"Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 867 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 2 қарашада № 17676 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 06.01.2022 № 2 (мемлекеттік тіркеуден кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде (экономикалық тергеу қызметі) қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 498 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9933 болып тіркелген, 2014 жылғы 10 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидалары мен шарттарында:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға орналасу үшін конкурс өткізу және тағылымдамадан өту қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарына орналасу үшін конкурс өткізу шарттары мен тәртібін, мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріне (экономикалық тергеу қызметі) орналасу кезінде үміткерлердің тағлымдамасын ұйымдастыру тәртібін айқындайды.

      Қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде бос лауазымға орналасуы, ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, оның келісімі бойынша ауысу тәртібімен конкурстан тыс негізде немесе Заңның 7-бабы 4-тармағына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Конкурсты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) және конкурстық негізде алмастырылатын лауазымдар тізбесіне сәйкес бос және уақытша бос лауазымдары (бұдан әрі – бос лауазым) бар, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бойынша оның аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жүргізеді.

      Комитеттің жедел-тергеу бөлімшелерінің (экономикалық тергеу қызметі) бос лауазымына, сондай-ақ аумақтық органдардың мемлекеттік кірістер департаменттері басшыларының орынбасарлары, кеден басшыларының орынбасарлары, аумақтық органдардың ішкі қауіпсіздік бөлімшелерінің басшылары және қызметкерлерің, аумақтық органдардың жедел-тергеу бөлімшелері басқармаларының басшылары лауазымына орналасуға конкурсты Комитет жүргізеді.";

      Осы бұйрықпен бекітілген мемлекеттік кірістер органдарының жедел-тергеу бөлімшелеріндегі (экономикалық тергеу қызметі) лауазымдарға конкурстан тыс орналасу қағидалары мен шарттарында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қызметкердің құқық қорғау қызметін өткеру кезеңінде бос лауазымға орналасуы, ол тиісті бос лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, оның келісімі бойынша ауысу тәртібімен конкурстан тыс негізде немесе Заңның 7-бабы 4-тармағына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылуы мүмкін.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады