Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 309) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарт бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 512 бұйрығымен бекітілген |
Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарт
___________________________ 20___ жылғы "____" ___________.
(шарттың жасалған орны)
Бұдан әрі "Субъект" деп аталатын
_________________________________________________________________________ атынан
(Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, берілген күні мен оны берген орган)
________________________________________________________________________________
(құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
бір тараптан және бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын
_________________________________________________________________________ атынан
(бірыңғай сатып алушының атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама,берілген күні мен берген орган)
________________________________________________________________________________
(құжаттың атауы)
негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ә.)
екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын төмендегілер туралы осы Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестациялардың нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуаттарының қосындысы, МВт-пен;
2) генерацияның жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосы – Жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігінде жасайтын құжат, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерацияның жұмыс электр қуаттарының, генерацияның ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізіледі;
3) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
4) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын айқындауға бағытталған, жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
5) есеп айырысу кезеңі – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге есеп айырысу жүргізілетін айдың бірінші күні сағат 00-00-ден бастап сағат 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) күнтізбелік бір айға тең уақыт кезеңі ретінде шартта айқындалған кезең;
6) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
7) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8) коммерциялық есепке алу кешені – коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесінің арасында орналасқан, коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
9) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10) техникалық минимум – өндіруші қондырғылардың рұқсат етілген ең аз электр қуаттарының қосындысы: конденсациялық, жылыту, газтурбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорт деректеріне сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттарына сәйкес, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалану мен қорғауды, суды тұтынуды реттеу жөніндегі бассейндік инспекторлардың қамтамасыз ету, көрсетілген су шығыны бойынша электр станциялары, МВт-пен;
11) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең аз электр қуаттарының сомасы (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде), МВт-пен;
12) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
13) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсететін қызмет;
14) электр қуатын аттестатталған азаю жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минутта;
15) электр қуатын аттестатталған ұлғаю жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутта;
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.10.2020 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.2-тарау. Шарттың нысаны
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге (бұдан әрі – әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсету), ал Бірыңғай сатып алушы қызметті сатып алуға (тұтынуға) және ақы төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсетудің техникалық талаптары мен сипаттамалары:
_________________________________________________________________________.
(осы тармақта Шарт мәнінің техникалық талаптары және сипаттамалары көзделеді)
4. Осы Шарт бойынша Бірыңғай сатып алушы Субъектінің әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуі үшін ақы төлеуге мiндеттенетiн бағасы (жеке тариф) (бұдан әрi – шарттық баға) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-5-бабының 12-тармағына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары) 11-тармағы 4) тармақшасына сәйкес айқындалады.
Шарттық баға осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндетті әзірлікті ұстап тұру бойынша қызметтің көлемі (бұдан әрi - шарттық көлем) Қуат нарығының қағидаларына және Заңның 15-5-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалады.
Шарттық көлем осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
6. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлікті ұстап тұру бойынша қызметті көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттенетін мерзім (бұдан әрi – шарттық мерзім) Қуат нарығының қағидаларына және Заңның 15-5-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалады.
Шарттық мерзім осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
7. Меншікті тұтынудың электр қуатының максималды мәні, бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізілетін электр қуаты және Субъект экспорты электр қуатының максималды көлемі осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
Бұл ретте, егер Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың бірінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуатының мәндері көрсетілген жағдайда, осы Шартқа 2-қосымшада осы электр қуаттарының мәндері көрсетілмейді.
3-тарау.Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектінің әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы шұғыл хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартқа өзгерістерді (түзетулерді) бұзуды немесе енгізуді жүзеге асыруға міндетті.
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартқа өзгерістерді (түзетулерді) бұзуды немесе енгізуді жүзеге асыруға;
2) осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкесәзірлікті ұстап тұру бойынша қызметін алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде электр қуаты нарығындағы Субъектінің қызметі туралы ақпарат беруге;
4) Субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасаумен және орындаумен байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.
10. Субъект:
1) оның құрамына кіретін электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде ұдайы әзірлікте ұстап тұруға;
2) алып тасталды - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында ұлғайтуды және азайтуды реттеуге қатысуға жүйелік операторға күн сайын өтінімдер беруге;
3-1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жоғарылатуға және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындау;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес жалпы бастапқы жиілікті реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстап тұруға;
5) күн сайын, ағымдағы тәулікте сағат 8:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша), жүйелік операторға алдағы жоспарлау тәуліктеріне энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат беру, бұл ретте алдағы тәулік ішінде осы электр станцияларының генерациялайтын жабдығын жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығару туралы жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ жүйелік операторға Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларынан тиісті тәулік ішінде келіп түскен осы электр станцияларының су режимінің өзгеруі туралы өкімнің көшірмесін берген жағдайда, осы ақпаратты қосымша түзетуге жол беріледі;
6) жүйелік операторға Субъектінің электр станциялары желісіне генерациялаудың және босатудың электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің меншікті тұтыну электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға Субъектінің электр станциялары желісіне генерациялау мен босатудың электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өзі тұтынатын электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты күн сайын беруге;
8) жүйелік операторға Субъектінің электр станциялары желісіне генерациялаудың және босатудың электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өткен есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) меншікті тұтынудың электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты ай сайын тіркеуге және беруге;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосу арқылы электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) жүйелік оператордың қызметкерлерін көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектері мен коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында коммерциялық есепке алу аспаптарына жіберуге;
11) өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы Бірыңғай сатып алушыны дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғыларын күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық графиктерін бұзбауға;
13) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға, оның ішінде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарттары жоқ өнеркәсіптік кешендерге электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өткізуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Субъект объектілерінде орналасқан тарату құрылғыларының, аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәуліктеріне берілген, энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерациялау режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыру;
17) ай сайын, есеп айырысу айының алдындағы айдың соңғы күніне дейін, жүйелік операторға алдағы есеп айырысу кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне генерацияның ықтимал электр қуатының мәндері туралы ақпаратты ұсыну және осы ақпаратты жүйелік оператормен келісу (Бірыңғай сатып алушымен осы Қуат нарығы қағидаларының 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін (құрамына қалаларды күзгі-қысқы кезеңнен өту кезеңінде орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары ғана кіретін) электр энергиясын әзірлікте ұстау қызметін сатып алу туралы шарт жасасу.
Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.10.2020 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.11. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
4-тарау. Әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу
12. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъектінің әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ай сайын, осы қызмет көрсетілген ай аяқталғаннан кейiн қырық бес жұмыс күнінен кешiктiрмей ақы төлейдi.
Бұл ретте, осы Шарт бойынша әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсету көлемі (бұдан әрі – әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі) есептік кезеңде (күнтізбелік ай) Субъект нақты көрсеткен Бірыңғай сатып алушы тарапынан ақы төлеуге жатады.
Әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушы төлеуге жататын әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Субъектіге тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынады.
13. Осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актiсiнiң негiзiнде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушының Субъектіге берген тиісті ақпаратының негізінде қалыптастырады.
14. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес шот-фактураның даулы емес бөлігін төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін субъектіні әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген кезде Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Бірыңғай сатып алушының әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемін аудару арқылы жүзеге асырылады.
16. Алдыңғы есеп айырысу кезеңдері үшін берешек болған кезде, бірінші кезекте төлем осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер Бірыңғай сатып алушы есеп айырысу кезеңінде Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кету айырмасы келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
17. Субъект электр энергиясын есепке алу үшін тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
18. Коммерциялық есепке алу аспаптары жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты жұмыстардың кез келген түрін жүргізген кезде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізу кезеңінде есепке алуды жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
19. Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
20. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Шот-фактура бойынша төлем мерзімі басталған сәтке дейін төлемегені үшін, Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалары бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Кешіктірілген сомалар бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыдан төлемнің әрбір кешіктірілген күні үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемесін нақты орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары
22. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
23. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш жағдаяттарының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеу құқығына ие болмайды. Бұл ретте, Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш жағдаяттары басталғанға дейін туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерінен босатылмайды.
24. Егер Тараптардың біреуі еңсерілмейтін күш жағдаяттары туындаған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тарап Шартты бұзуға құқылы.
8-тарау. Дауларды қарастыру
25. Осы Шарт мәнінен туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптар келіссөздері арқылы шешіледі.
26. Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасын Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
Ескерту. 26-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Энергетика министрінің 25.11.2024 № 414 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-тарау. Басқа ережелер
27. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы жүргізілетін өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.
28. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
29. Осы Шартта көрсетілген ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз үшінші тараптарға ашуға және/немесе беруге жатпайды.
30. Осы Шартқа енгізілген барлық өзгерістер, толықтырулар және қосымшалар жазбаша нысанда жасалса және оған екі Тарап та қол қойған жағдайда күшіне ие болады және қолданылады.
31. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Өнім берушінің әзірлікті қолдау бойынша қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
32. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр Тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
34. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары
Бірыңғай сатып алушының атауы |
Субъектінің атауы |
Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартқа 1-қосымша |
Субъектінің жыл бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің шарттық бағасы (жеке тариф) көлемі және оны сатып алу мерзімі *
№ р/с | Кезең, жыл** | ҚҚС-ны есепке ала отырып электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы (жеке тариф), мың теңге/(МВт*айына) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, МВт | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің мерзімі, жылдар*** |
1 | 2 | 3 | 4 | 6 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәні ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** - Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет мерзімінің әр кезеңі мына форматта көрсетіледі: 20___ ж.
*** - Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әр кезеңі үшін бірдей форматта көрсетіледі: 20___ - 20___ жж.
Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартқа 2-қосымша |
Меншікті тұтыну электр қуатының максималды мәні, бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізудің максималды электр қуаты және Субъектінің жылдар бойынша экспортының максималды электр қуаты*
№ р/с | Кезең, жыл** | Меншікті тұтыну электр қуатының максималды мәні, МВт | оның ішінде: | Бөлшек нарығының субъектілеріне жеткізудің максималды электр қуаты, МВт | Экспорттың максималды электр қуаты, МВт | Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын және Субъектімен Тізілімге енгізілген тұлғалардың бір тобына кіретін тұтынушыларға берілетін электр қуатының есептік жылдағы максималды мәні, МВт |
Электр станцияларының өзіндік мұқтаждықтары электр қуатының максималды мәні, МВт*** | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** - кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі тиіс және мына форматта көрсетіледі: 20___ ж.
*** - Субъектінің электр станцияларының барлық жеке мұқтаждықтарына жұмсалатын электр қуатының ең жоғарғы мәнінен, сондай-ақ Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік мұқтаждықтарына жұмсалатын электр қуатының тиісті ең жоғарғы мәнінен тұратын Субъектінің электр станцияларының жеке мұқтаждықтарына жұмсалатын электр қуатының ең жоғарғы мәні.