"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген:
1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесі;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіннің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры |
Қ. Қожамжаров |
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы "25" қыркүйектегі № 118 бұйрығына 1- қосымша |
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесі
1.Аудан және оларға теңестірілген қала, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған (әскери, табиғат қорғау, көлік және арнайы объектілердің прокуроры) прокурор.
2.Облыс прокуратураларының және оған теңестірілген прокуратуралардың басқарма бастығы (республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары).
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы "25" қыркүйектегі № 118 бұйрығына 2 - қосымша |
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.
2. Бос лауазымдарға конкурс Қазақстан Республикасы прокуратура органдары (бұдан әрі - прокуратура органдары) жүйесінің Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесіне сәйкес өткізіледі.
Конкурс бос лауазым пайда болған күннен бастап бір ай ішінде жарияланады.
3. Аудан және оларға теңестірілген қала, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған (әскери, табиғат қорғау, көлік және арнайы объектілердің прокуроры) прокуроры лауазымына конкурсты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі - Бас прокуратура), облыс прокуратураларының және оған теңестірілген прокуратуралардың басқарма бастығы (республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары) лауазымына конкурсты - облыс прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратура (бұдан әрі - облыс прокуратурасы) өткізеді.
4. Конкурс мына түрлерден тұрады:
1) прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс (бұдан әрі - ішкі конкурс);
2) өзге құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы ведомствоаралық конкурс (бұдан әрі - ведомствоаралық конкурс).
Ішкі конкурста конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар болмаған кезде ведомствоаралық конкурс өткізіледі.
5. Жоғары басшылық бос басшы лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 8780 болып тіркелген) (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкес келуі, мінсіз атақ және қызметтік жұмысының нәтижелері болып табылады.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.6. Жоғары тұрған басшы лауазымына конкурстық іріктеу кандидаттарды прокуратура органдары қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау, бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) зерделеу, полиграфологиялық зерттеуден өту, психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуіне тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу), әңгімелесу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2-тарау. Ішкі конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары
7. Ішкі конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурсты жариялаған прокуратура органының интернет - ресурсында жарияланады.
8. Ішкі конкурс жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келетін прокуратура органдарының қызметкерлері арасынан жүргізіледі.
9. Ішкі конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
10. Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес лауазымды адамның ұсынымхаты (бұдан әрі – ұсынымхат) қоса беріледі.
Бас прокуратура қызметкерлері үшін ұсынымхатқа Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары не олардың орынбасарлары, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың), бас әскери және көлік прокуратураларының, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қызметкерлері, Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің қызметкерлері үшін – прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органдарының қызметкерлері үшін – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органдардың бастықтары не олардың орынбасарлары қол қояды.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мерзім бұзыла отырып ұсынылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурса қатысуға өтінішін кері қайтарады.
12. Тиісті прокуратура органының кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді.
13. Кандидат жарияланған лауазымға Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден, полиграфологиялық және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулерден өтуге жіберіледі.
Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібі "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен айқындалады.
Психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі "Психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізу тәртібі мен әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 27 наурыздағы № 39 қбп, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 8 қбп, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 20 наурыздағы № 82-нқ қбп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 42 қбп және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 10 қбп бірлескен бұйрығымен бекітілді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.14. Кандидаттар туралы толық және объективті ақпарат алу үшін тізімдер тексеру үшін прокуратура органының өзіндік қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Прокуратура органының өзіндік қауіпсіздік қызметі кандидаттарды зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты кадр қызметіне әңгімелесу жүргізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Кандидаттарға материалдар (қызмет туралы тізім, қызмет нәтижелері туралы анықтама, ұсынымхат, компьютерлік тестілеу және полиграфологиялық зерттеу нәтижелері, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг), сондай-ақ жүргізілген психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытынды әңгімелесу өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға жіберіледі.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.17. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидат ол өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.
3-тарау. Өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында ведомствоаралық конкурс өткізу тәртібі мен шарттары
18. Ведомствоаралық конкурсқа жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысады.
19. Ведомствоаралық конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда, хабарландыру жарияланған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
20. Жолданымға құқық қорғау органдарының кадр қызметі куәландырған қызмет туралы тізім, жұмыстағы негізгі көрсеткіштер және шынайы жетістіктер туралы анықтама, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанда тікелей басшы қол қойған ұсынымхаты қоса беріледі.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.21. Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімі бұзылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін кері қайтарады.
22. Тиісті прокуратура органының кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді.
23. Кандидат жарияланған лауазымға Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат қызметтік міндетін атқаратын құқық қорғау органында полиграфологиялық және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулерден өтуге жіберіледі.
Прокуратура органдарының кадр қызметі тиісті құқық қорғау органына полиграфологиялық және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер қорытындысын беру туралы сұрау салу жібереді.
Қазақстан Республикасы заңнамасының білім деңгейін анықтау үшін кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.24. Кандидаттар туралы толық және объективті ақпарат алу үшін кандидаттар тізімдері тексеру үшін прокуратура органының өзіндік қауіпсіздік қызметіне жіберіледі, сондай-ақ қажет болған жағдайда, ақпарат кандидаттың жұмыс орны бойынша құқық қорғау органынан сұратылуы мүмкін.
Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.25. Прокуратура органының өзіндік қауіпсіздік қызметі кандидаттарды зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты кадр қызметіне әңгімелесу жүргізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.
Ескерту. 25-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.26. Кандидаттарға материалдар (қызмет туралы тізім, қызмет нәтижелері туралы анықтама, ұсынымхат, компьютерлік тестілеу мен полиграфологиялық зерттеу нәтижелері, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг), сондай-ақ жүргізілген психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытынды әңгімелесу өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға жіберіледі.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.27. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидат ол өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.
4-тарау. Компьютерлік тестілеуді ұйымдастыру
28. Кандидаттарды тестілеуді Бас прокуратура Бас прокуратураның не болмаса облыс прокуратурасының тестілеу залында компьютерлік тестілеуге арналған ақпараттық жүйеде "Онлайн" режимде қазақ немесе орыс тілдерінде өткізеді.
Тестілеу процесі Прокуратура органдарының бірыңғай көлік ортасының қорғалған байланыс арналары арқылы аудио - бейне хаттама жасай отырып бейне конференция байланысын қолдану арқылы өткізіледі.
Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.29. Кандидат осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне компьютерлік тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден өтеді.
30. Тестілеуге өзімен бірге жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар кандидаттар жіберіледі.
31. Тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкілі тестілеу өткізу тәртібі бойынша нұсқама жүргізеді, сұрақтар туындаған кезде тиісті түсініктемелер береді.
32. Тестілеу кезінде қанағаттанарлықсыз көңіл-күйдегі кандидат ол туралы тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкіліне хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай кандидатты тестілеу осы күн ішінде басқа уақытта не басқа күні өткізіледі.
33. Тестілеу кезінде кандидаттарға тестілеу өткізіліп жатқан үй-жайдан шығып кетуге, басқа кандидаттармен сөйлесуге, материалдар алмасуға, қабылдаушы, жіберуші электр қондырғыларын (оның ішінде, ұялы телефондарды, қалталық персоналды компьютерлерді және өзге де электрондық жабдықты), қағаз түріндегі жеткізгішті қолдануға жол берілмейді.
34. Қағидалардың 33-тармағының талаптары бұзылған кезде кадр қызметінің өкілі тестілеуді тоқтатады, бұзушылыққа жол берген кандидатты тестілеуге арналған бөлмеден шығарады және ерікті нысанда тисті акті жасайды. Кандидатты тестілеу нәтижелері жойылады.
35. Тестіні орындауға арналған уақыт 90 минутты (120 сұрақ) құрайды.
Тестіні орындауға берілген уақыт өткен соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.
36. Тесті бойынша шекті мәндер сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% дұрыс жауабын құрайды.
37. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарламаның көмегімен жүргізіледі.
38. Тестілеу аяқталғаннан кейін кандидаттарға тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өткізу күні, жұмсалған уақыты, дұрыс жауаптар саны көрсетіле отырып тестілеу нәтижелері беріледі.
39. Тестілеу нәтижелері тестілеу өткен күннен бастап бір жыл бойы жарамды.
5-тарау. Әңгімелесу жүргізу тәртібі
40. Кандидаттармен әңгімелесуді құрамын басшысы бекітетін прокуратура органының комиссиясы өткізеді.
41. Комиссияның құрамына прокуратура органы бөлімшелерінің басшылары, өзіндік қауіпсіздік қызметінің, кадр қызметінің өкілдері және өзге қызметкерлер енгізіледі.
Комиссияның хатшысы прокуратура органының кадр қызметінің өкілі болып табылады, ол оның жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
Комиссияның жұмысына қатысу үшін прокуратура қызметкерлері және жұмыскерлері болып табылмайтын, белгілі бір мамандық бойынша, оның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар психологтар, сарапшылар, сондай-ақ кадрларды іріктеу және жылжыту жөніндегі мамандар шақырылуы мүмкін, олардың пікірі ұсынымдық сипатқа ие.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.42. Комиссия құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.
43. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.
44. Әңгімелесуге жарияланған лауазымға Біліктілік талаптарына сәйкес келетін, компьютерлік тестілеуден оң нәтижелері бар, полиграфологиялық және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулерден өткен кандидаттар жіберіледі.
Компьютерлік тестілеудің оң нәтижелері ретінде мәні Қағидалардың 36-тармағында белгіленгеннен төмен емес нәтижелер түсініледі.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.45. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурсты жариялаған прокуратура органында оның интернет-ресурсында орналастырылған кестеге сәйкес өтеді.
Әңгімелесу Прокуратура органдарының бірыңғай көлік ортасының қорғалған байланыс арналары арқылы аудио - бейне хаттама жасай отырып бейне конференция байланысын қолдану арқылы онлайн өткізілуі мүмкін.
46. Комиссия әңгімелесу өткізу қорытындылары бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсынуға;
2) жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тартуға.
47. Кандидаттармен әңгімелесу хаттама түрінде ресімделеді және техникалық жазба құралдарының (аудио және (немесе) бейне) көмегімен тіркеледі, кандидаттарға осы бойынша әңгімелесу басында ескертіледі.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.48. Кандидаттармен әңгімелесу хаттамасына төраға, комиссия мүшелері қол қояды.
Комиссияның техникалық жазу құралдарын қолдануы туралы комиссия отырысының хаттамасында белгі қойылады.
49. Техникалық жазу құралдарының көмегімен әңгімелесу барысында тіркелген материалдар прокуратура органының кадр қызметінде конкурс аяқталған кезден бастап кемінде бір жыл сақталады.
50. Комиссия құрамының қатысып отырғандарының көпшілігі дауыс берсе, кандидат комиссияның оң қорытындысын алады.
Дауыс беру кезінде дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
51. Прокуратура органының кадр қызметі комиссия қабылдаған шешім туралы оны өткізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды хабардар етеді.
52. Алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.53. Алып тасталды - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
6-тарау. Қорытынды ережелер
54. Комиссияның шешіміне прокуратураның жоғары тұрған органына (жоғары тұрған лауазымды адамға) не сотқа шағым жасалуы мүмкін.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларына 1-қосымша |
|
нысан |
Ішкі конкурсқа қатысу үшін арыз
__________________________________________________________________________
(лауазымның атауы)
бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурсқа қатысуға рұқсат сұраймын.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында бос лауазымдарға орналасу
үшін ішкі конкурс өткізу тәртібімен және шарттарымен таныстым, оларды орындауға
келісемін және міндеттенемін. Арызға келесі құжаттар қоса беріледі:
1.___________________________________
2.___________________________________
3.___________________________________
Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар | |
болған жағдайда)) | |
" " ____________ 20____ ж. |
Байланыс телефоны/ электронды мекенжайы ___________________________
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларына 2-қосымша |
|
нысан |
Ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидатқа ҰСЫНЫМХАТ
__________________________________________________________________________
(лауазымның атауы)
жарияланған бос лауазымға ішкі конкурсқа қатысу үшін _________________________
__________________________________________________________________________
ұсынамын (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымның атауы)
Кандидат мынадай қасиеттерге ие __________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(кандидаттың кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттері; көрсетілген қасиеттердің
кандидатта бар екенін растайтын мысалдар)
Қосымша ақпарат:
__________________________________________________________________________
______________________________________________________________.
Ұсынып отырған адамның
лауазымы қойған қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларына 3-қосымша |
|
нысан |
Ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін арыз
__________________________________________________________________________
(лауазымның атауы)
бос лауазымға орналасу үшін ведомствоаралық конкурсқа қатысуға рұқсат сұраймын.
Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында бос лауазымдарға орналасу үшін
ведомствоаралық конкурс өткізу тәртібімен және шарттарымен таныстым, оларды
орындауға келісемін және міндеттенемін.
Арызға келесі құжаттар қоса беріледі:
4.___________________________________
5.___________________________________
6.___________________________________
Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар | |
болған жағдайда)) | |
" " ____________ 20____ ж. |
Байланыс телефоны/ электронды мекенжайы ___________________________
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларына 4-қосымша |
|
нысан |
Ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін кандидатқа ҰСЫНЫМХАТ
__________________________________________________________________________
(лауазымның атауы)
жарияланған бос лауазымға ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
ұсынамын (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымның атауы)
Кандидат мынадай қасиеттерге ие _________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(кандидаттың кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттері; көрсетілген
қасиеттердің кандидатта бар екенін растайтын мысалдар)
Қосымша ақпарат:
__________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________.
Ұсынып отырған адамның
лауазымы қойған қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларына 5-қосымша |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу бағдарламасы
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Бас Прокурорының 02.05.2025 № 1 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бағдарлама | Сұрақтар саны |
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу сұрақтары мыналарды қамтиды: | 120 |