"Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 21 қыркүйектегі № 1429 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қазанда № 17491 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10321 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тыйым салынған мүлікті, оның ішінде электрондық аукцион нысанындағы сауда-саттықта өткізу қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңы (бұдан әрі - БЭСА) - ақпараттық жүйе, дерекқордың, электрондық аукционға қатысушыларға бірыңғай жалпы қолжетімді қол жеткізу нүктесін ұсынатын, электрондық аукцион өткізу үшін қажетті ақпаратты енгізу, сақтау және өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ететін техникалық, бағдарламалық, телекоммуникациялық және басқа да құралдардың жиынтығы;

      2) БЭСА операторы - мүлікті өткізу жөнінде қызметтер көрсететін ұйым;

      3) Е - Заң көмегі - адвокаттық қызметті және заң консультанттарының қызметін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

      4) лот - бір заттан тұратын борышкердің және үшінші тұлғаның мүлкі не біртекті заттардың кешені не аукционда өткізілетін заттардың кешені;

      5) уәкілетті орган - атқарушылық құжаттарды орындауды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын және қызметтің мемлекеттік реттелуін жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      6) хабарландыру - алда болатын БЭСА мүлікті өткізу туралы ақпарат;

      7) электрондық аукцион - аукцион нысанындағы электрондық сауда тәсілі, бұл ретте барлық әлеуетті сатып алушылардың тең қолжетімділігі негізінде бірыңғай электрондық сауда-саттық алаңын пайдалана отырып, тыйым салынған мүлік өткізіледі;

      8) электрондық аукцион қатысушысы - белгіленген талаптарға сәйкес келетін және өтінімді тиісінше ресімдеген жеке немесе заңды тұлға;

      9) электрондық аукционның жеңімпазы - лоттың жарияланған бағасын растаған және электрондық аукционды өткізу шарттарын орындаған электрондық аукционның қатысушысы;

      10) электрондық сауда-саттық алаңының техникалық істен шығуы - тым болмағанда бір қатысушының электрондық аукцион рәсіміне қатысу мүмкіндігін болғызбайтын және/немесе электрондық алаң операторының қызметкерлеріне электрондық аукцион өткізуге қызмет көрсетуді орындаудың техникалық мүмкіндігін болғызбайтын электрондық сауда-саттық алаңының техникалық ақауы;

      11) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі." ;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Бағалы қағаздарды өткізу";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Тыйым салынған мүлікті комиссиялық сату";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Электрондық аукцион өткізуге дайындық";

      17 және 18-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Алдағы электрондық аукцион туралы хабарландыру аукцион өткiзiлгенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей БЭСА-да жарияланады.

      Бұл хабарландыру жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатуға байланысты интернет-ресуртарында бір мезгілде жарияланады.

      18. Алдағы электрондық аукцион туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылады:

      1) электрондық аукцион күні мен уақыты;

      2) лоттың атауы;

      3) лоттың бастапқы бағасы (құны) орта мүліктің нарықтық құнын көрсете отырып;

      4) электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна мөлшері және кепілдік жарна аударылуы тиіс БЭСА операторының банк шотының деректемелері;

      5) өтінімдерді қабылдау мерзімі;

      6) БЭСА операторының, сот орындаушысының телефоны және мекенжайы;

      7) өткізілетін объектінің суреттерімен мүлікті бағалау туралы есеп.";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Электрондық аукционға қатысу шарттары және қатысушыларды тіркеу";

      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-тарау. Электрондық аукционды өткізу тәртібі";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Жарияланған лот бағасын қатысушылардың бірі растаған кезде электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттама автоматты түрде түзілуімен электрондық аукцион аяқталады.

      Электрондық аукционың қорытындысы туралы хаттамада аукционның әрбір қатысушының атауы, олар ұсынған баға, сондай-ақ әрбір қатысушы ұсынылған лоттың бағасына шерту уақыты көрсетіле отырып, аукционның әрбір қадамының тарихы көрсетіледі.

      Осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттамадан үзінді БЭСА веб-порталында және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында жариялануға тиіс.

      Мүлікті лоттың бастапқы бағасынан жиырма және одан да көп пайыз төмен бағамен өткізілген жағдайда бұл туралы хаттаманың ескертпесінде мәтінді қызыл түсті фонда бөле отырып, тиісті белгі қойылады. Бұл ретте осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы хаттамадан үзінді "Е - Заң көмегі" - Заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесіне" жіберіледі.

      Жарияланған лот бағасын бірінші растаған қатысушы аукцион жеңімпазы болып саналады.";

      7-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-тарау. Қорытынды ереже";

      осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын;

      3-қосымша жаңа редакцияда осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау департаменті:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 қантардан қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 1429 бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Тыйым салынған мүлікті,
оның ішінде электрондық
аукцион нысанындағы
сауда-саттыққа өткізу
қағидаларына
2-1-қосымша
  Нысан

Электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттамадан үзінді

      _________________ 20 __ жылғы "___" ________

      (өтетін орны) "___" сағат "___" минут

      Сот орындаушысының __________________ жылғы "______" ________

      қаулысы негізінде тыйымсалынған, _____________________ туралы

      (атқарушылық құжат

      талаптарының мазмұны)

      атқарушылық құжат негізінде ________________________________

      (сот орындаушысының аты,

      әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      сот орындаушысы саудаға шығарған, ___________________________

      (борышкердің, үшінші

      адамның аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда), тегі,

      тұрғылықтыжерінің атауы не орны)

      борышкерге, үшінші адамға тиесілі, __________________________

      (мүліктің қысқаша сипаттамасы)

      мекенжайы бойынша орналасқан: № ______________________ лот

      _________________ (___________________) теңге бағаға сатылды

      (лоттың бастапқы бағасы____________(_________________) теңге.

      Жүргізілген аукцион қорытындысы:____________________________.

      Жеңімпаз енгізген кепілді жарнаның мөлшері: ____ (___) теңге.

      Электрондық аукцион өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні

      ішінде аумақтық әділет органының қолма-қол бақылау шотына

      немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына лоттың сатып

      алу құнын енгізбеген электрондық аукцион жеңімпазы осы лот

      бойынша электрондық аукционға одан әрі қатысу құқығынан

      айырылады.

      Электрондық аукцион жеңімпазы ________________________ (ЭЦҚ)

      Сот орындаушысы ______________________________________ (ЭЦҚ)

      БЭСА операторы _______________________________________ (ЭЦҚ)

      Ескертпе: Мүлік бастапқы бағасының жиырма және одан да көп пайыз бағасынан төмен сауда-саттықта өткізілген кезде көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 1429 бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Тыйым салынған мүлікті,
оның ішінде электрондық
аукцион нысанындағы
сауда-саттыққа өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Электрондық аукцион қорытындысы туралы хаттама

      ________________ 20 __ жылғы "___" ________

      (өтетін орны) "_____" сағат "____" минут

      Сот орындаушысының ________ жылғы "___" _____________

      қаулысы негізінде тыйымсалынған, __________________________ туралы

      (атқарушылық құжат

      талаптарының мазмұны)

      атқарушылық құжат негізінде _________________________________

      (сот орындаушысының аты,

      әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      сот орындаушысы саудаға шығарған, ___________________________

      (борышкердің, үшінші

      адамның аты, әкесінің аты

      (болған жағдайда), тегі,

      тұрғылықтыжерінің атауы не орны)

      борышкерге, үшінші адамға тиесілі, __________________________

      (мүліктің қысқаша сипаттамасы)

      мекенжайы бойынша орналасқан: № _______________________лот

      ___________________(________________) теңге бағаға сатылды

      (лоттың бастапқы бағасы__________(___________________) теңге.

      Аукционның қатысушылардың ұсынылған бағасы және лоттың

      ұсынылған бағаға ұсынысының уақытын көрсете отырып көрсетеді:

      1. (жеке тұлға үшін - аты, әкесінің аты (болған жағдайда),

      тегі, мекенжайы,

      ЖСН/ заңды тұлға - толық атауы, мекенжайы, БСН) _____________

      лотқа ұсынған бағасы _____________ (________________) теңге

      ұсынылған бағаға ұсынысының уақыты "__________________" сағат

      "____" минут "____" секунд.

      2. __________________________________________________________

      3. __________________________________________________________

      Жүргізілген аукцион қорытындысы:_____________________________

      Электрондық аукционның жеңімпазы болып танылды:

      ____________________________________________________________,

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлға үшін – аты,

      әкесінің аты (болған жағдайда), тегі)

      мекенжайы __________________________________________________,

      ЖСН/БСН_____________________________________________________.

      Жеңімпаз енгізген кепілді жарнаның мөлшері: ___ (____) теңге.

      Электрондық аукцион өткізілген күннен бастап бес жұмыс күні

      ішінде аумақтық әділет органының қолма-қол бақылау шотына

      немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына лоттың сатып

      алу құнын енгізбеген электрондық аукцион жеңімпазы осы лот

      бойынша электрондық аукционға одан әрі қатысу құқығынан айырылады.

      Электрондық аукцион жеңімпазы _________________________ (ЭЦҚ)

      Сот орындаушысы _______________________________________ (ЭЦҚ)

      БЭСА операторы ________________________________________ (ЭЦҚ)

      Ескертпе: Мүлік бастапқы бағасының жиырма және одан да көп пайыз бағасынан төмен сауда-саттықта өткізілген кезде көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады