"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 24-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді салыстырып тексеру және ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы қаулының Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында ресми орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы міндетін атқарушы |
К. Петров |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы міндетін атқарушы |
Б. Мелдешов |
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 23 тамыздағы № 11/196 қаулысымен бекітілген |
Сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді салыстырып тексеру және ұсыну қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді салыстырып тексеру және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Конституциялық заң) 12-бабы 16-2-тармақшасына,14-бабы 4-1-тармақшасына, 24-бабы 5-тармағына және жергілікті атқарушы органдардың аумақтық сайлау комиссияларына (бұдан әрі – комиссия) сайлаушылар және сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерді автоматтандырылған есепке алу үшін салыстырып тексеру тәртібін айқындайды.
2. Автоматтандырылған есепке алу бойынша өзара іс-қимылды:
1) тіркеуші – сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді қалыптастыратын және өзектілігін қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы органның лауазымды адамы;
2) комиссия – "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - "Сайлау" ААЖ) сайлаушылар туралы мәліметтердің өзектілігі мен шынайылығын, сондай-ақ сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтердің өзектілігін бақылайтын облыстың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың), ауданның, қаланың, қаладағы ауданның аумақтық сайлау комиссиялары;
3) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (бұдан әрі-Ортсайлауком) – сайлаушылар, сайлау учаскелері және олардың шекаралары туралы мәліметтерді автоматтандырылған есепке алуға арналған "Сайлау" ААЖ арқылы Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық тізілімін жүргізуді жүзеге асыратын тұрақты жұмыс жасайтын орган.
2-тарау. Сайлаушылар туралы мәліметтерді ұсыну және оларды салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі
3. Тұрғылықты жері бойынша сайлаушылар туралы мәліметтерді жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқордың негізінде (бұдан әрі - ЖТ МДҚ) жергілікті атқарушы органның уәкілетті тіркеушілері қалыптастырады және олар мыналарды қамтиды:
1) сайлаушының жеке басы туралы мәліметтер:
тегі;
аты;
әкесінің аты (болған кезде);
күні, айы және туған жылы;
жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН);
ұлты (егер құжаттарда көрсетілсе);
жынысы;
2) сайлаушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың нөмірі;
құжаттың берілген күні;
3) сайлаушының тұрғылықты жері туралы мәліметтер:
облыстың, ауданның, елді мекеннің атауы;
көше;
үйдің, корпустың, пәтердің нөмірі;
4. Тіркеуші сайлаушылар, сайлау учаскелері және олардың шекаралары туралы мәліметтердің өзектілігі мен шынайылығын қамтамасыз етеді;
5. Жергілікті атқарушы органдар мен комиссиялар арасында ақпарат алмасу жеке деректер және оларды қорғау, ақпараттық қауіпсіздік туралы заңнама талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Ақпарат арнайы байланыс арнасы арқылы немесе қабылдау-беру актісі бойынша электрондық жеткізушілерде жіберіледі. Актіге жергілікті атқарушы органның және комиссияның өкілдері қол қояды, файлдардың атауы, олардың байттардағы мөлшері және файлдағы жазбалардың жалпы саны көрсетіледі.
Көрсетілген мәліметтерді ашық байланыс түрлерінің техникалық арналары бойынша (телефон, жалпы қолданыстағы факсимильді байланыс, радио - байланыс, ұялы, Интернет желісі) беруге және қабылдауға рұқсат етілмейді.
6. Жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар туралы мәліметтерді тиісті комиссияларға әрбір жылдың 1 шілдесіне және 1 қаңтарына осы қаулыға 1-қосымшаға сай нысан бойынша электрондық түрде (MS Access форматында) ЖТ МДҚ деректері негізінде ұсынады.
7. Комиссия үш жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органдардан алынған сайлаушылар туралы мәліметтерді Ортсайлауком ұсынған "Сайлау" ААЖ-дағы мәліметтермен салыстырып тексеруді жүзеге асырады.
8. Сайлаушылар туралы мәліметтерді салыстырып тексеру келесі өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
күні, айы және туған жылы;
ЖСН.
9. Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша комиссия келесі санаттар бойынша статистикалық ақпарат пен анықталған алшақтықтар қамтылған жекелеген мәліметтерді қалыптастырады:
1) сайлаушының дербес сәйкестендіру деректері дұрыс емес (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде), ЖСН, күні, айы және туған жылы);
2) өзектілігін жоғалтқан құжаттар;
3) сайлаушыны бір сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне бірнеше рет енгізу;
4) бір сайлаушыны бірнеше сайлау учаскелерінің сайлаушылар тізімдеріне енгізу;
5) басқа өңірлерде тіркелген азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу;
6) мекенжайы тіркелмеген (тіркеуден шығарылған) азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу;
7) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу;
8) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын азаматтарды (резидент еместерді) сайлаушылар тізіміне енгізу;
9) белсенді сайлау құқығы жоқ:
он сегіз жасқа толмаған;
сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған;
сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған;
қайтыс болған;
Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылған азаматтарды сайлаушылардың тізіміне енгізу.
10. Салыстырып тексеру қорытындылары бойынша комиссия бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес статистикалық ақпарат пен анықталған алшақтықтар қамтылған мәліметтерді жергілікті атқарушы органдарға жібереді.
11. Жергілікті атқарушы орган анықталған алшақтықтарды алғаннан кейін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген талаптарға сәйкес сайлаушылар туралы мәліметтерді түзетеді, жаңартады және тиісті комиссияға жібереді.
12. Тиісті жергілікті атқарушы органдардан, облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) комиссиясынан алынған сайлаушылар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының сайлаушы азаматтарының бірыңғай электрондық тізілімін қалыптастыру үшін әрбір жылдың 15 қаңтарынан, 15 шілдесінен кешіктірмей Ортсайлаукомға ұсынады.
13. Жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдары, комиссия мүшелері және сайлаушылар туралы мәліметтерге қол жеткізе алатын басқа да жауапты адамдар олардың құпиялылығын қамтамасыз етеді.
3-тарау. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді ұсыну және салыстырып тексеруді жүргізу тәртібі
14. Сайлау учаскелері белгіленген шекараларда аумақтық комиссиялармен келісім бойынша тиісті аудандар мен қалалар әкімдерінің шешімдерімен құрылады.
15. Сайлау учаскелері сайлаушылар үшін барынша қолайлы болуы мақсатында жергілікті және басқа да жағдайлар ескеріле отырып құрылады:
1) әрбір сайлау учаскесінде үш мыңнан аспайтын сайлаушы болуы;
2) әкімшілік-аумақтық бірліктерде әкімшілік-аумақтық құрылымның шекараларының сақталуы.
16. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтер мынадай деректерді қамтиды:
1) сайлау учаскесінің нөмірі;
2) сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жайдың) атауы;
3) сайлау учаскесі орналасқан жердің мекен жайы:
облыстың, ауданның, елді мекеннің атауы;
көше;
үй;
4) жаңадан құрылған және таратылған сайлау учаскелері.
17. Жергілікті атқарушы органдар сайлау учаскелері туралы мәліметтерді осы қаулыға 2-қосымшаға сай нысан бойынша және сайлаушылар туралы мәліметтермен бір мезгілде электрондық түрде сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді осы қаулыға 3-қосымшаға сай нысан бойынша тиісті комиссияға әрбір жылдың 1 шілдесіне және 1 қаңтарына ұсынады.
18. Жергілікті атқарушы орган әрбір сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың санына мониторинг жүргізеді және ондағы сайлаушылардың саны Конституциялық заңның 23-бабында белгіленген саннан асып кеткен жағдайда сайлау учаскесінің шекараларын өзгерту туралы тиісті шешім қабылдайды.
19. Жергілікті атқарушы органнан мәліметтерді алғаннан кейін тиісті комиссия оларды үш жұмыс күні ішінде "Сайлау" ААЖ-да бар мәліметтермен:
1) өңір бойынша сайлау учаскесінің нөміріне;
2) сайлаушылардың белгіленген шегіне сайлау учаскелерінің сәйкестігі мәніне салыстырып тексеруді жүргізеді.
20. Салыстырып тексеруді қорытындылары бойынша комиссия бір жұмыс күні ішінде анықталған алшақтықтар бар мәліметтерді қалыптастырады және оларды салыстырып тексеру актісіне сәйкес деректерді нақтылау және жаңарту үшін жергілікті атқарушы органға жібереді.
21. Жергілікті атқарушы орган анықталған алшақтықтарды алғаннан кейін түзетіп, жаңартады және бес жұмыс күні ішінде сайлау учаскелері мен олардың шекаралары туралы мәліметтерді тиісті комиссияға жібереді.
22. Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) комиссиялары тиісті жергілікті атқарушы органдардан алынған өңір бойынша сайлау учаскелері мен олардың шекаралары туралы мәліметтерді қабылдау-беру актісі бойынша әр жылдың 15 қаңтарынан, 15 шілдесінен кешіктірмей Ортсайлаукомға жіберіп отырады.
Сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді салыстырып тексеру және ұсыну қағидалары қағидаларына 1-қосымша |
|
Нысан |
ЖТ МДҚ деректері негізіндегі электрондық түрдегі сайлаушылар туралы мәліметтер (MS Access файлының форматы)
р/б | Атауы | Типі | Сипаты |
1. | Cod | Есептегіш | Жазу коды (негізгі жол) |
2. | Cod_izber | Мәтіндік | Сайлаушы ЖСН-і |
3. | Soname | Мәтіндік | Тегі |
4. | Name | Мәтіндік | Аты |
5. | Otchestvo | Мәтіндік | Әкесінің аты (болған кезде) |
6. | Cod_uch | Мәтіндік | Учаске коды |
7. | Okg_r | Мәтіндік | Республикалық округ |
8. | Okg_ob | Мәтіндік | Облыстық округ |
9. | Okg_rai | Мәтіндік | Аудандық округ |
10. | Obl | Мәтіндік | Облыс |
11. | Rai | Мәтіндік | Аудан |
12. | Date_rogd | Күні/уақыты | Туған күні |
13. | Nac | Мәтіндік | Ұлты (егер құжаттарда көрсетілсе) |
14. | mal | Мәтіндік | Жынысы |
15. | Mesto_progiv | Мәтіндік | Тұрғылықты жері (елді мекен) |
16. | Street | Мәтіндік | Көше |
17. | Hourse | Мәтіндік | Үй |
18. | Korpus | Мәтіндік | Корпус |
19. | Kvartira | Мәтіндік | Пәтер |
20. | Udostve | Мәтіндік | Куәліктің нөмірі |
21. | Date_vidach | Күні/уақыты | Куәліктің берілген күні |
22. | Note | Мәтіндік | Ескертпе |
23. | Dopol1 | Логикалық | Қосымша 1 (өзгерген) |
24. | Dopol2 | Логикалық | Қосымша 2 (жойылған) |
25. | Dopol3 | Күні/уақыты | Қосымша 3 (өзгертілген күн) |
26. | Dopol4 | Логикалық | Қосымша 4 (қосылған) |
Қандай да бір жол бойынша деректер болмаған жағдайда, ол бос болуы тиіс, түрлі белгілерді, сандар мен әріптерді пайдалануға жол берілмейді.
Сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді салыстырып тексеру және ұсыну қағидалары қағидаларына 2-қосымша |
|
Нысан |
___________облысы (республикалық маңызы бар қалалар және астана) бойынша сайлау учаскелері туралы мәліметтер
20__ жылғы ___________ жағдай бойынша |
Р/б № | Сайлау учаскесінің нөмірі | Сайлау учаскесі объектісінің (дауыс беруге арналған үй-жай) атауы | Сайлау учаскесі орналасқан жердің мекенжайы | Қолжетімділік шектелген СУ туралы, қайта құрылған және таратылған СУ туралы белгі | ||
Елді мекен | Көше | Үй | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
_____________________________________________ | ||||||
1 | ||||||
2 | ||||||
3 | ||||||
Аудан, қала, қаладағы аудан бойынша жиыны | ||||||
Облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша жиыны |
Сайлаушылар мен сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді салыстырып тексеру және ұсыну қағидалары қағидаларына 3-қосымша |
|
Нысан |
_____________облысы (республикалық маңызы бар қалалар және астана) бойынша сайлау учаскелері туралы мәліметтер
20__ жылғы ___________ жағдай бойынша |
Р/б | Сайлау учаскесінің нөмірі | Елді мекен түрі | Елді мекен | Шекаралар | ||
Мекенжай түрі | Мекенжай | Үй | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |