"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 515 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 21 желтоқсанда № 17988 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № 311 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 09.10.2020 № 311 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 9-1/1018 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12523 болып тіркелген, 2016 жылғы 11 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Ө. Шөкеев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің 2018 жылғы
19 желтоқсандағы
№ 515 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 23 қарашадағы
№ 9-1/1018 бұйрығымен
бекітілген

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 21 (жиырма бір) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – электрондық (толық автоматтандырылған).

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – субсидия аудару туралы хабарлама не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – электрондық.

      Көрсетілетін қызметті алушыға осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларға сәйкес электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі туралы хабарлама жолданады. Хабарлама көрсетілетін қызметті алушы субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына жолданады.

      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Порталдың жұмыс кестесі – жөндеу жұмыстарын жүргізумен байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы порталға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесіне осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті алушы мен кепілгердің/сақтандыру ұйымының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында ұсыныс кіреді.

      Ұсыныстың қабылданғанын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіндегі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы тиісті мәртебе растайды.

      Ұсыныс бойынша оң шешім туралы хабарламаны қабылдағаннан кейін кепілгер/сақтандыру ұйымы "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялауға арналған өтінім береді.

      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту мынадай негіздер бойынша жүзеге асырылады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 9-1/71 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12183 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

3-тарау. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым тиісті көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

      Шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазбаша нысанда почтамен не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Мыналардың:

      1) жеке тұлғаның шағымында оның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, почталық мекенжайы көрсетіледі;

      2) заңды тұлғаның шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Арызға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті берушінің шағымды қабылдағанын шағымды қабылдаған адамның аты-жөні мен тегі, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оның тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) растайды.

      Сондай-ақ, көрсетілетін қызметті берушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефондары арқылы алуға болады.

      Көрсетілетін қызметті алушыға оның шағымының қабылданғанын растау үшін шағымды қабылдаған адам талон береді, онда нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, шағымға жауап алу мерзімі және орны, шағымның қаралу барысы туралы ақпарат алуға болатын адамның байланыс деректері көрсетіледі.

      Портал арқылы электрондық арыз жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға порталдағы "жеке кабинетінен" көрсетілетін қызметті берушінің арызды өңдеуі барысында (шағымның жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылып отыратын арыз туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымды қараудың нәтижелері туралы уәжді жауап көрсетілетін қызметті алушыға почтамен жолданады не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:

      1) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;

      2) Министрліктің www.moa.gov.kz интернет-ресурсындағы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінің "Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары" кіші бөлімінде орналасқан.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8-800-080-7777.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
1-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті ________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20__ жылғы "___"________ №________ өтініміңіз бойынша

      мемлекеттік қызметті көрсетуден __________________ себепті бас тартылды.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
2-қосымша
  Нысан

Хабарлама

      Құрметті _________________________________________________

                              (көрсетілетін қызметті алушы)

      Сіздің 20__ жылғы "___"________№________ өтініміңіз бойынша мемлекеттік

      қызмет көрсетілді және Сіздің №_________ есептік шотыңызға

      20__ жылғы "__" ___________ төлем тапсырмасымен _________теңге мөлшерінде

      субсидиялар сомасы аударылғанын хабарлаймыз.

  "Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
3-қосымша
  Нысан

Субсидиялау шартын жасасуға арналған ұсыныс

      Қарыз алушы: ___________________________________________________________

                              (жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе

                              заңды тұлғаның толық атауы)

      Кепілгер/сақтандыру ұйымы: ______________________________________________

                              (кепілгердің/сақтандыру ұйымының атауы)

      Кімге: __________________________________________________________________

                              (жұмыс органының атауы)

1. Қарыз алушы туралы мәліметтер:

      1.1. Атауы;

      1.2. Бірінші басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      1.3. ЖСН/БСН;

      1.4. Байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы).

2. Кредит беруші туралы мәліметтер:

      2.1. Атауы;

      2.2. Бірінші басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      2.3. ЖСН/БСН;

      2.4. Байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почта мекенжайы).

3. Қарыз туралы ақпарат:

      3.1. Кредит (лизинг) сомасы;

      3.2. Кредит беру валютасы (теңге/АҚШ доллары/еуро);

      3.3. Кредит беру мерзімі;

      3.4. Кредиттің (лизингтің) нысаналы мақсаты.

4. Кепілгер/сақтандыру ұйымы туралы мәліметтер:

      4.1. Атауы;

      4.2. Бірінші басшысының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі және ЖСН-сы;

      4.3. ЖСН/БСН;

      4.4. Банктік деректемелері;

      4.5. Байланыс деректері (почталық мекенжайы, телефоны, электрондық почтасының мекенжайы).

5. Кепілдендіру/сақтандыру туралы ақпарат:

      5.1. Жоспарланған кепілдендіру/сақтандыру мерзімі;

      5.2. Жоспарланған кепілдендіру көлемі/сақтандыру сомасы (теңге/АҚШ доллары/еуро);

      5.3. Кепілдік бойынша комиссияның/сақтандыру сыйлықақысының жоспарланған мөлшері.

      Осымен қарыз алушы мен кепіл беруші:

      1) қарыз шарты қарыздарды кепілдендіруді көздейтін басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатыспағанын, қазір және болашақта қатыспайтынын;

      2) кепілдендіру/сақтандыру шартының жобасы Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында белгіленген кепілдендіру/сақтандыру шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетінін;

      3) қаржылық берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген сауықтыру рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағанын, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағанын;

      4) кепілдік бойынша комиссияның/сақтандыру сыйақысының бір бөлігін субсидиялаудан бас тартқан жағдайда, қарыз алушы кепілгерге/сақтандыру ұйымына комиссияның/сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбаған бөлігінің қалдығын төлеуге міндеттенетінін мәлімдейді.

      Қол қойған қарыз алушы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

      Қол қойған кепілгер/сақтандыру ұйымы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

      Ұсынысты қабылдау/қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама:

      Бас тарту себебі ___________________________________________________

      Қабылдаған жұмыс органы:

      ЭЦҚ деректері ____________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты __________________________________________

  "Агроөнеркәсіптік кешен
субъектілерінің қарыздарын
кепілдендіру мен сақтандыру
шеңберінде субсидиялау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына
4-қосымша
  Нысан
  __________ облысының,
республикалық маңызы бар
қаланың және астананың
___________________
басқармасы

Субсидиялауға арнаған өтінім

      20__ жылғы "____" __________

      Осымен, кепілгер/сақтандыру ұйымы _________________________ "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар және астана бюджеттеріне берілетін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялауға арналған нысаналы ағымдағы трансферттер" тиісті бюджеттік бағдарламасының шеңберінде 20__ жылғы "____" __________ №__________ субсидиялау шартына сәйкес №____________ шотына (шоттың нөмірі көрсетілсін) 20__ жылғы "__" _______ бастап 20__ жылғы "__" _______ дейінгі кезеңге _______________________ теңге сомасына субсидия төлеуді сұрайды.

      Осымен:

      1) қарыз шарты қарыздарды кепілдендіруді көздейтін басқа мемлекеттік бағдарламаларға қатыспағаны, қазір және болашақта қатыспайтыны;

      2) кепілдендіру/сақтандыру шарты Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау қағидаларында белгіленген кепілдендіру/сақтандыру шарттарына қойылатын талаптарға сәйкес келетіні;

      3) қаржылық берешегін қайта құрылымдау және жеделдетілген сауықтыру рәсімі жағдайларын қоспағанда, қарыз алушының қызметі ұйымдық-құқықтық нысанын өзгерту, тарату немесе банкротқа ұшырау сатысында тұрмағаны, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатылмағаны;

      4) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатты пайдаланбау фактілерінің жоқтығы;

      5) қарыз алушыда қарыз шарты бойынша негізгі борышты және/немесе сыйақыны өтеу бойынша мерзімі өткен міндеттемелердің жоқтығы;

      6) қарыз алушы кепілдік бойынша комиссияның/сақтандыру сыйлықақысының субсидияланбайтын бөлігін толық көлемде төлегені расталады.

      Қол қойған кепілгер/сақтандыру ұйымы:

      ЭЦҚ деректері ___________________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты _________________________________________________

      Субсидиялауға арналған өтінімді қабылдау/қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама:

      Бас тарту себебі _________________________________________________________

      Қабылдаған жұмыс органы:

      ЭЦҚ деректері ___________________________________________________________

      ЭЦҚ қою күні мен уақыты _________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады