Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 237-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 19 шілдеде № 7075 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 8 маусымдағы № 210 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 08.06.2023 № 210 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 233-бабына және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 30.09.2015 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы бекітілсін.

      2. Әлеуметтік көмек департаменті (Манабаева Қ.А.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Мына бұйрықтардың:

      1) "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5565 болып тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 7);

      2) "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарын және оларды аттестаттау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы № 25-ө бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 21-ө бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6068 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2010 жыл, № 10) күші жойылды деп танылсын.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.04.23 № 150-ө-м (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. Ә. Ахметовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Г. Әбдіқалықова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Респуликасының

      Білім және ғылым министрі

      __________Б. Жұмағұлов

      2011 жылғы 29 маусым


      Қазақстан Респуликасының

      Денсаулық сақтау министрі

      __________ С. Қайырбекова

      2011 жылғы 29 маусым



  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2011 жылғы 28 маусымдағы
№ 237-ө бұйрығымен
бекітілген

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін әлеуметтік қызметкерлерді аттестаттаудың тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы әлеуметтiк қызметкерлердi аттестаттауға (бұдан әрi – аттестаттау) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтiк қызметтерге қажеттiлiктi бағалау және айқындау жүргізетін, бекітілген талаптарға сәйкес қажетті біліктілікке ие әлеуметтiк қызметкерлер (бұдан әрі – әлеуметтік қызметкерлер) жатады.

      3. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерді аттестаттаудың негізгі мақсаты:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету жүйесін арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы заманауи теориялық және практикалық әдістерді игерген жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету;

      2) әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру;

      3) тұлғалық жетістіктерді жобалау үшін әлеуметтік қызметкер қызметінің уәждемелік аясын кеңейту болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) әлеуметтік қызметкерді аттестаттау – әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру мақсатында жүргізілетін рәсім;

      2) біліктілік санаты – жұмысты орындаудың күрделілігін көрсететін қызметкердің біліктілігіне қойылатын талаптардың деңгейі.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Міндетті аттестаттау әлеуметтік қызметкердің тиісті біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру мақсатында бес жылда кемінде бір рет, бірақ осы лауазымға орналасқан күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін өткізіледі, бұл ретте бала күтімі бойынша демалыста жүрген әлеуметтік қызметкер жұмысқа шыққаннан соң, кемінде алты айдан кейін аттестатталады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін әлеуметтік қызметкер атқаратын лауазымы бойынша біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру мақсатында мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтініш беру негізінде өтеді, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 25 қазандағы № 360 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16057 болып тіркелген) Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту ұйымдарының басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес біліктілікке қойылатын талаптарды ескере отырып бірінші, екінші немесе жоғары санат беріледі.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Қазақстан Республикасының шегінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ұйымға жаңа жұмыс орнына ауысқан кезде әлеуметтік қызметкердің аттестаттау комиссиясының шешімімен берілген біліктілік санаты сақталады.

      8. Аттестаттау:

      1) тестiлеудi;

      2) әңгiме жүргiзудi;

      3) аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешiмiн шығаруды қамтиды.

2-тарау. Аттестаттауды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Міндетті аттестаттаудан өткізуге дайындықты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеме (ұйым) басшысының тапсырмасы бойынша оның кадр қызметі ұйымдастырады және мынадай шараларды қамтиды:

      1) аттестаттаудан өткізу кестесін әзірлеу;

      2) аттестаттау комиссияларының құрамын айқындау.

      Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеме (ұйым) басшысы кадр қызметінің ұсынуы бойынша аттестатталатын әлеуметтік қызметкерлердің тізімін, аттестаттаудан өткізу кестесін және аттестаттау комиссиясының құрамын бекітетін бұйрық шығарады. Аттестаттауға жататын әлеуметтік қызметкердің тікелей басшысы қызметтік мінездеме ресімдейді және оны кадр қызметіне жібереді.

      10. Мерзімінен бұрын аттестаттаудан өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Аттестаттау комиссиясы саны кемінде бес адамнан тұратын комиссия мүшелерінен және комиссия хатшысынан тұрады. Міндетті аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясын оның Төрағасы болып табылатын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің (ұйымның) басшысы не оның орынбасары, мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде уәкілетті органның бірінші басшысы не оның орынбасары басқарады. Аттестаттау комиссиясының Төрағасы оның қызметін басқарады, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, аттестаттау комиссиясының қызметі мен оның қабылдаған шешімдеріне жалпы бақылауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясының құрамына арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну мәселелерiне жетекшiлiк ететiн тиiстi уәкiлеттi органның қызметкерлерi және жоғары оқу орындары ұйымдарының арнайы және аралас пәндер бойынша оқытушылары (келiсiм бойынша) енгiзiледi.

      13. Міндетті аттестаттау кезінде аттестаттау комиссиясының құрамына мекеменің (ұйымның) түрлі бөлімшелерінің, оның ішінде арнаулы әлеуметтiк қызметтердi ұсыну мәселелерiне жетекшiлiк ететiн бөлімшенің, кадр және заң қызметінің басшылары, ұйым қызметкерлерінің өкілі енгізіледі.

      14. Аттестаттау комиссиясының хатшысы аттестаттау комиссиясы қызметiне техникалық қызмет көрсетудi жүзеге асырады және шешiм қабылдауға қатыспайды.

      15. Аттестаттау комиссиясының отырысы, егер оның құрамының үштен екi бөлiгi оған қатысса заңды болып есептеледi.

      Аттестаттау комиссиясының шешiмi аттестаттау комиссиясы мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.

      16. Аттестаттау комиссиясы өз қызметін осы Қағидаға сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Аттестаттау комиссиясы әлеуметтiк қызметкердi аттестаттауды оның қатысуымен жүргiзедi.

      Әлеуметтік қызметкер аттестаттау комиссиясының отырысына келмеген жағдайда, дәлелдi себептер бойынша (еңбекке уақытша қабiлетсiздiк кезеңiнде, демалыста болған кезеңiнде, кәмелетке толмаған балалардың сырқаты кезiнде, жақын туыстары қайтыс болған кезде, іссапарда жүргенде) келе алмаған жағдайды қоспағанда, ол аттестатталмаған болып есептеледi.

      Аттестатталушы дәлелдi себеп бойынша аттестаттау комиссиясының отырысына келе алмаған жағдайда, оны аттестаттау жөнiндегi мәселе ол жұмысқа шыққан күннен бастап бір айдан кем емес мерзiмге ауыстырылады.

      18. Әлеуметтік қызметкер мерзімінен бұрын аттестаттаудан өту үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      еркін нысандағы жазбаша өтініш;

      кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ;

      ұйымның кадр қызметі куәландырған білімі туралы дипломның көшірмесі;

      ұйымның кадр қызметі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;

      аттестаттаудан өту туралы куәліктің көшірмесі (бар болса).

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Тестілеу

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      19. Тестілеу әлеуметтік қызметкердің таңдауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі. Тестілер әлеуметтік қызметкердің негізгі қызмет түрлерін қамтуға және:

      1) міндетті аттестаттау кезінде 60 сұрақтан тұруға тиіс, оның ішінде:

      10 сұрақ – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша;

      20 сұрақ – әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері бойынша;

      30 сұрақ – осы лауазымның функционалдық міндеттері бойынша;

      2) мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде 80 сұрақтан тұруға тиіс, оның ішінде:

      20 сұрақ – Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша;

      20 сұрақ – әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері бойынша;

      40 сұрақ – осы лауазымның функционалдық міндеттері бойынша.

      Тест сұрақтарын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді. Уәкілетті орган тест сұрақтарын жыл сайын, 1 ақпаннан кешіктірмей міндетті аттестаттаудан және мерзімінен бұрын аттестаттаудан өту үшін бекітеді. Тестілер жауаптардың біреуі дұрыс болатын кемінде үш нұсқаны қамтуға тиіс. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеме (ұйым) тиісті жылы алғаш рет аттестаттау өткізген жағдайда тестілеу күнінен кемінде екі ай бұрын уәкілетті органды бұл туралы хабардар етеді. Уәкілетті орган тестілеу өткізу күнінен күнтізбелік 15 күн бұрын арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің (ұйымның) басшысына тестілік тапсырмаларды пошта бойынша тестілеу өткізуді ұйымдастыру үшін жібереді. Тестілерді орындауға берілген уақыт міндетті аттестаттау кезінде 60 минутты, мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде 80 минутты құрайды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Тестілеу өткізу күні рәсімді өткізуге дейін екі апта қалғанда әлеуметтік қызметкерге жазбаша түрде хабарланады.

      21. Тестiлеу нәтижелерi балмен бағаланады және сол тапсырған күнi хабарланады. Әрбiр тест тапсырмасының дұрыс жауабы бір балмен бағаланады.

      22. Тестілеу нәтижелері Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша кемінде 70 %, әлеуметтік жұмыс, психология, педагогика, дәрігерге дейінгі көмек көрсету негіздері бойынша – 80 %, осы лауазымның функционалдық міндеттері бойынша 80 % дұрыс жауаптар жинаған кезде оң болып саналады.

      Жазбаша тестілеу бойынша шекті деңгейден кем балл жинаған әлеуметтік қызметкер әңгімелесуге жіберілмейді және алғаш тестіленгеннен кейін екі ай мерзімнен кешіктірмей қайта тестілеуге жатады.

      23. Аттестаттау комиссиясы мен уәкілетті органның, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекеменің (ұйымның) бірінші басшылары тестілеу сұрақтарының құпиялығы мен оларды тестілеу өткізу уақытына дейін жарияламауды қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

4-тарау. Әңгімелесуді өткізу

      Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Әлеуметтiк қызметкермен әңгiмелесу шынайы, сыпайы және жанашырлық жағдайында өтеді. Әңгімелесу рәсімі аудио таратушыға жазып алынады.

      25. Әлеуметтік қызметкерге қойылатын сұрақтар кәсiби және бiлiктiлiк даярлық, iскерлiк қасиеттер мәселелерiндегi оның құдiреттiлiгi деңгейiн анықтауға бағытталған және оның лауазымына сәйкес болуға тиiс.

      26. Әңгімелесу нәтижесi бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай хаттамалық шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

      міндетті аттестаттау кезінде:

      1) атқаратын қызметiне лайықты;

      2) қайта аттестаттауға жатады;

      біліктілік санатын белгілеу немесе жоғарылату үшін мерзімінен бұрын аттестаттау кезінде:

      1) біліктілік санаты талаптарына лайықты;

      2) біліктілік санаты талаптарына лайықты емес.

      Біліктілік санаты талаптарына сәйкессіздігі туралы шешім шығарылған жағдайда әлеуметтік қызметкердің хаттамалық шешім шығарылған күннен бастап бір жыл өткеннен кейін мерзімінен бұрын аттестаттаудан өтуге құқығы бар.

5-тарау. Қайта аттестаттау

      Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      27. Қайтадан міндетті аттестаттау бастапқы аттестаттау өткен күннен бастап үш айдан кейiн, осы Қағидада айқындалған тәртiппен өткiзiледi.

      28. Аттестаттау комиссиясы қайтадан міндетті аттестаттаудың нәтижелерi бойынша мынадай шешiмдердiң бiрiн қабылдайды:

      1) атқаратын қызметiне лайықты;

      2) атқаратын қызметiне лайықты емес.

      29. Әлеуметтiк қызметкерлердiң аттестаттаудан (қайта аттестаттаудан) өту қорытындылары аттестаттау комиссиясының төрағасы мен оның басқа да мүшелерi қол қоятын хаттамалық шешiмде тiркеледi.

      30. Аттестаттау комиссиясының шешімімен келіспеген жағдайда әлеуметтік қызметкердің сот тәртібімен оған шағымдануына болады.

6-тарау. Қорытынды рәсімдер

      Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      31. Міндетті аттестаттау қорытындысы бойынша әлеуметтік қызметкерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мекеме (ұйым) хаттамалық шешімнің көшірмесін береді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.04.23 № 150-ө-м (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      32. Алынып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.04.23 № 150-ө-м (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      33. Алынып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.04.23 № 150-ө-м (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      34. Мерзімінен бұрын аттестаттаудан табысты өткен әлеуметтік қызметкерге уәкілетті орган хаттамалық шешім шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес аттестаттаудан өтуі туралы куәлік береді. Аттестаттаудан өтуі туралы куәлік беру журналда тіркеледі.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      35. Алынып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.04.23 № 150-ө-м (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      36. Біліктілік санатын белгілеу немесе арттыру туралы куәліктің жарамдылық мерзімі аттестаттау комиссиясы шешім шығарған күннен бастап 5 жылды құрайды.

      Ескерту. 6-тарау 36-тармақпен толықтырылды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы әлеуметтік
қызметкерлерді аттестаттау
қағидасына 1-қосымша

      Нысан

Сертификат № _________

      Ескерту. 1-қосымша алынып тасталды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012.04.23 № 150-ө-м (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

  Халықты әлеуметтік қорғау
саласындағы әлеуметтік
қызметкерлерді аттестаттау
қағидасына 2-қосымша
  Нысан

      _________________________________________________________

      (уәкілетті органның атауы)

аттестаттаудан өту туралы
№ _________ куәлік

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.07.2019 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20__ жылғы "__" ___________ аттестаттау комиссиясының шешімімен,

      № ________ хаттама

      __________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (бар болса)

      20__ жылғы "___" _____________ аттестаттау комиссиясының

      шешіміне сәйкес ____________________________________________________

                              (лауазым атауы)

      20 жылғы "___" ___________ мерзіміне дейін

      _____________ біліктілік санаты белгіленді немесе жоғарылатылды.

      Аттестаттау

      комиссиясының төрағасы:____________________________________________

                              (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      Аттестаттау

      комиссиясының хатшысы:

      __________________________________________________________________

                        (Т.А.Ә. (бар болса), қолы)

      М.О.

      Берілген жері ____________________ Күні "___"__________ 20__жыл.

      (қала, облысты көрсету қажет)

      Тіркеу № ______


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады