Жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға арналған лимиттерін белгілеу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 26 қыркүйектегі № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 26 қыркүйекте № 17442 болып тіркелді.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 210-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға арналған лимиттері белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _____________________ Ә. Смайылов

      2018 жылғы " "________________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 20 бұйрығына қосымша

Жергілікті атқарушы органдар борышының 2019 жылға арналған лимиттері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 27.12.2019 № 97 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Жергілікті атқарушы орган

Жергілікті атқарушы органдар борышының лимиті, мың теңге

1

2

3

1

Ақмола облысы

47 750 695,0

2

Ақтөбе облысы

58 436 233,4

3

Алматы облысы

50 567 598,2

4

Атырау облысы

39 031 799,1

5

Шығыс Қазақстан облысы

66 042 277,0

6

Жамбыл облысы

60 019 808,6

7

Батыс Қазақстан облысы

51 433 929,2

8

Қарағанды облысы

59 357 678,3

9

Қостанай облысы

52 863 853,7

10

Қызылорда облысы

53 305 967,2

11

Маңғыстау облысы

28 088 528,4

12

Павлодар облысы

32 486 807,7

13

Солтүстік Қазақстан облысы

39 073 332,2

14

Түркістан облысы

44 703 040,0

15

Алматы қаласы

62 308 926,2

16

Нұр-Сұлтан қаласы

101 778 169,7

17

Шымкент қаласы

63 058 564,0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады