"Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 20 шiлдедегi № 313 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 3 тамызда № 17269 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 227 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 21.06.2023 № 227 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7) бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 9 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларында:

      2-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшесі) бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды және (немесе) екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін аурулары бар адамдарды қоспағанда, он алты жастан бастап "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағында көзделген жасқа дейінгі адам немесе отбасы мүшесі;";

      18) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "18) халықты жұмыспен қамту орталығы – жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің өзге де шараларын ұйымдастыру мақсатында ауданның, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы құратын заңды тұлға.";

      6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) "Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 223 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ уәкілетті ұйымнан төленетін зейнетақы төлемдерін, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11110 болып тіркелген) 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқу орнының анықтамасы, егер он сегіз жастан жиырма үш жасқа дейін асырауындағылар орта, техникалық және кәсіптік ортадан кейінгі білім беру, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын болып табылса, оқу орнынан жылына бір рет сұратылады.

      Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелері өтінішке қосымша:

      "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 болып тіркелген) мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс іздеуші адам ретінде тіркелуге өтінішті;

      еңбек қызметін растайтын құжатты (бар болса);

      білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжатты (бар болса) ұсынады.

      Он алты жасқа толмаған адамның атынан ата-анасының немесе оның заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісімі туралы еркін нысанда жазылған өтініш ұсынылады.

      Үшінші адамның атаулы әлеуметтік көмек тағайындауға өтінішті және қажетті құжаттарды беруі атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар адамның нотариат куәландырған сенiмхаты бойынша жүргізіледі.

      Өтініш беруші құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқада ұсынады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері отбасы құрамы (немесе) жиынтық табысы өзгерген жағдайда көрсетілген мән-жайлар орын алған күннен бастап қайта есептеледі.

      Атаулы әлеуметтік көмек алушы атаулы әлеуметтік көмек мөлшерінің немесе оны алу құқығының өзгеруіне негіз болатын мән-жайлар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Орталықты, ал ауылдық жерде әкімді аталған мән-жайлар туралы хабардар етеді.

      Алушы атаулы әлеуметтік көмек мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақытында хабардар етпеген кезде, көмек мөлшері көрсетілген мән-жайлар туындаған сәттен бастап, бірақ оны тағайындау күнінен ерте емес қайта есептеледі, ал өтініш беруші атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға әкелген дәйексіз мәліметтерді ұсынғаны анықталған жағдайда адамға (отбасыға) атаулы әлеуметтік көмек төлеу оның тағайындалған кезеңіне тоқтатылады.";

      20-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедекке, бөгденің күтіміне және көмегіне мұқтаж қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

      Шартсыз ақшалай көмек өтініш жасалған айдан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындайды және ай сайын төленеді";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Шартты ақшалай көмек жалғызілікті немесе жалғыз тұратын еңбекке қабілетті күнкөрісі төмен адамдарға, сондай-ақ өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар табысы аз отбасыларға ол (олар) жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және (немесе) қажет болған кезде әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысқан жағдайда көрсетіледі.

      Шартты ақшалай көмекті уәкілетті орган әлеуметтік келісімшарттың қолданылу мерзіміне (алты айға) өтініш жасалған айдан бастап тағайындайды және әлеуметтік келісімшартта белгіленген кезеңге ай сайын немесе бір рет төленеді.

      Біржолғы шартты ақшалай көмек үш айда бір рет төленеді.

      Біржолғы төлем әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құстарды және басқаларды сатып алуға), дара кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (бұрын алған қарыздарды өтеуді, тұрғын үй сатып алуды қоспағанда) ғана қолданылады.";

      28-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) 18 жасқа дейінгі балаларды, кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдарды және отбасы мүшелерінің жеті жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын бір мүшесін қоспағанда бір ай ішінде әлеуметтік келісімшарт қолданысының қалған кезеңіне 50%-пайызға қысқартылады;";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Уәкілетті орган шартты ақшалай көмектің мөлшерін азайту туралы шешім шығарғаннан кейін әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелердің қайта орындалмағаны анықталған кезде Орталық бір жұмыс күні ішінде:

      әлеуметтік келісімшартты бұзу туралы қорытынды дайындайды;

      "2) 18 жасқа дейінгі балаларды, кәмелетке толғаннан кейін оқу орындарын бітірген уақытына дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдарды және отбасы мүшелерінің жеті жасқа дейінгі балаға күтімді жүзеге асыратын бір мүшесін қоспағанда, отбасыға берілетін шартты ақшалай көмекті тоқтату туралы электрондық шешім жобасын қалыптастырады.

      отбасыға берілетін шартты ақшалай көмекті тоқтату туралы электрондық шешім жобасын әлеуметтік келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуы туралы қорытындымен қоса осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген тәртіппен уәкілетті органға жолдайды;

      алушыны осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелердің алғаш рет (қайтадан) орындалмағаны туралы хабардар етеді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Мынадай:

      1) отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралардың мерзімін ұзарту қажеттілігі;

      2) әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңі аяқталған кезге еңбекке қабілетті адамдарға (отбасының еңбекке қабілетті мүшелеріне) қатысты қолданылатын жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының мерзімдері аяқталмаған;

      3) еңбекке қабілетті адам (отбасының еңбекке қабілетті мүшелері) әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерін өзіне (өздеріне) байланысты емес себептер (екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік, жазатайым оқиға, дүлей зілзала) бойынша орындамаған);

      4) жеке қосалқы шаруашылықты және (немесе) дара кәсіпкерлік қызметті дамытудың жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қолдаудың қажеттілігі болған жағдайларда, оны қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігімен алты айға жасалады.

      Әлеуметтік келісімшартты ұзарту туралы шешімді уәкілетті орган өтініш берушінің жазбаша өтінішхаты негізінде және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссияның ұсынымын ескере отырып, әлеуметтік келісімшарттың қолданылу кезеңі аяқталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей қабылдайды.

      Әлеуметтік келісімшарт ұзартылған кезде шартты ақшалай көмектің мөлшері қайта қаралмайды.".

      10-қосымшасының:

      Халықты жұмыспен қамтудың белсенді шаралары тізбесінің 2-тармағының 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы" 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5918 болып тіркелген), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің "Скрининг ұйымдастыру бекіту туралы ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) сәйкес скринингтік қаралудан өту;".

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін баспа және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарлаалар басқармасының назарына жеткізуді;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
М. Әбілқасымова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      _______________ Д. Абаев

      2018 жылғы 25 шiлде

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау

      министрі

      _______________ Е. Біртанов

      2018 жылғы 27 шiлде

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады