РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.
2. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы, 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 2017 қаулысына қосымша |
Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 2 желтоқсандағы № 409 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2632 болып тіркелген, 2004 жылғы 23 қаңтарда "Егемен Қазақстан" газетінде № 14-15 (23653) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар рыногында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру ережесінде:
жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық Банкі Басқармасының | |
2003 жылғы 2 желтоқсандағы | |
№ 409 қаулысымен | |
бекітілді"; |
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Төлем агентінің қызметін жүзеге асыру қағидалары Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығында төлем агентінің қызметін жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Төлем агенті туралы мәліметтер эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымының проспектісінде болады.";
5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (ISIN коды);";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Төлем агенті эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және облигациялар шығарылымының проспектісінде белгіленген өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай ішінде оларды өтеу кезінде облигациялардың номиналды құнын толық төлеген жағдайда "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актісінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік емес облигацияларды өтеу қорытындылары туралы хабарламаны жібереді.";
11-тармақ алып тасталсын.
2. "Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 59 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7554 болып тіркелген, 2012 жылғы 23 маусымда "Егемен Қазақстан" газетінде № 339-345 (27419) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиринг ұйымдарындағы тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымдарындағы мониторинг, бақылау және тәуекелдерді басқару шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Осы Клиринг ұйымының тәуекелдерді басқару жүйесіне, клиринг ұйымындағы тәуекелдер мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және тәуекелдерді басқару жүйесін қалыптастыруға, клиринг ұйымында мониторингінің, тәуекелдерді бақылау және басқару шарттары мен талаптарын белгілеуге қойылатын талаптарды айқындайды.";
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) клиринг - қаржы құралдарымен мәмілелер жасау нәтижесінде клирингтік қатысушылардың талаптары және (немесе) міндеттемелері туралы ақпаратты айқындау, тексеру және беру процесі;";
3-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) клирингтік қатысушылар, қор (тауар) биржасы, орталық депозитарий және (немесе) есеп айырысу ұйымы ұсынатын ақпаратты жинау, енгізу, сақтау және тарату;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) клиринг ұйымының активтерін қаржы құралдарына инвестициялау;";
12), 13) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"12) клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйі, сондай-ақ олардың клиринг ұйымының ішкі құжаттары талаптарына сәйкестігі мониторингі;
13) клирингтік қатысушылармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындау, оның ішінде дауларды қарау және шешу, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тиісті шаралар қолдану рәсімдерін айқындау;
14) резервтік немесе кепілдік берілген клирингтік қорларды құру және пайдалану.";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) клиринг ұйымының активтерін инвестициялау тәртібі;";
7), 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) клирингтік қатысушылардың клирингтік қатысушылар ретіндегі қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының, клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына және клирингтік қатысушылардың қаржылық жағдайына қойылатын талаптарға сәйкестігі мәніне мониторинг және бақылау жасаудың тәртібі мен шарттары;
8) резервтік немесе кепілдік берілген клирингтік қорларды қалыптастыру, сондай-ақ оны пайдаланудың тәртібі мен шарттары;
9) клирингтік қатысушыларға қойылатын талаптар;";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) клиринг ұйымының директорлар кеңесінің, басқармасының, тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесінің және клиринг ұйымының клирингтік қатысушыларға мониторинг және бақылау жүргізу жөніндегі бөлімшесінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, сондай-ақ осы органдар мен бөлімшелердің арасындағы ақпарат алмасу тәртібі;";
6) тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"клирингтік қатысушылар қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде жасасқан мәмілелер бойынша клиринг ұйымының жауапкершілігіне әкеп соғуға мүмкіндігі бар кез-келген маңызды жағдайлар туралы директорлар кеңесіне дереу есептілік беру тетігі;
клирингтік қатысушылар тәуекелдерінің көрсеткіштері мәндерінің және тәуекелдердің осы көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндерінің өзгеруіне, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді азайту мақсатында қабылданатын шаралар мониторингі қамтылатын, клиринг ұйымының клирингтік қатысушыларға мониторинг және бақылау жүргізу жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдер мониторингі.";
12, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Клиринг ұйымының активтерiн инвестициялаудың тәртiбi қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асырудың талаптары мен тәртiбiн, қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру барысында қолданылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгiлейдi және мыналар бойынша рәсiмдердiң сипаттауын қамтиды:
1) клиринг ұйымының активтерін инвестициялау саясатын әзiрлеу;
2) мыналарды көздейтiн инвестициялық шешiмдердi қабылдау үшiн ұсынымдар дайындау:
ұсынымдар беруге уәкiлеттi тұлғалар лауазымдарының тiзбесiн;
инвестициялық портфельдiң жай-күйiн талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары айналымының және кiрiстiлiгiнiң болуын, талаптарын талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртiбiн;
ұсынымдарды беруге маңызды факторлардың талдауын жүзеге асыру тәртiбiн;
3) инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасы, отырыстарды өткiзудiң және қорытындыларын рәсiмдеу кезеңдiлiгi қамтылған инвестициялық шешiмдердi қабылдау;
4) инвестициялық шешiмдердi дайындау, қабылдау және орындау барысында клиринг ұйымдарының органдары мен бөлiмшелерiнің өзара іс-қимыл ету;
5) көмегi арқылы мәмiлелер жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара iс-қимыл ету процестерiнiң сипаттамасы қамтылған қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру, мәмiлелер жасасуға бақылау, активтердiң құрамы мен қозғалысын салыстырып тексерудi жүзеге асыру, жасалған мәмiлелердiң iшкi есепке алуын және құжат айналымын жүргiзу, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуға бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлердің тiзбесi;
6) клиринг ұйымының басқармасы қаржы құралдарымен операциялар бойынша қызмет нәтижелері туралы есептiлiктi дайындау.
13. Клиринг ұйымы қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды қамтамасыз ету мақсатында, мыналар кiретiн, бiрақ олармен шектелмейтiн активтерді инвестициялау саясатын әзiрлейдi:
1) активтерді инвестициялаудың мақсаттары мен стратегиясы;
2) инвестициялау объектiлерiнiң сипаттамасы мен тiзбесi;
3) қаржы құралдарының түрлерi бойынша активтерді инвестициялау лимиттерi;
4) қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген талаптар мен шектеулер;
5) хеджирлеу құралдарының тiзбесiн және сипаттамасын көрсете отырып, активтерді инвестициялау портфелін хеджирлеу және әртараптандыру талаптары;
6) активтерді инвестициялаумен байланысты негiзгi тәуекелдер туралы ақпарат.
14. Клиринг ұйымының активтерiн инвестициялаудың саясатын және оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтыруларды клиринг ұйымының директорлар кеңесi бекiтедi.";
18-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қор (тауар) биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелер бойынша клирингті жүзеге асыру барысында клирингтік қатысушылар мен клиринг ұйымының арасындағы мәселелерді шешу тәртiбi;
5) клиринг ұйымының және клирингтік қатысушылар, қор (тауар) биржасы, орталық депозитарийі және (немесе) өзге есеп айырысу ұйымы арасындағы ақпаратпен алмасу тәртібі мен шарттары.";
19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының және клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігі мәніне клирингтік қатысушылардың мониторингі және бақылау тәртібі мен шарттары мыналарды қамтиды:
1) клирингтік қатысушылар есептерінің және олардың қаржылық жай-күйінің мониторингіне қажетті өзге ақпараттың тізбесі;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептерді және өзге ақпаратты ұсыну шарттары мен мерзімдері;
3) клиринг ұйымының осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептерді және өзге ақпаратты қарау тәртібі мен мерзімдері;
4) клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйін бағалау әдістемесі;
5) клиринг ұйымының басшы қызметкерлері мен бөлімшелеріне клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйі туралы жиынтық есептерді жасау және ұсыну тәртібі мен мерзімдері;
6) клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйіне белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін клирингтік қатысушыларға қатысты шаралар қолдану тәртібі мен талаптары;
7) клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігі мәніне клирингтік қатысушылар мониторингінің жылдық жоспары;
8) клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігі мәніне клирингтік қатысушыларды тексеру жүргізу тәртібі мен шарттары;
9) клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына клирингтік қатысушылардың сәйкестігін бағалау әдістемесі;
10) клирингтік қатысушыларды тексеру нәтижелерін ресімдеу және клиринг ұйымының басшы қызметкерлері мен бөлімшелеріне осы ақпаратты ұсыну тәртібі мен мерзімдері;
11) клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес келмеген клирингтік қатысушыларға қатысты шаралар қолдану тәртібі мен шарттары.
20. Клиринг ұйымының резервтік немесе кепілдік беру қорларын және (немесе) клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және өзге де қамтамасыз етуін қалыптастыру, сондай-ақ пайдалану тәртібі мен шарттары мыналарды қамтиды:
1) клиринг ұйымының резервтік немесе кепілдік беру қорларының және (немесе) клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарының, өзге де қамтамасыз етуінің мөлшерлерін айқындау және бағалау әдістемесі;
2) клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және өзге де қамтамасыз етуін, клирингтік қатысушылардың клиринг ұйымының кепілдік беру қорына жарналарды төлеу, клиринг ұйымының резервтік қорын қалыптастыру тәртібі мен шарттары;
3) клиринг ұйымының резервтік немесе кепілдік беру қорларынан төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;
4) клиринг ұйымының резервтік немесе кепілдік беру қорлары активтерін:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттағы немесе "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамында ашылған банк шотындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корреспондент шетелдік банктердің шоттарындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "В+" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақшаға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "АА" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердің мемлекеттік облигацияларына;
"автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо құралдарына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ+" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерге;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері банктердегі депозиттерге;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корпоративтік облигацияларға (оның ішінде купондық халықаралық облигацияларға);
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ+" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасы резиденттерінің квазимемлекеттік борыштық бағалы қағаздарына инвестициялау тәртібі мен шарттары;
5) маржалық жарналарды төлеу үшін және (немесе) өзге де қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшаны:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттағы немесе "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамында ашылған банк шотындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корреспондент шетелдік банктердің шоттарындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "В+" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақшаға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "АА" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердің мемлекеттік облигацияларына;
"автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо құралдарына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері банктердегі депозиттерге инвестициялау тәртібі мен шарттары.";
бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Клирингтік қатысушыларға қойылатын талаптарда:";
3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"3) қор (тауар) биржасының сауда-саттық жүйесінде жасалатын мәмілелер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету шараларын сақтауға, оның ішінде осындай мәмілелер бойынша қажетті қамтамасыз етуді қалыптастыруға қойылатын талаптар қамтылады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Клиринг ұйымының ұйымдық құрылымында негізгі функциясы клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама және клиринг ұйымының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігі мәніне клирингтік қатысушылардың мониторингі мен бақылау болып табылатын бөлімше қамтылады.";
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше клирингтік қатысушылардың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыратын бөлімшесімен және клиринг ұйымының құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесімен (заң бөлімшесі) бірлесе отырып клиринг ұйымының Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасының талаптарын бұзуы, оның ішінде клиринг ұйымының ішкі құжаттарының Қазақстан Республикасының қаржылық заңнамасы талаптарына сәйкессіздігі, клиринг ұйымының қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкессіздігі салдарынан туындайтын құқықтық тәуекелдерді реттеуді:";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) клирингтік қатысушылар қызметінің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында, клиринг ұйымының ішкі қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру;";
44-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) клиринг ұйымының ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда клиринг ұйымының қосымша кепілдік беру немесе резервтік қорларын қалыптастыру.";
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"46. Клиринг ұйымының активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар клиринг ұйымының активтерін инвестициялау тәртібін айқындайтын клиринг ұйымының ішкі құжаттарында белгіленеді.";
48-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) клиринг ұйымының активтерін басқарудың, клиринг рәсімдерінің, клирингтік қатысушыларға қатысты қадағалау функцияларын орындаудың және шығындар болуын айқындаудың тиімділігін тексеруді көздейтін клиринг ұйымы қызметінің операциялық және қаржылық тиімділігіне;";
50-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) клирингтік қатысушыларға қатысты қадағалау рәсімдерінің тиімділігін тексеру;";
қосымшаға сәйкес Тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есеп осы Өзгерістер енгізілетін бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
3. "Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат ұсыну мерзімдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7568 болып тіркелген, 2012 жылғы 1 тамызда "Егемен Қазақстан" газетінде № 442-449 (27523) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларын, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат беру мерзімдерін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"1. Қоса беріліп отырған Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат беру мерзімдері бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Облигациялар ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидаларында, сондай-ақ эмитент пен облигациялар ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигациялар ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарда және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат ұсыну мерзімдерінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
"Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат беру мерзімдері";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Осы Облигацияларды ұстаушылар өкілінің өз функциялары мен міндеттерін орындау, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату қағидалары, сондай-ақ эмитент пен облигацияларды ұстаушылардың өкілі арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптар және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақпарат беру мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және облигацияларды ұстаушылар өкілінің (бұдан әрі – өкіл) қамтамасыз етілген, инфрақұрылымдық немесе ипотекалық облиғацияларды (бұдан әрі – облигациялар) шығару, орналастыру айналысқа жіберу және өтеу кезінде өз функциялары мен міндеттерін, эмитент пен өкілдің арасында жасалатын облигацияларды ұстаушылардың мүдделерін білдіру туралы шарттың мазмұнына қойылатын талаптарды орындау тәртібін, оның өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібі мен жағдайларын, сондай-ақ Заңның 20-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – уәкілетті орган) ақпарат беру мерзімдерін айқындайды.";
1-1-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Екінші деңгейдегі банк болып табылатын эмитент өкілге Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17313 тіркелген "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктері есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды кіріс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 137 қаулысына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есепті ұсынады.";
3-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Эмитент сыйақыны және (немесе) облигациялардың номиналды құнын төлеу бойынша міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған, сондай-ақ Заңның 15-бабының 2-тармағында және облигациялар шығарылымының проспектісінде көзделген талаптарды орындамауға байланысты салдарға әкеп соқтыратын жағдайлар басталған жағдайда, өкіл осы мәліметтерді алған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей өкілдің эмитентпен жасалған шарт бойынша өзінің функцияларын жүзеге асыру және өзінің құқықтарын іске асыру шеңберінде қабылдайтын шараларын сипаттай отырып, бұл туралы уәкілетті органды, облигациялар ұстаушыларды және қор биржасын (егер облигациялар қор биржасының ресми тізіміне енгізілген жағдайда) хабардар етеді.";
6-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) эмитентпен жасалған шартты бұзу күнінен немесе шарттың қолданыс мерзімі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органға және облигациялар ұстаушыларға өзінің өкіл ретіндегі өкілеттіктерінің тоқтатылғаны туралы хабарлайды;".
4. "Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 11 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13314 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық контрагенттің тәуекелдерді басқару жүйесіне, орталық контрагенттің тәуекелдері мониторингінің, оларды бақылау мен басқарудың шарттары мен тәртібіне қойылатын талаптарда:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Талаптарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) баға тәуекелi – қаржы құралдары құнының қаржы құралдарының, тауарлардың нарықтық құнына әсер ететін қаржы нарықтарының талаптары өзгерген жағдайда туындайтын өзгеруі салдарынан шығыстардың (зиянның) туындау тәуекелі;
2) бедел тәуекелi – қоғамда орталық контрагенттің қаржылық сенімділігі, көрсетілетін қызметтердің сапасы немесе жалпы алғанда орталық контрагент қызметінің сипаты туралы жағымсыз пікір қалыптасуы салдарынан клиенттік базаның тарылуы, өзге де даму көрсеткіштерінің төмендеуі нәтижесінде залалдардың туындау, жоспарланған кірістердің алынбау ықтималдығы;
3) валюталық тәуекел – орталық контрагент өз қызметiн жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының жағымсыз өзгерiстері салдарынан қаржылай шығындардың туындау ықтималдығы;
4) есеп айырысу ұйымы – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп айырысуларды (төлемдерді) ұйымдастыруды жүзеге асыратын ұйым;
5) кепілдік беру қоры – клирингтік қатысушылардың жарналары есебінен қалыптастырылған және клирингтік қатысушыларға қызмет көрсету кезінде клиринг ұйымы (орталық контрагент) қызметінің тәуекелдерін төмендету үшін арналған қаражат;
6) кредиттік тәуекел – контрагенттің келісілген талаптарға сәйкес өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан туындайтын залалдардың туындау ықтималдығы;
7) құқықтық тәуекел – мыналардың:
контрагенттің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын, сондай-ақ жасасқан шарттардың талаптарын бұзуы;
құқықтық жүйенің жетілдірілмеуі (орталық контрагент қызметінің барысында туындайтын жекелеген мәселелерді реттеу бойынша заңнама қайшылығы, құқықтық нормалардың болмауы);
қызметті жүзеге асыру кезінде құқықтық қателер жіберу (дұрыс емес заңдық консультациялар немесе құжаттарды дұрыс жасамау, оның ішінде сот органдарында даулы мәселелерді қарау кезінде);
орталық контрагенттің Қазақстан Республикасы заңнамасының, ал Қазақстан Республикасының бейрезиденттерімен қатынастарда – басқа мемлекеттердің қолданылатын заңнамасының талаптарын сақтамауы;
орталық контрагенттің жасасқан шарттардың талаптарын сақтамауы салдарынан залалдардың туындау ықтималдығы;
8) операциялық тәуекел – барабар емес немесе жеткіліксіз ішкі процестер, адам ресурстары мен жүйелері немесе сыртқы оқиғалар нәтижесінде залалдардың туындау ықтималдығы, оның ішінде:
ақпараттық технологиялар саласындағы барабар емес стратегиялар, саясаттар және (немесе) стандарттар, бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланудағы кемшіліктер нәтижесінде туындаған тәуекел;
барабар емес ақпаратқа не оны тиісінше пайдаланбауға байланысты тәуекел;
бизнес-процестердің барабар емес құрылуына не ішкі құжаттар мен қағидалардың сақталуының әлсіз бақылануына байланысты тәуекел;
жауапкершілікті бөлуді, есептілік пен басқарудың құрылымын қоса алғанда, орталық контрагенттің белгісіз, барабар емес ұйымдық құрылымымен байланысты тәуекел;
қызметкерлерді тиісінше басқармауға және (немесе) орталық контрагенттің біліксіз қызметкерлеріне байланысты тәуекел;
орталық контрагенттің ішкі құжаттарының заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тәуекел;
орталық контрагенттің қызметіне теріс әсер етуі мүмкін банк қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне, алаяқтыққа байланысты тәуекел;
орталық контрагенттің операцияларына сыртқы ықпал етудің болжанбаған немесе бақыланбайтын факторларымен туындаған тәуекел;
9) орталық контрагент – қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын және қаржы құралын әрбір сатушы және әрбір сатып алушы үшін бағалы қағаздардың ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарында, сондай-ақ тауар биржасында жасалатын мәмілелер бойынша тарап болатын клиринг ұйымы;
10) өтiмдiлiкті жоғалту тәуекелi – орталық контрагенттің өз міндеттемелерін белгіленген мерзімде айтарлықтай шығындар шекпей орындауға қабілетсіздігі нәтижесінде залалдардың туындау ықтималдығы;
11) пайыздық тәуекел – активтер, пассивтер мен баланстан тыс құралдар бойынша нарықтық пайыздық мөлшерлемелердің жағымсыз өзгеруі салдарынан қаржылай залалдардың туындау ықтималдығы;
12) резервтік қор – орталық контрагенттің меншікті активтері есебінен қалыптастырылған және орталық контрагент қызметінің тәуекелдерін төмендетуге арналған қаражат;
13) стресс - тестинг - орталық контрагенттің қызметіне ықпал ететін орталық контрагенттің қаржылық жағдайына ерекше болатын, бірақ ықтимал оқиғалардың әлеуетті ықпал етуді өлшеу әдістері;
14) тәуекел – күтілетін немесе болжанбаған оқиғалар орталық контрагентке, оның капиталына немесе кірістеріне жағымсыз әсер ететін ықтималдық;
15) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.";
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар;";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) клирингтік қатысушылар, қор (тауар) биржасы, орталық депозитарий және (немесе) есеп айырысу ұйымы ұсынатын ақпаратты жинау, енгізу, сақтау және тарату;";
4) және 5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"4) орталық контрагенттің активтерін қаржы құралдарына инвестициялау;
5) резервтік немесе кепілдік беру қорларын, клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және өзге де қамтамасыз етуін қалыптастыру және пайдалану;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) клирингтік қатысушылармен жұмысты ұйымдастыру тәртібін айқындау, оның ішінде дауларды қарау және шешу, сондай-ақ клирингтік қатысушылардың өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда тиісті шаралар қолдану рәсімдерін айқындау;";
8) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйінің, сондай-ақ олардың орталық контрагенттің ішкі құжаттары талаптарына сәйкестігі мониторингі;";
2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) орталық контрагенттің активтерін инвестициялау тәртібі;
3) орталық контрагенттің резервтік немесе кепілдік беру қорларын қалыптастыру, сондай-ақ пайдалану тәртібі мен шарттары;";
7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"7) клирингтік қатысушылардың клирингтік қатысушылар ретіндегі қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының, орталық контрагенттің ішкі құжаттарының талаптарына және клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйіне қойылатын талаптарға сәйкестігі мәніне мониторинг және бақылау жасаудың шарттары мен тәртібі;
8) клирингтік қатысушыларға қойылатын талаптар;";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) орталық контрагенттің директорлар кеңесінің, басқармасының, тәуекелдерді басқару жөніндегі жауапты бөлімшесінің және орталық контрагенттің клирингтік қатысушыларға мониторинг және бақылау жүргізу бөлімшесінің өкілеттіктері мен функционалдық міндеттері, сондай-ақ осы органдар мен бөлімшелердің арасында ақпарат алмасу тәртібі;";
7) тармақшаның бесінші және алтыншы абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
"клирингтік қатысушылар қор биржасының сауда жүйесінде жасасқан мәмілелер бойынша орталық контрагенттің жауапкершілігіне әкеп соғуға мүмкіндігі бар кез-келген маңызды жағдайлар туралы осындай жағдайларды анықтау функцияларына кіретін бөлімшенің директорлар кеңесіне дереу есептілік беру тетігі;
клирингтік қатысушылар тәуекелдерінің көрсеткіштері мәндерінің және тәуекелдердің осы көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндерінің өзгеруіне, сондай-ақ тәуекелдер көрсеткіштерінің мәндері тәуекелдер көрсеткіштерінің жол берілетін ең жоғары мәндеріне сәйкес келмеген жағдайда тәуекелдерді азайту мақсатында қабылданатын шараларға мониторинг жасау қамтылатын, орталық контрагенттің клирингтік қатысушыларға мониторинг және бақылау жүргізу жөніндегі жауапты бөлімшесі жүргізетін тәуекелдер мониторингі.";
13,14, 15, 16, 17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Орталық контрагенттің активтерiн инвестициялаудың тәртiбi қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбiн, қаржы құралдарымен мәмiлелердi жүзеге асыру барысында қолданылатын құжаттардың үлгі нысандарын белгiлейдi және мыналар бойынша рәсiмдердiң сипаттауын қамтиды:
1) орталық контрагенттің активтерін инвестициялау саясатын әзiрлеу;
2) мыналарды көздейтiн орталық контрагенттің активтеріне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау үшiн ұсынымдар дайындау:
ұсынымдар беруге уәкiлеттi тұлғалар лауазымдарының тiзбесi;
инвестициялық портфельдiң жай-күйiн талдауды жүзеге асыру тәртiбi;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдары айналымының және кiрiстiлiгiнiң болуын талдауды жүзеге асыру тәртiбi;
инвестициялауды жүзеге асыру болжанатын қаржы құралдарымен байланысты тәуекелдерді талдауды жүзеге асыру тәртiбi;
ұсынымдарды беру үшін маңызды факторлардың талдауын жүзеге асыру тәртiбi;
3) инвестициялық комитет жұмысының сипаттамасы, отырыстарды өткiзудiң және рәсiмдеудiң кезеңдiлiгi болатын орталық контрагенттің активтеріне қатысты инвестициялық шешiмдердi қабылдау;
4) инвестициялық шешiмдердi дайындау, қабылдау және орындау барысында, оның ішінде орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыру және орталық контрагенттің активтерін инвестициялау арасындағы мүдделердің әлеуетті қақтығыстарын басқару бөлігінде орталық контрагенттің органдары мен бөлiмшелерiнің өзара іс-қимыл ету;
5) көмегi арқылы мәмiлелер жасау болжанатын (осындай бар болса) делдалмен (брокермен) өзара iс-қимыл ету процестерiнiң сипаттамасы бар қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, мәмiлелер жасасуға бақылау, активтердiң құрамы мен қозғалысын салыстырып тексерудi жүзеге асыру, жасалған мәмiлелердiң iшкi есепке алуын және құжат айналымын жүргiзу, сондай-ақ қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуға бақылауды жүзеге асыратын басшы қызметкерлердің тiзбесi;
6) орталық контрагенттің басқармасы қаржы құралдарымен операциялар бойынша қызмет нәтижелері туралы есептiлiктi дайындау.
14. Орталық контрагенттің қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасуды қамтамасыз ету мақсатында, мыналар кiретiн, бiрақ олармен шектелмейтiн активтерді инвестициялау саясаты әзiрленедi:
1) активтерді инвестициялау мақсаты мен стратегиясы;
2) активтерді инвестициялау объектiлерiнiң сипаттамасы мен тiзбесi;
3) қаржы құралдарының түрлерi бойынша активтерді инвестициялау лимиттерi;
4) қаржы құралдарымен мәмілелерге қатысты белгіленген шарттар мен шектеулер;
5) хеджирлеу құралдарының тiзбесi мен сипаттамасын көрсете отырып, активтерді хеджирлеу және әртараптандыру шарттары;
6) активтерді инвестициялауға байланысты негiзгi тәуекелдер туралы ақпарат.
15. Орталық контрагенттің активтерiн инвестициялау саясатын және оған енгiзiлетiн барлық өзгерiстер мен толықтыруларды орталық контрагенттің директорлар кеңесi бекiтедi.
16. Резервтік немесе кепілдік беру қорларын, клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және өзге де қамтамасыз етуін қалыптастыру, сондай-ақ пайдалану тәртібі мен шарттары мыналарды қамтиды:
1) орталық контрагенттің резервтік немесе кепілдік беру қорларының, клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарының және өзге де қамтамасыз етуінің мөлшерлерін айқындау және бағалау әдістемесі;
2) клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және өзге де қамтамасыз етуін, клирингтік қатысушылардың орталық контрагенттің кепілдік беру қорына жарналарды төлеу, орталық контрагенттің резервтік қорын қалыптастыру тәртібі мен шарттары;
3) орталық контрагенттің резервтік немесе кепілдік беру қорларынан төлемдерді жүзеге асыру тәртібі мен шарттары;
4) орталық контрагенттің резервтік немесе кепілдік беру қорларының активтерін:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттағы немесе "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамында ашылған банк шотындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корреспондент шетелдік банктердің шоттарындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "В+" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақшаға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "АА" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердің мемлекеттік облигацияларына;
"автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо құралдарына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ+" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі депозиттерге;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері банктердегі депозиттерге;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ-" төмен емес рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корпоративтік облигацияларға (оның ішінде купондық халықаралық облигацияларға);
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВ+" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасы резиденттерінің квазимемлекеттік борыштық бағалы қағаздарына инвестициялау тәртібі мен шарттары;
5) маржалық жарналарды төлеу үшін және (немесе) өзге де қамтамасыз ету ретінде енгізілген ақшаны:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылған корреспонденттік шоттағы немесе "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" акционерлік қоғамында ашылған банк шотындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар корреспондент шетелдік банктердің шоттарындағы ақшаға;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "В+" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің ағымдағы шоттарындағы ақшаға;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "АА" төмен емес ұзақмерзімді рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар шет мемлекеттердің мемлекеттік облигацияларына;
"автоматты" тәсілмен жүзеге асырылатын репо құралдарына;
Standard & Poor's агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша "ВВВ-" төмен емес ұзақмерзімді халықаралық рейтингi немесе Fitch немесе Moody's Investors Service агенттiктерінiң халықаралық шәкілi бойынша осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар Қазақстан Республикасының бейрезиденттері банктердегі депозиттерге инвестициялау тәртібі мен шарттары.
17. Қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын тұлғалардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленеді.
18. Орталық контрагент әрбір нарық бойынша қалыптастыратын клиринг ұйымының клирингтік (кепілдік беру және резервтік) қорларының жиынтық мөлшерін орталық контрагент олардың мөлшерін клирингке екі қатысушының міндеттемелерін көрсетілген міндетемелердің ең көп көлемімен орындамаған жағдайда, орталық контрагенттің әлеуетті зияндары мөлшерінен төмен емес деңгейде ұстап тұру қажеттілігін ескере отырып айқындайды.
Орталық контрагент клирингтік (кепілдік беру және резервтік) қорларын құрайтын ақшаны, клирингтік қатысушылардың маржалық жарналарын және ақшасын орталық контрагенттің ішкі құжаттарына сәйкес орналастырады.
Орталық контрагент қатысушылардың позицияларын ағымдағы нарықтық құны бойынша бағалайды және ағымдағы тәуекелдердің жинақталуын шектеу үшін кемінде күніне бір рет клирингтік қатысушылардан маржалық қамтамасыз етуді алады.
Клиринг ұйымының клирингтік қатысушылардың қамтамасыз ету мөлшеріне қоятын талаптары кемінде тоқсан тоғыз пайыз сенімділік деңгейіне сәйкес келетін ықтималдылыққа жол бере отырып айқындалады.";
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"22. Клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарына, клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйіне қойылатын талаптарға сәйкестігі мәніне клирингтік қатысушылардың мониторингі мен бақылау тәртібі және шарттары мыналарды қамтиды:
1) клирингтік қатысушылар есептерінің және олардың қаржылық жай-күйінің мониторингі үшін қажетті өзге ақпараттың тізбесі;
2) осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептерді және өзге ақпаратты ұсыну шарттары мен мерзімдері;
3) орталық контрагенттің осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген есептерді және өзге ақпаратты қарау тәртібі мен мерзімдері;
4) клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйін бағалау әдістемесі;
5) орталық контрагенттің басшы қызметкерлері мен бөлімшелеріне клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйі туралы жиынтық есептерді жасау және ұсыну тәртібі мен мерзімдері;
6) клирингтік қатысушылардың қаржылық жай-күйіне белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін клирингтік қатысушыға қатысты шаралар қолдану тәртібі мен шарттары;
7) клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және орталық контрагенттің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігі мәніне клирингтік қатысушылар мониторингінің жылдық жоспары;
8) клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және орталық контрагенттің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігі мәніне клирингтік қатысушыларды тексеру жүргізу тәртібі мен шарттары;
9) клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және орталық контрагенттің ішкі құжаттарының талаптарына клирингтік қатысушылардың сәйкестігін бағалау әдістемесі;
10) клирингтік қатысушыларды тексеру нәтижелерін ресімдеу және клиринг ұйымының басшы қызметкерлері мен бөлімшелеріне осы ақпаратты ұсыну тәртібі мен мерзімдері;
11) клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және орталық контрагенттің ішкі құжаттарының талаптарына сәкес келмеген клирингтік қатысушыға қатысты шараларды қолдану тәртібі мен шарттары.";
23-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Клирингтік қатысушыларға қойылатын талаптарда:";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Орталық контрагенттің ұйымдық құрылымында негізгі функциясы клирингтік қатысушылар ретінде олардың қызметінің тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы және орталық контрагенттің ішкі құжаттарының талаптарына сәйкестігі мәніне клирингтік қатысушылардың мониторингі мен бақылау болып табылатын бөлімше қамтылады.";
31-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімше клирингтік қатысушылардың мониторингі мен бақылауын жүзеге асыратын бөлімшесімен және орталық контрагенттің құқықтық қамтамасыз ету бөлімшесімен (заң бөлімшесі) бірлесе отырып орталық контрагенттің Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасының талаптарын бұзуы, оның ішінде орталық контрагенттің ішкі құжаттарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкессіздігі, орталық контрагенттің қызмет практикасының оның ішкі құжаттарына сәйкессіздігі салдарынан туындайтын құқықтық тәуекелдерді реттеуді:";
45-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) орталық контрагенттің ішкі құжаттарында көзделген жағдайларда орталық контрагенттің қосымша кепілдік беру немесе резервтік қорларын қалыптастыру.";
47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"47. Орталық контрагенттің активтері есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру қызметін ұйымдастыруға қойылатын талаптар орталық контрагенттің активтерін инвестициялау тәртібін айқындайтын орталық контрагенттің ішкі құжаттарында белгіленеді.";
51-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"9) орталық контрагентке қатысты қадағалау рәсімдерінің тиімділігін тексеру;".
5. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сауда-саттықты ұйымдастырушының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi № 165 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17337 болып тіркелген, 2018 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы қаулы, осы қаулының 1-тармағының 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін отыз сегізінші және отыз тоғызыншы абзацтарын, осы қаулының 1-тармағының 2019 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он төртінші, он бесінші, он алтыншы, он жетінші, он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші, отыз төртінші, отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші, қырқыншы, қырық бірінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елу үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші және жетпіс екінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".
"_____" жыл үшін "________________________" (клиринг ұйымының атауы) Тәуекелдерді басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын бағалау бойынша есеп
№ | Талаптардың тиісті абзацының, тармақшасының, тармағының нұсқауы | Талаптардың тиісті абзацының, тармақшасының, тармақтың талаптарына сәйкестігін бағалау | Анықталған кемшіліктер | Кемшіліктерді жою бойынша қажетті іс-шаралар, жауапты тұлғалар мен іс-шараларды орындау мерзімі | Жауапты орындаушылар |
Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау:
_________________________________________________________
Кестені толтыруға түсініктеме:
Тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау мынадай өлшемшарттардың үш балдық жүйесі бойынша жүзеге асыру қажет: талапқа сай, ішінара талапқа сай, талапқа сай емес.
1. "Талапқа сай" бағалау клиринг ұйымы тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың өлшемшарттарын қандай да бір маңызды кемшіліктерсіз орындауы кезінде шығарылады.
2. "Ішінара талапқа сай" бағалау клиринг ұйымы тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың нақты өлшемшартын сақтаудағы мүмкіндігіне қатысты маңызды күмән пайда болуына жеткілікті болып есептелмейтін кемшіліктер анықталғанда шығарылады.
3. "Талапқа сай емес" бағалау клиринг ұйымы тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптардың өлшемшартын орындамаған кезде шығарылады.
4. Егер тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын жекелеген талаптар қор биржасына қатысты қолданылмайтын жағдайда, талаптың осы өлшемшартына сәйкестігін бағалау жүзеге асырылмайды және тиісті "қолданылмайды" деген жазбамен белгіленеді.
Клиринг ұйымының бірінші басшысы (не оның міндетін орындаушы адам)
_______________ _______________________________
қолы күні
Тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшенің басшысы
________________ ______________________________
қолы күні
Ішкі аудит қызметінің басшысы
________________ ______________________________
қолы күні