Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 141-бабының 5 және 6-тармақтарына және 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 30.11.2022 № 982 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2022 № 110 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.1. Мына:
1) нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 30.11.2022 № 982 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2022 № 110 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.3) алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 30.11.2022 № 982 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2022 № 110 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
4) біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізу үшін жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес;
5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру жүргізу үшін жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;
6) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру жүргізу үшін аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Әділет министрінің 30.11.2022 № 982 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 30.11.2022 № 110 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 13.11.2023 № 812 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.11.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрықтарымен.2. "Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін және тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 649 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 833 бірлескен бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12698 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесі 2016 жылғы 12 қаңтарда жарияланған.).
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
|
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратурасының Құқықтық
статистика және арнайы есепке
алу жөніндегі комитеті
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына 1-қосымша |
Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.11.2023 № 812 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.11.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарт) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабы 5 және 6 тармақтарына және 143-бабы 1 тармағына, "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) Тексеру парағының нысандарына сәйкес әзірленген.
2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;
2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;
3) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;
4) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;
5) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – қызмет тәуекелі дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;
7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;
8) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;
9) бақылау субъектісі – "Нотариат туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, аумақтық нотариаттық палаталар;
10) өрескел бұзушылықтар – жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің елеулі бұзылуына алып келетін Қазақстан Республикасының нотариаттық қызмет саласындағы заңнамасында бекітілген талаптардың бұзылуы;
11) елеулі бұзушылықтар – адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру үшін алғышарттар жасайтын Қазақстан Республикасының нотариаттық қызмет саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
12) болмашы бұзушылықтар – өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатпайтын Қазақстан Республикасының нотариаттық қызмет саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;
13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.
2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі
3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.
4. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.
Бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес осы Өлшемшарттардың 1, 2 қосымшаларына сәйкес беріледі.
5. Бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау және талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.
1-параграф. Объективті өлшемшарттар
6. Объективті өлшемшарттарды бақылау субъекті (объекті) жоғары тәуекел дәрежесіне жекеше нотариустар және аумақтық нотариаттық палаталар жатады.
Жоғары дәрежелі тәуекелге жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер өткізу қолданылады.
7. Жоғары дәрежелі тәуекелге бақылау субъектісін (объектісін) жатқызу жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүдделеріне жасалған нотариаттық іс-әрекеттер құпиялығын сақтауды қамтамасыз етуге байланысты, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы сақтау саласында азаматтардың құқығын қорғау, нотариаттық іс-әрекеттердің құпиялығын заңсыз таратуға жол беруі мүмкін, мемлекет кепілдік берген жеке және заңды тұлғалардың бостандықтары мен құқықтары бұзылуына қолайсыз жағдайлардың туындау ықтималдығын ескере отырып жүзеге асырылады.
8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау өткізу бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.
9. Бақылау субъектісінің (объектісінің) талаптарға сәйкестігіне тексерулер талаптарға сәйкестігі кестесі негізінде жүргізіледі.
2-параграф. Субъективті өлшемшарттар
10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді:
1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;
2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалауды қолдана отырып жүзеге асырылады.
11. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының нотариат қызметі саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.
Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау өткізу субъективті өлшемшарттар арқылы тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;
Талаптарға сәйкестігіне тексерулерді өткізу үшін субъективті өлшемшарттар арқылы тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:
1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулердің нәтижелері;
2) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.
12. Қолда бар ақпарат көздері негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтары үш дәрежеге бөлінеді: өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтар.
Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.
Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.
Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.
13. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.
Бақылау субъектісіне қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттың 3 қосымшасында жазылған.
14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.
Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылады және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен тексеру жүргізіледі.
3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі
15. Мемлекеттік орган Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қосу жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.
Rарал = SP + SC, мұнда
Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,
SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,
SC – Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.
Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.
16. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.
Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 балл көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру немесе бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.
Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.
Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.
Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:
SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;
SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;
SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.
Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:
SР = SРз + SРн, мұнда
SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;
SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;
SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.
17. Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,
wi - субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы xi
n – көрсеткіштер саны.
Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.
R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:
R - бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),
Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),
Rmin - бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),
Rарал - Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.
18. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша айқындалады және жылына екі реттен артық емес.
19. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулердің жартыжылдық тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.
4-тарау. Тексеру парақтары
20. Тексеру парақтары бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып жүргізіледі.
Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттарына 1-қосымша |
Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) тексерулер және профилактикалық бақылау жүргізуге бақылау субъектілерінің қызметінің тәуекел дәрежелерін бағалауға қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі
№ | Өлшемшарттар | Бұзылу дәрежесі |
1. Жекеше нотариустарға қатысты | ||
1 | Кәсіпкерлік қызметпен айналысу | өрескел |
2 | Нотариаттық іс-әрекеттер жасау құпиясын сақтамау | өрескел |
3 | Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің кедергісіз кіруі үшін жарамды үй-жайдың болмауы | өрескел |
4 | Бақылау субъектісінің мемлекеттік қаржылық мониторинг органына және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат бермеуі | өрескел |
5 | Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартының болмауы | өрескел |
6 | Бақылау субъектісінің аумақтық әділет органына бір ай ішінде оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сондай-ақ оның үй-жайының орналасқан жері өзгергені туралы мәліметтерді бермеуі | елеулі |
7 | Нотариаттық іс жүргізуді тиісінше жүргізбеу: құжаттарды қабылдау, тіркеу және жөнелту; істер номенклатурасын жасау; істерді қалыптастыру; істер тізімдемесін ресімдеу және жасау; құжаттарды сақтау; істерді мемлекеттік немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру; мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; істерді жою; нотариустың мөрлерін, мөртабандары мен бланкілерін пайдалану және сақтау; мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу; өсиеттерді есепке алу; шетелде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттарды ресімдеу; нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінің болуы және жүргізілуі, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінде тіркеу | болмашы |
8 | Нотариаттық іс-әрекеттерді тиісінше жасамау, атап айтқанда: мәмілені куәландыру; шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландыру; мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындау; мұраға құқық туралы куәлік беру; ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру; құжаттар көшірмелері және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру; құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру; құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландыру; азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру; азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландыру; құжаттардың берілген уақытын куәландыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру; ақшаны депозитке қабылдау; атқарушылық жазбаларды жасау; дауды реттеу туралы келісімді куәландыру; вексель наразылықтарын жасау; сақтауға құжаттар мен бағалы қағаздарды қабылдау; теңіз наразылықтарын жасау; дәлелдемелерді қамтамасыз ету | өрескел |
2. Аумақтық нотариаттық палаталарға қатысты | ||
9 | Жеке нотариаттық мұрағаттың, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастырудың болмауы | өрескел |
10 | Нотариаттық іс-әрекеттер жасау құпиясын сақтамау | өрескел |
11 | Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыруын қамтамасыз етпеуі және аумақтық әділет органдарын жеке нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтару жағдайлары туралы хабардар етпеуі | елеулі |
12 | Нотариаттық палаталардың жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша өз қызметі туралы ақпарат бермеуі | елеулі |
Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттарына 2-қосымша |
Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу үшін нотариаттық қызмет саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі
№ | Өлшемшарттар | Бұзылу дәрежесі |
1. Жекеше нотариустарға қатысты | ||
1 | Кәсіпкерлік қызметпен айналысу | өрескел |
2 | Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартының болмауы | өрескел |
Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежелерін бағалау өлшемшарттарына 3-қосымша |
Нотариустарға қатысты тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі
Р/с № | Субъективті өлшемшарттар көрсеткіші | Субъективті өлшемшарт көрсеткіші бойынша ақпарат көзі | Маңыздылығы бойынша үлес салмағы, балл (барлығы 100 баллға дейін болуы тиіс), wi | Шарттар / мәндер, xi | |
1-шарты / мәні | 2-шарты / мәні | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Талаптарға сәйкестігін тексеру үшін | |||||
1 | Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартының болмауы | уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 50 | Жоқ / 100% | Бар / 0% |
2 | Кәсіпкерлік қызметпен айналысу | уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері | 50 | Расталмады/ 0% | Расталды/ 100% |
Қазақстан Республикасы | |
Әділет министрінің | |
2018 жылғы қарашадағы | |
№ 1529 және Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрінің | |
2018 жылғы қарашадағы | |
№ 60 бірлескен бұйрығына | |
2-қосымша |
Мемлекеттік нотариустардың қызметін тексеру парағы
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 30.11.2022 № 982 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.11.2022 № 110 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы | |
Әділет министрінің | |
2018 жылғы 6 қарашадағы | |
№ 1529 және Қазақстан Республикасы | |
Ұлттық экономика министрінің | |
2018 жылғы қарашадағы | |
№ 60 бірлескен бұйрығына | |
3-қосымша |
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-әрекеттер жасауға уәкiлеттi лауазымды адамдарының қызметтеріне қатысты тексеру парағы
Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Әділет министрінің 30.11.2022 № 982 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 30.11.2022 № 110 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына 4-қосымша |
Тексеру парағы
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.11.2023 № 812 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.11.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Нотариаттық қызмет саласында _______________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жекеше нотариусқа қатысты
__________________________________________________________________________
бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы
Бақылау субъектісіне қатысты тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт______________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің атауы _________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі________________________________
__________________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы ______________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Кәсіпкерлік қызметпен айналысу | ||
2 | Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартының болмауы |
Лауазымды адам (-дар) __________________________________ ________
лауазымы қолы
____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _________________ ____________
лауазымы қолы
_______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына 5-қосымша |
Тексеру парағы
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Әділет министрінің 13.11.2023 № 812 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.11.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Нотариаттық қызмет саласында _______________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жекеше нотариусқа қатысты
_______________________________бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды
тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________________
_________________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды
тағайындау туралы акт_____________________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің атауы _________________________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі ________________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Нотариаттық іс-әрекеттер жасау құпиясын сақтамау | ||
2 | Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар өкілдерінің кедергісіз кіруі үшін жарамды үй-жайдың болмауы | ||
3 | Бақылау субъектісінің мемлекеттік қаржылық мониторинг органына қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға қаржылық мониторингке жататын операциялар туралы мәліметтер мен ақпарат бермеуі | ||
4 | Бақылау субъектісінің аумақтық әділет органына бір ай ішінде оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), сондай-ақ оның үй-жайының орналасқан жері өзгергені туралы мәліметтерді бермеуі | ||
5 | Нотариаттық іс жүргізуді тиісінше жүргізбеу: құжаттарды қабылдау, тіркеу және жөнелту; істер номенклатурасын жасау; істерді қалыптастыру; істер тізімдемесін ресімдеу және жасау; құжаттарды сақтау; істерді мемлекеттік немесе жекеше нотариаттық мұрағатқа беру; мұрағаттық құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; істерді жою; нотариустың мөрлерін, мөртабандары мен бланкілерін пайдалану және сақтау; мұрагерлік істерді қалыптастыру және ресімдеу; өсиеттерді есепке алу; шетелде іс-әрекеттер жасауға арналған құжаттарды ресімдеу; нотариаттық іс-әрекеттерді тіркеу тізілімінің болуы және жүргізілуі, сондай-ақ нотариаттық іс-әрекеттерді Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйенің электрондық тізілімінде тіркеу | ||
6 | Нотариаттық іс-әрекеттерді тиісінше жасамау, атап айтқанда: мәмілені куәландыру; шаруашылық серіктестіктердің құрылтай құжаттарын куәландыру; мұраға сенімгерлік басқарушыны тағайындау; мұраға құқық туралы куәлік беру; ерлі-зайыптылардың және ортақ бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар өзге адамдардың ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру; құжаттар көшірмелері және олардан алынған үзінділердің дұрыстығын куәландыру; құжаттарға қойылған қолдың түпнұсқалығын куәландыру; құжаттардың бір тілден екінші тілге дұрыс аударылғанын куәландыру; азаматтың тірі екендігі фактісін куәландыру; азаматтың белгілі бір жерде болу фактісін куәландыру; құжаттардың берілген уақытын куәландыру; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін басқа жеке және заңды тұлғаларға беру; ақшаны депозитке қабылдау; атқарушылық жазбаларды жасау; дауды реттеу туралы келісімді куәландыру; вексель наразылықтарын жасау; сақтауға құжаттар мен бағалы қағаздарды қабылдау; теңіз наразылықтарын жасау; дәлелдемелерді қамтамасыз ету |
Лауазымды адам (-дар) __________________________________ ________
лауазымы қолы
____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _________________ ______________
лауазымы қолы
_______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына 6-қосымша |
Тексеру парағы
Ескерту. Бірлескен бұйрық 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Әділет министрінің 13.11.2023 № 812 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 14.11.2023 № 176 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.
Нотариаттық қызмет саласында ______________________________________________
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес аумақтық нотариаттық палатаға
қатысты
________________________________бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________________
__________________________________________________________________________
Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық
бақылауды тағайындау туралы акт____________________________________________
№, күні
Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ____________________________________
__________________________________________________________________________
Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі ______________________________
_____________________________________________________________________
Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________
_____________________________________________________________________
№ | Талаптар тізбесі | Талаптарға сәйкес келеді | Талаптарға сәйкес келмейді |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | Жеке нотариаттық мұрағаттың, олардың нотариаттық құжаттарды жинақтау, сақтау және пайдалану жөніндегі функцияларын ұйымдастырудың болмауы | ||
2 | Нотариаттық іс-әрекеттер жасау құпиясын сақтамау | ||
3 | Жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыруды ұйымдастыруын қамтамасыз етпеуі және аумақтық әділет органдарын жеке нотариустардың өздерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасудан жалтару жағдайлары туралы хабардар етпеуі | ||
4 | Нотариаттық палаталардың жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша өз қызметі туралы ақпарат бермеуі |
Лауазымды адам (-дар) __________________________________ ________
лауазымы қолы
____________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Бақылау субъектісінің басшысы _________________ ________________
лауазымы қолы
_______________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)