"Талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін автокомпоненттерді моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана пайдалану туралы және талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдалану туралы міндеттеме нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 405 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 978 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 12 қарашада № 17728 болып тіркелді

      2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін автокомпоненттерді моторлы көлік құралдарын өнеркәсіптік құрастыру мақсатында ғана пайдалану туралы және талап қою мерзімінің өтуі шегінде әкелінетін шикізатты және (немесе) материалдарды инвестициялық келісімшарт шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезінде ғана пайдалану туралы міндеттеме нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 405 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14166 болып тіркелген, 2016 жылы 26 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады