Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 61 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 мамырда № 20774 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бекітілсін:

      1) "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлғаларға аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидасы осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің міндетін атқарушы
Н. Пан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 61 бұйрығына
1-қосымша

"Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірледі және "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      2. Адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамның (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияға (бұдан әрі-Комиссия) www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі-Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.

      3. "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың әділет департаменттері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметтерді беруші) көрсетеді.

      4. Процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызметке өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе портал арқылы жіберіледі.

      Өтініш беруші жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      5. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді, ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда дәлелді бас тартуды дайындайды.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші құжаттардың Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін тексереді және Комиссияның қарауына береді.

      7. Көрсетілетін қызметті алушының аттестаттауға жіберу туралы құжаттарын Комиссия 11 (он бір) күнтізбелік күн ішінде қарайды.

      Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам өтініш берген кезде аттестаттау өткізілетін орнын және тілін (қазақ немесе орыс) айқындайды.

      Егер, көрсетілетін қызметті алушы "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" 2018 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының талаптарына сәйкес келмесе, аттестаттауға жіберуден бас тартылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Тыңдау нәтижелері бойынша комиссия үміткерді аттестаттауға жіберу не жіберуден бас тарту туралы дәлелді шешім шығарады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті беруші аттестаттауға жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей жібереді.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 28.05.2021 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) бұйрығымен.

      9. Аттестаттауға жіберілген көрсетілетін қызметті алушыны көрсетілетін қызметті беруші аттестаттаудың өтетін орны, күні, уақыты, тәртібі туралы ұялы телефонға смс-хабарлама беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" оны өткізгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей хабарлайды.

      Аттестаттаудан өткізу мерзімін өтініш пен аттестаттаудан өту күні негізінде ұсынылған құжаттарды есепке ала отырып, "Е-лицензиялау" ақпараттық жүйесінің мемлекеттік деректер базасы автоматты түрде анықтайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгіне алады.

      10. Комиссияның жұмыс органы аумақтық әділет органы болып табылады.

      Комиссия жеті мүшеден, оның ішінде кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың адвокаттар алқалары мүшелерінің жалпы жиналысы (конференциясы) айқындайтын үш адвокаттан, әдiлет органдарының екi өкiлiнен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.

      Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында жоғары бiлiм берудiң оқу бағдарламаларын iске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.

      Мәслихат депутатының кандидатурасын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың мәслихаттары ұсынады.

      Комиссия мүшелерiнiң бiрi оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күнiнен бастап жаңа мүшесi бiр айдан кешiктiрiлмей құрамға енгiзiледi.

      Көрсетілетін қызметті берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы тұлға Комиссия төрағасы болып табылады.

      Комиссия қызметін ұйымдастыру үшін көрсетілетін қызметті беруші қызметкерлер арасынан Комиссия хатшысын тағайындайды.

      Комиссия хатшысы Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыс хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Комиссия құрамы Заңның 39-бабының 1-тармағына сәйкес бекітіледі.

      11. Заңның 39-бабының 2-тармағында көзделген негіздер бойынша адамдар аттестаттаудан өтуден босатылады.

      12. Аттестаттауға жіберілген үміткерлердің тізімі оны өткізгенге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Комиссия отырысына келген кезде үміткердің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) цифрлық жеке куәлігі болуы қажет.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Аттестаттау екі кезеңнен тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және адвокаттық қызметті жүзеге асыруға психологиялық дайындығын кешенді компьютерлік тестілеу;

      2) қажетті көздерді пайдалана отырып, істің мән-жайларын талдау бойынша практикалық тапсырма кезеңдерінен тұрады.

      14. Тестiлерге енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi. Үміткерлер үшін Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын білуге арналған сұрақтар (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі және "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы) бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде үш нұсқасын қамтуы тиiс.

      Біріздендірілген заңдық тест тапсырмаларынан тұратын кешенді компьютерлік тестілеу компьютерлік техника пайдаланыла отырып жүргізіледі.

      Біріздендірілген заңдық тест тапсырмаларын қалыптастыруды Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, конкурстық негізде тәуелсіз сарапшыларды тарта отырып жүзеге асырады.

      Тестілер мен емтихан билеттері құпия ақпарат болып табылады және еркін таратуға жатпайды.

      Аттестаттаудан өтудің алдында Комиссия үміткерге аттестаттауды өткізу тәртібі, үміткерлерді іріктеу рәсімінің ұзақтығы мен мазмұны туралы хабарлайды.

      Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының, Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері және адвокаттар алқасының мүшелері қатыса алады. Бұқаралық ақпарат құралдарын отырыстын өткізу күні туралы аумақтық әділет органы хабардар етеді.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Комиссияның отырыстарында ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету мақсатында аудио- және (немесе) бейнежазба не тиісті сападағы стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, аудио- және (немесе) бейнежазбалар отырыс хаттамасына қоса тігіледі және Комиссияның материалдарымен бірге сақталады.

      Аттестаттаудан өту кезiнде үмiткерге анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттi, байланыс құралдарын, сондай-ақ электрондық жеткіште қандай да бiр жазбаларды пайдалануға жол берiлмейдi.

      Көрсетілген талаптар бұзылған жағдайда, комиссия үміткерді ағымдағы аттестаттаудан шеттетеді.

      Аттестаттаудан шеттетілген үміткер, осы Қағидалардың 6 және 9-тармақтарында көзделген тәртіппен шешім шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң аттестаттауға жіберу туралы қайтадан өтініш беруге құқылы.

      16. Комиссия отырысында еркін нысандағы хаттама (бұдан әрі - хаттама) жүргізіледі, онда отырысты өткізу күні, уақыты және орны, аттестатталушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), тестілеу нәтижесі, емтихан билетінің нөмірі мен мазмұны, аттестатталушының жауаптары, комиссия мүшелері қойған баллдар және емтихан билетінің сұрақтары бойынша жалпы орташа балл, сондай-ақ Комиссияның шешімі көрсетіледі.

      Хаттамаға аттестаттау өткізуге қатысқан Комиссияның барлық мүшелері қол қояды.

      17. Психологиялық тест орындауға жіберілген жалпы уақыт - 20 (жиырма) минут, заңнаманы білуге арналған тест - 90 (тоқсан) минут (100 сұрақ).

      Үміткерлер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тест тапсырғанға дейін психологиялық тестілеуден өтеді.

      18. Тестілеудің дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлік бағдарламаның көмегімен автоматты түрде жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері принтерде екі данада басып шығарылады және аяқталғаннан кейін бірден жеке қол қою арқылы үміткерге танысу үшін ұсынылады.

      Тест өтуге белгіленген уақыт аяқталғаннан кейін, бағдарламма автоматты түрде жабылады және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеуге өтеді.

      Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi.

      19. Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 (жетпіс) және одан артығын құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

      20. Екінші кезеңде көрсетілетін қызметті алушыға практикалық тапсырмаға дайындалу үшін 10 (он) минут беріледі. Үміткердің практикалық тапсырмаға жауаптарының дұрыстығын комиссия мүшелері бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

      Комиссияның әрбiр мүшесi аттестаттаудан өтушiнiң жауаптарын басқалардан тәуелсiз әр жауап бойынша бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

      Екінші кезеңнің қорытындылары бойынша төрағалық етуші Комиссия мүшелері қойған нәтижелерді есептейді және жалпы орташа балл шығарады. Орташа балл үміткердің жинаған балдарының жалпы санын қатысып отырған Комиссия мүшелерінің санына бөлу жолымен анықталады. Үміткердің қорытынды балы 3,3 есептеу кезінде 3,3 ретінде бағаланады, 4,2 есептеу кезінде 4,2 бағаланады және бұдан әрі осылайша.

      Комиссия мүшелерінің бағалары, сондай-ақ практикалық тапсырма бойынша аттестатталушы жинаған жалпы орташа балл хаттамада көрсетіледі.

      Егер жалпы орташа балл төрт және одан жоғары балл болса, үміткер аттестаттаудан өтті деп есептеледі.

      21. Аттестаттаудың екінші кезеңі үшін практикалық тапсырманың мазмұнын Республикалық адвокаттар алқасы өзі дербес қалыптастырады.

      Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері практикалық тапсырмалардың нұсқаларын үміткерлер санынан асып түсетін санда ұсынады. Практикалық тапсырманың сұрақтары құпия ақпарат болып табылады және жария етілуге және таратылуға жатпайды.

      22. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттау туралы дәлелді шешім не 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аттестаттамау туралы шешім мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі болып табылады.

      Комиссияның аттестаттау не аттестаттамау туралы шешімі аттестаттау өткізілген күні шығарылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлфлық қолтаңбасымен куәландырылады және электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

      Комиссияның аттестаттаудан өту туралы шешімі Заңның 40-бабының 10-тармағына сәйкес ол шығарылған күннен бастап алты жыл бойы жарамды болып табылады.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      23. Дәлелді себеппен аттестаттауға келмеген көрсетілетін қызметті алушы (денсаулық жағдайы бойынша, іссапарда болу себебі бойынша, еңсерілмейтін күш салдарынан қатысудың мүмкін еместігі, құжатпен расталған өзге де жағдайлар туралы растайтын құжаттарды ұсынған кезде) Комиссияның келесі отырысына осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тәртіппен шақырылады.

      Үмiткер қайта келмеген немесе дәлелсіз себептермен аттестаттауға келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қараусыз қайтарылады.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      26. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына www.adilet.gov.kz.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына немесе Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.

      Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Адвокаттық қызметпен
айналысуға үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу"
мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
1-қосымша

            Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 28.05.2021 № 440 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін); 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу"

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың әділет департаменттері (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

"электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz; www.elicense.kz (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

15 (он бес) күнтізбелік күн.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны:

Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Аттестаттау туралы шешім не аттестаттамау туралы шешім

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі

7

Жұмыс кестесі

көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады)

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш;
2) Қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айыру.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Министрліктің интернет-ресурсында: - www.adilet.gov.kz;
2) порталда орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.

  Нысан
  Адвокаттық қызметпен
айналысуға үміткер адамдарды
аттестаттау жөніндегі
комиссияның төрағасына
____________________________
(жеке тұлғаның тегі, аты,
әкесінің аты (ол болған
жағдайда), жеке сәйкестендіру
нөмірі)

Аттестаттауға жіберу туралы өтініш

      Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге мені жіберулеріңізді сұраймын.

      Осымен: мен анық деректерді қамтамасыз ету үшін жеке жауап беретінім; көрсетілген барлық деректер ресми байланыстар болып табылады және оларға аттестаттаудан өтуге рұқсат беру немесе бас тарту туралы кез келген ақпарат жіберілуі мүмкін; сотпен өтініш берушіге лицензияланатын қызмет түрімен және / немесе кіші қызмет түрімен айналысуға тыйым салынбаған; қоса берілген барлық құжаттар дұрыс және жарамды екені; өтініш беруші лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде ақпараттық жүйелерде сақталатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділіктің шектеулі жеке деректерін пайдалануға келісетіні расталады.

      Жеке тұлға ______________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      күні:_______

  Нысан

Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өтуге арналған деректер нысаны

      __________________________________________________________________________

      жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) жеке сәйкестендіру нөмірі)

      I. Дипломы туралы деректер:

      1. Жоғары оқу орнының атауы ________________________________________________

      2. Мамандық коды __________________________________________________________

      3. Диплом нөмірі ___________________________________________________________

      4. Дипломды беру күні ______________________________________________________

      5. "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дипломның немесе

      нострификациялаудың немесе тану рәсімінің өтуін растайтын құжаттың берілген күні:

      1. сериясы және нөмірі ______________________________________________________

      2. негіздемесі: күні және нөмірі _______________________________________________

      3. тіркеу нөмірі және күні____________________________________________________

      II. Тағылымдамадан өткені туралы қорытынды:

      1. тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні ______________________

      2. адвокаттар алқасы ________________________________________ облыстар/қалалар

      3. тағылымдама басшысы____________________________________________________

      4. Тағылымдама жетекшісінің адвокаттық қызмет өтілі ___________________________

      5. тағылымдаманың басталу күні______________________________________________

      6. тағылымдаманың аяқталған күні____________________________________________

      Жеке тұлға ________________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      күні:____

  "Адвокаттық қызметпен
айналысуға үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу"
мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Аттестаттау туралы шешім

      ______________ қаласы                                    20__ ж. "___"__________

      Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындылары бойынша

      __________________________________________________ жинады:

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      тестілеу бойынша ____________________ балл

      практикалықтапсырма бойынша _________ балл

      Келесі құрамдағы комиссия:

      Төраға

      Мүшелері

      Шешім қабылдады:

      Аттестаттау _______________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  "Адвокаттық қызметпен
айналысуға үміткер адамдарды
аттестаттаудан өткізу"
мемлекеттік қызметті
көрсету қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Аттестаттамау туралы шешім

      ______________ қаласы 20____ ж. "____"__________

      Адвокаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау қорытындылары бойынша

      __________________________________________________ жинады:

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      тестілеу бойынша ____________________ балл

      практикалық тапсырма бойынша _________ балл

      Келесі құрамдағы комиссия:

      Төраға

      Мүшелері

      Шешім қабылдады:

      Аттестаттамау _____________________________________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 61 бұйрыққа
2-қосымша

"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрселетін қызметтің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің осы қағидаларын (бұдан әрі - Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен әзірленді және "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің тәртібін анықтайды.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      2. Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер тұлға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге www.adilet.gov.kz www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жолдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.

      Лицензияны қайта ресімдеу көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) өзгерген жағдайда жүзеге асырылады.

      3. "Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      4. Процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен көрсету нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Стандартта келтірілген.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаты, лицензиясы, соттылығының бар не жоқ екендігі және наркологта және психиатрда диспансерлік есепте тұрғандығы/тұрмағандығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алады.

      5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі лицензияны алуға немесе қайта ресімдеуге құжаттар келіп түскен күні оларды тіркейді және жауапты орындаушыға орындауға береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде негіздеме мен себептерін көрсете отырып, өтінішті қабылдаудан дәлелді бас тарту береді және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жібереді.

      7. Лицензияны алуға ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші 11 (он бір) күнтізбелік күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 20 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10270 болып тіркелген) сәйкестігін тексереді.

      Көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттары біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабардар етеді.

      Алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде қабылдайды.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия немесе көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберілген көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы лицензияны беруден бас тарту туралы дәлелді жауап немесе қайта рәсімдеу болып табылады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімдеу туралы өтінішті көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжатты ауыстырған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      9. Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына www.adilet.gov.kz.

      Шағымдар пошта бойынша жазбаша нысанда, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

      Министрлiктiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қарауға жатады.

      Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы, "электрондық үкіметтің" веб-порталы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушы "жеке кабинетінен" өтініш туралы ақпаратқа қол жеткізе алады, өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші оны жаңартып отырады (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап).

      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау мен бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа шағымдана алады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Адвокаттық қызметпен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 24.09.2021 № 828 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

"Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) 

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)

www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

лицензия беру кезiнде - 15 (он бес) жұмыс күнi;
лицензияны қайта ресiмдеу кезiнде - 3 (үш) жұмыс күнi;

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны:

Электрондық (толық автоматтандырылған)/ "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін

5

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі

адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметтен дәлелді бас тарту

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру, қайта ресiмдеу үшiн жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым "Салық және бюджетке төленетiн өзге де мiндеттi төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексi) 554-бабына сәйкес мыналарды құрайды:
1) лицензия беру кезiнде 6 айлық есептiк көрсеткiштi;
2) лицензияны қайта ресiмдеу үшiн лицензияны беру кезiндегi мөлшерлеменiң 10 %-ын құрайды, алайда 4 айлық есептiк көрсеткiштен аспайды.

7

 Жұмыс кестесi

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi - демалыс және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) өтініш;
2) қызмет түрінің біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерінің нысаны, ол өзіне мына мәліметтерді қамтиды:
Тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін:
I. Адвокаттан тағылымдамадан өтуі туралы қортынды
1. тағылымдамадан өту туралы қорытынды бекітілген күні________
2. облыс;
3. тағылымдама жетекшісі;
4. тағылымдама басталған күн;
5. тағылымдама аяқталған күн.
II. Комиссияның аттестаттау туралы шешімі
1. қала
2. өткізілген күні
3. қарау мәртебесі
Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесінің жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін
Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру
1. өткізілген күні
2. қарау мәртебесі
3.Облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірі бар сотта тағылымдамадан өту
1. облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының болған күні
2. облысы
3. Тағылымдаманың басталған күні
4. Тағылымдаманың аяқталған күні
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық Заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар үшін
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер
1. судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың нөмірі
2. судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың қабылданған күні __________________
3. Жарлықтың нөмірі ________________
4. Судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні
5. босату негізі__________________
3) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
4) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес прокуратура немесе тергеу органдарындағы жұмыс өтiлiн растайтын, атқаратын қызметiнен босатылу себептерi қамтылған құжаттың электрондық көшiрмесі - теріс себептермен босатылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеушi лауазымында кемiнде он жыл жұмыс өтiлi болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан босатылған адамдар үшін талап етіледі.
Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияны қайта рәсімдеу үшін:
1) өтініш;
2) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерімен айналасу құқығы үшін лицензиялық алым бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;
3) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) өзгергенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі (Қазақстан Республикасынан тыс жерде тіркелген жазбаларды қоспағанда).

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған заңды күшіне енген сот шешімі бар болған жағдайда.

10

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсететін мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында:-www.adilet.gov.kz, порталда орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталда "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі 1414, 8 800 080 7777 бірыңғай контакт-орталығынан алу мүмкіндігі бар
Көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет жиынтығында "бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетіледі.

Жеке тұлғаның лицензия алуға өтiнiшi

      ________________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендiру нөмiрi)

      ________________________________________________________________ жүзеге асыру үшін

      (қызметтiң түрi толық атауы көрсетiлсiн)

      лицензия беруiңiздi сұраймын.

      Байланыс деректері_________________________________________________________

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы; өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді; өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Жеке тұлға ________________________________________________________________

      (қолы) (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

Адвокаттық қызметті жүзеге асыру мәліметтерінің нысаны

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      барлық адамдар толтырады

      1. Диплом туралы мәліметтер

      1. жоғары оқу орнының атауы_________________________________________________

      2. мамандық атауы __________________________________________________________

      3. мамандық шифры_________________________________________________________

      4. диплом нөмірі____________________________________________________________

      5. дипломның берілген күні___________________________________________________

      6. дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің берілген күні________________

      7. дипломды тану/нострификациялау туралы куәліктің нөмірі _________

      (6,7-тармақтар шетелдің білім беру мекемелері берген дипломдар үшін толтырылады)

      адвокаттан тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін

      2. Адвокаттан тағылымдамадан өткені туралы қорытынды

      1. адвокаттан тағылымдамадан өткені туралы қорытындының бекітілген

      күні____________________________________________________________________________

      2. облыс___________________________________________________________________

      3. тағылымдаманың жетекшісі________________________________________________

      4. тағылымдаманың басталған күні ____________________________________________

      5. тағылымдаманың аяқталған күні____________________________________________

      Адвокаттан тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар үшін

      3. Комиссияның аттестаттау туралы шешімі

      1. қала____________________________________________________________________

      2. өткізілген күні____________________________________________________________

      3. қарау мәртебесі __________________________________________________________

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Кеңесінің жанындағы Біліктілік

      комиссиясында біліктілік емтихандарын тапсырған адамдар үшін

      4. Судья лауазымына біліктілік емтиханын тапсыру

      1. өткізілген күні ___________________________________________________________

      2. қарау мәртебесі ______________________________________________ тұрақты судья

      болып жұмыс істеген тұлғалар үшін

      6. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы туралы мәліметтер

      1. Жарлықтың нөмірі________________________________________________________

      2. Судья лауазымына тағайындау туралы Жарлықтың қабылданған күні_____________

      3. Жарлықтың нөмірі________________________________________________________

      4. Судья лауазымынан босату туралы Жарлықтың қабылданған күні________________

      5. Босату негізі_____________________________________________________________

      Жеке тұлға _________________________________ күні:________

      (қолы) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

      Лицензияны қайта ресімдеуге арналған жеке тұлғаның өтiнiші

      __________________________________________________________________________

      (лицензиардың толық атауы)

      __________________________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі)

      ________________________________________________________________________________

      Тегімнің, атымның, әкемнің атының (ол болған жағдайда) өзгеруіне байланысты

      адвокаттық қызметті жүзеге асыруға 20___ жылғы " " _________ № __________,

      ________________________________________________________________________________

      (лицензияның нөмірі(лері), лицензияны берген лицензиардың атауы)

      берілген лицензияны қайта ресімдеуіңізді сұраймын.

      Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға лицензияны беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы;өтініш берушіге қызметтің лицензияланатын түрімен және (немесе) кіші түрімен айналысуға сот тыйым салмайтыны; қоса берілген құжаттардың барлығы шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатындығы расталады; өтініш беруші лицензияны беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін береді;өтініш беруші халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің өтінішті электрондық цифрлік қолтаңбамен растауына келіседі (халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүгінген жағдайда).

      Жеке тұлға ____________ ____________________________________________________

      (қолы)                  (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

      Толтыру күні: 20__ жылғы "__" _________________

  "Адвокаттық қызметпен
айналысуға лицензия беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызметтің қағидаларына
2-қосымша
  нысаны



Лицензия

      20____ жылғы "___" ___________ №_____________

      ________________________________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес

      лицензияланатын қызмет түрінің атауы)

      ______________________________________________________________________ айналысуға

      _________________________________________________________________________ берілді

      (жеке тұлғаның толық тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, мекен-жайы)

      Ерекше шарттары __________________________________________________________

      ("Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы

      Заңының 36-бабына сәйкес)

      Ескерту: __________________________________________________________________

      (иеліктен шығарылатындығы, рұқсаттың класы)

      Лицензиар ________________________________________________________________

                                    (лицензиардың толық атауы)

      Басшы (уәкiлеттi тұлға) _____________________________________________________

      (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған жағдайда)

      Берілген орны ____________________________



      Бұл құжат "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес қағаз құжатқа балама болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің м.а.
2020 жылғы 28 мамырдағы
№ 61 бұйрығына
3-қосымша

      1. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 мамырда № 11096 тіркелді);

      2. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 231 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1461 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 24 қазанда № 17595 болып тіркелді);

      3. "Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер және толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 8 қарашадағы № 540 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 13 қарашада № 19588 болып тіркелді).

      4. "Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарға аттестаттау жүргізу қағидаларын бекіту туралы және "Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 1466 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 қазанда № 17529 болып тіркелді);

      5. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 шілдеде № 11648 тіркелді.);

      6. "Адвокаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 298 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 26 қарашадағы № 1554 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 28 қарашада № 17802 болып тіркелді).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады