"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 441 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 15 қарашада № 17742 болып тіркелді.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жариаланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ "

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2018 жылғы 30 қазандағы
№ 441 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2015 жылғы 30 қаңтардағы
№ 9-1/71 бұйрығымен
бекітілген

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қарыздарды кепілдендіру мен сақтандыру кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне (бұдан әрі – АӨК субъектілері) мемлекеттік қолдау көрсетудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен айқындамалар пайдаланылады:

      1) жеке шот – субсидиялауға арналған өтінімдерді тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін, тізілімдегі жазбалар жиынтығы;

      2) жеке кабинет – пайдаланушының (қарыз алушының, кепілгердің /сақтандыру ұйымының, жұмыс органының) тізілімдегі дербес веб-парағы;

      3) кепілгер – банктік қызметті жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар қаржы институттары, екінші деңгейдегі банктер, сондай-ақ даму институттары;

      4) кепілдендіру/сақтандыру шарты – осы Қағидалардың шарттарында қарыз алушы, кредит беруші мен кепілгер/сақтандыру ұйымы арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім;

      5) кепілдік бойынша комиссия/сақтандыру сыйлықақысы – талап ету құқығы туындаған кезде кредит берушіге кредиттің кепілдендірілген/сақтандырылған бөлігін төлеуді жүргізу міндеттемелерін алғаны үшін төлемдер түрінде кепілгерге/сақтандыру ұйымына қарыз алушы төлейтін ақша қаражатының сомасы;

      6) кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау – кредиттің немесе лизингтің бір бөлігін қарыз алушының қайтармау тәуекелін қамтамасыз ететін, кепілгерге комиссияның бір бөлігін жыл сайын өтеуге бағытталған мемлекеттік қолдаудың нысаны;

      7) кепілдік бойынша төлем/сақтандыру төлемі – кепілгер/сақтандыру ұйымы талап ету құқығы туындаған кезде кепілдік сомасы/сақтандыру көлемі шегінде кредит берушіге төлейтін ақша қаражатының сомасы;

      8) кепілдік көлемі/сақтандыру сомасы – оған кепілдік берілген немесе талап ету құқығы туындаған кезде кепілгердің/сақтандыру ұйымының кредит беруші алдындағы жауапкершілігінің шекті көлемі болып табылатын қарыздың бір бөлігі сақтандырылған ақша сомасы;

      9) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес жұмыс органы айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжеткізуді және оны сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      10) кредит беруші – екінші деңгейдегі банктер, банктік операцияларды жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен саласындағы лизингтік компаниялар, кредиттік серіктестіктер мен микроқаржы ұйымдары;

      11) қарыз алушы – қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы);

      12) қарыз шарты – кредит беруші мен қарыз алушы арасында жасалатын, оның талаптары бойынша кредит беруші кредит/лизинг ұсынатын агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қарыз шарты, сондай-ақ ислам қағидаттарындағы қаржыландыру шарты;

      13) сақтандыру сыйақысының бір бөлігін субсидиялау – кредиттің бір бөлігін қарыз алушының қайтармау тәуекелін қамтамасыз ететін, сақтандыру ұйымдарына сақтандыру сыйақысының бір бөлігін бір реттік өтеуге бағытталған мемлекеттік қолдау нысаны;

      14) сақтандыру ұйымы – тиісті уәкілетті орган лицензиясының негізінде сақтандыру шартын жасасу және орындау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

      15) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – субсидиялау процестерін орындау бойынша қызметтерді көрсетуге арналған, "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасауға, субсидиялар алуға арналған өтінімді тіркеуге, сондай-ақ өтінімді (өтпелі өтінімді) субсидиялау шарттарына сәйкестігіне автоматты тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      16) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – Интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      17) субсидия қаражатын бөлу жөніндегі жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы саласындағы жергілікті атқарушы органы;

      18) субсидиялау шарты – жұмыс органы, қарыз алушы мен кепілгер/сақтандыру ұйымы арасында жасалатын, субсидиялар аудару тәртібі мен шарттарын, тараптардың жауапкершілігін көздейтін, электрондық цифрлық қолтаңбаларды қолдана отырып, электрондық түрде жасалған жазбаша келісім;

      19) субсидиялауға арналған өтінім – жасалған субсидиялау шартына сәйкес кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін немесе сақтандыру сыйақысының бір бөлігін өтеу үшін субсидиялар қаражатын төлеуге арналған кепілгердің/сақтандыру ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбалар қойылған электрондық өтінімі;

      20) субсидиялауға арналған өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – субсидиялауға арналған өтінімдер туралы, қарыз алушылар, кредит берушілер туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      21) талап ету құқығы – оның туындауымен кепілдендіру/сақтандыру шарты кепілдік бойынша төлемді/сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға;

      22) ұсыныс – электрондық цифрлық қолтаңбалар қойылған, қарыз алушы мен кепілгердің/сақтандыру ұйымының субсидиялау шартын жасасуға арналған бірлескен электрондық ұсынысы;

      23) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополия субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;

      24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтінін растайтын, ұлттық куәландыру орталығы берген электрондық цифрлық символдар жинағы.

      3. Кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады:

      1) сыйақы мөлшерлемесі немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кірістілік мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан артық емес мөлшерде;

      2) негізгі борышын тең үлестермен жыл сайын төлеу;

      3) ең жоғары сомасы 100 (жүз) миллион теңгеден артық емес;

      4) нысаналы мақсаты негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс, айналым қаражатын толықтыру, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықты сатып алу болып табылады.

      4. Кепілдіктердің жыл сайынғы көлемі қарыз шарты бойынша негізгі берешек/негізгі берешек бойынша қалдық сомасының 30 (отыз) %-ынан артық болмауы тиіс.

      5. Субсидиялау кепілдік бойынша комиссия құнының 50 (елу) %-ы мөлшерінде жүзеге асырылады, бірақ кепілдік көлемінің 2,5 (екі бүтін оннан бес) %-нан артық емес.

      6. Субсидиялау кепілдендіру шартының бүкіл қолданылу мерзіміне жүзеге асырылады. Кепілдендіру шартының талаптары өзгерген жағдайда бұрын мақұлданған және жылдар бойынша есептелген субсидиялар сомасы артпайды, субсидиялау мерзімі ұзартылмайды.

      7. Кепілдік бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау келесі жылдары кепілдендіру шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін негізгі берешектің қалдығына жыл сайын 31 наурызға дейін жүргізіледі.

      8. Кепілгерден қарыздың кепілдендірілген бөлігін өтеу бойынша кредит берушінің талап ету құқығы қарыз алушы қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындамаған кезде, кредит беруші қарызды өндіріп алу бойынша барлық іс-шараларды жүргізілгеннен кейін басталады.

      9. Сақтандыру сыйақысы бойынша комиссияның бір бөлігін субсидиялау мынадай талаптарға сәйкес келетін қарыз шарты бойынша жүзеге асырылады:

      1) сыйақы мөлшерлемесі немесе ислам қағидаттарында қаржыландыруға қолданылатын кірістілік мөлшерлемесі теңгемен жылдық 17 (он жеті) %-дан артық емес мөлшерде;

      2) ең жоғары сомасы 1,5 миллиард теңгеден артық емес;

      3) нысаналы мақсаты негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс, айналым қаражатын толықтыру, ауыл шаруашылығы жануарларын, техника мен технологиялық жабдықты сатып алу болып табылады.

      10. Сақтандыру сомасы кредит бойынша негізгі берешек сомасының 50 (елу) %-ын артық болмауы тиіс.

      11. Сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасының 30 (отыз) %-ынан артық болмауы тиіс, бұл ретте сақтандыру сыйлықақысының 50 (елу) %-дан артық емес бөлігін бір реттік субсидиялау жүзеге асырылады.

      12. Кредит берушінің сақтандыру шарты бойынша талап ету құқығы қарызды өтеудің екінші кезегінде басталады. Егер қарыздың өтелмеген/мерзімі өткен бөлігінің мөлшері берілген қарыз сомасының 50 (елу) %-ынан артық болмаса, сақтандыру шарты сақтандыру төлемін жүзеге асыруды көздемейді.

      13. Егер қарыздың өтелмеген/мерзімі өткен бөлігінің мөлшері берілген қарыз сомасының 50 (елу) %-ынан артық болса, сақтандыру ұйымы берілген қарыздың 50 (елу) %-ы мен өтелмеген/мерзімі өткен бөлік мөлшері арасындағы айырмашылықтан аспайтын мөлшерде сақтандыру төлемін жүзеге асырады.

      14. Субсидиялау шарты кепілдендіру/сақтандыру шартының мерзімі аяқталғанға дейін бұзылған жағдайда субсидиялау шартын қайта жасасуға жол берілмейді.

      15. Ұсыныс берілгенге дейін 30 (отыз) жұмыс күнінен ерте жасалған кепілдендіру/сақтандыру шарттары субсидиялауға жатпайды.

2-тарау. Субсидиялар алу шарттары

      16. Субсидиялар мынадай шарттар сақталған кезде төленеді:

      1) кепілгердің/сақтандыру ұйымының осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы субсидиялауға арналған өтінім беруі.

      "Электрондық үкімет" всеб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) субсидиялауға арналған өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      3) қарыз алушыда және кепілгерде/сақтандыру ұйымында деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерек қорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттарының болуы;

      4) берілген өтінім бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалған, ЭЦҚ қойылған, қолданыстағы (бұзылмаған және тоқтатылмаған) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау шартының болуы.

3-тарау. Субсидиялар төлеу тәртібі

      17. Субсидиялау мынадай процестерді қамтиды:

      1) ұсыныс қабылдау;

      2) субсидиялау шартын жасасу;

      3) қарыз алушыны субсидиялау кестесін қалыптастыру;

      4) субсидиялауға арналған өтінім беру;

      5) субсидияларды төлеу;

      6) субсидиялау шартын өзгерту;

      7) субсидиялау шартын тоқтату.

      18. Ұсыныстарды қабылдау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы тиісті жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асырылады.

      19. Ұсынысты қарыз алушы береді және ол кепілгердің/сақтандыру ұйымының ЭЦҚ-сымен расталады.

      20. Жұмыс органы ұсынысты алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-порталда мынадай іс-қимылдарды:

      1) ұсынысты субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді;

      2) ұсыныстың осы Қағидаларда белгіленген субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеруді, оның ішінде кепілдендіру/сақтандыру шарты талаптарының осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген осындай шарттарға қойылатын талаптарға сәйкестігін тексеруді;

      3) ұсыныс бойынша шешімді қабылдау мен ресімдеуді жүзеге асырады.

      Қарыз алушы мен кепілгерге/сақтандыру ұйымына қабылданған шешім туралы автоматты хабарлама жолданады.

      21. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы қарыз алушыға және кепілгерге/сақтандыру ұйымына субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне өтінімді тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осылай тіркелген сәттен бастап берілген болып саналады.

      22. Жұмыс органының шешіміне жұмыс органының бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның ЭЦҚ-сы қойылады.

      23. Жұмыс органы жыл сайын 20 қаңтарға дейін көрсетілетін қызметтерді берушіге ЭЦҚ-сы бар жұмыскерлердің өзекті етілген тізімдерін жолдайды.

      24. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттар ашу үшін қарыз алушыда және кепілгерде/сақтандыру ұйымында ЭЦҚ болуы тиіс.

      25. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тұрақты түрде онлайн режимінде өтеусіз негізде беріледі.

      26. Қарыз алушы және кепілгер/сақтандыру ұйымы жеке шоттар ашқан кезде тіркелу үшін мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер үшін: жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), аты, әкесінің аты (бар болса), тегі;

      2) заңды тұлғалар және бірлескен кәсіпкерлік нысанындағы дара кәсіпкерлер үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН;

      3) байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының деректемелері.

      27. Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қарыз алушы және кепілгер/сақтандыру ұйымы Жеке кабинетке енгізілген жеке шот деректерін бір жұмыс күні ішінде өзгертеді.

      28. Ұсыныс бойынша жұмыс органының шешімі:

      1) кепілгердің/сақтандыру ұйымының атауын және орналасқан жерін;

      2) оның өтінімі бойынша субсидиялау шартын жасасу/жасасудан бас тарту туралы шешім қабылданған қарыз алушының атауы мен орналасқан жерін және, бас тартылған жағдайда, осындай бас тарту себептерінің тізбесін;

      3) кредит (қарыз) сомасын;

      4) сыйақы мөлшерлемесін;

      5) кредит беру мерзімін;

      6) кредиттің нысаналы мақсатын;

      7) кепілдік/сақтандыру сомасы көлемін;

      8) кепілдендіру/сақтандыру мерзімін;

      9) субсидиялау мерзімін;

      10) ағымдағы жылы төлеуге жататын субсидиялау сомасын қамтуға тиіс.

      29. Субсидиялау шарты жұмыс органы шешімінің негізінде кепілгер/сақтандыру ұйымы ұсыныс бойынша оң шешім туралы жұмыс органының хабарламасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қарыз алушы, кепілгер/сақтандыру ұйымы және жұмыс органы арасында веб-порталда электрондық нысанда жасалады.

      30. Қарыз алушы, кепілгер/сақтандыру ұйымы немесе жұмыс органы жұмыс органының шешім қабылдаған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде субсидиялау шартына қол қоймаған жағдайда жұмыс органының бұрын қабылданған шешімі жойылады. Қайталама ұсынысты қалыптастыру осы Қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Субсидиялау шарты мынадай жағдайларда оны бұзуды көздеуі тиіс:

      1) қарыз алушының немесе кепілгердің/сақтандыру ұйымының субсидиялар алудан бас тартуы туралы жазбаша өтініші;

      2) қарыз алушының қарыз шарты бойынша кредит беруші алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;

      3) қарыз алушының комиссияның/сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбайтын бөлігін өтеу бойынша кепілгер/сақтандыру ұйымы алдындағы міндеттемелерін орындамауы;

      4) кепілдендіру/сақтандыру шартын бұзу немесе тоқтату.

      32. Кепілгер/сақтандыру ұйымы субсидиялау шартына қол қойылғаннан кейін 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде веб-порталда кепілгер/сақтандыру ұйымы және жұмыс органы ЭЦҚ қоятын, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушыны субсидиялау графигін қалыптастырады.

      33. Кепілгер/ сақтандыру ұйымы 1 ақпаннан бастап веб-порталда ЭЦҚ-мен субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастырады.

      34. Жұмыс органы субсидиялауға арналған өтінімді алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

      1) ЭЦҚ пайдалана отырып, қол қою жолымен субсидиялауға арналған өтінімнің қабылданғанын растайды;

      2) субсидиялауға арналған өтінімді тіркеу нәтижелері бойынша субсидияларды кепілгердің/сақтандыру ұйымының шотына аудару үшін "Қазынашылық-Клиент" ақпараттық жүйесіне жүктелетін субсидиялар төлеуге арналған төлем тапсырмасын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде қалыптастырады.

      35. Субсидиялар көлемі Қаржыландыру жоспарында тиісті айға көзделген бюджет қаражатының көлемінен артық болатын субсидиялауға арналған өтінімдер бойынша субсидияларды төлеу өтінім берілген сәттен бастап кезек тәртібімен келесі айда жүзеге асырылады.

      36. Егер, жұмыс органы төлем тапсырмаларын қалыптастырған сәтке дейін тіркелген өтінімде деректер сәйкессіздігінің бар екені анықталса, кепілгер/сақтандыру ұйымы кері қайтару себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алады.

      37. Қарыз алушыға субсидия беруден бас тарту "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 19-1-бабы 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.

      38. Кепілгер/сақтандыру ұйымы субсидиялау шартын өзгерту/бұзу үшін негіз болып табылатын оқиға болған кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жұмыс органын осындай оқиға туралы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде хабардар етеді.

      39. Жұмыс органы кепілгерден/сақтандыру ұйымынан хабарлама алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау шартын өзгертуге/бұзуға шешім қабылдап, ресімдейді және бұл туралы қарыз алушыны және кепілгерді/сақтандыру ұйымын қабылданған шешімнің көшірмесін қоса беріп, субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде хабардар етеді.

      40. Кепілгер/сақтандыру ұйымы субсидиялау шарты өзгертілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде веб-порталда кепілгер/сақтандыру ұйымы және жұмыс органы ЭЦҚ қоятын қарыз алушыны субсидиялау графигіне өзгерістер қалыптастырады.

      41. Жұмыс органының тиісті шешімі туралы хабарламаны қарыз алушы және кепілгер/сақтандыру ұйымы алған күннен бастап субсидиялау шарты бұзылды деп саналады.

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  __________ облысының,
республикалық маңызы бар
қаланың және астананың
____________________
басқармасы

Субсидиялауға арналған өтінім

      20__ жылғы "____" __________

      Осымен, кепілгер/сақтандыру ұйымы _________________________ "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттеріне берілетін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялауға арналған нысаналы ағымдағы трансферттер" тиісті бюджеттік бағдарламасының шеңберінде 20__ жылғы "____" __________ №__________ субсидиялау шартына сәйкес №____________ шотына (шоттың нөмірі көрсетілсін) 20__ жылғы "__" _______ бастап 20__ жылғы "__" _______ дейінгі кезеңге _______________________ теңге сомасына субсидия төлеуді сұрайды.

      Осымен:

      1) қарыз шарты қарыздарды кепілдендіруді көздейтін басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатыспағаны, қазір және болашақта қатыспайтыны;

      2) кепілдендіру/сақтандыру шарты Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында белгіленген кепілдендіру/сақтандыру шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні;

      3) қаржылық берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген сауықтыру рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны;

      4) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатты пайдаланбай фактілерінің жоқтығы;

      5) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша негізгі берешекті және/немесе сыйақыны өтеу бойынша мерзімі өткен міндеттемелердің жоқтығы;

      6) қарыз алушы кепілдік бойынша комиссияның/сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбайтын бөлігін толық көлемде төлегені расталады.

      Қол қойған кепілгер/сақтандыру ұйымы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты__________________________________________

      Субсидиялауға арналған өтінімді қабылдау/қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама:

      Бас тарту себебі ___________________________________________________

      Қабылдаған жұмыс органы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау шарты

      ___________ қаласы 20__ жылғы "___"__________

      Бұдан әрі "Жұмыс органы" деп аталатын ________________ облысының (қаланың) ___________________________ басқармасының атынан 20___ жылғы "____" __________ №__________ сенімхаттың негізінде әрекет ететін ________________ бір тараптан, бұдан әрі "Кепілгер/сақтандыру ұйымы" деп аталатын ________________ атынан ________________ негізінде әрекет ететін ________________ екінші тараптан және бұдан әрі "Қарыз алушы" деп аталатын ________________ атынан ________________ негізінде әрекет ететін ________________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке алғанда "Тарап" деп аталатындар, төмендегілер туралы осы ұсынылған кепілдік үшін комиссияның/сақтандыру сыйақысының бір бөлігін субсидиялау шартын (бұдан әрі – шарт) жасасты.

1-тарау. Терминдер мен айқындамалар

      1. Осы шартта Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларының 2-тармағында көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.

2-тарау. Шарттың нысанасы

      2. Осы шарт Кепілгерге/сақтандыру ұйымына қаражат аудару тәртібі мен талаптарын, Кепіл берушінің/сақтандыру ұйымының субсидиялау қаражатын пайдалануын Жұмыс органының мониторингтеуі талаптарын, Тараптардың жауапкершілігін және өзгеде талаптарды көздейді.

3-тарау. Шарттың талаптары

      3. Осы шарт бойынша Жұмыс органы шартта айқындалатын талаптармен Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушыларды субсидиялау графигіне (бұдан әрі – субсидиялау графигіне) сәйкес тиісті "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттеріне берілетін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялауға арналған нысаналы ағымдағы трансферттер" бюджеттік кіші бағдарламасы бойынша бөлінген ақша сомасы шегінде субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.

      4. Кепілгер/сақтандыру ұйымы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтінімді Жұмыс органына жолдайды, бұл ретте субсидиялар сомасы субсидиялау графигіне сәйкес айқындалады.

      5. Жұмыс органы субсидиялауға арналған өтінімді алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде оның субсидиялау графигіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды.

4-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      6. Жұмыс органы:

      1) осы шартта белгіленген, Тараптар үшін көзделген міндеттемелерді орындау мерзімдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға және олардың уақтылы орындалуын талап етуге;

      2) Кепілгерден/сақтандыру ұйымынан Қарыз алушының өтеу графигіне сәйкес төлемдерді жүзеге асыру бойынша кредит беруші алдындағы міндеттемелерін орындауы барысы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға;

      3) өзінің құқықтарын және өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін Кепілгерден/сақтандыру ұйымынан қажетті ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банк құпиясы қамтылған мәліметтерді, субсидиялау рәсіміне қатысатын Қарыз алушы туралы құжаттар мен ақпаратты сұратуға және оларды алуға құқылы.

      7. Жұмыс органы шартта көзделген мерзімдерде субсидиялардың сомаларын Кепілгердің/сақтандыру ұйымының арнайы шотына аударуға міндеттенеді.

      8. Қарыз алушы мен Кепілгер/сақтандыру ұйымы Қарыз алушыны субсидиялауды тоқтату жағдайын қоспағанда, Жұмыс органынан осы шарттың шеңберінде көзделген кепілдік бойынша комиссияның/сақтандыру сыйақысының субсидияланатын бөлігін уақтылы аударуды талап етуге құқылы.

      9. Кепілгер/сақтандыру ұйымы Жұмыс органына Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтінім ұсынуға міндетті.

5-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      10. Осы шарт бойынша Тараптар осы шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін осы шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

6-тарау. Форс-мажорлық мән-жайлар

      11. Егер, осы шарт бойынша міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі форс-мажорлық мән-жайлардың салдары болып табылса, Тараптар оларды орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      12. Форс-мажорлық мән-жайлар басталған кезде, осы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мұндай мән-жайлар туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте, форс-мажорлық мән-жайлардың сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

      13. Уақтылы хабардар етілмеген жағдайда, Тарап екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.

      14. Форс-мажорлық мән-жайлардың басталуы осы шарттың орындалу мерзімін олардың қолданылу кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.

      15. Егер, мұндай мән-жайлар қатарынан үш айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы шарт бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

7-тарау. Қорытынды ережелер

      16. Хат-хабар тиісті түрде ресімделсе (хат-хабар бланкінде берілген, басшының қолы қойылған және оның тіркеу нөмірі, күні бар болса, ол тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почтамен немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, ол тиісті түрде ұсынылған немесе жолданған болып саналады.

      17. Осы шарт талаптарының, оның ішінде осы шарттың қолданылу мерзімінің кез келген өзгертілуі, тоқтатылуы, Жұмыс органы Кепілгерден/сақтандыру ұйымынан субсидиялау шартын өзгерту/бұзу үшін негіз болып табылатын оқиғаның болғаны туралы хабарламаны алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ресімделеді.

      18. Осы Шарт бойынша туындайтын барлық наразылықтар Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы шартқа сәйкес қойылуы тиіс. Бұл ретте Тараптар дауларды, наразылықтарды міндетті түрде сотқа дейінгі тәртіппен шешу туралы уағдаласты. Барлық жағдайларда қолданылатын заңнама Қазақстан Республикасының заңнамасы болып табылады.

      19. Осы шарт барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді және субсидиялау графигіне сәйкес кепілдендіру/сақтандыру шарттары мерзімінің соңына дейін қолданылады.

      20. Шарт мынадай жағдайларда бұзылады:

      1) қарыз алушының немесе Кепілгердің/сақтандыру ұйымының субсидиялар алудан бас тарту туралы жазбаша өтініші;

      2) қарыз алушының қарыз шарты бойынша кредит беруші алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;

      3) қарыз алушының комиссияның/сақтандыру сыйақысының субсидияланбайтын бөлігін төлеу бойынша Кепілгер/сақтандыру ұйымы алдындағы міндеттемелерін орындамауы;

      4) кепілдендіру/сақтандыру шартын бұзу немесе тоқтату.

      21. Осы шартта реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.

      22. Осы шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден екі данадан жасалды.

      23. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері, қолтаңбалары:

Жұмыс органы:

Кепілгер/сақтандыру ұйымы:

Қарыз алушы:

      Қол қойған қарыз алушы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

      Қол қойған кепілгер/сақтандыру ұйымы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

      Қол қойған жұмыс органы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Ұсыныс

      Қарыз алушы: ______________________________________________________

      (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе

      заңды тұлғаның толық атауы)

      Кепілгер/сақтандыру ұйымы: _________________________________________

      (кепілгердің/сақтандыру ұйымының атауы)

      Кімге: _____________________________________________________________

      (жұмыс органының атауы)

      1. Қарыз алушы туралы мәліметтер:

      1.1 Атауы;

      1.2 Бірінші басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      1.3 ЖСН/БСН;

      1.4 Байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы).

      2. Кредит беруші туралы мәліметтер:

      2.1 Атауы;

      2.2 Бірінші басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      2.3 ЖСН/БСН;

      2.4 Байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы).

      3. Қарыз туралы ақпарат:

      3.1 Кредит (лизинг) сомасы;

      3.2 Кредит беру валютасы (теңге/шетел валютасы);

      3.3 Кредит беру мерзімі;

      3.4 Кредиттің (лизингтің) нысаналы мақсаты.

      4. Кепілгер/сақтандыру ұйымы туралы мәліметтер:

      4.1 Атауы;

      4.2 Бірінші басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      4.3 ЖСН/БСН;

      4.4 Банктік деректемелері;

      4.5 Байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы).

      5. Кепілдендіру/сақтандыру туралы ақпарат:

      5.1 Жоспарланған кепілдендіру/сақтандыру мерзімі;

      5.2 Жоспарланған кепілдендіру көлемі/сақтандыру сомасы (теңге/АҚШ доллары/еуро);

      5.3 Кепілдік бойынша комиссияның/сақтандыру сыйақысының жоспарланған мөлшері.

      Осымен қарыз алушы мен кепіл беруші:

      1) қарыз шарты қарыздарды кепілдендіруді көздейтін басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатыспағанын, қазір және болашақта қатыспайтынын;

      2) кепілдендіру/сақтандыру шартының жобасы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында белгіленген кепілдендіру/сақтандыру шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетінін;

      3) қаржылық берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген сауықтыру рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағанын, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағанын;

      4) кепілдік бойынша комиссияның/сақтандыру сыйақысының бір бөлігін субсидиялаудан бас тартқан жағдайда, қарыз алушы кепілгерге/сақтандыру ұйымына комиссияның/сақтандыру сыйақысының субсидияланбаған бөлігінің қалдығын төлеуге міндеттенетінін мәлімдейді.

      Қол қойған қарыз алушы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

      Қол қойған кепілгер/сақтандыру ұйымы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

      Ұсынысты қабылдау/қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама:

      Бас тарту себебі ___________________________________________________

      Қабылдаған жұмыс органы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша

Кепілдендіру/сақтандыру шарттарына қойылатын талаптар

      Кепілдендіру/сақтандыру шарты мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:

      1) кепілдендіру/сақтандыру ол бойынша қаражат агроөнеркәсіптік кешен саласында пайдаланылған қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады;

      2) жыл сайынғы кепілдік көлемі қарыз шарты бойынша негізгі борыш/негізгі борыш бойынша қалдық сомасының 30 (отыз) %-ынан аспайды;

      3) кепілдендіру шартының мерзімі 7 (жеті) жылдан аспайды;

      4) мерзімін ұзарту құқығымен сақтандыру шарты;

      5) сақтандыру сомасы кредит бойынша негізгі борыш сомасының 50 (елу) %-ынан аспайды;

      6) сақтандыру сыйлықақысы сақтандыру сомасының 30 (отыз) %-ынан аспайды.

  Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Қарыз алушыны субсидиялау кестесі

      Агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің атауы ___________________________

      Субсидиялау шартының нөмірі, жасалған күні _________________________

      Кредит берушінің атауы ___________________________________________

      Қарыз шартының нөмірі, жасалған күні ______________________________

      Қарыз шартының нысаналы мақсаты ________________________________

      Қарыз шартының сомасы, мың теңге ________________________________

      Қарыз шартының мерзімі, жыл _____________________________________

      Жалпы сыйақы мөлшерлемесі, % ___________________________________

      Кепілдік бойынша комиссияның/сақтандыру сыйақысының жалпы мөлшері (кредиттің бүкіл кезеңі үшін), теңге ________________________, оның ішінде:

      1) агроөнеркәсіптік кешен субъектісінің төлеуі көзделетін кепілдік бойынша комиссияның/ сақтандыру сыйақысының мөлшері (кредиттің бүкіл кезеңі үшін), теңге ______;

      2) Мемлекеттің төлеуі көзделетін кепілдік бойынша комиссияның/ сақтандыру сыйақысының мөлшері (кредиттің бүкіл кезеңі үшін), теңге ______.

Жыл

Кепілдік бойынша комиссия мөлшері, теңге

Кепілдік бойынша комиссияның субсидияланатын бөлігі, теңге

Кепілдік бойынша комиссияның қарыз алушы төлейтін бөлігі, теңге

1

2

3

4





Жиыны




      Қарыз туралы қосымша ақпарат (бар болса): ________________________

      Қол қойған кепілгер/сақтандыру ұйымы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

      Қол қойған жұмыс органы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады