"Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 510 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 30 қазанда № 17641 болып тіркелді.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына, сондай-ақ 44-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2012 жылғы 26 мамырдағы № 269-273 (27347) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы";

      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік орта білім беру мекемелерінің басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары";

      1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 35) тармақшасына және 44-бабы 3-тармағының үшінші абзацына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау тәртібін анықтайды (бұдан әрі – мемлекеттік білім беру ұйымдары).

      2. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және тағайындау мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшысы лауазымына кандидаттың (бұдан әрі - кандидат) кәсіби және жеке мінездемелерінің біліктілік талаптарына сәйкестігін белгілеу үшін жүргізіледі.

      3. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына тағайындау және орналастыру конкурсын (бұдан әрі - конкурс) ведомствосында және бағынысында бос лауазымы бар білім беру ұйымы орналасқан білім беруді басқару органы жүргізеді.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және лауазымына тағайындау тәртібі";

      10-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) орналасқан орнын көрсете, оның қызметін қысқаша сипаттай отырып, мемлекеттік білім беру ұйымының толық атауы;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) мемлекеттік білім беретін ұйымы басшысының лауазымдық міндеттері;";

      11-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Конкурсқа қатысу үшін кандидаттардан мыналар талап етіледі:";

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) бірінші немесе жоғары біліктілік санатының және (немесе) "педагог-модератор", "педагог-сарапшы", "педагог-зерттеуші", "педагог-шебер" санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, әдістемелік қызметтердің қызметкерлерін қоспағанда);";

      12-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік білім беру ұйымының қамқоршылық кеңесімен (бұдан әрі – қамқоршылық кеңес) кандидаттарды келісу;";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Қамқоршылық кеңесінің отырысында кандидат мемлекеттік білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспарын ұсынады.";

      22-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қамқоршылық кеңес кандидаттарды айқындаған жағдайда ведомствосында және бағынысында білім беру ұйымы орналасқан білім беруді басқару органының комиссиясы облыстың білім басқармасына келісуге жолдайды.";

      25-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Кандидаттар 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" 2011 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексін, "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Мемлекеттiк сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Құқық бұзушылық профилактикасы туралы" 2010 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңын, "Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" 2011 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын және сондай-ақ педагогика, психология негіздерін білуге арналған тестілеуден және әңгімелесуден өтеді.";

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Конкурс кезінде тестілеу кандидаттардың кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін жүргізіледі.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Кандидаттар тестілеуден конкурстың жариялануына қарамастан алдын ала өтеді. Бұл ретте тестілеу нәтижесі күнтізбелік бір жыл ішінде және тест тапсырған өңірдің аумағында жарамды болып табылады.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Жарияланған конкурстар бойынша кандидаттар тестілеуден өту үшін осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.";

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары жарияланған мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындау конкурсы шеңберінде тестілеуге немесе конкурс жарияламастан алдын ала тестілеуге қатысатын кандидаттардың тізімін осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қалыптастырады.";

      39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "39. Бағдарламалық жасақтамада тестілеу аяқталғаннан кейінкандидатқа тестілеу нәтижесі – Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындау конкурсына/конкурстан тыс қатысушылардың тестілеуден өткендігі туралы анықтама осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес беріледі.";

      43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "43. Әңгімелесу өткізу үшін осы қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының немесе мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттың бағалау парағы" толтырылады және осы қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындалатын кандидатпен әңгімелесу үшін тақырыптық бағыттар" беріледі.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Әңгімелесуді ведомствосында және бағынысында білім беру ұйымы орналасқан білім беруді басқару органының комиссиясы бала және жасөспірімдер жасының психологиясы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын, ұжымдағы басқару және іскер өзара іс-қимыл психологиясы, кадрлық менеджмент және қызмет этикасы мәселелері бойынша теориялық білім деңгейін айқындау, сондай-ақ кандидаттың педагогикалық жетістіктерін, кәсіби және жеке қасиеттерін, ұйымдастырушылық қабілеттерін, болжанатын лауазым қызметінің перспективасын айқындауға қатысты ақпаратты нақтылау мақсатында конкурстың 1, 2, 3 - кезеңдерінің нәтижелерін ескере отырып, әңгімелесу өткізеді. Әңгімелесуді өткізу тәртібін комиссия дербес анықтайды.";

      49-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "49. Конкурс жариялаған білім беруді басқару органының басшысы үш жұмыс күні ішінде оң нәтиже алған конкурс қатысушысымен төрт жыл мерзімге шарт жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.";

      Қағидаларға 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мемлекеттік орта, техникалық
  және кәсіптік, орта білімнен
  кейінгі білім беру ұйымдарының
  басшыларын конкурстық
  орналастыру және мектепке
  дейінгі, орта білімнің жалпы
  білім беретін оқу
  бағдарламаларын және қосымша
  білімнің білім беру
  бағдарламаларын іске асыратын
  мемлекеттік білім беру
  ұйымының басшысы
  лауазымына конкурстық
  тағайындау қағидаларына
  1-қосымша";

      Қағидаларға 2-қосымшаның:

      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мемлекеттік орта, техникалық
  және кәсіптік, орта білімнен
  кейінгі білім беру ұйымдарының
  басшыларын конкурстық
  орналастыру және мектепке
  дейінгі, орта білімнің жалпы
  білім беретін оқу
  бағдарламаларын және қосымша
  білімнің білім беру
  бағдарламаларын іске асыратын
  мемлекеттік білім беру
  ұйымының басшысы
  лауазымына конкурстық
  тағайындау қағидаларына
  2-қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыруға және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындауға жарияланған конкурстың шеңберінде немесе конкурс жарияланбастан алдын ала тестілеуге қатысатын кандидаттардың тізімі";

      Қағидаларға 3-қосымшаның:

      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мемлекеттік орта, техникалық
  және кәсіптік, орта білімнен
  кейінгі білім беру ұйымдарының
  басшыларын конкурстық
  орналастыру және мектепке
  дейінгі, орта білімнің жалпы
  білім беретін оқу
  бағдарламаларын және қосымша
  білімнің білім беру
  бағдарламаларын іске асыратын
  мемлекеттік білім беру
  ұйымының басшысы
  лауазымына конкурстық
  тағайындау қағидаларына
  3-қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындау конкурсына/конкурстан тыс қатысушылардың тестілеуден өткендігі туралы анықтама";

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "_________________________________________________

      аттестатталушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      ___________ қ. мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының немесе мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тестілеуден өткендігін растайды ____________________________________

      конкурстан / конкурстан тыс ";

      Қағидаларға 4-қосымшаның:

      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мемлекеттік орта, техникалық
  және кәсіптік, орта білімнен
  кейінгі білім беру ұйымдарының
  басшыларын конкурстық
  орналастыру және мектепке
  дейінгі, орта білімнің жалпы
  білім беретін оқу
  бағдарламаларын және қосымша
  білімнің білім беру
  бағдарламаларын іске асыратын
  мемлекеттік білім беру
  ұйымының басшысы
  лауазымына конкурстық
  тағайындау қағидаларына
  4-қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының немесе мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттың бағалау парағы";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ескертпе: Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының немесе мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына кандидаттың өлшемшарттарын комиссия мүшелері 10 балдық шәкіл бойынша бағалайды:";

      Қағидаларға 5-қосымшаның:

      оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Мемлекеттік орта, техникалық
  және кәсіптік, орта білімнен
  кейінгі білім беру ұйымдарының
  басшыларын конкурстық
  орналастыру және мектепке
  дейінгі, орта білімнің жалпы
  білім беретін оқу
  бағдарламаларын және қосымша
  білімнің білім беру
  бағдарламаларын іске асыратын
  мемлекеттік білім беру
  ұйымының басшысы
  лауазымына конкурстық
  тағайындау қағидаларына
  5-қосымша";

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын орналастыру және мектепке дейінгі, орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын және қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы лауазымына тағайындалатын кандидатпен әңгімелесу үшін тақырыптық бағыттар";

      4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Білім беру ұйымын басқарудағы инновациялар.

      5. Табысты білім беру ұйымы, табысты басшы, табысты білім алушы, табысты педагог өлшемшарттары.".

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіби білім беру департаменті (Н.Ж. Оспанова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қағаз және электронды түрдегі қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң Эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделгенн іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі Е. Сағадиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады