Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1. Осы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) азаматтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібін айқындайды.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
1) полиграф – аналогтық және (немесе) цифрлы түрде көрінетін вербалдық және көру стимулдарына жауапта адамның қарқынды физиологиялық реакциясына (тыныс алуы, жүрек-тамырларының белсенділігі, тері-гальваникалық реакциясы, қозғалыс белсенділігі, бет әлпетінің мимикасы және басқалары) сауалдама жүргізу процесінде тіркеуге арналған техникалық құрылғы;
2) полиграфологиялық зерттеу – адамның психофизиологиялық куәландыру кезінде пайда болатын жекелеген физиологиялық реакцияларын арнайы медициналық датчиктердің көмегімен тіркеуден тұратын сауалдама жүргізу рәсімі;
3) полиграфолог – тиісті даярлықтан өткен және полиграфологиялық зерттеу жүргізуге оның құқығын растайтын құжаты (сертификат, диплом, куәлік) бар адам.
3. Полиграфологиялық зерттеуден (бұдан әрі – зерттеу):
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар;
2) қызметтік тергеп-тексеру жүргізген кезде қажеттілігі бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері өтеді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.4. Зерттеу жүргізудің негізгі мақсаты қосымша ақпарат алу және Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар мен Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерлері (бұдан әрі – зерттелетін адамдар) хабарлаған мәліметтердің шынайылығын тексеру болып табылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылданатын азаматтар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес кадр бөлімшесінің жолдамасы бойынша Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің тиісті бөлімшесінде зерттеуден өтеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5-1. Қызметтік тергеп-тексеру жүргізген кезде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің қызметкерін зерттеу оның келісімімен жүргізіледі.
Ескерту. Қағидалар 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.6. Зерттеуден өтудің негізгі міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылдаған кезде:
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) келудегі құқыққа қайшы ниетін (тыйым салынған қоғамдық бірлестіктер қызметінің, қылмыстық және террористік ұйымдардың және басқалардың мүддесіне орай);
жағымсыз тәуелділігін, есірткі, психотроптық, психикалық және физикалық тәуелділік туғызатын өзге де психоактивті заттарды тұтынуын;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде қызметін толыққанды өткеруге кедергі келтіретін жасырын сырқаттарын, өз-өзіне қол жұмсауға бейімдігін;
анкеталық деректерін, табысы туралы, мүлкі және мүліктік сипаттағы міндеттемелері, қос азаматтығының бар екендігі, жалған құжаттарды пайдаланғаны туралы мәліметтерді жасыруын немесе бұрмалауын;
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының, бөгде адамдарға құпия немесе қызметтік ақпарат беруінің бұрын орын алған фактілерін;
тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық, оның ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапқа тартылу фактілерін;
тыйым салынған қоғамдық бірлестіктермен, қылмыстық және террористік ұйымдармен қатынас жасауын немесе егер бұл бұрын олардың қызметтік міндеттемелеріне кірмеген болса, коммерциялық құрылымдарға қатысуын;
қызметтік өкілеттіктерін теріс пайдалануын;
2) қызметтік тергеп-тексеру жүргізген кезде:
теріс қылық не құқық бұзушылық жасауының мән-жайларын;
қызметкердің аталған теріс қылыққа не құқық бұзушылыққа қатыстылығын;
қызметтік өкілеттігін теріс пайдалану фактілерін анықтау болып табылады.
Қызмет өткеру ерекшелігін немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау органының, азаматтық қорғау органының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің бірінші басшысы анықтауға жататын мән-жайларды ескере отырып, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу барысында зерттеу жүргізген кезде анықтауға жататын қызметтік тергеп-тексеру нысанасына тікелей қатысты қосымша міндеттер белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.7. Зерттеуді полиграфты пайдалана отырып, полиграфолог жүргізеді және өзіне бірқатар кезекті кезеңдер қосады:
1) зерттелетін адаммен тестілеу алдындағы әңгімелесулер жүргізу;
2) зерттелетін адамды тестілеу;
3) қорытынды шығару.
8. Зерттеу зерттелетін адамның қалауы бойынша мемлекеттік не орыс тілінде жүргізіледі және зерттелетін адамда қадір-қасиетін түсіру нмесе қорлау сезімінің туындауын болдырмауы тиіс.
Қажет болған жағдайда аудармашы ұсынылады.
9. Полиграфолог зерттеу жүргізер алдында қолдағы материалдармен алдын ала танысады, қажет болған кезде зерттелетін адамның денсаулығының жай-күйі туралы медициналық құжаттарды зерделейді және медициналық мекеменің тиісті мамандарымен ақылдасады.
10. Зерттелетін адаммен жүргізілетін тестілеу алдындағы әңгімелесулер:
1) зерттелетін адамның құқықтарын, сондай-ақ зерттеудің міндеттерін түсіндіруді;
2) полиграфпен және оның жұмыс қағидатымен танысуды;
3) сұрақтарды талқылауды және түзетуді;
4) жауаптан жалтаруды, тәртібі мен әңгімесіндегі күйгелектігін, іс-қимылының сәйкессіздігін анықтау мен тіркеуді қарастырады.
11. Зерттелетін адам тестілеуден өтер алдында Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі бөліктен тұратын полиграфологиялық зерттеу туралы декларация (бұдан әрі – декларация) толтырады. Декларацияның бірінші бөлігі тестілеу алдында, екінші бөлігі тестілеуден өткен соң толтырылады).
Тестілеу сәтінде көңіл-күйі нашарлаған зерттелетін адам бұл туралы тестілеуді жүргізу басталғанға дейін полиграфологқа хабарлайды және ол туралы декларацияда көрсетеді. Бұл жағдайда осындай адамдарды тестілеу осы күн ішінде басқа уақытта не басқа күні жүргізіледі, бұл ретте, көңіл-күйінің нашарлау себебі бойынша тестілеуді ауыстыруға он күнтізбелік күн ішінде кемінде екі рет жол беріледі.
Сонымен қатар, зерттелетін адамды:
1) жүрек-қантамыры немесе тыныс алу қызметінің бұзылуына байланысты сырқаты күрт ушыққан жағдайда (зерттелетін адам тиісті медициналық қортынды ұсынады);
2) зерттелетін адам алкогольге немесе есірткіге мас күйде болса немесе улануының қалдық құбылыстары болса;
3) жүктілігі туралы деректер болса тестілеуге жол берілмейді.
12. Зерттеу жүргізген кезде оны аудио және бейнеге жазып алу жүзеге асырылады, ол туралы зерттелетін адамға хабарланады.
13. Зерттелетін адамды үздіксіз тестілеудің ұзақтығы 120 минуттан аспауы тиіс. Жүктемені азайту үшін тестілеу барысында зерттелетін адамға ұзақтығы 15 минутқа дейінгі демалыс беріледі.
Бұл ретте, зерттеу жүргізген кезде бір полиграфологқа арналған жұмыс жүктемесі күніне екі адамнан аспауы тиіс.
14. Зерттелетін адам тестілеуден осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған бөлмелерде де, сондай-ақ кез келген өзге бөлмелерде де өте береді.
Бөлмелерге қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) алаңы кемінде 10 шаршы метр, төбесінің биіктігі кемінде 2,5 метр;
2) қабырғалары мен төбелері дыбыстан оқшаулаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ететін, бейтарап және жағымды түске боялған болуы;
3) бөлмедегі ауаның тұрақты температурасы +20-дан +25-ке дейінгі Со.
15. Зерттеуден өту нәтижелері бойынша зерттелетін адамның қойған сұрақтарға берген жауаптарының дұрыстығы туралы тұжырымы бар қорытынды жасалады.
Қорытындыға жүргізілген зерттеулердің мәнін барынша анықтайтын қосымша мәліметтер жазылуы мүмкін.
16. Зерттеу барысында алынған ақпарат ықтималдық, ұсынымдық сипатта болады, сондай-ақ қосалқы мәнге ие және оларды кадр бөлімшелерінің қызметкерлері, құқық қорғау органының білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиялары, өзіндік қауіпсіздік қызметтері және конкурстық комиссиялар (бұдан әрі – мүдделі бөлімшелер) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) қабылдау, қызметтік тергеп-тексеру жүргізу туралы мәселені шешкен кезде пайдаланады.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.17. Зерттеу барысында дайындалып жатқан, жасалып отырған немесе жасалған құқық бұзушылықтарға зерттелетін адамның қатысының бар екендігі туралы ақпарат анықталған жағдайда, полиграфолог оны мүдделі бөлімшенің бастығына (басшысына) жеткізеді және заңнамаларда белгіленген тәртіппен тексереді.
18. Зерттеуден өткені туралы қорытындыны полиграфолог осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш жұмыс күні ішінде дайындайды, кейін мүдделі бөлімшеге жібереді.
Зерттеу қорытындысының қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.19. Зерттеу материалдары қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттарға жатқызылады.
20. Зерттеу материалдары (зерттеудің нәтижелері туралы қорытынды, аудио- және бейнематериалдар, сауалнама және басқа да құжаттар) кадр бөлімшесінің архивінде:
1) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына, азаматтық қорғау органдарына, мемлекеттік фельдъегерлік қызметіне қызметке (құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға) кірген және қабылданбаған азаматтарға қатысты бес жыл бойы;
2) Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлеріне қатысты жиырма бес жыл бойы сақталады.
Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.21. Зерттеудің нәтижелерін жария еткені және (немесе) бұрмалағаны үшін полиграфологқа және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінің мүдделі бөлімшелерінің бастықтарына (басшыларына) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.
Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Полиграфологиялық зерттеуге жолдама
Жолдама түбіртегінің № ____ Полиграфологиялық зерттеуге жолданады _______________________________ (зерттелетін адамның аты-жөні) _______________________________ (зерттеудің негіздемесін көрсету керек) Кадр бөлімшесінің басшысы _______________________________ (қызметін, аты-жөнін көрсету керек) 20___ж. "____" _______________. | ______________________________ (жолдама берген органның атауы) ______________________________ (әскери-дәрігерлік комиссияның атауы) Комиссияның мекенжайы: ________________________ Жолдама №_______ Полиграфологиялық зерттеуге жолданады ______________________________ (зерттелушінің аты-жөні) ______________________________ (зерттеудің негіздемесін көрсету керек) Фотосурет М.О. Кадр бөлімшесінің басшысы ______________________________ (қызметін, аты-жөнін көрсету керек) 20___ж. "_____" ______________ |
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан
Полиграфологиялық зерттеу туралы декларация
1-бөлім (тестілеу өткізгенге дейін толтырылады)
1. Зерттелетін адамның Т.А.Ә. _________________________________
_____________________________________________________________________
Шағымы:________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Көңіл-күйі: ___________________________________________________
Эмоциялық жай-күйі: ___________________________________________
Тестілеу сәтіндегі жалпы көңіл-күйі: __________________________
_____________________________________________________________________
Жүрек-қантамыр және тыныс жолдары қызметінің бұзылуына
байланысты сырқаттарының бар екендігі туралы медициналық құжаттарының
болуы: ______________________________________________________________
2. Маған, полиграфологпен әңгімелесу барысында:
1) әңгімелескен және полиграфты қолдана отырып, тестілеу
жүргізген кезде аудиокөру қадағалауы мен жазба жүргізілетіні;
2) үздіксіз тексеру ұзақтығының 120 минут құрайтыны және қажет
болған кезде 15 минутқа дейін демалыс берілетіні туралы белгілі болды.
3. Сондай-ақ маған зерттеудің құқықтары мен міндеттері,
полиграф жұмысының қағидаты, тестілеу сұрақтарының тақырыбы
түсіндірілді.
Зерттелетін адамның қолы ______________________________________
4. Алкогольге немесе есірткіге мас күйде емес екенімді растаймын.
Зерттелетін адамның қолы ______________________________________
5. Зерттеу жүргізу барысында аудармашының көмегі қажет емес.
Зерттелетін адамның қолы ____________________________________________
Күні және уақыты 20___ ж. "___" ____________
"___" сағат "___" минут
2-бөлім (тестілеу өткізілген соң толтырылады)
Мен,
____________________________________________________________________,
(зерттелетін дамның Т.А.Ә.)
20__ ж. "___" ____ ___ сағат ___ минуттан ____ сағат __ минутқа дейін
(басталған уақыты) (аяқталған уақыты)
өткізілген полиграфологиялық зерттеулер шеңберінде тестілеуден соң,
______________________________________________________ байланысты,
(зерттеудің негіздемесі көрсетіледі)
мыналарды растаймын:
1) тестілеу уақытында маған алдын ала таныс болған тақырыптағы
сұрақтар қойылды;
2) сауал алу уақытында мен тестілеу рәсімдерін үзуге ниет
білдірген жоқпын;
3) зерттеу рәсімдері және сұрақтардың мазмұны менің
адамгершілік қадір-қасиетіме нұқсан келтірген жоқ және қорлаған жоқ;
4) маған қатысты қауіп, күш және әсер етудің өзге де заңсыз
әдістері пайдаланылған жоқ;
5) тестілеу жүргізілген соң менің психикалық және дене
денсаулығым нашарлаған жоқ.
Ерекше пікір:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ж. "_____" __________________
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларына 3-қосымша |
Ескерту. 3-қосымшада оң жақтағы жоғарғы бұрыш жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.11.2022 № 910 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Нысан
Полиграфологиялық зерттеудің нәтижелері бойынша қорытынды
20__ жылғы "___" ___________ жолдау бойынша
_____________________________________________________________________
(бастамашының қызметі, Т.А.Ә.)
_____________________________________________________________________ (зерттелетін адамның Т.А.Ә., туған жылы)
полиграфологиялық зерттеу жүргізілді.
Зерттеу _____________________________________________________________
(өткізу орны)
20__ ж. "___" _____ ____ - ____ аралығында полиграфолог _____________
(басталған уақыты) (аяқталған уақыты) (Т.А.Ә.)
жүргізді.
Зерттеу ________________________________ полиграфта жүргізілді.
(маркасы, сериялық нөмірі)
Зерттеудің негіздемесі: _______________________________________
Анықталуы тиіс сұрақтар: ______________________________________
_____________________________________________________________________
(сұрақтардың мазмұны)
Алынған полиграммалар _______________________ бойынша бағаланды
(әдістеме атауы)
Тестілеу барысында зерттелетін адамның жауаптары кезінде
мынадай сұрақтарға физиологиялық реакциялар алынды:
1. ____________________________________________________________
2. ____________________________________________________________
Сондай-ақ, зерттелетін адам әңгімелесу процесінде
_____________________________________________________________________
(зерттелетін адамнан қандай да болмасын құқыққа қайшы әрекеттер
туралы алынған ақпарат көрсетіледі)
туралы қосымша хабарлады.
Зерттеудің нәтижелері мынадай қортынды жасауға мүмкіндік береді:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Полиграфолог: _______________________________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ж. "___" _________________