Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесін және Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 118 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қыркүйекте № 17447 болып тіркелді.

      "Құқық қорғау қызметі туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 1-1 тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген:

      1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесі;

      2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде, оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіннің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Кадрларды дамыту департаментіне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Қ. Қожамжаров

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы "25" қыркүйектегі
№ 118 бұйрығына
1- қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесі

      1.Аудан және оларға теңестірілген қала, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған (әскери, табиғат қорғау, көлік және арнайы объектілердің прокуроры) прокурор.

      2.Облыс прокуратураларының және оған теңестірілген прокуратуралардың басқарма бастығы (республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары).

  Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2018 жылғы "25" қыркүйектегі
№ 118 бұйрығына
2 - қосымша

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған лауазымдарына конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің жоғары тұрған басшы лауазымдарына конкурс (бұдан әрі - конкурс) өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Бос лауазымдарға конкурс Қазақстан Республикасы прокуратура органдары (бұдан әрі - прокуратура органдары) жүйесінің Конкурстық негізде орналасатын басшы лауазымдарының тізбесіне сәйкес өткізіледі.

      Конкурс бос лауазым пайда болған күннен бастап бір ай ішінде жарияланады.

      3. Аудан және оларға теңестірілген қала, ауданаралық, сондай-ақ мамандандырылған (әскери, табиғат қорғау, көлік және арнайы объектілердің прокуроры) прокуроры лауазымына конкурсты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (бұдан әрі - Бас прокуратура), облыс прокуратураларының және оған теңестірілген прокуратуралардың басқарма бастығы (республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының прокуратуралары, бас әскери және көлік прокуратуралары) лауазымына конкурсты - облыс прокуратурасы және оған теңестірілген прокуратура (бұдан әрі - облыс прокуратурасы) өткізеді.

      4. Конкурс мына түрлерден тұрады:

      1) прокуратура органдары қызметкерлері арасындағы ішкі конкурс (бұдан әрі - ішкі конкурс);

      2) өзге құқық қорғау органдары қызметкерлері арасындағы ведомствоаралық конкурс (бұдан әрі - ведомствоаралық конкурс).

      Ішкі конкурста конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидаттар болмаған кезде ведомствоаралық конкурс өткізіледі.

      5. Жоғары тұрған бос басшы лауазымдарына кандидаттарды іріктеудің негізгі өлшемшарттары мінсіз атақ, кәсіби, іскерлік жеке сапалар болып табылады. Бұл ретте ішкі конкурста жоғары тұрған басшы лауазымына кадрлық резервте тұрған кандидаттарға басымдық беріледі.

      6. Жоғары тұрған басшы лауазымына конкурстық іріктеу кандидаттарды біліктілік талаптарына сәйкестікке қарау, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын білуіне тестілеу жүргізу (бұдан әрі - компьютерлік тестілеу) және әңгімелесу арқылы жүзеге асырылады.

      Біліктілік талаптары Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2013 жылғы 28 тамыздағы №90 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №8780 нөмірмен тіркелген).

2-тарау. Ішкі конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары

      7. Ішкі конкурсты өткізу туралы хабарландыру конкурсты жариялаған прокуратура органының интернет - ресурсында жарияланады.

      8. Ішкі конкурс жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келетін прокуратура органдарының қызметкерлері арасынан жүргізіледі.

      9. Ішкі конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда, хабарландыру жарияланған кезден бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      10. Өтінішке жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама, қарамағында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес кандидат бар лауазымды адамның ұсынымхаты (бұдан әрі - ұсынымхат) қоса беріледі.

      Бас прокуратура қызметкерлері үшін ұсынымхатқа Бас прокуратураның құрылымдық бөлімшелерінің басшылары не олардың орынбасарлары, облыс прокуратураларының, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетінің және оның аумақтық органдарының қызметкерлері үшін - прокуратура органдарының басшылары не олардың орынбасарлары қол қояды.

      11. Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген мерзім бұзыла отырып ұсынылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурса қатысуға өтінішін кері қайтарады.

      12. Тиісті прокуратура органының кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді.

      13. Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.

      14. Кандидаттар туралы толық және объективті ақпарат алу үшін тізімдер тексеру үшін прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметіне жіберіледі.

      15. Прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметі кандидаттарды зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты кадр қызметіне әңгімелесу жүргізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      16. Кандидаттарға материалдар (қызмет туралы тізім, қызмет нәтижелері туралы анықтама, ұсынымхат, компьютерлік тестілеу нәтижелері, сондай-ақ олардың жеке басын сипаттайтын өзге де материалдар) әңгімелесу өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға жіберіледі.

      17. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидат ол өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.

3-тарау. Өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында ведомствоаралық конкурс өткізу тәртібі мен шарттары

      18. Ведомствоаралық конкурсқа жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда өзге құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысады.

      19. Ведомствоаралық конкурсқа қатысуға өтініш конкурсты жариялаған прокуратура органының кадр қызметіне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда, хабарландыру жарияланған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      20. Осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанда, өтінішке құқық қорғау органдарының кадр қызметі куәландырған қызмет туралы тізім, жұмыстағы негізгі көрсеткіштерді және шынайы жетістіктерді көрсететін қызмет нәтижелері туралы тікелей басшы қол қойған анықтама және ұсынымхаты қоса беріледі.

      21. Қағидалардың 20-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған, сондай-ақ Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген мерзімі бұзылған жағдайда кадр қызметі кандидаттың конкурсқа қатысуға өтінішін кері қайтарады.

      22. Тиісті прокуратура органының кадр қызметі кандидаттарды жарияланған лауазымға біліктілік талаптарының сәйкестігін, сондай-ақ олардың кәсіптік, іскерлік және жеке сапаларын зерттейді.

      23. Кандидат жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде кандидат компьютерлік тестілеуден өтуге жіберіледі.

      24. Кандидаттар туралы толық және объективті ақпарат алу үшін кандидаттар тізімдері тексеру үшін прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметіне жіберіледі, сондай-ақ қажет болған жағдайда, ақпарат кандидаттың жұмыс орны бойынша құқық қорғау органынан сұратылуы мүмкін.

      25. Прокуратура органының ішкі қауіпсіздік қызметі кандидаттарды зерттеу нәтижелері бойынша тиісті ақпаратты кадр қызметіне әңгімелесу жүргізгенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      26. Кандидаттарға материалдар (қызмет туралы тізім, қызмет нәтижелері туралы анықтама, компьютерлік тестілеу нәтижелері, сондай-ақ олардың жеке басын сипаттайтын өзге де материалдар) әңгімелесу өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей комиссияға жіберіледі.

      27. Әңгімелесу өткізу күні мен уақыты туралы кандидат ол өткізілгенге дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей хабардар етіледі.

4-тарау. Компьютерлік тестілеуді ұйымдастыру

      28. Кандидаттарды тестілеуді Бас прокуратураның тестілеу залында не "Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының қызметкерлерін тестілеу жүйесі" ақпараттық жүйесінде "Он-лайн" режимде қазақ немесе орыс тілдерінде Бас прокуратура не болмаса облыс прокуратурасында өткізеді.

      Тестілеу процесі Прокуратура органдарының бірыңғай көлік ортасының қорғалған байланыс арналары арқылы аудио - бейне хаттама жасай отырып бейне конференция байланысын қолдану арқылы өткізіледі.

      29. Кандидат осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне компьютерлік тестілеу бағдарламасы бойынша тестілеуден өтеді.

      30. Тестілеуге өзімен бірге жеке сәйкестендіру нөмірі бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар кандидаттар жіберіледі.

      31. Тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкілі тестілеу өткізу тәртібі бойынша нұсқама жүргізеді, сұрақтар туындаған кезде тиісті түсініктемелер береді.

      32. Тестілеу кезінде қанағаттанарлықсыз көңіл-күйдегі кандидат ол туралы тестілеу басталғанға дейін кадр қызметінің өкіліне хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай кандидатты тестілеу осы күн ішінде басқа уақытта не басқа күні өткізіледі.

      33. Тестілеу кезінде кандидаттарға тестілеу өткізіліп жатқан үй-жайдан шығып кетуге, басқа кандидаттармен сөйлесуге, материалдар алмасуға, қабылдаушы, жіберуші электр қондырғыларын (оның ішінде, ұялы телефондарды, қалталық персоналды компьютерлерді және өзге де электрондық жабдықты), қағаз түріндегі жеткізгішті қолдануға жол берілмейді.

      34. Қағидалардың 33-тармағының талаптары бұзылған кезде кадр қызметінің өкілі тестілеуді тоқтатады, бұзушылыққа жол берген кандидатты тестілеуге арналған бөлмеден шығарады және ерікті нысанда тисті акті жасайды. Кандидатты тестілеу нәтижелері жойылады.

      35. Тестіні орындауға арналған уақыт 90 минутты (120 сұрақ) құрайды.

      Тестіні орындауға берілген уақыт өткен соң бағдарлама автоматты түрде жабылады.

      36. Тесті бойынша шекті мәндер сұрақтардың жалпы санының кемінде 70% дұрыс жауабын құрайды.

      37. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу автоматты түрде компьютерлік бағдарламаның көмегімен жүргізіледі.

      38. Тестілеу аяқталғаннан кейін кандидаттарға тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өткізу күні, жұмсалған уақыты, дұрыс жауаптар саны көрсетіле отырып тестілеу нәтижелері беріледі.

      39. Тестілеу нәтижелері тестілеу өткен күннен бастап бір жыл бойы жарамды.

5-тарау. Әңгімелесу жүргізу тәртібі

      40. Кандидаттармен әңгімелесуді құрамын басшысы бекітетін прокуратура органының комиссиясы өткізеді.

      41. Комиссияның құрамына прокуратура органы бөлімшелерінің басшылары, ішкі қауіпсіздік қызметінің, кадр қызметінің өкілдері және өзге қызметкерлер енгізіледі.

      Комиссияның хатшысы прокуратура органының кадр қызметінің өкілі болып табылады, ол оның жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.

      Комиссияның жұмысына қатысу үшін прокуратура қызметкерлері және жұмыскерлері болып табылмайтын, белгілі бір мамандық бойынша, оның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар психологтар, сарапшылар, сондай-ақ кадрларды іріктеу және жылжыту жөніндегі мамандар шақырылуы мүмкін, олардың пікірі ұсынымдық сипатқа ие.

      42. Комиссия құрамына кемінде бес мүше кіруге тиіс.

      43. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса заңды деп есептеледі.

      44. Әңгімелесуге жарияланған лауазымға біліктілік талаптарына сәйкес келетін және компьютерлік тестілеудің оң нәтижелері бар кандидаттар жіберіледі.

      Компьютерлік тестілеудің оң нәтижелері ретінде мәні Қағидалардың 36-тармағында белгіленгеннен төмен емес нәтижелер түсініледі.

      45. Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурсты жариялаған прокуратура органында оның интернет-ресурсында орналастырылған кестеге сәйкес өтеді.

      Әңгімелесу Прокуратура органдарының бірыңғай көлік ортасының қорғалған байланыс арналары арқылы аудио - бейне хаттама жасай отырып бейне конференция байланысын қолдану арқылы онлайн өткізілуі мүмкін.

      46. Комиссия әңгімелесу өткізу қорытындылары бойынша мына шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жарияланған бос лауазымға тағайындауға ұсынуға;

      2) жарияланған бос лауазымға тағайындаудан бас тартуға.

      47. Кандидаттармен әңгімелесу хаттама түрінде ресімделеді және техникалық жазу құралдарының (аудио және (немесе) бейне) көмегімен тіркеледі.

      48. Кандидаттармен әңгімелесу хаттамасына төраға, комиссия мүшелері қол қояды.

      Комиссияның техникалық жазу құралдарын қолдануы туралы комиссия отырысының хаттамасында белгі қойылады.

      49. Техникалық жазу құралдарының көмегімен әңгімелесу барысында тіркелген материалдар прокуратура органының кадр қызметінде конкурс аяқталған кезден бастап кемінде бір жыл сақталады.

      50. Комиссия құрамының қатысып отырғандарының көпшілігі дауыс берсе, кандидат комиссияның оң қорытындысын алады.

      Дауыс беру кезінде дауыстар тең болған кезде комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      51. Прокуратура органының кадр қызметі комиссия қабылдаған шешім туралы оны өткізген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде кандидаттарды хабардар етеді.

      52. Прокуратура органының басшысы не уәкілетті басшысы комиссия ұсынған кандидатты жарияланған бос лауазымға комиссия отырысы күнінен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей тағайындайды.

      53. Конкурсқа бір кандидат қатысқан және ол комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда оны тағайындау комиссия отырысы өткен күні жүзеге асырылуы мүмкін.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      54. Комиссияның шешіміне прокуратураның жоғары тұрған органына (жоғары тұрған лауазымды адамға) не сотқа шағым жасалуы мүмкін.

  Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жоғары тұрған басшы
лауазымдарына конкурс өткізу
қағидаларына
1-қосымша
  нысан

Ішкі конкурсқа қатысу үшін арыз

      __________________________________________________________________________

      (лауазымның атауы)

      бос лауазымға орналасу үшін ішкі конкурсқа қатысуға рұқсат сұраймын.

      Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында бос лауазымдарға орналасу

      үшін ішкі конкурс өткізу тәртібімен және шарттарымен таныстым, оларды орындауға

      келісемін және міндеттенемін. Арызға келесі құжаттар қоса беріледі:

      1.___________________________________

      2.___________________________________

      3.___________________________________

      Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.

  (Тегі, аты, әкесінің аты (бар
  болған жағдайда))
  " " ____________ 20____ ж.

      Байланыс телефоны/ электронды мекенжайы ___________________________

  Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жоғары тұрған басшы
лауазымдарына конкурс өткізу
қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Ішкі конкурсқа қатысу үшін кандидатқа ҰСЫНЫМХАТ

      __________________________________________________________________________

      (лауазымның атауы)

      жарияланған бос лауазымға ішкі конкурсқа қатысу үшін _________________________

      __________________________________________________________________________

      ұсынамын       (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымның атауы)

      Кандидат мынадай қасиеттерге ие __________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (кандидаттың кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттері; көрсетілген қасиеттердің

      кандидатта бар екенін растайтын мысалдар)

      Қосымша ақпарат:

      __________________________________________________________________________

      ______________________________________________________________.

      Ұсынып отырған адамның

      лауазымы қойған қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жоғары тұрған басшы
лауазымдарына конкурс өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін арыз

      __________________________________________________________________________

      (лауазымның атауы)

      бос лауазымға орналасу үшін ведомствоаралық конкурсқа қатысуға рұқсат сұраймын.

      Қазақстан Республикасы прокуратура органдарында бос лауазымдарға орналасу үшін

      ведомствоаралық конкурс өткізу тәртібімен және шарттарымен таныстым, оларды

      орындауға келісемін және міндеттенемін.

      Арызға келесі құжаттар қоса беріледі:

      4.___________________________________

      5.___________________________________

      6.___________________________________

      Ұсынылған құжаттардың дұрыстығын растаймын.

  (Тегі, аты, әкесінің аты (бар
  болған жағдайда))
  " " ____________ 20____ ж.

      Байланыс телефоны/ электронды мекенжайы ___________________________

  Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жоғары тұрған басшы
лауазымдарына конкурс өткізу
қағидаларына
4-қосымша
  нысан

Ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін кандидатқа ҰСЫНЫМХАТ

      __________________________________________________________________________

      (лауазымның атауы)

      жарияланған бос лауазымға ведомствоаралық конкурсқа қатысу үшін

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      ұсынамын             (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты, лауазымның атауы)

      Кандидат мынадай қасиеттерге ие _________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      (кандидаттың кәсіптік, іскерлік және жеке қасиеттері; көрсетілген

      қасиеттердің кандидатта бар екенін растайтын мысалдар)

      Қосымша ақпарат:

      __________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________.

      Ұсынып отырған адамның

      лауазымы қойған қолы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Қазақстан Республикасы
прокуратура органдары
жүйесінің жоғары тұрған басшы
лауазымдарына конкурс өткізу
қағидаларына
5-қосымша

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге компьютерлік тестілеу бағдарламасы

Бағдарлама

Сұрақтар саны

Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеу сұрақтары мыналарды қамтиды:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (35 сұрақ)
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (35 сұрақ),
Қазақстан Республикасының Заңдары:
"Прокуратура туралы" (25 сұрақ),
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" (15 сұрақ),
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) (10 сұрақ).

120


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады