Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 17.09.2020 № 291 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 15-05/873 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12233 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Карантинге жатқызылған өнiмдi Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
Ө. Шөкеев |
"Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) қағаз тасығышта карантиндік сертификат беру;
2) "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12033 болып тіркелген) бекітілген "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту болып табылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электрондық тәсілмен Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынған өтінімінің (бұдан әрі – өтінім) болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі:
көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінім қағаз тасығышта не портал арқылы келіп түскен күні оны тіркейді және құжаттар келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы:
1 (бір) сағат ішінде өтінім мазмұнымен танысады және қарар қоя отырып, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) береді;
3) орындаушы:
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын қарастырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін немесе уәжді бас тартуды дайындайды;
карантиндік сертификатты беруден уәжді бас тартқан жағдайда, 1 (бір) сағат ішінде дайындаған хатты танысу және қол қою үшін көрсетілетін қызметті беруші басшылығына жолдайды;
4) көрсетілетін қызмет беруші басшылығы 1 (бір) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысады және уәжді бас тартуға қол қойып, орындаушыға береді;
5) орындаушы:
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі дайындалған жағдайда, өтінімді 10 (он) минут ішінде "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) арқылы ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін, қажет болған жағдайда, үлгілерді ала отырып, карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету жағдайында үлгілерді алады және 3 (үш) сағат ішінде фитосанитариялық сараптамаға жібереді. Профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен айқындалған тәтіппен жүзеге асырылады;
жете тексеру негізінде 1 (бір) сағат ішінде карантиндік фитосанитариялық бақылау мен қадағалау актісін ресімдейді;
карантиндік сертификатты карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісінің негізінде, ал карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету жағдайында ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып 1 (бір) сағат ішінде ресімдейді;
осы регламенттің 7-тармағында көзделген негіздер бойынша карантиндік сертификатты беруден бас тартқан жағдайда, уәжді бас тартуды 1 (бір) сағат ішінде ресімдейді;
дайындалған карантиндік сертификатты немесе уәжді бас тартуды 5 (бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі:
дайындалған карантиндік сертификатты немесе уәжді бас тартуды 30 (отыз) минут ішінде тіркейді және оны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
7. Карантиндік сертификатты беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін анықтау үшін ұсынбауы;
2) қараөрік шаркасы (Plum Pox Potyvirus) бар жемістер мен жидектерді, жалған қалқаншалы және қалқаншалы сымырлардың карантиндік түрлерін қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;
3) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау немесе жете тексеруге ұсынбау, межелі орнының өзгеру жағдайларын қоспағанда, уәкілетті орган ведомствосының тиісті аумақтық бөлімшесінен ақпарат алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде карантиндік сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;
4) көрсетілетін қызметті алушы карантиндік сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықтауы;
5) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) карантиндік сертификатты алу үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
6) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты карантиндік сертификатты алумен байланысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
8. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтінім;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы және дұрыстығы;
3) орындаушының жете тексеруге баруы;
4) карантиндік сертификат немесе уәжді бас тарту.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іске тартылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) орындаушы.
10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің ҚФБ-сы арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1) құжаттар келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан және Мемлекеттік корпорациядан портал арқылы не қағаз тасығышта мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің оны тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына беруі;
2) 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының өтінімнің мазмұнымен танысуы, қарар қоюы және құжатты орындаушыға беруі;
3) орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексеруі:
Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту қамтылған хат береді;
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде карантиндік сертификатты дайындау;
4) 5 (бес) минут ішінде орындаушының көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қою үшін уәжді бас тартуды беруі;
5) 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының уәжді бас тартумен танысуы, қол қоюы және құжатты орындаушыға беруі;
30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің көрсетілетін қызметті тіркеуі және көрсетілетін қызметті алушыға карантиндік сертификатты немесе уәжді бас тартуды беруі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің), Мемлекеттік корпорацияның және порталдың өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.
4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
13. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу процесінің сипаттамасы және оның ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдайды және тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді (көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді) – 20 (жиырма) минут;
2) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті беруші кеңсесіне қабылданған құжаттарды жолдайды – 3 (үш) сағат;
3) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушіден алады – 3 (үш) сағат;
4) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 (жиырма) минут.
14. Көрсетілетін қызметті берушінің порталдағы іс-қимылдары мен шешімдерінің қадамдық сипаттамасы:
1) 1-процесс – орындаушының ББАЖ АЖ-ға мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған деректерді енгізуі;
2) 2-процесс – сұранымды порталда тіркеу және өңдеу;
3) 3-процесс – ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, карантиндік сертификатты ресімдеу ;
4) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу туралы хабарлама (электрондық) алуы.
Электрондық құжат орындаушының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып қалыптастырылады.
"Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында тасуға карантиндік сертификат беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
"Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
2) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
3) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) қағаз тасығышта фитосанитариялық сертификат беру;
2) "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12033 болып тіркелген) бекітілген "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша қағаз тасығыштағы мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту болып табылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электрондық тәсілмен Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынған өтінімінің (бұдан әрі – өтінім) болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі:
көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінім қағаз тасығышта не портал арқылы келіп түскен күні оны тіркейді және құжаттар келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы:
1 (бір) сағат ішінде өтінім мазмұнымен танысады және қарар қоя отырып, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) береді;
3) орындаушы:
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын қарастырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін немесе уәжді бас тартуды дайындайды;
фитосанитариялық сертификатты беруден уәжді бас тартқан жағдайда, 1 (бір) сағат ішінде дайындаған хатты танысу және қол қою үшін көрсетілетін қызметті беруші басшылығына жолдайды;
4) көрсетілетін қызмет беруші басшылығы 1 (бір) сағат ішінде құжаттың мазмұнымен танысады және уәжді бас тартуға қол қойып, орындаушыға береді;
5) орындаушы:
мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі дайындалған жағдайда, өтінімді 10 (он) минут ішінде "e-Agriculture" агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ББАЖ АЖ) арқылы ресімдейді;
көрсетілетін қызметті алушының қатысуымен карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық жай-күйін анықтау үшін, қажет болған жағдайда үлгілерді ала отырып, карантинге жатқызылған өнімді жете тексеруге барады, карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету жағдайында үлгілерді алады және 3 (үш) сағат ішінде фитосанитариялық сараптамаға жібереді;
жете тексеру негізінде 30 (отыз) минут ішінде карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісін ресімдейді;
фитосанитариялық сертификатты карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау актісінің негізінде, ал карантинге жатқызылған өнімді карантиндік аймақтардан әкету жағдайында және карантинге жатқызылған өнімнің фитосанитариялық сараптамасы негізінде ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып 1 (бір) сағат ішінде ресімдейді;
осы регламенттің 7-тармағында көзделген негіздер бойынша фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартқан жағдайда, уәжді бас тартуды 1 (бір) сағат ішінде ресімдейді;
дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне 5 (бес) минут ішінде береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі дайындалған фитосанитариялық сертификатты немесе уәжді бас тартуды 30 (отыз) минут ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
7. Фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының әкетілетін карантинге жатқызылған өнімді карантиндік жай-күйін айқындау үшін ұсынбауы;
2) импорттаушы елдің (экспорт кезінде) талаптарымен карантинге жатқызылған өнімде анықталған карантиндік объектілердің болуы рұқсат етілетін жағдайларды қоспағанда, карантинге жатқызылған өнімде карантиндік объектілердің анықталуы;
3) импорттаушы елдің талаптарына сәйкессіздіктің анықталуы (экспорт кезінде);
4) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының лауазымды адамына карантинге жатқызылған өнімнің келгені туралы бірнеше рет (2 рет және одан көп) хабарламау және жете тексеруге ұсынбау межелі орнының өзгеру жағдайларын қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің тиісті уәкілетті мемлекеттік органынан ақпарат алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде фитосанитариялық сертификатты беруден бас тартуға негіз болып табылады;
5) көрсетілетін қызметті алушы фитосанитариялық сертификатты алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықтауы;
6) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) фитосанитариялық сертификатты беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, карантинге жатқызылған өнімнің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
7) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты фитосанитариялық сертификатты алумен байланысты қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы.
8. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтінім;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы және дұрыстығы;
3) орындаушының жете тексеруге баруы;
4) фитосанитариялық сертификат немесе уәжді бас тарту.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іске тартылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) орындаушы.
10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің ҚФБ-сы арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1) құжаттар келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан және Мемлекеттік корпорациядан портал арқылы не қағаз тасығышта мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінім келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің оны тіркеуі және көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына беруі;
2) 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының өтінімнің мазмұнымен танысуы, қарар қоюы және құжатты орындаушыға беруі;
3) орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығын тексеруі:
Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда, орындаушы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінімді әрі қарай қараудан уәжді бас тарту қамтылған хат береді;
4) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде фитосанитариялық сертификатты немесе уәжді бас тартуды дайындау;
5) 5 (бес) минут ішінде орындаушының көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қол қою үшін уәжді бас тартуды беруі;
6) 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының уәжді бас тартумен танысуы, қол қоюы және құжатты орындаушыға беруі;
7) 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің фитосанитариялық сертификатты немесе уәжді бас тартуды тіркеуі және көрсетілетін қызметті алушыға беруі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің), Мемлекеттік корпорацияның және порталдың өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес "Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.
4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
12. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын ұсынады.
13. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу процесінің сипаттамасы және оның ұзақтығы:
1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдайды және тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді (көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация жұмыскері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді) – 20 (жиырма) минут;
2) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне қабылданған құжаттарды жолдайды – 3 (үш) сағат;
3) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алады – 3 (үш) сағат;
4) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді – 20 (жиырма) минут.
14. Көрсетілетін қызметті беруішінің порталдағы іс-қимылдары мен шешімдерінің қадамдық сипаттамасы:
1) 1-процесс – орындаушының ББАЖ АЖ-ға мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған деректерді енгізуі:
2) 2-процесс – сұранымды порталда тіркеу және өңдеу;
3) 3-процесс – ББАЖ АЖ-ны пайдалана отырып, фитосанитариялық сертификатты ресімдеу;
4) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу туралы хабарлама (электрондық) алуы.
Электрондық құжат орындаушының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып қалыптастырылады.
"Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификат беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы
"Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" мемлекеттік қызметін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық немесе қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі:
1) ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуге келісім-хат (бұдан әрі – келісім-хат);
2) "Өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-4/500 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12033 болып тіркелген) бекітілген "Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша қағаз тасығыштағы мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту болып табылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және қағаз түрде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
5. Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге қағаз немесе электрондық тәсілмен Стандарттың 9-тармағына сәйкес ұсынған өтінімінің (бұдан әрі – өтінім) болуы мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі:
көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінім қағаз тасығышта не портал арқылы келіп түскен күні оны тіркейді және құжаттар келіп түскен сәттен бастап 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығы:
өтінім мазмұнымен танысады және қарар қоя отырып, көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына (бұдан әрі – орындаушы) 1 (бір) сағат ішінде береді;
3) орындаушы.
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын қарастырады және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға (бұдан әрі – Қағидалар) 7-қосымшада баяндалған талаптарға сәйкестігін қарап тексеруге шығады. Профилактикалық бақылау мен қадағалауды жүргізу 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексімен айқындалған тәтіппен жүзеге асырылады;
4) көрсетілетін қызмет берушінің басшылығы:
келісім-хатқа не осы регламенттің 7-тармағында көзделген негіздемелер бойынша уәжді бас тартуға 1 (бір) сағат ішінде қол қояды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі:
келісім-хатты не уәжді бас тартуды 30 (отыз) минут ішінде тіркейді және береді.
7. Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуге келісім-хат беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
1) көрсетілетін қызметті алушының келісім-хат алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
2) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты келісім-хат алуды қажет ететін қызметіне немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының келісім-хат алумен байланысты арнайы құқығынан айырылған болуы.
8. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижелері:
1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтінім;
2) ұсынылған құжаттардың толықтығы және дұрыстығы;
3) келісім-хат немесе уәжді бас тарту.
3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ) іске тартылады:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы;
3) орындаушы.
10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің ҚФБ-сы арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) бірізділігінің сипаттамасы:
1) құжаттар келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан портал арқылы электрондық нысанда не қағаз тасығышта мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініш келіп түскен күні көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің оны тіркеуі және көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына беруі;
өтінім қағаз тасығышта келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі өтінімді келіп түскен күні тіркейді;
2) 1 (бір) сағат ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжат мазмұнымен танысуы, қарар қоюы және құжатты орындаушыға беруі;
3) көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындаушының ұсынылған құжаттардың толықтығын және дұрыстығын қарастыруы және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындауы;
4) көрсетілетін қызмет беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне 1 (бір) сағат ішінде қол қоюы;
5) 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуі.
11. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес "Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығында келтірілген.
4-тарау. Порталмен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
12. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының басқа көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.
13. Көрсетілетін қызметті берушінің порталдағы іс-қимылдары мен шешімдерінің қадамдық сипаттамасы:
1) 1-процесс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторландыру процесі);
2) 1-талап– тіркелген көрсетілетін қызметті беруші жұмыскері туралы деректердің шынайылығын порталда логин мен пароль арқылы тексеру;
3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету үшін өтінім нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті беруші жұмыскерінің көрсетілетін қызметті алушы деректерін енгізуі;
4) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің заңды тұлғалардың мемлекеттік дерекқорында (бұдан әрі – ЗТ МД) болуын тексеру;
5) 3-процесс – сұранымды порталда тіркеу және өңдеу;
6) 3-талап – көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру үшін қойылатын талаптар мен негіздерге сәйкестігін тексеруі;
7) 4-процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін (электрондық) алуы.
Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы пайдаланыла отырып қалыптастырылады.
Электрондық құжат орындаушының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланыла отырып қалыптастырылады.
"Ғылыми-зерттеу мақсатында карантиндік объектілерді (карантиндік зиянды организмдерді) әкелуді келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |