"Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 317 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 2 қарашадағы № 56 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 қарашада № 17688 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау мен пайдалануға арналған тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 14 маусымдағы № 162 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 23 маусымдағы № 277 бірлескен бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тiзiлiмiнде № 13979 болып тіркелген, 2016 жылдың 4 тамызда нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1. Мыналар:

      1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      2) осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тексеру парағының нысаны бекітілсін;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар осы бірлескен бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда бекітілсін.

      тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрықты қолданысқа енгізуден кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Мұхамедиұлы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және

      арнайы есепке алу жөніндегі

      комитеті

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы
№ 317 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы
№ 56 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарттар) – Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі-Кәсіпкерлік кодексі) 141-бабының 3-тармағына, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларына және тексеру парақтарының нысанына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 тіркелген) сәйкес әзірленді және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласында уәкілетті органның (бұдан әрі-уәкілетті орган) бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін және оларды бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдер дәрежесіне жатқызуға арналған.

      2. Осы Өлшемшарттарда мына ұғымдар пайдаланылған:

      1) бақылау субъектілер (объектілер) - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты олардың қызметіне бақылау жүргізілетін жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде жергілікті атқарушы органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері;

      2) болмашы бұзушылықтар - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталуы туралы жергілікті атқарушы органды хабардар етуіне қатысты әрекетсіздік

      3) маңызды бұзушылықтар – тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді жоспарлау кезінде уәкілетті органдарды келісуге және хабардар етуге, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына зиянды әсер ететін шараларға қатысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      4) өрескел бұзушылықтар - тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерінің сақталуына зиянды әсер ететін, олардың жай-күйінің нашарлауына әкеп соғатын, толық жойылғанға дейін шараларды жүргізуге қатысты нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу;

      5) тәуекел – бақылау субъектінің (объектінің) қызметі нәтижесінде адамның өміріне немесе денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы, оның салдарының ауырлық дәрежесін ескере отырып;

      6) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) - белгілі бір қызмет саласындағы тәуекел дәрежесіне байланысты бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын және жеке бақылау субъектіге (объектіге) тікелей тәуелді емес тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) - нақты бақылау субъект (объект) қызметінің нәтижелеріне байланысты тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы бақылау субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      8) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптарды қамтитын талаптар тізбесі.

      3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптастырылады.

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) барумен профилактикалық бақылау жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты қолданылады.

      Жоспардан тыс тексерулер жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған және жатқызылмаған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты қолданылады.

      4. Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 3-тармағына сәйкес реттеуші мемлекеттік органның бірінші басшысының бұйрығымен бекітілетін талдау және бағалау нәтижесінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдері негізінде бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      5. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің (объектісінің) басымдығы ескеріле отырып жасалады.

2-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалайтын объективті өлшемшарттар

      6. Бақылау субъектілер (объектілер) объективті тәуекел өлшемдері негізінде екі дәрежелі тәуекелге бөлінеді - жоғары және жоғары дәрежеде жатқызылмаған.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілері аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар;

      2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері.

      Тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылмаған тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланушылар болып табылатын және олардың сақталуы мен пайдаланылуына жауапты жеке және заңды тұлғалар жатады.

      7. Объективті өлшемшарттар негізінде жоғары тәуекел дәрежесіне бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспардан тыс тексерулер және бақылау субъектілеріне (объектілеріне) бару арқылы профилактикалық бақылау қолданылады.

3-тарау. Тәуекел дәрежесін бағалайтын субъективті өлшемшарттары

      8. Субъективті өлшемшарттарды анықтау мынадай кезеңдерді қолдана отырып жүзеге асырылады:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заңнамасының талаптарын бұзу туралы деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

      2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалау.

      9. Бақылау субъектісіне (объектісіне) субъективті өлшемшартарының тәуекел дәрежесін бағалау үшін мына ақпарат көздері пайдаланылады:

      1) бұрынғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері. Мұндай жағдайда, тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы заң бұзушылықтың деңгейі (өрескел, маңызды, болмашы) тексеру парағында көрсетілген заң талаптары сақталмаған жағдайда белгіленеді;

      2) тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы талаптардың бұзылуы туралы жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы және саны;

      10. Субъективті өлшемшарттар олардың маңыздылығы мен қоғамдық қауіптілігіне байланысты осы Өлшемшарттарға қосымшада көзделген тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзылудың (өрескел, маңызды және болмашы) ауырлығының 3 дәрежесіне бөлінген.

      Бір өрескел бұзушылық анықталған жағдайда бақылау субъектісіне (объектісіне) тәуекел дәрежесінің 100 көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ерекше тәртіп бойынша тексеру немесе бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:


Р3 = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,7,

      мұнда:


Р3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:


РН = (

Р2 х 100/

Р1) х 0,3,

      мұнда:


РН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

Р1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (

Р) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

Р =

Р3 +

РН,

      мұнда:


Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

Р3 – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

РН – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      11. Белгіленген тәуекел дәрежесінің көрсеткішіне сәйкес, бақылау субъект:

      1) 60-тан 100-ге дейінгі тәуекел деңгейінің көрсеткішіне сай - жоғарғы деңгейлі тәуекелге жатады және оған байланысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі;

      2) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел деңгейінің көрсеткішіне сай - жоғарғы деңгейлі тәуекелге жатпайды және оған байланысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілмейді.

  Бақылау субъектілердің
(объектілердің) тарихи-мәдени
мұра объектілерін қорғалуы мен
пайдаланылуына тәуекел
дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
1-қосымша

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуы мен пайдаланылуына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

Бұрынғы тексерулер мен профилактикалық бақылау нәтижелері (бұзушылықтың ауырлық деңгейі төмендегі талаптардың орындалмауы жағдайында қолданылады)

1

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық немесе ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензияның болуы

өрескел

2

Тарихи-мәдени мұра объектілерін басқа жерге көшіру фактілерінің болмауы

өрескел

3

Халықаралық және Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді уәкілетті органмен келісімінің болуы

маңызды

4

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталуы туралы жергілікті атқарушы органды хабардар ету фактісінің болуы

болмашы

5

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафттың болуы

маңызды

6

Монументалды өнердің жаңа құрылыстарын орнатуға уәкілетті органның шешімі болуы

маңызды

7

Тарихи-мәдени мұра объектілерін жою фактілеріне, тағылық актілеріне, өңін айналдыру, жалған дәріптеу, бұрмалау, орынсыз өзгерістер енгізу, тарихи түпмәтінінен үзіп тастау фактілерінің болмауы

өрескел

8

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілу фактілерінің болмауы

маңызды

Жеке және заңды тұлғалардан түскен расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

1

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласына қатысты бір расталған шағымның немесе өтініштің болуы

маңызды

2

Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану саласындағы екі немесе одан да көп расталған шағымдардың немесе өтініштердің болуы

өрескел

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы
№ 317 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 2 қарашадағы
№ 56 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
міндетін атқарушысының
2016 жылғы 14 маусымдағы
№ 162 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 277 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылау тексеру парағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің саласында/аясында 138 бабына сәйкес

      _____________________________________________________________ қатысты

      бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобының атауы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________

      ____________________________________________________________________

      №, күні

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау және (объектісінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-сәйкестендіру

      Нөмірі ______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық немесе ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензияның болуы





2

Тарихи-мәдени мұра объектілерін басқа жерге көшіру фактілерінің болмауы





3

Халықаралық және Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді уәкілетті органмен келісімінің болуы





4

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізудің басталуы туралы жергілікті атқарушы органды хабардар ету фактісінің болуы





5

Тарих және мәдениет ескерткіштерінде қорғау аймақтарының, құрылыс салуды реттеу аймақтарының және қорғалатын табиғи ландшафттың болуы





6

Монументалды өнердің жаңа құрылыстарын орнатуға уәкілетті органның шешімі болуы





7

Тарихи-мәдени мұра объектілерін жою фактілеріне, тағылық актілеріне, өңін айналдыру, жалған дәріптеу, бұрмалау, орынсыз өзгерістер енгізу, тарихи түпмәтінінен үзіп тастау фактілерінің болмауы





8

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталып тұруына қатер төндіруі мүмкін жұмыстардың жүргізілу фактілерінің болмауы





      Лауазымды адам (адамдар) ___________________________ ______________

      лауазымы                               қолы

      __________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (оның бар болған жағдайда)

      Бақылау субъектісінің (объектісінің) басшысы __________________________

      _____________________________________________________ ___________

      лауазымы                               қолы

      _________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (оның бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады