Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/200 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қыркүйекте № 17408 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету бөлімі:

      1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
Төрағасы міндетін атқарушы
К. Петров
      Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
хатшысы міндетін атқарушы
Б. Мелдешов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясының
2018 жылғы 25 тамыздағы
№ 12/200 қаулысымен бекітілген

Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына ұсыну қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді жасау және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына (бұдан әрі - Ортсайлауком) ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және аумақтық сайлау комиссияларының сайлау науқандарын өткізуге арналған бюджеттік өтінімдерді (қажеттілік есебін) жасау және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына (бұдан әрі – Ортсайлауком) ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Бюджеттік өтінімді жасаудың басты мақсаты керекті қажеттілік ресурстары туралы сандық және қаржылық ақпарат негізінде сайлау науқанын өткізуге арналған шығыстардың үлгі сметасын әзірлеу кезінде шығыстардың көлемдерін негіздеу болып табылады.

      3. Бюджеттік өтінім (қажеттілік есебі) сайлау науқанын өткізу үшін әрбір аумақтық сайлау комиссиясы құрастыратын қаржы қаражатының қажеттілік көлемдерін негіздейтін құжаттардың жиынтығын білдіреді.

2-тарау. Бюджеттiк өтiнiмдi жасау тәртібі

      4. Бюджеттік өтінімдер (қажеттіліктер есептері):

      Қазақстан Республикасының Президентін;

      Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын;

      партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын;

      Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын;

      мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша сайлау науқандарына жасалады.

      5. Бюджеттік өтінім (қажеттілік есебі) осы Қағидаларға 1, 1-1, 2, 3, 4, 5, 6, 6-1, 7, 8-қосымшаларға сай нысандар бойынша сайлау науқанын өткізуге арналған қаражаттың қажеттілік есептері негізінде жасалады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 12.07.2022 № 53/522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Әрбір аумақтық сайлау комиссиясы тиісті сайлау науқанын өткізу үшін жекелеген бюджеттік өтінім (қажеттілік есебін) жасайды.

      7. Бюджеттік өтінім (қажеттілік есебі) мыналарды:

      1) қажеттілік есептерін;

      2) алдағы сайлау науқандары туралы ақпарат көрсетілген түсіндірме жазбаны;

      3) жоғары тұрған сайлау комиссиясы сұрататын өзге де қажетті ақпаратты қамтиды.

      8. Бюджеттік өтінімге (қажеттілік есебіне) аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы мен хатшысы, сондай-ақ тиісті әкім аппаратының қаржы-экономикалық қызметінің басшысы (бұдан әрі – бас бухгалтер немесе қаржы-экономикалық бөлімнің меңгерушісі) қол қояды.

      Бюджеттік өтінімде (қажеттілік есебінде) жауапты орындаушының -тиісті аумақтық сайлау комиссиясын хатшысының тегі, аты және әкесінің аты (бұдан әрі – Т.А.Ә.) (болған жағдайда), қызметі, жұмыс телефоны міндетті түрде көрсетіледі.

      9. Бюджеттiк өтiнiмнiң мұқаба парағы осы Қағидаларға "Бюджеттік өтінім" деген 1-қосымшаға сай нысан бойынша ресiмделедi.

      10. Қажеттілік есептері осы Қағидаларға 1-1, 2, 3, 4, 5, 6, 6-1 және 7-қосымшаларға сай бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша ұсынылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 12.07.2022 № 53/522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-1. 142 "Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу" ерекшелігі бойынша қажеттілік есебі Аумақтық сайлау комиссиясының осы Қағиданың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бір және көп рет пайдаланылатын медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша шығыстарды қамтиды." осы Қаулының 1-қосымшасына сәйкес.

      Ескерту. 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 12.07.2022 № 53/522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. 144 "Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу" ерекшелігі бойынша қажеттілік есебі Аумақтық сайлау комиссиясының жанар-жағармай материалдарына қажеттілік есебі негізінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай нысан бойынша жасалады.

      Қажеттілік есебі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 69-бабына, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Автокөлік құралдары үшін жанар-жағармай материалдарына қажеттілік есебі еркін нысанда жасалады.

      12. Аумақтық сайлау комиссиясының 149 "Басқа қорлар сатып алу" ерекшелігі бойынша шығыстарын айқындау үшін, тауарлар құны бірлігін негіздейтін құжаттарды ұсынумен, шығыс материалдарын сатып алу шығындарын есептеу үшін Аумақтық сайлау комиссиясының шығыс материалдарын сатып алуға қажеттілік есебіне сәйкес осы Қағидаларға 3-қосымшаға сай нысан бойынша толтырылады.

      13. 152 "Байланыс қызметтеріне ақы төлеу" ерекшелігі бойынша байланыс қызметтеріне ақы төлеуге қажеттілік есебі телекоммуникациялық қызметтерді сатып алу іс-шараларын жоспарлау кезінде Аумақтық сайлау комиссиясының байланыс қызметтеріне ақы төлеу қажеттілігі есебіне сәйкес осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай нысан бойынша толтырылады.

      Шығыстарды есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік органдарды телефон байланысымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10762 болып тіркелген) басшылыққа алу қажет.

      14. 153 "Көлік қызметтеріне ақы төлеу" ерекшелігі бойынша көлік қызметтеріне ақы төлеу бойынша қажеттілік есебін алдағы сайлау науқанына жоспарланып отырған шығыстарды негіздеу үшін ағымдағы қаржы жылына көлікті жалға алу туралы шарттардың көшірмелерімен бірге Аумақтық сайлау комиссиясының көлік қызметтеріне ақы төлеу қажеттілігі есебіне сәйкес осы Қағидаларға 5-қосымшаға сай нысан бойынша жасалады.

      15. 159 "Өзге қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" ерекшелігі бойынша қажеттілік есебі жеке және заңды тұлғалардың көрсеткен жұмыстары мен қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын қамтиды және Аумақтық сайлау комиссиясының жеке және заңды тұлғалардың көрсеткен жұмыстары мен қызметтеріне ақы төлеу қажеттілігі есебіне сай осы Қағидаларға 6, 6-1-қосымшаларына сай нысан бойынша жасалады.

      Осы есепте шығыстардың сомасы көрсетiледi, сондай-ақ шығыстардың негізгі түрлерi бойынша таратып жазу келтiрiледі:

      қызметкерлердiң еңбекақысы - осы жол бойынша қызметтерді көрсетуге және жұмыстарды орындауға қатысатын жұмыскерлердiң еңбекақысы көрсетiледi (жұмыскерлердің еңбекақысынан ұсталатын жеке табыс салығы, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына мiндеттi жарналар сондай-ақ осы жол бойынша көрсетіледі). Еңбекақы төлеу шығыстарын есептеу кезінде "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заң нормаларының талаптарын сақтау қажет;

      мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар;

      әлеуметтік салық;

      әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтiк медициналық сақтандыру аударымдары;

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қолданысқа енгізілетін міндетті кәсіби зейнетақы жарналары;

      мемлекет ішіндегі iскерлік және қызметтік сапарлар;

      өзге қорларды сатып алу;

      банк қызметтері;

      өзге де қызметтер мен жұмыстар;

      үй-жайды жалдау осы Қағиданың 6-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша." осы Қаулының 2-қосымшасына сәйкес.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 12.07.2022 № 53/522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. 169 "Өзге де ағымдағы шығыстар" ерекшелігі бойынша қажеттілік есебі кандидаттардың шығыстарын, нотариаттық қызметтерді қамтиды және Аумақтық сайлау комиссиясының өзге де ағымдағы шығындар бойынша қажеттілік есебіне сәйкес осы Қағидалардың 7-қосымшасына сай нысан бойынша толтырылады.

      17. Жоғарыда көрсетілген қосымшалар бойынша есептеулер негізінде аумақтық сайлау комиссиясы осы Қағидаларға 8-қосымшаға сай нысан бойынша сайлау науқанының әрбір түріне қажеттіліктің жиынтық есебін жасайды, онда шығыстардың жалпы сомасы, оның ішінде бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктер бойынша көрсетіледі. Сайлау науқанының болжамды кезеңіне шығыстардың сомалары шығыстардың экономикалық сыныптамасының әрбір ерекшелігі бойынша бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктері бойынша қажеттілік есептерінде көрсетілген қорытынды сомаларға сәйкес келуі тиіс.

      18. Түсіндірме жазба әрбір сайлау науқанына жоспарланатын шығыстар сипаттамасымен бірге еркін нысанда жасалады.

      Бюджеттік өтінімге түсіндірме жазба:

      ағымдағы жағдайдың, бар проблемалардың қысқаша сипаттамасын;

      осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген әрбір сайлау науқаны бойынша бюджет қаражатын жұмсаудың бағыттарын нақтылайтын ақпаратты қамтиды.

3-тарау. Бюджеттік өтінімді ұсынудың мерзімдері мен тәртібі

      19. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың) сайлау комиссиялары кезектi жоспарлы кезеңге бюджеттік өтінімдерін (қажеттілік есептерін) ағымдағы қаржылық жылғы 15 ақпанға дейінгі мерзімде енгізілген төмен тұрған аумақтық сайлау комиссияларының бюджеттік өтінімдері (қажеттілік есептері) негізінде, ағымдағы қаржылық жылғы 15 наурызға дейінгі мерзімде ұсынады.

      Бюджеттік өтінімдердің (қажеттілік есептерінің) келесі ұсынылуы немесе түзетілуі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес сайлаудың хабарлануын немесе тағайындалуын ескере отырып, Ортсайлауком белгілейтін мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Бюджеттік өтінімдерді (қажеттілік есебін) түзету бойынша ұсыныстар енгізу облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) сайлау комиссияларының бастамасы бойынша жүргізіледі.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 12.07.2022 № 53/522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) сайлау комиссиялары бюджеттік өтінімді (қажеттілік есебін) түсіндірме жазбасымен бірге Ортсайлаукомға электронды құжатайналымы жүйесі арқылы енгізеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 12.07.2022 № 53/522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      21. Ортсайлауком облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) сайлау комиссияларының ұсынған қажеттілік есептері негізінде, сайлау науқанын өткізуге арналған шығыстардың үлгі сметасын қалыптастырады.

  Аумақтық сайлау
комиссияларының
сайлау науқандарын өткізуге
арналған бюджеттік өтінімдерді
жасау және
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясына
ұсыну қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      ___________________________________________ аумақтық сайлау комиссиясы

      ________________________________ сайлау науқанына

      БЮДЖЕТТІК ӨТІНІМ

      ___________________________________________

      (аумақтық сайлау комиссия төрағасының қолы)

      ________________________________

      (жауапты орындаушының деректері)

  Аумақтық Аумақтық сайлау
комиссияларының сайлау
науқандарын өткізуге арналған
бюджеттік өтінімдерді жасау
және Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясына
ұсыну қағидаларына
1-1-қосымша
  нысан

_________________ аумақтық сайлау комиссиясының медициналық тағайындаудың өзге құралдарына арналған шығындардын есебі

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 12.07.2022 № 53/522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ________________ сайлау науқаны

      142 "Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы өзге де бұйымдарды сатып алу " ерекшелiгі

.№

Алушылардың атауы

Алушылардың бiр күндегi орташа саны (бiрл.)

Жұмыс iстеу күндері (күндер)

Бiр күнiне 1 бiрлiкке медициналық тағайындаудың өзге құралдарына нормасы (теңге)

Шығыстардың сомасы (мың теңге) (3-б.х4-б.х5-б.)/1000

1

2

3

4

5

6


Жиыны





      Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы _________ __________________________

      (қолы)       (аты-жөні (болған жағдайда))

      Аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы _________ ___________________________

      (қолы)       (аты-жөні (болған жағдайда))

      Тиісті әкімдіктің бас бухгалтері

      (қаржы-экономикалық қызмет басшысы) _________ _________________________

                                                (қолы)       (аты-жөні (болған жағдайда))

  Аумақтық сайлау
комиссияларының
сайлау науқандарын өткізуге
арналған бюджеттік өтінімдерді
жасау және
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясына
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
  нысан

________________________ аумақтық сайлау комиссиясының жанар-жағармай материалдарына (бұдан әрі - ЖЖМ ) қажеттілік есебі

      |_______________________| сайлау науқаны

      144 "Отын, жанар-жағармай материалдарын сатып алу" ерекшелігі

Автомобиль маркасы

Қызметтiк автокөлiктер саны *

Қозғалтқыш көлемi, куб сантиметрлермен (бұдан әрі – текше см)

Базалық норма л/100 км

Бiр айдағы жүру лимитi

Бiр айдағы жүру лимитiне шаққандағы ЖЖМ шығыстарының нормасы (5бағ/100)

1 литр ЖЖМ құны

Бiр автокөлiкке шаққандағы ЖЖМ шығыстарының сомасы бiр айға, мың.теңге
(6 бағ х 7бағ)

1

2

3

4

5

6

7

8

















Барлығы








      кестенiң жалғасы

Барлық машинаға шаққандағы ЖЖМ шығыстарының сомасы жылына, мың.теңге
(8 бағ. х 2*12-бағ.)

Түзету коэффициенттеріне шығыстар сомасы (теңге)

Барлығы шығыстар
(9-бағ. х 10-бағ.)
мың.теңге

9

10

11










      Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы _________ ___________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Аумақтық сайлау комиссиясының

      хатшысы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Тиісті әкімдіктің бас бухгалтері

      (қаржы-экономикалық қызмет басшысы) _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

  Аумақтық сайлау
комиссияларының
сайлау науқандарын өткізуге
арналған бюджеттік өтінімдерді
жасау және
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясына
ұсыну қағидаларына
3-қосымша
  нысан

________________________ аумақтық сайлау комиссиясының шығыс материалдарын сатып алу бойынша қажеттілік есебі

      |_______________________| сайлау науқаны

      149 "Басқа қорлар сатып алу" ерекшелігі

Атауы

Өлш. бiрл.

Саны

Бiрлiк құны, теңге

Жалпы құны, мың теңге (3бағ.х 4бағ.)/1000

1

2

3

4

5

Принтерлер және көшiру
аппараттары үшiн қағаз





А3, А4, А5 пiшiнi

кг.




Рулонды, кесiлген БПҚ

кг.




факстер үшiн

кг.




Картридждер:





лазерлiк, тасқынды принтерлер үшiн

дана




көшiру аппараттары үшiн

дана




факстер үшiн

дана




Тонерлер:





лазерлiк, тасқынды принтерлер үшiн

дана




көшiру аппараттары үшiн

дана




факстер үшiн

дана




Жабдықтар үшiн басқа шығыс материалдарын сатып алу

дана





дана




Барлығы





      Аумақтық сайлау комиссиясының

      төрағасы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Аумақтық сайлау комиссиясының

      хатшысы _________ ___________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Тиісті әкімдіктің бас бухгалтері

      (қаржы-экономикалық қызмет басшысы) _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

  Аумақтық сайлау
комиссияларының
сайлау науқандарын өткізуге
арналған бюджеттік өтінімдерді
жасау және
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясына
ұсыну қағидаларына
4-қосымша
  нысан

________________________ аумақтық сайлау комиссиясының байланыс қызметтерiне ақы төлеуге қажеттілік есебі

      |_______________________| сайлау науқаны

      152 "Байланыс қызметтеріне ақы төлеу" ерекшелігі

Байланыс түрлерi

Өлшем бiрлiгi

Нөмiрлер (нүктелер, арналар) саны (бiрлiк)

Айына 1 бiрлiкке арналған абоненттiк ақы (теңге)

Айына 1 бiрлiкке арналған уақытына қарай ақы (теңге)

Байланыс арнасын пайдаланғаны үшiн жылына 1 рет ақы төлеу мөлшерi (теңге)

Айына 1 бiрлiкке арналған орташа шығындар (теңге)

Айлар саны

Айына 1 бiрлiкке арналған жалгерлiк төлем

Айына трафик үшiн төлем

Шығындар сомасы ((4-бағ.х 8-бағ. + 5-бағ.х 8-бағ. + 6-бағ.+ 7-бағ. х 8-бағ.+ 9-бағ. х 8-бағ.+ 10-бағ. х 8-бағ.)х 3-бағ.) /1000 (мың теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1. Үкiметтiк байланыс








х

х


2. Радиотелефондар



х

х

х



х

х


3. Модем бойынша деректер беру



х

х

х



х

х


4. Тiкелей байланыс арналары

Мб



х

х






5. Коммутациялық байланыс арналары, сағат

сағат



х

х






6. Телетайп





х






7. Қалалық телефон нөмiрлерi (о.i. факс):





х



х

х


негiзгi

дана




х

х


х

х


қатар

дана




х

х


х

х


8. Iшкi (мекемелiк) байланыс




х

х






9. Транктiк байланыс (Моторола, Маяк)






х





10. Ұялы байланыс





х



х

х


11. Почта-телеграф шығыстары





х



х

х


12. Радио



х

х

х



х

х


13. Интернет желiсiне кiру қызметтерi


х

х

х

х



х

х


бағыт белгiлеушiлер



х

х

х



х

х


порт

Мб


х








14. VPDN қызметтерi

дана










Жұрнақты қолдау

Кбит/с










15.Спутниктiк байланыс қызметтерi

сағат










жабдықтар

айы










16. Өзге де байланыс түрлерi

арна











дана










Жиыны


х

х

х

х

х

х

х

х


      Аумақтық сайлау комиссиясының

      төрағасы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Аумақтық сайлау комиссиясының

      хатшысы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Тиісті әкімдіктің бас бухгалтері

      (қаржы-экономикалық қызмет басшысы) _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

  Аумақтық сайлау
комиссияларының
сайлау науқандарын өткізуге
арналған бюджеттік өтінімдерді
жасау және
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясына
ұсыну қағидаларына
5-қосымша
  нысан

_____________________________ аумақтық сайлау комиссиясының көлiк қызметтерiне ақы төлеу қажеттілігінің есебі

      |_______________________| сайлау науқаны

      153 "Көлік қызметтеріне ақы төлеу" ерекшелігі

Көлiк түрлерi

Саны (бiрлiк)

Көлiк қызметтерiне ақы төлеуге арналған шығындар айына (теңге)

Айлар саны

Барлық шығыстар жылына мың теңгемен (2-бағ. х 3-бағ. х 4-бағ.)/1000

1

2

3

4

5

Жеңiл автомобильдер





Автобустар





Арнайы автокөлiк





Жүк автомобильдерi





Мотоциклдар





Әуе көлiгi





Темiр жол көлiгi





Су көлiгi





Жиыны

х

х

х


      Аумақтық сайлау комиссиясының

      төрағасы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Аумақтық сайлау комиссиясының

      хатшысы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Тиісті әкімдіктің бас бухгалтері

      (қаржы-экономикалық қызмет басшысы) _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

  Аумақтық сайлау
комиссияларының
сайлау науқандарын өткізуге
арналған бюджеттік өтінімдерді
жасау және
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясына
ұсыну қағидаларына
6-қосымша
  нысан

_____________________________ аумақтық сайлау комиссиясының жеке және заңды тұлғалардың жұмыстары мен көрсеткен қызметтеріне ақы төлеу қажеттілігінің есебі

      |_______________________| сайлау науқаны

      159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" ерекшелігі

Атауы

Шығыстар сомасы (мың теңге)

1

2

1. Барлығы шығындар


Оның iшiнде:








      Аумақтық сайлау комиссиясының

      төрағасы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Аумақтық сайлау комиссиясының

      хатшысы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Тиісті әкімдіктің бас бухгалтері

      (қаржы-экономикалық қызмет басшысы) _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

  Аумақтық сайлау
комиссияларының сайлау
науқандарын өткізуге арналған
бюджеттік өтінімдерді жасау
және Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясына
ұсыну қағидаларына
6-1-қосымша

_________________ аумақтық сайлау комиссиясының үй-жайы үшін жалдау ақысын төлеуге арналған шығындардын есебі

      Ескерту. Қағида 6-1-қосымшамен толықтырылды – ҚР Орталық сайлау комиссиясының 12.07.2022 № 53/522 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      _______________________ сайлау науқаны

      159 "Өзге де қызметтер мен жұмыстарға ақы төлеу" ерекшелігі

Ғимарат атауы

Жалға алу алаңы

1 айға шаршы метр үшін жалға алу төлемі

Жалға алу төлемі айына (2бағ. * 3бағ.) теңге

Айлар саны

Шығыстардың сомасы (4 бағ.*5 бағ./1000) мың теңге

1

2

3

4

5

6

Жиыны






      Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы _________ ___________________________

      (қолы)       (аты-жөні (болған жағдайда))

      Аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы _________ ___________________________

      (қолы)       (аты-жөні (болған жағдайда))

      Тиісті әкімдіктің бас бухгалтері

      (қаржы-экономикалық қызмет басшысы) _________ _____________________________

                                                (қолы)            (аты-жөні (болған жағдайда))

  Аумақтық сайлау
комиссияларының
сайлау науқандарын өткізуге
арналған бюджеттік өтінімдерді
жасау және
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясына
ұсыну қағидаларына
7-қосымша
  нысан

______________________ аумақтық сайлау комиссиясының өзге де ағымдағы шығындар бойынша қажеттілік есебі

      |_______________________| сайлау науқаны

      169 "Өзге де ағымдағы шығындар" ерекшелігі

Шығыстардың атауы

Өлшем
бірлігі

Қызметтер саны

Төлем мөлшері

Шығыстар жиыны (мың теңгемен)

1

2

3

4

5

1. Кандидаттар шығыстары, оның ішінде:










2. Нотариаттық қызметтер










Барлығы





      Аумақтық сайлау комиссиясының

      төрағасы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Аумақтық сайлау комиссиясының

      хатшысы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Тиісті әкімдіктің бас бухгалтері

      (қаржы-экономикалық қызмет басшысы) _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

  Аумақтық сайлау
комиссияларының
сайлау науқандарын өткізуге
арналған бюджеттік өтінімдерді
жасау және
Қазақстан Республикасы
Орталық сайлау комиссиясына
ұсыну қағидаларына
8-қосымша
  нысан

_____________________________ аумақтық сайлау комиссиясының __________________сайлау науқаны бойынша қажеттіліктің жиынтық есебі

Атауы

____ жылға арн. есеп

Нақтыланған жоспар

Жоспарлы кезенге арналған
жоспар

Кассалық шығыстар

Iс жүзiндегi шығыстар

___ж.

___ж.

___ж.

1

2

3

4

5

6

7

1. Барлығы шығындар (мың теңге)







оның iшiнде,шығыстардың. экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша



































      Аумақтық сайлау комиссиясының

      төрағасы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Аумақтық сайлау комиссиясының

      хатшысы _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

      Тиісті әкімдіктің бас бухгалтері

      (қаржы-экономикалық қызмет басшысы) _________ _____________________________

      (қолы) (аты-жөні (болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады