"Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1458 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қазанда № 17466 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 27 тамыздағы № 302 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.08.2020 № 302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту және "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 256 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11023 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидаларында:

      1, 2, 3, 4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауды ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы (бұдан әрі - БЭСА) - ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы;

      2) хабарландыру - алда болатын БЭСА таңдау туралы ақпарат;

      3) әлеуетті өнім беруші - электрондық сауда-саттық алаңында тыйым салынған мүлікті өткізу бойынша қызмет көрсету туралы шартты жасауға үміткер заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарымен олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда), заңды тұлғалардың уақытша бірлестігі (консорциум);

      4) Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы (бұдан әрі - Республикалық палата) - жеке сот орындаушыларының қызметін үйлестіруді және олардың Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасын сақтауын жүзеге асыратын коммерциялық емес, кәсіптік ұйым.

      3. БЭСА таңдауды жүзе асыру үшін Республикалық палата комиссия құрады.

      Комиссияның құрамына: Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі, Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің өкілдері және Республикалық палатасының өкілдері кіреді. Сонымен қатар, БЭСА таңдау бойынша комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды.

      4. БЭСА-ға қойылатын талаптарды бекіту кезінде комиссия мынадай негізгі өлшемшарттарды:

      1) мүлікті сату бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілердің кәсіби құзыретін, олардың қаржы ресурстарының, техникалық құрал-жабдықтарының және басқа материалдық мүмкіндіктерінің, сенімділігінің, тәжірибесінің және оң беделінің, сондай-ақ БЭСА ұсыну туралы шартты орындау үшін қажетті басқа да ресурстарының болуын;

      2) атқарушылық құжаттарды орындау барысында БЭСА-ға түсетін мәліметтердің қауіпсіздігін, құпиялығын және дұрыстығын қамтамасыз етуді, оның ішінде БЭСА ақпараты мен сервистерін санкцияланбаған қолжетімділіктен қорғауға, БЭСА-да өткізілетін электрондық аукциондардың айқындылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуді;

      3) толық қолжетімділікті (техникалық жұмыстарды түнгі уақытта жүргізуді көздейтін кестеде қатаң шектелген регламенттік жұмыстарды жүргізу);

      4) сот орындаушысы, БЭСА операторы, электрондық аукционға қатысушылар, атқарушылық іс жүргізу тараптары және өзге тұлғалар БЭСА функционалы арқылы электрондық құжаттар нысанында жолданатын құжаттарды және мәліметтерді алмастырған кезде олардың электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдануды;

      5) электрондық құжат айналымын, электрондық нысандағы құжаттарды күнделікті мұрағаттық сақтауды және іздестіруді қамтамасыз етуді, электрондық аукционға қатысушылардың авторландыру мүмкіндігін қамтамасыз етуді және ақпараттың түрлі санаттары үшін пайдаланушылардың қол жеткізу құқықтарының аражігін ажыратуды негізге алады;

      6) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "электронды үкіметтің" шлюзі арқылы атқарушылық іс жүргізу органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - АІЖО ААЖ) электрондық өзара әрекеттестігі арқылы сот орындаушыларының электрондық өтініштері мен электрондық құжаттарын алуды қамтамасыз ету, сондай-ақ лоттар туралы, АІЖО ААЖ электрондық аукцион өткізу тәртібі және оның нәтижелері туралы мәліметтер беру;

      7) ақпараттық жүйені өнеркәсіптік қолданысқа қабылдау туралы актінің, "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ақпараттық қауіпсіздік талаптарына, техникалық құжаттама және сараптамасына сәйкестік аттестатына және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынаудың оң нәтижесі бар актінің болуы.

      5. Республикалық палата әлеуетті өнім берушілер ұсынатын жұмыстардың, техникалық ерекшеліктердің сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытынды дайындау үшін "электронды үкімет" сервисінің интеграторына әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын жолдайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. БЭСА таңдау бойынша комиссия БЭСА-ға қойылатын талаптар бекітілген күнінен бастап үш жұмыс күннен кешіктірмей, бірақ әлеуетті өнім берушілердің БЭСА таңдауға қатысу үшін ұсыныстар беруінің соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік он бес күн қалғанда Республикалық палатасының сайтында және мерзімді баспа басылымдарында БЭСА таңдау туралы хабарландырудың мәтінін жариялайды.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Комиссия отырысының көрсетілген күнінен кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірілмей БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашудың қол қойылған хаттамасының мәтіні Республикалық палатасының сайтында жарияланады.";

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша БЭСА таңдауға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері, сондай-ақ комиссия хатшысы әлеуеттi өнiм берушiлердiң БЭСА таңдауға қатысуына рұқсат беру туралы шешiм қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей қол қояды, әр бетiне бұрыштама соғады. БЭСА таңдауға қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға сараптамалық қорытынды қоса беріледі.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Мүлікті өткізу бойынша электрондық аукцион өткізгені үшін БЭСА операторына сыйақы берудің шекті мөлшері өткізілген мүлік құнының 0,5 %-дан аспайтын мөлшерді құрайды.".

      2 және 3-қосымшалар жаңа редакцияда осы бұйрыққа 1 және 2- қосымшаларға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1458 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Тыйым салынған мүлікті өткізу
бойынша бірыңғай электрондық
сауда-саттық алаңын таңдауды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдауға қатысуға жіберу туралы хаттама

      __________________ ____________________

      (Орналасқан жері)       (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы БЭСА таңдау бойынша комиссия:_________________________

      (БЭСА таңдау бойынша комиссияның құрамын көрсету)

      _________________________________ БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарады.

      2. БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарда ұсынылған жұмыстардың, көрсетілетін

      қызметтердің техникалық ерекшелікке сәйкестігі жөнінде қорытындылар берген

      сарапшыларды тарту туралы ақпарат.

      3. БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі өткенге дейін

      белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің қатысуға

      ұсыныстары: ______________________________________________________________

      (ұсыныстарды берудің соңғы мерзімі өткенге дейін ұсыныстар берген барлық

      әлеуетті өнім

      берушілердің атауы, мекенжайы, БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды беру уақыты,

      ұсыныстағы құжаттар тізбесі, талапта көзделген қандай да бір құжаттың жоқтығы

      туралы ақпарат, БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды кері қайтарып алу мен өзгеруі

      туралы ақпарат және басқа ақпарат көрсетіледі)

      комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланған.

      4. БЭСА таңдауға қатысудан бас тартылған ұсыныстар:___________________________.

      (қатысуға ұсыныстары қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері),

      сондай-ақ қабылданбау себептері көрсетіледі)

      5. Әлеуетті өнім берушілердің БЭСА талаптарына сәйкес келетін ұсыныстары

      _________________________________________________________________________.

      (әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі)

      Комиссия БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша былай деп

      ШЕШТІ:

      1. Мынадай әлеуетті өнім берушілер БЭСА таңдауға қатысуға жіберілсін:

      _________________________________________________________________________.

      (таңдауға қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету)

      2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер БЭСА таңдауға қатысуға жіберілмесін:

      _________________________________________________________________________.

      (таңдауға қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету)

      3. БЭСА таңдау жөніндегі комиссияның отырысы _______________

      ____________________________________________________________________

      белгіленсін. (комиссия отырысының уақытын, күнін, орнын көрсету)

      4. Аталған хаттаманың мәтіні Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы

      сайтына орналастырылсын.

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтаушы дауыс________ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), тегі).

      Қарсы дауыс __________ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), тегі).

      Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), тегі, қолдары.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1458 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Тыйым салынған мүлікті өткізу
бойынша бірыңғай электрондық
сауда-саттық алаңын таңдауды
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

Бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын таңдау қорытындылары туралы хаттама

      __________________ ____________________

      (Орналасқан жері)       (Уақыты мен күні)

      1. Мынадай құрамдағы БЭСА таңдау бойынша комиссия:_________________________.

      (комиссияның құрамын көрсету)

      2. Мынадай ұсыныстар БЭСА таңдауға қатысуға жіберілді: _______________________

      _________________________________________________________________________.

      (рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес жіберілген әлеуетті өнім берушілердің БЭСА

      таңдауға қатысуға ұсыныстарын көрсету)

      3. Әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстары бар конверттер: _____________________

      _________________________________________________________________________.

      (қарау үшін соңғы уақыт өткеннен кейін ұсынылуына байланысты қабылданбаған

      ұсыныстардың әлеуетті өнім берушілерінің атаулары көрсетіледі)

      4. Комиссия қарау үшін соңғы уақыт өткенге дейін ұсыныстарын берген

      қатысушылардың ұсыныстары:_______________________________________________

      (әлеуетті өнім берушілердің атаулары мен олардың деректемелері көрсетіледі)

      ашылды және олар мыналарды қамтиды:_______________________________________.

      (БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстары бар конверттерді ашу кезіндегі барлық

      қатысушыларға жарияланған әлеуетті өнім берушілер ұсынған ұсыныстар көрсетіледі)

      5. БЭСА таңдауға қатысуға қабылданбаған ұсыныстар:___________________________.

      (қатысуға ұсыныстары қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері),

      сондай-ақ қабылданбау себептері көрсетіледі)

      Комиссия БЭСА таңдауға қатысуға ұсыныстарды қарау нәтижелері бойынша былай деп

      ШЕШТІ:

      1) ________________________________________________________ БЭСА таңдалсын

      (әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі)

      немесе мына себеп бойынша БЭСА таңдау өтпеді деп танылсын ___________________.

      (тиісті себеп көрсетілсін)

      2) Аталған хаттаманың мәтіні Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы

      сайтына орналастырылсын.

      Осы шешімге дауыс бергендер:

      Жақтаушы дауыс________ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), тегі).

      Қарсы дауыс ___________ (комиссия мүшелерінің аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), тегі).

      Комиссия төрағасының, мүшелерінің және хатшысының аты, әкесінің аты

      (бар болған жағдайда), тегі, қолдары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады