарының, кәсіби дипломдарды растамаларының, жеңілдік рұқсатнамаларының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 55-27) тармақшасына сәйкес әзiрленді және Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігінің, кәсіби дипломдарының, кәсіби дипломдарды растамаларының, жеңілдік рұқсатнамаларының, теңізде жүзу кітапшаларының (бұдан әрі – теңізшінің құжаттары) тізілімдерін жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдарының, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін (бұдан әрі – тізілім) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің "Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Теңіз порты әкімшілігі) жүргізеді.

2. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәліктерінің, кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының, теңізде жүзу кітапшаларының тізілімдерін жүргізу тәртібі

      3. Тізілімдерге мынадай ортақ мәліметтер енгізіледі:

      1) теңізшінің тегі, аты, әкесінің (бар болса) аты, туылған күні, азаматтығы, жынысы, жеке суреті;

      2) құжат түрі, нөмірі, берілген күні, қолданылу мерзімі;

      3) қолданылу мерзімін ұзарту, тоқтату, құжатты ауыстыру, күшін жою, тапсыру, жоғалту, алып қою, жою туралы деректер.

      4. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, тізілімдерге мынадай қосымша мәліметтер енгізіледі:

      1) кәсіби дипломдардың, кәсіби дипломдар растамаларының, жеңілдік рұқсаттарының тізіліміне:

      лауазымы, қызметі, жауапкершілік деңгейі, диплом растамасы, түзетулерімен бірге теңізшілерді даярлау мен диплом беру және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы халықаралық конвенция құзыретінің (бұдан әрі – ТДДВ конвенциясы) сәйкес ең төмен стандарттарына шектеулер, жеңілдік рұқсатнамаларын беру жөніндегі деректер және медициналық қорытынды;

      2) теңізде жүзу кітапшаларының тізіліміне:

      растайтын құжаттар туралы мәліметтер (қатардағы құрам тұлғалары маманының құжаттары, танкерде қызмет ететін мамандардың құжаттары, танкерде қызмет ететін мамандардың құжаттарының растамалары, кәсіби дипломдарын тануды растайтыны растамалар, танкерде қызмет ететін мамандар құжаттарын тануды растайтын растамалар, теңіз көлігі мамандарын даярлау куәлігі).

      5. Теңізшілердің берілген құжаттары туралы деректерді Теңіз порты әкімшілігі автоматтандырылған режимде өңдейді және құжаттардың қолданылу мерзімін ұзарту, тоқтату, ауыстыру, күшін жою, тапсыру, жоғалту, алып қою, жою туралы ақпараттың түсуіне қарай жаңартып отырады.

      6. Тізілімдер қорғалған дәрекқорда электрондық нысанда, заттай көлемде және "тек оқу үшін" деген функциясымен "pdf" форматында жүктелген түсте сақталады және теңізші құжаттарын беру, ұзарту, тоқтату, алып қою, жоғалту немесе жою және қолданылу мерзімдері туралы ақпаратты қамтиды.

      7. Теңізшінің берілген құжаттары туралы ақпаратты Теңіз портының әкімшілігі кемені экипажбен қауіпсіз жасақтау шеңберінде ТДДВ Конвенциясына қосымшаның 1/10 Қағидаларына сәйкес ТДДВ Конвенциясының басқа қатысушы-мемлекетінің теңіз әкімшілігінен немесе кеме қатынасы компаниясынан дәлелді жазба өтініш алғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде ұсынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады