Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 512 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 20 желтоқсанда № 17976 болып тіркелді.

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 5-бабының 7-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарт бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2018 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 512 бұйрығымен бекітілген

Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шарт

      ___________________________                  20___ жылғы "____" ___________.

      (шарттың жасалған орны)

      Бұдан әрі "Субъект" деп аталатын

      _________________________________________________________________________ атынан

      (Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген энергия өндіруші ұйымның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, берілген күні мен оны берген орган)

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы)

      негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      бір тараптан және бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын

      _________________________________________________________________________ атынан

      (бірыңғай сатып алушының атауы, мемлекеттік тіркеу туралы анықтама,берілген күні мен берген орган)

      ________________________________________________________________________________

      (құжаттың атауы)

      негізінде әрекет ететін ____________________________________________________________

      (лауазымы, Т.А.Ә.)

      екінші тараптан бұдан әрі бірлесіп "Тараптар", ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын төмендегілер туралы осы Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартты (бұдан әрi - Шарт) жасасты.

1-тарау. Негізгі ережелер

      1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

      1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестациялардың нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуаттарының қосындысы, МВт-пен;

      2) генерацияның жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосы – Жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігінде жасайтын құжат, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерацияның жұмыс электр қуаттарының, генерацияның ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізіледі;

      3) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;

      4) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын айқындауға бағытталған, жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;

      5) есеп айырысу кезеңі – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге есеп айырысу жүргізілетін айдың бірінші күні сағат 00-00-ден бастап сағат 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) күнтізбелік бір айға тең уақыт кезеңі ретінде шартта айқындалған кезең;

      6) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмысты қамтамасыз етуді, энергия жүйесіндегі теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтер сатып алуды, сондай-ақ электр энергиясын ұлттық электр желісі бойынша беруді, оған техникалық қызмет көрсетуді және пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын ұлттық компания;

      7) жүктеменің өңірлік бейіні – қуат нарығы тұтынушыларының электр энергиясын тұтынуының (сальдо-ток ағымының) сағаттық мәндерін есептеудің жүйелік оператормен келісілген (айқындаған) алгоритмі;

      8) коммерциялық есепке алу кешені – коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесінің арасында орналасқан, коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;

      9) тесттік команда – энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының электр қуатын өзгертуге энергия өндіруші ұйымның жүйелік операторы берген өкім;

      10) техникалық минимум – генерациялайтын қондырғылардың: конденсациялық, жылуландыру, газ турбиналық және бу-газ электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін – су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган берген су шығыстарын қамтамасыз ету шарттары бойынша, рұқсат етілетін ең төменгі электр қуаттарының жиынтығы, МВт-пен;

      11) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең аз электр қуаттарының сомасы (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде), МВт-пен;

      12) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      13) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсететін қызмет;

      14) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы – электр станциясының генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудың үшінші кезеңінен өтуі уақытында энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/мин;

      15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – электр станциясының генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудың бірінші кезеңінен өтуі уақытында энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/мин.

      Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.10.2020 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Шарттың нысаны

      2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге (бұдан әрі – әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсету), ал Бірыңғай сатып алушы қызметті сатып алуға (тұтынуға) және ақы төлеуге міндеттенеді.

      3. Әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсетудің техникалық талаптары мен сипаттамалары:

      _________________________________________________________________________.

      (осы тармақта Шарт мәнінің техникалық талаптары және сипаттамалары көзделеді)

      4. Осы Шарт бойынша Бірыңғай сатып алушы Субъектінің әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуі үшін ақы төлеуге мiндеттенетiн бағасы (жеке тариф) (бұдан әрi – шарттық баға) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-5-бабының 12-тармағына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары) 11-тармағы 4) тармақшасына сәйкес айқындалады.

      Шарттық баға осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.

      5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндетті әзірлікті ұстап тұру бойынша қызметтің көлемі (бұдан әрi - шарттық көлем) Қуат нарығының қағидаларына және Заңның 15-5-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалады.

      Шарттық көлем осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.

      6. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлікті ұстап тұру бойынша қызметті көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттенетін мерзім (бұдан әрi – шарттық мерзім) Қуат нарығының қағидаларына және Заңның 15-5-бабының 12-тармағына сәйкес айқындалады.

      Шарттық мерзім осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.

      7. Меншікті тұтынудың электр қуатының максималды мәні, бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізілетін электр қуаты және Субъект экспорты электр қуатының максималды көлемі осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.

      Бұл ретте, егер Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың бірінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуатының мәндері көрсетілген жағдайда, осы Шартқа 2-қосымшада осы электр қуаттарының мәндері көрсетілмейді.

3-тарау.Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      8. Бірыңғай сатып алушы:

      1) осы Шартқа сәйкес Субъектінің әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге уақтылы ақы төлеуге;

      2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы шұғыл хабардар етуге;

      3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартқа өзгерістерді (түзетулерді) бұзуды немесе енгізуді жүзеге асыруға міндетті.

      9. Бірыңғай сатып алушы:

      1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартқа өзгерістерді (түзетулерді) бұзуды немесе енгізуді жүзеге асыруға;

      2) осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкесәзірлікті ұстап тұру бойынша қызметін алуға;

      3) мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша өз құзыреті шегінде электр қуаты нарығындағы Субъектінің қызметі туралы ақпарат беруге;

      4) Субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;

      5) осы Шартты жасаумен және орындаумен байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сотқа жүгінуге құқылы.

      10. Субъект:

      1) оның құрамына кіретін электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде ұдайы әзірлікте ұстап тұруға;

      2) генерацияның жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосы – Жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есепті кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігінде жасайтын құжат, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерацияның жұмыс электр қуаттарының, генерацияның ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізіледі;

      3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында ұлғайтуды және азайтуды реттеуге қатысуға жүйелік операторға күн сайын өтінімдер беруге;

      4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес жалпы бастапқы жиілікті реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстап тұруға;

      5) күн сайын, ағымдағы тәуліктегі сағат 11:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға алдағы жоспарлау тәуліктеріне энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациядағы жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат беруге, бұл ретте жүйелік оператордан ағымдағы тәуліктегі сағат 16:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) тесттік команданы берудің жоспарланған күні туралы хабарлама түспеген кезде, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуден шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім берген жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ су шығыстарының су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәуліктер ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесін жүйелік операторға ұсынған жағдайда, осы ақпаратты қосымша түзетуге жол беріледі;

      6) жүйелік операторға Субъектінің электр станциялары желісіне генерациялаудың және босатудың электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің меншікті тұтыну электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;

      7) жүйелік операторға Субъектінің электр станциялары желісіне генерациялау мен босатудың электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өзі тұтынатын электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты күн сайын беруге;

      8) жүйелік операторға Субъектінің электр станциялары желісіне генерациялаудың және босатудың электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өткен есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) меншікті тұтынудың электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты ай сайын тіркеуге және беруге;

      9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосу арқылы электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;

      10) жүйелік оператордың қызметкерлерін көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектері мен коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында коммерциялық есепке алу аспаптарына жіберуге;

      11) өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы Бірыңғай сатып алушыны дереу хабардар етуге;

      12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика, аварияға қарсы автоматика құрылғыларын күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық графиктерін бұзбауға;

      13) электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдарға және тұтынушыларға, оның ішінде бірыңғай сатып алушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлікті қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарттары жоқ өнеркәсіптік кешендерге электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;

      14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өткізуге;

      15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес Субъект объектілерінде орналасқан тарату құрылғыларының, аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;

      16) тиісті жоспарлау тәуліктеріне жүйелік операторға ұсынылған энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде тұтынушылардың өтінімдеріне сәйкес генерациялау режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;

      17) ай сайын, 28-күніне дейін жүйелік операторға алдағы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне генерацияның ықтимал электр қуатының мәндері туралы ақпаратты беруге және осы ақпаратты (Қуат нарығы қағидаларының 11-тармағының 4) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы бірыңғай сатып алушымен шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін (құрамына күзгі-қысқы кезеңнен өту кезеңінде қалаларды орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары ғана кіретін) энергия өндіруші ұйымдар үшін) жүйелік оператормен келісуге міндетті.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Энергетика министрінің 27.10.2020 № 368 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Субъект:

      1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеуді талап етуге;

      2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.

4-тарау. Әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

      12. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъектінің әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ай сайын, осы қызмет көрсетілген ай аяқталғаннан кейiн қырық бес жұмыс күнінен кешiктiрмей ақы төлейдi.

      Бұл ретте, осы Шарт бойынша әзірлікті ұстап тұру бойынша қызмет көрсету көлемі (бұдан әрі – әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі) есептік кезеңде (күнтізбелік ай) Субъект нақты көрсеткен Бірыңғай сатып алушы тарапынан ақы төлеуге жатады.

      Әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.

      Бірыңғай сатып алушы төлеуге жататын әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Субъектіге тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      13. Осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актiсiнiң негiзiнде жүргізеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушының Субъектіге берген тиісті ақпаратының негізінде қалыптастырады.

      14. Егер Бірыңғай сатып алушы ұсынылған шот-фактураның дұрыстығын дауласа, ол Субъектіні оны алған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтарын баяндай отырып, жазбаша өтініш береді. Бұл ретте, Бірыңғай сатып алушы осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес шот-фактураның даусыз бөлігін төлеуге міндетті.

      15. Бірыңғай сатып алушының әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемін аудару арқылы жүзеге асырылады.

      16. Алдыңғы есеп айырысу кезеңдері үшін берешек болған кезде, бірінші кезекте төлем осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер Бірыңғай сатып алушы есеп айырысу кезеңінде Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кету айырмасы келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.

5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру

      17. Субъект электр энергиясын есепке алу үшін тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.

      18. Коммерциялық есепке алу аспаптары жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты жұмыстардың кез келген түрін жүргізген кезде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізу кезеңінде есепке алуды жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырады.

6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      19. Тараптар осы шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      20. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      21. Шот-фактура бойынша төлем мерзімі басталған сәтке дейін төлемегені үшін, Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалары бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Кешіктірілген сомалар бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыдан төлемнің әрбір кешіктірілген күні үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемесін нақты орындаған күнге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.

7-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      22. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.

      23. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, егер бұл еңсерілмейтін күш жағдаяттарының салдары болып табылса, жауапкершіліктен босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды өтеу құқығына ие болмайды. Бұл ретте, Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш жағдаяттары басталғанға дейін туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерінен босатылмайды.

      24. Егер Тараптардың біреуі еңсерілмейтін күш жағдаяттары туындаған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тарап Шартты бұзуға құқылы.

8-тарау. Дауларды қарастыру

      25. Осы Шарт мәнінен туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптар келіссөздері арқылы шешіледі.

      26. Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмейтін болса, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешілуге тиіс.

9-тарау. Басқа ережелер

      27. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы жүргізілетін өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

      28. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және онымен реттелмеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.

      29. Осы Шартта көрсетілген ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз үшінші тараптарға ашуға және/немесе беруге жатпайды.

      30. Осы Шартқа енгізілген барлық өзгерістер, толықтырулар және қосымшалар жазбаша нысанда жасалса және оған екі Тарап та қол қойған жағдайда күшіне ие болады және қолданылады.

      31. Осы Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген Өнім берушінің әзірлікті қолдау бойынша қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.

      32. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр Тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.

10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

      34. Тараптардың заңды мекенжайлары, банктік деректемелері және қолдары

Бірыңғай сатып алушының атауы
Мекенжайы:
Телефон:
Банктік деректері:
_________________Т.А.Ә.
(қолы)

Субъектінің атауы
Мекенжайы:
Телефон:
Банктік деректері:
_________________Т.А.Ә.
(қолы)

  Тұлғалар тобының тізіліміне
енгізілген көтерме сауда
нарығының субъектілерімен
электр қуатының әзірлігін ұстап
тұру бойынша көрсетілетін
қызметтерді сатып алу туралы
үлгілік шартқа
1-қосымша

Субъектінің жыл бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің шарттық бағасы (жеке тариф) көлемі және оны сатып алу мерзімі *

№ р/с

Кезең, жыл**

ҚҚС-ны есепке ала отырып электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы (жеке тариф), мың теңге/(МВт*айына)

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі, МВт

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің мерзімі, жылдар***

1

2

3

4

6

1





2





3





      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәні ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет мерзімінің әр кезеңі мына форматта көрсетіледі: 20___ ж.

      *** - Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әр кезеңі үшін бірдей форматта көрсетіледі: 20___ - 20___ жж.

  Тұлғалар тобының тізіліміне
енгізілген көтерме сауда
нарығының субъектілерімен
электр қуатының әзірлігін ұстап
тұру бойынша көрсетілетін
қызметтерді сатып алу туралы
үлгілік шартқа
2-қосымша

Меншікті тұтыну электр қуатының максималды мәні, бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізудің максималды электр қуаты және Субъектінің жылдар бойынша экспортының максималды электр қуаты*

№ р/с

Кезең, жыл**

Меншікті тұтыну электр қуатының максималды мәні, МВт

оның ішінде:

Бөлшек нарығының субъектілеріне жеткізудің максималды электр қуаты, МВт

Экспорттың максималды электр қуаты, МВт

Көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын және Субъектімен Тізілімге енгізілген тұлғалардың бір тобына кіретін тұтынушыларға берілетін электр қуатының есептік жылдағы максималды мәні, МВт

Электр станцияларының өзіндік мұқтаждықтары электр қуатының максималды мәні, МВт***

1

2

3

4

5

6


1







2







3







      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;

      ** - кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі тиіс және мына форматта көрсетіледі: 20___ ж.

      *** - Субъектінің электр станцияларының барлық жеке мұқтаждықтарына жұмсалатын электр қуатының ең жоғарғы мәнінен, сондай-ақ Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік мұқтаждықтарына жұмсалатын электр қуатының тиісті ең жоғарғы мәнінен тұратын Субъектінің электр станцияларының жеке мұқтаждықтарына жұмсалатын электр қуатының ең жоғарғы мәні.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады