"Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 2 мамырдағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 5 мамырда № 36076 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 17447 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жоғары басшылық бос басшы лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы № 90 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының прокуратура органдары жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде № 8780 болып тіркелген) (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) сәйкес келуі, мінсіз атақ және қызметтік жұмысының нәтижелері болып табылады.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Жоғары тұрған басшы лауазымына конкурстық іріктеу кандидаттарды прокуратура органдары қызметкерлері лауазымдарының санаттарына қойылатын Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау, бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) зерделеу, полиграфологиялық зерттеуден өту, психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуіне тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу), әңгімелесу жүргізу арқылы жүзеге асырылады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес лауазымды адамның ұсынымхаты (бұдан әрі – ұсынымхат) қоса беріледі.

      Бас прокуратура қызметкерлері үшін ұсынымхатқа Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары не олардың орынбасарлары, облыстар прокуратураларының және оларға теңестірілген прокуратуралардың (республикалық маңызы бар қалалар мен астананың), бас әскери және көлік прокуратураларының, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің қызметкерлері, Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің қызметкерлері үшін – прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органдарының қызметкерлері үшін – Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық және оған теңестірілген органдардың бастықтары не олардың орынбасарлары қол қояды.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Кандидат жарияланған лауазымға Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден, полиграфологиялық және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулерден өтуге жіберіледі.

      Полиграфологиялық зерттеуден өту тәртібі "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысымен айқындалады.

      Психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізудің тәртібі "Психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізу тәртібі мен әдістерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 27 наурыздағы № 39 қбп, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2025 жылғы 19 наурыздағы № 8 қбп, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 20 наурыздағы № 82-нқ қбп, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 18 наурыздағы № 42 қбп және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 10 қбп бірлескен бұйрығымен бекітілді.".;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Кандидаттар туралы толық және объективті ақпарат алу үшін тізімдер тексеру үшін прокуратура органының өзіндік қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Прокуратура органының өзіндік қауіпсіздік қызметі кандидаттарды зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты кадр қызметіне әңгімелесу жүргізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Кандидаттарға материалдар (қызмет туралы тізім, қызмет нәтижелері туралы анықтама, ұсынымхат, компьютерлік тестілеу және полиграфологиялық зерттеу нәтижелері, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг), сондай-ақ жүргізілген психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытынды әңгімелесу өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға жіберіледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Жолданымға құқық қорғау органдарының кадр қызметі куәландырған қызмет туралы тізім, жұмыстағы негізгі көрсеткіштер және шынайы жетістіктер туралы анықтама, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг) және осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанда тікелей басшы қол қойған ұсынымхаты қоса беріледі.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Кандидат жарияланған лауазымға Біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат қызметтік міндетін атқаратын құқық қорғау органында полиграфологиялық және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулерден өтуге жіберіледі.

      Прокуратура органдарының кадр қызметі тиісті құқық қорғау органына полиграфологиялық және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулер қорытындысын беру туралы сұрау салу жібереді.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының білім деңгейін анықтау үшін кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Кандидаттар туралы толық және объективті ақпарат алу үшін кандидаттар тізімдері тексеру үшін прокуратура органының өзіндік қауіпсіздік қызметіне жіберіледі, сондай-ақ қажет болған жағдайда, ақпарат кандидаттың жұмыс орны бойынша құқық қорғау органынан сұратылуы мүмкін.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Прокуратура органының өзіндік қауіпсіздік қызметі кандидаттарды зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты кадр қызметіне әңгімелесу жүргізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Кандидаттарға материалдар (қызмет туралы тізім, қызмет нәтижелері туралы анықтама, ұсынымхат, компьютерлік тестілеу мен полиграфологиялық зерттеу нәтижелері, бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші (цифрлық рейтинг), сондай-ақ жүргізілген психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулердің нәтижесі бойынша қорытынды әңгімелесу өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға жіберіледі.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Кандидаттарды тестілеуді Бас прокуратура Бас прокуратураның не болмаса облыс прокуратурасының тестілеу залында компьютерлік тестілеуге арналған ақпараттық жүйеде "Онлайн" режимде қазақ немесе орыс тілдерінде өткізеді.

      Тестілеу процесі Прокуратура органдарының бірыңғай көлік ортасының қорғалған байланыс арналары арқылы аудио - бейне хаттама жасай отырып бейне конференция байланысын қолдану арқылы өткізіледі.";

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Комиссияның құрамына прокуратура органы бөлімшелерінің басшылары, өзіндік қауіпсіздік қызметінің, кадр қызметінің өкілдері және өзге қызметкерлер енгізіледі.

      Комиссияның хатшысы прокуратура органының кадр қызметінің өкілі болып табылады, ол оның жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

      Комиссияның жұмысына қатысу үшін прокуратура қызметкерлері және жұмыскерлері болып табылмайтын, белгілі бір мамандық бойынша, оның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар психологтар, сарапшылар, сондай-ақ кадрларды іріктеу және жылжыту жөніндегі мамандар шақырылуы мүмкін, олардың пікірі ұсынымдық сипатқа ие.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Әңгімелесуге жарияланған лауазымға Біліктілік талаптарына сәйкес келетін, компьютерлік тестілеуден оң нәтижелері бар, полиграфологиялық және психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеулерден өткен кандидаттар жіберіледі.

      Компьютерлік тестілеудің оң нәтижелері ретінде мәні Қағидалардың 36-тармағында белгіленгеннен төмен емес нәтижелер түсініледі.";

      47-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "47. Кандидаттармен әңгімелесу хаттама түрінде ресімделеді және техникалық жазба құралдарының (аудио және (немесе) бейне) көмегімен тіркеледі, кандидаттарға осы бойынша әңгімелесу басында ескертіледі.";

      52-тармақ алып тасталсын;

      53-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген бұйрықтың 5-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Кадрлық жұмыс департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының барлық қызметкерлері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2025 жылғы 2 мамырдағы
№ 1 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жоғары тұрған басшы
лауазымдарына конкурс
өткізу қағидаларына
5-қосымша

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу бағдарламасы

Бағдарлама

Сұрақтар саны

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу сұрақтары мыналарды қамтиды:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (20 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (10 сұрақ), "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңын (10 сұрақ), Қазақстан Республикасының Заңдары: "Құқық қорғау қызметі туралы" (10 сұрақ), "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (10 сұрақ), Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексі (10 сұрақ).

120


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады