"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 477 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қазанда № 17486 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 596 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылы 27 желтоқсанда № 16138 тіркелді, "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде 2018 жылғы 18 қаңтарда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы";

      аталған бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса берілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары бекітілсін.".

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік жоспарлау департаменті (С. А. Жақыпова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
Е. Сағадиев

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 477 бұйрығына қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 596 бұйрығымен бекітілді

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 46-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (бұдан әрі – білім берудің барлық деңгейлерінің) жан басына шаққандағы қаржыландыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) білім беру ортасы – оқу-тәрбие процесінің іске асырылуын қамтамасыз ету үшін қажетті әлеуметтік, материалдық және тұрмыстық жағдайлардың жиынтығы;

      2) білім беру процесі – білім берудің барлық деңгейлерінің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыру шеңберіндегі оқу-тәрбие процесі;

      3) жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі – білім берудің барлық деңгейлеріндегі мемлекеттік кепілдендірілген оқыту құнының қаржылық қамсыздандырылу нормативі;

      4) жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі – жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативінің негізінде анықталатын білім беру процесіне және білім беру ортасына арналған шығыстарды қаржыландыру;

      5) кредиттік оқыту технологиясы - академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту.

2-тарау. Білім берудің барлық деңгейлерінің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру тәртібі

      3. Білім берудің барлық деңгейлерін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес республика және (немесе) жергілікті бюджеттердің есебінен іске асырылады.

      4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы орган мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметіне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттардың шегінде, ай сайынғы негізде, ағымдағы айда сол қызметтерді алған тәрбиеленушілердің нақты контингентіне есептелген көлемде жүзеге асырады.

      5. Орта білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы орган мына тәртіпте жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы орта білім беру ұйымдары – ай сайын жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес;

      2) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған орта білім беру ұйымдары – ай сайын орта білім беруге және мына көлемдерде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттардың шегінде:

      қаңтардан бастап тамызға дейін – жоспарлы жылдық контингентке пропорционалды;

      қыркүйектен бастап желтоқсанға дейін – нақты орташа жылдық контингентке пропорционалды.

      6. Жан басына шаққандағы норматив өзгеріп, орта білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінде жергілікті бюджет қаражаты жеткіліксіз болған жағдайда жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуға әкеп соғатын шығынның өтемі республика бюджетінен бөлінетін насаналы ағымдағы трансферттермен толтырылады.

      7. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды жергілікті атқарушы органдар мына тәртіпте жүзеге асырады:

      1) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – ай сайын жеке қаржыландыру жоспарларына сәйкес;

      2) басқа ұйымдық-құқықтық нысанындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары – ай сайын ағымдағы айда осы қызметтерді алған білім алушылардың нақты контингенті үшін есептелген көлемде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жасалған шарттардың шегінде.

      8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі Заңның 5 бабының 46-1) тармақшасына сәйкес бекітілетін Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес есептелген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінен төмен емес мөлшерде белгіленеді.

      9. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру шеңберінде жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік тапсырысты орналастыру жолымен:

      1) білім беру бағдарламалары бөлінісінде іске асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың контингенті және (немесе) алдағы оқу жылына жоспарлы кредиттердің саны бойынша жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жоспарлы көлемін анықтайды және оны академиялық кезең басталғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күннен кешіктірмей бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне ұсынады;

      2) білім беру бағдарламалары бөлінісінде білім алушылар контингентін және (немесе) нақты берілген кредиттерді тоқсан сайын салыстырып тексеруді жүргізеді;

      3) тоқсан сайын тоқсан басталар алдындағы айдың 20 (жиырмасынан) кешіктірмей бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне білім алушылардың нақты контингенті және (немесе) нақты берілген кредиттердің саны туралы ақпаратты ұсынады.

      10. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі білім беру бағдарламалары бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шеңберінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлеміндегі білім алушылар контингентін және (немесе) нақты ұсынылған кредиттерді тоқсан сайын салыстырып тексеруді жүргізеді.

      11. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды білім беру саласындағы уәкілетті орган мына тәртіппен жүзеге асырады:

      1) бірінші төлем осы ұйымның жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жалпы жылдық көлемінен 30 %-ды құрайды;

      2) кейінгі төлемдер 1 шілдедегі, 1 қазандағы, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша білім алушылардың нақты контингентіне көрсетілген қызметтердің нақты көлемі үшін және (немесе) нақты ұсынылған академиялық кредиттердің саны үшін жүзеге асырылады.

      12. Ағымдағы қаржы жылы республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттерден жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінің өзгертілуіне жан басына шаққандағы норматив өзгергенде және (немесе) білім алушылардың немесе тәрбиеленушінің нақты контингенті айқындалған жағдайда ғана жол беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады