"Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 29 маусымдағы № 486 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 шілдеде № 17228 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ішкі су жолдарымен жүзу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 537 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11347 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынандай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су жолдарымен жүзу қағидасы:

      мынадай мазмұндағы 15-1, 15-2 тармақтармен толықтырылсын:

      "15-1. Қысқы мезгілде су бетінде мұз қатпаған акваторияларда кеме қатынасын жүзеге асыру, сол аумақты навигациялық белгілермен жабдықтаған және Қағидалардың барлық талаптарын орындаған жағдайда жүзеге асырылады.

      15-2. Жағалаудан жағалауға жүргізілетін паромдық тасымалдар кеме жолын навигациялық белгілермен жабдықталуына қарамастан жүзеге асырылады, паромның жүру кезеңі климаттық жағдайына, яғни нақты навигация әрекеті кезеңінде (су бетінің мұздан арылуы кезінен бастап және тұрақты әрекеті мұздың қатуына дейін) бағдарланады.";

      75-тармақ жаңа редакцияды жазылсын:

      "75. Көріну мүмкіндігі шектеулі кезде мыналарға рұқсат етілмейді:

      1) егер көзбен шолып көру мүмкіндігі кеменің (құрамның) үш ұзындығынан кемірек құрайтын болса, ені 200 метрден кемірек кемеге (итерілетін құрамға) кеме жолында айырылысу және басып озу;

      2) егер көзбен шолып көру мүмкіндігі кеменің екі ұзындығынан кемірек құраса, айлақтарға, шлюздердің кіреберіс палдарына, кемелерге арқандап байлау;

      3) осы тарауда көрсетілген талаптарды орындамаған жағдайда кемелердің қозғалысы.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады