"Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 632 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 15 қарашадағы № 71 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 16 қарашада № 17754 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Білім беру жүйесіне тексеру жүргізу бойынша тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 719 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 843 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12777 болып тіркелген, "Әділет" нормативті-құқықтық актілер ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 3 ақпанда жарияланған) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақта:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы";

      4) және 5) тармақшалар алынып тасталсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағында:

      реттік нөмірі 2-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)





  ";

      реттік нөмірлері 5, 6, 7-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың дұрыс және толық берілуі





6

Оқу жоспарларында білім беру салаларының болуы және сағат санының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкес болуы





7

Білім беру ұйымымен бекітілген перспективтік жоспарында педагог-мамандары, тәрбиешілерінің бекітілген ортақ тақырыптарының қатаң сәйкестігі, циклограмманың (жұмысын уақытын, балалар өмір сүруін ұйымдастыру, сабақ кестесінің, педагог-мамандардың бірлескен қызметі үшін варитативті бөлігін бақылау), жас ерекшелігі топтары бойынша ұйымдастырылған оқу қызмет кестесінің, күн тәртібінің болуы, оқу жүктемесінің, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы үлгілік оқу жоспарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттардың болуы





  ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Баланың жас ерекшелігіне сәйкес балалардың ептіліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайтын материалдардың болуы (электрондық және қағаз түріндегі бақылау парағы, даму жеке картасы – диаграммалар, әдіскердің жинақ есебі, балалардың жұмыстары)





  ";

      реттік нөмірлері 14, 15-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

14

Жоспарлау құжаттарының (білім беру ұйымының жылдық жоспары, тәрбишілер мен педагог-мамандардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес келуі





15

Бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекеттік қаржыландыратын қызмет көрсету көлемінде, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін растайтын материалдарының (білім беру ұйымы мен басқару органы арасындағы шарт, ғимараттың қуаты жобасын растайтын құжаттардың болуы, мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы әкімдіктің қаулысы, тәрбиеленушілердің тізімдік құрамы) болуы





  ";

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17

Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуін растайтын білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық қызметкерлердің тарифтеу тізімдерінің және диплом мен қосымша көшірмелерінің болуы





  ";

      реттік нөмірі 21-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

21

Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагог қызметкерлер саны мен тізбесінің мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес келуі





  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 26-жолмен толықтырылсын:

      "

26

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының оқу-дидактикалық құралдарының және әдістемелік ұсынымның, олардың "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Социум" білім беру салаларын іске асыру үшін балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігінің болуы





  ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта және жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 4 және 5-қосымшалар алынып тасталсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағында:

      реттік нөмірлері 5, 6-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)





6

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





  ";

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

10

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келетін жұмыс оқу жоспарларының болуы





  ";

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19

Сабақ беретін пәніне тиісті бейіні сәйкес келетін базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар инженерлік-педагогикалық кадрлармен, сонымен қатар, қажеттілік болған жағдайда сабақ беретін пәніне тиісті бейіні сәйкес келетін базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар өндірістің білікті мамандарымен қамтамасыз етілгендігін растайтын диплом мен қосымша көшірмелері және педагогикалық қызметкерлердің білім беру ұйымдары бекіткен тарифтік тізімдерінің болуы





  ";

      реттік нөмірі 28-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

28

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша дұрыс және толық ақпараттың болуы





  ";

      реттік нөмірі 30-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

30

Мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің саны және тізбесінің мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес келуі





  ";

      реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

38

Тұлғалардың төмендегідей мерзімдерде оқуға қабылдау туралы өтініштерін тіркеу журналдарының болуы:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
3) орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында





  ";

      реттік нөмірі 39-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

39

Талапкерлердің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса төмендегідей құжаттардың болуы: білімі туралы құжаттың түпнұсқасы, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама, флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3x4 көлемдегі 4 сурет, кешенді тестілеу немесе ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері туралы сертификаттар, жеке куәліктің көшірмесі, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелдідігі туралы белгісі бар құжат:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі





  ";

      реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

43

Хаттамаларда білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін тұлғалар үшін әңгімелесудің 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізу мерзімдеріне сәйкес болуы





  ";

      реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

48

25 тамыз бен 30 тамыз аралығында негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып, іріктеу негізінде білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау туралы жеке кәсіптер, мамандықтар бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстары хаттамаларының болуы





  ";

      реттік нөмірі 50-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

50

Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыруға 4 оқу пәнінен аспайтын академиялық айырмашылық болғанда жол беру талабының сақталуын растайтын құжаттардың болуы





  ";

      реттік нөмірі 66-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

66

"Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыруға, пәнді жүргізетін оқытушыға, модуль щеңберінде оқытушыларға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісінің жазбаша түрде рұқсаттың болуы (немесе сабақ беретін оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің (модульдің) бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады)





  ";

      реттік нөмірі 71-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

71

Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруға немесе мерзімін белгіленген қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән және (немесе) модуль бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының рұқсат беру туралы шешімі





  ";

      реттік нөмірі 74-жол алынып тасталсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағы:

      реттік нөмірлері 3, 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)





4

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





  ";

      реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11

Сабақ беретін пәніне тиісті бейіні білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар, педагогикалық мамандармен қамтамасыз етілгендігін растайтын дипломдар мен қосымшаларының көшірмелері және педагогикалық қызметкерлердің білім беру ұйымдары бекіткен тарифтік тізімдерінің болуы





  ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағы:

      реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Жоғары оқу орны ректорының (басшысының) қызметтік міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





  ";

      реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

43

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үлгілік оқу жоспарларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әзірленген оқу жоспарының бар болуы





  ";

      реттік нөмірі 64-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

64

Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға түсушілердің жеке істерінің болуы (оқуға қабылдау туралы өтініш, білім туралы құжатының түпнұсқасы, 3х4 көліміндегі 6 фотосурет, № 086-У нысанындағы медициналық анықтама, Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) сертификаты, жеке куәлік көшірмесі, еңбек кітапшасы немесе ұйымның мөрі және басшының қолы қойылған қызметтік тізім немесе еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманың болуы





  ";

      реттік нөмірі 68-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

68

Шетелдік білім беру ұйымдары тарапынан берілген, оқуға қабылдаудан кейін нострификация рәсіміне бірінші семестр ішінде жасалған өтініш қорытындысы бойынша берілген білім туралы құжатты тану немесе нострификациялау куәлігінің болуы





  ";

      реттік нөмірі 70-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

70

Білім алушының шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта қабыладнған кезде:
1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжаттың (академиялық анықтама немесе транскрипт);
2) Нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат;
3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу алдындағы сынақ нәтижелерінің болуы





  ";

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген білім беруді басқару органдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы Тексеру парағында:

      реттік нөмірлері 1, 2, 3-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1

Білім бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілерінің жұмсалуы туралы жыл сайынғы есебінің болуы





2

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім, арнайы оқу және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша шараларды қабылдау үшін материалдардың болуы





3

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға (білім басқармалары үшін) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру





  ";

      реттік нөмірі 8-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім беру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату бойынша шараларды қабылдау туралы (республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары үшін) материалдардың болуы





  ";

      реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

12

Бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім беру, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қосымша білім беру бағдарламаларын жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша материалдардың (білім бөлімдері үшін) болуы





  ";

      реттік нөмірі 15-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

15

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, ата-ана төлемдерінің мөлшерін бекіту (республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім бөлімдері, білім басқармалары үшін)





  ";

      реттік нөмірі 17-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

17

Негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілерінің жұмсалуы туралы жыл сайынғы есебінің болуы (білім бөлімдері)





  ";

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

19

Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің объективтілігін растайтын (хаттамалар, өтініштер) материалдардың болуы





  ";

      реттік нөмірлері 24, 25-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

24

Білім беру ұйымдарында лауазымдық қызметтегі педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды тиісті кезеңге аттестатталатындардың тізімдік құрамына енгізу бойынша алқалы органның объективтілігін растайтын құжаттардың (кіріс құжаттарды тіркеу журналы, өтініш) болуы





25

Аттестатталушылардың ұлттық біліктілік тестілеуге жіберілуінің объективтілігін растайтын (жеке куәліктің және білімі туралы дипломның көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттарды, біліктілікті арттыру курсынан өтуі, бұрын берілген біліктілік санатының болуы) құжаттардың болуы





  ";

      реттік нөмірі 29-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

29

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы қызметіне үміткерлердің қажетті құжаттар пакетінің болуы:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) денсаулық жағдайы туралы анықтама





  ";

      реттік нөмірі 38-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

38

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы қызметіне үміткерлердің қажетті құжаттар пакетінің болуы:
1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;
2) нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;
4) нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) нотариалды куәландырылған біліктілік санаты бар немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
8) медициналық анықтама;
9) сотты болмағандығы туралы анықтама





  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 40-жолмен толықтырылсын:

      "

40

Аттестатталушылардың берілген біліктілік санаттарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы аттестаттау комиссиясының шешімінің объективтілігін растайтын материалдардың (портфолионың, ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама) болуы





  ";

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
_____________ Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________ Т. Сүлейменов
 

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 15 қарашадағы
№ 632 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 15 қарашадағы
№ 71 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
1-қосымша

Білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Білім беру жүйесіне тексеру бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында бақылау субъектісін (объектісін) іріктеу үшін білім беру жүйесіне тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі – Өлшемшарттар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне, 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы "Білім туралы" заңына және 2018 жылғы 31 шілдедегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының "Мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау жүйесін қалыптастыру қағидаларын және тексеру парақтарының нысанын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бағалау кезеңі – есепті деректердің, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер мониторингі нәтижелерінің негізінде субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекелдерді бағалау жүргізілетін белгілі бір уақыт кезеңі;

      2) білім беру саласындағы бақылау объектілері – мемлекеттік бақылауға жататын бақылау субъектілерінің меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негізде болатын мүлкі;

      3) білім беру саласындағы бақылау субъектілері - мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын қызмет үшін оның ішінде мемлекеттік органдар, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері, жеке тұлға, заңды тұлға;

      4) болмашы бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша талаптардың бұзылуы;

      5) елеулі бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген білім беру процесін жүргізу үшін жағдайлар жасау бойынша бұзушылық талаптары;

      6) өрескел бұзушылық – білім беру саласындағы нормативтік құқықтық актілерімен белгіленген білім беру процесі сапасының төмендеуіне әкелетін немесе оны растайтын; педагогтардың сапалық құрамының сәйкестігі бойынша білім беру қызметіне қойылатын хаюарландыру тәртібі мен біліктілік талаптарын сақтау бойынша бұзушылық талаптары;

      7) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің қызметіне қойылатын талаптарды қамтитын, олардың орындалмауы жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің заңды мүдделеріне қауіп төндіретін талаптардың тізбесі;

      8) тәуекел – бақыланатын субъекті қызметінің нәтижесінде, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне және оның салдарының дәрежесіне есепке зиян келтіру ықтималдығы;

      9) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – тексерілетін субъектінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) әртүрлі тәуекел дәрежесіне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

      10) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – белгілі бір қызмет саласында тәуекел дәрежесіне байланысты және жеке тексерілетін субъектіге (объектіге) тікелей байланыссыз тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      11) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттары) – нақты тексерілетін субъектінің (объектінің) қызмет нәтижелеріне байланысты тексерілетін субъектілерді (объектілерді) іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

      12) тәуекелдерді бағалау жүйесі –бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды белгілеу мақсатында бақылау органы жүргізетін іс-шаралар кешені.

      3. Өлшемшарттар объективті және субъективті өлшемшарттар арқылы қалыптасады.

2-тарау. Объективті өлшемшарттар

      4. Тексерілетін субъектілер (объектілер) келесі объективті өлшемшарттардың біреуі ескеріле отырып (жоғары және жоғары дәрежеге жатқызылмаған) тәуекел дәрежелері бойынша бөлінеді:

      1) тәуекел дәрежесі жоғары топқа "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі ҚР Заңының 5-бабының 5-1) тармақшасына сәйкес бекітілген білім беру қызметін мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес жүргізетін бақылау субъектілері (объектілері) жатады.

      Оларға мынадай ұйымдар жатады:

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары;

      жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылған бақылау субъектілерге (объектілерге) қатысты жоспардан тыс тексерулер, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау қолданылады;

      2) қосымша білім беру қызметін жүргізетін немесе білім беруді басқаруды жүзеге асыратын бақылау субъектілеріне (объектілері) жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған топқа жатады.

      Жоғары тәуекел дәрежесіне жатқызылмаған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты жоспардан тыс тексерулер және бармай жүргізілетін профилактикалық бақылау қолданылады.

      5. Жоғары тәуекел дәрежесіне жататын бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мақсатында субъективті өлшемшарттар қолданылады.

      6. Тәуекел дәрежесін анықтау үшін үшін келесі ақпарат көздері қолданылады:

      1) бақылау субъектісі ұсынатын, оның ішінде автоматтандырылған ақпараттық жүйелер арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері;

      2) бұрынғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау нәтижелері пайдаланылады.

3-тарау. Субъективті өлшемшарттар

      7. Субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттарға қосымшаларға сәйкес айқындалады.

      8. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің субъективті өлшемшарттарды бағалау осы Өлшемшарттарға қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Талдау және бағалау кезінде белгілі бір бақылау объектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және қолданылатын субъективті критерийлер туралы деректер немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шектеу мерзімі аяқталған деректер қолданылмайды.

      10. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзылудың бір немесе көп реттік сипатына байланысты бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады..

      Бұл ретте бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес беріледі.

      Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

      11. Бақылау субъектісін (объектісін) тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

      Бір өрескел бұзушылық болған жағдайда тексерілетін субъектіге (объектіге) 100 тәуекел дәрежесінің көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты ішінара тексеру жүргізіледі.

      Егер өрескел бұзушылық анықталмаса, онда тәуекел дәрежесінің көрсеткішін анықтау үшін елеулі және болмашы бұзушылықтар бойынша қосынды көрсеткіш есептеледі.

      Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде

      0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      ∑Рз = (∑Р2 х 100/∑Р1) х 0,7

      мұндағы:

      ∑Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ∑Р1 – елеулі бұзушылықтардың жалпы саны;

      ∑Р2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны;;

      Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде коэффициент 0, 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

      ∑Рн = (∑Р2 х 100/∑Р1) х 0,3

      мұндағы:

      ∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ∑Р1 – болмашы бұзушылықтардың жалпы саны;

      ∑Р2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны;

      0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы анықталады ∑Р = ∑Рз + ∑Рн

      мұндағы:

      ∑Р – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

      ∑Рз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

      ∑Рн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

      12. Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) мыналарға жатады:

      1) 0-ден 60-қа дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде субъектісіне (объектісіне) барып арқылы профилактикалық бақылаудан босатылады;

      2) 61-тан 100-ге дейінгі тәуекел дәрежесінің көрсеткіші кезінде субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудан босатылмайды.

      13. Бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мерзімділігі субъективті өлшемшарттары бойынша алынатын мәліметтерді талдау және бағалау нәтижелері бойынша айқындалады және жылына бір реттен жиі емес жүзеге асырылады.

      14. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекстің 141-бабының 3-тармағына сәйкес құрылатын бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

      15. Білім беру қызметін жүзеге асыратын ұйымдар үшін Өлшемшарттарда пайданалатын бағалау кезеңі бір оқу жылын құрайды.

      16. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеретін профилактикалық бақылау тізімдері субъективті өлшемшарттары бойынша ең жоғары тәуекел дәрежесі көрсеткіші бар тексерілетін субъектілердің (объектілердің) басымдығын ескере отырып жасалады.

  Білім беру жүйесіне
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына қосымша

Субъективті өлшемшарттар

р/с №

Өлшемшарттар

Бұзушылықтардың дәрежесі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін

Бақылау субъект (объект), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы

елеулі

2

Жас ерекшілігі бойынша топтарды жинақтау кезінде жас ерекшеліктерінің кезеңдерге бөлуінің сақталмауы (әртүрлі жастағы топтарды қоспағанда)

болмашы

3

Тәрбиеленушілер контингентінің жас мөлшерлерінің мектепке дейінгі ұйым түріне сәйкес келмеуі

елеулі

4

Спорттық және музыкалық іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларының болмауы

болмашы

5

Топтағы тәрбиеленушілер толымдылығының нормадан жоғары болуы

болмашы

6

Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы

өрескел

7

Мемлекеттік электрондық тіркеу тізілімінде рұқсаттар мен хабарламалардың болмауы

өрескел

8

Мамандардың болмау себепті мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарында қарастырылған білім беру бойынша ұйымдастырылған оқу жұмысының орындалмауы

өрескел

9

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы

болмашы

10

Педагог қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін бұзуы

болмашы

11

Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында педагогикалық жұмыскерлер саны мен тізбесінің үлгі штаттарына және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес келмеуі

болмашы

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1

Педагог қызметкердің педагогтік әдеп нормалары мен міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

2

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініш болған кезде тексеріледі)

өрескел

3

Мектепке дейінгі ұйымның әкімшілік кадрлардың, педагог және ғылыми қызметкерлердің кемінде бес жылда бір рет біліктілік арттыруын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы

болмашы

4

Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін/берілуін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдарының болуы

елеулі

5

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың дұрыс және толық берілуі

елеулі

6

Оқу жоспарларында білім беру салаларының болуы және сағат санының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына сәйкес болуы

өрескел

7

Білім беру ұйымымен бекітілген перспективтік жоспарында педагог-мамандары, тәрбиешілерінің бекітілген ортақ тақырыптарының қатаң сәйкестігі, циклограмманың (жұмысын уақытын, балалар өмір сүруін ұйымдастыру, сабақ кестесінің, педагог-мамандардың бірлескен қызметі үшін варитативті бөлігін бақылау), жас ерекшелігі топтары бойынша ұйымдастырылған оқу қызмет кестесінің, күн тәртібінің болуы, оқу жүктемесінің, ұйымдастырылған оқу қызметінің ұзақтығы үлгілік оқу жоспарға сәйкес келетіндігін растайтын құжаттардың болуы

елеулі

8

"Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Әлеуметтік орта" білім беру салаларын жүзеге асыру үшін заттық-кеңістіктік дамытушы ортасының болуы

өрескел

9

Мектепке дейiнгi тәрбиемен, оқытумен қамтылған және қамтылмаған балалардың дамуы және оларды тәрбиелеу жөнінде ата-аналар үшін өткізілген кеңестерді растайтын материалдарының болуы

болмашы

10

Баланың жас ерекшелігіне сәйкес балалардың ептіліктері мен дағдыларының дамуын қадағалайтын материалдардың болуы (электрондық және қағаз түріндегі бақылау парағы, даму жеке картасы – диаграммалар, әдіскердің жинақ есебі, балалардың жұмыстары)

елеулі

11

Топтарды жинақтау кезінде балалардың жас ерекшеліктерінің сақталғандығын растайтын топтар бойынша балалар тізімдерінің болуы (әртүрлі жастағы топтарды қоспағанда)

елеулі

12

Мемлекеттік ақпараттық рұқсаттар және хабарламалар жүйесі арқылы қызметін бастағаны туралы хабарламаны қабылдау талонының болуы

өрескел

13

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының болуы

елеулі

14

Жоспарлау құжаттарының (білім беру ұйымының жылдық жоспары, тәрбишілер мен педагог-мамандардың күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары) мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес келуі

елеулі

15

Бiр жастан бастап мектеп жасына дейiн жеткенше тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету және әлеуметтік бейімдеу бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын, мемлекеттік қаржыландыратын қызмет көрсету көлемінде, оның ішінде балаларға инклюзивті білім беруді іске асыру үшін растайтын материалдарының (білім беру ұйымы мен басқару органы арасындағы шарт, ғимартаттың қуаты жобасын растайтын құжаттардың болуы, мемелекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы әкімдіктің қаулысы, тәрбиленушілердің тізімдік құрамы) болуы

елеулі

16

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, қамқоршылық кеңестердің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстар хаттамаларының болуы

елеулі

17

Тиісті бейіні бойынша педагогикалық білімі бар педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілуін растайтын білім беру ұйымымен бекітілген педагогикалық қызметкерлердің тарифтеу тізімдерінің және диплом мен қосымша көшірмелерінің болуы

өрескел

18

Мыналардың:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмаған;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы

өрескел

19

Мектепке дейінгі ұйымның басшысы немесе өзге де лауазымды тұлғаның оқу-тәрбие процесі барысында білім беру ұйымы тәрбиеленушілерінің, білім алушылар мен қызметкерлерінің өмірлері мен денсаулықтарын қорғау бойынша лауазымдық міндеттерін орындауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

20

Мектепке дейінгі ұйымның Жарғысымен анықталған функциялардың орындалуы (өтініш болған жағдайда тексеріледі

өрескел

21

Мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының педагог қызметкерлер саны мен тізбесінің мемлекеттік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес келуі

елеулі

22

Мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе ата-аналардың заңды өкілдері арасындағы өзара қарым-қатынасты реттейтін шарттардың болуы

елеулі

23

Білім беру ұйымымен бекітілген ішкі тәртіп қағидасының, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарының болуы

болмашы

24

Мектепке дейінгі ұйымдарда медициналық, санаториялық-курорттық немесе өзге де ұйымдарда науқастану, емделу және сауықтырылу кезеңінде немесе ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің еңбек демалысы кезінде бала орнының сақталуы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)

елеулі

25

Балалардың бір айдан астам келмегендігі туралы қатысу журналына белгі қойылған, сонымен қатар, әкімшілікті ескертпеген және дәлелді себептерді растайтын құжаттардың болмауы жағдайында оларды мектепке дейінгі ұйымнан шығару (өтініш болған жағдайда тексеріледі)

болмашы

26

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының оқу-дидактикалық құралдарының және әдістемелік ұсынымның, олардың "Денсаулық", "Коммуникация", "Таным", "Шығармашылық", "Социум" білім беру салаларын іске асыру үшін балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігінің болуы

болмашы

Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім бері ұйымдары үшін

Бақылау субъект (объект), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы

елеулі

2

Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы

өрескел

3

Жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы

өрескел

4

Бастауыш білім беру үшін:
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 25% -ды құрайды.
Негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін:
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35 %

өрескел

5

Мамандардың болмау себепті білім беру ұйымның жұмыс оқу жоспарындағы оқытылмайтын пәндердің болуы

өрескел

6

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы

болмашы

7

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы немесе білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс жасауы

болмашы

8

Оқу үрдісінде пайдаланылатын және Интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптардың болмауы

елеулі

9

Спорт залының болмауы

болмашы

10

Сынып жинақтау тәртібінің сақталмауы, оның ішінде сынып толымдылығы нормаларының бұзылуы

болмашы

11

Басқа сыныптармен біріктірілген бірінші немесе бітіруші сыныптардың болуы

елеулі

12

Мектепте үш ауысымды оқытудың болуы

болмашы

13

Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация ұсынымдарынсыз келесі сыныпқа көшірілмеген 1-сынып оқушысының болуы

өрескел

14

Оқу бағдарламасын игермегендігі үшін екі жыл бір сыныпта қалған оқушылардың болуы

болмашы

15

Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі – ОЖСБ) пәндері бойынша сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың 50 пайызынан кем алған бітіруші сынып (4, 9, 11) білім алушылардың болуы

өрескел

16

Пәндік кабинеттердің (физика, химия, биология, информатика) болмауы (негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

елеулі

17

Интерактивті тақталардың болмауы

болмашы

18

Оқу шеберханаларының болмауы (негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

болмашы

19

Кітапхананың болмауы

болмашы

20

Қорытынды аттестаттау пәндері бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған бітірушілердің болуы (негізгі орта, жалпы орта білім беру үшін)

елеулі

21

Педагог қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін бұзуы

болмашы

22

Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері саны және тізбесінің мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес келмеуі

болмашы

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы

елеулі

2

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша дұрыс және толық ақпараттың болуы

елеулі

3

Педагог қызметкердің педагогтік әдеп нормалары мен міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

4

Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерінің кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы

болмашы

5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

6

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

7

Білім алушылардың білім беру ұйымдары бекіткен міндетті мектеп формасын сақтауы

өрескел

8

Білім беру ұйымның білім алушылардың контингенті бойынша бұйрықтардың және білім алушылардың сыныптар бөлігінде сандық құрамын растайтын білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың болуы

елеулі

9

Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің орындалуын растайтын оқу жұмыс жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестелерінің болуы

өрескел

10

Оқу жұмыс жоспарында, сабақ кестелерінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың максималды көлемімен сәйкестігі

өрескел

11

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда сынып журналдарында сыныпты екі топқа бөлінуінің болуы:
1) оқыту тілі қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі және қазақ әдебиеті бойынша;
2) оқыту тілі орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен орыс әдебиеті бойынша;
3) ағылшын тілі және шетел тілі бойынша;
4) ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша (1-4 сыныптарда);
5) информатика бойынша (5-11 сыныптарда);
6) өзін-өзі тану бойынша (1-4 сыныптарда);
7) технология, көркем еңбек бойынша (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары 5-11 сыныптарда);
8) дене шынықтыру бойынша гендерлік принцппен әр топта қалалық жерде 8 ұлдан кем емес (немесе қыз), ауылдық жерде 5 ұлдан кем емес (немесе қыз) (5-11 сыныптардағы);
9) бейіндік пәндер бойынша (10-11 сыныптарда)

елеулі

12

Білім алушылардың білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдылары қамтылған оқу пәндерінің базалық деңгейін меңгеруін анықтайтын бақылау нысандарының жүргізілгендігін растайтын материалдардың болуы.
Нақты айқындалған, оқу процесіндегі барлық оқушыларға алдын ала белгілі бағалау критерийлерімен (формативті бағалаудағы табыс критерийі және жиынтық бағалаудағы балдарды қою критерийі) білім алушылардың оқу жетістіктерін білім берудің тиісті мақсаттарымен және мазмұнымен салыстыру арқылы әр тақырыптық бөлім бойынша бағалаудың жүргізілуін растайтын құжаттардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілетін сыныптар үшін)

елеулі

13

Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымында оқи алмайтын оқушыларға үйінде ақысыз жеке оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрықтың болуы

елеулі

14

Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған білім беру салаларының болуы бойынша және оқу пәндері мен сағат санының үлгілік жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жеке оқу жоспарларының болуы

елеулі

15

Оқу жұмыс жоспарларында білім беру салаларының болуы, оқу пәндері және сағат саны бастауыш, негізгі орта және орта білім үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келуі

өрескел

16

Оқу жоспарындағы пәндер бойынша:
бастауыш білім беру үшін негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесінің олардың жалпы санының кемінде 25 % болуы;
негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін: негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35 % болуы

өрескел

17

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы

болмашы

18

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы

болмашы

19

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі немесе 10 жылдан кем емес жалға алу мерзімімен материалдық активтердің болуын растайтын құжаттардың болуы

өрескел

20

Оқу жұмыс жоспарына сәйкес интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқу пәндері кабинеттерімен жабдықталуы

елеулі

21

Оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен баланың заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы негізінде бейінді мектептің 10 немесе 11 сыныптарына қабылдануын растайтын құжаттың білім алушылардың жеке істерінде болуы

елеулі

22

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына және лицей мен гимназияларға бірінші сыныпқа түсуі үшін конкурстық негізде қабылдау жүргізгендігін растайтын, емтиханның, тестілеудің, сынақтың материалдарының, хаттамалардың болуы

болмашы

23

Білім беру ұйымының басшысы мен білім алушының заңды өкілдерінің арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың болуы

болмашы

24

Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және жалпы білім берудің (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) оқу бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы)

өрескел

25

Оқу жоспарының пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының болуы

елеулі

26

Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

27

Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін/берілуін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдарының болуы

елеулі

28

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестердің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы

елеулі

29

Сабақ беретін пәнінің тиісті бейіні сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі бар педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілгендігін растайтын педагогикалық қызметкерлердің тарифтеу тізімдерінің және диплом мен қосымша көшірмелерінің болуы

өрескел

30

Мыналардың:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмағаны туралы;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы

өрескел

31

Мүмкіндіктері шектеулі инклюзивтік және арнайы сыныптардағы барлық оқушылар үшін түзету сабақтарын жүргізетін арнайы мамандармен жүргізілетінін растайтын педагогикалық қызметкерлердің бекітілген тарифтеу тізімдерінің және "Дефектология", "Логопедия" мамандықтары бойынша жоғары педагогикалық білімдері туралы дипломның көшірмесінің болуы

өрескел

32

Оқу жоспары негізінде әзірленген және білім беру ұйымы бекіткен сабақ кестесінің болуы

елеулі

33

Білім беру процесін реттейтін жылдық күнтізбелік оқу графигінің болуы (мемлекеттік емес мектепте –оның жарғысымен анықталған)

елеулі

34

Білім беру ұйымы бекіткен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесін, оқу режимін айқындайтын ережелердің болуы

елеулі

35

Қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы құжаттардың берілуінің объективтілігін растайтын педагогикалық кеңестердің хаттамаларының, негізгі орта білім туралы куәлікті және жалпы орта білім туралы аттестатты беру және есепке алу кітабындағы жазбалардың болуы

елеулі

36

Барлық пәндер бойынша жылдық бағалары "5" болған 5-8, 10 сынып оқушыларының келесі сыныпқа көшірулері туралы педагогикалық кеңес хаттамасының болуы

елеулі

37

1-11 сынып білім алушыларының сынып журналдарында ағымдық бағалардың немесе балл арқылы ағымдық бағалаудың, тоқсандық және жылдық бағалардың бар болуы (1-сыныптың 1-тоқсанын қоспағанда)

елеулі

38

Педагогикалық кеңестің шешімімен аралық бақылауға жіберілген 5-8, 10 сынып оқушыларының барлық пәндер бойынша оң баға немесе бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағаларының болуы

елеулі

39

5-8, 10-сынып білім алушыларына өткізілген аралық аттестаттауды растайтын материалдарының болуы

болмашы

40

Педагогикалық кеңес шешімімен қорытынды аттестаттауға жіберілген 11-сынып оқушыларының барлық оқу пәндерінен қанағаттанарлықсыз жылдық бағаларының болмауы

болмашы

41

9-сыныпта білім алушылар негізгі орта білім беру, 11-сыныпта білім алушылар жалпы орта білім беру деңгейінде оқу курсының қорытынды бағалары мен қорытынды аттестаттаудың хаттамаларының болуы

өрескел

42

Бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 және 11-сынып білім алушыларына қайта аралық аттестаттаудың оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы

болмашы

43

9 және 11-сынып білім алушылары бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білім беру басқару органдары белгілеген мерзімде қайта қорытынды аттестаттау жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы

елеулі

44

Оқудан тыс іс-шаралар ұйымдастыруды және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде элективті курстарды ұйымдастыруды растайтын материалдардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқылатын сыныптар үшін)

елеулі

45

Білім беру қызметін ұйымдастыру аумағында тұратын бастауыш, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарында білім алушылардың жеке ісінде екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына оқуға қабылдануын растайтын құжаттардың болуы

елеулі

46

Білім алушылардың жеке ісінде 1-сыныпқа жеті жастағы және ағымдағы алты жасқа толған балаларға білім беру ұйымының аумағында тұратын барлық балалардың оқу деңгейіне қарамастан, баланың заңды өкілдерінің өтініштері негізінде, білім беру ұйымының қызмет көрсетуі барлық балаларға қолжетімділігін растайтын құжаттардың болуы

елеулі

47

Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына оқуға түсу туралы және білім беру ұйымынан білім алушыларды шығару туралы бұйрықтардың болуы

елеулі

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін

Бақылау субъект (объект), оның ішінде Ұлттық білім беру деректер қоры (ҰБДҚ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы

елеулі

2

Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы

өрескел

3

Жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы

өрескел

4

Техникалық және кәсіптік білім беру үшін:
Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан кемінде 30 %.
Орта білімнен кейінгі білім беру үшін:
Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан кемінде 40 %

өрескел

5

Мамандардың болмау себепті білім беру ұйымның жұмыс оқу жоспарындағы оқытылмайтын пәндердің болуы

өрескел

6

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы

болмашы

7

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы немесе білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс жасауы

болмашы

8

Оқу үрдісінде пайдаланылатын және интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптардың болмауы

елеулі

9

Спорт залының болмауы

болмашы

10

Интерактивті тақталардың болмауы

болмашы

11

Кітапхананың болмауы

болмашы

12

Педагог қызметкерлердің аттестаттаудан өту мерзімдерін бұзуы

болмашы

13

Мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің саны және тізбесінің мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес келмеуі

болмашы

14

Дайындалатын мамандық бойынша жалпы білім беру және арнаулы пәндер кабинеттерінің болмауы

елеулі

15

Дайындалатын мамандық бойынша қажетті зертханалардың, шеберханалардың, оқу полигондарының, оқу шаруашылықтарының болмауы

елеулі

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы

елеулі

2

Педагог қызметкердің педагогтік әдеп нормалары мен міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

3

Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін/берілуін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдарының болуы

болмашы

4

Білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы

болмашы

5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдарды (бірлестіктерді) ұйымдастыру құрылымдарын құру мен олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

6

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

7

Білім алуы кезеңінде әлеуметтік көмекке мұқтаж Қазақстан Республикасы азаматтарына көмек көрсетуге арналған өтемақылық шығыстар (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

елеулі

8

Мыналардың:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмағаны туралы;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы

өрескел

9

Білім беру ұйымының жарғысымен белгіленген функциялармен қамтамасыз етілуі (өтініштер болған жағдайда)

елеулі

10

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келетін жұмыс оқу жоспарларының болуы

өрескел

11

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі (жұмысшы кәсібі болған жағдайда) олардың жалпы санының кемінде 70 % болуы

өрескел

12

Жоғары және бірінші санаттағы оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің және (немесе) магистрлердің үлесі лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің санынан техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдар үшін кемінде 30 %;
орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдар үшін кемінде 40 %

өрескел

13

Білім беру ұйымдарының жұмыс оқу жоспарларына сәйкес толық оқу кезеңіне білім алушылар контингентіне шаққандағы, оның ішінде оқу тілдері бойынша оқу әдебиеті қорының, оқу-әдістемелік кешендерінің және цифрлық білім беру ресурстарының болуы

болмашы

14

Даярланатын біліктілікті ескере отырып, оқу пәндері кабинеттерімен; интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен; оқу-зертханалық жабдықтармен жарақталуы

елеулі

15

Практика базалары ретінде айқындалған білім беру ұйымдарымен жасалған шарттардың болуы

елеулі

16

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы

болмашы

17

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы

болмашы

18

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі материалдық активтердің (оқу кабинеттері, шеберханалар, зертханалар) болуын растайтын құжаттардың болуы

елеулі

19

Сабақ беретін пәніне тиісті бейіні сәйкес келетін базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар инженерлік-педагогикалық кадрлармен, сонымен қатар, қажеттілік болған жағдайда сабақ беретін пәніне тиісті бейіні сәйкес келетін базалық жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар өндірістің білікті мамандарымен қамтамасыз етілгендігін растайтын диплом мен қосымша көшірмелері және педагогикалық қызметкерлердің білім беру ұйымдары бекіткен тарифтік тізімдерінің болуы

өрескел

20

Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) циклдер (модульдер) үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 50 %-ға дейін және міндетті оқытуға жалпы сағат санын сақтай отырып, әрбір пән (модуль) бойынша 50 %-ға дейін және өндірістік оқыту үшін 60 %-ға дейін (дуальды оқыту кезінде 80 %-ға дейін);
2) оқу бағдарламаларының мазмұнын әр пән, өндірістік оқыту және кәсіптік практика, оның ішінде модульдерге біріктірілген (енгізілген) пәндер бойынша 50%-ға дейін (дуальды оқыту жағдайында 80 %-ға) және кәсіби модуль бойынша 60%-ға дейін (дуальды оқыту жағдайында 80 %-ға дейін).
Орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларында төмендегідей нормалардан аспайтын өзгерістердің болуы:
1) циклдер мен модульдер үшін оқу материалын меңгеруге бөлінетін оқу уақытының көлемін 50 %-ға дейін, әрбір пән (модуль) бойынша 50%-ға дейін және өндірістік оқыту мен оқытуға берілетін жалпы сағат санын сақтай отырып, кәсіптік практиканың 50 %-на дейін;
2) оқу бағдарламаларының мазмұнын модульдерге біріктірілген (қосылған) пәндер бойынша 50 %-ға дейін және кәсіптік модуль, өндірістік оқыту және кәсіптік практика бойынша 50 %-ға дейін

өрескел

21

Жұмыс оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламаларына сәйкес практикалық дайындықтың жүргізілгендігін растайтын өндірістік оқыту есебі журналдардың болуы

елеулі

22

Білім алушылардың оқу жүктемесінің оқу кестесінің максималды көлеміне сәйкес келуі (оқытудың күндізгі нысаны кезінде оқу уақытының жалпы көлемі аптасына кемінде 36 сағатты есепке алғанда білім алушылардың оқу жүктемесінің максималды көлемі аптасына 54 сағатты құрайды)

өрескел

23

Күндізгі оқу нысаны кезінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімін растайтын бекітілген жұмыс оқу жоспарларының болуы:
1) негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алмай 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
2) жалпы орта білім базасында жалпы орта білім алумен 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай, 3 жыл 6 ай, 3 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
3) негізгі орта білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
4) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай,1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзіміне;
5) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай оқу мерзіміне;
6) ӘАОО үшін жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім базасында берілетін біліктіліктің күрделілігіне байланысты 10 айды, 1 жыл 6 айды, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін құрайды;
7) модульдік оқыту технологиясы кезінде негізгі орта білім базасында жалпы орта білім алусыз – 10 айды;
8) негізгі орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жалпы орта білім алумен, жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 1 жыл 10 ай (бір біліктілік);
9) негізгі орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жалпы орта білім алумен, орта буын маманы біліктілігін және жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 2 жыл 10 ай, 3 жыл 10 ай (4 біліктілікке дейін);
10) жалпы орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 10 ай (бір біліктілік);
11) жалпы орта білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде орта буын маманы біліктілігін және жоғары деңгейдегі біліктілікті берумен – 1 жыл 10 ай (екі біліктілікке дейін), 2 жыл 10 ай (төрт біліктілікке дейін);
12) орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде, тиісті мамандық бойынша – 10 ай;
13) мамандығы сәйкес келмейтін орта білімнен кейінгі білім, жоғары білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде мерзімдер жалпы орта білім базасындағы мерзімдерге сәйкес белгіленеді;
14) техникалық және кәсіптік білім базасында модульдік оқыту технологиясы кезінде, тиісті мамандық бойынша – 10 ай.
Күндізгі оқу нысаны кезінде орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерудің нормативтік мерзімі күрделігіне, күтілетін белгіленген біліктілік деңгейіне және білім алушылардың базалық білім деңгейіне қарай нормативтік мерзімін растайтын бекітілген жұмыс оқу жоспарларының болуы:
1) жалпы орта білім базасында – 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай, 2 жыл 6 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;
2) техникалық және кәсіптік білім базасында – 10 ай, 1 жыл 6 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін;
3) жалпы орта білім базасында модульдік және кредиттік оқыту кезінде – 1 жыл 10 ай, 2 жыл 10 ай оқу мерзімін;
4) техникалық және кәсіптік білім базасында модульдік және кредиттік оқыту кезінде 10 ай, 1 жыл 10 ай оқу мерзімін құрайды

өрескел

24

Кешкі және сырттай оқыту нысандары үшін міндетті оқу сабақтарының оқу уақыттары көлемінің тиісінше 70 %-ына және күндізгі оқыту нысаны үшін қарастырылған оқу сағатының тиісті көлемінің 30 %-ына сәйкестігін растайтын оқытудың кешкі және сырттай нысандарының жұмыс оқу жоспарларының болуы

өрескел

25

Білім алушыларға оқуды аяқтағанын және қорытынды аттестаттаудан өткендігін растайтын хаттамалар мен құжаттарды беру журналдарының болуы

болмашы

26

Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің бiлiм беру бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы

өрескел

27

Оқу және тәрбие процесі кезінде білім беру ұйымының білім алушылары мен қызметкерлері денсаулықтарының сақталуы бойынша ұйым басшысы немесе өзге лауазымдық тұлғаның міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда ғана тексеріледі)

өрескел

28

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша дұрыс және толық ақпараттың болуы

елеулі

29

Білім беру ұйымдарымен бекітілген жұмыс жоспары мен алқалық органдардың отырыстарының (педагогикалық, қамқоршылық кеңестердің), олардың қызметін растайтын хаттамаларының болуы

болмашы

30

Мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің саны және тізбесінің мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарына және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесіне сәйкес келуі

болмашы

31

Ұйымның басшысымен бекітілген оқу жоспары негізінде әзірленген оқу процесінің кестесінің болуы

болмашы

32

Теориялық және өндірістік оқытудың есепке алу журналдары және оқу сағаттарымен оқу бағдарламаларының орындалуын есепке алатын табельдердің болуы

болмашы

33

Сабақ кестесінде аудиториялық сабақтардың барлық түрлері үшін академиялық сағаттың ұзақтығының 45 минутпен сәйкес келуі (қосарланған сабақтарға жол беріледі)

болмашы

34

Сабақтар арасында үзілістер кестесінде бір академиялық сағаттан кейін – 5 минут, қосарланған сабақтардан кейін – 10 минут, 2 қосарланған сабақтан кейін 15 минуттан болуы

болмашы

35

Оқу процесінің кестесінде толық оқу жылында кемінде екі рет, жылына жалпы ұзақтығы 11 аптадан көп емес, оның ішінде қысқы мерзімде 2 аптадан кем емес демалыстардың болуы

болмашы

36

Практикалар базасы ретінде білім беру ұйымдарымен белгіленген келісілген және бекітілген оқу бағдарламалары мен кәсіптік практикадан өткізудің күнтізбелік кестесінің болуы

болмашы

37

Қабылдау (төрағасы, жауапты хатшы және мүшелері) және апелляциялық (төрағасы, мүшелері) комиссияларын құру туралы бұйрықтардың болуы

елеулі

38

Тұлғалардың төмендегідей мерзімдерде оқуға қабылдау туралы өтініштерін тіркеу журналдарының болуы:
1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында;
2) білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;
3) орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында

болмашы

39

Талапкерлердің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау туралы өтінішіне қоса төмендегідей құжаттардың болуы: білімі туралы құжаттың түпнұсқасы, № 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама, флюрография суретімен (I және II топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы), 3x4 көлемдегі 4 сурет, кешенді тестілеу немесе ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижелері туралы сертификаттар, жеке куәліктің көшірмесі, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелдідігі туралы белгісі бар құжат:
1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты;
2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;
3) босқын – босқынның куәлігі;
4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;
5) оралман – оралман куәлігі

болмашы

40

Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау емтихандары материалдарының (нәтижелерінің) болуы:
1) жалпы орта білімі бар оқуға түсушілер үшін үш пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы және мамандық бейіні бойынша пән) өткізілуі;
2) негізгі жалпы білімі бар оқуға түсушілер – негізгі жалпы білімнің оқу бағдарламалары көлемінде 2 пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);
3) мамандық бейініне сәйкес келмейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін мамандық бейіні бойынша өткізілуі;
4) мамандық бейініне сәйкес келетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар тұлғалар үшін әңгімелесу түрінде өткізілуі

болмашы

41

Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша білім беру ұйымдарына оқуға түсетін тұлғалар үшін білім беру ұйымдары бекіткен бағдарламалар бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандардың өткізілгендерін растайтын хаттамалардың және бұйрықтардың болуы. Арнайы немесе шығармашылық емтихандар бойынша "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған немесе емтиханға дәлелді себепсіз келмеген азаматтар қалған емтихандарға жіберілмейді

болмашы

42

Хаттамаларда орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің оқу бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін қабылдау емтихандарын өткізудің төмендегі көрсетілген мерзімдерге сәйкес болуы: оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандарының 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандардың 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізілуі

болмашы

43

Хаттамаларда білікті жұмысшы кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін тұлғалар үшін әңгімелесудің 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізу мерзімдеріне сәйкес болуы

болмашы

44

Қабылдау емтихандарының хаттамалары мен материалдарында (нәтижелерінде) қабылдау емтихандарын бағалаудың талаптарына сәйкес болуы:
тестілеу нысанында әрбір пән бойынша тестілеу тапсырмаларының (сұрақтарының) саны 25 болуы; әрбір тест тапсырмасының дұрыс жауабы 1 балмен бағалануы;
пәндер бойынша емтихандардың, қабылдау емтихандарының нәтижелері бойынша алынған "3", "4", "5" бағаларын қабылдау комиссиясының мынадай шкала бойынша: "3" – 8 бал, "4" – 17 бал, "5" – 25 балдарға ауыстыруы

елеулі

45

Қабылдау емтихандарынан босатылып, конкурсқа жіберілген тұлғаларда кешенді тестілеудің сертификатының немесе ұлттык бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша сертификаттың болуы

өрескел

46

Апелляцияға берілген өтініштерді қабылдау мен қарау тәртібінің сақталуын растайтын аппеляциялық комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

болмашы

47

Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға жіберуге қойылатын талаптардың сақталуын растайтын материалдардың (ведомостер, хаттамалар, листов тестілеу парақтары) болуы.
Білім алушылар құрамына қабылдау конкурсына қатысуға:
1) негізгі жалпы білім алғандар үшін екі пәннен 20 балдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 25 балдан кем;
2) жалпы орта білім алғандар үшін үш пәннен 30 балдан кем, білім, құқық, экономика, медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша 35 балдан кем жинағандардың жіберілмеуі

болмашы

48

25 тамыз бен 30 тамыз аралығында негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалары, әңгімелесулер нәтижелері ескеріле отырып, іріктеу негізінде білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау туралы жеке кәсіптер, мамандықтар бойынша қабылдау комиссиясының ашық отырыстары хаттамаларының болуы

өрескел

49

Жеке кәсіптер, мамандықтар бойынша білім беру ұйымына қабылдау туралы қабылдау комиссиясының ашық отырыстары хаттамаларының болуы

өрескел

50

Білім алушыларды курстан курсқа, бір білім беру ұйымынан екіншісіне, бір оқу нысанынан екінші нысанға, бір тілдік бөлімнен екінші тілдік бөлімге, бір мамандықтан екінші мамандыққа, ақылы негізде оқудан мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға ауыстыруға 4 оқу пәнінен аспайтын академиялық айырмашылық болғанда жол беру талабының сақталуын растайтын құжаттардың болуы

өрескел

51

Оқу шығындарын толық өтейтін, ақылы негізде білім алушының мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқу үшін бос орындарға ауыстыру тәртіптерінің сақталуы:
1) білім алушының білім беру ұйымы басшысының атына әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы еркін нысанда өтініш беруі;
2) білім беру ұйымы басшысының аталған өтінішті қарап, оны педагогикалық кеңестің қарауына шығаруы және педагогикалық кеңес шешімінің негізінде білім алушыны әрі қарай мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауыстыру туралы бұйрық шығаруы

өрескел

52

Білім алушының (бір білім беру ұйымынан басқа білім беру ұйымына ауысқанда) білім алып жатқан білім беру ұйымы басшысының атына еркін нысанда ауысу туралы жазбаша өтініші және ауысуға мөрмен бекітілген өзі қалаған білім беру ұйымының басшысының жазбаша келісімінің болуы

өрескел

53

Ауыстыратын білім беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған білім алушының сынақ кітапшасы (немесе үлгерім кітапшасының) көшірмесінің болуы

болмашы

54

Қабылдайтын білім беру ұйымы басшысының (білім алушыны ауыстыру мәселе шешілген жағдайда):
білім алушының оқу сабақтарына рұқсат беру, оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы;
білім алушының бұрын оқыған білім беру ұйымынан жеке іс қағаздары алынғаннан кейін білім алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрықтардың болуы

өрескел

55

Білім алушының аяқтаған семестрді ескере отырып, бұрынғы немесе басқа білім беру ұйымына қайта қабылдау туралы өтінішінің болуы

өрескел

56

Семестр кезінде ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған білім алушыларды, шығарылған күнінен бастап төрт аптаның ішінде төлемақы бойынша қарызын өтегені туралы құжатты ұсынған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде қайта қабылдау

өрескел

57

Бұрын басқа білім беру ұйымдарында білім алған білім алушыларды оқуға қайта қабылдауға:
курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиісті оқу топтары болған жағдайда;
оқуды аяқтамаған тұлғаларға берілетін Анықтамада (немесе білім алушының сынақ кітапшасында) көрсетілген оқу пәндерінің қабылдаушы білім беру ұйымының жұмыс оқу жоспарының оқу пәндері тізбесінен айырмашылығы төрт оқу пәндерінен артық болмаған жағдайларда рұқсат берілуі

өрескел

58

Білім беру ұйымы басшысының орынбасарымен жұмыс оқу жоспарының пәндері мен оқу сағаттарындағы айырмашылықты белгілеуі және басшының бұйрығымен айырмашылықты жою тәртібінің бекітілуі

өрескел

59

Бұрын оқыған білім беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негізінде білім алушының жеке іс құжаттарын жібереді, бұл ретте Анықтаманың, сынақ кітапшасының көшірмесін және жіберілген құжаттарының тізімдемесін өзінде қалдырады

болмашы

60

Білім алушыға академиялық демалыстың мынадай:
1) сырқатына бойынша ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін амбулаториялық-емханалық ұйым жанындағы дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ДКК) қорытындысы;
2) ұзақтығы 36 айдан аспайтын туберкулезбен ауырған жағдайда туберкулезге қарсы медициналық ұйымның Орталықтандырылған дәрігерлік-консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ОДКК) қорытындысы;
3) әскери қызметке шақыру туралы қағаз негізінде;
4) босанғанда, ұл немесе қыз бала асырап алғанда 3 жасқа толғанға дейін берілуі

болмашы

61

Білім алушы ауруына байланысты академиялық демалыстан келген соң, науқасты қараған денсаулық сақтау ұйымынан осы мамандық бойынша білімін жалғастыру мүмкіндігі туралы қорытынды берілген денсаулық жағдайы туралы ДКК (ОДКК) анықтамасының болуы

болмашы

62

Білім беру гранты бойынша білім алушыға академиялық демалыс беру және академиялық демалыстан шығу туралы бұйрықтардың көшірмесін үш жұмыс күні ішінде бағдарлама бойынша қаржыландырудың тиісті сомасы мен мерзіміне байланысты түзету үшін білім беру ұйымының басшысы тиісті қаржыландырылатын органдарға жолдағанын растайтын хаттарының болуы

болмашы

63

Аралық аттестаттауының нысаны ретінде емтихандардың өтуін растайтын емтихан ведомостерінің болуы

өрескел

64

Келесі талаптарды сақтай отырып, аралық аттестаттауға білім алушыларды жіберу туралы бұйрықтардың болуы:
барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған;
әрбір пән бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған;
емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен;
екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушылардың педагогикалық кеңестің шешімімен жіберілуі

өрескел

65

Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға білім беру ұйымы басшысының жеке мерзім белгілеп, аралық аттестацияны тапсыруға жіберу туралы бұйрығының болуы

өрескел

66

"Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыруға, пәнді жүргізетін оқытушыға, модуль щеңберінде оқытушыларға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісінің жазбаша түрде рұқсаттың болуы (немесе сабақ беретін оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің (модульдің) бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады)

өрескел

67

Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушыларды оқудан шығару туралы педагогикалық кеңестің шешімі мен білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы.
Білім алушыға белгіленген үлгідегі берілген анықтамаларды тіркеу журналдарының болуы

өрескел

68

Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толық орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушыларды келесі курсқа көшіру туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы

өрескел

69

Қорытынды емтиханды өткізуден бір ай бұрын аттестаттау емтихан комиссиясы құрамы жұмыс берушілер өкілдерінен 65 % және 35 %-ға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары өкілдерінің арақатынасындағы кәсіпорындардың жоғары білікті мамандарынан, арнайы пәндер оқытушыларынан, өндiрiстiк оқыту шеберлерi және оқу орнын басқарудың алқалық органдарының өкілдерінен тұратын аттестаттау комиссияны құру туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы

болмашы

70

Білім алушыларды арнайы пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды қорытынды емтихан нысанында тапсыру үшін оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттері мен сұрақтар тізбелерінің болуы; дипломдық жобалардың (жобалардың) болуы. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының, қорытынды аттестаттаудың (жеке) емтихандарын тапсыру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының; біліктілікті беру туралы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының (жинақ); білім алушының бітіру жұмысын (диплом жобасын (жұмысын) қарау туралы қорытынды аттестаттауды жүргізу бойынша комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

өрескел

71

Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға қорытынды аттестаттауды қайта тапсыруға немесе мерзімін белгіленген қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән және (немесе) модуль бойынша қорытынды аттестаттау комиссиясының рұқсат беру туралы шешімі

өрескел

72

Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтаманың болуы

өрескел

73

Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылардың белгіленген мерзімде қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберілуі туралы білім беру ұйымы басшысының бұйрығының болуы

өрескел

74

Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" бағамен, ал қалған пәндерді – "жақсы" бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік дипломның берілуінің объективтілігін растайтын құжаттардың болуы

өрескел

Қосымша білім беретін білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызмет үшін

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы

елеулі

2

Педагог қызметкердің педагогтік әдеп нормалары мен міндеттерін орындауы

өрескел

3

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдарды (бірлестіктерді) ұйымдастыру құрылымдарын құру мен олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

болмашы

4

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)

болмашы

5

Білім беру ұйымы қызметінің Жарғыға сәйкестігі

болмашы

6

Білім беру ұйымының басшысы немесе өзге лауазымды тұлғалардың білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы

елеулі

7

Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін/берілуін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдарының болуы

болмашы

8

Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы үш жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін растайтын аттестациялық комиссияның шешімінің немесе аттестаттау парағының болуы

өрескел

9

Білім беру ұйымның басшылық кадрлардың, педагог және ғылыми қызметкерлердің кемінде бес жылда бір рет біліктілік арттыруын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы

өрескел

10

Білім беру ұйымдарымен бекітілген жұмыс жоспары мен алқалық органдардың отырыстарының (педагогикалық, қамқоршылық кеңестердің), олардың қызметін растайтын хаттамаларының болуы

өрескел

11

Сабақ беретін пәніне тиісті бейіні білім беру ұйымының бейініне сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік білімі бар, педагогикалық мамандармен қамтамасыз етілгендігін растайтын дипломдар мен қосымшаларының көшірмелері және педагогикалық қызметкерлердің білім беру ұйымдары бекіткен тарифтік тізімдерінің болуы

елеулі

12

Мыналардың:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмағаны туралы;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы

өрескел

13

Сапалы қосымша білім алуға қажетті материалдық техникалық базасының болуы

елеулі

14

Өз бетімен дайындаған білім берудің оқу бағдарламалары болуы және олардың орындалуы

өрескел

15

Біліктілік емтихандарын тапсырған білім алушыларға баға қойылғандығы және (немесе) бейіні бойынша (көркемдік, музыкалық және өнер мектептері) біліктілік беру туралы куәлік бергендігін растайтын журналдарының болуы

болмашы

16

Білім беру қызметтерін ақылы негізінде ұсыну білім беру ұйымы мен білім алушының заңды өкілдері арасында жасалған білім беру ұйымының жарғысымен айқындалған ақылы қызметтер көрсету тізбесі және тәртібіне сәйкес келісім шарт негізінде жүзеге асырылуы

болмашы

17

Шетелдік және халықаралық білім беру ұйымдарымен, қорлармен байланыстар орнатылған, халықаралық бағдарламаларға қатысқан, білім беру, мәдениет, спорт және туризм саласындағы халықаралық үкіметтік емес ұйымдарға (қауымдастықтарға) кірген, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ынтымақтастық туралы шарттар жасалған жағдайда білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісімінің болуы

болмашы

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін

Тексерілетін субъект (объект), оның ішінде Жоғары білім беруді басқарудың бірыңғай жүйесі (ЖБББЖ) арқылы ұсынатын есептілік пен мәліметтерді мониторингілеу нәтижелері

1

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша ақпараттардың қате және толық емес ұсынылуы немесе ұсынылмауы

өрескел

2

Білім беру ұйымында жұмысқа тиісті бейіні немесе атқаратын лауазымына сәйкес арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі жоқ тұлғалардың жұмысқа жіберілу фактісінің болуы

өрескел

3

Жүзеге асыратын білім беру деңгейі бойынша білім беру қызметіне лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның болмауы

өрескел

4

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үшін:
Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын ғылыми дәрежелері немесе және/немесе ғылыми атақтары және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар, және/немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік марапаттары бар ("Өнер" мамандықтар тобы үшін), оқытушылардың үлесі кемінде 30 %;
медицина ұлттық жоғары оқу орындары, әскері, арнаулыйы оқу орындары үшін – оның ішінде атағы подполковниктен төмен емес оқытушылардың үлесі кемінде 40 %.
Оқытушылардың жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "магистр" дәрежесі бар оқытушылардың үлесі – 60 %-дан астам;
медицина ұлттық жоғары оқу орындары үшін – 50 %-дан астам.
"Доктор" дәрежесін бере отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру үшін:
Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын ғылыми және/немесе ғылыми атақтары бар және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атақтары бар және/немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаттары мен құрметті атақтары бар оқытушылардың үлесі кемінде 100 %

өрескел

5

Мамандардың болмау себепті білім беру ұйымның жұмыс оқу жоспарындағы оқытылмайтын пәндердің болуы

өрескел

6

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсетудің болмауы

болмашы

7

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің болмауы немесе білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы қорытындысыз жұмыс жасауы

болмашы

8

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) және кешенді тестілеу (КТ) сертификатынсыз студенттерді қабылдау, сонымен қатар бірінші академиялық кезеңнің қорытындысы бойынша өткізілетін ҰБТ және КТ нәтижелері бойынша оқудан шығарылмаған тұлғалардың болуы

өрескел

9

ОЖСБ пәндері бойынша бітіруші топтар білім алушыларының орта балы республикалық орта балдан кем болуы 

елеулі

10

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім үшін тиісті бейіндегі мамандық бойынша немесе тиісті мамандық бойынша бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының болмауы

өрескел

11

Меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына тиесілі білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтердің, оның ішінде ауданы санитарлық нормаларға сай оқу орынжайларының болмауы

өрескел

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1

Жоғары оқу орны ректорының (басшысының) қызметтік міндеттерін орындауы (өтініш болған жағдайда тексеріледі)

өрескел

2

Проректорлар (басшының орынбасарлары), факультет декандары (басшылары) және олардың орынбасарлары, кафедра меңгерушілері (басшылар) және профессорлық-оқытушылық құрамының Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкестігін көрсететін жоғары оқу орнын басқарудың ұйымдастырушылық құрылымының бар болуы

болмашы

3

Құрылымдық бөлімшелердің қызметінің негізгі бағыттары, жоғары оқу орнын басқарудың ұйымдық құрылымында құрылымдық бөлімшеге оның мәртебесін әкімшілік-құқықтық бекіту бойынша талаптар туралы жоғары оқу орны бекіткен құрылымдық бөлімшелердің ережелерінің бар болуы

өрескел

4

Үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес әзірленіп, жоғары оқу орны бекіткен, қызметкерлердің лауазымға тағайындалу және лауазымнан босатылу тәртібі, құқықтары, міндеттері, өкілеттіктері мен жауапкершіліктері айқындалған лауазымдық нұсқаулықтардың бар болуы

өрескел

5

Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға қойылатын талаптардың сақталуын дәлелдейтін құжаттардың болуы

өрескел

6

Жоғары білім сапасын іштей қамтамасыз ету жүйесінің құрылғандығын және жұмыс жасайтындығын растайтын құжаттардың бар болуы

өрескел

7

Құрылымдық бөлімшенің басшысы бекіткен оқу жылына арналған оқытушының жеке жұмыс жоспарының бар болуы

болмашы

8

Бекітілген штаттық кестенің болуы

болмашы

9

Жоғары оқу орнына жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерлердің кандидатурасының Үлгілік біліктілік сипаттамаларының талаптарына сәйкес келуін растайтын қызметкерлердің жеке істерінің бар болуы

елеулі

10

Білім алушылардың ағымдағы және межелік үлгерімін бақылау және аралық аттестаттаудан өткізу нысандарын, тәртібі мен мерзімділігін айқындайтын құжаттардың бар болуы

елеулі

11

Білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу, меңгерілген кредиттерді есепке алу, аралық және қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және білім алушылардың оқу жетістіктерінің бүкіл тарихын жүргізуді жүзеге асыратын тіркеу офисін құру туралы бұйрықтың бар болуы

болмашы

12

Тәрбие жұмысы бойынша кешенді жоспардың бар болуы, оның ішінде білім алушылардың бойында сыбайлас жемқорлық көріністеріне "мүлдем төзбеушілікті", сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық көзқарасын қалыптастыруға бағытталған шаралардың бар болуы

болмашы

13

Академиялық күнтізбеге сәйкес білім алушылардың кәсіптік практикасын өткізгені туралы растайтын құжаттардың болуы:
жоғары оқу орны басшысымен бекітілген және тәжірибе базасы ретінде анықталған ұйымдармен (мекемелер, кәсіпорындар) келісілген кәсіптік тәжірибеден өту бағдарламасының болуы;
кәсіптік тәжірибе өткізу туралы үлгілік келісім шарт негізінде құрылған, кәсіптік тәжірибе түрі көрсетіле отырып тәжірибе базасы ретінде анықталған ұйымдармен жасалған келісім шарттардың болуы;
білім алушыларды тәжірибе базасы, жетекшісі, мерзімі көрсетілген кәсіптік тәжірибеге жіберу туралы жоғары оқу орны ректорының бұйрығының болуы;
кәсіптік тәжірибе қорытындысы бойынша білім алушылардың есептерінің болуы;
есептерді қорғау комиссиясын құру туралы кафедра меңгерушісінің өкімінің болуы;
кәсіптік тәжірибе қорытындысы бойынша қорғау есептерін растайтын хаттамалардың болуы

өрескел

14

Жоғары оқу орнында (олардың қызмет түрлеріне қарай) келесі бағыттарда ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін растайтын құжаттардың болуы:
іргелі, қолданбалы, іздеу (бастамашылық), ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар, оның ішінде инновациялық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізу;
тапсырыс бойынша, бөгде ұйымдармен жасалған шарттар бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;
өз ғылыми мектептерін қалыптастыру және дамыту, профессор-оқытушылар құрамын зерттеу жұмысына белсенді тарту;
студенттердің, магистранттардың және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру, зерттеу жұмысына білім алушылардың барлық санаттарын белсенді түрде тарту;
ғылыми-педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың ғылыми зерттеулері мен шығармашылық қызметі арқылы жаңа білімдерді алу;
жоғары білімді дамытудың теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу және әзірлеу;
оқытудың инновациялық технологияларын әзірлеу және оқу процесіне енгізу;
ғылыми зерттеулер нәтижелерін оқу процесіне және өндіріске енгізу;
ӘАОО қоспағанда, зерттеу қызметінің инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландырудың тетігін құру және ендіру;
зерттеушілер мен әзірлеушілердің зияткерлік меншігі мен авторлық құқықтарын қорғау;
ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің қаржылық көздерін, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік, халықаралық ынтымақтастық және кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаты негізінде кеңейту

өрескел

15

Білім алушыларды ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық жұмыстарға қатысуға тарту; жоғары оқу орнының ғылыми және ғылыми-өндірістік бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар базасында білім алушылардың белсенді оқу жұмысын, кәсіптік практика, курстық және дипломдық жобалауды жұргізілгенін растайтын құжаттардың бар болуы

елеулі

16

Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау нәтижелері бойынша күнтізбелік жоспарда көзделген аралық және қорытынды есептердің бар болуы

елеулі

17

Кәсіптік стандарттарға және біліктілік шеңберіне сәйкес оқу пәндерін модульдік оқыту жүйесі негізінде әзірленген бакалавриат, магистратура, докторантураның бiлiм беру бағдарламаларының болуы

өрескел

18

Әрбір оқу пәндерінің 2 немесе 3 кредиттен кем емес көлемде бағалануы

өрескел

19

Дене шынықтыруды, тілдік пәндерді қоспағанда, атауы қайталанбайтын оқу пәндерінің болуы

өресел

20

Студенттер үшін 1 аптадан кем емес, магистранттар үшін 2 аптадан кем емес, докторанттар үшін 1 аптадан кем емес ұзақтықта аралық бақылау формасы ретінде өткізілген сынақ және емтиханды растайтын емтихан ведомостінің болуы

болмашы

21

Аралық аттестаттау өткізу барысында оқу пәні бойынша қорытынды бағада ағымдағы баға үлесі 60 % кем емес, қорытынды баға үлесі 30 % кем емес болуы

өрескел

22

Базалық пәндер цикліндегі міндетті компонентте "Кәсіби қазақ (орыс) тілі" және "Кәсіби бағдарлы шет тілі" пәндерінің 2 кредиттен кем емес көлемде болуы

өрескел

23

Әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетілген, таңдау компоненттері бойынша барлық пәндердің зерттеу мақсатын, қысқаша мазмұнын (негізгі бөлімдер) және зерттеуден күтілетін нәтижелерді (білім алушылардың алатын білімін, іскерлігін, дағдысы мен құзыреттерін) көрсете отырып, пәннің қысқаша сипаттамасын қамтитын тізбесі - элективті пәндер каталогының бар болуы (бұдан әрі – ЭПК)

өрескел

24

Білім алушылардың әр оқу жылына үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) және ЭПК негізінде құрылған жеке оқу жоспарының (бұдан әрі – ЖОП) болуы

елеулі

25

Оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесін және олардың кредитпен санағандағы еңбекті қажетсінуі, оқытылу реті, оқу сабақтарының түрлері мен бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлерін (практикалар, мемлекеттік емтихандар, дипломдық жұмысты (жобаны) жазу және қорғау) айқындайтын, мамандықтардың ҮОЖ мен студенттердің жеке оқу жоспарының негізінде әзірленген Оқу жұмыс жоспарын бекіту туралы ректордың бұйрығы мен ғылыми кеңестің шешімінің бар болуы

елеулі

26

Оқу жоспарының барлық пәндері бойынша әзірленген және жоғары оқу орнымен бекітліген оқу жұмыс бағдарламаларының (силлабустар) бар болуы

өрескел

27

Білім алушылардың жалпы сабақ кестесінен бөлек оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін өзіндік жұмысы кестесінің болуы

болмашы

28

36 аптадан кем емес оқу жылының ұзақтығын растайтын академиялық күнтізбесінің, оқу сабақтарының кестесінің және білім беру бағдарламаларының бар болуы

болмашы

29

Білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуы туралы мақалалар жинағының болуы

елеулі

30

Магистратурада және докторантурада оқу үшін алдынғы білім беру деңгейінде меңгерген пререквизиттердің бар болуы

өрескел

31

Білім алушылардың толық оқу кезеңіне жасалған жеке жұмыс жоспарларының болуы және оның ішінде төменгі бөлімдердің қамтылуы:
жеке оқу жоспары;
ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны);
практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны);
негіздемесі мен құрылымы көрсетілген диссертация тақырыбы;
диссертацияны орындау жоспары;
ғылыми жарияланымдар, оның ішінде шетелдік, тағылымдамалардан өту жоспары

елеулі

32

Ғылыми зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмыстары нәтижесі туралы білім алушының қысқаша есебінің болуы

болмашы

33

Білім алушының ғылыми зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмыстарының қорытындысы – диссертацияның болуы

өрескел

34

Ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндамалар жасау қорытындысы бойынша шығарылған мақалалар жинағында жариялымдарының болуы

елеулі

35

Диссертацияның плагиатқа тексерілгендігі туралы анықтаманың болуы

өрескел

36

Магистрант оқуға қабылданғаннан кейін екі ай ішінде білім алушының ғылыми жетекшісін және зерттеу тақырыбын бекіту туралы бұйрықтың болуы

елеулі

37

Ғылым докторлары мен кандидаттарының, философия (PhD) докторларының ішінен сайланған құрамы кемінде 2 адамнан тұратын және олардың біреуі шетелдік жоғары оқу орнының ғалымы болып табылатын консультациялық комиссияның ("Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтар тобын қоспағанда) докторанттарға ғылыми жетекшілігін бекіту туралы ғылыми кеңестің шешімі, ректордың бұйрығының болуы

болмашы

38

Білім алушыны кешенді емтихан тапсыруға және диссертациясын қорғауға жіберілгендігі туралы жоғары оқу орны ректорының бұйрығының болуы, мемлекеттік аттестациялау комиссиясының бұйрықтары, ведомостері, кешенді емтихан қабылдау хаттамалары және диссертациясын қорғағаны туралы бұйрықтардың болуы

елеулі

39

Жұмыс оқу жоспарында үлгілік оқу жоспарындағы жалпы көлемінен цикліндегі пәндердің 4 % құруы немесе міндетті компонентіне жататын 3 кредиттің болуы (докторантура үшін)

өрескел

40

Жұмыс оқу жоспарында үлгілік оқу жоспарындағы жалпы көлемінен бейінделген пәндер цикліндегі пәндердің 16 % құруы немесе 12 кредиттің болуы (докторантура үшін)

өрескел

41

Білім алушының ғылыми тағылымдамаға, оның ішінде шетелге жіберілгені туралы жоғары оқу орны ректорының бұйрығының болуы; білім алушылардың ғылыми тағылымдамадан, оның ішінде шетелде, өткені туралы қысқа есептердің болуы, және оларды қорғау туралы хаттамаларының бар болуы

болмашы

42

Ғылыми-практикалық, ғылыми-аналитикалық баспаларда білім алушылардың ғылыми зерттеу мақалаларының болуы

елеулі

43

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру үлгілік оқу жоспарларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдеріндегі әзірленген оқу жоспарының бар болуы

өрескел

44

Оқу жоспарындағы пәндердің оқытушылармен қамтылуын, оның ішінде оқытушылардың білімінің, "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми/ академиялық дәрежелерінің немесе ғылыми атақтарының (бар болған жағдайда) оқытатын пән бейініне сәйкес болуын; лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын оқытушылардың жалпы оқытушылар санындағы үлесіне қойылатын талаптарға сәйкестікті растайтын кафедралар кесіндісінде оқытушылардың оқу жүктемесін бекіту, жұмысқа қабылдау бұйрықтарының бар болуы

өрескел

45

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми/академиялық дәрежелері және/немесе ғылыми атақтары бар және/немесе "магистр" дәрежесі бар және/ немесе резидентураны аяқтаған жоғары/ бірінші біліктілік дәрігерлік санаты және кемінде бес жыл клиникалық жұмыс өтілі бар және/немесе "Еңбек сiңiрген жаттықтырушы" спорттық атағы бар және/ немесе Қазақстан Республикасының құрметті атақтары мен мемлекеттік марапаттары бар және/немесе әскери (арнайы) атағы подполковниктен төмен емес немесе әділет кеңесшісі кластық шенінен төмен емес оқытушылардың жалпы оқытушылар санындағы үлесіне қойылатын талаптарға сәйкестікті растайтын кафедралар кесіндісінде оқытушыларды жұмысқа қабылдау бұйрықтарының бар болуы

өрескел

46

Оқу жоспарына сәйкес білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін қажетті материалдық техникалық және оқу-зертханалық базаның, жабдықтардың, оқу пәндері кабинеттерінің және техникалық оқу құралдарының, сымсыз байланыс технологияларды қоса алғанда кең жолақты интернет желісінің, компьютерлік кабинеттердің, оқу және ғылыми әдебиет қоры жинақталған кітапхананың бар болуы

өрескел

47

Білім беру ұйымдарының ақылы негізде оқитын бір білім алушыға жұмсайтын ең төменгі шығындарының тиісті оқу жылына мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру грантының немесе мемлекеттік беру тапсырысының мөлшеріне сәйкестігін анықтау үшін оқытудың барлық нысандары бойынша жоғары оқу орны және білім алушылардың арасында келісім шарттардың болуы

болмашы

48

Практика базалары ретінде ұйымдармен, айқындалған ұйымдармен жасалған шарттардың болуы, оның ішінде педагогикалық мамандықтар үшін педагогикалық практика базалары бойынша білім беру ұйымдарымен жасалған шарттардың болуы (бакалавриат үшін)

елеулі

49

Магистранттардың толық оқу кезеңін қамтитын мамандыққа сәйкес практика базалары ретінде айқындалған, оның ішінде ғылыми тағылымдамадан өту үшін ұйымдармен жасалған шарттардың болуы (магистратура үшін)

елеулі

50

Докторанттардың толық оқу кезеңін қамтитын мамандыққа сәйкес практика базалары ретінде айқындалған ұйымдармен және шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтетін ұйымдармен жасалған шарттардың бар болуы (докторантура үшін)

елеулі

51

Білім алушылар үшін медициналық қызмет көрсетудің болуы, оның ішінде медициналық қызметке берілген лицензияның және оқу корпустарында медициналық пункттердің болуы

болмашы

52

Білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің әр оқу корпусында болуы

болмашы

53

Білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ететін материалдық активтерге меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын растайтын құжаттардың бар болуы

елеулі

54

Мамандықтар бойынша білім берудің алдыңғы деңгей(лер)іне рұқсат беру құжатының бар болуы (магистратура, докторантура үшін)

өрескел

55

Тиісті даярлау бағыттары бойынша толық оқу кезеңін қамтитын білім беру ұйымдарымен немесе ғылыми немесе ғылыми-білім беру немесе ғылыми-өндірістік орталықтармен ынтымақтастық туралы келісімдердің бар болуы

елеулі

56

Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын тиісті мамандық бойынша бір ғылым докторының немесе екі ғылым кандидатының немесе екі философия (PhD) докторының ("Әскери іс және қауіпсіздік" мамандықтарының тобы үшін – тиісті мамандық бойынша бір ғылым докторының немесе бір ғылым кандидатының немесе философия (PhD) докторының болуы) (магистратура үшін)

өрескел

57

Мамандық бейініне сәйкес "ғылым кандидаты" немесе "ғылым докторы" немесе "философия докторы (РhD)" немесе "бейіні бойынша доктор" ғылыми/академиялық дәрежелері, кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар, отандық ғылыми журналдарда және халықаралық ғылыми журналдарда соңғы бес жылдағы ғылыми жарияланымдардың, сондай-ақ оқулықтың немесе оқу құралының авторы болып табылатын жетекші мамандардың немесе оқытушылардың білім алушыларға ғылыми жетекшілікті жүзеге асыруының бар болуы

өрескел

58

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу үшін ұйымдармен және кәсіпорындармен жасалған шарттардың және оларға қоса Жұмыстардың техникалық ерекшелігі мен оқытудың толық кезеңін қамтитын Күнтізбелік жоспарының бар болуы

елеулі

59

Оқу жоспарына сәйкес мамандықтар кесіндісінде оқыту процесінің мамандандырылған ғылыми-техникалық, ғылыми-әдістемелік, клиникалық, эксперименталдық базалармен қамтылғанын растайтын құжаттардың бар болуы

елеулі

60

Тиісті мамандық бойынша ғылыми алмасу мәселелерін регламенттейтін ведомствоаралық келісімдердің болуы

болмашы

61

Докторантура бағдарламаларын іске асыратын аккредиттелген шетелдік жоғары оқу орындарымен және (немесе) ғылыми ұйымдармен ғылыми алмасу туралы толық оқу кезеңін қамтитын шарттардың, мамандық бейініне сәйкес шетелдік жоғары оқу орнының бағдарламаларын аккредиттеу туралы куәліктің бар болуы (докторантура үшін)

елеулі

62

Ректордың қабылдау комиссиясын құру туралы шығарған бұйрығының болуы, мамандық бойынша қабылдау емтихандарын өткізу бұйрықтары, хаттамалар, ведомостер және қабылдау емтихандарына қойылатын талаптардың (мамандықтар бойынша емтихан комиссиясын құру тәртібі, оны құрамына қойылатын талаптар) сақталуын растайтын құжаттар

болмашы

63

Шығармашылық және арнайы дайындықты талап ететін мамандықтарға, педагогтік мамандықтарға оқуға түсу үшін тапсырылатын арнайы және шығармашылық емтихандардың өткізілгенін дәлелдейтін бұйрықтар мен хаттамалардың болуы

болмашы

64

Бакалавриат бағдарламалары бойынша оқуға түсушілердің жеке істерінің болуы (оқуға қабылдау туралы өтініш, білім туралы құжатының түпнұсқасы, 3х4 көліміндегі 6 фотосурет, № 086-У нысанындағы медициналық анықтама, Ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) сертификаты, жеке куәлік көшірмесі, еңбек кітапшасы немесе ұйымның мөрі және басшының қолы қойылған қызметтік тізім немесе еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманың болуы

елеулі

65

Магистратура бағдарламалары бойынша оқуға түсушілердің жеке құжаттарының болуы (білім беру ұйымы басшысының атына жазылған өтініш; жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі, интернатура бітіргені туралы куәлік (резидентураға түсушілер); шет тілінен тапсырған тест сертификаты (болған жағдайда); кадр есебі бойынша жеке парақ және еңбек қызметін дәлелдейтін құжат (еңбек өтілі бар тұлғаларға); 3х4 көліміндегі алты фотосурет; № 086-У нысанындағы медициналық анықтама; жеке куәліктің көшірмесі; ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда)

елеулі

66

Докторантура бағдарламасы бойынша оқуға түсушілердің жеке құжаттарының болуы (білім ұйымы басшысының атына жазылған өтініш; жеке куәлік көшірмесі; шет тілі бағдарламалары бойынша тапсырған тест сертификаты (болған жағдайда); ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың тізімі (болған жағдайда); 3х4 көліміндегі алты фотосурет; № 086-У нысанындағы медициналық анықтама; кадр есебі бойынша жеке парақ және еңбек қызметін дәлелдейтін құжат

елеулі

67

Білім алушыларды жоғары оқу орындарына қабылдау бұйрықтары, оқуға қабылдау туралы талаптардың сақталуын; мамандық және оқыту тілі бойынша қабылдау талаптарының сақталуын растайтын құжаттардың бар болуы

елеулі

68

Шетелдік білім беру ұйымдары тарапынан берілген, оқуға қабылдаудан кейін нострификация рәсіміне бірінші семестр ішінде жасалған өтініш қорытындысы бойынша берілген білім туралы құжатты тану немесе нострификациялау куәлігінің болуы

елеулі

69

Ауыстыру және қайта қабылдау бойынша берілген өтініштерді қарау мерзіміне қойылатын талаптардың сақталуы

өрескел

70

Білім алушының шетелдік білім беру ұйымынан ауыстырылған немесе қайта қабыладнған кезде:
1) меңгерілген оқу бағдарламалары туралы құжаттың (академиялық анықтама немесе транскрипт);
2) нострификациялау рәсімінен өтуі тиіс білім берудің алдыңғы деңгейін аяқтағаны туралы құжат;
3) шетелдік білім беру ұйымдарына түсу алдындағы сынақ нәтижелерінің болуы

өрескел

71

Білім алуышының жеке іс қағазында жоғары білім үшін – ҰБТ немесе КТ тапсырғаны туралы сертификат немесе магистратура үшін – түсу емтихандарын тапсырғаны туралы сертификат немесе шетелдік ЖОО-дан ауысқан тұлғалар үшін – түсу сынықтарының нәтижесі болуы.

өрескел

72

Білім алушыны қайта қабылдау бойынша белгіленген талаптардың сақталуы:қайта қабылдау туралы өтініштің болуы, білім алушы қатарына қабылданғаны туралы бұйрықтың болуы, сұраныс, білім алушының жеке іс қағаздары.

өрескел

73

Жоғары оқу орны басшысының атына академиялық демалысты рәсімдеуге өтініштің болуы және оқытуды уақытша тоқтатудың (академиялық демалыс) негізділігін дәлелдейтін құжаттың болуы

болмашы

74

Жоғары оқу орны басшысының білім алушыға басталуы және аяқталуы мерзімдері көрсетілген академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың болуы; ұсынылған құжаттар негізінде мамандығы, курсы, тобы көрсетілген білім алушының академиялық демалыстан шығуы туралы үш жұмыс күні ішінде шығарылған бұйрықтың болуы

болмашы

75

Жоғары оқу орны басшысының атына академиялық демалыстан шығуы туралы өтініштің және академиялық демалыста науқастануына байланысты болған жағдайда ем алған ұйымының сол мамандық бойынша оқуын жалғастыратын мүмкіндігі туралы қорытындысымен ДКК анықтамасының болуы

болмашы

76

Білім алушылардың қозғалысы (курстан курсқа, мамандықтан мамандыққа көшіру, оқудан шығару, оқуға қайта қабылдау) туралы бұйрықтардың болуы

елеулі

Білім басқару органдарының қызметі үшін

Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бұрынғы профилактикалық бақылаудың нәтижелері

1

Білім бөлімдерінің, облыстық білім беру ұйымдарының, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілерінің жұмсалуы туралы жыл сайынғы есебінің болуы

өрескел

2

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін, арнайы оқу және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларды іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша шараларды қабылдау үшін материалдардың болуы

елеулі

3

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұсыныстарын ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға (білім басқармалары үшін) мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

елеулі

4

Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын, сондай-ақ арнайы оқу және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру (облыстық білім басқармалары үшін)

өрескел

5

Мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету (облыстық білім басқармалары үшін)

өрескел

6

Облыс ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспары мен материалдарының болуы

болмашы

7

Білім беру ұйымдарының әзірленген және қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген ішкі тәртіптемесінің үлгілік қағидаларының болуы (білім басқармалары үшін)

болмашы

8

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім беру жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату бойынша шараларды қабылдау туралы (республикалық маңызы бар қалалар және астана білім басқармалары үшін) материалдардың болуы

елеулі

9

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, балаларға қосымша білім берудің білім беретін жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асыру (республикалық маңызы бар қалада және астанада білім басқармалары үшін)

өрескел

10

Мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білім берудің білім беру бағдарламаларын, мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған және арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз ету (республикалық маңызы бар қалада және астанада білім басқармалары үшін)

өрескел

11

Республикалық маңызы бар қала, астана ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын, ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылар конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспар мен материалдарының болуы

болмашы

12

Бастауыш негізгі орта және жалпы орта білім беру, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, қосымша білім беру бағдарламаларын жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша материалдарды (үшін білім беру бөлімдері) болуы

елеулі

13

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қолдау көрсету және жәрдемдеу (білім бөлімдері үшін)

өрескел

14

Мектепалды даярлықтың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді сатып алу және жеткізу (білім бөлімдері үшін)

өрескел

15

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, ата-ана төлемдерінің мөлшерін бекіту (республикалық маңызы бар қаланың және астананың білім беру бөлімдері, білім басқармалары үшін)

елеулі

16

Аудан (қала) ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын өткізілгендігін растайтын жоспар мен материалдарының болуы

болмашы

17

Негізгі орта, жалпы орта білімде жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі бланкілерінің жұмсалуы туралы жыл сайынғы есебінің болуы (білім бөлімдері)

өрескел

18

Азаматтық қызметшілерді аттестаттау бойынша әр 6 ай сайынғы аттестаттау комиссиясының құрамын, аттестаттауды өткізу кестесін және тұлғалардың тізімін бекіту туралы бұйрықтардың болуы

болмашы

19

Азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізудің объективтілігін растайтын (хаттамалар, өтініштер) материалдардың болуы

елеулі

20

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға және бағыныстағы білім беру ұйымдарының біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізу жөнінде білім бөлімдерінде аттестаттау комиссияларының құрылуы және бекітілуі

болмашы

21

Бағыныстағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізу жөнінде құрылған аттестаттау комиссиялары хаттамаларының болуы

елеулі

22

Бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттау үшін білім бөлімдерінде аттестаттау комиссияларының құрылуы және бекітілуі туралы бұйрықтың болуы

болмашы

23

Бағыныстағы білім беру ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын аттестаттау жөніндегі аттестаттау комиссиялары отырыстары хаттамаларының болуы

болмашы

24

Білім беру ұйымдарында лауазымдық қызметтегі педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды тиісті кезеңге аттестатталатындардың тізімдік құрамына енгізу бойынша алқалы органның объективтілігін растайтын құжаттардың (кіріс құжаттарды тіркеу журналы, өтініш) болуы

елеулі

25

Аттестатталушылардың ұлттық біліктілік тестілеуге жіберілуінің объективтілігін растайтын (жеке куәлігінің және білімі туралы дипломның көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттарды, біліктілік арттыру курсынан өтуі, бұрын берілген біліктілік санатының болуы) құжаттардың болуы

елеулі

26

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурс жүргізу жөнінде шешімнің қабылдануы және ол туралы хабарлануы

болмашы

27

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрылуы туралы бұйрықтың болуы

елеулі

28

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың бекітілген тізімінің болуы

болмашы

29

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы қызметіне үміткерлердің қажетті құжаттар пакетінің болуы:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама

елеулі

30

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау жөніндегі Комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

болмашы

31

Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын қызметке тағайындау жөніндегі Комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

елеулі

32

Аттестатталатын кәсіпорын басшысының аттестаттау өткізу мерзімімен хабардар болуы

болмашы

33

Кадр қызметі тиісті саланың уәкілетті органының құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп, кәсіпорын басшысының аттестаттау парағының және кәсіби қызметін сипаттайтын қызметтік мінездемесінің болуы, сонымен қатар кәсіпорын басшысының аттестаттау комисиясының шешімімен танысуы

елеулі

34

Аттестаттау комиссиясы отырыстарының хаттамаларының болуы

болмашы

35

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) құрылуы туралы бұйрықтың болуыі

елеулі

36

Мемлекеттік орта білім беру мекемесі басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурс жүргізу жөнінде хабарланудың болуы

елеулі

37

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау бойынша конкурсқа қатысуға жіберілген (кемінде екі кандидат) тұлғалардың тізімдерінің бекітілуі

елеулі

38

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысы қызметіне үміткерлердің қажетті құжаттар пакетінің болуы:
1) конкурстық комиссия төрағасы атына тұрғылықты тіркеу орнын, нақты тұратын жерін, байланыс телефондарын көрсетумен қоса өтініш;
2) нотариалды куәландырылған жеке тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі;
3) нотариалды куәландырылған білім туралы құжат көшірмесі;
4) нотариалды куәландырылған еңбек кітапшасының көшірмесі;
5) бұрынғы жұмыс орны кадр қызметі куәландырған фотомен кадрды есепке алу жөніндегі жеке парақ;
6) бар жазалар мен көтермелеулерді көрсете отырып бұрынғы жұмыс орнынан өндірістік мінездеме;
7) нотариалды куәландырылған біліктілік санаты бар немесе ғылыми дәрежесі туралы құжат көшірмесі;
8) медициналық анықтама;
9) сотты болмағандығы туралы анықтама

елеулі

39

Мемлекеттік орта білім беру мекемесінің басшысын қызметке тағайындау жөніндегі Комиссия отырыстары хаттамаларының болуы

болмашы

40

Аттестатталушылардың берілген біліктілік санаттарына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы аттестаттау комиссиясының шешімінің объективтілігін растайтын материалдардың (портфолионың, ұлттық біліктілік тестілеуден өткені туралы анықтама) болуы

елеулі

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы 15 қарашадағы
№ 632 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2018 жылғы 15 қарашадағы
№ 71 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 719 және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 843 бірлескен бұйрығына
3-қосымша

Жалпы орта білім берудің бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қатысты білім беру жүйесін мемлекеттік бақылау саласындағы тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _______________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы тексеруді/профилактикалық

      бақылауды тағайындау туралы акт ______________________________________

      (№, күні)

      Бақылау субъектінің (объектінің) атауы __________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бақылау субъектінің (объектінің) (жеке сәйкестендіру нөмірі), бизнес-

      сәйкестендіру нөмірі __________________________________________________

      Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________

р/с №

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді


1

2

3

4

5

1

Білім беру ұйымының құрылтайшылық және құқық белгілеуші құжаттарының бар болуы





2

Білім беру мониторингінің шеңберінде әкімшілік деректер нысандары бойынша дұрыс және толық ақпараттың болуы





3

Педагог қызметкердің педагогтік әдеп нормалары мен міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





4

Білім беру ұйымдарының басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерінің кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттырғандығын растайтын сертификаттардың, куәліктердің немесе басқа да құжаттардың болуы





5

Білім беру ұйымдарында саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарын құруға және олардың қызметіне тыйым салу бөлігінде мемлекеттік саясат қағидатының сақталуы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





6

Білім беру процесін саяси үгіттеу, діни насихат жүргізу немесе білім алушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалану тыйымын сақтау (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





7

Білім алушылардың білім беру ұйымдары бекіткен міндетті мектеп формасын сақтауы





8

Білім беру ұйымның білім алушылардың контингенті бойынша бұйрықтардың және білім алушылардың сыныптар бөлігінде сандық құрамын растайтын білім алушыларды жазатын алфавиттік кітаптың болуы





9

Үлгілік оқу жоспарының инварианттық компонентінің орындалуын растайтын оқу жұмыс жоспарларының, сынып журналдарының, сабақ кестелерінің болуы





10

Оқу жұмыс жоспарында, сабақ кестелерінде білім алушылардың апталық оқу жүктемесінің көлемі факультативтік, үйірме, топ және жеке сабақтардың максималды көлемімен сәйкестігі





11

Қалалық жалпы орта білім беретін ұйымдарда сынып толымдылығы 24-ке жеткенде немесе одан асқанда, ауылдық жерлерде – 20-ға жеткен кезде немесе одан асқанда шағын жинақты мектептерде – білім алушылар 10-нан кем болмаған жағдайда сынып журналдарында сыныпты екі топқа бөлінуінің болуы:
1) оқыту тілі қазақ тілді емес сыныптардағы қазақ тілі және қазақ әдебиеті бойынша;
2) оқыту тілі орыс тілді емес сыныптардағы орыс тілі мен орыс әдебиеті бойынша;
3) ағылшын тілі және шетел тілі бойынша;
4) ақпараттық-коммуникациялық технология бойынша (1-4 сыныптарда);
5) информатика бойынша (5-11 сыныптарда);
6) өзін-өзі тану бойынша (1-4 сыныптарда);
7) технология, көркем еңбек бойынша (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар топтары 5-11 сыныптарда);
8) дене шынықтыру бойынша гендерлік принцппен әр топта қалалық жерде 8 ұлдан кем емес (немесе қыз), ауылдық жерде 5 ұлдан кем емес (немесе қыз) (5-11 сыныптардағы);
9) бейіндік пәндер бойынша (10-11 сыныптарда)





12

Білім алушылардың білімнің міндетті төменгі шекті көлемі мен олардың шеберлігі мен дағдылары қамтылған оқу пәндерінің базалық деңгейін меңгеруін анықтайтын бақылау нысандарының жүргізілгендігін растайтын материалдардың болуы.
Нақты айқындалған, оқу процесіндегі барлық оқушыларға алдын ала белгілі бағалау критерийлерімен (формативті бағалаудағы табыс критерийі және жиынтық бағалаудағы балдарды қою критерийі) білім алушылардың оқу жетістіктерін білім берудің тиісті мақсаттарымен және мазмұнымен салыстыру арқылы әр тақырыптық бөлім бойынша бағалаудың жүргізілуін растайтын құжаттардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілетін сыныптар үшін)





13

Денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымында оқи алмайтын оқушыларға үйінде ақысыз жеке оқытуды ұйымдастыру туралы бұйрықтың болуы





14

Даму мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың білім алуы, даму бұзушылықтарының түзетілуі және әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті жағдайлардың жасалуын растайтын дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамалары мен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясының қорытындылары бар білім алушыларға арналған білім беру салаларының болуы бойынша және оқу пәндері мен сағат санының үлгілік жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жеке оқу жоспарларының болуы





15

Оқу жұмыс жоспарларында білім беру салаларының болуы, оқу пәндері және сағат саны бастауыш, негізгі орта және орта білім үлгілік оқу жоспарларына сәйкес келуі





16

Оқу жоспарындағы пәндер бойынша:
бастауыш білім беру үшін негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесінің олардың жалпы санының кемінде 25 % болуы;
негізгі орта және жалпы орта білім беру үшін: негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдердің үлесі олардың жалпы санынан кемінде 35 % болуы





17

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету туралы денсаулық сақтау ұйымдармен шарттардың немесе медициналық кабинеттің және медициналық қызметке лицензияның болуы





18

Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындысы негізінде білім алушыларға арналған тамақтандыру объектісінің немесе білім алушыларды тамақпен қамтамасыз ету туралы шарттың болуы





19

Білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз ететін, меншікті не шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында тиесілі немесе 10 жылдан кем емес жалға алу мерзімімен материалдық активтердің болуын растайтын құжаттардың болуы





20

Оқу жұмыс жоспарына сәйкес интернет желісіне қосылған компьютерлік сыныптармен, оқу-зертханалық жабдықтармен, оқу пәндері кабинеттерімен жабдықталуы





21

Оқытудың бейінін таңдау кезінде білім алушының қызығушылығы, бейімі мен қабілеті ескеріле отырып, білім алушының тұратын аумағын ескерместен баланың заңды өкілінің келісімімен білім алушының жеке өтініші және негізгі орта білім деңгейі туралы мемлекеттік үлгідегі құжатының болуы негізінде бейінді мектептің 10 немесе 11 сыныптарына қабылдануын растайтын құжаттың білім алушылардың жеке істерінде болуы





22

Мамандандырылған білім беру ұйымдарына және лицей мен гимназияларға бірінші сыныпқа түсуі үшін конкурстық негізде қабылдау жүргізгендігін растайтын, емтиханның, тестілеудің, сынақтың материалдарының, хаттамалардың болуы





23

Білім беру ұйымының басшысы мен білім алушының заңды өкілдерінің арасында жасалған білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарттың болуы





24

Білім беру қызметін іске асыруға берілген лицензияның және жалпы білім берудің (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) оқу бағдарламалары бойынша лицензияға қосымшаның болуы)





25

Оқу жоспарының пәндері бойынша оқу жұмыс бағдарламаларының болуы





26

Білім беру ұйымы басшысының немесе өзге де лауазымды тұлғаның білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша міндеттерін орындауы (өтініштер болған жағдайда тексеріледі)





27

Педагог қызметкерлердің бес жылда бір рет аттестаттаудан өткендігін/берілуін растайтын куәліктердің, бұйрықтардың, куәліктерді беру және тіркеу туралы журналдарының болуы





28

Білім беру ұйымымен бекітілген алқалық органдардың (педагогикалық, қамқоршылық, әдістемелік кеңестердің) қызметін растайтын жұмыс жоспарлары мен отырыстары хаттамаларының болуы





29

Сабақ беретін пәнінің тиісті бейіні сәйкес келетін жоғары, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі педагогикалық білімі бар педагогикалық кадрлармен қамтамасыз етілгендігін растайтын педагогикалық қызметкерлердің тарифтеу тізімдерінің және диплом мен қосымша көшірмелерінің болуы





30

Мыналардың:
1) медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ;
2) психиатриялық және (немесе) наркологиялық диспансерде есепте тұрмағаны туралы;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде көзделген шектеулері жоқ тұлғалардың білім беру ұйымдарына жұмысқа жіберілгендігін растайтын құжаттарының болуы





31

Мүмкіндіктері шектеулі инклюзивтік және арнайы сыныптардағы барлық оқушылар үшін түзету сабақтарын жүргізетін арнайы мамандармен жүргізілетінін растайтын педагогикалық қызметкерлердің бекітілген тарифтеу тізімдерінің және "Дефектология", "Логопедия" мамандықтары бойынша жоғары педагогикалық білімдері туралы дипломның көшірмесінің болуы





32

Оқу жоспары негізінде әзірленген және білім беру ұйымы бекіткен сабақ кестесінің болуы





33

Білім беру процесін реттейтін жылдық күнтізбелік оқу графигінің болуы (мемлекеттік емес мектепте –оның жарғысымен анықталған)





34

Білім беру ұйымы бекіткен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің оқу жүктемесін, оқу режимін айқындайтын ережелердің болуы





35

Қорытынды аттестаттаудан өткен азаматтарға мемлекеттiк үлгідегі білім туралы құжаттардың берілуінің объективтілігін растайтын педагогикалық кеңестердің хаттамаларының, негізгі орта білім туралы куәлікті және жалпы орта білім туралы аттестатты беру және есепке алу кітабындағы жазбалардың болуы





36

Барлық пәндер бойынша жылдық бағалары "5" болған 5-8, 10 сынып оқушыларының келесі сыныпқа көшірулері туралы педагогикалық кеңес хаттамасының болуы





37

1-11 сынып білім алушыларының сынып журналдарында ағымдық бағалардың немесе балл арқылы ағымдық бағалаудың, тоқсандық және жылдық бағалардың бар болуы (1-сыныптың 1-тоқсанын қоспағанда)





38

Педагогикалық кеңестің шешімімен аралық бақылауға жіберілген 5-8, 10 сынып оқушыларының барлық пәндер бойынша оң баға немесе бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағаларының болуы





39

5-8, 10-сынып білім алушыларына өткізілген аралық аттестаттауды растайтын материалдарының болуы





40

Педагогикалық кеңес шешімімен қорытынды аттестаттауға жіберілген 11-сынып оқушыларының барлық оқу пәндерінен қанағаттанарлықсыз жылдық бағаларының болмауы





41

9-сыныпта білім алушылар негізгі орта білім беру, 11-сыныпта білім алушылар жалпы орта білім беру деңгейінде оқу курсының қорытынды бағалары мен қорытынды аттестаттаудың хаттамаларының болуы





42

Бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 және 11-сынып білім алушыларына қайта аралық аттестаттаудың оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы





43

9 және 11-сынып білім алушылары бір немесе екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда білім беру басқару органдары белгілеген мерзімде қайта қорытынды аттестаттау жүргізілгендігін растайтын материалдарының болуы





44

Оқудан тыс іс-шаралар ұйымдастыруды және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде элективті курстарды ұйымдастыруды растайтын материалдардың болуы (жаңартылған оқу бағдарламалары бойынша оқылатын сыныптар үшін)





45

Білім беру қызметін ұйымдастыру аумағында тұратын бастауыш, негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарында білім алушылардың жеке ісінде екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы сыныптарына оқуға қабылдануын растайтын құжаттардың болуы





46

Білім алушылардың жеке ісінде 1-сыныпқа жеті жастағы және ағымдағы алты жасқа толған балаларға білім беру ұйымының аумағында тұратын барлық балалардың оқу деңгейіне қарамастан, баланың заңды өкілдерінің өтініштері негізінде, білім беру ұйымының қызмет көрсетуі барлық балаларға қолжетімділігін растайтын құжаттардың болуы





47

Білім беру ұйымы басшысының білім беру ұйымына оқуға түсу туралы және білім беру ұйымынан білім алушыларды шығару туралы бұйрықтардың болуы





      Лауазымды адам (адамдар) _________________ ________________

      лауазымы                   қолы

      ________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Бақылау және қадағалау

      субъектісінің басшысы ___________________ ________________

      лауазымы                   қолы

      _________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады