Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1463 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 қазанда № 17527 болып тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 1463 бұйрығымен
Бекітілген

Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 31.08.2022 № 732 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида адвокат және заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу Қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 23-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және құқықтық консультация беру түріндегі адвокат және заң консультанты көрсеткен мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібін айқындайды.

2 тарау. Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тәртібі

      2. Адвокат немесе заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуға Заңның 26-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғаларға көрсетілген құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегі жатады.

      3. Адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды адвокат осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тізілімінде (бұдан әрі-тізілім) қазақ немесе орыс тілдерінде электрондық жеткізгіште жүргізеді.

      4. Заң консультанты көрсеткен, құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алуды заң консультанты осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тізілімінде қазақ немесе орыс тілдерінде электрондық жеткізгіште жүргізеді.

      5. Мәліметтер тұлғаның мемлекет кепілдік берген құқықтық консультация беру түріндегі заң көмегіне жүгінген күні тізілімге енгізілуге жатады.

      6. Адвокаттық құпиямен немесе заң консультантының құпиясымен қорғалатын құпия ақпаратты қоспағанда, электрондық тізілімде қамтылған мәліметтерді адвокат немесе заң консультанты заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізеді.

  Адвокат немесе заң
консультанты көрсеткен
құқықтық консультация
беру түріндегі мемлекет кепілдік
берген заң көмегін есепке алу
Қағидасына
1-қосымша

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тізілімі адвокат көрсеткен құқықтық консультация беру ______________________________________________________________________ (адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттық кеңселер) ______________________________________________________________________ (адвокаттың Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))

№ п/п

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегіне жүгінген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке куәлігін растайтын құжат және жүгінген күні

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үшін негіз болып табылатын құжаттың атауы мен деректемелері

құқықтық мәселенің мәні

құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегінің нысаны (ауызша немесе жазбаша консультация беру, өтінішті, шағымды, өтінішхатты және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау)

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге байланысты адвокаттың жұмыспен қамтылу уақытының ұзақтығы

адвокаттың электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы мәліметтер

жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8

  Адвокат немесе заң
консультанты көрсеткен
құқықтық консультация
беру түріндегі мемлекет кепілдік
берген заң көмегін есепке
алу Қағидасына
2-қосымша

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін есепке алу тізілімі заң консультанты көрсеткен құқықтық консультация беру ______________________________________________________________________ (заң консультациясы палатасының атауы) ______________________________________________________________________ (заң консультантының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса))

№ п/п

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегіне жүгінген тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), жеке куәлігін растайтын құжат және жүгінген күні

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету үшін негіз болып табылатын құжаттың атауы мен деректемелері

құқықтық мәселенің мәні

құқықтық консультация беру түріндегі мемлекет кепілдік берген заң көмегінің нысаны (ауызша немесе жазбаша консультация беру, өтінішті, шағымды, өтінішхатты және құқықтық сипаттағы басқа да құжаттарды жасау)

құқықтық консультация беру түрінде мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсетуге байланысты заң консультантының жұмыспен қамтылу уақытының ұзақтығы

заң консультантының электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы мәліметтер

жеке тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасы туралы мәліметтер

1

2

3

4

5

6

7

8



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады