БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің өзгерістер мен қосымшалар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі 2024 жылғы 25 қарашадағы № 414 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің электр қуаты нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10536 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 302) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына арналған үлгілік шартта:
6-тармақша алып тасталсын;
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Тапсырыс беруші:
1) құрылыс барысына және орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына, оларды орындау мерзімінің сақталуына мониторингті жүзеге асыруға;
2) мониторинг жүргізу үшін Инвестордың және оның мердігер ұйымдарының уақытша құрылыстарына, қоймаларына, құрылыстың жұмыс аумағына еркін кіруге құқылы.".
2. "Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 304) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 304) тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу тәртібін айқындайды.";
3, 4 және 5-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"3. Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-6-бабының 1-тармағына сәйкес, Заңның 15-1-бабының 8-тармағында көрсетілген жағдайда электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) Заңның 15-5-бабының 11-тармағында көзделген уәкілетті органмен жасалған шартқа сәйкес Тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілері құратын электр қуатының шамасын шегере отырып, болжанатын тапшылықты жабу үшін қатты отынмен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын электр қуатының көлеміне жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер (бұдан әрі – тендер) өткізеді.
4. Тендерлік негізде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларға арналған орналастыру орны (алаң), отын түрі мен типі уәкілетті органның тапсырысы бойынша жүргізілген техникалық-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі – ТЭН) немесе алдын ала техникалық-экономикалық негіздеменің (бұдан әрі – алдын ала ТЭН) нәтижелері бойынша айқындалады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тиісті жергілікті атқарушы органы құрылыс жоспарланып отырған, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін ТЭН-де немесе алдын ала ТЭН-де айқындалған жер учаскесін резервтеуді тендер жеңімпазына жер учаскесіне құқық табыстау сәтіне дейін Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-2-бабына сәйкес жүзеге асырады.
5. Тендер уәкілетті орган бекіткен қатты отынмен электр энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттама (бұдан әрі – тендерлік құжаттама) негізінде өткізіледі.";
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Тендерлік құжаттаманы уәкілетті орган ТЭН немесе алдын ала ТЭН негізінде әзірлейді.";
16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Тендерлік құжаттама мыналарды қамтиды:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипаты және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары;
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың жобасы.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың сипаты және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары мынадай сипаттамаларды қамтиды:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың типі;
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар үшін негізгі және резервтік отын түрі;
3) оларды пайдалануға берудің талап етілетін күнін (айы, жылы) көрсете отырып, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған алаңның электр желісіне қосылу нүктесі және орналасқан жері (координаттары) көрсетіледі;
4) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған алаңда (және оның жанында) бұрыннан бар және құрылысы жоспарланып отырған инфрақұрылымның сипаттамасы;
5) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс объектісіне дейін сыртқы инженерлік инфрақұрылымның құрылысын қамтамасыз ету шарттары;
6) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың желісіне жіберудің талап етілетін электр қуаты;
7) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды желіге босату үшін талап етілетін жылу қуаты;
8) электр энергиясын босатуға шартты отынның талап етілетін үлестік шығысы (номиналды режимде);
9) жылу энергиясын босатуға шартты отынның талап етілетін үлестік шығысы (номиналды режимде);
10) азоттың талап етілетін үлестік шығарындылары;
11) күкірттің талап етілетін үлестік шығарындылары;
12) қатты бөлшектердің талап етілетін үлестік шығарындылары;
13) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі;
14) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құнының жалпы көлемі;
15) тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржылық және материалдық ресурстардың болуын растайтын осы Қағидалардың 28-тармағында көзделген құжаттардың тізбесі;
16) жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке барынша жол берілетін жеке тариф;
17) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ең жоғары рұқсат етілген жеке тарифті есептеуге арналған бастапқы деректер;
18) ТЭН-ге немесе алдын ала ТЭН-ге сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу мерзімі (ұзақтығы).";
17-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"17. Уәкілетті орган тендерлік құжаттамамен бірге тендерлік комиссияға оның негізінде тендерлік құжаттама әзірленген ТЭН-ді немесе алдын ала ТЭН-ді қоса ұсынады.";
19-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"19. Уәкілетті орган тендерлік құжаттамада бекітілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ өтініш берушілер тендерге қатысу үшін құжаттар мен материалдарды ұсынудың соңғы күніне дейін кемінде күнтізбелік 15 (он бес) күн бұрын, бұқаралық ақпарат құралдарында тендер өткізу туралы хабарландыру (бұдан әрі – хабарландыру) жариялайды.";
27 және 28-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"27. Тендерге қатысуға өтінім мынадай құжаттарды қамтиды:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген өтініш;
2) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
3) тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржылық және материалдық ресурстардың болуын растайтын құжаттар (бұдан әрі – растайтын құжаттар);
Өтінім беруші тендерге қатысуға өтінімді беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады және соңғы бетіне оның қолы қойылады.
Егер тендерге қатысуға өтінімді өтінім берушінің бірінші басшысы ұсынбаса, өтінім беруші өтінім берушінің өкіліне сенімхат ұсынады.
28. Өтінім берушінің шоттарында ақшаның, өтінім берушінің жылжымайтын, жылжымалы мүлкіне меншік құқығының болуын және құнын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері және тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын қаржылық және материалдық ресурстардың болуын растайтын өтінім берушінің өзге де ауыртпалықсыз нақты активтерінің болуын растайтын құжаттар болып табылады.";
39-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"39. Хаттаманың, тендерге қатысуға өтінімнің түпнұсқасы, тендерлік құжаттама, ТЭН немесе алдын ала ТЭН және тендерлік комиссия отырысының бейне-аудио жазбалары жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін уәкілетті органда бес жылдан кем емес уақыт сақталады.";
41, 42 және 43-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"41. Заңның 15-6-бабының 8-тармағына сәйкес тендердің қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде уәкілетті орган тендер жеңімпазымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10536 болып тіркелген) бекітілген Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының үлгілік шарты негізінде тендерлік құжаттамаға сәйкес айқындалатын генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға беру мерзімі, тендер жеңімпазы қабылдаған міндеттемелерді орындамағаны және (немесе) тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі, сондай-ақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі белгіленетін жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасасады.
42. Заңның 15-6-бабының 9-тармағына сәйкес жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған шарт жасасқан күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде бірыңғай сатып алушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт негізінде осы Қағидалардың 41-тармағымен айқындалатын көлемде және мерзімге жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифі бойынша тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.
Генерациялайтын қондырғыларды кезекпен және (немесе) кезең-кезеңмен және (немесе) іске қосу кешендерімен іске қосу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу энергия өндіруші ұйымның енгізілетін генерациялайтын қондырғыларының электр қуатының көлемін ескере отырып, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша жүзеге асырылады.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға шарт жасалған энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін нақты сатып алынған күннен бастап, оның электр қуаты жүйелік оператордың генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын жыл сайынғы міндетті аттестаттауына жатады.
Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізу нәтижесінде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемінен аз болса электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта белгіленген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына кезекті аттестаттау жүргізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін төмендетіледі.
43. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылғаннан кейін тендер жеңімпазы бірыңғай сатып алушыға мынадай құжаттар мен ақпаратты:
1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде;
2) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы заң) айқындалған тәртіппен бекітілген, жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін – ТЭН немесе алдын ала ТЭН-де айқындалған мерзімдерде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілгеннен кейін бір ай ішінде;
3) жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғылардың салыну барысы туралы ақпаратты – бірыңғай сатып алушының сұратуы бойынша;
4) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді – осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген мерзімде ұсынады.";
50-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"50. Осы Қағидалардың 45-тармағында көрсетілген тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив (тиісті қаржылық қамтамасыз ету) бойынша төлемге қойылатын талапты бірыңғай сатып алушы мынадай жағдайларда қояды:
1) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі берілмеген кезде, бұл ретте осы көшірме электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 30 (отыз) проценті мөлшерінде ұсынылады;
2) Құрылыс қызметі туралы Заңда айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ұсынбаған кезде, бұл ретте осы көшірме жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар пайдалануға берілгеннен кейін бір ай ішінде ТЭН-де немесе алдын ала ТЭН-де айқындалған мерзімдерде – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қаматамасыз ету сомасынан 100 (жүз) процент, ал осы тармақтың 1) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарынын орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігін ұстап қалған жағдайда – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 (жетпіс) проценті мөлшерінде ұсынылады.";
53-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"53. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өтпеді деп танылған кезде уәкілетті орган он бес жұмыс күні ішінде қайта тендер өткізеді.
Қайта өткізілетін тендер бастапқы тендер өткізу шеңберінде бекітілген тендерлік құжаттама негізінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес өткізіледі.
Тендерді қайта өткізу кезінде қатысуға өтінімдерді қарауды бастапқы тендер шеңберінде құрылған комиссия құрамы жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 54 және 55-тармақтармен толықтырылсын:
"54. Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған қайта өткізетін тендер өткізілмеген деп танылған кезде және тек бір қатысушыдан тендерлік өтінім берілген жағдайда уәкілетті орган жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылысына шарт жасасу үшін осы қатысушыны тендер жеңімпазы деп айқындау туралы ұсынысты Үкіметке жібереді.
55. Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф мынадай формула бойынша жыл сайын индекстелуге тиіс:
, мұндағы:
Tt+1 – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған индекстелген жеке тарифі;
Tt – күрделі шығындарды және инвестицияланған капиталға рентабельділік нормаларын қайтаруды қамтитын t кезеңінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифі;
У.Е.t+1 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын индекстеу жүргізілген жылғы 1 қазандағы шетел валютасына теңгенің ағымдағы бағамы;
У.Е.t – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша айқындалатын, индекстеу жүргізілетін күннің алдындағы он екі ай кезеңі үшін есептелген шетел валютасына теңгенің орташа бағамы.
Жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифті уәкілетті орган жылына бір рет 1 қазанға индекстейді және тиісті жылдың 15 қазанынан кешіктірмей бірыңғай сатып алушыға жібереді.";
3-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 305) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 305) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 28) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"28) тұлғалар тобының тізілімі – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабы 1-1-тармағының екінші және үшінші бөліктеріне сәйкес бақылауда болған жағдайда, уәкілетті орган қалыптастыратын және уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылатын, тұлғалардың бір тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар мен тұтынушылар тізбесі;";
10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"10. Жүйелік оператор жыл сайын бесінші қарашаға дейін орталықтандырылған сауда нарығының операторын және бірыңғай сатып алушыны алдағы күнтізбелік жылдың желтоқсан айында күтілетін ҚР БЭЖ Солтүстік және Оңтүстік аймағын байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілеті туралы, сондай-ақ алдағы күнтізбелік жылдың желтоқсан айында күтілетін ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарын ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысымен байланыстыратын электр беру желілерінің өткізу қабілеті туралы жазбаша түрде хабардар етеді.";
мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Жүйелік оператор ай сайын есептік кезеңде (күнтізбелік айда) көтерме сауда нарығында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімін бекіткеннен кейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей бірыңғай сатып алушымен осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жасалған шартта көрсетілген энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметтің шарттық көлемінен нақты көрсетілген көлемінің асып кету мәні туралы ақпаратты (бұдан әрі – Асып кетудің мәні) айқындайды және бірыңғай сатып алушыға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жібереді.
Асып кетудің мәнін айқындау орталықтандырылған сауда-саттықта мәлімделген барлық көлемді өткізбеген энергия өндіруші ұйымдар үшін ғана жүзеге асырылады.
Асып кетудің мәні мына формула бойынша анықталады:
, мұндағы:
– есепті айдың барлық бақылау кезеңдеріндегі энергия өндіруші ұйымның желіге жіберудің нақты орташа мәні, МВт, ондықтарға дейін дөңгелектенеді;
– бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес жүйелік операторға ұсынатын ақпаратқа сәйкес энергия өндіруші ұйымның желіге жіберудің жиынтық электр қуаты, МВт, ондықтарға дейін дөңгелектенеді;
– бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес жүйелік операторға ұсынатын ақпаратқа сәйкес электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт, ондықтарға дейін дөңгелектенеді;
Р(БК.Имп.а.) – есептік айдың барлық бақылау кезеңдерінде энергия өндіруші ұйым орналасқан базалық теңгерімдеу аймағында ҚР БЭЖ-ден РФ БЭЖ-ге электр қуатының жоспардан тыс ағынының нақты орташа мәні, МВт, ондықтарға дейін дөңгелектенеді.
Энергия өндіруші ұйымның Қос-ы теріс мәні кезінде бұл мән нөлге теңестіріледі.";
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
"2-1) қуаты 35 МВт-тан асатын, су шаруашылығы құрылыстары ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесіне енгізілген, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін, судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар салуды 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін жүзеге асыруды жоспарлап отырған заңды тұлғалармен жүзеге асырады. Судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, осы ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұруы бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімі мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған техникалық-экономикалық негіздемелер негізінде, кемінде жеті жыл өтеу мерзіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен қабылданады.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатуға арналған шарттың қолданылуы нақты өтеу мерзімі ерте болған кезде мерзімінен бұрын тоқтатылады.
Осы энергия өндіруші ұйым бүкіл өндірілетін электр энергиясын уәкілетті орган мөлшерлемелерді ескере отырып белгілейтін шекті тариф бойынша электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға ғана береді.
Шекті тарифте осы тармақшаға сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатуға бірыңғай сатып алушымен жасалған шарттың қолданылу кезеңіндегі амортизация мен пайда есепке алынбайды;";
7) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"7) жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша, осы сауда-саттықтың нәтижелері бойынша қалыптасқан бағалар бойынша және көлемдерде жыл сайын жиырма бесінші желтоқсанға дейін алдағы күнтізбелік жылға жүзеге асырады. Осы тармақшаға сәйкес аталған энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық шарттардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі осы Қағидалардың 48-тармағына сәйкес (бұдан әрі – Сауда-саттық көлемі) айқындалатын алдағы күнтізбелік жылға арналған электр қуатына болжамды сұраныстың көлемінің және осы тармақтың 1), 2), 2-1), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларына сәйкес айқындалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерінің айырмасына тең болады.
Энергия өндіруші ұйымдардың сауда-саттығына жіберілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемі Сауда-саттық көлемінен аз болған жағдайларда, бірыңғай сатып алушы жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жиынтық көлемінен аз жиынтық көлемінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды жасасады";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Бірыңғай сатып алушыда жүйелік оператор тиісті есептік жылға арналған электр қуатына болжамды сұранысқа енгізген электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көлемінен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті іске асырудың шарттық көлемдерін ұлғайту есебінен туындаған (бұдан әрі – қамтамасыз ету бойынша көлемді ұлғайту) қосымша табыс пайда болған кезде, бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алуды жүзеге асырады.
Бірыңғай сатып алушы электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алуды осы Қағидалардың 10-1-тармағына сәйкес айқындалатын энергия өндіруші ұйымдардан осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жасалған шартта көрсетілген бағадан аспайтын баға бойынша жүзеге асырады.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алу көлемі тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік айда) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі мен жүйелік оператор тиісті есептік жылға арналған электр қуатына болжамды сұранысқа енгізген электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі арасындағы оң айырманың шамасынан аспайды.
Жүйелік оператор осы Қағидалардың 10-1-тармағына сәйкес бірден артық энергия өндіруші ұйымның Асып кетудің мәнін айқындаған кезде, бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 43-тармағында көрсетілген формула бойынша айқындалатын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көрсетілген көлемінің асып кету үлесіне барабар қосымша көлемді сатып алуды жүзеге асырады.
Бірыңғай сатып алушыдан тәуелсіз, тиісті есептік кезеңде (күнтізбелік ай) бұрын соған сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті қосымша сатып алу жүзеге асырылған электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемдерінің азаюына байланысты жағдайлар туындаған кезде, онда энергия өндіруші ұйымының есептік кезең (күнтізбелік ай) ішінде нақты көрсеткен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметі көлемі тиісті түзетілуге жатады.";
12-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"12. Осы Қағидалардың 11-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемі мен мерзімдерін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығымен бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген) сәйкес белгілейді.
Осы Қағидалардың 11-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, осы ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдері отынның баламалы түрі ретінде газ пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғырту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту жөніндегі инвестициялық бағдарламаларды қарау, отынның баламалы түрі ретінде газды пайдаланылатын генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге инвестициялық келісімдер жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасу және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтер, Ереженің 15-тармағының 321-1) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекітетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемдері мен мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.
Осы Қағидалардың 11-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы әрбір шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 688 бұйрығымен бекітілген Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12510 болып тіркелген) сәйкес айқындалады.";
28-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) энергия өндіруші ұйымның, оның ішінде электр станциясының әрбір генерациялайтын қондырғысы бойынша бөлек, кезекті немесе кезектен тыс аттестаттаудан өткен күнін қоспағанда, жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жоғарылатуға және төмендеуге теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді күн сайын беру.
0-ге тең көлем кезінде төмендетуге немесе арттыруға теңгерімдеуге қатысуға өтінімдер беру талап етілмейді;";
34-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"34. Жүйелік оператор есептік кезеңнің қорытындылары бойынша k4 коэффициенті 0,5-тен кем болған жағдайда немесе энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттауды Аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес жүргізеді.";
35-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) төмендеу көлемі осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қызмет көлемінен асып кеткен кезде осы Қағидалардың 11-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шартта көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі азаяды;";
42 және 43-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"42. Жоғарылатуға арналған өтінім іске қосылу сәтіне өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінің және осы өтінімді орындау процесінде энергия өндіруші ұйым жасаған теріс теңгерімсіздіктің оң айырмасы өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінен 10 %-дан асқан кезде не Теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларында белгіленген тәртіппен теңгерімдеуші нарық жүйесінде алынған хабарламада өтінімді орындау мүмкіндігі расталмаған кезде жүйелік оператор іске қосқан энергия өндіруші ұйымның жоғарылатуға арналған өтінімі орындалмаған деп есептеледі.
Төмендетуге арналған өтінім іске қосылу сәтіне өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінің және осы өтінімді орындау процесінде энергия өндіруші ұйым жасаған оң теңгерімсіздіктің оң айырмасы өтінімде көрсетілген теңгерімдеу көлемінен 10 %-дан асқан кезде не Теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларында белгіленген тәртіппен теңгерімдеуші нарық жүйесінде алынған хабарламада өтінімді орындау мүмкіндігі расталмаған кезде жүйелік оператор іске қосқан энергия өндіруші ұйымның төмендетуге арналған өтінімі орындалмаған деп есептеледі.
43. Есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік ай) энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі (бұдан әрі – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі) мына формулалар бойынша ондыққа дейінгі дәлдікпен есептеледі:
тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кірмейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
ҚН – энергия өндіруші ұйымның электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;
k1, k2, k3, k4, k8, k9 – бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға шарт (шарттар) немесе электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт (шарттар) жасасқан әрбір энергия өндіруші ұйым үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттер;
min (k3; k4) – есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша k3 және k4 коэффициенттерінің ішіндегі ең азы;
k10 – осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға бірыңғай сатып алушымен шарт жасасқан бірақ орталықтандырылған сауда-саттықта мәлімделген барлық көлемді өткізбеген энергия өндіруші ұйымдар үшін осы Қағидаларға берілген 2-қосымшаға сәйкес есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) қорытындылары бойынша бірыңғай сатып алушы айқындайтын өлшемсіз коэффициент;
Қос – осы Қағидалардың 10-1-тармағына сәйкес айқындалатын энергия өндіруші ұйымның асып кетуінің мәні, МВт, жүздіктерге дейін дөңгелектенеді;
РҚос – тиісті есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін қамтамасыз ету бойынша көлемді ұлғайту мәні, МВт, жүздіктерге дейін дөңгелектенеді;
W – i-ші энергия өндіруші ұйымның асып кету мәнінің үлесі, мынадай формула бойынша жүздіктерге дейінгі дәлдікпен есептеледі:
, мұндағы:
k – 1-ден z-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;
z – электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті толық сатуды жүзеге асырмаған энергия өндіруші ұйымдардың саны;
тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
ҚН – энергия өндіруші ұйымның электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
КШг – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
1 – шарттық көлемді білдіретін коэффициент;
k2, k3, k4, k6, k8, k9 – бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға шарт (шарттар) немесе электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт (шарттар) жасасқан әрбір энергия өндіруші ұйым үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффиценттер;
min (k3; k4) – есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша k3 және k4 коэффициенттерінің ішіндегі ең азы.
k1, k2, k3, k4, k6, k8, k9 коэффициенттерінің мәнін жүйелік оператор:
1) растайтын есептеулерімен бірге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті акті түрінде тиісті есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушыға;
2) осы энергия өндіруші ұйымның тиісті сұрау салуының негізінде растаушы есептеулерімен бірге k1, k2, k3, k4, k6, k8, k9, коэффициенттерінің оған сәйкес келетін мәндері туралы ақпарат түрінде электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға шартты (шарттарды) және электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге шартты (шарттарды) бірыңғай сатып алушымен жасасқан энергия өндіруші ұйымға береді.
k10 коэффициентінің мәнін бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға шарт жасасқан және орталықтандырылған сауда-саттықта мәлімделген барлық көлемді өткізбеген энергия өндіруші ұйымның тиісті сұрау салуы негізінде жүйелік оператор осы тармақтың жиырма төртінші бөлігіне сәйкес ақпарат бергеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушы растайтын есептері бар ақпарат түрінде ұсынады.
Қажет болған жағдайда энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттар жөніндегі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес, сондай-ақ жүйелік оператор қандай да бір энергия өндіруші ұйымның өлшемсіз коэффициенттерінің мәндерін өзгерткен кезде түзетіледі.";
45-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) осы Қағидалардың 11-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес жасалған шарттық көлемнен;";
46 және 47-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"46. Бірыңғай сатып алушы төлеуге жататын энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы қолданыстағы шарттарды қолдау бойынша қызметтердің нақты көлемдері туралы ақпаратты тиісті есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде энергия өндіруші ұйымның бірыңғай сатып алушысы береді.
47. Электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері болып табылатын, қуат нарығын тұтынушылар тізбесіне енгізілген және (немесе) жүйелік оператор әзірлеген алдағы жылға арналған электр қуатына болжамды сұранысқа енгізілген энергиямен жабдықтаушы, энергия беруші ұйымдар мен тұтынушылар Заңның 12-бабының 6-тармағына сәйкес шарт жасасады.";
52-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын;
53-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға арналған электр қуатының болжамды сұранысында ескерілген қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің ең жоғары мәнін қуат нарығы тұтынушыларының тізбесіндегі басқа тұтынушыға беру туралы келісім жасалған кезде көтерме сауда нарығы субъектісінің алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға арналған электр қуатының болжамды сұранысына енгізілген қуат нарығын тұтынушылар тізбесінен алып тастауды қамтиды.";
55-1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"55-1. Осы Қағидалардың 53-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемін өзгерту бірыңғай сатып алушыға қуат нарығының тиісті (екі) тұтынушыларының осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемін (ағымдағы күнтізбелік жылға белгіленген) өзгертуге өтінімді (бұдан әрі – өзгертуге арналған өтінім) бірлесіп беруі арқылы жүзеге асырылады.
Өзгертуге арналған өтінім қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінің деректерін өзгерту жоспарланып отырған есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) соңғы күнінен кешіктірмей қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтің тиісті шарттық көлемі белгіленген күнтізбелік жыл ішінде беріледі.
Осы Қағидалардың 53-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің ең жоғары мәнін өзгерту бірыңғай сатып алушыға осы Қағидаларға 6-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қуат нарығының тиісті (екі) тұтынушыларының қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің ең жоғары мәнін (алдағы және кейінгі күнтізбелік жылдарға болжамды сұраныста ескерілген) өзгертуге өтінімді (бұдан әрі – көлемінің ең жоғары мәнін өзгертуге өтінім) бірлесіп беруі арқылы жүзеге асырылады.
Көлемінің ең жоғары мәнін өзгертуге өтінім ағымдағы күнтізбелік жылдың жиырма бесінші желтоқсанынан кешіктірілмей беріледі.
Егер өзгертуге арналған өтінім осы тармақтың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес берілсе бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 54-тармағын ескере отырып, электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған тиісті шарттарға қуат нарығын тұтынушысы тиісті өтінім берілген есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірмей өзгерістер енгізеді, бұл өзгерістер көрсетілген өзгертуге арналған өтінім берілген есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) бірінші күнінен бастап күшіне енеді.
Егер көлемнің ең жоғары мәнін өзгертуге арналған өтінім осы тармақтың үшінші және төртінші бөліктеріне сәйкес берілсе бірыңғай сатып алушы осы Қағидалардың 54-тармағын ескере отырып, қуат нарығының тұтынушысы тиісті өтінім берген есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей алдағы жылға қуат нарығының қабылдаушы тұтынушымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметті көрсетуге арналған шартқа өзгеріс енгізеді, бұл өзгерістер көрсетілген өзгеріске өтінім берілген есептік кезеңнен (күнтізбелік айдан) кейінгі есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) бірінші күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте беруші тұтынушымен электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған шарт алдағы жылға жасалмайды.";
3) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"3) мына талаптардың барлығы орындалған жағдайда: қуат нарығы тұтынушысының электр энергиясы көтерме сауда нарығына қатысуы тоқтатылғанда, аталған тұтынушының бірыңғай сатып алушы алдында берешегі болмағанда, аталған тұтынушы бірыңғай сатып алушыға шартты бұзуға өтінім бергенде, аталған тұтынушының жүйелік оператордың интернет-ресурсында орналастырылған қуат нарығы тұтынушыларының тізбесінен тиісінше шығарылғанында;";
мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) үкіметаралық келісімде айқындалатын уәкілетті ұйымды қоспағанда, энергиямен жабдықтаушы ұйымның электр энергиясының көтерме сауда нарығына қатысуы тоқтатылғанда және жүйелік операторының интернет-ресурсында орналастырылған қуат нарығын тұтынушылар тізбесінен шығарылғанда.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген энергиямен жабдықтаушы ұйым осы тармақшада көрсетілген электр энергиясы көтерме сауда нарығында өзінің қатысуын тоқтатқан тұтынушының қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемінен кем емес көлемде қамтамасыз ету бойынша "шарттық" көлемді арттырады.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген шартты бұзуға өтінімді қуат нарығы тұтынушысы бірыңғай сатып алушыға осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген энергиямен жабдықтаушы ұйым ұлғайтуға тиісті өтінімді берген есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) жиырмасынан кешіктірмей береді.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген бұзуға арналған өтінімді қуат нарығының тұтынушысы осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес бірыңғай сатып алушыға тұтынушы электр энергиясының көтерме сауда нарығына өзінің қатысуын тоқтататын есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) жиырмасынан кешіктірмей береді.
Осы тармақтың 3) тармақшасында көрсетілген тұтынушының бірыңғай сатып алушы алдында берешегі болмауы ретінде алдыңғы есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік айлар) үшін қызметтің нақты көлемдерін төлеу бойынша берешектің болмауы және қамтамасыз ету бойынша қызметтің шарттық көлемін тұтынушы шартты бұзуға өтінім берген ағымдағы есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) және ағымдағы (есептік) жылдың кейінгі есеп айырысу кезеңдері (күнтізбелік айлар) үшін төлем қабылданады.
Бірыңғай сатып алушы электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге шартты осы тармақтың 2) тармақшасында 3) тармақшасында) көрсетілген барлық талаптар орындалған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде бұзады.
Осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген жағдай туындаған кезде әзірлігін қамтамасыз ету ойынша көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған шарт тұтынушыны қуат нарығы тұтынушыларының тізбесінен алып тастаған айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап өзінің қолданылуын тоқтатады. Шарттың қолданылуы тоқтатылғанға дейін туындаған өзара есеп айырысу бөлігінде шарттық міндеттемелер толық көлемде орындалуға тиіс.";
76-тармақ жаңа редакцияда жазылсын;
"76. Сауда-саттық нәтижелері бойынша нарық операторы сауда-саттыққа өтінімдері ҚР БЭЖ Солтүстік аймағына, ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағына, ҚР БЭЖ Батыс аймағының жиынтығында Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысының Сауда-саттық көлеміне енгізілген ЭӨҰ тізімін анықтайды және осы тізімнің негізінде сауда-саттық жабылғаннан кейін бір сағат ішінде нарық операторының интернет-ресурсында сатуға арналған тиісті өтінімдердің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің бағалары мен көлемін көрсете отырып жарияланатын сауда-саттық нәтижелері бойынша жасалатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың тізілімін қалыптастырады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шарттар сатуға тиісті өтінімдерде көрсетілген баға бойынша жасалады.
Сауда-саттық нәтижелері бойынша нарық операторы сатуға өтінімдері ҚР БЭЖ Солтүстік аймағына, ҚР БЭЖ Оңтүстік аймағына, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Батыс Қазақстан және Атырау облыстарына бірге, ҚР БЭЖ Батыс аймағының Маңғыстау облысына тиесілі сауда-саттық көлеміне кірмеген ЭБҰ тізілімін айқындайды және жүйелік операторға жібереді.";
2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-1-қосымша осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
6-1-қосымша осы тізбеге 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы тізбеге 5-қосымшаға сәйкес 10-қосымшамен толықтырылсын.
4. "Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 683 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12522 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып жаңа редакцияда жазылсын:
"Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметті сатып алу туралы үлгілік шарттарды бекіту туралы";
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысының Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 305) тармақшасына сәйкес 15-тармағының 303) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Құрамына жылу электр орталықтары кіретін қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт бекітілсін.";
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарты осы тізбеге 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы тізбеге 7, 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалармен толықтырылсын.
5. "Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 684 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12560 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 307) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге арналған үлгілік шартта:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"___________________________ 20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
_______________________________________________________________,
(ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Тұтынушы" деп аталатын, бір жағынан,
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Жеткізуші" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын, мыналар туралы электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті көрсетуге осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты.";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
"1) бақылау кезеңі – жергілікті уақыттың 17:00-ден бастап 23:00-ге дейінгі уақыт аралығы (мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін);
2) бірыңғай сатып алушы – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға
3) есеп айырысу кезеңi – электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметіне есеп айырысу жүргiзiлетiн айдың бiрiншi күнi сағат 00:00-ден бастап соңғы күнi сағат 24:00-ге дейiн күнтiзбелiк бiр айға тең уақыт кезеңi ретiнде Шартта белгiленген кезең (орташа еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақытына бір сағат қосылады);
4) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
5) өңірлік жүктеме профилі – жүйелік оператор айқындаған қуат нарығы тұтынушыларының электр энергиясын тұтынудың (сальдо-ағынның) сағаттық мәндерін есептеу алгоритмі;
6) коммерциялық есепке алу кешені – коммерциялық есепке алу үшін қажетті, коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпаратты жинақтау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан жабдық;
7) уәкiлеттi орган – электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асырушы мемлекеттік орган;
8) электр қуатына болжамды сұраныс – электр энергиясының көтерме нарығы субъектілерінің жылына электр қуатын тұтынудың мейлінше жоғары болжамды мөлшерін және Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр қуатының қажетті резервтерін анықтайтын жүйелік оператор әзірлеген құжат;
9) электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет – Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі генерациялық қондырғылардың электр қуатының жүктемені көтеруге белгіленген тәртіпте аттестатталған дайындығын қамтамасыз ету бойынша бірыңғай сатып алушы көрсететін қызмет;
Осы Шартта пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"2. Осы Шарт есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) 1-күнінен күнтізбелік жылдың соңына дейін жасалады.";
4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары:
____________________________________________________________________
(осы тармақта осы Шарт мәнінің техникалық шарттары және сипаттамалары көзделеді, олар нормативтік техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес болулары тиіс, қажет болған жағдайда осы Шартқа қосымшалар ресімделеді).";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"Осы Шарт бойынша тұтынушы тұтынуға міндетті қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің көлемі (бұдан әрі – шарттық көлем) тиісті күнтізбелік жыл үшін Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары).
Тиісті күнтізбелік жыл ішінде шарттық көлемді өзгерту қуат нарығының қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
20 __ жылға арналған шарттық көлем шарт бойынша қызмет көрсету мерзімі ішінде ай сайын _____ МВт*айды құрайды.";
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"8. Тұтынушы:
1) Өнім берушінің қамтамасыз ету қызметтерін осы Шартқа сәйкес уақтылы төлеуге;
2) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес жүйелік операторға тұтынуға болжамдық өтінімдерді жіберуге;
3) электр энергиясын комерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) болған жағдайда өткен тәулік ішінде тұтынған электр энергиясының нақты сағаттық көлемі туралы ақпаратты, сондай-ақ Тұтынушының құрамына кіретін және жеке заңды тұлға болып табылмайтын электр станциясы өткен тәулік ішінде желіге босатқан электр энергиясының нақты сағаттық көлемі туралы ақпаратты жүйелік операторға күн сайын беруге;
4) ЭКЕАЖ болған жағдайда есептік кезең ішінде электр қуатын тұтынудың нақты ең жоғары шамасын ай сайын тіркеуге;
5) есептік кезең ішінде электр энергиясын тұтынудың нақты көлемі туралы, оның ішінде электр энергиясының бөлшек сауда нарығында электр энергиясын тұтынудың нақты көлемі туралы, Тұтынушының құрамына кіретін электр станцияларының есептік кезең үшін электр энергиясын өндірудің, оларды желіге босатудың және өзінің электр энергиясын тұтынудың нақты сағаттық мағыналары туралы ақпаратты ай сайын тіркеуге және жүйелік операторға беруге;
6) жүйелік оператордың ЭКЕАЖ қоса отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын және жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге;
7) жүйелік оператордың қызметкерлерін көрсеткіштерді жазып алу, телеөлшеу тізбектері мен коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру үшін коммерциялық есепке алу аспаптарына өтуіне рұқсат етуге;
8) өз атауы, заңды мекенжайы, нақты орналасқан жері және осы Шарт талаптарын орындауға қажетті басқа да деректемелері өзгерген жағдайда Жеткізушіні тез арада хабарландыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес таратылуы туралы тиісті шешім қабылдағанға дейін 30 күн бұрын Жеткізушіні хабардар етуге;
9) күн сайын сағат 08.00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) электр энергиясын теңгерімдеуші нарық жүйесіне электр энергиясын сатып алуға өтінім енгізуге және оған электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоюға;
10) Қуат нарығының қағидаларында көзделген өзге де функцияларды (іс-қимылдарды) жүзеге асыруға міндетті.";
16 және 17-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"16. Өнім беруші шот-фактураны тұтынушыға тиісті есептік кезең аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
17. Есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) электр қуатының нақты ең жоғары мәнін айқындау кезінде пайдаланылатын электр қуатының мәндері жүйелік оператордың ЭКЕАЖ орталық дерекқорына келісілген хаттамалар бойынша ЭКЕАЖ дерекқорынан сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін ЭКЕАЖ деректері бойынша айқындалады. Жүйелік операторда ЭКЕАЖ деректері болмаған кезде есепті кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) электр қуатының нақты ең жоғары мәнін айқындау кезінде пайдаланылатын электр қуатының мәндері қуат нарығын тұтынушының электр қуатының өңірлік жүктеме бейіні бойынша айқындалады.";
31-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"31. Осы Шарт есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) 1-күнінен бастап күшіне енеді және Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді толық орындағанға дейін қолданылады.".
6. "Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 685 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12474 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 329) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 329) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай сатып алушының электр қуатының жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметке бағаны есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"2) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;".
7. "Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 326) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 326) тармақшасына сәйкес әзірленді және генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 6) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"6) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;";
6, 6-1, 7-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Энергия өндіруші ұйымның өтінімінде көрсетілген аттестаттауды өткізудің жоспарланған күніне дейін күнтізбелік 2 күннен кешіктірмей жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымға ресми бланкідегі хатпен энергия өндіруші ұйымның электр станциясын генерациялаудың жоспарлы электр қуатының бейінін не өтінімде көрсетілген деректер негізінде айқындалған аттестаттаудан өткен күнге электр станциясының әрбір генерациялайтын қондырғысы бойынша жеке айқындайды және жібереді энергия өндіруші ұйым, электр станциясын генерациялаудың электр қуатын ұлғайту мен азайтудың ең төменгі жылдамдығына, сондай-ақ энергия өндіруші ұйымның осы электр станциясы соңғы өткен операциялық тәулікте орналасқан Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің базалық аймағының электр қуатын тұтыну бейініне қойылатын талаптарды айқындайды.
Бұл хатта жүйелік оператор сондай-ақ максимумды тіркеу кезеңін және минимумды тіркеу кезеңін, сондай-ақ генерацияның электр қуатының ұлғаю және төмендеу жылдамдығын тіркеудің басталу уақытын көрсетеді.
6-1. Энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың не электр станциясының әрбір генерациялайтын қондырғысы бойынша жеке электр қуатын аттестаттаудан өтетін күні жүйелік оператор белгілеген генерациялаудың электр қуатының бейінін аттестаттаудан өтетін электр станциясының сақтауын қамтамасыз етеді.
Егер генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өтетін энергия өндіруші ұйым электр энергиясын бірыңғай сатып алушыға сатуды жүзеге асырған жағдайда, бірыңғай сатып алушы электр энергиясын орталықтандырылған электр энергиясы сауда-саттығынан тыс жүйелік оператор белгілеген генерацияның электр станциясының бір немесе бірнеше генераторлық қондырғылары бойынша электр қуаты бейінін сақтау үшін қажетті көлемде осы энергия өндіруші ұйымнан электр энергиясын сатып алады.
Жиілік пен қуатты автоматты реттеуді жүзеге асыратын энергия өндіруші ұйымның электр станциясы аттестаттау уақытына жүйелік оператордың оралымды басқаруына ауыстырылады.
7. Электрмен жабдықтау сенімділігін қамтамасыз ету жағдайлары салдарынан энергия өндіруші ұйымның электр станциясының барлық генерациялайтын қондырғыларының электр қуатына бір мезгілде аттестаттау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, немесе жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту туралы инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін, сондай-ақ осы электр станциясының құрамында генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу шеңберінде, сондай-ақ отынның баламалы түрі ретінде газды пайдалана отырып, генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін, сондай-ақ электр станциясына байланысты емес себептер бойынша жүйелік оператордың кейіннен аттестаттаудың нәтижелерін шығара отырып, электр станциясының әрбір генерациялайтын қондырғысы бойынша жеке аттестаттау жүргізуі мүмкін: электр станциясының аттестатталған жиынтық электр қуатын, оның ішінде генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатын, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға енгізілетін, сондай-ақ генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу арқылы жаңғыртуға, реконструкциялауға және (немесе) кеңейтуге арналған инвестициялық келісім шеңберінде пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды жаңарту, реконструкциялау және (немесе) кеңейту баламалы отын түрі ретінде газды пайдалана отырып, электр қуатын ұлғайту және азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын қосу арқылы аттестаттаудың орташа нәтижелерін шығарады.";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Егер энергия өндіруші ұйым генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттаудан өтетін күні аттестаттаудан өтетін электр станциясының не электр станциясының әрбір генерациялайтын қондырғысы бойынша жеке жүйелік оператор белгілеген генерациялаудың электр қуаты бейінінің сақтауын қамтамасыз етпесе немесе электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің деректері бойынша айқындалған энергия өндіруші ұйымның электр станциясының аттестатталған электр қуаты ол жүйелік операторға берген өтінімде мәлімдеген мәннен аз болса, немесе энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын ұлғайтудың (төмендетудің) аттестатталған жылдамдығы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген электр қуатын ұлғайтудың (төмендетудің) орташа жылдамдығының оның түріне сәйкес келетін ең төменгі мәнінен кем болып шықса, аттестаттаудан өтпеген болып есептеледі.
Егер электр станциясының құрамында технологиялық тұрғыдан тек жылу тұтынумен жұмыс істеуге арналған қолданыстағы генерациялайтын қондырғылар болмаса, онда электр станциясының аттестатталған электр қуаты нөлге, ал электр станциясының құрамында олар болған жағдайда – осы Қағидалардың 2-тармағына сәйкес осы генерациялайтын қондырғылар (олардың жылу жүктемесінің белгіленген деңгейі кезінде) желісіне жіберудің ең төменгі электр қуатының алдағы жылы жоспарлы ең жоғары мәніне теңестіріледі.";
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"13. Жүйелік оператор мынадай жағдайларда генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттайды:
1) егер есеп айырысу кезеңінің қорытындысы бойынша k4 коэффициенті 0,5-тен кем болса;
2) энергия өндіруші ұйымның бастамасы (бұдан әрі – бастама) бойынша.
Бастама энергия өндіруші ұйым өзінің ресми бланкінде өзінің құрамына кіретін, соны пайдалана отырып электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетуге жоспарланып отырған әрбір электр станциясы бойынша өтінім беру арқылы осы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының белгіленген электр қуатына өзгерістер енгізілген жағдайда іске асырылады.
Жүйелік оператор энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын кезектен тыс аттестаттауды энергия өндіруші ұйымның бастамасы бойынша кезектен тыс аттестаттауды жүргізуге өтінім алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізеді. Бұл ретте кезектен тыс аттестаттауды өткізу күні мен уақытын Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі және қатарлас жұмыс істейтін энергия жүйелеріндегі режимдік жағдайды ескере отырып, жүйелік оператор түзетуі мүмкін.
Кезектен тыс аттестаттаулар осы Қағидалардың 6, 6-1, 6-2, 6-3, 7, 8 және 9-тармақтарға сәйкес жүргізіледі.".
8. "Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 688 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12510 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 328) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 328) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау тәртібін анықтайды.";
7-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"3) жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге қатыстырылған ЭӨҰ станциясының жұмыс істеп тұрған барлық генерациялайтын қондырғыларының тиісті жылдағы жылу жүктемесінің берілген ең жоғары деңгейі есептеледі:
Q – жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының жұмыс істеп тұрған барлық генерациялайтын қондырғыларының тиісті жылдағы жылу жүктемесінің берілген ең жоғары деңгейі, Гкал/сағ;
Qайн – айналма суы бар ЭӨҰ станциясының тиісті жылдағы жылу берудің қажетті қуатының берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
Qтолық – толықтыруы бар ЭӨҰ станциясының тиісті жылдағы жылу берудің қажетті қуатының берілген ен жоғары мәні,Гкал/сағ;
Qтұщ – ЭӨҰ станциясының бастапқы (теңіз) суын тұщыландыру үшін ЭӨҰ станциясының жылуын босату қуатының қажеттілігінің тиісті жылдағы ең жоғары белгіленген мәні, Гкал/сағ;
Qөқ – тиісті жыл үшін ЭӨҰ станциясының өз қажеттіліктеріне қажетті жылу шығыны қуатының берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
Qбу – тұтынушыларға бу жібере отырып, ЭӨҰ станциясының қажетті жылу шығыны қуатының тиісті жыл үшін берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
QШСЫҚ – өткен бес күзгі-қысқы кезеңнің (соңғы) ең суық бес күндік үшін ЭӨҰ станциясының көрсетілген бес күндік ішінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ең жоғары су жылыту қазандықтарының орташа жылу қуаты, Гкал/сағ;
Qрсқ – тиісті жылдағы ЭӨҰ станциясының жылу беру қуатының ЭПО мен аймақтың қажеттіліктері үшін бастапқы (теңіз) суды тұщыландыру қажеттілігінің берілген максималды мәні, Гкал/сағ;";
1-қосымша осы тізбеге 12-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
9. "Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 330) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 330) тармақшасына сәйкес сәйкес әзірленген және жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу тәртібін айқындайды.
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының (бұдан әрі – Заң) 15-4-бабының 1-тармағына сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына, сондай-ақ қосалқы жабдығына қатысты жасалады.
Қосалқы жабдыққа арналған шығындар негізгі генерациялайтын жабдықтың шығындарымен ғана жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім шеңберінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке арналған жеке тарифке енгізіледі және негізгі өндіруші жабдық құнының отыз пайызынан аспайды.";
2) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"2) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы – жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту бағдарламасы, оның іс-шаралары жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) бір электр станциясының негізгі генерациялайтын қондырғысын сондай-ақ қосалқы жабдығына қамтиды;";
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
"12) қосалқы жабдық – осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес өздеріне қатысты инвестициялық келісім жасалатын, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияларының тізбесі мен қосалқы жабдықтарына қойылатын талаптарға сәйкес келетін жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы шеңберінде белгіленетін немесе іске асырылатын жабдық және (немесе) іс-шара.";
1-қосымша осы Тізбеге 13-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы Тізбеге 14-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы Тізбеге 15-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы Тізбеге 16-қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
10. "Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құруға үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17977 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 308) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
11. Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 512 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17976 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 309) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы үлгілік шартта:
6) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"6) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;";
7) тармақша алып тасталсын;
9) тармақша алып тасталсын;
10) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"10) техникалық минимум – өндіруші қондырғылардың рұқсат етілген ең аз электр қуаттарының қосындысы: конденсациялық, жылыту, газтурбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорт деректеріне сәйкес олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттарына сәйкес, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалану мен қорғауды, суды тұтынуды реттеу жөніндегі бассейндік инспекторлардың қамтамасыз ету, көрсетілген су шығыны бойынша электр станциялары, МВт-пен;";
14) және 15) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"14) электр қуатын аттестатталған азаю жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минутта;
15) электр қуатын аттестатталған ұлғаю жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минутта;";
2) тармақшасы алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында жоғарылатуға және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындау;";
5) тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"5) күн сайын, ағымдағы тәулікте сағат 8:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша), жүйелік операторға алдағы жоспарлау тәуліктеріне энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат беру, бұл ретте алдағы тәулік ішінде осы электр станцияларының генерациялайтын жабдығын жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығару туралы жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ жүйелік операторға Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекцияларынан тиісті тәулік ішінде келіп түскен осы электр станцияларының су режимінің өзгеруі туралы өкімнің көшірмесін берген жағдайда, осы ақпаратты қосымша түзетуге жол беріледі;";
16) және 17)-тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәуліктеріне берілген, энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерациялау режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыру;
17) ай сайын, есеп айырысу айының алдындағы айдың соңғы күніне дейін, жүйелік операторға алдағы есеп айырысу кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне генерацияның ықтимал электр қуатының мәндері туралы ақпаратты ұсыну және осы ақпаратты жүйелік оператормен келісу (Бірыңғай сатып алушымен осы Қуат нарығы қағидаларының 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін (құрамына қалаларды күзгі-қысқы кезеңнен өту кезеңінде орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары ғана кіретін) электр энергиясын әзірлікте ұстау қызметін сатып алу туралы шарт жасасу.";
14-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"14. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес шот-фактураның даулы емес бөлігін төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін субъектіні әзірлікті ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметтердің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген кезде Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.";
26-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"26. Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасын Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.".
12. "Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 515 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18004 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 312) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 312) тармақшасына сәйкес әзірленді және Тұлғалар тобының тізілімне енгізілген тұтынушылардың болжамды тапшылықты жабу үшін электр қуатын құруға қатысу тәртібін айқындайды.";
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) нарық кеңесі – электр энергиясы мен қуаты нарығының жұмыс істеуін мониторингтеу жөніндегі қызметті, сондай-ақ "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген басқа да функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;";
мынадай мазмұндағы жаңа 24-тармақпен толықтырылсын:
"24. Электр энергиясын өндіру үшін судың гидродинамикалық энергиясын және (немесе) газды пайдаланатын, генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде реттеу диапазоны Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларына сәйкес айқындалады.
Электр энергиясын өндіру үшін көмірді және (немесе) қайталама энергетикалық ресурстарды пайдаланатын, генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде реттеу диапазоны осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес айқындалады.";
осы тізбеге 17-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
13. "Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 279) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 279) тармақшасына сәйкес әзірленді және маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.";
5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"5) бірыңғай сатып алушы – "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;";
7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф – аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалған тариф;";
10) және 11) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
"10) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын, Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға;
11) жүйелік оператор – орталықтандырылған оралымды-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатарлас жұмыс істеуді қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді ұстап тұруды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы көрсетілетін қызметтерді сатып алуды, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсету мен оны пайдалану әзірлігінде ұстап тұруды жүзеге асыратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;";
1-тармақта 22)-тармақша жаңа редакцияда жазылсын:
"22) электрондық жүйе – интернет арқылы аукциондық сауда-саттық өткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, техникалық, сауда, бағдарламалық компоненттер кешені.
Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де терминдер мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.";
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Реттеуші қуат көлемі тапшылығының, генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға енгізу қажеттігінің, оларды енгізу мерзімдерінің және оларды аукцион түрлері арасында алдын ала бөлудің, сондай-ақ ЖАО-ның жер учаскелері туралы алдын ала ақпаратының негізінде уәкілетті орган тиісті жылғы аукциондық сауда-саттықтың Бірінші түрі шеңберінде іске асыру жоспарланған генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың көлемдерін осы жер учаскелері арасында бөлуді және Ереженің 15-тармағының 360) тармақшасына сәйкес кейіннен оларды генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды орналастыру жоспарына (бұдан әрі – орналастыру жоспары) енгізе отырып, осы көлемдерді пайдалануға беру мерзімдерін айқындайды.
Жер учаскелерінің әрқайсысында енгізуге жоспарланған генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың түпкілікті көлемі және осы көлемдерді енгізудің түпкілікті мерзімдері бірыңғай сатып алушы дайындаған тиісті алдын ала ТЭН шеңберінде айқындалады.
Алдын ала ТЭН нәтижелерінің негізінде орналастыру жоспарының ақпараты жаңартуға (бұдан әрі – Жаңартылған орналастыру жоспары) жатады.";
96-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"96. Кестеде көрсетілген электр қуатын сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі электр қуатын сатып алу шарты талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәнінің (теңгемен/МВт-пен) және кестеде көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің (МВт-пен) туындысы ретінде айқындалады.
Электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәні 1 000 000 (бір миллион) теңге/МВт құрайды.".
Өтініш
Осымен _______________________________________________________
(ұйымның толық атауын көрсету)
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің 20___жылғы "___" _______ хабарландыруда көрсетілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерге (бұдан әрі – тендер) өзінің қатысу ниеті туралы мәлімдейді.
Мыналармен:
1) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер өткізу туралы жоғарыда көрсетілген хабарландырумен;
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларымен;
3) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендерлік құжаттамамен;
4) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларының талаптарымен танысып, тендерге мынадай ұсыныс енгіземіз:
Біз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет бағасы айына 1 мегаватт үшін _________ мың теңге мөлшерінде* және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің желіге беру көлемі айына _________ мегаватт болған кезде жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларға қойылатын техникалық, сапалық, пайдалану және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексімен айқындалатын экологиялық сипаттамаларына сәйкес келетін жаңа генерациялайтын қондырғыны (бұрын пайдалануда болмаған) салуға дайынбыз.
Қосымша:
1) құрылтай құжаттарының көшірмелері, __парақта;
2) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін жеткілікті қаржылық және материалдық ресурстардың ______________________ мөлшерде** болуын растайтын құжаттардың түпнұсқалары немесе нотариат куәландырған көшірмелері, __парақта.
_______________________________________ ____________
(басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) (қолы)
Ескертпе:
* тендерге қатысуға өтінімде көрсетілетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің бағасы тендерлік құжаттамада көрсетілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тарифтен аспайтын мәнде бүтін санға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу үшін қаржылық және материалдық ресурстардың жеткілікті көлемі болып тендерлік құжаттамада көрсетілген мән болып табылады.
k1, k2, k3, k4, k6, k8, k9, k10 коэффициенттерін анықтау
1. k1 коэффициентін анықтау.
k1 коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
, мұндағы:
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт;
D – энергия өндіруші ұйымның өз тұтынуының электр қуатының және экспорттық электр қуатының жиынтық мәнінің есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдеріндегі нақты орташа мәнінен энергия өндіруші ұйымның шегерілетін жиынтық электр қуатынан асып кетуінің мәні, МВт;
n – D -ға тәуелді өлшемсіз коэффициент;
1) n = 0, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,0 пайызынан аспаған жағдайда;
2) n = 1,3, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;
3) n = 1,5, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда:
4) n = 1,7, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;
5) n = 2,0, егер D - жиынтық шегерілетін электр қуатынан 50,0 пайыздан асқан жағдайда.
Егер, k1 коэффициентінің теріс мәні болғанда, оның мәні нөлге тең болады.
Есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) бойынша жеке тұтынудың электр қуатының, бөлшек сауда нарығының субъектілеріне жеткізудің электр қуатының және энергия өндіруші ұйым экспортының электр қуатының нақты максималды жиынтық мәнін анықтау кезінде қолданылатын электр қуатының мәндері жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алуының автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭКЕАЖ) орталық деректер қорына келісілген хаттамалар бойынша ЭКЕАЖ деректер базасынан сағат бойынша есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін ЭКЕАЖ деректері бойынша айқындалады. Жүйелік операторда ЭКЕАЖ деректері болмаған жағдайда электр қуатының нақты максималды мәні жүктеменің өңірлік бейіні бойынша айқындалады.
2. k2 коэффициентін анықтау.
k2 коэффициенті:
1) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы нақты уақыт режимінде енгізілгеннен кейін мынадай формула бойынша айқындалады:
k2 = min [kарттыру; kтөмен], мұндағы:
kжоғарыл – жоғарылату үшін реттеуге қатысудың теңгерімдеуші коэффициенті;
kтөмен – төмендету үшін реттеуге қатысудың теңгерімдеуші коэффициенті;
min [kжоғарыл; kтөмен] – kжоғарыл және kтөмен коэффициенттерінің ең төмені;
kжоғарыл коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Сай – есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;
Стөмен – жоғарылату үшін теңгерімдеуге қатысуға энергия өндіруші ұйымдардың өтінімі болмаған не жүйелік операторға толық емес көлемде берілген есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;
kтөмен коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Сай – есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен;
Стөмен – төмендеуге теңгерімдеуге қатысуға энергия өндіруші ұйымдардың өтінімі болмаған немесе жүйелік операторға толық емес көлемде берілген есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік ай) сағаттар саны, сағатпен.
3. k3 коэффициентін анықтау:
k3=Rор/(R∑), мұндағы:
Rор – есепті кезеңде энергия өндіруші ұйым орындаған жоғарылатуға және төмендетуге арналған теңгерімдеуге өтінімдердің жиынтық саны;
R∑ – есепті кезеңде жоғарылатуға және төмендетуге арналған теңгерімдеуге энергия өндіруші ұйымның жүйелік оператор іске қосқан өтінімдерінің жиынтық саны.
R∑ = 0 болған жағдайда k3 коэффициенті 1-ге тең болады.
k3 коэффициентінің мәні 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін бірге теңеледі.
4. k4 коэффициентін анықтау.
k4 коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
, мұндағы:
n – энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын генерациялайтын қондырғыларының жалпы саны;
m – авариялық немесе жоспардан тыс жөндеудегі немесе резервтен тыс күйдегі энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының саны;
k – жоспарлы жөндеу ұзақтығы номиналды жоспарлы жөндеу кезеңінің ұзақтығынан асып кеткен энергия өндіруші ұйымның электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының саны;
q – энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы қазандықтар корпустарының не осы электр станцияларының қазандықтарының авариялық тоқтауына байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымнан есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) ішінде қолданыста болған жөндеу өтінімдерінің нақты саны;
t – энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы белгіленген электр қуатының маусымдық шектеулеріне байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымнан есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) ішінде қолданыста болған жөндеу өтінімдерінің нақты саны;
i – сәйкесінше 1-ден: k, m, n, q немесе t-ге дейін өзгеретін реттік нөмірі;
Рбелг.ап.i – апаттық немесе жоспардан тыс жөндеудегі немесе жоспардан тыс тәртіпте резервтен тыс күйдегі, генерациялайтын қондырғының белгіленген электр қуаты, МВт-та;
Чап.i – есепті кезеңде апаттық немесе жоспардан тыс жөндеуде немесе резервтен тыс жағдайда, жоспарланбаған тәртіппен, жүйелік операторға берілген жөндеу өтініміне сәйкес айқындалатын минуттарда генерациялайтын қондырғының нақты тоқтап қалу ұзақтығы;
Рбелг.пр.i – жоспарлы жөндеу ұзақтығы номиналды жоспарлы жөндеу кезеңінің ұзақтығынан асатын, генерациялайтын қондырғының белгіленген электр қуаты, МВт-та;
ТЖК.ἰ – жүйелік операторға берілген жөндеу өтініміне сәйкес айқындалатын, номиналды жоспарлы жөндеу кезеңіне қатысты ҰБТ генерациялайтын қондырғыны жоспарлы жөндеу ұзақтығының есепті кезеңдегі нақты асып кету ұзақтығы, минуттарда;
Рогр.i – энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы қазандықтар корпустарының не осы электр станцияларының қазандықтарының авариялық тоқтауына байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымның есеп айырысу кезең (күнтізбелік ай) ішінде қолданыста болған i-ші жөндеу өтінімінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларын генерацияның электр қуатының жиынтық ағымдағы шектеулерінің мәні, МВт-та;
Чогр.i – есеп айырысу кезеңінде (күнтізбелік айда) энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы қазандықтар корпустарының не осы электр станцияларының қазандықтарының авариялық тоқтауына байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымнан i-ші жөндеу өтінімінің іс жүзіндегі ұзақтығы, минуттарда;
Чмес – есептік кезеңнің ұзақтығы, минуттарда;
Руст.i– i-нің орнатылған электр қуаты генераторлық қондырғылар;
Рогр.сез.i – энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы белгіленген электр қуатының маусымдық шектеулеріне байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымның есептік кезең (күнтізбелік ай) ішінде қолданыста болған i-ші жөндеу өтінімінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларын генерациялаудың электр қуатының жиынтық ағымдағы шектеулерінің мәні, МВт-та;
Чогр.сез.i – энергия өндіруші ұйымның жылу электр станцияларының генерациялайтын қондырғыларының жұмысындағы белгіленген электр қуатының маусымдық шектеулеріне байланысты жүйелік операторға берілген энергия өндіруші ұйымнан i-ші жөндеу өтінімінің есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) нақты қолданылу ұзақтығы, минуттармен;
5. k6 коэффициентін анықтау.
k6 коэффициенті мына формула бойынша анықталады:
, мұндағы:
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық көлемі, МВт-та;
ҚШr – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт-та;
D – энергия өндіруші ұйымның өз тұтынуының электр қуатының және экспортының электр қуатының жиынтық мәнінің есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) барлық бақылау кезеңдеріндегі нақты орташа мәнінің энергия өндіруші ұйымның жиынтық шегерілетін электр қуатынан артуының мәні, МВт-та;
n – D-ге тәуелді өлшемсіз коэффициент:
1) n = 0, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,0 пайызынан аспаған жағдайда;
2) n = 1,3, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 5,1-ден 20,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;
3) n = 1,5, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 20,1-ден 40,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда:
4) n = 1,7, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 40,1-ден 50,0 пайызға дейін мәндер диапазонында тұрған жағдайда;
5) n = 2,0, егер D жиынтық шегерілетін электр қуатынан 50,0 пайыздан асқан жағдайда.
Егер, k6 коэффициентінің теріс мәні болғанда, оның мәні нөлге тең болады.
Энергия өндіруші ұйымның меншікті тұтынуы электр қуатының және экспорты электр қуатының нақты ең жоғары есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) жиынтық мәнін айқындау кезінде пайдаланылатын электр қуатының мәндері келісілген хаттамалар бойынша жүйелік оператордың ЭКЕАЖ орталық дерекқорына ЭКЕАЖ дерекқорынан сағаттық есепке алу деректерін беруді қамтамасыз ететін ЭКЕАЖ деректері бойынша айқындалады. Жүйелік операторда ЭКЕАЖ деректері болмаған кезде электр қуатының мәндері жүктеменің өңірлік бейіні бойынша айқындалады.
6. k8 коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
Тасыру – есеп айырысу кезеңіндегі (күнтізбелік айдағы) нақты күн (тәулік) саны, олардың әрбір (әрбір) ішінде кемінде бір сағат шеңберінде ЭКЕАЖ деректері бойынша айқындалған, энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын генерациялаудың (МВт) электр қуатының осы сағатына сәйкес келетін орташа мәнінен асып кетуі тіркелген, генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың тізімдемесінде көрсетілген энергия өндіруші ұйымның электр станцияларын генерациялаудың жұмыс электр қуатының (МВт) осы сағатқа сәйкес келетін мәнінен генерациялаудың жұмыс электр қуатының көрсетілген мәнінен 1,0 %-дан астам асып кету (бұдан әрі – Асып кету);
Тм – есеп айырысу кезеңіндегі күн саны (күнтізбелік айда).
Егер Т асыру энергия өндіруші ұйымның Заңның 12-бабы 3-тармағының 11) тармақшасына сәйкес жүйелік оператордың осы өкімін (өкімдерін) орындауы себебінен болған жағдайда, онда бұл асып кету Тасыру айқындау кезінде есепке алынбайды.
k8 коэффициентінің мәні 2020 жылғы 1 қаңтарға дейін бірлікке теңестіріледі.
7. k9 коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
, мұндағы:
Тшартсыз – жүйелік оператормен электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет көрсетуге шарт болмаған айдағы күндер саны;
Tай – бір айдағы күндер саны;
Nо/с – бір ай ішінде реттеу бойынша жүйелік оператордың орындалмаған өкімдерінің саны. Егер қуат алудың орташа жылдамдығы Аттестаттауды өткізу қағидаларында станцияның осы типі үшін белгіленген ең төменгі жылдамдықтан аз болса немесе реттеудің шарттық диапазоны шеңберінде жүйелік оператор белгілеген генерациялау (беру) қуатының шамасына қол жеткізілмесе, өкім орындалмады деп есептеледі;
Nжалпы – бір ай ішінде реттеу бойынша жүйелік оператор берген өкімдердің жалпы саны.
Заңның 15-8-бабының 8-тармағына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы және электр қуатын реттеу бойынша көрсетілетін қызмет көрсетуге арналған шарттар бойынша міндеттемелерді орындамағаны үшін жауапкершілік электр қуаты нарығының тетіктерін пайдалану арқылы туындайды.
k9 коэффициенті (бірге тең емес) тек генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары үшін ғана қолданылады.
8. k10 коэффициенті формула бойынша анықталады:
, мұндағы:
– энергия өндіруші ұйымның бөлінуіне жататын, осы Қағидаларға берілген 2-қосымшаның 4-тармағына сәйкес бірыңғай сатып алушы қызметінің нәтижелері бойынша туындаған коэффициентті қолданудан түскен қаражат, теңге;
Энергия өндіруші ұйымның бөлінуіне жататын қаражат осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жасалған шартта көрсетілген асып кетуінің мәнінің және ең төмен бағаның туындысынан аспайды.
Т – осы Қағидалардың 11-тармағының 7) тармақшасына сәйкес жасалған энергия өндіруші ұйымның шартында көрсетілген ең төмен баға, теңге/МВт*ай;
Рдп– к1, к2, к3, к4, к6, к8, к9 өлшемсіз коэффициенттерін қолдануды ескере отырып есептелген энергия өндіруші ұйымға әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт;
, мұндағы:
ἰ – 1-ден n-ге дейін өзгеретін реттік нөмірі;
n – бірыңғай сатып алушымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымдардың жалпы саны;
k – 1-ден z-ге дейін өзгеретін реттік нөмірі;
z – электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті толық сатуды жүзеге асырмаған энергия өндіруші ұйымдардың саны;
Sk4 – бірыңғай сатып алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаның 4-тармағына сәйкес бірыңғай сатып алушы қызметінің нәтижелері бойынша туындаған энергия өндіруші ұйымның коэффициентін қолданудан есептеген, мынадай формула бойынша айқындалатын қаражат сомасы:
, мұндағы:
kj – коэффициенттердің мәні;
j – 1-ден m-ге дейін өзгеретін реттік нөмір;
m – осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес коэффициенттердің жалпы саны;
– бірыңғай сатып алушы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бірыңғай сатып алушы қызметінің нәтижелері бойынша туындаған энергия өндіруші ұйымның барлық коэффициенттерін қолданудан есептеген қаражаттың жалпы сомасы, теңге;
W – осы Қағидалардың 43-тармағына сәйкес жүздіктерге дейінгі дәлдікпен айқындалатын i-ші энергия өндіруші ұйымның асып кету мәнінің үлесі;
k10 мәні электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттықтарында электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті толық сатуды жүзеге асырған энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ
болған жағдайларда бірлікке теңестіріледі.20___жылға арналған тұтынуға болжамды өтінім _________________________________________________ (қуат нарығын тұтынушының атауы)
1-кесте*
Р/с № | Саласы | 20__ жылғы айлар бойынша, құрамында (қуат нарығы тұтынушысының атауын көрсету) меншік, жалға алу құқығында немесе өзге де заттық құқығында бар генерациялайтын көздердің электр қуаты есебінен, сондай-ақ тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұлғалардың бір тобына кіретін (қуат нарығы тұтынушысының атауын көрсету) энергия өндіруші ұйымдардың электр қуаты есебінен жабылмайтын тұтыну электр қуатының ең жоғары мәні, МВт-пен | ||||||||||||
Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Жыл ішіндегі ең жоғары мәні | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
1. | ||||||||||||||
2. | ||||||||||||||
3. | ||||||||||||||
Барлығы: |
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі. Бұл кестені энергиямен жабдықтаушы ұйымдар толтырмайды;
2-кесте*
Р/с № | ЭӨҰ ** | Меншік, жалға алу құқығындағы немесе генерациялайтын көздердің өзге де заттық құқығындағы құрамындағы (қуат нарығы тұтынушысының атауын көрсету) электр қуаты есебінен жабылатын 20__ жылғы айлар бойынша тұтыну электр қуатының бір бөлігі, МВт-пен | ||||||||||||
Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Жыл ішіндегі ең жоғары мәні | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
1. | т-майды *** | |||||||||||||
2. | т-майды | |||||||||||||
3. | т-майды | |||||||||||||
Барлығы: | т-майды |
Ескертпе:
МВт-мегаватт;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – энергия өндіруші ұйымның атауы;
*** – "т-майды" "толтырылмайды" дегенді білдіреді: сәйкес ұяшықтар толтырылмайды.
3-кесте *
Р/с № | ЭӨҰ ** | Тұлғалар топтарының тізіліміне енгізілген тұлғалардың бір тобына кіретін (қуат нарығы тұтынушысының атауын көрсету) энергия өндіруші ұйымдардың электр қуаты есебінен жабылатын 20__ жылғы айлар бойынша тұтыну электр қуатының бір бөлігі, МВт | ||||||||||||
Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Жыл ішіндегі ең жоғары мәні | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
1. | т-майды *** | |||||||||||||
2. | т-майды | |||||||||||||
3. | т-майды | |||||||||||||
Барлығы: | т-майды |
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – энергия өндіруші ұйымның атауы;
*** – "т-майды" "толтырылмайды" дегенді білдіреді: сәйкес ұяшықтар толтырылмайды;
4-кесте*
Р/с № | Саласы** | Қуатты сатып алу мақсаты | 20__ жылғы айлар бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтыну электр қуатының меншік, жалға алу құқығындағы немесе генерациялаушы көздердің өзге де заттық құқығындағы құрамындағы электр қуатының есебінен (қуат нарығы тұтынушысының атауын көрсету), сондай-ақ (қуат нарығы тұтынушысының атауын көрсету) кіретін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының есебінен жабылмайтын ең жоғары мәндері) адамдар топтарының тізіліміне енгізілген тұлғалардың бір тобына, МВт-қа | ||||||||||||
Қаңтар | Ақпан | Наурыз | Сәуір | Мамыр | Маусым | Шілде | Тамыз | Қыркүйек | Қазан | Қараша | Желтоқсан | Бір жылдағы ең жоғары мән | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | |
1. | Энергиямен жабдықтау | т-ды*** | |||||||||||||
Технологиялық шығыстарды өтеу | т-ды | ||||||||||||||
2. | Энергиямен жабдықтау | ||||||||||||||
Технологиялық шығыстарды өтеу | |||||||||||||||
3. | Энергиямен жабдықтау | ||||||||||||||
Технологиялық шығыстарды өтеу | т-ды | ||||||||||||||
Барлығы: | т-ды |
Ескертпе:
МВт-мегаватт;
* – бұл кесте тек энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың болжамды өтініміне енгізіледі. Кесте параметрлерінің с сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі.
Бірінші басшысы: |
_________________________________ |
___________ |
Қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемдерін өзгертуге өтінім
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеу қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) 53-тармағының 3) және 4) тармақшаларына және 54-тармағына сәйкес Сізді 20 ___ жылғы _____________ (күнтізбелік айдан) бастап қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің шарттық көлемін ішінара немесе толық беру туралы келісім жасауға
байланысты _______________________________________________ мен
(қуат нарығын беретін тұтынушының атауын көрсету)
жасалған 20___ жылғы ___________ № _____ шартында белгіленген, ____ МВт** құрайтын, 20 __ жылға белгіленген электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметінің шартында көрсетілген электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көлемін ________ МВтқа*** азайтуды және
____________________________________________ мен жасалған 20 ___ жылғы
(қуат нарығын қабылдаушы тұтынушының атауын көрсету)
_____________ № _____ шартындағы белгіленген, _______ МВт** құрайтын, 20 __ жылға белгіленген электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметінің шартында көрсетілген электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көлемін ________ МВтқа*** ұлғайтуды сұраймын (сұраймыз).
Байланыс телефоны және электрондық мекенжайы: ___________________
____________________________________________________________________
(қуат нарығын беретін тұтынушының атауын көрсету)
Байланыс телефоны және электрондық мекенжайы: ___________________
____________________________________________________________________
(қуат нарығын қабылдаушы тұтынушының атауын көрсету)
Қосымша: __________________________________________________ мен
(қуат нарығын беретін тұтынушының атауын көрсету)
____________________________________________________ арасында жасалған
(қуат нарығын қабылдаушы тұтынушының атауын көрсету)
қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің шарттық көлемін ішінара немесе толық беру туралы ______________ 20___ ж. № _______ келісімнің көшірмесі.
Ескертпе:
* – Қағидалардың 53-тармағының тармақшаларының бірі көрсетіледі;
** – электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен өзгертуге арналған өтінімде көрсетіледі;
*** – МВт саны бірдей көрсетілуге тиіс.
(Қуат нарығын беруші тұтынушының уәкілетті тұлғасының лауазымын көрсету орны) | қолы | (Қуат нарығын беруші тұтынушының уәкілетті тұлғасының тегін, әкесінің атын (бар болса) көрсету орны) |
(Қуат нарығын қабылдайтын тұтынушының уәкілетті тұлғасының лауазымын көрсету орны) | қолы | (Қуат нарығын қабылдайтын тұтынушының уәкілетті тұлғасының тегін, әкесінің атын (бар болса) көрсету орны) |
20 __ жылғы___________________________________ үшін энергия (есептік кезеңді (күнтізбелік айды) көрсету) өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көрсетілетін көлемінің шарттық көлемнен асып кету мәні туралы ақпарат
Энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көрсетілген көлемінің шарттық көлемнен асып кету мәндері*.
№ | Энергия өндіруші ұйымның атауы | ҚР БЭЖ аймағы | Асып кету мәні, МВт |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | |||
2 | |||
3 | |||
…….. | |||
Барлығы |
Ескертпе:
* - кестенің сандық мәндері ондықтарға дейін көрсетіледі.
Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
___________________________ 20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
_______________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан,
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары);
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 110 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 26 наурызда № 10535 болып тіркелген) Жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын (бұдан әрі – Тендер өткізу қағидалары) назарға ала отырып, мыналар туралы жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
2) банк кепілдігі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 тіркелген) Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген және банк клиентке (борышкер тұлғаға) оның өтініші негізінде үшінші тұлғаның (кредитор тұлғаның) пайдасына беретін жазбаша құжат (SWIFT жүйесі бойынша шығарылады), осы құжат негізінде онда көрсетілген шарттарға сәйкес банк шекті соманы үшінші тұлғаға (кредитор тұлғаға) төлеуге міндеттенеді;
3) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
4) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың істеп турған жұмыс электр қуаттарының ведомосі – жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;
5) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті есептеу жүргізілетін айдың бірінші күнгі сағат 00-00-ден айдың соңғы күнгі 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
6) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде тепе-теңдікті сақтайтын, жүйелік қызметтер көрсететін және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен көмекші қызметтер сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсететін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
7) коммерциялық есепке алу кешені – белгілі бір коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
8) қаржылық қамтамасыз ету – банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түріндегі қаржы ресурстары;
9) өндіруші қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
10) резервтік аккредитив – борышкер тұлға бенефициар алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайдың басталуы кезіндегі соманы аккредитив бойынша бенефициардың пайдасына төлеу жөніндегі банктің міндеттемесі (резервтік аккредитив SWIFT жүйесі бойынша шығарылады);
11) техникалық минимум – конденсациялық, жылыту, газ турбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығынын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуатының жиынтығы, МВт;
12) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі электр қуаттарының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) қосындысы, МВт;
13) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет;
14) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________.
(аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Осы Шарт бойынша баға жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендер қорытындылары бойынша айқындалған жаңадан пайдалануға берілетін энергия өндіруші ұйымдардың электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф (бұдан әрі – жеке тариф) болып табылады және қосылған құн салығын есептемегенде ____ (__________) 1 (бір) МВт үшін*ай құрайды. Жеке тарифті жыл сайынғы индекстеу Тендер өткізу қағидаларында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
5. Индекстеу және/немесе индекстеу тәртібі нәтижесінде жеке тарифтің шамасын өзгерту Тендерді өткізу қағидаларына сәйкес айқындалатын тиісті өзгерістерді қолдану басталған күнді көрсете отырып, осы Шартқа қосымша келісімге қол қою жолымен ресімделеді.
6. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі Тендер өткізу қағидаларына сәйкес айқындалады және _____МВт құрайды (бұдан әрі – шарттық көлем).
7. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге міндеттелетін, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттелетін мерзім Тендер өткізу қағидаларына сәйкес айқындалады.
Субъектіні қолдау жөніндегі қызметті сатып алудың жеке тарифі, көлемі мен мерзімі жылдар бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
8. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына және Тендер өткізу қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
4) Субъект осы Шарттың 11-тармағының 20) тармақшасын тиісінше орындаған кезде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарттың 11-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген субъектінің өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) туралы банкке (банктерге) хат жіберуге;
5) Субъект осы Шарттың 12-тармағының 4) тармақшасының талаптарын орындаған кезде үшінші тұлға осы Шарттың 11-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) туралы банкке (банктерге) хат жолдауға;
6) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап, 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынбаған кезде осы Шарттың талаптарын орындаудың қаржылық қамтамасыз ету (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) сомасының 30 % мөлшерінде тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша ақы төлеуге талап қоюға;
7) Тендер өткізу қағидаларында көзделген құрылыс мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай өткен соң "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы Заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған жағдайда тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100 % мөлшерінде, ал осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігін ұстап қалу кезінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 % мөлшерінде ақы төлеуге талап қоюға міндетті.
10. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына және Тендер өткізу қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде Субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
11. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен жыл сайын жүйелік оператормен реттеу жөніндегі шарт жасасуға;
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға;
19) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі беруге;
20) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін Тендер өткізу қағидаларының 43-тармағының 2) тармақшасында айқындалған мерзімдерде беруге;
21) Бірыңғай сатып алушының сұрауы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының барысы туралы ақпарат жіберуге;
22) Бірыңғай сатып алушыға осы Шартқа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банктік кепілдіктер мен кепілгерліктерді беру қағидаларына сәйкес ресімделген банктік кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті беру жолымен осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету ұсынуға.
Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті тендер жеңімпазы Қазақстан Республикасының резидент-банктерінен шетел валютасындағы Standard&Poor's бойынша "В" немесе Moody's InvestorsService бойынша "В-" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "В3" төмен емес не Standard&Poor's бойынша "ВВВ" деңгейінен төмен емес бас ұйымның (Қазақстан Республикасының резидент Банкі акцияларының 50 %-дан астамы тиесілі) рейтингі немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "Ваа2" ұсынады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінен банктік кепілдікті немесе резервтік аккредитивті резидент емес банктер резидент емес банктердің қарсы міндеттемелеріне кепілдік беру арқылы растайды.
Standard&Poor's бойынша "ВВВ"-дан төмен емес, Moody'sInvestorsService бойынша Fitch "Ваа2" бойынша "ВВВ"-дан төмен емес шетел валютасындағы Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріне банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай шығаруға рұқсат етіледі.
Осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі ____________ теңгені құрайды және осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәнінің (теңгемен/МВт-пен) және қолдау жөніндегі қызмет көлемінің (МВт-пен) туындысы ретінде айқындалады.
Осы электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәні 1 000 000 (бір миллион) теңге/МВт құрайды.
Осы тармақшада көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарып алынбайтын болып табылады, осы Шарттың 11-тармағының 20) тармақшасында көзделген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзіміне екі ай қолданылу мерзімімен олардың толық немесе алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша бөліп-бөліп орындалуын көздейді;
23) осы Шарттың, оның ішінде алушы (бенефициар) Банкінің талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуге байланысты барлық банк комиссияларын және шығыстарды төлеуге;
24) осы Шарттың 15-тармағына сәйкес сомаларды қайтаруды жүзеге асыруға;
25) Субъект құқықтар мен міндеттерді басқаға беру шартын жасасқанға дейін Бірыңғай сатып алушыны хабардар етуге міндетті.
12. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге;
3) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы пайдалануға берілген кезде оның осы Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін осы Шарт талаптарының немесе бөлігінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге;
4) осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға және осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын үшінші тұлғаға беруге.
Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді беру осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді қабылдайтын үшінші тұлғаға осы Шарттың 11-тармағының 22) тармақшасына сәйкес осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Осы тармақтың барлық талаптары жүзеге асырылғаннан кейін үшінші тұлға жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған тендердің жеңімпазы болып танылады;
5) Бірыңғай сатып алушыдан осы тармақтың 4) тармақшасының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін Шарттың орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге құқылы.
4-тарау. Қолдау көрсету қызметыне ақы төлеу
13. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
14. Осы Шарттың 13-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
15. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 13-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
16. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
17. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
18. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
19. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
20. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
22. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
23. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
24. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
25. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
26. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Басқа ережелер
27. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
28. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
29. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
30. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
31. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
32. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
33. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
Бірыңғай сатып алушының атауы |
Субъектінің атауы |
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың жеке тарифі, көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Субъекттің электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл** | Электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні, МВт | Оның ішінде: | Экспорттың ең жоғары электр қуаты, МВт |
электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні, МВт*** | ||||

** – кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі және ай/жыл форматында көрсетіледі: ______20__ ж;
*** – Субъектінің электр станцияларының барлық меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәнін де, Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік қажеттіліктерінің электр қуатының тиісті ең жоғары мәнін де қосатын Субъектінің электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні.
Бұл қосымша электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін толтырылады.
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
___________________________ 20__ж. "___"__________
(шарт жасасу орны)
____________________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә.)
негізінде әрекет ететін ________________________________________________,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан және
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә.)
негізінде әрекет ететін ________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп те аталатын, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатындар:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары);
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 161 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22727 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын (бұдан әрі – Аукциондық сауда-саттық қағидалары) назарға ала отырып, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарымен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
2) банк кепілдігі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 тіркелген) Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген және банк клиентке (борышкер тұлғаға) оның өтініші негізінде үшінші тұлғаның (кредитор тұлғаның) пайдасына беретін жазбаша құжат (SWIFT жүйесі бойынша шығарылады), осы құжат негізінде онда көрсетілген шарттарға сәйкес банк шекті соманы үшінші тұлғаға (кредитор тұлғаға) төлеуге міндеттенеді;
3) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
4) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың істеп турған жұмыс электр қуаттарының ведомосі – жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;
5) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті есептеу жүргізілетін айдың бірінші күнгі сағат 00-00-ден айдың соңғы күнгі 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
6) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде тепе-теңдікті сақтайтын, жүйелік қызметтер көрсететін және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен көмекші қызметтер сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсететін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
7) коммерциялық есепке алу кешені – белгілі бір коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
8) қаржылық қамтамасыз ету – банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түріндегі қаржы ресурстары;
9) өндіруші қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
10) резервтік аккредитив – борышкер тұлға бенефициар алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайдың басталуы кезіндегі соманы аккредитив бойынша бенефициардың пайдасына төлеу жөніндегі банктің міндеттемесі (резервтік аккредитив SWIFT жүйесі бойынша шығарылады);
11) техникалық минимум – конденсациялық, жылыту, газ турбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығынын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуатының жиынтығы, МВт;
12) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі электр қуаттарының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) қосындысы, МВт;
13) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет;
14) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________.
(аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъектіні қолдау жөніндегі қызметіне ақы төлеуге міндеттелетін баға (жеке тариф) (бұдан әрі – шарттық баға) осы Шарт бойынша ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзіміне айына ________ теңгені/МВт* құрайтын Аукциондық сауда-саттық қағидаларына сәйкес аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады.
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі Аукциондық сауда-саттық қағидаларына сәйкес аукциондық сауда-саттық қорытындылары бойынша айқындалады және ______ МВт құрайды (бұдан әрі – шарттық көлем).
Егер электр қуатын кезекті аттестаттауды жүргізу нәтижесінде маневрлік генерациялау режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың аттестатталған электр қуатының мәні осы Шартта белгіленген қолдау жөніндегі қызмет көлемінен аз болса, қолдау бойынша нақты көрсетілген қызметтерді есептеу кезінде қабылданатын қолдау жөніндегі қызмет көлемі кезекті аттестаттау өткізілгенге дейін аттестатталған мәнге дейін азаяды.
6. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі 15 (он бес) жылға тең, оны есептеу осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейінгі айдың бірінші күнінен басталады.
Осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткенге дейін генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды бірінші аттестаттаудан өткізген кезінде осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейінгі айдың бірінші күні ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталуы болып табылады.
Осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген мерзім өткеннен кейін генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды бірінші аттестаттаудан өткізген кезінде Субъект бірінші аттестаттаудан өткен айдан кейінгі айдың бірінші күні ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың басталуы болып табылады.
Бұл ретте осы Шарттың 4-тармағында көзделген шарттық баға және осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу мерзімі ұлғайту жағына қарай түзетуге жатпайды.
Генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы іске қосылмаған жағдайда, қолдау жөніндегі қызметті сатып алудың басталу мерзімі мен күні қайта қаралмайды.
Субъектінің генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы салу жобасын іске асыру процесінде көрсетілген жобаны қолдау бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің осы Шартты кейіннен түзете отырып, ұлғайту жағына да, азайту жағына да (көрсетілетін қызметтің шарттық көлемінен) 15 (он бес) %-ға ауытқуына жол беріледі.
Субъектінің электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметтің шарттық бағасы (жеке тариф), шарттық көлемі және сатып алу мерзімі осы Шартқа 1-қосымшада бекітілген нысанға сәйкес жылдар бойынша көрсетіледі.
7. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына және Аукциондық сауда-саттық қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
4) Субъект осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасын тиісінше орындаған кезде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарттың 10-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген субъектінің өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) туралы банкке (банктерге) хат жіберуге;
5) Субъект осы Шарттың 11-тармағының 4) тармақшасының талаптарын орындаған кезде үшінші тұлға осы Шарттың 10-тармағының 23) тармақшасына сәйкес Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді енгізген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) туралы банкке (банктерге) хат жолдауға;
6) газ электр станциялары мен су электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап, 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынбаған кезде осы Шарттың талаптарын орындаудың қаржылық қамтамасыз ету (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) сомасының 30 % мөлшерінде тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша ақы төлеуге талап қоюға;
7) газ электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде, су электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы Заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған жағдайда тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100 % мөлшерінде, ал осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігін ұстап қалу кезінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 % мөлшерінде ақы төлеуге талап қоюға міндетті.
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына және Аукциондық сауда-саттық қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
10. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен жыл сайын жүйелік оператормен реттеу жөніндегі шарт жасасуға;
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға;
19) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі беруге;
20) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін газ электр станциялары үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 48 (қырық сегіз) ай ішінде, гидроэлектростанциялар үшін осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 60 (алпыс) ай ішінде беруге;
21) Бірыңғай сатып алушының сұрау салуы бойынша генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс барысы туралы ақпарат жіберуге;
22) Бірыңғай сатып алушыға осы Шартқа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банктік кепілдіктер мен кепілгерліктерді беру қағидаларына сәйкес ресімделген банктік кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті беру жолымен осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету ұсынуға.
Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті аукциондық сауда-саттықтардың жеңімпазы Қазақстан Республикасының резидент-банктерінен шетел валютасындағы Standard&Poor's бойынша "В" немесе Moody's InvestorsService бойынша "В-" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "В3" төмен емес не Standard&Poor's бойынша "ВВВ" деңгейінен төмен емес бас ұйымның (Қазақстан Республикасының резидент Банкі акцияларының 50 % - дан астамы тиесілі) рейтингі немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "Ваа2" ұсынады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінен банктік кепілдікті немесе резервтік аккредитивті резидент емес банктер резидент емес банктердің қарсы міндеттемелеріне кепілдік беру арқылы растайды.
Standard&Poor's бойынша "ВВВ"-дан төмен емес, Moody'sInvestorsService бойынша Fitch "Ваа2" бойынша "ВВВ"-дан төмен емес шетел валютасындағы Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріне банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай шығаруға рұқсат етіледі.
Осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі _______________ теңгені құрайды және осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәнінің (теңгемен/МВт-пен) және қолдау жөніндегі қызмет көлемінің (МВт-пен) туындысы ретінде айқындалады.
Осы электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәні 1 000 000 (бір миллион) теңге/МВт құрайды.
Осы тармақшада көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарып алынбайды, қолданылу мерзімі бар алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша оларды толық немесе бөліктер бойынша орындауды көздейді:
газ электр станциялары үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 50 (елу) ай;
гидроэлектростанциялар үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 61 (алпыс бір) ай;
пайдалы қазбаларды отын ретінде пайдаланбайтын генерациялайтын қондырғылар үшін – электр қуатын сатып алу шартына қол қойылған күннен бастап кемінде 38 (отыз сегіз) ай;
23) осы Шарттың, оның ішінде алушы (бенефициар) Банкінің талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуге байланысты барлық банк комиссияларын және шығыстарды төлеуге;
24) Субъект құқықтар мен міндеттерді басқаға беру шартын жасасқанға дейін Бірыңғай сатып алушыны хабардар етуге;
25) осы Шарттың 14-тармағына сәйкес сомаларды қайтаруды жүзеге асыруға;
26) Аукциондық сауда-саттық қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес айқындалатын реттеу диапазонын сақтауға және жиілік пен қуатты автоматты реттеуге қосылуға;
27) Бірыңғай сатып алушыға оның негізінде аукциондық сауда-саттық өткізілген алдын ала ТЭН әзірлеуге жұмсалған шығындарды аукциондық сауда-саттық жеңімпаздарының тізіліміне енгізілген сәттен бастап 30 (отыз) күн ішінде өтеуге;
28) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамада айқындалған өзге де міндеттемелерді орындауға міндетті.
11. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге;
3) маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы пайдалануға берілген кезде оның осы Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін осы Шарт талаптарының немесе бөлігінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге;
4) осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға және осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын үшінші тұлғаға беруге.
Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді беру осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді қабылдайтын үшінші тұлғаға осы Шарттың 10-тармағының 22) тармақшасына сәйкес осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Осы тармақтың барлық талаптары жүзеге асырылғаннан кейін үшінші тұлға маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықтың жеңімпазы болып танылады;
5) Бірыңғай сатып алушыдан осы тармақтың 4) тармақшасының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін Шарттың орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге құқылы.
4-тарау. Ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке ақы төлеу
12. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
13. Осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
14. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 13-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
15. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
16. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
17. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
18. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
19. Субъект осы Шарттың 10-тармағының 19) тармақшасында көрсетілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаудың маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін беру мерзімін бұзған жағдайда, Бірыңғай сатып алушы Аукциондық сауда-саттық қағидаларында белгіленген тәртіппен осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) 30 %-ын ұстайды, бұл туралы Субъектіні жазбаша хабардар етеді.
20. Субъект осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасына сәйкес генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін беру мерзімін бұзған жағдайда, Бірыңғай сатып алушы Аукциондық сауда-саттық қағидаларында белгіленген тәртіппен осы Шарттың талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) 100 %-ын ұстап қалады, бұл туралы Субъектіні жазбаша хабардар етеді. Бұл ретте осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің бір бөлігі осы Шарттың 19-тармағына сәйкес ұсталған жағдайда Бірыңғай сатып алушы Аукциондық сауда-саттық қағидаларында белгіленген тәртіппен Шарт талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 %-н ұстайды.
21. Осы Шарт бойынша және Реттеу жөніндегі шарт бойынша міндеттемелердің орындалмағаны үшін жауапкершілік Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалатын электр қуаты нарығының тетіктерін пайдалану арқылы туындайды.
22. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
23. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
24. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдайлары
25. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
26. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
27. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
28. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Шарттың қолданылуы
29. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
30. Шарт өзінің қолданылуын мынадай жағдайларда тоқтатады:
1) осы Шарттың 10-тармағының 22) тармақшасына сәйкес осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді ұсынбаған кезде;
2) осы Шарттың қолданылу мерзімі өткеннен кейін.
10-тарау. Басқа ережелер
31. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
32. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
33. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
34. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
35. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
11-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
36. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
Бірыңғай сатып алушының атауы |
Субъектінің атауы |
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың келісім бағасы (жеке тарифі), көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет бағасы (жеке тарифі), мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Субъекттің электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл** | Электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні, МВт | Оның ішінде: | Экспорттың ең жоғары электр қуаты, МВт |
электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні, МВт*** | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі және ай/жыл форматында көрсетіледі: ______20__ ж;
*** – Субъектінің электр станцияларының барлық меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәнін де, Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік қажеттіліктерінің электр қуатының тиісті ең жоғары мәнін де қосатын Субъектінің электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні.
Бұл қосымша электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін толтырылады.
Қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
___________________________ 20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
_______________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан,
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын:
1) "___________________________________________________________" Қазақстан Республикасы Үкіметінің ______№___ қаулысын (бұдан әрі – Қаулы);
2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары) назарға ала отырып, мыналар туралы қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
2) банк кепілдігі – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2017 жылғы 28 қаңтардағы № 21 қаулысымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14915 тіркелген) Банк кепілдіктері мен кепілгерлігін беру қағидаларына сәйкес ресімделген және банк клиентке (борышкер тұлғаға) оның өтініші негізінде үшінші тұлғаның (кредитор тұлғаның) пайдасына беретін жазбаша құжат (SWIFT жүйесі бойынша шығарылады), осы құжат негізінде онда көрсетілген шарттарға сәйкес банк шекті соманы үшінші тұлғаға (кредитор тұлғаға) төлеуге міндеттенеді;
3) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
4) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың істеп турған жұмыс электр қуаттарының ведомосі – жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;
5) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті есептеу жүргізілетін айдың бірінші күнгі сағат 00-00-ден айдың соңғы күнгі 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
6) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде тепе-теңдікті сақтайтын, жүйелік қызметтер көрсететін және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен көмекші қызметтер сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсететін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
7) коммерциялық есепке алу кешені – белгілі бір коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
8) қаржылық қамтамасыз ету – банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив түріндегі қаржы ресурстары;
9) өндіруші қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
10) резервтік аккредитив – борышкер тұлға бенефициар алдындағы міндеттемелерін орындамаған жағдайдың басталуы кезіндегі соманы аккредитив бойынша бенефициардың пайдасына төлеу жөніндегі банктің міндеттемесі (резервтік аккредитив SWIFT жүйесі бойынша шығарылады);
11) техникалық минимум – конденсациялық, жылыту, газ турбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығынын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуатының жиынтығы, МВт;
12) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі электр қуаттарының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) қосындысы, МВт;
13) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет;
14) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
15) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________.
(аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуге міндеттелетін баға (жеке тариф) (бұдан әрі – шарттық баға) мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алған техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді және _____ теңге/МВт құрайды.
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі ТЭН негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді және _____ МВт құрайды (бұдан әрі – шарттық көлем).
6. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті көрсетуге міндеттелетін, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттелетін мерзім ТЭН негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленеді.
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметінің шарттық бағасы (жеке тариф), сатып алу көлемі мен мерзімі жылдар бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
7. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
Егер субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың бірінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуаттарының мәндері көрсетілген болса, осы Шартқа 2-қосымшада осы электр қуаттарының мәндері көрсетілмейді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
4) Субъект осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасын тиісінше орындаған кезде жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға берілген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Шарттың 10-тармағының 22) тармақшасында көрсетілген субъектінің өз міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ететін осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуді қайтару (босату) туралы банкке (банктерге) хат жіберуге;
5) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап, 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесін ұсынбаған кезде осы Шарттың талаптарын орындаудың қаржылық қамтамасыз ету (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) сомасының 30 % мөлшерінде тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша ақы төлеуге талап қоюға;
6) бекітілген техникалық-экономикалық негіздемеде көзделген құрылыс мерзімі аяқталғаннан кейін бір ай өткен соң "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Құрылыс қызметі туралы Заң) 74-бабының 4-тармағына сәйкес бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесі ұсынылмаған жағдайда тиісті банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив бойынша (осы Шарттың орындалуын қамтамасыз ететін) Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 100 % мөлшерінде, ал осы тармақтың 6) тармақшасына сәйкес осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету бөлігін ұстап қалу кезінде осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету сомасының 70 % мөлшерінде ақы төлеуге талап қоюға міндетті.
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде Субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
10. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен жыл сайын жүйелік оператормен реттеу жөніндегі шарт жасасуға;
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға;
19) осы Шартқа қол қойылған күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай ішінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға жіберілген, жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның көшірмесі беруге;
20) Құрылыс қызметі туралы заңда айқындалған тәртіппен бекітілген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісінің көшірмесін ТЭН-де айқындалған мерзімде қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға бергеннен кейін бір ай ішінде беруге;
21) Бірыңғай сатып алушының сұрауы бойынша жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар құрылысының барысы туралы ақпарат жіберуге;
22) Бірыңғай сатып алушыға осы Шартқа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде Банктік кепілдіктер мен кепілгерліктерді беру қағидаларына сәйкес ресімделген банктік кепілдігін немесе SWIFT жүйесі бойынша шығарылған резервтік аккредитивті беру жолымен осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету ұсынуға.
Банк кепілдігі немесе резервтік аккредитивті тендер жеңімпазы Қазақстан Республикасының резидент-банктерінен шетел валютасындағы Standard&Poor's бойынша "В" немесе Moody's InvestorsService бойынша "В-" немесе Fitch бойынша "В-" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "В3" төмен емес не Standard&Poor's бойынша "ВВВ" деңгейінен төмен емес бас ұйымның (Қазақстан Республикасының резидент Банкі акцияларының 50 %-дан астамы тиесілі) рейтингі немесе Fitch бойынша "ВВВ" немесе Moody'sInvestorsService бойынша "Ваа2" ұсынады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының резидент емес банктерінен банктік кепілдікті немесе резервтік аккредитивті резидент емес банктер резидент емес банктердің қарсы міндеттемелеріне кепілдік беру арқылы растайды.
Standard&Poor's бойынша "ВВВ"-дан төмен емес, Moody'sInvestorsService бойынша Fitch "Ваа2" бойынша "ВВВ"-дан төмен емес шетел валютасындағы Қазақстан Республикасының резидент емес банктеріне банк кепілдігін немесе резервтік аккредитивті тиісті қарсы міндеттемелерді шығармай шығаруға рұқсат етіледі.
Осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің қажетті көлемі ____________ теңгені құрайды және осы Шарт талаптарының орындалуын қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәнінің (теңгемен/МВт-пен) және қолдау жөніндегі қызмет көлемінің (МВт-пен) туындысы ретінде айқындалады.
Осы электр қуатын сатып алу шартының талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етудің үлестік мәні 1 000 000 (бір миллион) теңге/МВт құрайды.
Осы тармақшада көрсетілген банк кепілдігі немесе резервтік аккредитив қайтарып алынбайтын болып табылады, осы Шарттың 10-тармағының 20) тармақшасында көзделген жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды пайдалануға қабылдау актісін ұсыну мерзіміне екі ай қолданылу мерзімімен олардың толық немесе алушының (бенефициардың) нұсқауы бойынша бөліп-бөліп орындалуын көздейді;
23) осы Шарттың, оның ішінде алушы (бенефициар) Банкінің талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз етуге байланысты барлық банк комиссияларын және шығыстарды төлеуге;
24) Субъект құқықтар мен міндеттерді басқаға беру шартын жасасқанға дейін Бірыңғай сатып алушыны хабардар етуге міндетті.
11. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге;
3) жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғылар уақтылы пайдалануға берілген кезде оның осы Шарт бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ететін осы Шарт талаптарының немесе бөлігінің орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге;
4) осы Шарт бойынша өз құқықтары мен міндеттерін үшінші тұлғаға және осы Шарт бойынша құқықтар мен талаптарды қабылдайтын үшінші тұлғаға беруге.
Осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді беру осы Шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді қабылдайтын үшінші тұлғаға осы Шарттың 11-тармағының 22) тармақшасына сәйкес осы Шарттың талаптарын орындауды қаржылық қамтамасыз ету берілгеннен кейін жүзеге асырылады.
Осы тармақтың барлық талаптары жүзеге асырылғаннан кейін, сондай-ақ Қаулыға тиісті өзгерістер енгізілген кезде үшінші тұлға қуаты 35 МВт-тан асатын судың гидродинамикалық энергиясын пайдаланатын жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызметті іске асыратын заңды тұлға деп танылады;
5) Бірыңғай сатып алушыдан осы тармақтың 4) тармақшасының үшінші бөлігінде көрсетілген талаптар орындалғаннан кейін Шарттың орындалуын қаржылық қамтамасыз етуді қайтаруды (босатуды) талап етуге құқылы.
4-тарау. Қолдау көрсету қызметыне ақы төлеу
12. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
13. Осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
14. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
15. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
16. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
17. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
18. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
19. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
20. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
22. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
23. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
24. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
25. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Басқа ережелер
26. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
27. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
28. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
29. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
30. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
31. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
32. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
Бірыңғай сатып алушының атауы |
Субъектінің атауы |
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың жеке тарифі, көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Субъекттің электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл** | Электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні, МВт | Оның ішінде: | Экспорттың ең жоғары электр қуаты, МВт |
электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні, МВт*** | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі және ай/жыл форматында көрсетіледі: ______20__ ж;
*** – Субъектінің электр станцияларының барлық меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәнін де, Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік қажеттіліктерінің электр қуатының тиісті ең жоғары мәнін де қосатын Субъектінің электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні.
Бұл қосымша электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін толтырылады.
Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
___________________________ 20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
_______________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан,
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары);
2) ____________________________ _____ жылдарға арналған жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған 20___ жылғы_______ № ____ инвестициялық келісімді (бұдан әрі – Инвестициялық келісім), назарға ала отырып, мыналар туралы уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасқан қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
2) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
3) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың істеп турған жұмыс электр қуаттарының ведомосі – жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;
4) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті есептеу жүргізілетін айдың бірінші күнгі сағат 00-00-ден айдың соңғы күнгі 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
5) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде тепе-теңдікті сақтайтын, жүйелік қызметтер көрсететін және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен көмекші қызметтер сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсететін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
6) коммерциялық есепке алу кешені – белгілі бір коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
7) өндіруші қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
8) техникалық минимум – конденсациялық, жылыту, газ турбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығынын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуатының жиынтығы, МВт;
9) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі электр қуаттарының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) қосындысы, МВт;
10) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет;
11) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
12) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________. (аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъекттің қолдау жөніндегі қызметіне ақы төлеуге міндеттелетін баға (жеке тариф) Инвестициялық келісімнің талаптарына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – шарттық баға).
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі Инвестициялық келісімнің талаптарына сәйкес айқындалады және _____МВт құрайды (бұдан әрі – шарттық көлем).
6. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге міндеттелетін, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттелетін мерзім Инвестициялық келісімнің талаптарына сәйкес айқындалады.
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық бағасы (жеке тариф), сатып алу көлемі мен мерзімі жылдар бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
7. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
Егер субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың бірінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуаттарының мәндері көрсетілген болса, осы Шартқа 2-қосымшада осы электр қуаттарының мәндері көрсетілмейді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға құқылы.
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде Субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
10. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен жыл сайын жүйелік оператормен реттеу жөніндегі шарт жасасуға;
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
11. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
4-тарау. Қолдау көрсету қызметыне ақы төлеу
12. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
13. Осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
14. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
15. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
16. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
17. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
18. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
19. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
20. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
22. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
23. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
24. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
25. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Басқа ережелер
26. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
27. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
28. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
29. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
30. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
31. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
32. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
Бірыңғай сатып алушының атауы |
Субъектінің атауы |
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың келісім бағасы (жеке тарифі), көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет бағасы (жеке тарифі), мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Субъекттің электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл** | Электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні, МВт | Оның ішінде: | Экспорттың ең жоғары электр қуаты, МВт |
электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні, МВт*** | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі және ай/жыл форматында көрсетіледі: ______20__ ж;
*** – Субъектінің электр станцияларының барлық меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәнін де, Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік қажеттіліктерінің электр қуатының тиісті ең жоғары мәнін де қосатын Субъектінің электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні.
Бұл қосымша электр қуатын аттестаттаудан өткізгеннен кейін толтырылады.
Құрамына жылу электр орталықтары кіретін қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
___________________________ 20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
_______________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан,
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары) назарға ала отырып, мыналар туралы құрамына жылу электр орталықтары кіретін қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуатының қосындысы, МВт;
2) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау – аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын анықтауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
3) генерациялаудың, технологиялық және техникалық минимумдардың істеп турған жұмыс электр қуаттарының ведомосі – жүйелік оператор ағымдағы және алдағы есеп айырысу кезеңінің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жасайтын, оған энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерациялаудың жұмыс электр қуаттарының, генерациялаудың ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін құжат;
4) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметті есептеу жүргізілетін айдың бірінші күнгі сағат 00-00-ден айдың соңғы күнгі 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт – Гринвич меридианының уақыты плюс бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
5) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыратын, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмыс істеуді қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде тепе-теңдікті сақтайтын, жүйелік қызметтер көрсететін және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен көмекші қызметтер сатып алатын, сондай-ақ ұлттық электр желісіне техникалық қызмет көрсететін және пайдалану әзірлігінде ұстап тұратын және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания;
6) коммерциялық есепке алу кешені – белгілі бір коммерциялық есепке алу нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
7) өндіруші қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
8) техникалық минимум – конденсациялық, жылыту, газ турбиналы және бу-газды электр станциялары үшін – тиісті паспорттық деректерге сәйкес олардың жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша, гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар берген су шығынын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуатының жиынтығы, МВт;
9) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі электр қуаттарының (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) қосындысы, МВт;
10) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет – энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет;
11) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы – энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәні мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
12) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерациялаудың электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін белгілеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________.
(аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъекттің қолдау жөніндегі қызметіне ақы төлеуге міндеттелетін баға (жеке тариф) Қуат нарығы қағидаларының 11-тармағына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – шарттық баға).
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – шарттық көлем).
6. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің, оның ішінде осы көлемде есепке алынған генерациялайтын қондырғыларға (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) келетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемінің тек қана жылу тұтынумен жұмыс істеуге арналған бөлігінің шарттық есебі осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
7. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге міндеттелетін, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттелетін мерзім Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалады.
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық бағасы (жеке тариф), сатып алу көлемі мен мерзімі жылдар бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
8. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
Егер субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың бірінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуаттарының мәндері көрсетілген болса, осы Шартқа 3-қосымшада осы электр қуаттарының мәндері көрсетілмейді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға міндетті.
10. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде Субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
11. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) ай сайын, есеп айырысу айының алдындағы айдың соңғы күніне дейін, жүйелік операторға алдағы есеп айырысу кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне генерацияның ықтимал электр қуатының мәндері туралы ақпаратты ұсыну және осы ақпаратты жүйелік оператормен келісуге (Бірыңғай сатып алушымен Қуат нарығы қағидалардың 11-тармағының 6) тармақшасына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт жасасқан энергия өндіруші ұйымдар үшін, сондай-ақ тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін (құрамына қалаларды күзгі-қысқы кезеңнен өту кезеңінде орталықтандырылған жылумен жабдықтауды жүзеге асыратын жылу электр орталықтары ғана кіретін);
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
12. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
4-тарау. Қолдау көрсету қызметыне ақы төлеу
13. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
14. Осы Шарттың 13-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
15. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
16. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
17. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
18. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
19. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
20. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
22. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
23. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
24. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
25. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
26. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Басқа ережелер
27. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
28. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
29. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
30. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
31. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
32. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
33. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
Бірыңғай сатып алушының атауы |
Субъектінің атауы |
(қолы)
Құрамына жылу электр орталықтары кіретін қолданыстағы энергия өндіруші ұйымдармен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шартқа 1-қосымша |
|
Нысан |
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың келісім бағасы (жеке тарифі), көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет бағасы (жеке тарифі), мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің, оның ішінде осы көлемде ескерілген өндіруші қондырғыларға (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) келетін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің бір бөлігінің шарттық есебі
Осы Есеп Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 688 бұйрығымен бекітілген(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12510 болып тіркелген) Бірыңғай сатып алушы құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің көлемін айқындау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
1. Параметрлері.
1-кесте*
Р/с № | ЭӨҰ станциясының атауы** | Параметрлері*** | |||||||||||||
t орт(5) | tтік оС | tкері оС | Gцирк |
Gтолық |
Qайнал |
t0 |
Qтолық |
Qшсық |
Qрсқ |
Qтұщ, |
Qөқ, |
Qбу, |
Q | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
1 | |||||||||||||||
2 | |||||||||||||||
3 |
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына гигакаллория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарының құрамына кіретін жылу электр орталығы (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы);
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
1) tорт(5) – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасы (соңғы), ℃ Цельсий градусымен;
2) tтік – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша тікелей судың температурасы, ℃ Цельсий градусымен;
3) tкері – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша кері судың температурасы, ℃ Цельсий градусымен;
4) Gцирк – ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша су айналымының ең көп мәні, тонна/сағ;
5) Gтолық – ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша толықтырудың мәні, тонна/сағ;
6) Qайнал – айналма суы бар ЭӨҰ станциясының жылу беру қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні, Гкал/сағ;
7) t0– өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін бастапқы шикі судың температурасы, Цельсий градусымен ℃;
8) Qтолық– толықтыруы бар ЭӨҰ станциясының жылу берудің қажетті қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні, Гкал/сағ;
9) Qшсық – өткен бес күзгі-қысқы кезеңнің (соңғы) ең суық бес күндік үшін ЭӨҰ станциясының көрсетілген бес күндік ішінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ең жоғары су жылыту қазандықтарының орташа жылу қуаты, Гкал/сағ;
10) Qрсқ – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндік үшін ЭӨҰ станциясының көрсетілген бес күндік ішінде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге тартылған редукциялық-салқындатқыш қондырғыларының барлық типтерінің орташа жылу қуаты, Гкал/сағ;
11) Qтұщ – ЭӨҰ станциясының бастапқы (теңіз) суын тұщыландыру үшін ЭӨҰ станциясының жылуын босату қуатының қажеттілігінің тиісті жылдағы ең жоғары белгіленген мәні, Гкал/сағ;
12) Qөқ – тиісті жыл үшін ЭӨҰ станциясының өз қажеттіліктеріне қажетті жылу шығыны қуатының берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
13) Qбу – тұтынушыларға бу жібере отырып, ЭӨҰ станциясының қажетті жылу шығыны қуатының тиісті жыл үшін берілген ең жоғары мәні, Гкал/сағ;
14) Q – жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының жұмыс істеп тұрған барлық генерациялайтын қондырғыларының тиісті жылдағы жылу жүктемесінің берілген ең көп деңгейі, Гкал/сағ.
2-кесте*
Р/с | ЭӨҰ станциясы ГҚ атауы** | Параметрлері*** | ||||
Qбелг.гқ,Гкал/сағ | , Гкал/сағ |
Qгқ, |
Рмин.гқ, | МВт | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 |
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына гигакаллория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетілген;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарының құрамына кіретін жылу электр орталығы, (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы);
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
1) Qбелг.гқ. – жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының гнерациялайтын қондырғыларының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;
2)
– жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының барлық генерациялайтын қондырғыларының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;3) Qгқ – жылыту іріктеуі (іріктеулері) бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының жылу жүктемесінің тиісті жылдағы берілген ең көп деңгейі, Гкал/сағ;
4)Рмин.гқ. – ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;
5)
– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт.3-кесте*
№ | ЖЭО атауы** | Параметрлері*** | |||
МВт | МВт | МВт | КҚК МВт | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1 | |||||
2 | |||||
3 |
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына гигакаллория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы) құрамына кіретін жылу электр орталығы;
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
1)
– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;2)
– ЭӨҰ станцияларның генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;3)
– энергия өндіруші ұйымның өзіндік тұтынуының тиісті жылдағы электр қуатының ең көп мәні, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы шартта көрсетіледі, МВт;4) КҚК – құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен Бірыңғай сатып алушы жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін кызметтің көлемі, МВт.
2. Осы Есепте көрсетілген барлық генерациялайтын қондырғылардың тәуелділік графиктері (Есепке қоса беріледі).
Бұл ретте әрбір тәуелділік графигіне осы график бойынша әрбір көрсетілген қадамды егжей-тегжейлі негіздей отырып, тиісті генерациялайтын қондырғының (оның жылу жүктемесінің берілген деңгейінде) ең төменгі электр қуатының тәуелділігін айқындау процесінің қадамдық сипаттамасы қоса беріледі.
Егер ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысында бірнеше бу іріктеуі бар болса, осы тармақта көрсетілген процестің кезең-кезеңімен сипаттамасында іріктеулер арасында будың бөлінуін есептеуде пайдаланылатын негіздеме де көрсетіледі.
Егер есептеу графигін пайдалану үшін іріктеулерден алынған бу энтальпияларының мәндерін пайдалана отырып аралық есептеулер пайдаланылған жағдайда, осы тармақта көрсетілген процестің қадамдық сипаттамасында қолданылған формулалар мен пайдаланылған бастапқы деректердің егжей-тегжейлі сипаттамасы бар осы есептеулер де көрсетіледі.
3. Жергілікті атқарушы органмен келісілген алдағы күзгі-қысқы кезеңге арналған температуралық кестелер, қолданыстағы энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін осы есепте көрсетілген барлық жылу электр орталықтары (есепке қоса беріледі).
4. Осы есепте көрсетілген барлық генерациялайтын қондырғылардың паспорттық деректерінің көшірмелері (есепке қоса беріледі).
5. Растайтын құжаттар (есепке қоса беріледі):
1) өткен күзгі-қысқы кезеңнің ең суық бес күндік күндері (күндері) ;
2) осы есепте көрсетілген ең жоғары су жылыту қазандықтарының және осы бес күн ішінде тұтынушыларды жылумен жабдықтаумен қамтамасыз етуге тартылған ЭӨҰ станцияларының редукциялық-салқындату қондырғыларының барлық түрлерінің жылу қуаттарының ең суық бес күндік орташа мәндері;
3) өткен күзгі-қысқы кезеңнің ең суық бескүндігі уақытындағы орташа сыртқы ауа температурасының мәні;
4) өткен күзгі-қысқы кезеңнің ең суық бескүндігі уақытындағы орташа бастапқы шикі су температурасының мәні.
6. Есептеулердің қадамдық сипаттамасы (осы Қағидаларда көрсетілген формулалар бойынша), олардың нәтижелері бойынша осы есептеудің 1, 2 және 3-кестелерінде көрсетілген параметрлердің мәндері айқындалған).
Субъекттің электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл** | Электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні, МВт | Оның ішінде: | Экспорттың ең жоғары электр қуаты, МВт |
электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні, МВт*** | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі және ай/жыл форматында көрсетіледі: ______20__ ж;
*** – Субъектінің электр станцияларының барлық меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәнін де, Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік қажеттіліктерінің электр қуатының тиісті ең жоғары мәнін де қосатын Субъектінің электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы үлгілік шарт
___________________________ 20__жылғы "___"__________
(шарт жасасу орны)
_______________________________________________________________,
(энергия өндіруші ұйымның атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(құжаттың атауы)
бұдан әрі "Субъект" деп аталатын, бір жағынан,
____________________________________________________________________,
(бірыңғай сатып алушының атауы, БСН)
атынан _____________________________________________________________,
(лауазымы, Т. А. Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(бірыңғай сатып алушының құрылтай құжаты)
бұдан әрі "Бірыңғай сатып алушы" деп аталатын, екінші жағынан, бұдан әрі бірге "Тараптар" деп, ал жеке-жеке "Тарап" деп аталатын, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) бекітілген Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын (бұдан әрі – Қуат нарығының қағидалары) назарға ала отырып, мыналар туралы электр қуатының орталықтандырылған сауда-саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы шартта мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
1) аттестатталған электр қуаты – тиісті аттестаттау нәтижелері бойынша электр станцияларының аттестатталған электр қуаттарының жиынтығы, МВт;
2) генерацияның жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосы-энергия өндіруші ұйымдар ұсынған және жүйелік оператормен келісілген генерацияның жұмыс электр қуаттарының, генерацияның ықтимал электр қуаттарының, энергия өндіруші ұйымдардың электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері енгізілетін ағымдағы және алдағы есептік кезеңнің (күнтізбелік айдың) әрбір тәулігіне жүйелік оператор жасайтын құжат;
3) генерациялайтын қондырғы-электр энергиясын өндіретін құрылғы;
4) генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттау-аттестатталған электр қуатының мәндерін және электр қуатын ұлғайту мен азайтудың аттестатталған жылдамдықтарын айқындауға бағытталған жүйелік оператор жүргізетін іс-шаралар;
5) есептік кезең – осы Шартта электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызмет есептелетін айдың бірінші күнінің 00-00-ден соңғы күнінің 24-00-ге дейінгі (орта еуропалық уақыт-Гринвич Меридианы қосу бір сағат) бір күнтізбелік айға тең уақыт кезеңі ретінде айқындалған кезең;
6) жүйелік оператор – орталықтандырылған жедел-диспетчерлік басқаруды, басқа мемлекеттердің энергия жүйелерімен қатар жұмысты қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінде теңгерімді сақтауды, жүйелік қызметтер көрсетуді және электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілерінен қосалқы қызметтер сатып алуды жүзеге асыратын, сондай-ақ ұлттық электр желiсiн ұстау және пайдалану әзірлігін және оның дамуын қамтамасыз ететін ұлттық компания
7) коммерциялық есепке алу кешені-коммерциялық есепке алудың белгілі бір нүктесі мен ақпарат жинау құрылғысына қосылу нүктесі арасында орналасқан коммерциялық есепке алу үшін қажетті жабдық;
8) техникалық минимум – тиісті паспорттық деректерге сәйкес гидравликалық электр станциялары үшін Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су шығыстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардың су шығыстарын қамтамасыз ету шарттары бойынша конденсациялық, жылыту, газ турбиналық және бу-газ электр станциялары үшін-олардың жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз ету шарттары бойынша генерациялайтын қондырғылардың ең төменгі рұқсат етілген электр қуаттарының жиынтығы, МВт;
9) технологиялық минимум – генерациялайтын қондырғылардың (олардың жылу жүктемесінің берілген деңгейі кезінде) ең төменгі электр қуаттарының жиынтығы, МВт;
10) электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі қызмет - энергия өндіруші ұйымдар Бірыңғай сатып алушыға жүктемені көтеруге генерациялайтын қондырғылардың белгіленген тәртіппен аттестатталған электр қуатының әзірлігін қолдау жөніндегі көрсетілетін қызмет;
11) электр қуатын азайтудың аттестатталған жылдамдығы-энергия өндіруші ұйымның электр станциясының электр қуатын азайту жылдамдығының орташа мәні генерацияның электр қуатын азайту жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасында белгіленген, МВт/минут;
12) электр қуатын ұлғайтудың аттестатталған жылдамдығы – генерацияның электр қуатын ұлғайту жылдамдығының мәнін тіркеудің басталу уақыты мен оның аяқталу уақыты арасындағы энергия өндіруші ұйымның электр станциясының генерациялайтын қондырғыларының электр қуатын ұлғайту жылдамдығының орташа мәні, МВт/минут.
Осы Шартта пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
2-тарау. Шарттың мәні
2. Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес Субъект электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет) көрсетуге, ал Бірыңғай сатып алушы сатып алуға және төлеуге міндеттенеді.
3. Әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көрсетудің техникалық шарттары мен сипаттамалары: ________________________________
____________________________________________________________________.
(аталған тармақта осы Шарт нысанасының техникалық талаптары мен сипаттамалары көзделеді)
4. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт бойынша Субъекттің қолдау жөніндегі қызметіне ақы төлеуге міндеттелетін баға (жеке тариф) Қуат нарығы қағидаларына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – шарттық баға).
5. Осы Шарт бойынша Субъект Бірыңғай сатып алушыға көрсетуге міндеттелген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемі Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалады (бұдан әрі – шарттық көлем).
6. Осы Шарт бойынша Субъект әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көрсетуге міндеттелетін, ал Бірыңғай сатып алушы осы қызметті сатып алуға міндеттелетін мерзім Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындалады.
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шарттық бағасы (жеке тариф), сатып алу көлемі мен мерзімі жылдар бойынша осы Шартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
7. Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты жылдар бойынша осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетіледі.
Егер субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы қолданыстағы шарттардың бірінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген электр қуаттарының мәндері көрсетілген болса, осы Шартқа 2-қосымшада осы электр қуаттарының мәндері көрсетілмейді.
3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
8. Бірыңғай сатып алушы:
1) осы Шартқа сәйкес Субъектіні әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке уақтылы ақы төлеуге;
2) Субъектіні өзінің атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті өзге де деректемелердің өзгергені туралы дереу хабардар етуге;
3) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға құқылы.
9. Бірыңғай сатып алушы:
1) Қуат нарығының қағидаларына сәйкес осы Шартты бұзуды немесе өзгерістер енгізуді жүзеге асыруға;
2) Осы Шартқа және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамаға сәйкес әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті алуға;
3) мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша олардың құзыреті шегінде Субъектінің электр қуаты нарығындағы қызметі туралы ақпарат беруге;
4) субъектіден осы Шарт бойынша міндеттерді орындауды талап етуге;
5) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
10. Субъект:
1) шарттық көлемге тең немесе одан асатын көлемде оның құрамына кіретін генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын тұрақты дайындықта ұстауға;
2) күн сайын жүйелік операторға электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге реттеуге қатысуға өтінім беруге;
3) электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында көтеруге және төмендетуге арналған теңгерімдеуге қатысуға өтінімдерді орындауды жүзеге асыруға;
4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес жиілікті жалпы бастапқы реттеу жүйесін тұрақты әзірлікте ұстауға;
5) күн сайын, ағымдағы тәуліктің сағат 08:00-ге дейін (Астана қаласының уақыты бойынша) жүйелік операторға энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының генерациясының жұмыс электр қуаттарының, технологиялық және техникалық минимумдарының мәндері туралы ақпаратты алдағы жоспарлау тәулігіне ұсынуға (бұл ретте, алдағы тәулік ішінде генерациялайтын жабдықты жөндеуден шығарған жағдайда (жабдықты жөндеуге шығаруға жүйелік операторға тиісті өтінім болған жағдайда) осы ақпаратты бір рет (тәулігіне бір рет) түзетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Су кодексінің 40-бабына сәйкес су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялардан тиісті тәулік ішінде келіп түскен су режимін өзгерту туралы өкімнің көшірмесі жүйелік операторға берілген жағдайда осы ақпаратты қосымша түзетуге рұқсат етіледі);
6) жүйелік операторға Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының ағымдағы мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының ағымдағы мәндері туралы телеметриялық ақпарат беруге;
7) жүйелік операторға күн сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпарат беруге;
8) ай сайын Субъектінің электр станцияларының желісіне генерациялау және босату электр қуаттарының нақты сағаттық мәндері туралы және алдыңғы есептік кезеңдегі (күнтізбелік айдағы) Субъектінің өз тұтынуының электр қуатының нақты сағаттық мәндері туралы ақпаратты тіркеп, жүйелік операторға ұсынуға;
9) жүйелік оператордың электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесіне қосыла отырып, электр энергиясын коммерциялық есепке алудың өлшеу кешендерінің болуын қамтамасыз етуге;
10) көрсеткіштерді алу, телеөлшеу тізбектерінің және коммерциялық есепке алу жүйелерінің техникалық жай-күйін тексеру мақсатында жүйелік оператор қызметкерлеріне коммерциялық есепке алу аспаптарына қол жеткізуге рұқсат беруге;
11) Бірыңғай сатып алушыны атауының, заңды мекенжайының, нақты орналасқан жерінің және осы Шартты орындау үшін қажетті басқа да мәліметтердің өзгеруі туралы дереу хабардар етуге;
12) жүйелік оператормен келісілген электр желілік, электр және жылу энергетикалық жабдықтарды, релелік қорғау және автоматика құрылғыларын және жүйелік оператордың жедел басқаруындағы және жүргізуіндегі аварияға қарсы автоматиканы күрделі және ағымдағы жөндеудің жылдық, тоқсандық, айлық кестелерін бұзбауға;
13) Электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны қоспағанда, электр энергиясының көтерме және бөлшек сауда нарығы субъектілеріне электр энергиясын өткізуге (сатуға) жол бермеуге;
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 686 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12489 болып тіркелген) бекітілген Генерациялайтын қондырғылардың электр қуатына аттестаттауды өткізу қағидаларына сәйкес генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын кезектен тыс аттестаттаудан өтуге;
15) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес тарату құрылғыларының, Субъектінің объектілерінде орналасқан аварияға қарсы автоматика құрылғыларының, электр энергиясын коммерциялық есепке алу аспаптары мен кешендерінің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз етуге;
16) жүйелік операторға жоспарлаудың тиісті тәулігіне берілген энергия өндіруші ұйымның құрамына кіретін электр станцияларының технологиялық және техникалық минимумдары, генерацияның жұмыс электр қуаттарының мәндері туралы ақпарат бойынша айқындалатын техникалық мүмкіндік шегінде генерация режимін сағаттық жоспарлауды жүзеге асыруға;
17) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 169 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20554 болып тіркелген) Тұтынушыларды электр станцияларының тізбесіне қосу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен жыл сайын жүйелік оператормен реттеу жөніндегі шарт жасасуға;
18) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10532 болып тіркелген) бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларына сәйкес айқындалатын тәртіппен электр энергиясының теңгерімдеуші нарығына қатысуға міндетті.
11. Субъект:
1) Бірыңғай сатып алушыдан осы Шартқа сәйкес қолдау жөніндегі қызметке ақы төлеуді талап етуге;
2) осы Шартты жасасуға және орындауға байланысты даулы мәселелерді шешу үшін сот органдарына жүгінуге құқылы.
4-тарау. Қолдау көрсету қызметыне ақы төлеу
12. Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметі үшін ай сайын, бірақ осы қызмет көрсету айы аяқталғаннан кейін қырық бес жұмыс күнінен кешіктірмей төлейді.
Бірыңғай сатып алушы осы Шарт шеңберінде Субъектіге есеп айырысу кезеңі (күнтізбелік ай) үшін әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілген нақты көлемі (бұдан әрі – әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі) үшін ақы төлейді.
Әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің көрсетілетін нақты көлемін Бірыңғай сатып алушы Қуат нарығының қағидаларына сәйкес айқындайды.
Бірыңғай сатып алушының төлеуіне жататын әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлемі туралы ақпаратты (бұдан әрі – Ақпарат) Бірыңғай сатып алушы тиісті есептік кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Субъектіге ұсынады.
13. Осы Шарттың 12-тармағында көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметтің нақты көлеміне ақы төлеуді Бірыңғай сатып алушы Субъект төлеуге ұсынған тиісті шот-фактураның және Тараптар қол қойған көрсетілген қызметтер актісінің негізінде жүргізеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген шот-фактураны Субъект Бірыңғай сатып алушы Субъектіге берген тиісті ақпараттың негізінде қалыптастырады.
14. Егер Бірыңғай сатып алушы қойылған шот-фактураның дұрыстығына дау айтса, ол Қазақстан Республикасында электр энергиясын өндіру-тұтынудың нақты теңгерімі бекітілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде субъектіні хабардар етеді және Субъектіге қарсылықтары баяндалған жазбаша өтініш береді. Бұл ретте Бірыңғай сатып алушы шот-фактураның даулы емес бөлігін осы Шарттың 12-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес төлеуге міндетті.
Жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім жүйелік оператордан хабарлама алған күннен бастап есептелсін.
Бірыңғай сатып алушы төлемді жүзеге асырғаннан кейін әзірлігін ұстап тұру қызметінің нақты көлемін айқындау үшін қолданылатын өлшемсіз коэффициенттердің мәндері өзгерген кезде Субъект Бірыңғай сатып алушыдан жазбаша хабарлама алған күннен бастап жеті жұмыс күнінен кешіктірмей Бірыңғай сатып алушының атына бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға міндетті.
Субъект жүйелік оператор айқындайтын өлшемсіз коэффициенттердің өзгертілген мәндерімен келіспеген жағдайда, Субъект жүйелік оператормен даулар шешілгенге дейін осы тармақтың үшінші бөлігіне сәйкес ақша қаражатын қайтаруды жүзеге асырады.
15. Бірыңғай сатып алушының қолдау жөніндегі қызметтің нақты көлемдерін төлеуі осы Шартта көрсетілген деректемелер бойынша Субъектінің ағымдағы шотына тиісті ақша көлемдерін аудару арқылы жүзеге асырылады.
16. Алдыңғы есептік кезеңдер үшін берешек болған кезде, төлем бірінші кезекте осы берешекті өтеуге жіберіледі. Егер есеп айырысу кезеңінде Бірыңғай сатып алушы Субъектіге тиісті шот-фактурада көрсетілген сомадан асатын соманы төлеген жағдайда, бұл асып кетудің айырмасы автоматты түрде келесі есеп айырысу кезеңінің аванстық төлеміне есептеледі.
5-тарау. Есепке алуды ұйымдастыру
17. Электр энергиясын есепке алу үшін Субъект тексерілген және пломбаланған коммерциялық есепке алу аспаптарын пайдаланады.
18. Коммерциялық есепке алу аспаптарының жұмысының өзгеруіне немесе бұзылуына байланысты кез келген жұмыс түрін жүргізу кезінде Субъект жұмыс басталар алдында бұл туралы Бірыңғай сатып алушыға жазбаша хабарлайды. Субъект жөндеу жүргізген кезеңде есепке алу жүйелік оператормен келісілген уақытша схемалар бойынша жүзеге асырылады.
6-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
19. Осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Тараптар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
20. Субъект осы Шарт бойынша ұсынылған деректер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
21. Шот-фактураны ол бойынша төлеу мерзімі басталған сәтте төлемегені үшін Субъект төлем мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап Бірыңғай сатып алушы төлемеген сомалар бойынша тұрақсыздық айыбын есептеуге құқылы. Мерзімі өткен сомалар бойынша Субъект бірыңғай сатып алушыдан төлем мерзімі өткен әрбір күн үшін Бірыңғай сатып алушының ақшалай міндеттемені нақты орындамаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың 1,5 еселенген мөлшерлемесін негізге ала отырып есептелген тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етуге құқылы.
7-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары
22. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес айқындалады.
23. Егер бұл еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауаптылықтан босатылады. Бұл жағдайда Тараптардың ешқайсысы шығындарды қайтарып алуға құқылы болмайды. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы еңсерілмейтін күш мән-жайлары туындағанға дейінгі туындайтын осы Шарт бойынша міндеттерден босатылмайды.
24. Егер Тараптардың бірі еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда болса, екінші Тараптың Шартты бұзуға құқығы бар.
8-тарау. Дауларды қарау
25. Осы Шарттан туындайтын барлық даулар немесе келіспеушіліктер Тараптардың келіссөздері арқылы шешіледі.
Егер осы Шарттан туындайтын даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер жолымен шешілмесе, онда мұндай даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 29-бабына сәйкес Бірыңғай сатып алушының орналасқан жері бойынша соттарда шешілуге тиіс.
9-тарау. Басқа ережелер
26. Осы Шарт бойынша Тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі.
27. Тараптардың осы Шарттан туындайтын және ол реттемеген қатынастары Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасымен реттеледі.
28. Осы Шартта қамтылған ақпарат құпия болып табылады және осы Шартта көзделген жағдайларды және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың жазбаша келісімінсіз ашылуға және/немесе үшінші тараптарға берілуге жатпайды.
29. Осы Шартқа барлық өзгерістер мен қосымшалар, егер олар жазбаша түрде жасалып, екі тарап қол қойған жағдайда ғана жарамды және күшіне енеді.
30. Осы Шарт оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың соңғы жылы аяқталғанға дейін қолданылады.
31. Шарт екі данада, мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарап үшін бір данадан жасалады. Екі дана да бірдей заңды күшке ие.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
32. Тараптардың заңды мекенжайлары, банк деректемелері және қолдары
Бірыңғай сатып алушының атауы |
Субъектінің атауы |
Электр қуатының орталықтандырылған сауда саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметті сатып алу туралы үлгілік шартқа 1-қосымша |
|
Нысан |
Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың келісім бағасы (жеке тарифі), көлемі және мерзімі, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл ** | ҚҚС есебінсіз электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет бағасы (жеке тарифі), мың теңге/(МВт*ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт*ай | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жылдар*** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімінің әрбір кезеңі ай/жыл форматында көрсетіледі: __________20___ ж.
*** – Субъектінің электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі оның әрбір кезеңі үшін бірдей ай/жыл форматында көрсетіледі: ____20 ___ ж. - _____20 ___ ж.
Электр қуатының орталықтандырылған сауда саттығының нәтижелері бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметті сатып алу туралы үлгілік шартқа 2-қосымша |
|
Нысан |
Субъекттің электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні және экспортының ең жоғары электр қуаты, жылдар бойынша*
Р/с № | Кезең, жыл** | Электр қуатының меншікті тұтынуының ең жоғары мәні, МВт | Оның ішінде: | Экспорттың ең жоғары электр қуаты, МВт |
электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні, МВт*** | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | ||||
2 | ||||
3 |
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – кезеңдер осы Шартқа 1-қосымшада көрсетілген кезеңдерге сәйкес келуі және ай/жыл форматында көрсетіледі: ______20__ ж;
*** – Субъектінің электр станцияларының барлық меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәнін де, Субъектінің осы электр станцияларының барлық шаруашылық және өндірістік қажеттіліктерінің электр қуатының тиісті ең жоғары мәнін де қосатын Субъектінің электр станцияларының меншікті қажеттіліктерінің электр қуатының ең жоғары мәні.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі көрсетілетін қызметтер көлемін есептеу
1. Параметрлері.
1-кесте*
Р/с № | ЭӨҰ станциясының атауы * | Параметрлері*** | |||||||||||||
tcp(5) оС | tпрям оС | tобр оС | Gцирк тонн/сағ |
Gтолық |
Qайнал |
t0 |
Qтолық |
Qшсық |
Qрсқ |
Qтұщ, |
Qөқ, |
Qбу, |
Q | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
1 | |||||||||||||||
2 | |||||||||||||||
3 |
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына гигакаллория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарының құрамына кіретін жылу электр орталығы, (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы );
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
1) tорт(5) – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасы (соңғы), ℃ Цельсий градусымен;
2) tтік – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша тікелей судың температурасы, ℃ Цельсий градусымен;
3) tкері – өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша кері судың температурасы, ℃ Цельсий градусымен:
4) Gцирк – ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша су айналымының ең көп мәні, тонна/сағ;
5) Gтолық – ЭӨҰ станциясының қолданыстағы температуралық графигі бойынша толықтырудың мәні, тонна/сағ.
6) Qайнал – айналма суы бар ЭӨҰ станциясының жылу беру қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні, Гкал/сағ;
7) t0– өткен бес күзгі-қысқы кезеңдегі (соңғы) ең суық бес күндік сыртқы ауаның орташа температурасына сәйкес келетін бастапқы шикі судың температурасы, Цельсий градусымен ℃;
8) Qтолық– толықтыруы бар ЭӨҰ станциясының жылу берудің қажетті қуатының тиісті жылдағы берілген ең көп мәні, Гкал/сағ;
9) Qтұщ – ЭӨҰ станциясының бастапқы (теңіз) суын тұщыландыру үшін ЭӨҰ станциясының жылуын босату қуатының қажеттілігінің тиісті жылдағы ең жоғары белгіленген мәні, Гкал / сағ;
10) Qшсық – өткен бес күзгі-қысқы кезеңнің (соңғы) ең суық бес күндік үшін ЭӨҰ станциясының көрсетілген бес күндік ішінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ең жоғары су жылыту қазандықтарының орташа жылу қуаты, Гкал/сағ;
11) Qбу – тұтынушыларға бу жібере отырып, ЭӨҰ станциясының қажетті жылу шығыны қуатының тиісті жыл үшін берілген ең жоғары мәні, Гкал / сағ;
12) Qөқ – тиісті жыл үшін ЭӨҰ станциясының өз қажеттіліктеріне қажетті жылу шығыны қуатының берілген ең жоғары мәні, Гкал / сағ;
13) Qрсқ – өткен күзгі-қысқы кезеңдегі ең суық бес күндік үшін ЭӨҰ станциясының көрсетілген бес күндік ішінде тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуге тартылған редукциялық-салқындатқыш қондырғыларының барлық типтерінің орташа жылу қуаты, Гкал/сағ;
14) Q – жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының жұмыс істеп тұрған барлық генерациялайтын қондырғыларының тиісті жылдағы жылу жүктемесінің берілген ең көп деңгейі, Гкал/сағ.
2-кесте*
№ Р/с | ЭӨҰ станциясы ГҚ атауы** | Параметрлері*** | ||||
Qбелг.гқ,Гкал/сағ | , Гкал/сағ |
Qгқ, |
Рмин.гқ, | МВт | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | ||||||
2 | ||||||
3 |
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына Гигакаллория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетілген;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарының құрамына кіретін жылу электр орталығы, (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы );
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
1) Qбелг.гқ. – жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының гнерациялайтын қондырғыларының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;
2)
– жылыту іріктеуі бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының барлық генерациялайтын қондырғыларының белгіленген жылу қуаты, Гкал/сағ;3) Qгқ – жылыту іріктеуі (іріктеулері) бар және күзгі-қысқы кезеңінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтуға қатыстырылған ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының жылу жүктемесінің тиісті жылдағы берілген ең көп деңгейі, Гкал/сағ;
4)Рмин.гқ.– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;
5)
– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (олардың жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт.3-кесте*
№ | ЖЭО атауы** | Параметрлері*** | |||
МВт | МВт | МВт |
КҚК | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |
1 | |||||
2 | |||||
3 |
Ескертпе:
МВт – мегаватт;
Гкал/сағ – сағатына гигакаллория;
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның (бұдан әрі – ЭӨҰ станциясы) құрамына кіретін жылу электр орталығы;
*** – параметрлер үшін мынадай белгілер қолданылған:
1)
– ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;2)
– ЭӨҰ станцияларның генерациялайтын қондырғыларының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейі кезінде) ең аз электр қуатының тиісті жылдағы жоспардағы ең көп мәні, МВт;3)
– энергия өндіруші ұйымның өзіндік тұтынуының тиісті жылдағы электр қуатының ең көп мәні, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметін сатып алу туралы шартта көрсетіледі, МВт;4) КҚК – құрамына жылу электр орталықтары кіретін жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен Бірыңғай сатып алушы жасасатын электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін кызметтің көлемі, МВт.
2. Осы Есептеуде көрсетілген барлық генерациялайтын қондырғылардың тәуелділік графиктері (Есептеуге қоса беріледі).
Бұл ретте, әрбір тәуелділік графигіне тиісті генерациялайтын қондырғының (оның жылу жүктемесіне берілген деңгейінде) ең аз электр қуатының осы тәуелділік графигі бойынша процестің қадамдық сипаттауы және көрсетілген әрбір қадамның толық негіздемесі қоса беріледі.
Егер ЭӨҰ станциясының генерациялайтын қондырғысында бірнеше бу іріктеулері болған жағдайда, онда осы тармақта көрсетілген үдерістің қадамдық сипаттамасында сондай-ақ іріктеулер арасында будың бөлінуін есептеуде пайдаланылатын негіздеме көрсетіледі.
Егер есептеу графигін пайдалану үшін іріктеулерден алынған бу энтальпияларының мәндерін пайдалана отырып аралық есептер пайдаланылған жағдайда, онда осы тармақта көрсетілген процестің қадамдық сипаттамасында қолданылған формулалар мен пайдаланылған бастапқы деректерді егжей-тегжейлі сипаттай отырып, осы есептеулер көрсетіледі.
3. Осы Есептеуде көрсетілген жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымының құрамына кіретін барлық жылу электр орталықтарының жергілікті атқарушы органымен келісілген алдағы күзгі-қысқы кезеңге бекітілген температуралық графиктері (Есептеуге қоса беріледі).
4. Осы Есептеуде көрсетілген барлық генерациялайтын қондырғылардың паспорттық деректерінің көшірмелері (Есептеуге қоса беріледі).
5. Мыналарды:
1) өткен бес күзгі-қысқы (соңғы) кезеңдердің әрқайсысының ең суық бес күндік күндері (даталары);
2) осы есептеуде көрсетілген ең жоғары су жылыту қазандықтарының және осы бес күн ішінде тұтынушыларды жылумен жабдықтауды қамтамасыз етуге тартылған ЭӨҰ станцияларының редукциялық-салқындату қондырғыларының барлық түрлерінің жылу қуаттарының өткен бес күзгі-қысқы (соңғы) кезеңдердің әрқайсысының ең суық бес күндік ішіндегі орташа мәндері;
3) сыртқы ауа температурасының өткен бес күзгі-қысқы (соңғы) кезеңдердің әрқайсысының ең суық бес күндігіндегі орташа мәндері;
4) бастапқы шикі су температурасының өткен бес күзгі-қысқы (соңғы) кезеңдердің әрқайсысының ең суық бес күндігіндегі орташа мәндерін растайтын құжаттар (Есептеуге қоса беріледі).
6. Осы Есептеудің 1, 2 және 3-кестелерінде көрсетілген параметрлердің мәні анықталған (Есептеуге қоса беріледі) есептердің қадамдық сипаттамасы (осы Қағидаларда көрсетілген формулалар бойынша).
Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасының негізгі параметрлері туралы ақпарат
1. Инвестициялық бағдарламаның шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралармен қамтылатын электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі).
2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.
№ | Іс-шара атауы | Іс-шараның басталу мерзімі (айы, жылы) | Іс-шараның аяқталу мерзімі (айы, жылы) |
Құны, | Енгізілетін негізгі генерациялайтын жабдықтың техникалық параметрлері | |
Белгіленген электр қуаты, (МВт) | Белгіленген жылу қуаты, (Гкал/сағ) | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының негізгі генерациялайтын жабдығын жаңасына айырбастау | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының алдында пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясындағы қосымша негізгі генерациялайтын жабдығын енгізу (кеңейту) | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының қосалқы жабдықтарын ауыстыру*** | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының бұрын пайдаланудан шығарылған қосалқы жабдықтарын қалпына келтіру*** | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясында қосымша қосалқы жабдықты енгізу (кеңейту)*** | ||||||
1. | ||||||
2. | ||||||
… | ||||||
Жұмыс істеп тұрған (қолданыстағы) электр станциясының іс-шаралары*** | ||||||
Ескертпе:
* – кесте параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** – электр станциясының номиналды жұмыс режимінде;
*** – тек 5-қосымшаға сәйкес.
Қосалқы жабдықтар және (немесе) іс-шаралар болмаған кезде толтырылмайды.
3. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру алдында және кейінгі кезеңде электр станциясының параметрлері туралы ақпарат (атауы көрсетіледі) *
№ | Белгіленген қуаты | Орташа жылдық қолда бар қуат | Шартты отынның босатуға бөлінген үлестік шығыны** | |||
Электр (МВт) |
Жылу | Электр (МВт) |
Жылу | Электр энергиясының (гут/кВтсағ) | Жылу энергиясының (кгут/Гкал) | |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін | ||||||
1. | ||||||
Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін | ||||||
2. |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі;
** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде
4. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде электр станциясына (атауын көрсету) салынған инвестициялық салымдарды қайтару туралы ақпарат *.
№ | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф, мың теңге / (МВт * ай) | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл | Қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі, мың теңге/жыл ** |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. |
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері оннан бір бөлігіне дейін дәлдікпен көрсетіледі.
** - жаңадан енгізілген/қалпына келтірілген жабдықтан амортизациялық аударымдардың сомасы инвестициялық салымдарды қайтару көлемінде ескеріледі.
Қарауға жіберу өлшемшарттары
1. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасыны мынадай іс-шараның бірін немесе бірнеше түрін қамтиды:
1) жаңа және ауыстырылатын, сондай-ақ қосалқы жабдығына қарағанда техникалық-технологиялық параметрлері жоғары болып табылатын енгізілетін жабдықты монтаждау жұмыстары басталған уақытқа электр станциясының ауыстыру жоспарланған негізгі генерациялайтын жабдығы тағайындалған жеке ресурстың кемінде 100 (жүз) пайызын өндірген жағдайда жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының негізгі жұмыс істеп тұрған генерациялайтын жабдығын жаңасына айырбастау;
2) енгізілген жабдық жаңа және қолданыстағы жабдыққа қарағанда техникалық және технологиялық параметрлері жоғары болған жағдайда бұдан бұрын қолданыстан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдықты, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының қосалқы жабдығын қалпына келтіру;
3) енгізілетін жабдық жаңа және қолданыстағы жабдыққа қарағанда техникалық және технологиялық көрсеткіштері жоғары болған жағдайда қосымша негізгі генерациялайтын жабдықты, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясында қосалқы жабдықты енгізу (кеңейту);
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген) "Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларының" 1-қосымшасына сәйкес және Нарық кеңесінің қарауына енгізілетін инвестициялық бағдарламада көрсетілген, ал ондағы кестелер параметрлерінің сандық мәндері ондықтарға дейінгі дәлдікпен көрсетілетін ақпаратқа сәйкес нысан бойынша ресімделетін жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасының негізгі параметрлері туралы ақпарат.
Іріктеу өлшемшарттары бойынша баллдар
Р/с№ | Өлшемшарт атауы | Өлшемшарттың мөлшерлігія | Мәні | Балл | Өлшемшарт салмағы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1 | Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф | %* | 50,0 ÷ 200,0 | 5,0 | 0,6 |
200,1 и 300,0 | 4,5 | ||||
300,1 и 400,0 | 4,0 | ||||
400,1 и 500,0 | 3,5 | ||||
500,1 и 600,0 | 3,0 | ||||
600,1 и 700,0 | 2,5 | ||||
700,1 и 800,0 | 2,0 | ||||
800,1 и 900,0 | 1,5 | ||||
900,1 и 1000,0 | 1,0 | ||||
1000,1 и более | 0,5 | ||||
Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең | |||||
2 | Электр станциясының түрі** | - | ЖЭО | 5,0 | 0,4 |
БГЭС | 4,0 | ||||
ГЭС, ГТЭС | 3,0 | ||||
КЭС | 2,0 | ||||
ГПЭС | 1,0 | ||||
Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең | |||||
3 | Жергілікті қамту үлесі*** | % | 81,0÷100,0 | 5,0 | 0,4 |
61,0÷80,0 | 4,0 | ||||
41,0÷60,0 | 3,0 | ||||
21,0÷40,0 | 2,0 | ||||
10,0÷20,0 | 1,0 | ||||
Өлшемшарт бойынша қорытынды балл өлшемшарт бойынша балл мен өлшемшарт салмағының көбейтіндісіне тең |
Ескертпе:
* – Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 шілдедегі № 465 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11850 болып тіркелген) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф мәнінің пайызы;
** – ЖЭО – жылу электр орталығы, ГЭС – гидроэлектр станциясы, КЭС – конденсациялық электр станциясы, БГЭС – бу-газды электр станциясы, ГТЭС – газ турбиналық электр станциясы, ГПЭС – газ поршеньді электр станциясы.
*** – инвестициялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде қолданылатын қазақстандық өндірістің тауарларының, жұмыстарының және көрсетілетін қызметтерінің үлесі.
Инвестициялық келісім жасалатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияларының қосалқы жабдықтарының тізбесі
Р/с№ | Жабдықтың атауы | Жұмыс түрі, іс-шаралар |
1. | Түтін құбырлары | Реконструкциялау / салу / күрделі жөндеу |
2. | Күл үйінділері | Қоршау бөгеттерін салу / реконструкциялау / салу |
3. | Салқындату мұнаралары | Реконструкциялау / салу |
4. | Айналымдағы су құбырлары | Реконструкциялау / салу |
5. | Отын беру трактісі және көмір түсіру кешені | Реконструкциялау / салу |
6. | ЕҚТ (ең үздік қол жетімді техникалар) немесе экологиялық іс-шаралар | Реконструкциялау / салу |
7. | Ғимараттар мен құрылыстар | Бас ғимарат ғимаратын кеңейту |
8. | Отын беру жабдығы | Вагон аударғышты қайта құру |
9. | Сыртқы электрмен жабдықтау желілері | АТҚ (ашық тарату құрылғылары) кеңейту |
10. | Газ инфрақұрылымы | Реконструкциялау / салу |
Жаңадан енгізілетін электр қуатына қойылатын реттеу диапазоны
Р/с№ | Энергия өндіруші ұйымның электр станциясының түрі | Электр қуатын реттеу диапазоны, МВт | Электр қуатын реттеу көлемінің өзгеру жылдамдығы, МВт/минута | Ескертпе |
1. | Көмір өндіретін және жанармай жағудың аралас режимі бар электр станциялары (көмір + қайталама энергетикалық ресурстар) | +/-30 % от Р* | 10 кем емес | ** |
2. | Жылумен жабдықтауға қатысатын көмір генерациясы және отынды жағудың аралас режимі (көмір + қайталама энергетикалық ресурстар) бар электр станциялары | +/-20 % от Р* | 10 кем емес | *** |
Ескертпе:
* – Р – айнымалы база, МВт, оның мәні тәуліктің әр сағатына келесі формула бойынша анықталады:
Р=Ржум – max (Ртехн.мин; Ртехнол.мин), мұндағы:
Ржум – генерацияның жұмыс электр қуатының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосіне сәйкес энергия өндіруші ұйымның электр станциясын генерациялаудың жұмыс электр қуатының тәуліктің тиісті сағатына мәні, МВт-пен;
Ртехн.мин – генерацияның жұмыс электр қуатының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосіне сәйкес тәуліктің тиісті сағатына энергия өндіруші ұйымның электр станциясының техникалық минимумының мәні, в МВт-пен;
Ртехнол.мин – генерацияның жұмыс электр қуатының, технологиялық және техникалық минимумдардың ведомосіне сәйкес тәуліктің тиісті сағатына энергия өндіруші ұйымның электр станциясының технологиялық минимумының мәні, в МВт-пен;
max (Ртехн.мин; Ртехнол.мин) – ең үлкен мәндер
Ржум, Ртехн.мин, Ртехнол.мин мәндер Қуат нарығы қағидаларымен анықталады. Реттеу электр қуатын іске қосу жұмыс электр қуаты шегінде жүктеуге, Ртехн.мин и Ртехнол.мин ең үлкен мәндерге дейін түсіруге жүргізіледі
** – реттеудің берілген диапазонын қамтамасыз ету мақсатында генерациялаудың тәуліктік кестесін, жаңадан пайдалануға берілетін және (немесе) қайта жаңартылатын генерациялайтын қондырғыларды қалыптастыру кезінде электр энергиясының орташа сағаттық генерациясы генерациялаудың маневрлік режимі бар деңгейде ескеріледі:
(0,65*Р) + max (Ртехн.мин; Ртехнол.мин),
*** – реттеудің берілген диапазонын қамтамасыз ету мақсатында генерациялаудың тәуліктік кестесін қалыптастыру кезінде электр энергиясының орташа сағаттық генерациясы, генерациялаудың маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялаушы қондырғылар деңгейінде ескеріледі:
(0,8*Р) + max (Ртехн.мин; Ртехнол.мин).