Бағаларды тіркеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 16 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 27 желтоқсанда № 18065 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 39) тармақшасына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Бағаларды тіркеу қағидалары бекітілсін.

      2. "Респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, бастапқы статистикалық деректерді тіркеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 11 наурыздағы № 45 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13608 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Баға статистикасы басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М. Керімханова) жүктелсін.

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

  Қазақстан Республикасы
  Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 16 бұйрығымен бекітілді

Бағаларды тіркеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Бағаларды тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 39) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қағидалар тұтыну нарығында тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаларды тіркеу рәсіміне стандартты шектерді, тәсілдер мен талаптарды айқындайды.

      3. Қағидалар аумақтық статистика бөлімшелерінің бағалар туралы ақпаратты жинау процесін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға арналған.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Қағидаларда "Мемлекеттік статистика туралы" Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар және мынадай негізгі анықтамалар пайдаланылады:

      1) базалық объект – онда бағаларды байқау және тіркеу үшін іріктеліп алынған объекті;

      2) ерекшелік – бағаларды тіркеу үшін іріктелген жеке тауарды (көрсетілетін қызметті) сәйкестендіру үшін пайдаланылатын суреттеме немесе сипаттамалар тізбесі;

      3) өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) – тауар тобындағы тауардың (көрсетілетін қызметтің) сапасы мен негізгі тұтыну қасиеттеріне әсер етпейтін және өзінің тұтынушылық мақсаты бойынша біртекті бір-бірінен елеусіз ерекшеліктерімен (бөлшектерімен) айрықшаланатын, белгілі бір тауар (көрсетілетін қызмет) түрлерінің жиынтығы;

      4) тіркеу бағасы – нақты тауар, көрсетілетін қызмет түріне төленген ақшалай бірлік саны, оларға сапасы, сатылу шарттары және уақыт кезеңі нақты анықталған.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Бағаларды тіркеу рәсімі

      5. Бағаларды тіркеуді тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) белгілі бір саны мен бағалар (тарифтер) тіркелетін базалық объектілер бекітіліп берілген аумақтық статистика бөлімшелерінің тиісті лауазымды адамдары (бұдан әрі – маман) жүзеге асырады.

      Бағаларды тіркеу тікелей тауарды (көрсетілетін қызметті) сату орындарында жүргізіледі.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Салықты қоса алғанда тіркеу жүргізілген күні төленген (қолданыстағы) бағалар (тарифтер) бақыланады. Бағалардың (тарифтердің) кез келген өзгерісі немесе баға құрудың факторлары және басқа да себептермен туындаған оның жаңа деңгейі тіркеледі. Тіркеу кезінде сапасы немесе саны (стандартты бірліктің көлемі) есебінен бағалар мен тарифтердегі баға ауытқулары ескерілмейді.

      7. Тауарларға бағалар мамандардың базалық объектілерді аралау жолымен және затбелгілерді (бағалықты) оқу арқылы тіркеледі, қажет болған жағдайда базалық объектілердің қызметкерлерімен консультация немесе базардағы сатушыларға пікіртерім жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметтерге бағаларды (тарифтерді) тіркеу бағалар орналастырылған прейскуранттар негізінде тіркелетін базалық объектілерді (шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметі, моншаға бару, химиялық тазалау және басқа) аралау жолымен жүзеге асырылады немесе ақылы қызмет көрсететін тұлғаларға (аяқ киім жөндеу, тұрмыстық техниканы жөндеу, киімдерді шақтау, кілттерді жасау және басқа) пікіртерім жүргізу арқылы жүргізіледі.

      Тауарлар мен ақылы көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлеріне бағалар (тарифтер) интернет арқылы (жолаушылардың теміржол көлігі мен әуе көлігі қызметі, ұялы байланыс, медициналық қызметтің жекеленген түрлері және басқа) немесе телефон (факс) арқылы тіркеледі. Бағалар туралы ақпаратты телефон арқылы алған кезде олардың қызметкерлерімен жеке байланысты ұстап тұру мақсатында және олардың бағаны анықтау кезінде өкіл тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) таңдауы кезінде қателіктерге жол бермеуі мақсатында, сондай-ақ іріктелген өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ерекшеліктерінің салыстырмалылығына көз жеткізу үшін мамандар базалық объектілерге кезең-кезеңімен (тоқсанына бір рет) барып тұрады.

      Ұзақ уақыт кезеңіне бағаларды (тарифтерді) белгілеу тән болып табылатын ұйымдарға (санаторий, медициналық және білім беру мекемелері, салттық қызмет көрсететін ұйымдар және басқа) көрсетілетін қызметтерге бағалар (тарифтер) туралы ақпаратты беру өтінішімен ресми хат жолданады. Бағалар (тарифтер) ұсынылған прейскуранттар негізінде тіркеледі. Деректердің анықтығын бақылау мақсатында мамандар алынған бағалық ақпаратты растау үшін тоқсанына бір реттен кем емес базалық объектілерге барып тұрады.

      Тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне тарифтер тиісті көрсетілетін қызмет түрлеріне төлеу үшін тұрғындарға ұсыналатын төлем құжаттары (түбіртек) негізінде тіркеледі. Тарифтер өзгерген кезде олардың жаңа деңгейі табиғи монополиялар аясында және реттелетін нарық саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың және осы қызмет түрлерін көрсететін ұйымдардың бұйрықтарымен расталады.

      Жоғарыда келтірілген бағаларды тіркеудің дереккөздеріне қосымша ретінде, Заңның 12-бабы 15-4) тармақшасына сәйкес, меншік иелері немесе иеленушілері ұсынған балама деректер пайдаланылады.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының м.а. 24.09.2024 № 28 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      8. Күнделікті бағаларды тіркеу рәсімі негізгі үш кезеңнен тұрады:

      1) бағаларды тіркеуге дайындық;

      2) бағаларды тіркеу;

      3) жиналған ақпаратты өңдеу.

      Бағаларды тіркеуге дайындық барысында маман керекті құралдарды және ілеспе құжаттарды (бағдар парағы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер тізбесін және басқа) іріктеуді және оларды зерделеуді, өкіл тауарлар (көрсетілетін қызметтер) ерекшелігін және қажет болған жағдайда базалық объектінің жұмыс тәртібін нақтылауды жүзеге асырады.

      Базалық объектіде бағаларды тіркеу:

      1) ерекшелігіне және нақтыланған сипаттамаларға сәйкес өкіл тауарды (көрсетілетін қызметті) іздеу;

      2) берілген параметрлер бойынша тауардың (көрсетілетін қызметтің) нақтыланған сипаттамаларының өзгермейтінін тексеру;

      3) нақты және белгіленген сипаттамаларының ауытқуын салыстыру және зерделеу;

      4) деректердің ұқсастығы немесе өкіл тауарлар (көрсетілетін қызметтер) сапасына әсер етпейтін азғантай ауытқуы кезінде жазу;

      5) өкіл тауарға (көрсетілген қызметке) бағаны айқындау және оның өзгеру себептерін нақтылау;

      6) керекті өкіл тауар (көрсетілетін қызмет) болмаған жағдайда (немесе белгіленген ерекшелік пен сипаттамадан едеуір айрықшаланса) біртекті ассортиментті топтан басқа тауарды (көрсетілетін қызметті) таңдау;

      7) жаңа тауардың (көрсетілетін қызметтің) көрнекілігі және оған деген сұраныс туралы сатушымен кеңесу;

      8) жаңа тауарды (көрсетілетін қызметті) және оның толық сипаттамасын жазу;

      9) жаңа тауардың (көрсетілетін қызметтің) өткен айдағы бағасын (тарифін) нақтылау және оған есепті бағаны (тарифті) тіркеуді қамтиды.

      Өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) нақты түрлеріне тіркелген бағалар (тарифтер) тұтыну тауарлары мен көрсетілетін қызметтердің бағаларын жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанына енгізіледі.

      Жиналған ақпаратты жұмыс орындарында өңдеу мыналарды қамтиды:

      1) тіркелген бағаны (тарифті) өткен мерзімдегі тіркеу бағасымен (тарифімен) салыстыру;

      2) тауар тобы мен базалық объектілер арасында өкіл тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) бағалардың (тарифтердің) өзгеру деңгейі мен үрдісін салыстыру;

      3) стандартты өлшем бірліктерді нақтылау;

      4) серпінінде елеулі ауытқулар болған жағдайда бағаларды (тарифтерді) нақтылау (ақпаратты нақтылау үшін базалық объектіге қайта бару);

      5) деректерді редакциялау.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Бағаларды тіркеу бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың стандартты тәртібі

      9. Бағаларды тiркеу іріктемелі статистикалық байқау қағидаттарына негізделеді және өңірдің елді мекенінің, елді мекендегі сауда объектілерінің, тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) және олардың базалық объектідегі әртүрлілігінің тек бір бөлігін қамтиды.

      Бағаларды тіркеу үшін іріктеп алынған елді мекендердің тізбесін статистиканың аумақтық бөлімшесінің құрылымдық бөлімшесінің басшысы (бұдан әрі – құрылымдық бөлімшенің басшысы) қалыптастырады және статистиканың аумақтық бөлімшесінің басшысымен келісіледі.

      Бағаларды тіркеу үшін базалық объектілерді және елді мекендердің тізбесін іріктеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12955 болып тіркелген) Тұтыну бағасының индексін құру әдіснамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Статистиканың аумақтық бөлімшелері статистикалық байқау жүргізу кезінде Заңның алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығы мен қорғалуын қамтамасыз ететін ережелеріне сәйкес басшылықты, сауда және көрсетілетін қызмет саласындағы базалық объектілер иелерін олардың объектілері бағаларды тіркеу үшін базалық объектілер тізіміне енгізілгені туралы хабардар етеді.

      Бағаларды тіркеу үшін тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін құрылымдық бөлімше басшысы мамандар арасында бөледі. Әрбір өкіл тауарға (көрсетілетін қызметке) маман олардың нақты ассортиментті түрлерін таңдап алады. Байқауға таңдап алынған өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) ассортиментті түрлері құрылымдық бөлімше басшысымен келісіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Базалық объектілердің, өкіл тауарлардың (көрсетілетін қызметтердің) репрезентативтілігін маман және құрылымдық бөлімше басшысы қамтамасыз етеді.

      Базалық объектіні ауыстыру үшін маман ауыстыру және жаңа объектіні қосу қажеттілігінің себептерін негіздеумен жаңа объектіні іріктеу және ауыстыру бойынша жазбаша түрде ұсыныстар енгізеді. Құрылымдық бөлімше басшысымен келісілген соң объектіні алмастыру немесе бұдан бұрын келісілген базалық объектілер тізіміне жаңа объектіні енгізу рәсімі жүргізіледі.

      Өкіл тауарды (көрсетілетін қызметті) ауыстыру рәсімін маман жүзеге асырады және құрылымдық бөлімше басшысымен келісіледі.

      11. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрылымдық бөлімше басшысы ай сайын маманмен бірге бағаларды тіркеу үшін базалық объектілерге бару кестесін (бұдан әрі – Кесте) құрайды. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әрбір маман үшін График негізінде бағаларды тіркеу үшін бағдар парағы (бұдан әрі – Бағдар парағы) әзірленеді.

      График және Бағдар парағына құрылымдық бөлімше басшысы қол қояды. Базалық объектілер мен тауарлар (көрсетілетін қызметтер) іріктемесіне өзгерістер енгізу кезінде базалық объектілер тізіміне, Графикке және Бағдар парағына тиісті түзетулер енгізіледі.

      12. Тұрақты негізде өткізілетін бағаларды тіркеуді ұйымдастыру деректердің анықтығы мен олардың сапасын қамтамасыз етуге бағаларды тіркеу талаптарын сақтауға арналған іс-шараларды көздейді.

      Есепті кезеңде бір тауарға (қызметке) тіркелген деректер өткен кезеңнің деректерімен олардың өзгеру себебін айқындау мақсатында салыстырылады. Байқау үшін таңдалмаған, бірақ сатылымда аталған тауарлары бар басқа базалық объектілердегі және жақын орналасқан сауда объектілеріндегі ұқсас тауар түрлеріне олардың өзгеру үрдісінің сәйкестігі айқындалады.

      13. Есепті жылдың басында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аумақтық статистика бөлімшесінің басшысы бекітетін тоқсандар бойынша Бағаларды тіркеу кезіндегі деректердің сапасы мен анықтығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) жасалады.

      Бағаларды тіркеу деректердің сапасы мен анықтығын қамтамасыз ету мақсатында құрылымдық бөлімше басшысының немесе бас маманның (бұдан әрі – жауапты маман) қатысуымен жүргізіледі.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Бағаларды тіркеу барысында жауапты маман деректердің сапасы мен анықтығын қамтамасыз ету мақсатында:

      1) тіркелген бағаның нақты сату бағасымен сәйкестігін;

      2) тауарлар (көрсетілетін қызметтер) ассортименті түрлерінің дұрыс іріктелуін;

      3) тексерілетін өкіл-тауар (көрсетілетін қызмет) сипаттамаларының ерекшеліктеріне сәйкестігін;

      4) барған сәттегі іріктелген базалық объектінің репрезентативтілігін тексереді.

      15. Бағаларды тіркеу кезінде деректердің сапасы мен анықтығын қамтамасыз ету мақсатында жауапты маман.

      1) бағадағы айырмашылық. Егер бағаның алдында тіркелген бағадан айырмашылығы болса, базалық объектінің персоналынан бағаларға тіркеу жүргізілген уақыттан бері бағаның өзгеруі туралы нақтылайды;

      2) тауардың (көрсетілетін қызметтің) толық сипаттамасы жеткіліксіз;

      3) бағаларды тіркеу үшін тауарды (көрсетілетін қызметті) дұрыс таңдамауды;

      4) тауарды (көрсетілетін қызметті) алмастыруды дұрыс жүргізбеуді;

      5) деректерді енгізу қателіктерін анықтайды.

      16. Деректердің сапасы мен анықтығын қамтамасыз ету мақсатында бағаларды тіркеу нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағаларды тіркеу сапасын қамтамасыз ету бойынша акті толтырылады. "Нәтиже" бөлімінде қорытынды жасалады, онда өкіл-тауарларға (көрсетілетін қызметтерге) тіркелген бағалардың анықтығы және олардың орташа қалыптасқан деңгейінің аталған тауарлар (көрсетілетін қызметтер) түрлерінің тіркелген бағаларға сәйкестігі көрсетіледі. Аталған бөлімде жиналған фактілер, проблемалық тұстар және оларды шешуге ұсынылатын жолдар қысқаша баяндалады.

  Бағаларды тіркеу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
  _____________________
_____________________
(аумақтық статистика
бөлімшесінің атауы)

      Ескерту. 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бағаларды тіркеу үшін базалық объектілерге бару графигі 20__жылғы _______________ (ай) _______________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), маманның лауазымы))

Базалық объектінің атауы

айдың жұмыс күндері

1

2

3

4

5

8

9

10

11

12






































































































































































      кестенің жалғасы

айдың жұмыс күндері

16

17

18

19

20

23

24

25

26

29

30

31





















































































































































































      Құрылымдық бөлімше

      басшысы       ________ ________________________________

                        (қолы)       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

  Бағаларды тіркеу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  _____________________
_____________________
(аумақтық статистика
бөлімшесінің атауы)

      Ескерту. 2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бағаларды тіркеу үшін бағдар парағы 20__жылғы ________________ (ай) _______________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), маманның лауазымы))

Базалық объектілерге бару күні және уақыты

Базалық объектінің коды

Базалық объектінің атауы

Базалық объектінің заңды мекенжайы

Баға белгіленімінің саны

апта сайынғы ақпарат

ай сайынғы ақпарат

ТБИ*










































































































      *ТБИ – Тұтыну бағасының индексі

      Құрылымдық бөлімше басшысы ___________ _________________________________

                                          (қолы)       (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))

  Бағаларды тіркеу қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  "Бекітемін"
аумақтық статистика
бөлімшесінің басшысы
_____________________
(Т.А.Ә.(бар болған жағдайда))
_________________
(қолы)
20__жылғы "___"___________

      Ескерту. 3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бағаларды тіркеу кезіндегі деректердің сапасы мен анықтығын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары

Күні, айы, жылы

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), маманның лауазымы

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), жауапты маманның лауазымы





























































  Бағаларды тіркеу қағидаларына
4-қосымша
  Нысан
  _____________________
_____________________
(аумақтық статистика
бөлімшесінің атауы)

      Ескерту. 4-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 25.07.2023 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бағаларды тіркеу сапасын қамтамасыз ету бойынша акті 20__жылғы __________________ (ай)

Өкіл тауардың (көрсетілетін қызметтің) атауы

Өлшеп оралған

Базалық объектінің атауы және заңды мекен-жайы

Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), маманның лауазымы

Баға, тариф
(теңге)

тіркелген күнге

Бару күніне





























































      Нәтиже:

      ________________________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      ____________________________________________             ___________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), жауапты маманның                  (қолы)

                  лауазымы)

      Актімен таныстым:

      _____________________________________________             ___________________

      (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), маманның лауазымы)                   (қолы)

      20__жылғы "____" _________________

                              (ай)

Об утверждении Правил регистрации цен

Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 26 декабря 2018 года № 16. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 27 декабря 2018 года № 18065.

      В соответствии с подпунктом 39) пункта 15 Положения об Агентстве по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427, а также подпунктом 25) пункта 15 Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ, ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила регистрации цен.

      2. Признать утратившим силу приказ исполняющего обязанности Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 11 марта 2016 года № 45 "Об утверждении Правил регистрации первичных статистических данных, за исключением данных, представленных респондентами и домашними хозяйствами" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 13608, опубликован 28 апреля 2016 года в Информационно-правовой системе "Әділет").

      3. Управлению статистики цен совместно с Юридическим управлением Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Управлению статистики цен Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан довести настоящий приказ до территориальных органов Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан для руководства и использования в работе.

      5. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (Керимханова Г.М.).

      6. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Комитета по статистике
Министерства национальной экономики
Республики Казахстан
Н. Айдапкелов

  Утверждены
приказом Председателя
Комитета по статистике
Министерства национальной
экономики Республики Казахстан
  от 26 декабря 2018 года № 16

Правила регистрации цен

Глава 1. Общие положения

      1. Правила регистрации цен (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 39) пункта 15 Положения Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 05 октября 2020 года № 427.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Правила определяют стандартные рамки, подходы и требования к процедуре регистрации цен на товары и услуги на потребительском рынке.

      3. Правила предназначены для организации и осуществления процесса сбора информации о ценах территориальными подразделениями статистики.

      Сноска. Пункт 3 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. В Правилах используются понятия в значениях, определенных в Законе "О государственной статистике" (далее – Закон) и следующие основные определения:

      1) базовый объект – отобранный объект для наблюдения и регистрации в нем цен;

      2) спецификация – описание или перечень характеристик, которые используются для идентификации отдельного товара (услуги), отбираемого для регистрации цен;

      3) товар (услуга)-представитель – совокупность определенных видов товара (услуг) в товарной группе, которые отличаются друг от друга незначительными особенностями (деталями), не влияющими на качество и основные потребительские свойства товаров (услуг) и однородны по своему потребительскому назначению;

      4) цена регистрации – количество денежных единиц, уплаченных за конкретный вид товара, услуги, качество, условия продажи и период времени для которых четко определены.

      Сноска. Пункт 4 с изменением, внесенным приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 2. Процедура регистрации цен

      5. Регистрация цен осуществляется соответствующими должностными лицами территориальных подразделений статистики (далее – специалист), за которыми закрепляется определенное количество товаров (услуг) и базовые объекты, где фиксируются цены (тарифы).

      Регистрация цен проводится непосредственно в местах реализации товара (оказания услуги).

      Сноска. Пункт 5 с изменением, внесенным приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      6. Наблюдаются цены (тарифы), оплаченные (действующие) в день проведения регистрации, включая налоги. Фиксируется любое изменение цен (тарифов), либо их новый уровень, вызванный ценообразующими факторами и другими причинами. При регистрации не учитывается отклонение в ценах и тарифах за счет изменения качества или количества (объема стандартной единицы).

      7. Цены на товары фиксируются специалистами путем обхода базовых объектов и считывания их с ярлыка (ценника), при необходимости проводятся консультации с работниками базовых объектов или опрос продавцов на рынках.

      Регистрация цен на услуги осуществляется путем обхода базовых объектов, в которых цены (тарифы) фиксируются на основе размещенных прейскурантов (услуги парикмахерских и салонов красоты, посещение бани, химическая чистка и другие), или проводится опрос лиц, оказывающих платные услуги (ремонт обуви, ремонт бытовой техники, подгонка одежды, изготовление ключей и другие).

      На отдельные виды товаров и платных услуг цены (тарифы) регистрируются через интернет (услуги пассажирского железнодорожного и воздушного транспорта, сотовой связи, отдельные виды медицинских услуг и другие) или по телефону (факсу). При получении информации о ценах по телефону, специалисты периодически (раз в квартал) посещают базовые объекты с целью поддержания личных контактов с их сотрудниками и для недопущения ошибок при выборе ими товаров (услуг)-представителей при определении цены, а также чтобы удостовериться в сопоставимости спецификаций отобранных товаров (услуг)-представителей.

      В организации, для которых характерно установление цен (тарифов) на длительный период времени (санатории, медицинские и образовательные учреждения, организации, оказывающие ритуальные услуги, и другие), направляются официальные письма с просьбой предоставления информации о ценах (тарифах) на оказываемые услуги. Цены (тарифы) фиксируются на основе предоставленных прейскурантов. В целях контроля достоверности данных специалисты не реже одного раза в квартал посещают базовые объекты для подтверждения полученной ценовой информации.

      Тарифы на жилищно-коммунальные услуги регистрируются на основе платежных документов (квитанций), выставляемых населению для оплаты за соответствующие виды услуг. При изменении тарифов, их новый уровень подтверждается приказами государственных органов, осуществляющих руководство в сферах естественных монополий и на регулируемых рынках, и организаций, оказывающих эти виды услуг.

      В дополнение к вышеприведенным источникам регистрации цен используются альтернативные данные, представленные их собственниками или владельцами в соответствии с подпунктом 15-4) статьи 12 Закона.

      Сноска. Пункт 7 - в редакции приказа и.о. Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 24.09.2024 № 28 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Процедура ежедневной регистрации цен состоит из трех основных этапов:

      1) подготовка к регистрации цен;

      2) регистрация цен;

      3) обработка собранной информации.

      В процессе подготовки к регистрации цен специалист осуществляет подборку необходимого инструментария и сопутствующих документов (маршрутный лист, перечень товаров и услуг и другие) и их изучение, уточнение спецификаций товаров (услуг)-представителей и, при необходимости, режима работы базового объекта.

      Регистрация цен в базовом объекте включает:

      1) поиск товара (услуги)-представителя в соответствии со спецификацией и детализированными характеристиками;

      2) проверку неизменности детализированных характеристик товара (услуги) с заданными параметрами;

      3) сравнение и изучение отклонений фактических и заданных характеристик;

      4) запись данных при их идентичности или незначительном отклонении, не влияющем на качество товара (услуги)-представителя;

      5) определение цены (тарифа) на товар (услугу)-представитель и уточнение причин ее изменения;

      6) подбор другого товара (услуги) из однородной ассортиментной группы в случае отсутствия нужного товара (услуги)-представителя (либо существенного отличия от заданных спецификаций и характеристик);

      7) консультацию с продавцом на предмет представительности нового товара (услуги) и спроса на него;

      8) запись нового товара (услуги) и его подробных характеристик;

      9) уточнение цены (тарифа) на новый товар (услугу) в предыдущем месяце и регистрацию отчетной цены (тарифа) на него.

      Зафиксированные цены (тарифы) на конкретные виды товаров (услуг) -представителей заносятся в статистическую форму общегосударственного статистического наблюдения за ценами на потребительские товары и платные услуги.

      Обработка собранной информации на рабочих местах включает:

      1) сравнение зарегистрированной цены (тарифа) с ценой (тарифом) предыдущей даты регистрации цены;

      2) сравнение уровня и тенденций изменения цен (тарифов) на товары (услуги)-представители в товарной группе и между базовыми объектами;

      3) уточнение стандартных единиц измерения;

      4) уточнение цен (тарифов) в случае существенных расхождений в динамике (повторный выезд на базовый объект для уточнения информации);

      5) редактирование данных.

      Сноска. Пункт 8 с изменением, внесенным приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 3. Стандартный порядок организации работ по регистрации цен

      9. Регистрация цен основывается на принципах выборочного статистического наблюдения и охватывает только часть населенных пунктов региона, объектов торговли в населенном пункте, товаров (услуг) и их разновидностей в базовом объекте.

      Перечень населенных пунктов, отобранных для регистрации цен, формируется руководителем структурного подразделения территориального подразделения статистики (далее – руководитель структурного подразделения) и согласовывается с руководителем территориального подразделения статистики.

      Отбор базовых объектов и перечня населенных пунктов для регистрации цен осуществляется в соответствии с Методологией построения индекса потребительских цен, утвержденной приказом исполняющего обязанности Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 230 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 12955).

      Территориальные подразделения статистики информируют руководство, владельцев базовых объектов торговли и сферы услуг о включении их объекта в список базовых объектов для регистрации цен, при проведении статистического наблюдения, в соответствии с положениями Закона, обеспечивающих конфиденциальность и защиту первичных статистических данных.

      Перечень товаров и услуг для регистрации цен распределяется руководителем структурного подразделения между специалистами. На каждый товар (услугу) - представитель специалистом подбираются конкретные их ассортиментные виды. Выбранные для наблюдения ассортиментные виды товаров (услуг) - представителей согласовываются с руководителем структурного подразделения.

      Сноска. Пункт 9 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Репрезентативность базовых объектов, товаров (услуг)-представителей обеспечивается специалистом и руководителем структурного подразделения.

      Для замены базового объекта специалистом в письменном виде вносятся предложения по замене и подбору нового базового объекта с обоснованием причины замены и необходимости его включения. После согласования с руководителем структурного подразделения производится процедура замены или внесение нового объекта в ранее согласованный список базовых объектов.

      Процедура замены товара (услуги)-представителя осуществляется специалистом и согласовывается с руководителем структурного подразделения.

      11. Руководителем структурного подразделения ежемесячно совместно со специалистом составляется график посещения базовых объектов для регистрации цен (далее – График) по форме согласно приложению 1 к настоящим Правилам. На основе Графика для каждого специалиста разрабатывается маршрутный лист для регистрации цен (далее – Маршрутный лист) по форме согласно приложению 2 к настоящим Правилам.

      График и Маршрутный лист подписывается руководителем структурного подразделения. При внесении изменений в выборку базовых объектов и товаров (услуг) в список базовых объектов, в График и Маршрутный лист вносятся соответствующие корректировки.

      12. Организация регистрации цен предусматривает мероприятия для обеспечения достоверности данных и их качества, соблюдения требований регистрации цен, проводимые на регулярной основе.

      Зарегистрированные данные на один и тот же товар (услугу) в отчетном периоде сверяются с данными предыдущего периода с целью выяснения причин их изменения. Определяется соответствие тенденции их изменения на аналогичные виды товаров в других базовых объектах и близлежащих торговых объектах, не отобранных для наблюдения, но имеющих в продаже данные товары.

      13. В начале отчетного года составляется План мероприятий по обеспечению качества и достоверности данных при регистрации цен (далее – План), утверждаемый по кварталам руководителем территориального подразделения статистики, по форме согласно приложению 3 к настоящим Правилам.

      Регистрация цен с целью обеспечения качества и достоверности данных проводится с участием руководителя структурного подразделения, либо главного специалиста (далее – ответственный специалист).

      Сноска. Пункт 13 с изменением, внесенным приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Ответственный специалист в ходе регистрации цен с целью обеспечения качества и достоверности данных сверяет:

      1) соответствие зарегистрированной цены фактической цене реализации;

      2) правильность отбора ассортиментных видов товаров (услуг);

      3) соответствие характеристик проверяемого товара (услуги)-представителя спецификации;

      4) репрезентативность отобранного базового объекта на момент посещения.

      15. При регистрации цен с целью обеспечения качества и достоверности данных ответственным специалистом выявляется следующее:

      1) разница в цене. Если цена отличается от зарегистрированной ранее, уточняется, произошло ли изменение цены со времени проведения регистрации цен у персонала базового объекта;

      2) недостаточно полное описание товара (услуги);

      3) неправильный выбор товара (услуги) для регистрации цены;

      4) неверное осуществление замены товара (услуги);

      5) ошибки ввода данных.

      16. По результатам регистрации цен с целью обеспечения качества и достоверности данных заполняется акт по обеспечению качества регистрации цен по форме согласно приложению 4 к настоящим Правилам. В разделе "Результат" составляется заключение, в котором отражается достоверность зарегистрированных цен на товары (услуги)-представители и соответствие зарегистрированных цен среднему сложившемуся их уровню на данные виды товаров (услуг). Кратко излагаются собранные факты, проблемные моменты и рекомендуемые пути их решения.

  Приложение 1
к Правилам регистрации цен
  Форма
  _____________________
_____________________
(наименование территориального
подразделения
статистики)

      Сноска. Текст в правом верхнем углу приложения 1 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

График посещения базовых объектов для регистрации цен
____________________ 20__ года
(месяц)

___________________________________________________________________
(Ф.И.О. (при его наличии), должность специалиста))

Наименование базового объекта

рабочие дни месяца

1

2

3

4

5

8

9

10

11

12






































































































































































      продолжение таблицы

рабочие дни месяца

16

17

18

19

20

23

24

25

26

29

30

31





















































































































































































      Руководитель структурного подразделения _______________ _____________________________________
(подпись) (Ф.И.О. (при его наличии))

  Приложение 2
к Правилам регистрации цен
Форма
  _____________________
_____________________
(наименование территориального
подразделения
статистики)

      Сноска. Текст в правом верхнем углу приложения 2 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Маршрутный лист для регистрации цен
___________________ 20__года
(месяц)

___________________________________________________________________
(Ф.И.О. (при его наличии), должность специалиста))

Дата и время посещения базовых объектов

Код базового объекта

Наименование базового объекта

Юридический адрес базового объекта

Количество котировок цен

еженедельная информация

ежемесячная информация

ИПЦ*

















































































































      *ИПЦ – Индекс потребительских цен

      Руководитель структурного подразделения ________________________ _____________________________
(подпись) (Ф.И.О. (при его наличии))

  Приложение 3
к Правилам регистрации цен
  Форма
  "Утверждаю"
Руководитель
территориального подразделения статистики
_____________________
(Ф.И.О. (при его наличии))
_____________________
(подпись)
"__"_________________20__года

      Сноска. Текст в правом верхнем углу приложения 3 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

План мероприятий по обеспечению качества и достоверности данных при регистрации цен

Число, месяц, год

Ф.И.О. (при его наличии), должность специалиста

Ф.И.О. (при его наличии), должность ответственного специалиста





























































  Приложение 4
к Правилам регистрации цен
  Форма
  _____________________
_____________________
(наименование территориального
подразделения
статистики)

      Сноска. Текст в правом верхнем углу приложения 4 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 25.07.2023 № 12 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Акт по обеспечению качества регистрации цен __________________20__года
(месяц)

Наименование товара (услуги)-представителя

Расфасовка

Наименование и юридический адрес базового объекта

Ф.И.О. (при его наличии), должность специалиста

Цена, тариф (тенге)

на дату регист-рации

на дату выезда





























































      Результат: _________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________ _______________________
(Ф.И.О. (при его наличии), должность ответственного (подпись)
специалиста)

      С актом ознакомился:
__________________________________________________________ ____________________
(Ф.И.О. (при его наличии), должность специалиста) (подпись)

      "____" _________________20__года
(месяц)