Квазимемлекеттік сектордың 2019 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 14 қарашада № 17737 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысымен бекітілген Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған квазимемлекеттік сектордың 2019 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 13 қарашадағы
№ 68 бұйрығымен
бекітілген

Квазимемлекеттік сектордың 2019 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі

р/с №

Квазимемлекеттік сектор субъектілері

Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион теңге

Сыртқы борыштың шекті көлемі, миллион Америка Құрама Штаттары доллары*

1

2

3

4

1

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы

6 459 242

18 455

2

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

1 924 451

5 498

3

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы

441 595

1 262

4

"Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы

-

-

      *Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттары доллары үшін 350 теңге бағамы бойынша

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады