Аттестаттау комиссиясы туралы ережені бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 1319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 тамызда № 17326 болып тіркелді.

      "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-1-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Аттестаттау комиссиясы туралы ереже бекітілсін.

      2. Зияткерлік меншік құқығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 тамыздағы
№ 1319 бұйрығымен бекітілген

Аттестаттау комиссиясы туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Аттестаттау комиссиясы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Селекциялық жетістіктер туралы заң), "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Патент заңы), "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Тауар таңбалары туралы заң) және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Интегралдық микросхемалары туралы заң) сәйкес әзірленді және аттестация өткізу бойынша комиссиясының қызметін айқындайды (бұдан әрі – Комиссия).

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:

      1) аттестаттау комиссиясы - уәкілетті органның Аттестаттау комиссиясы;

      2) сараптама ұйымы – "Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Санаткерлiк меншiк құқығы жөнiндегі комитетiнiң Ұлттық санаткерлiк меншiк институты" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 11 шелдедегі № 756 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, өз қызметінде уәкілетті органға ведомстволық бағынысты сараптама ұйымы;

      3) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Комиссия мүшелерінің саны тақ саны болып табылады және кем дегенде бес қызметкерден және сараптама ұйымынан тұрады.

      Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің не оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссияның отырыстары оның кемінде 2/3 мүшелері қатысса, заңды болып саналады.

      4. Комиссияның төрағасы Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министрі болып табылады.

      Комиссия төрағасы болмаған кезде оның функцияларын Комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

      5. Комиссияның міндеттері патенттiк сенiм бiлдiрiлген өкiлдерге кандидаттарды аттестаттаудан сапалы өткізу, сондай-ақ отырыстың ашықтығын және жариялығын қамтамасыз ету болып табылады.

2-тарау. Комиссияның өкілеттіктері

      6. Комиссияның төрағасы:

      1) Комиссияның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;

      2) Комиссияның жұмысын жоспарлайды;

      3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді.

      7. Комиссия мүшелері:

      1) аттестаттауға ұсынған құжаттармен және тестілеу нәтижесімен танысады;

      2) Комиссия отырысында зияткерлік меншік саласындағы шешілуі тиіс мәселелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарайды.

      8. Комиссияның хатшысы:

      1) Комиссияның мүшелеріне Комиссия отырысының өтетін күні мен орны туралы хабарлайды;

      2) Комиссия отырысын өткізу үшін материалдарды дайындауды жүзеге асырады, аттестацияның нәтижесі бойынша хаттаманы рәсімдейді;

      3) Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      9. Комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай өткізіледі.

      10. Аттестаттау комиссиясы хаттамалық шешімімен:

      1) Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметін:

      патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген өтініші негізінде;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынған адамдарға, уәкілетті органның және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлеріне;

      Селекциялық жетістіктер туралы заңның 22-6-бабының 1-тармағында, Патент заңының 36-2-бабының 1-тармағында, Тауар таңбалары туралы заңының 46-2-бабының 1-тармағында, Интегралдық микросхемалары туралы заңның 15-2-бабының 1-тармағында көзделген мән-жайларды анықтау мақсатында тоқтатыла тұрады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген жағдайда патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі аттестаттау комиссиясы тиісті шешім қабылдағанға дейін үш ай бойы тоқтатыла тұрады.

      Патенттік сенім білдірілген өкілдің қызметі оның қызметін тоқтата тұруға себеп болған негіздер жойылған жағдайда, аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен қайта басталады.

      2) патенттік сенiм білдірілген өкілді:

      патенттік сенім білдірілген өкілдің аттестаттау комиссиясына берілген жеке өтініші негізінде;

      Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылған кезде немесе Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кеткен кезде;

      патенттік сенiм білдірілген өкілдің кәсіптік қызметінде бес жылдан астам үзіліс болған жағдайда;

      патенттік сенiм білдірілген өкіл қылмыс жасағаны үшін сотталып, соттың айыптау үкімі күшіне енген кезде;

      патенттік сенiм білдірілген өкіл қайтыс болған немесе ол хабарсыз кетті деп танылған не қайтыс болды деп жарияланған жағдайда;

      патенттік сенiм білдірілген өкіл әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;

      жеке және (немесе) заңды тұлғалардың шағымдарын, сондай-ақ патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуын қарау нәтижелері бойынша шығарылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 736 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Комиссия мүшелерінің шешімі қатысып отырғандар мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру жолымен қабылданады және оны төрағалық етуші жариялайды.

      Дауыстар тең болған кезде Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      12. Комиссияның отырысы хаттамамен ресімделеді.

      Комиссия отырысының хаттамасына аттестаттауды өткізу нәтижесі бойынша төрағалық етуші, Комиссияның мүшелері және хатшысы қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады