"Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 10 тамыздағы № 13 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 тамызда № 17311 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 26.09.2022 № 406 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 413 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12764 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 12 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 4-1) тармақшасы мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "4-1) жергілікті атқарушы орган (әкімдіктер) – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалық атқарушы орган.";

      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік гранттарды Заңның 5-бабының 1-тармағымен көзделген бағыттар шеңберінде және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) және жергілікті атқарушы органдар үкіметтік емес ұйымдарға мемлекеттік гранттарды беру үшін оператормен ақшалай қаражатты табыстау туралы жасалған шарт негізінде оператор береді.

      Мемлекеттік емес гранттар оператор және жеке немесе заңды тұлға арасында ерікті негізде жасалған шарт негізінде және аталған шартта көзделген тәртіпте операторға ұсынылады.

      4. Мемлекеттік гранттарды беру Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға конкурстық іріктеу (бұдан әрі – Конкурс) өткізу жолымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру жоспарының (бұдан әрі – Жоспар) негізінде жүзеге асырылады:

      1) республикалық бюджет қаражатынан – уәкілетті органның Жоспары негізінде;

      2) жергілікті бюджет қаражатынан – жергілікті атқарушы органның Жоспары негізінде.";

      9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Хабарландыру келесі негізгі мәліметтерден тұрады:

      1) өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақыты;

      2) конкурсқа қатысуға арналған қажетті құжаттар тізбесі;

      3) бекітілген Жоспар, ал өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда өзгертілген Жоспардың тақырыптары көрсетіледі;

      4) әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды іске асыру мерзімі.

      10. Конкурсқа қатысу үшін өтініш беруші өтінімдерді қабылдаудың аяқталу күні мен уақытынан кешіктірмей, операторға пошталық байланыс арқылы және (немесе) қолма-қол және (немесе) веб портал арқылы қағаз және электрондық жеткізгіштерде келесі құжаттарды қамтитын мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі өтінімді енгізеді:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға cәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға грантты беруге арналған конкурсқа қатысуға өтініш;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің сауалнамасы;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушінің әлеуеті туралы мәліметтер;

      4) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылып отырған әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны;

      5) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама барысында материалдық-техникалық қамтамасыз етуге болжамды шығыстар сомасын көрсету арқылы (әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның сомасына белгіленген пайыздар шеңберінде) әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығындар сметасы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету деп грантты іске асырумен тікелей байланысты емес және ұйымды дамытуға бағытталған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу ұғынылады;

      6) ұйым жарғысының көшірмесі;

      7) соңғы есеп күніне ұйымның бухгалтерлік балансы;

      8) ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламада көрсетілген әріптестер және (немесе) тартылатын мамандардың келісімі;

      9) өтiнiм берушiнiң өз салымының немесе әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаны қаржыландырудың өзге де көздерiнiң болуын растайтын құжаттар.

      Өтінімдерді почта байланысы арқылы және (немесе) қолма-қол енгізер кезде құжаттар тігіледі және өтінім берушінің бірінші басшысының не оның орынбасарының қолы қойылып, мөрмен (болған жағдайда) бекітіледі.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Оператор мынадай:

      1) осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген талаптарға өтінімнің сәйкес келмеуі анықталған;

      2) өтінім бекітілген Жоспарға сәйкес келмеген;

      3) Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтінім беруші туралы мәліметтер болмаған және (немесе) уақытылы ұсынылмаған;

      4) грант тақырыбының Жарғыға сәйкес өтінім беруші қызметінің мәніне, мақсаты мен түрлеріне сәйкес келмеген жағдайларда конкурсқа қатысуға қабылдаудан бас тартады және өтініш берушіге тиісті хабарламаны жолдайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Гранттың бір немесе бірнеше тақырыбы бойынша конкурс өткізілмеген деп танылған жағдайда уәкілетті орган немесе жергілікті атқарушы органдар қажет болған жағдайда Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, одан кейін осы Қағидаларға сәйкес қосымша конкурс өткізеді.";

      18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Оператор Жоспарды бекіткен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Жоспардың бағыттарына сәйкес сарапшылардан конкурстық комиссияның алдын ала құрамын қалыптастырады.

      Оператор конкурсқа қатысу үшін өтінімдерді қабылдауды аяқтағаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның алдын ала құрамына кіретін сарапшыларға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушілердің тізімін және мүдделер қақтығысы болуы не болмауы туралы хабарлама нысанын жолдайды.

      19. Мүдделер қақтығысы болуы не болмауы туралы ақпарат негізінде оператор конкурстық комиссияның түпкілікті құрамын, қажет болған жағдайда тізілімнен қосымша сарапшылар тізімін қосу арқылы оператордың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тексеруді аяқтаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей бекітеді. Оператор конкурстық комиссияның түпкілікті құрамын конкурстық комиссия отырысына дейін 3 (үш) күн ішінде өзінің интернет-ресурсына орналастырады.

      Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан, конкурстық комиссияның мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Конкурстық комиссия құрамына Жоспардың бағыттарына сәйкес он бес мүшеге дейін кіреді. Конкурстық комиссия мүшелердің тақ санынан тұрады. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санынан отыз пайызы – оператор ұсынған сарапшылардан, ал жетпіс пайызы үкіметтік емес ұйымдар ұсынған сарапшылардан қалыптастырылады. Конкурстық комиссияның төрағасы және төрағаның орынбасары оның отырысында тағайындалады.

      Оператордың қызметкерлері конкурстық комиссияның мүшелері бола алмайды.".

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Өтінімдерді зерделегеннен кейін конкурстық комиссияның мүшелері оларды осы Қағидаларға 7-қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес бағалайды.

      Әрбір көрсеткіш бойынша ұпай жинақталып, жиынтық ұпай белгіленеді.".

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Гранттың іске асырылуын оның нысаналы тағайындалуына сәйкес тиімді бақылау мақсатында оператор грант беру туралы шартқа сәйкес гранттың іске асырылуына мониторинг жүргізеді.

      29. Гранттың іске асырылуына мониторингті іске асыру мақсатында оператор қажет болған жағдайда:

      1) грант алушыдан оны ұсыну мерзімі көрсетілген қосымша ақпарат сұратады;

      2) грант берілген әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама шеңберіндегі іс-шараларға барады;

      3) грант алушылар ұсынған ақпаратты растау үшін әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру орны бойынша уәкілетті адамдарды жібереді;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және грантты ұсыну туралы шартқа сәйкес өзге де шаралар қабылдайды.";

      Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 5-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 6-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларына 7-қосымшамен осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде қазақ және орыс тілдерінде электронды түрде ресми жариялауға және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қоғамдық даму министрі
Д. Кәлетаев

  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 13 бұйрығына
1-қосымша
  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  Кімге: "Азаматтық
бастамаларды қолдау орталығы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамына
Кімнен: ____________________________
(сұраныс берушінің толық
атауын көрсету)

Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін гранттар конкурсына қатысуға өтініш*

      Осы өтінішті бере отырып ______________________________________________

      (ұйымның толық атауын көрсету)

      (ары қарай – өтініш беруші) "________________________________________________"

      (бекітілген Жоспарға сәйкес гранттың тақырыбы мен бағытын көрсету)

      грант тақырыбы бойынша үкіметтік емес ұйымдарға берілетін гранттар конкурсына

      (арықарай – конкурс) қатысуға тілек білдіреді және конкурс шарттарына сай әлеуметтік

      жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға келісім береді.

      Өтініш беруші осы арқылы Өтінімнің ішіндегі барлық ақпараттың шынайы екендігін,

      шынайы фактілерге сәйкес келетінідігін растайды және кепілдік береді, және өзінің

      құзыреттілігі, біліктілігі, сапалық және басқа сипаттамалары туралы жалған ақпарат

      беру, авторлық және сабақтас құқықтарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының

      қолданыстағы заңнамасында көзделген басқа да шектеулерді сақтау үшін

      жауапкершілік туралы хабардар екендігін білдіреді. Өтініш беруші жалған ақпарат беру

      үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады.

      _______________________________ ________ ___________________________

      (ұйым жетекшісінің лауазымы) (қолы) (қолтаңбаның толық жазылуы)

      Толтырған күні "____" ________________20___жыл

      _________________________________________________

      * Өтініш берушінің фирмалық бланкісінде толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 13 бұйрығына
2-қосымша
  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өтініш берушінің сауалнамасы


п/п

Атауы

Ақпарат (сұраныс беруші толтырады)

1.

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі туралы анықтамаға немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлікке сәйкес өтініш берушінің атауы


2.

Мемлекеттік тіркеуден өткен күні (қайта тіркеу)


3.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі


4

Нақты мекенжайы


5.

Өтініш берушінің мақсатты тобы туралы ақпарат


6.

Бірінші басшының (болған жағдайда) тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, байланыс нөмірлері мен электронды мекенжайы


7.

Бас есепшінің (болған жағдайда) тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, байланыс нөмірлері (ұялы телефон нөмірімен қоса), электронды мекенжайы


8.

Еңбек ресурсы барлығы:
Оның ішінде:



Штаттағы қызметкерлер



Шақырылған мамандар



Волонтерлер


 
  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 13 бұйрығына
3-қосымша
  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Өтініш берушінің әлеуеті туралы ақпарат

      1. Ұсынылатын әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның ұйымның жарғылық қызметіне сәйкестігінің негіздемесі.

      2. Өтінің берушінің грант тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесі.

      Соңғы 3 (үш) жылда жүзеге асырылған немесе жүзеге асырылып жатқан осыған ұқсас әлеуметтік жобалар және (немесе) әлеуметтік бағдарламалар көрсетіледі (ұйымның жекелеген қызметкерлері өздігінен өткізген немесе өзге ұйымдар арқылы жүзеге асырған жобалар мен қызмет түрлері ұйымның өзінің жұмыс тәжірибесі болып саналмайды).

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы (негізгі қызмет түрі)

Тапсырыс берушінің атауы (донор) және жүзеге асырылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның географиялық қамтылу аймағы

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның құны

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі






      3. Өтініш берушінің әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға арналған материалдық-техникалық базасының болуы.

      Ұйымның әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға дайындығы баяндалады (техникалық-экономикалық көрсеткіштер).

      4. Өтініш берушінің жобалық тобының құрамы (жобаланған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға тартылатын қызметкерлер).

Жобалық топ мүшесінің (болған жағдайда)
аты-жөні

Лауазымы

Қызметкердің әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама міндетіне сәйкес жұмыс тәжірибесі, жобалардың атауы және оларды жүзеге асырудағы рөлін көрсете отырып

Жұмыс тәжірибесі (жылдардың санын көрсету)

Әлеуметтік жобадағы және (немесе) әлеуметтік бағдарламадағы міндеттері, жауапкершілігі






      5. Үкіметтік емес ұйымның тиісті өңірдегі жұмыс тәжірибесі (жергілікті атқарушы органдардың Жоспарында көзделген грант тақырыбына өтінім берілген жағдайда толтырылады).

      Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асырылуы жоспарланған өңірдегі жұмыс тәжірибесін сипаттаңыз.

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асырылу мерзімі

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның атауы (негізгі қызмет түрі)

Тапсырыс берушінің атауы (донор) және жүзеге асырылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның географиялық қамтылу аймағы

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның құны

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижесі

 
  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 13 бұйрығына
4-қосымша
  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны

      1. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама туралы негізгі ақпарат.

Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мақсаты


Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның міндеттері


Ұсынылатын іс-шаралар


Аумақтық қамтылуы


Мақсатты топтар


Күтілетін нәтижелер


      2. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асырудың негіздемесі.

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бағытталған мәселелер бойынша ағымдағы жағдайдың сипаттамасы


Статистикалық деректерге және (немесе) зерттеу деректеріне, соның ішінде өз зерттеулеріне сілтеме


Мақсатты топтың қажеттіліктерін анықтау бойынша жұмыс туралы ақпарат (қажеттіліктерді бағалау)


      3. Мақсатты топтар (әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асырудан пайда алатын кімдер).

      Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жоспарлау және іске асыру үрдісіне мақсатты топ өкілдерінің қатысуы сипатталады.

Мақсатты топ

Саны

Жасы

Мақсатты топтың алатын пайдасы





      4. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама серіктестері мен мүдделі тараптар.

      Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның барлық серіктестері мен мүдделі тараптар тізіліп (мысалы, мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, бизнес саласының өкілдері, БАҚ өкілдері, халықаралық ұйымдар және т.б.) олардың әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға қатысуы, сондай-ақ қолдау түрлері (ақпараттық, кеңес беру) баяндалады.

Серіктестің, мүдделі тараптың атауы

Қатысу түрі мен нақты бағыты



      5. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама бойынша сұраныс берушімен кері байланыс.

Мақсатты топтың атауы

Мақсатты топтың қанағаттану деңгейі қалай өлшенеді





      6. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асырылуына мониторинг жасау жоспары.

Әлеуметтік жоба және әлеуметтік бағдарламаның мақсаты:

Міндет

Іс-шара

Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелер

Индикаторлар (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді нәтижелерге)

Өлшеу жиілігі






      7. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның күнтізбелік жоспары.

Іс-шара

1-ай

2-ай

3-ай

4-ай

5-ай

6-ай









      8. Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тәуекелдері.

Тәуекел

Ықтималдығын азайту стратегиясы және салдарын барынша азайту стратегиясы



      9. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама қызметінің баспасөз ақпарат құралдарында (ары қарай – БАҚ) жариялануы.

Ақпараттық өнім (мақала, видеоролик, баннер, пост, бюллетень және т.б.)

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарлама кезіндегі ақпараттық өнімдердің саны

Жарықтандыру арналары (теледидар, баспа басылымдары, интернет-порталдар, өз веб-сайты, әлеуметтік желілер, радио, пошта жәшіктері және т.б.)

Ақпараттың таралуы жиілігі









      10. Әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тұрақтылығы.

Қаржыландыру аяқталғаннан кейін қызметті жалғастыру және (немесе) нәтижелерді насихаттау мүмкіндігі


Тұрақтылықты қамтамасыз ету және (немесе) нәтижелерді одан әрі насихаттаудағы ұйымның рөлі қандай


 
  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 13 бұйрығына
5-Қосымша
  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыру бойынша шығыстардың сметасы

Шығыстардың бабтары*

Өлшем бірлігі

Саны

Құны, теңгемен

Барлығы, теңгемен

Қаржыландыру көздері

Өтініш беруші (өз салымы)

Қоса қаржыландырудың басқа көздері

Грант қаражаты

1

Әкімшілік шығындар:









1) жалақы, оның ішінде

















2) әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар









3) міндетті медициналық сақтандыру









4) банк қызметтері









5) байланыс қызметтерін төлеуге арналған шығыстар









6) коммуналдық қызметтер және (немесе) пайдалану шығыстары









7) үй-жайды жалға алуды төлеуге арналған шығыстар









8) шығыс материалдары, негізгі құралдарға қызмет көрсетуге және оларды ұстауға қажетті тауарларды сатып алу және басқа да қорлар, оның ішінде:

















9) өзге де шығыстар, оның ішінде:
















2

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде:
















3

Тура шығыстар:









1) 1-іс-шара









қызметтік іссапарларға арналған шығыстар, оның ішінде:









тәуліктік ақы (іссапарлардың және адамдардың санын, адам-күнін көрсету)









тұру (іссапарлардың және адамдардың санын, адам-күнін көрсету)









жолақысы (іссапарлардың және адамдардың санын жазу)









тарату материалдарын сатып алу, оның ішінде:

















заңды және жеке тұлғалар орындайтын жұмыстар мен көрсететін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстар, оның ішінде:









жеке тұлғалардың жұмыстары және қызметтері, оның ішінде:

















заңды тұлғалардың жұмыстары және қызметтері, оның ішінде:

















өкілдік шығыстар:









кофе-брейк









Түскі ас









Залды жалға алу

















2) 2-іс-шара









Барлығы:








      _______________________________

      * Шығыстар әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның күнтізбелік жоспарына сәйкес барлық іс-шаралар бойынша ажыратылады. Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаға байланысты жоғарыда баяндалған шығыс түрлерінің барлығы сметада көрініс табуы міндетті емес. Шығыс баптарын толықтыруға іс-шараның қажеттіліктеріне байланысты жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 13 бұйрығына
6-қосымша
  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
6-қосымша
  Нысан
  Кімге: "Азаматтық
бастамаларды қолдау орталығы"
коммерциялық емес акционерлік
қоғамы
кімнен: ____________________________
(өтініш берушінің толық
атауын көрсету)

Конкурстық комиссия мүшесінің грант ұсынуға конкурсқа өтініш берушілермен мүдделер қақтығысының болуы не болмауы туралы (керегінің астын сызыңыз) хабарлама

      Мен______________________________________________________, хабарлаймын

      (сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

      □ грант ұсынуға конкурсқа өтініш берушілермен мүдделер қақтығысының болмауы

      туралы хабарлаймын және конкурстық комиссияның мүшесі ретінде өзімнің

      қызметімді жүзеге асыру кезінде әділдік және объективтілік қағидаттарын мүлтіксіз

      сақтауға міндеттенемін

      □ грант ұсынуға конкурсқа өтініш берушілермен мүдделі қақтығыстың болуы туралы

      (керегін белгілеңіз).

      Сіз үкіметтік емес ұйымның мүшесі (қатысушысы), жұмыс істеп жатқан

      құрылтайшысы (керегінің астын сызыңыз) болып табыласыз ба? (егер болсаңыз, онда

      үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз басқару органының мүшесі, үкіметтік емес ұйымның басшысы болып табыласыз ба

      (егер болсаңыз, онда басқару органын, үкіметтік емес ұйымның атауын және атқаратын

      лауазымыңызды көрсетіңіз):

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Сіз соңғы бір жылдың ішінде үкіметтік емес ұйымнан қызмет көрсеткен үшін немесе

      тура қаржылық қолдау көрсеткен үшін төлем алдыңыз ба? (егер болсаңыз, нақты

      қандай қызметтер екенін және үкіметтік емес ұйымның атауын көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________.

      Сізде үкіметтік емес ұйымның қызметкерлерімен жақын туыстық байланыстарыңыз

      бар ма? (егер болсаңыз, қызметкердің тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда),

      ол жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымның атауын, туыстық деңгейін көрсетіңіз):

      _________________________________________________________________________.

      Сізде өзге де әлеуетті мүдделер қақтығысы бар ма? (болған жағдайда, қандай екенін

      көрсетіңіз): _______________________________________________________________.

      Мен мүдделер қақтығысына қатысты саясатты түсінетінімді растаймын және осы

      хабарламаны толтыру кезіндегі ақпараттың дәйектілігіне жауаптымын.

      20___жылғы "____" ________________ Қолы _________________

  Қазақстан Республикасы
Қоғамдық даму министрінің
2018 жылғы 10 тамыздағы
№ 13 бұйрығына
7-қосымша
  Үкіметтік емес ұйымдарға
арналған гранттар беру және
олардың іске асырылуына
мониторингті жүзеге асыру
қағидаларына
7-қосымша

Өтінімдерді бағалау көрсеткіштері бойынша ұпай мазмұны

Бағалау көрсеткіштері

Ұпай

Ұпайлардың түсініктемесі

1

Ұйымның жалпы әлеуеті:
ұйымның жарғылық қызметі жобаның мақсаттарына сәйкес келу дәрежесі;
әлеуметтік жобаларды және (немесе) әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудағы өтінім берушінің тәжірибесі;
осы уақытқа дейін жүзеге асырылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламалардың нәтижелерінің маңыздылығы;
ұйымның әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға дайындығы.

1 ден 5-ке дейін

1

Ұйымның жалпы әлеуеті осы көрсеткіш тармақшаларының ешқайсысына толығымен сәйкес келмейді

2

Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының біреуіне ғана сәйкес келеді

3

Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді

4

Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді

5

Ұйымның жалпы әлеуеті көрсеткіш тармақшаларының барлығына сәйкес келеді

2

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі:
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін тартылуға жоспарланып жатқан мамандардың жобаны тиімді жүзеге асыру үшін жұмыс тәжірибесі бар;
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін тартылуға жоспарланып жатқан мамандардың жобаны тиімді жүзеге асыру үшін біліктілігі бар;
Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыру үшін тартылуға жоспарланып жатқан мамандардың әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламадағы міндеттері олардың тәжірибесі мен біліктілігіне сәйкес келеді.

1 ден 3-ке дейін

1

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі көрсеткіш тармақшаларының біреуіне сәйкес келеді

2

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді

3

Әлеуметтік жобаны және (немесе) әлеуметтік бағдарламаны іске асыруға тартылатын мамандардың тәжірибесі мен біліктілігі көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді

3

Гранттық қаржыландыру Жоспарында көрсетілген мақсаттарға қол жеткізуге ұсынылатын әлеуметтік жоба (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұнының бағыты:
статистикамен және ресми дереккөздерге сілтеме жасай отырып, проблеманы (ағымдағы жағдайды) түсіну және түсіндіру;
ұсынылатын әлеуметтік жоба (немесе) әлеуметтік бағдарламаның ерекшелігіне сәйкес бенефициарларды қамту және жобаны іске асыру ауқымы;
ұсынылатын әлеуметтiк жоба және (немесе) әлеуметтiк бағдарламаның аясында жүзеге асырылатын іс-шаралар қалай және не себепті ұсынылған әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге мүмкіндік беретіндігін дәлелдермен түсіндірілуінің болуы;
әлеуметтік жобаның және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жоспарлы мақсатына жетуге мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштері бар мониторинг жоспарының болуы;
алға қойған жетістіктер мен мақсаттарға жетудің инновациялық жолдарының болуы;

1 ден 7 - ге дейін

1

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны аталған көрсеткіштерге сәйкес келмейді

2

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының біреуіне сәйкес келеді

3

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының екеуіне сәйкес келеді

4

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының үшеуіне сәйкес келеді

5

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының төртеуіне сәйкес келеді

6

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің бес тармақшасының барлығына толығымен сәйкес келмейді

7

Ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның мазмұны көрсеткіштің барлығына толығымен сәйкес келеді

4

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі:
әлеуметтік жоба (немесе) әлеуметтік бағдарламаның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі ұйымның рөлі нақты көрсетілген;
ұсынылатын әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның аясындағы жоспарланған нәтижелер шындыққа негізделген және қол жетімділігі мүмкін;
жоспарланған нәтижелер тәжірибелік маңыздылыққа ие;
қаржыландыру және нәтижелерді жылжыту аяқталғаннан кейінгі әрекеттің жалғасу мүмкіндігі нақты сипатталған.

1 ден 5-ке дейін

1

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының ешқайсысына сәйкес келмейді

2

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының біреуіне сәйкес келеді

3

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді

4

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді

5

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның нәтижелерінің маңыздылығы мен қол жетімділігі, тұрақтылығының қамтамасыз етілуі көрсеткіш тармақшаларының барлығына толығымен сәйкес келеді

5

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі:
сметада ұсынылған шығындар негізделген және шынайы;
ұсынылған жобаны жүзеге асыру мерзімдері негізделген және шынайы;
сметада ұсынылған шығындар әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қызметіне сәйкес келеді;
ұсынылған жобаны жүзеге асыру мерзімдері әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның қызметіне сәйкес келеді.

1 ден 5-ке дейін

1

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының ешқайсысына сәйкес келмейді

2

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының біреуіне сәйкес келеді

3

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының екеуіне сәйкес келеді

4

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының үшеуіне сәйкес келеді

5

Әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының негізділігі, әлеуметтік жоба және (немесе) әлеуметтік бағдарламаның жүзеге асыру мерзімі мен ұсынылған шығыстар сметасының қызметке сәйкес келуі көрсеткіш тармақшаларының барлығына толығымен сәйкес келеді

6

Жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік гранттар ұсынған жағдайда – тиісті өңірдегі үкіметтік емес ұйымның жұмыс тәжірибесі

3

3

Өтінім берушінің тиісті өңірде жұмыс тәжірибесі бар


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады