Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарға аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы және "Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1466 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 қазанда № 17529 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 № 61 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарға аттестаттау жүргізу қағидалары бекiтiлсiн.

      2. "Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10269 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы"

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН.".

      Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларына

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1- тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Аттестаттаудан өту үшiн құжаттарды қабылдау тәртiбi";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Аттестаттау өткiзудiң тәртiбi мен шарттары";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Тестiлерге енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi. Үмiткерлердiң бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар нотариаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына (Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығы, Қазақстан Республикасының жер құқығы, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде үш нұсқасын қамтуы тиiс.

      Тестiлеу компьютерлiк техниканы пайдалана отырып өткiзiледi.

      Тестiлеуге бөлiнген уақыт тоқсан минуты құрайды.

      Тест құпия ақпарат болып табылады және еркін жариялауға жатпайды.

      Аттестаттауды өткiзер алдында Комиссия үмiткердi аттестаттауды өткiзу тәртiбi, ұзақтығы және үмiткерлердi iрiктеу рәсiмiнiң мазмұны туралы хабардар етедi.

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Комиссия тестiлеу және/немесе емтихан сұрақтарына жауаптардың нәтижелерi бойынша 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өткені туралы не осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өтпегені туралы дәлелдi шешiм шығарады. Аттестаттау нәтижелерi үмiткер аттестаттаудан өткен күнi, ол аяқталғаннан кейiн жария етiледi.

      Комиссияның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

      Комиссияның аттестаттаудан өту туралы шешiмi Заңның 7-2-бабының 9-тармағына сәйкес, оның шығарылған сәтiнен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.

      Аттестаттаудан өтпеген үмiткер қайта аттестаттауға бiр жылдан соң жiберiледi.

      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
М. Бекетаев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2018 жылғы 28 қыркүйегіндегі
№ 1466 бұйрығымен бекітілген

Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарға аттестаттау жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарға аттестаттау жүргізу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 5 шілдедегі Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.

      2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер және адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында (бұдан әрi – аумақтық әдiлет органдары) құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияда (бұдан әрi – Комиссия) аттестаттаудан өтедi.

      Комиссияның жұмыс органы аумақтық әдiлет органы болып табылады.

      Комиссия жетi мүшеден – үш адвокаттан, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.

      Адвокаттардың кандидатураларын адвокаттар алқасының президиумы айқындайды және комиссияның құрамына қосу үшiн аумақтық әдiлет органына ұсынады.

      Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жоғары бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.

      Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады.

      Комиссия мүшелерiнiң бiрi оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күнiнен бастап жаңа мүшесi бiр айдан кешiктiрiлмей құрамға енгiзiледi.

      Аумақтық әдiлет органы басшысының аттестаттау комиссиясының мәселелерiне жетекшiлiк ететiн орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.

      Аумақтық әдiлет органы Комиссияның қызметiн ұйымдастыру үшiн аумақтық әдiлет органы қызметкерлерiнiң iшiнен Комиссия хатшысын тағайындайды.

      Комиссия хатшысы комиссия отырысының күн тәртiбiн қалыптастырады және отырыстардың хаттамаларын ресiмдейдi. Хатшы Комиссия мүшесi болып табылмайды.

      Комиссияның дербес құрамын аумақтық әдiлет органдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;

      2) "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;

      3) теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.

      4. Комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысуға құқылы. Аумақтық әдiлет органы бұқаралық ақпарат құралдарына отырыстың өткiзiлетiн күнi туралы хабарлайды.

      Комиссия отырысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудио- және (немесе) бейнежазба не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, аудио- және (немесе) бейнежазбалар отырыс хаттамасына қоса тiркеледi және Комиссия материалдарымен бiрге сақталады.

2-тарау. Аттестаттаудан өту үшiн құжаттарды қабылдау тәртiбi

      5. Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін "электрондық үкіметтің" веб-порталы не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы:

      1) "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы көрсетiлетiн ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында, сұрау салу;

      2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;

      Аттестаттауға жіберу туралы өтініші, осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес мәліметтермен қамтылады.

      6. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам өтініш беру кезінде аттестаттаудың жүргізілетін орнын, күнін және тілін (қазақ немесе орыс) айқындауға құқылы.

      7. Құжаттар тиісінше ресімделмеген не олардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайларда, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары ұсынылған құжаттармен бірге өтінішті "электрондық үкіметтің" веб-порталына келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде оларды қарамастан, қайтару себебі туралы хабарламамен бірге үміткерге қайтарады.

      8. Комиссия үміткердің аттестаттауға жіберу туралы өтінішін күнтізбелік он бес күн ішінде қарайды. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссия қарау қорытындылары бойынша үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы уәжді шешім шығарады.

      Өтініш заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы берілген кезде, барлық деректердің адвокатқа қойылатын талаптарға сәйкестігі интеграцияланған дерекқорлардың ресурстары пайдаланыла отырып, автоматты түрде тексеріледі.

      Егер үміткер "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасы Заңында белгіленген талаптарға сай болмаса, оны аттестаттауға жіберуден бас тартылады.

      Аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары өтініш келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей үміткерге жібереді.

3-тарау. Аттестаттау өткiзудiң тәртiбi мен шарттары

      9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтық әділет органдары аттестаттауға жіберілген үміткерді аттестаттау жүргізілерден күнтізбелік он күн бұрын оның жүргізілетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы хабардар етеді.

      Өтініш заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы берілген және үміткер адвокатқа қойылатын талаптарға сәйкес келген кезде, заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі аттестаттау жүргізу үшін үміткерлердің тізімін автоматты түрде қалыптастырады және оның жүргізілетін орнын, күнін, уақытын және тілін (қазақ немесе орыс) растайды.

      Аттестаттауға жiберiлген үмiткерлердiң тiзiмдерi оны өткiзгенге дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей аумақтық әдiлет органының интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Комиссия отырысына келген кезде үмiткердiң өзiнде оның жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиiс.

      10. Аттестаттау екi кезеңнен тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және адвокаттық қызметті жүзеге асыруға психологиялық дайындығын кешенді компьютерлік тестілеу;

      2) қажетті көздерді пайдалана отырып, істің мән-жайларын талдау бойынша практикалық тапсырма кезеңдерінен тұрады.

      11. Аттестаттауды өткiзер алдында Комиссия үмiткердi аттестаттауды өткiзу тәртiбi, ұзақтығы және үмiткерлердi iрiктеу рәсiмiнiң мазмұны туралы хабардар етедi.

      Жалпы уақыт, психологиялық тесттің орындауына – 20 минут, заңнаманы білу тестісіне – 90 минут (100 сұрақ) құрайды.

      Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылып шығарылады және аяқтала салысымен бірден үмiткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшiн ұсынылады.

      Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi.

      12. Тестiлерге енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi. Үмiткерлердiң бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар адвокаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде үш нұсқасын қамтуы тиiс.Тест құпия ақпарат болып табылады және еркін жариялауға жатпайды.

      13. Біріздендірілген заңи тест тапсырмаларынан тұратын кешенді компьютерлік тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып жүргізіледі.

      Тестілеу үшін заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі қолданылған жағдайда, кешенді компьютерлік тестілеудің мазмұны біріздендірілген заңи тест тапсырмаларынан автоматты түрде жасалады.

      Біріздендірілген заңи тест тапсырмаларын қалыптастыруды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, конкурстық негізде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.

      14. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

      Қазақстан Республикасының заңнамаларын білу тестісінен өткенге дейін үміткерлер психологиялық тестіден өтеді.

      Тестіні орындауға берілген уақыт біткенде, бағдарлама автоматты түрде жабылады, Қазақстан Республикасының заңнаманы білуіне тест тапсыруға ауысады.

      15. Практикалық тапсырмаға үмiткердiң жауап дайындауы үшiн 10 минут уақыт берiледi. Комиссия мүшелерi үмiткердiң емтихан билетiнiң ауызша сұрақтарына берген жауаптарының дұрыстығын бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

      Комиссияның әрбiр мүшесi аттестаттаудан өтушiнiң жауаптарын басқалардан тәуелсiз әр жауап бойынша бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

      Төрағалық етушi екiншi кезеңнiң қорытындылары бойынша Комиссия мүшелерi шығарған нәтижелердi есептейдi және жалпы орташа балды шығарады. Орташа балл үміткердің жинаған балының жалпы санын Комиссияның қатысушы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады. Үміткердің қорытынды балы 3,3 деп есептелсе, 3,3 деп бағаланады, 4,2 деп есептелсе, 4,2 деп бағаланады және т.б.

      Комиссия мүшелерiнiң бағалары, сондай-ақ аттестаттаудан өтушiнiң емтихан билетiнiң сұрақтары бойынша жинаған жалпы орташа балы Комиссияның хаттамасында көрсетiледi.

      Егер жалпы орташа балл кемiнде төрт балды құраса және одан жоғары болса, үмiткер аттестаттаудан өттi деп саналады.

      16. Аттестаттаудың екінші кезеңі үшін практикалық тапсырманың мазмұнын Республикалық адвокаттар алқасы өзі дербес қалыптастырады.

      Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері практикалық тапсырмалардың нұсқаларын үміткерлер санынан асып түсетін санда ұсынады. Практикалық тапсырманың сұрақтары құпия ақпарат болып табылады және жария етілуге және таратылуға жатпайды.

      17. Комиссияның отырысында оның күнi, уақыты мен орны, аттестаттаудан өтушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болғанда), тестiлеу нәтижесi, емтихан билетiнiң нөмiрi мен мазмұны, аттестаттаудан өтушiнiң жауаптары, Комиссия мүшелерiнiң қойған балдары мен билет сұрақтары бойынша жалпы орташа балы, сондай-ақ Комиссияның шешiмi көрсетiлетiн хаттама (бұдан әрі - Комиссияның хаттамасы) жүргiзiледi.

      Хаттамаға аттестаттауды жүргiзуге қатысқан Комиссияның барлық мүшелерi қол қояды.

      18. Аттестаттаудан өту кезiнде үмiткерге анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттi, байланыс құралдарын, сондай-ақ электрондық жеткіште қандай да бiр жазбаларды пайдалануға жол берiлмейдi.

      Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, комиссия үміткерді ағымдағы аттестаттаудан шеттетеді.

      Аттестаттаудан шеттетілген үміткер шешім шығарылған күннен үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы қайтадан өтініш беруге құқылы.

      19. Комиссия екінші кезеңнің нәтижелері бойынша үміткердің аттестатталғаны туралы не аттестатталмағаны туралы осы Ереженің 2- қосымшасына сәйкес уәжді шешім шығарады.

      Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешіміне уәкілетті органға немесе сотқа шағым жасалуы мүмкін.

      Комиссияның аттестаттаудан өту туралы шешiмi оның шығарылған сәтiнен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.

      20. Дәлелдi себептер (денсаулық жағдайы бойынша, iссапарда болу себебiнен, еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан қатысудың мүмкiн еместiгi) бойынша аттестаттауға келмеген үмiткер осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген тәртiппен Комиссияның келесi отырысына шақырылады.

      Үмiткер қайта келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қаралмайды.

  Адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер
адамдарға аттестаттау
жүргізу қағидалары
1-қосымша
  Адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттау жөніндегі
комиссияның төрағасына
кімнен _________________________
(жеке тұлғаның тегi, аты,
әкесiнiң аты
(бар болған кезде), жеке
сәйкестендiру нөмiрi)
мекен-жайы
________________________
(пошталық индексi, облысы,
қаласы, ауданы,
(елдi мекені, көше атауы,
үй/ғимараттың нөмiрi)

Аттестаттауға жіберу туралы өтініш

      Маған адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге рұқсат етуіңізді сұраймын.

      ________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (бар болған кезде), жеке

      сәйкестендiру нөмiрi)

      1) Диплом туралы мәлімет:

      1. жоғары оқу орнының атауы _________________________

      2. мамандықтың шифрі _______________________________

      3. дипломның нөмірі ______________________________

      4 дипломның берілген күні __________________________________

      5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжат

      _____________________________________________________________

      1. сериясы және нөмірі:

      2. негіздеме: күні және нөмірі ______________________________

      3. тіркеу нөмірі және күні __________________________________

      2) Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

      1. Тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні________

      2. _____________________облысының/қаласының адвокаттар алқасы

      3. тағылымдама жетекшісі___________________________________

      4. тағылымдама жетекшісінің адвокаттық қызмет өтілі_________

      5. тағылымдаманың басталу күні_______________________________

      6. тағылымдаманың аяқталу күні__________________________

      Осымен:

      шынайы мәліметтер ұсынғаным үшін дербес жауап беремін; көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге мүмкін болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді.

      Жеке тұлға ______________________ күні:________

      (қолы)            (Т.А.Ә. (бар болған кезде)

  Адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарға
аттестаттау жүргізу
қағидаларына 2-қосымша

үмiткердi аттестаттау /аттестаттамау туралы шешiмi

      _______________ қаласы 20___ жылғы "___" _______

      Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттау нәтижелерi бойынша

      ____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Тестiлеу бойынша ____________________________ балл

      практикалық тапсырма бойынша _______________ балл жинады.

      Мынақұрамдағы Комиссия: Төраға Мүшелерi шешiмшығарды:

      _________________________________ аттестаттаудан өтті/өтпеді деп

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда) саналсын.

      Комиссия төрағасы Комиссия хатшысы

Об утверждении Правил проведения аттестации лиц, претендующих на занятие адвокатской деятельностью и внесения изменения в Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 января 2015 года № 56 "Об утверждении Правил проведения аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на занятие адвокатской деятельностью и на право занятия нотариальной деятельностью"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 28 сентября 2018 года № 1466. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 октября 2018 года № 17529. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 28 мая 2020 года № 61 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра юстиции РК от 28.05.2020 № 61 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 40 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2018 года "Об адвокатской деятельности и юридической помощи" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила проведения аттестации лиц, претендующих на занятие адвокатской деятельностью.

      2. В приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 января 2015 года № 56 "Об утверждении Правил проведения аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на занятие адвокатской деятельностью и на право занятия нотариальной деятельностью" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10269, опубликован 5 марта 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") внести следующее изменение:

      наименование приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил проведения аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на право занятия нотариальной деятельностью"

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии со статьей 7-2 Закона Республики Казахстан от 14 июля 1997 года "О нотариате" ПРИКАЗЫВАЮ:".

      в Правилах проведения аттестации лиц, прошедших стажировку и претендующих на право занятия нотариальной деятельностью, утвержденных указанным приказом:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава 1. Общие положения";

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок приема документов для прохождения аттестации"

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Порядок и условия проведения аттестации";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Перечень вопросов, подлежащих включению в тесты, формируется Министерством юстиции Республики Казахстан. Вопросы для оценки знаний претендентов должны соответствовать тематике правовых дисциплин, (Гражданское право Республики Казахстан, Жилищное право Республики Казахстан, Земельное право Республики Казахстан, Кодекс Республики Казахстан "О браке (супружестве) и семье", Законы Республики Казахстан "О противодействии коррупции", "О государственной регистрации прав на недвижимое имущество" и "О нотариате" знание которых необходимо для осуществления нотариальной деятельности, и содержать не менее трех вариантов ответа с одним правильным.

      Тестирование проводится с использованием компьютерной техники. Время, отведенное для тестирования, составляет девяносто минут.

      Тесты являются конфиденциальной информацией, и не подлежат свободному распространению.

      Перед прохождением аттестации Комиссия информирует претендента о порядке проведения аттестации, продолжительности и содержании процедуры отбора претендентов.";

      пункт 17 изложить в следующей редакции:

      "17. По результатам тестирования и/или ответов на экзаменационные вопросы Комиссия выносит мотивированное решение о прохождении аттестации лицами, претендующими на право занятия нотариальной деятельностью по форме, согласно приложению 1 либо решение о непрохождении аттестации лицами, претендующими на право занятия нотариальной деятельностью по форме, согласно приложению 2 к настоящим Правилам. Результаты аттестации оглашаются в день прохождения претендентом аттестации после ее окончания.

      Решение Комиссии может быть обжаловано в судебном порядке.

      Решение Комиссии о прохождении аттестации является действительным в течение трех лет с момента его вынесения, в соответствии с пунктом 9 статьи 7-2 Закона.

      Претендент, не прошедший аттестацию, допускается к повторной аттестации не ранее чем через один год.".

      3. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра юстиции Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
М. Бекетаев

  Утвержден приказом
Министра юстиции
Республики Казахстан
от 28 сентября 2018 года № 1466

Правила проведения аттестации лиц, претендующих на занятие адвокатской деятельностью

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила проведения аттестации лиц, претендующих на занятие адвокатской деятельностью (далее – Правила) разработаны в соответствии со статьей 40 Закона Республики Казахстан от 5 июля 2018 года "Об адвокатской деятельности и юридической помощи" (далее - Закон) и определяют порядок и условия проведения аттестации лиц, претендующих на занятие адвокатской деятельностью.

      2. Лица, претендующие на занятие адвокатской деятельностью и успешно прошедшие стажировку в коллегиях адвокатов, проходят аттестацию в комиссии по аттестации лиц, претендующих на занятие адвокатской деятельностью (далее – Комиссия), создаваемой при территориальном органе юстиции областей, городов республиканского значения и столицы (далее – территориальные органы юстиции).

      Рабочим органом Комиссии является территориальный орган юстиции.

      Комиссия состоит из семи членов, в том числе трех адвокатов, кандидатуры которых определяются общим собранием (конференцией) членов коллегий адвокатов областей, городов республиканского значения, столицы, двух представителей органов юстиции, ученого-юриста и депутата маслихата.

      Кандидатура ученого-юриста рекомендуется высшими учебными заведениями, реализующими образовательные учебные программы высшего образования на территории соответствующей административно-территориальной единицы.

      Кандидатура депутата маслихата рекомендуется маслихатами областей, городов республиканского значения и столицы.

      В случае выхода из состава Комиссии одного из членов, новый член включается в состав не позднее одного месяца со дня выбытия.

      Председателем Комиссии является заместитель руководителя территориального органа юстиции, курирующий вопросы аттестационной комиссии.

      Для организации деятельности Комиссии территориальным органом юстиции из числа сотрудников территориального органа юстиции областей, городов республиканского значения, столицы назначается секретарь Комиссии.

      Секретарь Комиссии формирует повестку дня заседания Комиссии и оформляет протоколы заседаний. Секретарь не является членом Комиссии. Персональный состав Комиссии по представлению территориальных органов юстиции утверждается приказом Министра юстиции Республики Казахстан.

      3. От прохождения аттестации освобождаются:

      1) лица, сдавшие квалификационный экзамен в Квалификационной комиссии при Высшем Судебном Совете Республики Казахстан, успешно прошедшие стажировку в суде и получившие положительный отзыв пленарного заседания областного или приравненного к нему суда;

      2) лица, прекратившие полномочия судьи по основаниям, предусмотренным подпунктами 1), 2), 3), 9), 10) и 12) пункта 1 статьи 34 Конституционного закона Республики Казахстан "О судебной системе и статусе судей Республики Казахстан";

      3) лица, уволенные из органов прокуратуры и следствия, при наличии стажа работы в должности прокурора или следователя не менее десяти лет, за исключением уволенных по отрицательным мотивам.

      4. На заседании комиссии по аттестации лиц, претендующих на занятие адвокатской деятельностью, вправе присутствовать представители средств массовой информации, Республиканской коллегии адвокатов и члены коллегии адвокатов. О дате проведения заседания средства массовой информации извещаются территориальным органом юстиции.

      В целях обеспечения открытости и гласности на заседаниях комиссии по аттестации лиц, претендующих на занятие адвокатской деятельностью, осуществляются аудио- и (или) видеозаписи либо стенографирование надлежащего качества. Стенограмма, аудио- и (или) видеозаписи, полученные в ходе заседания, приобщаются к протоколу заседания и хранятся вместе с материалами комиссии по аттестации лиц, претендующих на занятие адвокатской деятельностью.

Глава 2. Порядок приема документов для прохождения аттестации

      5. Лицо, претендующее на занятие адвокатской деятельностью, после успешного прохождения стажировки, направляет в Комиссию через веб-портал "электронного правительства" либо единую информационную систему юридической помощи:

      1) заявление в форме электронного документа, подписанного ЭЦП, через веб-портал "электронного правительства" по форме, согласно приложению 1 к настоящим Правилам;

      2) электронную копию справок из наркологического и психиатрического диспансеров, выданные не ранее чем за месяц до их представления в органы юстиции.

      6. Лицо, претендующее на занятие адвокатской деятельностью, при подаче заявления вправе определить место, дату и язык (казахский или русский) проведения аттестации.

      7. В случаях ненадлежащего оформления либо представления неполного пакета документов заявление вместе с представленными документами возвращается территориальными органами юстиции областей, городов республиканского значения, столицы претенденту без рассмотрения в срок не позднее двух рабочих дней со дня их поступления в веб-портал "электронного правительства" с уведомлением о причине возврата.

      8. Заявление претендента о допуске к аттестации рассматривается комиссией в течение пятнадцати календарных дней. По итогам рассмотрения комиссия по аттестации лиц, претендующих на занятие адвокатской деятельностью, выносит мотивированное решение о допуске либо об отказе в допуске претендента к аттестации.

      При подаче заявления посредством единой информационной системы юридической помощи соответствие всех данных требованиям, предъявляемым к адвокату, проверяется автоматически с использованием ресурсов интегрированных баз данных.

      В допуске к аттестации отказывается, если претендент не соответствует требованиям, установленным Законом Республики Казахстан "Об адвокатской деятельности и юридической помощи".

      Решение об отказе в допуске к аттестации направляется территориальными органами юстиции областей, городов республиканского значения, столицы претенденту не позднее пятнадцати календарных дней со дня поступления заявления.

Глава 3. Порядок и условия проведения аттестации

      9. Претендент, допущенный к аттестации, уведомляется территориальными органами юстиции областей, городов республиканского значения, столицы о месте, дате, времени, порядке проведения аттестации не позднее, чем за десять календарных дней до ее проведения.

      При подаче заявления посредством единой информационной системы юридической помощи и соответствии претендента требованиям, предъявляемым к адвокату, единая информационная система юридической помощи автоматически формирует список претендентов для проведения аттестации и подтверждает место, дату, время и язык (казахский или русский) ее проведения.

      Списки претендентов, допущенных к аттестации, не позднее, чем за десять рабочих дней до ее проведения размещаются на интернет-ресурсах территориального органа юстиции областей, городов республиканского значения, столицы.

      При явке на заседание Комиссии претенденту необходимо иметь при себе документ, удостоверяющий его личность.

      10. Аттестация состоит из двух этапов:

      1) комплексного компьютерного тестирования на знание законодательства Республики Казахстан и психологической готовности к осуществлению адвокатской деятельности;

      2) практического задания по анализу обстоятельств дела с использованием необходимых источников.

      11. Перед прохождением аттестации Комиссия информирует претендента о порядке проведения аттестации, продолжительности и содержании процедуры отбора претендентов.

      Общее время, отпущенное на выполнение психологического теста - 20 минут, тест на знание законодательства - 90 минут (100 вопросов).

      Подсчет правильных ответов тестирования производится при помощи используемой компьютерной программы автоматически. Результаты тестирования распечатываются на принтере в двух экземплярах и предоставляются претенденту для ознакомления путем проставления личной подписи сразу по окончании.

      Один экземпляр листа с результатами тестирования вручается претенденту, второй – передается Комиссии.

      12. Перечень вопросов, подлежащих включению в тесты, формируется Министерством юстиции Республики Казахстан. Вопросы для оценки знаний претендентов должны соответствовать тематике правовых дисциплин (Гражданский кодекс Республики Казахстан, Гражданский процессуальный кодекс Республики Казахстан, Уголовный кодекс Республики Казахстан, Уголовно-процессуальный кодекс Республики Казахстан, Кодекс Республики Казахстан "Об административных правонарушениях", Закон Республики Казахстан "О противодействии коррупции", знание которых необходимо для осуществления адвокатской деятельности, и содержать не менее трех вариантов ответа с одним правильным.

      Тесты являются конфиденциальной информацией, и не подлежат свободному распространению.

      13. Комплексное компьютерное тестирование из заданий унифицированного юридического теста проводится с использованием компьютерной техники.

      В случае применения для тестирования единой информационной системы юридической помощи содержание комплексного компьютерного тестирования создается автоматически из заданий унифицированного юридического теста.

      Формирование заданий унифицированного юридического теста осуществляется Министерством юстиции Республики Казахстан с привлечением на конкурсной основе независимых экспертов в порядке, предусмотренном законодательством Республики Казахстан.

      14. Претендент считается прошедшим тестирование, если количество правильных ответов составляет 70 и более от общего числа предложенных вопросов, и допускается ко второму этапу.

      Претенденты проходят психологический тест до прохождения теста на знание законодательства Республики Казахстан.

      По истечении времени, отведенного на прохождение тестов, программа автоматически закрывается, и переходят тест на знание законодательства Республики Казахстан.

      15. Во втором этапе претенденту для подготовки к практическому заданию отводится 10 минут. Правильность ответов претендента на практическое задание оценивается членами Комиссии по пятибалльной системе.

      Каждый член Комиссии оценивает ответы по каждому вопросу аттестуемого по пятибалльной системе независимо от других.

      По итогам второго этапа председательствующий производит подсчет результатов, выставленных членами Комиссии, и выводит общий средний балл. Средний балл определяется путем разделение общего количество набранного балла претендента на количество присутствующих членов Комиссии. Итоговый балл претендента при расчете 3,3 оценивается, как 3,3 при расчете 4,2 оценивается 4,2. и. т.д.

      Оценки членов Комиссии, а также общий средний балл, набранный аттестуемым по практическому заданию, отражаются в протоколе.

      Претендент считается прошедшим аттестацию, если общий средний балл составил от четырех баллов и выше.

      16. Содержание практического задания для второго этапа аттестации формируется самостоятельно Республиканской коллегией адвокатов.

      Представители Республиканской коллегии адвокатов представляют варианты практических заданий в количестве, превышающем число претендентов. Вопросы практического задания являются конфиденциальной информацией и не подлежат разглашению и распространению.

      17. На заседании Комиссии ведется протокол (далее - протокол), в котором отражаются: дата, время и место проведения заседания, фамилия, имя, отчество (при его наличии) аттестуемого, результат тестирования, номер и содержание экзаменационного билета, ответы аттестуемого (при наличии), баллы, выставленные членами Комиссии, и общий средний балл по вопросам билета, а также решение Комиссии.

      Протокол подписывается всеми членами Комиссии, принявшими участие в проведении аттестации.

      18. При проведении аттестации не разрешается использование претендентом справочной, специальной и прочей литературы, средств связи, а также каких-либо записей, за исключением второго этапа проведения аттестации, где допускается использование бумажных текстов законов.

      В случае нарушения указанных требований претендент отстраняется комиссией от текущей аттестации.

      Претендент, отстраненный от аттестации, вправе повторно подать заявление о допуске к аттестации по истечении трех месяцев со дня вынесения решения.

      19. По результатам второго этапа Комиссия выносит мотивированное решение об аттестации либо о неаттестации претендента по форме, согласно приложению к настоящим Правилам.

      Решение комиссии по аттестации лиц, претендующих на занятие адвокатской деятельностью, может быть обжаловано в уполномоченный орган или суд.

      Решение Комиссии о прохождении аттестации является действительным в течение шести лет со дня его вынесения.

      20. Претендент, не явившийся на аттестацию по уважительной причине (невозможность присутствия по состоянию здоровья, по причине нахождения в командировке, вследствие непреодолимой силы, иные обстоятельства, подтвержденные документально), вызывается на следующее заседание Комиссии в порядке, предусмотренном в пункте 5 настоящих Правил.

      В случае повторной неявки претендента, его заявление остается без рассмотрения.

  Приложение 1
к Правилам проведения
аттестации лиц претендующих
на занятие адвокатской
деятельностью Председателю
комиссии по аттестации лиц,
претендующих на занятие
адвокатской деятельностью
от _________________________
(фамилия имя отчество
(при его наличии)
  Адрес местожительства:
___________________________
(почтовый индекс, область,
город, район,
____________________________
населенный пункт,
наименование улицы,
номер дома/здания)

                              Заявление о допуске к аттестации

            Прошу допустить меня к прохождению аттестации на занятие адвокатской деятельностью.
________________________________________________________________________________
            фамилия, имя, отчество (при его наличии) физического лица,
                  индивидуальный идентификационный номер)
      1) Сведения о дипломе:
      1. наименование высшего учебного заведения __________________________
      1. шифр специальности______________________________________________
      2. номер диплома __________________________________________________
      4. дата выдачи диплома ____________________________________________
      5. документ, подтверждающий прохождение процедуры нострификации или
признания в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об образовании":
      1. серия и номер ___________________________________________________
      2. основание: дата и номер __________________________________________
      3. регистрационный номер и дата_____________________________________
      2) Заключение о прохождении стажировки:
      1. дата утверждения заключения о прохождении стажировки_____________
      2. коллегия адвокатов ________________________________ области/города
      3. руководитель стажировки _________________________________________
      4. Стаж адвокатской деятельности руководителя стажировки ____________
      5. дата начала стажировки __________________________________________
      6. дата окончания стажировки _______________________________________
      Настоящим подтверждается, что:
      за предоставление достоверных сведений несу персональную ответственность;
      все указанные данные являются официальными контактами и на них может быть
направлена любая информация по вопросам допуска или отказа к прохождению аттестации;
      заявителю не запрещено судом заниматься лицензируемым видом и (или) подвидом деятельности;
      все прилагаемые документы соответствуют действительности и являются действительными;
      заявитель согласен на использование персональных данных ограниченного доступа,
составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся в информационных системах, при
выдаче лицензии и (или) приложения к лицензии.
      Физическое лицо ___________________________________________________________
                        (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      Дата

  Приложение 2
к Правилам проведения
аттестации лиц претендующих
на занятие адвокатской
деятельностью

                  Решение об аттестации /неаттестации претендента

            город ____________                               "____" __________20____ года

            По результатам аттестации на занятие адвокатской деятельностью
_________________________________________________________________________ набрал:
                        (Ф.И.О. (при его наличии)
по тестированию ____________________ баллов по практическая задания _________ баллов
Комиссия в составе:
      Председателя:
      Членов:
      Решила:
      Считать _______________________________ прошедшим/не прошедшим аттестацию.
      (Ф.И.О. (при его наличии)                                     (нужное подчеркнуть)
      Председатель Комиссии
      Секретарь Комиссии