"Салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 15-НҚ нормативтік қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 16-НҚ нормативтік қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қыркүйекте № 17336 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті (бұдан әрі – Есеп комитеті) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау уәкілетті органдары лауазымды адамдарының тізбесін бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 15-НҚ нормативтік қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12445 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Заң бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы нормативтік қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы нормативтік қаулының Есеп комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Есеп комитетінің аппарат басшысына (Қ.С. Әбдірайымов) жүктелсін.

      4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Республикалық бюджеттің
атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің Төрайымы
Н. Годунова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады