Білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 498 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қыркүйекте № 17450 болып тіркелді.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.08.2023 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 498 бұйрығымен
бекітілген

Білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 23.08.2023 № 439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу қағидалары "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-3-бабының 5) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Білім беру бағдарламалары бойынша ЖЖОКБҰ білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторингті (бұдан әрі – мониторинг) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) ЖЖОКБҰ білім алушыларды қабылдау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі тұрғысында ақпараттарды жинау, жалпылау, талдау жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізеді.

2-тарау. Білім беру бағдарламалары бойынша ЖЖОКБҰ білім алушыларды қабылдау қорытындылары бойынша мониторинг жүргізу тәртібі

      3. Министрлік мониторингті жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен күнтізбелік жылдың 1 (бірінші) қарашасына дейінгі мерзімде ресімделетін шешім қабылдайды және ЖЖОКБҰ-да бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

      4. Мониторингті жүргізу үшін комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрылады, құрамы Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия құрамына Министрліктің, ЖЖОКБҰ және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері кіреді. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) және 25 (жиырма бес ) адамды құрайды.

      Комиссияны Министрлік қызметкерлерінің арасынан тағайындалған жетекші басқарады.

      5. ЖЖОКБҰ басшысы мониторингті жүргізу үшін қолайлы жағдайды және ЖЖОКБҰ білім алушыларды қабылдау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі тұрғысында ақпараттарды жинау, жалпылау, талдау жұмыстарын жүргізуге ақпараттарды уақытылы жеткізуді қамтамасыз етеді.

      6. ЖЖОКБҰ басшысы комиссия мүшелеріне ұсынылған ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

      7. Комиссия мониторинг нәтижесі бойынша мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтаманы қазақ немесе орыс тілдерінде 2 (екі) данада әзірлейді, оған комиссияның барлық мүшелерінің қолы қойылады.

      Сәйкессіздіктер анықталған жағдайда мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтамаға растайтын құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.

      8. Комиссия ЖЖОКБҰ-ның бірінші басшысына мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтаманы таныстыру үшін және қол қою үшін ұсынады, ол ЖЖОКБҰ мөрімен куәландырылады.

      Мониторинг жүргізу қорытындылары туралы анықтаманың бір данасы комиссия жетекшісінде, ал екіншісі ЖЖОКБҰ-да болады.

      9. Мониторинг нәтижесі бойынша сәйкессіздіктер анықталған жағдайда ЖЖОКБҰ күнтізбелік 10 (он) күн ішінде ескертулерді жою жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітеді. ЖЖОКБҰ Министрлікке ЖЖОКБҰ-да мониторинг аяқталғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде ескертулерді жою туралы немесе анықталған сәйкессіздіктер бойынша теріске шығару туралы есепті ұсынады.

      Ескертулерді жою немесе теріске шығару туралы есеп ұсынылмаған жағдайда Министрлік осы ЖЖОКБҰ-ға 3 (үш) ай ішінде қайта мониторинг жүргізеді.

      10. Мониторинг нәтижелері жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министрінің төрағалығымен өтетін комиссия отырысында қарастырылады.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады