Тағылымдамадан өткен нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 56 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 ақпанда № 10269 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2020 жылғы 28 мамырдағы № 62 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 28.05.2020 № 62 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 № 1466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нотариат туралы" 1997 жылғы 14 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 № 1466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса берiлiп отырған:

      1) Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 № 1439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен;

      2) Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидалары осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 № 1439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

      3. Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр Б. Имашев

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылы 27 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына 1-қосымша

Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидасы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 24.09.2018 № 1439 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің
2015 жылы 27 қаңтардағы
№ 56 бұйрығына 2-қосымша

Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидасы

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 № 1466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу қағидасы (бұдан әрi – Қағида) "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 14 шілдедегі Заңына (бұдан әрi – Заң) сәйкес әзiрлендi және тағылымдамадан өткен және нотариаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттаудан өткiзу тәртiбi мен шарттарын белгiлейдi.

      2. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер және жеке практикамен айналысатын нотариустардан немесе мемлекеттік нотариустардан тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың аумақтық әділет органдары жанында (бұдан әрі – аумақтық әділет органдары) құрылатын нотариаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияда (бұдан әрі – Комиссия) аттестаттаудан өтеді.

      Комиссияның жұмыс органы аумақтық әділет органы болып табылады.

      Комиссия жеті мүшеден – екі нотариустан, нотариаттық палатаның төрағасын қоса алғанда, әділет органдарының екі өкілінен, құқықтанушы ғалымнан және мәслихат депутатынан тұрады.

      Комиссияның құрамына қосу үшін нотариустардың кандидатураларын аумақтық әділет органына нотариаттық палата ұсынады.

      Құқықтанушы ғалымның кандидатурасын тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары ұсынады.

      Мәслихат депутаттарының кандидатураларын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары ұсынады.

      Комиссия мүшелерінің бірі оның құрамынан шыққан жағдайда, ол шыққан күнінен бастап жаңа мүшесі бір айдан кешіктірілмей құрамға енгізіледі.

      Аумақтық әділет органы басшысының аттестаттау комиссиясының мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары Комиссия төрағасы болып табылады.

      Аумақтық әділет органы Комиссияның қызметін ұйымдастыру үшін аумақтық әділет органы қызметкерлерінің ішінен Комиссия хатшысын тағайындайды.

      Комиссия хатшысы комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады және отырыстардың хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.

      Комиссияның дербес құрамын аумақтық әділет органдарының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі бекітеді.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 25.02.2019 № 84 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Заңның 8-бабы 6-тармағында көзделген негіздер бойынша адамдар аттестаттаудан босатылады.

      4. Комиссияның отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының өкiлдерi қатысуға құқылы. Аумақтық әдiлет органы бұқаралық ақпарат құралдарына отырыстың өткiзiлетiн күнi туралы хабарлайды.

      Комиссия отырысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында аудио- және (немесе) бейнежазба не стенографиялау жүзеге асырылады. Отырыс барысында алынған стенограмма, аудио- және (немесе) бейнежазбалар отырыс хаттамасына қоса тiркеледi және Комиссия материалдарымен бiрге сақталады.

2-тарау. Аттестаттаудан өту үшiн құжаттарды қабылдау тәртiбi

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 № 1466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер тұлға тағылымдамадан өткеннен кейін "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы:

      1) тұрғылықты жері бойынша Комиссияға аттестаттауға жіберу туралы сұрау салу;

      2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;

      3) заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттың электронды көшірмесін жібереді.

      Аттестаттауға жіберу туралы сұрау салуда мынадай:

      диплом туралы;

      жоғарғы оқу орнының атауы;

      мамандықтың шифрі;

      дипломның нөмірі;

      дипломның берілген күні немесе "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін растайтын құжат туралы:

      сериясы және нөмірі;

      негіздеме: күні және нөмірі;

      тіркеу нөмірі және күні;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытынды туралы;

      тағылымдамадан өткені туралы қорытындыны бекіту күні;

      облысы;

      тағылымдама жетекшісі;

      тағылымдаманың басталу күні;

      тағылымдаманың аяқталу күні туралы мәліметтер қамтылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не тиiсiнше ресiмделмеген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші олардың түскен күнінен бастап, екi жұмыс күнiнен кешiктiрмейтін мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша түрде дәлелмен бас тартады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Аумақтық әдiлет органы құжаттарды Комиссияның қарауына жiбередi. Құжаттарды қарау қорытындысы бойынша Комиссия аттестаттауға жiберу не жiберуден бас тарту туралы шешiм шығарады.

      Егер үмiткер Заңда белгiленген талаптарға сәйкес келмесе, аттестаттауға жiберуден бас тартылады.

      Аумақтық әдiлет органдары аттестаттауға жiберуден бас тарту туралы шешiмдi өтiнiш келiп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей үмiткерге жiбередi.

      Аттестаттауға жiберуден бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Аттестаттау өткiзудiң тәртiбi мен шарттары

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 № 1466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Аумақтық әдiлет органы аттестаттауға жiберiлген үмiткерді аттестаттаудың өтетiн орны, күнi, уақыты туралы оны өткiзгенге дейiн күнтізбелік он күннен кешiктiрмей электрондық нысанда портал арқылы хабардар етеді.

      Аттестаттауға жiберiлген үмiткерлердiң тiзiмдерi оны өткiзгенге дейiн он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей аумақтық әдiлет органының интернет-ресурстарында орналастырылады.

      Аттестаттау қажеттiлiгiне қарай, бiрақ кемiнде тоқсанына бiр рет өткiзiледi.

      Комиссия отырысына келген кезде үмiткердiң өзiнде оның жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиiс.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Аттестаттау екi кезеңнен тұрады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын бiлуiне компьютерлiк тест тапсыру;

      2) емтихан билеттерi бойынша ауызша тапсырмалар орындау.

      Yмiткер өз қалауы бойынша аттестаттаудан қазақ немесе орыс тiлiнде өтуге құқылы. Үмiткер өзi таңдаған тiлiн аттестаттау басталғанға дейiн жазбаша растайды.

      10. Тестiлерге енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi. Үмiткерлердiң бiлiмiн бағалауға арналған сұрақтар нотариаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына (Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы, Қазақстан Республикасының тұрғын үй құқығы, Қазақстан Республикасының жер құқығы, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес келуi және бiреуi дұрыс болатын жауаптардың кемiнде үш нұсқасын қамтуы тиiс.

      Тестiлеу компьютерлiк техниканы пайдалана отырып өткiзiледi.

      Тестiлеуге бөлiнген уақыт тоқсан минуты құрайды.

      Тест құпия ақпарат болып табылады және еркін жариялауға жатпайды.

      Аттестаттауды өткiзер алдында Комиссия үмiткердi аттестаттауды өткiзу тәртiбi, ұзақтығы және үмiткерлердi iрiктеу рәсiмiнiң мазмұны туралы хабардар етедi.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 № 1466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Комиссияның отырысында оның күнi, уақыты мен орны, аттестаттаудан өтушiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол бар болғанда), тестiлеу нәтижесi, емтихан билетiнiң нөмiрi мен мазмұны, аттестаттаудан өтушiнiң жауаптары, Комиссия мүшелерiнiң қойған балдары мен билет сұрақтары бойынша жалпы орташа балы, сондай-ақ Комиссияның шешiмi көрсетiлетiн хаттама (бұдан әрі - Комиссияның хаттамасы) жүргiзiледi.

      12. Аттестаттаудан өту кезiнде үмiткерге анықтамалық, арнайы және өзге де әдебиеттi, байланыс құралдарын, сондай-ақ электрондық жеткіште қандай да бiр жазбаларды пайдалануға жол берiлмейдi.

      Көрсетiлген талаптарды бұзған жағдайда, үмiткер Комиссия хаттамасының негiзiнде аттестаттаудан шеттетiледi.

      Аттестаттаудан шеттетiлген үмiткер шешiм шығарылған күннен бастап үш ай өткен соң осы Қағидалардың 5 және 8-тармақтарында көзделген тәртiппен аттестаттауға жiберу туралы өтiнiштi қайта беруге құқылы.

      13. Тестiлеудiң дұрыс жауаптарын есептеу қолданылатын компьютерлiк бағдарламаның көмегiмен автоматты түрде жүргiзiледi. Тестiлеу нәтижелерi принтерде екi данада басылып шығарылады және аяқтала салысымен бірден үмiткерге жеке қол қойдыру арқылы танысу үшiн ұсынылады.

      Тестiлеу нәтижелерi бар парақтың бiр данасы үмiткерге тапсырылады, екiншiсi Комиссияға берiледi.

      14. Аттестаудан өту үшін ұсынылған сұрақтардың жалпы саны 100-ді құрайды.

      Егер дұрыс жауаптардың саны ұсынылған сұрақтардың жалпы санының 70 және одан көбін құраса, үмiткер тестiлеуден өттi деп саналады және екiншi кезеңге жiберiледi.

      15. Емтихан билеттерiне енгiзiлуi тиiс сұрақтар тiзбесiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі бекiтедi. Емтихан билеттерi нотариаттық қызметтi жүзеге асыру үшiн бiлудi қажет ететiн құқық пәндерiнiң тақырыптарына сәйкес келуi тиiс үш сұрақтан тұрады.

      Емтихан билеттері құпия ақпарат болып табылады және еркін жариялауға жатпайды.

      16. Емтихан билеттерiнiң сұрақтарына жауап дайындау үшiн 10 минут уақыт берiледi. Комиссия мүшелерi үмiткердiң емтихан билетiнiң ауызша сұрақтарына берген жауаптарының дұрыстығын бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

      Комиссияның әрбiр мүшесi аттестаттаудан өтушiнiң жауаптарын басқалардан тәуелсiз әр жауап бойынша бес балдық жүйе бойынша бағалайды.

      Төрағалық етушi екiншi кезеңнiң қорытындылары бойынша Комиссия мүшелерi шығарған нәтижелердi есептейдi және жалпы орташа балды шығарады. Орташа балл үміткердің жинаған балының жалпы санын Комиссияның қатысушы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады. Үміткердің қорытынды балы 3,3 деп есептелсе, 3,3 деп бағаланады, 4,2 деп есептелсе, 4,2 деп бағаланады жіне т.б.

      Комиссия мүшелерiнiң бағалары, сондай-ақ аттестаттаудан өтушiнiң емтихан билетiнiң сұрақтары бойынша жинаған жалпы орташа балы Комиссияның хаттамасында көрсетiледi.

      Егер жалпы орташа балл кемiнде төрт балды құраса және одан жоғары болса, үмiткер аттестаттаудан өттi деп саналады.

      17. Комиссия тестiлеу және/немесе емтихан сұрақтарына жауаптардың нәтижелерi бойынша 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өткені туралы не осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер тұлғалардың аттестаттаудан өтпегені туралы дәлелдi шешiм шығарады. Аттестаттау нәтижелерi үмiткер аттестаттаудан өткен күнi, ол аяқталғаннан кейiн жария етiледi.

      Комиссияның шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

      Комиссияның аттестаттаудан өту туралы шешiмi Заңның 7-2-бабының 9-тармағына сәйкес, оның шығарылған сәтiнен бастап үш жыл бойы жарамды болып табылады.

      Аттестаттаудан өтпеген үмiткер қайта аттестаттауға бiр жылдан соң жiберiледi.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 28.09.2018 № 1466 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Дәлелдi себептер (денсаулық жағдайы бойынша, iссапарда болу себебiнен, еңсерiлмейтiн күштiң салдарынан қатысудың мүмкiн еместiгi) бойынша аттестаттауға келмеген үмiткер осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген тәртiппен Комиссияның келесi отырысына шақырылады.

      Үмiткер қайта келмеген жағдайда, оның өтiнiшi қаралмайды.

      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 1-қосымша
  Нысан

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өткені туралы шешім

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      ____________ қаласы                         20__ жылғы "___" ____________

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ___________________________ балл

      емтихан билетi бойынша ______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      ________________________________________ аттестатталсын деп шештi.

            (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  Тағылымдамадан өткен және
адвокаттық қызметпен
айналысуға үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 2-қосымша
  Нысан

Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдардың аттестаттаудан өтпегені туралы шешім

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Әділет министрінің 10.01.2018 № 54 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _____________ қаласы                              20__ жылғы "___" _________

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша

      ________________________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ____________________________ балл

      емтихан билетi бойынша _______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      шешiм шығарды:

      ________________________________ аттестаттаудан өтпедi деп саналсын.

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  Тағылымдамадан өткен және
нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 3-қосымша

      Нысан

Комиссияның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
Үмiткердi аттестаттау туралы шешiмi

      ____________ қаласы 20__ жылғы "___" ____________

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ___________________________ балл

      емтихан билетi бойынша ______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      ___________________________________________ аттестатталсын деп шештi.

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

  Тағылымдамадан өткен және
нотариаттық қызметпен айналысу
құқығына үмiткер адамдарды
аттестаттаудан өткiзу
қағидаларына 4-қосымша

      Нысан

Комиссияның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына
Үмiткердi аттестаттамау туралы шешiмi

      _______________ қаласы 20__ жылғы "___" _________

      Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына аттестаттау нәтижелерi бойынша

      _____________________________________________________________________

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      тестiлеу бойынша ____________________________ балл

      емтихан билетi бойынша _______________ балл жинады.

      Мына құрамдағы Комиссия:

      Төраға

      Мүшелерi

      шешiм шығарды:

      _________________________________ аттестаттаудан өтпедi деп саналсын.

      (Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)

      Комиссия төрағасы

      Комиссия хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады