"Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 4 қазандағы № 409 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қазанда № 17582 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 181 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.05.2020 № 181 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13717 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсiмдiктердi қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердiң, биоагенттердiң (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық, фитосанитариялық және тамақ қауіпсіздігі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      2018 жылғы 17 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрі

      2018 жылғы 24 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      2018 жылғы 28 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      2018 жылғы 4 қазан

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары – Қазақстан
Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрінің
2018 жылғы 4 қазандағы
№ 409 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2016 жылғы 5 мамырдағы
№ 204 бұйрығымен
бекітілген

Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 41) тармақшасына сәйкес әзірленді және өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін сатып алынған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арзандатылған құн – бекітілген субсидиялар нормасынан төмен емес арзандатылған баға бойынша ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге немесе ауыл шаруашылығы кооперативтеріне (бұдан әрі – ауылшаркооперативі) өткізілетін өсімдік қорғау құралдарының құны;

      2) ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (бұдан әрі – ауылшартауарынөндіруші) - тауарлы ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі;

      3) гербицидтер мен биопрепараттарды қолдану регламенті – гербицидтер мен биопрепараттарды қолдану шарттары және тәртібіне қойылатын талаптар;

      4) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олармен жасалатын операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген адамды сәйкестендіруге мүмкіндік беретін, тізілімдегі жазбалар жиынтығы;

      5) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес облыстың (қаланың) жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы басқармасы немесе Астана қаласының инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы (бұдан әрі - басқарма) айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және иесі ретінде оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      6) отандық өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіруші (бұдан әрі – ӨҚҚ өндіруші) – Қазақстан Республикасы аумағында гербицидтерді, биоагенттерді (энтомофагтарды) және биопрепараттарды өндіруді жүзеге асыратын және арнайы жарақтандырылған өндірістік жайлары, биозертханалары, биофабрикалары бар, биоагенттерді (энтомофагтарды) және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген гербицидтер мен биопрепараттарды өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      7) өсімдіктерді қорғау құралдары (бұдан әрі – ӨҚҚ) – өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтер, биоагенттер (энтомофагтар) және биопрепараттар;

      8) ӨҚҚ жеткізуші – биоагенттерді (энтомофагтарды) және "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-6-бабына сәйкес тіркелген гербицидтер мен биопрепараттарды өндіруді (формуляциялауды) және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;

      9) ӨҚҚ ең төменгі құны – субсидия нормасын белгілеу үшін баға ұсыныстарын, сондай-ақ мемлекеттік органдардан алынған ақпаратты талдау жолымен жергілікті атқарушы орган айқындайтын, гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың Қазақстан Республикасы аумағында қалыптасқан ең төменгі бағасы;

      10) өтінім – ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) сатып алынған ӨҚҚ үшін субсидияларды алуға арналған электрондық өтінімі;

      11) өтпелі өтінім – ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) арзандатылған құнмен сатып алатын ӨҚҚ үшін ӨҚҚ өндірушінің субсидиялар алуға арналған электрондық өтiнiмі;

      12) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидия алуға арналған өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оларды өңдеуге мүмкіндік беретін, субсидиялау процестерін орындау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      13) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсынатын, Интернет желісінде орналасқан интернет ресурс;

      14) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер (өтпелі өтінімдер), сондай-ақ қарыз алушылар, қаржы институттары туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      15) танаптың электрондық картасы – бұрылыс нүктелерінің координаталарын, соңғы екі жылдағы ауыспалы егіс туралы ақпаратты және жерді қашықтықтан зондтайтын спутниктерден алынған деректерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан танап туралы ақпарат;

      16) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Инвестициялар және даму саласындағы уәкiлеттi орган жергілікті атқарушы органға отандық гербицидтер, биопрепараттар өндірушілердің тізбесін келесі жылға өткен жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей бередi.

      Жергілікті атқарушы органдар отандық гербицидтер өндірушілердің тізбесін оны алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде веб-порталға орналастырады.

      Жергілікті атқарушы органдар келесі жылға өткен жылдың 1 желтоқсанынан және тиісті жылдың 1 маусымынан кешіктірмей, отандық биоагенттер (энтомофагтар) өндірушілердің тізбесін қалыптастырады және үш жұмыс күні ішінде тізбенің деректерін веб-порталға орналастырады.

      4. Сатып алынған ӨҚҚ құнын өтеуге арналған субсидияларды төлеу жергілікті бюджетте тиісті қаржы жылына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады.

      Басқарма ӨҚҚ құнын субсидиялау жөніндегі ай сайынғы жеке қаржыландыру жоспарын (бұдан әрі – Қаржыландыру жоспары) бекіткеннен кейін оны үш жұмыс күні ішінде веб-порталға орналастырады.

      5. Гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы олардың құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясына байланысты абсолютті мәнде (теңге) белгіленеді. Құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесі бар гербицид үшін 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы гербицидтің немесе тектестің ең төменгі құнының жартысынан аспайтын мәнді құрайды. Құрамы мен әсер етуші затының (тарының) концентрациясы бойынша тектесі жоқ гербицид үшін 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормасы тиісті гербицидтің ең төменгі құнының жартысынан аспайтын мәнді құрайды.

      Сатып алынған биопрепараттардың, биоагенттердің (энтомофагтардың) 1 грамына (данасына, литріне, килограмына) арналған субсидиялар нормасы абсолютті мәнде (теңге) тиісті биопрепараттың, биоагенттің (энтомофагтың) ең төменгі құнының 40 (қырық) пайызынан (қоса алғанда) асырылмай белгіленеді.

      6. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген, субсидиялар нормасын есептеу үшін дақыл (өңделетін объект) және оларды қолдану регламенті туралы ақпарат ескерілген гербицидтер мен биопрепараттардың тізбесі "Өсімдіктерді қорғау туралы" 2002 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген тәртіппен бекітілетін Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне (бұдан әрі – Пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімі) сәйкес айқындалады.

      Осы тізбені, сондай-ақ жаңадан тіркелген гербицидтер және биопрепараттар туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті басқармаға ұсынады.

      7. Белгіленетін субсидиялар нормасын негіздейтін құжаттар (тиісті ӨҚҚ түрлеріне қалыптасқан ең төменгі құнды растайтын, ӨҚҚ енгізу нормалары мен материалдарын ескере отырып, олардың субсидиялауға жататын түрлерінің көлемдері бойынша есептемелер, субсидиялау лимиттері) қоса берілген субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормалары облыс, республикалық маңызы бар қала әкімінің орынбасары, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушы адам қол қойған ілеспе хатпен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) тиісті жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей мақұлдауға ұсынылады.

      Оң шешім қабылданған жағдайда Министрлік тиісті ілеспе хатпен субсидияланатын ӨҚҚ тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын кері қайтарады.

      Теріс шешім қабылданған жағдайда Министрлік субсидияланатын ӨҚҚ тізбесін және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларын мақұлдаудан уәжді бас тартуы бар хатпен кері қайтарады. Бұл ретте пысықталған субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және субсидиялар нормалары қайта қарау үшін бес жұмыс күні ішінде Министрлікке жолданады.

      Министрлік мақұлдағаннан кейін, субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесі және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормалары жергілікті атқарушы органның қаулысымен (бұдан әрі – қаулы) бекітіледі.

      Жергілікті атқарушы орган субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесін және субсидиялар нормаларын бекіту туралы құқықтық актіні әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін үш жұмыс күні ішінде оларды веб-порталға орналастырады.

      Субсидияланатын ӨҚҚ түрлерінің тізбесіне және 1 литрге (килограмға, грамға, данаға) арналған субсидиялар нормаларына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу Қағидалардың осы тармағының бірінші – бесінші бөліктерімен көзделген тәртіпте жүзеге асырылады.

2-тарау. Субсидияларды алушылар

      8. Субсидиялар:

      1) ағымдағы жылы және (немесе) өткен жылдың 4 (төртінші) тоқсанында сатып алынған ӨҚҚ құнын өтеу үшін ауылшартауарынөндірушілерге (ауылшаркооперативтеріне);

      2) ауылшартауарынөндірушілердің (ауылшаркооперативтерінің) өтпелі өтінім беруі және осы Қағидалардың 9-тармағының шарттары сақтауы шартымен ӨҚҚ өндірушілерге төленеді.

3-тарау. Субсидиялар алу шарттары

      9. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:

      1) Ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді немесе осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтпелі өтінімді "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы беруі.

      "Электрондық үкiмет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің өзара ақпараттық әрекеттесуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Өтпелі өтінім берілген кезде субсидия ӨҚҚ өндірушіге төленеді.

      Шаруа қожалығы немесе фермерлік шаруашылық нысанында құрылған ауылшартауарынөндіруші өзінің мүшелері сатып алған ӨҚҚ үшін өтінім (өтпелі өтінім) берген жағдайда, шаруа немесе фермер шаруашылығы мүшелерінің құрамы туралы мәліметтер субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасының интеграцияланған салық ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара әрекеттесуі нәтижесінде расталуы тиіс.

      Ауылшаркооперативінде жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері жоқ болған жағдайда, ауылшаркооперативі ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілердің субсидиялар алуына өтінім (өтпелі өтінім) береді. Бұл ретте субсидияларды алушылар ауылшартауарынөндірушілер болып табылады.

      2) өтінімнің немесе өтпелі өтінімнің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ауылшартауарынөндірушінің жеке шоты болған жағдайда, ол өз бетімен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді (өтпелі өтінімді) тіркеуді жүзеге асыра алады;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлға" немесе "Жеке тұлға" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара әрекеттесуі нәтижесінде расталған, ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы. Бұл ретте өтпелі өтінім үшін де субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ӨҚҚ өндірушінің жеке шоты болуы қажет.

      Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) ӨҚҚ-ні, электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесін қолданбайтын шетелдік ӨҚҚ өндірушіден тікелей сатып алған жағдайда, ӨҚҚ-ні сатып алу шығындары жүк кедендік декларациясының мәліметтерін декларациялаумен (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден ӨҚҚ сатып алған ауылшартауарынөндіруші немесе ауылшаркооперативі үшін) немесе тауар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінгенін растайтын мемлекеттік кірістер органы мәліметтерімен расталады;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен электрондық шот-фактураларды қабылдау және өндеу жөніндегі ақпараттық жүйенің ақпараттық өзара әрекеттесуі нәтижесінде ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) ӨҚҚ өткізілгенін растау.

      Бұл ретте, өтінім берілген ӨҚҚ-ға субсидиялар алу үшін электрондық шот-фактураларды кері қайтаруға, күшін жоюға және түзетуге жол берілмейді;

      5) ауылшартауарынөндірушіде немесе ауылшаркоперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен және "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорымен ақпараттық өзара әрекеттесуі нәтижесінде расталған, жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің (лерінің) болуы;

      6) ауылшартауарынөндірушіге немесе ауылшаркооперативінің мүшелері болып табылатын ауылшартауарынөндірушілерге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскелері алқабының барлық алаңына арналған танаптардың электрондық карталарының субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелуі.

4-тарау. Субсидияларды есептеу тәртібі

      10. Субсидиялар ауылшартауарынөндіруші өтінім берген ӨҚҚ-ның түрлеріне және көлеміне сүйене отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:

      С = Nш х S х Nc, мұнда

      С – тиесілі субсидиялар сомасы, теңге;

      Nш – гербицидтің, биопрепараттың 1 гектарға (литр/гектар, килограм/гектар) шығыс нормасы (Пестицидтердің (улы химикаттардың) тізімінде көрсетілген қолдану регламентін немесе биоагенттің (энтомофагтың) 1 гектарға (грамм/гектар, дана/гектар) шығыс нормасын ескере отырып) (веб-порталда орналастырылған ғылыми негізделген қолдану нормаларын ескере отырып);

      S – ӨҚҚ-ның белгілі бір түрін қолдану алаңы (гектар) (осы алаң ауылшартауарынөндірушіге жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында тиесiлi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің алаңынан аспайды);

      Nс – ӨҚҚ субсидиясының нормасы (осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес айқындалады).

      Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны ол бойынша субсидиялар нормасы есептелген ӨҚҚ құнынан төмен ӨҚҚ-ға өтінім немесе өтпелі өтінім берген жағдайда, субсидиялар ол бойынша бекітілген субсидиялар нормасы есептелген ӨҚҚ құны бойынша төленеді.

      Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) құны ол бойыша субсидиялар нормасы есептелген ӨҚҚ құнынан жоғары ӨҚҚ-ға өтінім немесе өтпелі өтінім берген жағдайда, субсидиялар ол бойынша бекітілген субсидиялар нормасы есептелген ӨҚҚ құны бойынша төленеді.

5-тарау. Субсидияларды төлеу тәртібі

      11. Өтінімдерді немесе өтпелі өтінімдерді қабылдау тиісті жылдың 1 наурызы мен 1 желтоқсаны аралығында (қоса алғанда) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.

      Веб-портал арқылы тізілім деректеріне қол жеткізуді ұсыну үшін (бұдан әрі – Жеке кабинет):

      1) ауылшартауарынөндірушілерде (ауылшаркооперативтерінде) және ӨҚҚ өндірушілерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетімен тіркелу үшін ЭЦҚ болуы тиіс;

      2) басқарма жыл сайын қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар өз жұмысшыларының өзектендірілген тізімін жібереді.

      12. Жеке кабинетте тіркелу үшін ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі), сондай-ақ ӨҚҚ өндіруші мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса) және тегі;

      2) заңды тұлғалар үшін: бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –БСН), толық атауы, аты, әкесінің аты (бар болса) мен тегі және бірінші басшының ЖСН;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтаның мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шотының деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген жағдайда ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі), сондай-ақ ӨҚҚ өндiрушi бір жұмыс күні ішінде Жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      13. Ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінімді немесе өтпелі өтінімді қалыптастыру мен тіркеуді Жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізеді:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағы 5), 5) және 6) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім (не осы Қағидалардың 9-тармағы 5) және 6) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесімен тексеру үшін оған қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтпелі өтінім) қалыптастырылады;

      2) өтінім немесе өтпелі өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде оған ауылшартауарынөндіруші ЭЦҚ-сымен қол қоюы арқылы тіркеледі және басқарманың Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Веб-порталда көрсетілген басқарманың электрондық мекенжайына қарауға өтінім немесе өтпелі өтінім келіп түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Егер басқарма төлем тапсырмасын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректер сәйкессіздігінің бар екені анықталса, ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      14. Басқарма ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) өтінімді немесе өтпелі өтінімді тіркеген сәттен бастап бір жұмыс күнi iшiнде ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, тиісті хабарламаға қол қою жолымен оның қабылданғанын растайды. Осы хабарлама ауылшартауарынөндірушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Бұл ретте, өтпелі өтінім бойынша да хабарлама ӨҚҚ өндірушінің Жеке кабинетінде, ол кейіннен осы Қағидалардың 9-тармағы 4) тармақшасының талаптарын орындау үшін нақты өткізілген ӨҚҚ бойынша мәліметтерді тізілімге енгізу үшін қолжетімді болады.

      Басқарма мыналар анықталған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады :

      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидалармен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) қатысты қызметке немесе нақты субсидия алуға талап ететін қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;

      4) ауылшартауарынөндірушіге (ауылшаркооперативіне) қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, оның негізінде ауылшартауарынөндірушінің (ауылшаркооперативінің) субсидия алумен байланысты арнайы құқығынан айырылуы.

      15. Басқарма "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидия төлеуге арналған төлем тапсырмасын екі жұмыс күні ішінде:

      осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес басқарма өтінімді қабылдағанын растағаннан кейін;

      өтпелі өтінім бойынша ӨҚҚ өндіруші осы Қағидалардың 9-тармағы 4) тармақшасының талаптарына сәйкес нақты өткізілген ӨҚҚ туралы мәліметтерді тізілімге енгізгеннен кейін веб-порталда қалыптастырады.

      Субсидия көлемі тиісті айға арналған Қаржыландыру жоспарында көзделген бюджет қаражатының көлемінен асатын өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінімдердің келіп түсу күніне сәйкес кезектілік бойынша келесі айда жүзеге асырылады.

  Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

Өтiнiм

      1.__________________________________________________ облысының

      (республикалық маңызы бар қаланың, астананың)

      _____________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты

      (бар болса), тегі,

      2. Маған__________ литр (килограмм, грамм, дана) көлемiнде

      сатып алынған____________________________________________ үшiн

      (ӨҚҚ түрi)

      __________________________ теңге мөлшерінде субсидия төлеуді сұраймын.

      (сома санмен және жазбаша)

      3. Өтінім беруші туралы ақпарат*.

      Заңды тұлға үшін:

      атауы _______________________________________________________________

      БСН________________________________________________________________

      басшысының аты, әкесінің аты (бар болса тегі), тегі________________________

      басшысының ЖСН ___________________________________________________

      мекенжайы: _________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ________________________________________________

      4. Жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы_______________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _______________________________________

      ЖСН________________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ______________________________________________________________

      кім берді ____________________________________________________________

      берілген күні _________________________________________________________

      мекенжайы:__________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:_________________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ________________________________________________

      хабарлама күні ________________________________________________

      5. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәлімет:

№ п/п

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің, жеке тұлғаның БСН/ЖСН

1

2

3




      6. Жер учаскесi туралы ақпарат:

№ пп

жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

барлық алаң, гектар

оның ішінде егістік

нысаналы мақсаты

жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6







      7. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің (ауылшартауарынөндірушінің) немесе ауыл шаруашылығы кооперативінің (ауылшаркооперативінің) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бары туралы мәліметтер *.

      ЖСН/БСН ______________________________________________________

      Кбе____________________________________________________________

      Банк деректемелері_______________________________________________

      Банк атауы______________________________________________________

      БСК___________________________________________________________

      ЖСК___________________________________________________________

      БСН___________________________________________________________

      Кбе____________________________________________________________

      8. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші (ауылшаркооперативі) және ӨҚҚ өндіруші / жеткізуші арасындағы сатып алу-сату шарты:

      шарттың нөмірі _________________________________________________

      шарт жасалған күн _______________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)__________________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің атауы және БСН _________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы ____________________

      ӨҚҚ атауы _____________________________________________________

      ӨҚҚ көлемі, литр (килограмм, дана, грамм) _________________________

      төлеу мерзімі ___________________________________________________

      межелі (босату) пункті ___________________________________________

      9. ӨҚҚ-нің нақты сатып алынғанын растайтын (өтінім берген сәтте) төлем құжаттары:

      төлем құжатының нөмірі _________________________________________

      төлем құжатының күні ___________________________________________

      шот-фактура нөмірі______________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      10. Жүк кедендік декларация (Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден ӨҚҚ сатып алған ауылшартауарынөндіруші (ауылшаркооперативі) үшін):

      ӨҚҚ атауы _____________________________________________________

      өлшем бірлігі ___________________________________________________

      мөлшері (көлемі)_________________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)___________________________________________

      өткізу құны, барлығы ____________________________________________

      нөмірі _________________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің атауы __________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы ____________

      11. Тауар Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінгенін растайтын мемлекеттік кірістер органы берген құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің атауы __________________________________

      шетелдік ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы_____________

      12. Сатып алынған ӨҚҚ-ға арналған сәйкестiк сертификаты:

      сертификаттың нөмірі____________________________________________

      сертификаттың қолданылу мерзімі _________________________________

      сәйкестендірілген өнім (атауы, шығарушы ел)________________________

      өтінім беруші (атауы, мекенжайы) _________________________________

      кім берді _______________________________________________________

      13. Тауардың шыққан жері сертификаты:

      нөмірі мен берілген күні __________________________________________

      тауардың атауы _________________________________________________

      экспорттаушы/жүк жөнелтуші ____________________________________

      импорттаушы/жүк алушы_________________________________________

      14. Тиесілі субсидиялар есептемесі:

ӨҚҚ саудалық атауы

ӨҚҚ өндіруші (отандық/ шетелдік)

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы (өңделетін объект), пар

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар

Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы

1 гектарға ӨҚҚ шығысының (қолдану) нормасы литр (килограмм, грамм, дана)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Өңделетін алаң, гектар

ӨҚҚ пай даланудың нақты көлемі (килограмм, литр, дана, грамм)

1 литрінің (килограмм, дана, грамм) бағасы, теңге

1 литрге (килограмм, дана, грамм) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге (8-баған х 10-баған)

8

9

10

11

12






      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өсімдіктерді қорғау мақсатында сатып алынған ӨҚҚ-ні ағымдағы жылы пайдалануға міндеттенемін, алынған субсидияларды пайдаланбаған жағдайда қайтып беруге міндеттенемін.

      Өтінім беруші 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00 қол қойды және жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      облыс басқармасы (қала басқармасы) 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00 қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-мен қойылған күні мен уақыты

      Аббревиатуралардың толық жазылуы және түсіндірмесі:

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік-сәйкестендіру коды;

      БИН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Кбе –бенефициар коды;

      * – гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау процесі толық автоматтандырылған жағдайда, өтінімдегі мәліметтер автоматты түрде интеграция есебінен толтырылады.

      Ескертпе:

      Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін де берген жағдайда өтінімнің 5, 6, 7, 8 және 9-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

  Өсімдіктерді қорғау мақсатында
ауыл шаруашылығы
дақылдарын өңдеуге арналған
гербицидтердің, биоагенттердің
(энтомофагтардың) және
биопрепараттардың құнын
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Өтпелі өтінім

      1. ______________ облысының _____________________________

      республикалық маңызы бар қаланың, астананың _____________

      ________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, жеке тұлғаның аты,

      әкесінің аты (бар болса), тегі

      2. Осымен __________________________ арзандатылған құнмен

      (ӨҚҚ өндірушінің атауы)

      ________ литр (килограмм, грамм, дана) көлемiнде __________________ ӨҚҚ

      (ӨҚҚ түрi)

      сатып алу-сату шартын жасасқанымды мәлімдеймін және маған тиесілі

      _______________________ теңге мөлшеріндегі субсидияны

      (сома санмен және жазбаша)

      отандық ӨҚҚ өндіруші ____________________________________

      (отандық ӨҚҚ өндірушінің атауы)

      нақты өткізілген ӨҚҚ көлемдері жөніндегі тізілімге мәліметтерді ұсынғаннан кейін

      отандық ӨҚҚ өндіруші _____________________ ________________________________

      (отандық ӨҚҚ өндірушінің атауы)

      аударуды сұраймын.

      3. Өтінім беруші туралы мәлімет * .

      Заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________

      БСН___________________________________________________________

      басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі ______________________

      мекенжайы: ____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі: ___________________________________________

      4. Жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін * :

      атауы __________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі __________________________________

      ЖСН___________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді _______________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      мекенжайы:_____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі:____________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметін бастағаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ________________________________________________

      хабарлама күні __________________________________________________

      5. Ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері туралы мәлімет:

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің атауы, жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативі мүшесінің, жеке тұлғаның БСН/ЖСН

1

2

3




      6. Жер учаскесi туралы мәлімет:

кадастрлық нөмірі

барлық алаң, гектар

оның ішінде егістік

нысаналы мақсаты

жер учаскесі иесінің немесе жерді пайдаланушының атауы

1

2

3

4

5

6







      7. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші мен ӨҚҚ өндіруші арасындағы сатып алу-сату шарты:

      шарттың нөмірі _________________________________________________

      шарт жасалған күн _______________________________________________

      ҚҚС-мен бағасы (теңге)___________________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің атауы және БСН _________________________________

      ӨҚҚ өндірушінің орналасқан жерінің мекенжайы ____________________

      ӨҚҚ атауы _____________________________________________________

      ӨҚҚ көлемі, литр (килограмм, дана, грамм) _________________________

      төлеу мерзімі ___________________________________________________

      межелі (босату) пункті ___________________________________________

      8. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушінің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының бары туралы мәліметтер *.

      банктің атауы:___________________________________________________

      БСК___________________________________________________________

      ЖСК___________________________________________________________

      БСН___________________________________________________________

      Кбе____________________________________________________________

      9. Тиесілі субсидиялар есептемесі:

ӨҚҚ саудалық атауы

ӨҚҚ өндіруші (отандық/ шетелдік)

Ауыл шаруашылығы дақылының атауы (өңделетін объект), пар

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі және оның алаңы, гектар

Танаптың кадастрлық нөмірі және оның алаңы

1 гектарға ӨҚҚ шығысынң (қолдану) нормасы, литр (килограмм, грамм, дана)

1

2

3

4

5

6

7

      кестенің жалғасы

Өңделетін алаң, гектар

ӨҚҚ пай пайдаланудың нақты көлемі (килограмм, литр, дана, грамм)

1 литрінің (килограмм, дана, грамм) бағасы, теңге

1 литрге (килограмм, дана, грамм) арналған субсидиялар нормасы, теңге

Тиесілі субсидия сомасы, теңге (8-баған х 10-баған)

8

9

10

11

12






      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректерді және өзге ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, шығарып алуға және пайдалануға келісім беремін.

      Өсімдіктерді қорғау мақсатында сатып алынған ӨҚҚ-ні ағымдағы жылы пайдалануға міндеттенемін, алынған субсидияларды пайдаланбаған жағдайда қайтып беруге міндеттенемін.

      Өтінім беруші сағат 20__ жылғы "__" ________ сағат 00:00 қол қойды және жіберді:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты

      Өтінімнің қабылданғаны туралы хабарлама:

      облыс басқармасы (қала басқармасы) 20__ жылғы "__" _____ сағат 00:00 қабылдады:

      ЭЦҚ-дан алынған деректер

      ЭЦҚ-мен қол қойылған күні мен уақыты

      Аббревиатурлардың толық жазылуы және түсіндірмесі:

      ӨҚҚ –өсімдік қорғау құралдары;

      ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСК – жеке сәйкестендіру коды;

      БСК – банктік-сәйкестендіру коды;

      БИН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС – қосылған құн салығы;

      Кбе – бенефициар коды;

      * – гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау процесі толық автоматтандырылған жағдайда, өтінімдегі мәліметтер автоматты түрде интеграция есебінен толтырылады.

      Ескертпе:

      Ауыл шаруашылығы кооперативі субсидия алуға арналған осы өтінімді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін де берген жағдайда өтінімнің 5, 6, 7, және 8-жолдарында көрсетілген мәліметтер субсидия тиесілі ауыл шаруашылығы кооперативінің әр мүшесіне толтырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады