"Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 10 шiлдедегi № 1074 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 шiлдеде № 17215 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 398 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10112 болып тіркелген, 2015 жылғы 11 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы әдiлет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзуi жөнiндегi нұсқаулықта:

      38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "38. Зияткерлік меншік құқықтары, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, облыстық, Астана және Алматы қалаларының әділет органдарының басшысы және оның орынбасарлары Кодекстің 230 (екінші бөлігі) (егер осы бұзушылықты жеке нотариус жасаса), 457, 459, 466, 468, 491, 670, 671, 672 баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық iстердi қарайды және әкiмшiлiк жазалар қолданады.

      Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттiк тiркеу саласындағы уәкiлеттi органның, оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен олардың орынбасарлары Кодекстің 460-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды және әкімшілік айыппұл мен ескерту жасау түріндегі әкiмшiлiк жазаларды қолданады.".

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Әділет органдарының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарды қарау кезінде жеке және заңды тұлғаларға қолданылатын әкiмшiлiк жаза түрлері:

      ескерту жасау;

      әкiмшiлiк айыппұл;

      әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;

      рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып тастау;

      қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу.".

      2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңда белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады