Ескерту. Күші жойылды - ҚР Оқу-ағарту министрінің 18.09.2024 № 264 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12104 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары бекітілсін.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидалары";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Арнайы әлеуметтік қызметті ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкер "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7075 болып тіркелген) сәйкес өтініш негізінде аттестаттаудан өтеді.".
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.Қ. Аймағамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Е. Сағадиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
_______________
2018 жылғы "__" _________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
_______________
2018 жылғы "__" _________
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 тамыздағы № 427 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 538 бұйрығына 1-қосымша |
Арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары
1. Осы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынатын субъектінің меншік нысанына қарамастан білім беру саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Әлеуметтік қызметкерге қойылатын біліктілік талаптары: "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша жоғары білім немесе "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша қосымша білімі бар жоғары педагогикалық білім, техникалық және кәсіптік білім (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификат (куәлік).
3. Біліктілігі жоғары деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
1) жоғары санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, немесе (және) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша мамандығы/магистратура, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
2) бірінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
3) екінші санатқа - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық) және біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
4) санаты жоқтарға - жоғары білім (әлеуметтік, медициналық, экономикалық, психологиялық, педагогикалық), жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
4. Біліктілігі орта деңгейдегі әлеуметтік қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптар:
1) жоғары санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі бірінші санаттағы маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
2) бірінші санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санаттағы маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
3) екінші санатқа - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, біліктілігі орта деңгейдегі санаты жоқ маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
4) санаты жоқтарға - техникалық және кәсіптік (арнаулы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) немесе (және) "Әлеуметтік жұмыс" мамандығы бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткені туралы сертификаттың (куәліктің) болуы, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.