Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18136 болып тіркелді.

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 18-1) тармақшасына, 13-бабы 5-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 72) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Қоса беріліп отырған Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М.Керімханова) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
Н. Айдапкелов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігi

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігi

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Инвестициялар және даму министрлігi

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігi

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігi

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитеті
төрағасының
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 20 бұйрығымен
бекітілген

Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 18.07.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 18-1) тармақшасына, 13-бабының 5-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 72) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 58) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалар жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізетін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына (бұдан әрі – Бюро), сондай-ақ ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – мемлекеттік статистика органдары) қолданылады.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Қағидалар статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарауды жүргізу тәртібін айқындайды.

      4. Осы Қағидаларда Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алдын ала (жедел) деректер – кейіннен нақтылауға жататын алғашқы статистикалық деректерді, әкімшілік деректерді, мемлекеттік органдардың статистикалық ақпараты мен басқа мемлекеттердің статистика органдарының және халықаралық ұйымдардың статистикалық ақпаратын өңдеу барысында алынған агрегатталған деректер;

      2) арнайы қайта қарау – алғашқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректердің бұрмалаулары расталғаннан кейін жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа өзгерістер енгізу;

      3) әзірлеуші – мемлекеттік статистика органдарының ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;

      4) динамикалық қатар – белгілі бір уақыт аралығындағы қандай да бір құбылыстың өзгеруін көрсететін бірыңғай статистикалық шамалар жиынтығы;

      5) жаңа базистік жылға көшу – өсу қарқынын, өзгеріс динамикасын, экономикалық индекстерді анықтау кезіндегі база, есептеудің бастапқы нүктесі ретінде қабылданатын базистік жылдың ауысуы;

      6) жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау – ресми статистикалық ақпаратты жинау, өңдеу, тарату процестерін немесе процестердің біреуін жекелей немесе ішінара қайтадан жүргізу жолымен жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа кез келген өзгерістер енгізу;

      7) маусымдық деңгейлестіру (маусымдық түзету) – көрсеткіштің уақыт қатарынан маусымдық және күнтізбелік ауытқуларды шығару;

      8) тұрақты қайта қарау –статистикалық әдіснамаға және (немесе) Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіппен бекітілген өзге де құқықтық актілеріне сәйкес жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа өзгерістер енгізу;

      9) түпкілікті деректер – алдын ала (жедел) деректерді нақтылау негізінде алынған агрегатталған деректер;

      10) ауқымды қайта қарау – статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдіснамасының өзгеруі және (немесе) динамикалық қатарларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын жіктелімдердің өзгеруі нәтижесінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа өзгерістер енгізу.

2-тарау. Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау

      5. Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау мынадай үш түрге бөлінеді:

      1) статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты тұрақты қайта қарау;

      2) статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты ауқымды қайта қарау;

      3) статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарау.

      6. Алдын ала (жедел) деректерді есептеу бойынша статистикалық әдіснама және (немесе) Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіппен бекітілген өзге де құқықтық актілері статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты тұрақты қайта қарау үшін негіздеме болып табылады.

      7. Тұрақты қайта қарау келесі типтерге бөлінеді:

      1) маусымдық деңгейлестіру (маусымдық түзету);

      2) жаңа базистік жылға көшу;

      2-1) есептіліктің тиісті нысандары үшін көзделген мерзімдерде бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректерді түзету (өзгерту, толықтыру);

      2-2) әкімшілік деректермен салыстыру негізінде және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер сарапшыларының тауарлармен өзара сауда бойынша статистикалық ақпаратты салыстыру бойынша екіжақты кездесулерінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы тауарларының сыртқы және өзара сауда статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпаратты өзектілендіру;

      3) түпкілікті ай сайынғы, тоқсандық және жылдық деректер негізінде түзету.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      8. Статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты ауқымды қайта қарау (бұдан әрі – ауқымды қайта қарау) үшін негіздемелер болып табылатын:

      1) әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта құру;

      2) ұлттық санақтардың қорытындылары;

      3) халықаралық және ұлттық стандарттар мен жіктеуіштерге өзгерістер енгізу немесе жаңа халықаралық стандарттар мен жіктеуіштерге көшу;

      4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Ауқымды қайта қарау кезінде ресми статистикалық ақпарат көрсеткіштерінің біртектілігін және салыстырмалылығын сақтау үшін динамикалық қатарларға қайта есептеу жүргізіледі.

      Ауқымды қайта есептеулерді жүзеге асыру үшін көрсеткіштер тізбесін, кезеңді, басымдықты (жеделдікті) және мерзімдерді көрсете отырып, алдыңғы жылдардағы ресми статистикалық ақпаратты кезең-кезеңмен қайта есептеу бойынша қажеттілік тұындаған жағдайда жол картасы әзірленеді.

      "Ауқымды қайта қарау шеңберінде деректердің динамикалық қатарлары үш жылда бір реттен жиі емес қайта есептелуге және жариялануға жатады.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9-1. Салалық статистика көрсеткіштерін қайта есептеу кезінде ұлттық шоттар жүйесі көрсеткіштерінің тиісті қайта есептеуі ресми жарияланған қайта есептелген салалық көрсеткіштерден кейін бір жылдан ерте емес жүргізіледі. Қайта есептеу салалық көрсеткіштер қайта есептелген кезеңдер үшін жүргізіледі.

      Ұлттық шоттар жүйесі көрсеткіштерін қалыптастырудың жаңа халықаралық стандарттарына көшу кезінде енгізу жоспары әзірленеді, онда жаңа халықаралық стандарттарды енгізудің іс-шаралары мен мерзімдері және тиісті қайта есептеулер жүргізу егжей-тегжейлі сипатталады.

      Ескерту. Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарау (бұдан әрі – арнайы қайта қарау) үшін негіздемелер:

      1) респонденттің өзі және (немесе) мемлекеттік статистика органдарының бұдан бұрын ұсынған статистикалық нысандардағы бастапқы статистикалық деректер бойынша қателерді, бұрмалануларды анықтауы;

      2) әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді бұрмалауын анықтауы;

      3) мемлекеттік статистика органдарының, басқа мемлекеттердің статистика органдарының және халықаралық ұйымдардың статистикалық ақпаратты қайта қарауы;

      3-1) жаңа экономикалық құбылыстардың және (немесе) процестердің пайда болуына немесе қолданыстағы жағдайлардың өзгеруіне, сондай-ақ ақпараттың жаңа көздерін пайдалануға байланысты әдіснамалық тәсілдерді қайта қарау;

      4) алғашқы статистикалық деректердің және (немесе) әкімшілік деректердің бұрмалануын растайтын заңды күшіне енген сот актілері және қадағалау органдардың ұйғарымдары;

      5) алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Айлық (тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша жарияланған жедел деректердің бұрмалануы жылдық нақтыланған ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру және жариялау алдында анықталған жағдайда, жедел деректер жылдық жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың негізінде нақтылатындықтан арнайы қайта қарау жүргізілмейді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Ресми статистикалық ақпаратты жариялағаннан кейін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әкімшілік деректерді бұрмалаулары расталған кезде (осы Қағидалардың 10-тармағы 3-тармақшасынан басқа) әзірлеуші қате анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде статистикалық мақсаттар үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қараудың қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.

      12. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарауды жүзеге асыру жөніндегі шешім және оны жүргізу мерзімдері әзірлеуші мемлекеттік статистика органының басшысы ұсынған немесе онда қалыптастырылған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қорытындысы негізінде қабылданады.

      Комиссияның құрамын тиісті мемлекеттік статистика органының басшысы бекітеді.

      Комиссия Төрағадан, Төрағаның орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы Комиссия құрамына кірмейді.

      Комиссияның жалпы құрамы тақ саннан, бірақ кемінде бес адамнан құралады.

      Комиссияның құрамы мүдделі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатарынан, сондай-ақ қажеттілігіне қарай тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылығы қатарынан қалыптастырылады.

      Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады және егер оларға қатысушы Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия отырысының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған Төраға және қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Осы Қағидалардың 14-тармағында баяндалған негіздемелер бойынша арнайы қайта қарауды жүзеге асырмау туралы шешім қабылдаған кезде анықталған бұрмалаулар бойынша респонденттің бастапқы статистикалық деректерін түзету ғана жүзеге асырылады; түзетілген бастапқы статистикалық деректер статистикалық ақпаратты одан әрі қайта қалыптастырмай мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйелерінде сақталады. Бұл жағдайда жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау талап етілмейді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарау есепті кезеңнен кейін 3 (үш) жыл өткен соң (Қағидалардың 10-тармағының 3) және 4) тармақшаларын қоспағанда, барлық негіздер бойынша) жүзеге асырылмайды.

3-тарау. Статистикалық мақсаттар үшін қайта қаралған ресми статистикалық ақпаратты тарату

      17. Статистикалық мақсаттар үшін қайта қаралған ресми статистикалық ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарау бойынша ақпараттық анықтамамен және өзгерістер енгізілген, белгіленген кестенің соңында жарияланым ішінде қайта қарау туралы тиісті ескертпемен мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында жарияланады.

      18. Ресми статистикалық ақпаратты тұрақты, ауқымды және арнайы қайта қараулар туралы ақпарат мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында қайта қарау жүргізілетін жарияланымды көрсете отырып орналастырылады.

      19. Мемлекеттік статистика органдарының дерекқорларында қайта қарау сәтіне дейін жарияланған ресми статистикалық ақпарат, сондай-ақ қайта қаралған ресми статистикалық ақпарат сақталады.

  Статистикалық әдіснама
өзгерген жағдайда
статистикалық мақсаттар үшін
және жаңартылған, құжатпен
расталған ақпарат негізінде
жарияланған ресми
статистикалық ақпаратты қайта
қарау қағидаларына
1-қосымша

Статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарауға қорытынды

      Ресми статистикалық ақпарат атауы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Кезең: ___________

      Қайта қаралатын көрсеткіш:

      __________________________________________________________________

      Негіздеме:

      __________________________________________________________________

      Бөлім / кіші бөлімді көрсетумен жарияланым атауы

      ___________________________________________________________________

Салыстырмалы кесте

Бет нөмірі/кесте нөмірі

Қолданыстағы редакция

Ұсынылатын редакция

Енгізілген өзгеріс/сандардағы айырмашылықты көрсету
















      Қорытынды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Қосымша:

      ____________________________________________________________________

  Статистикалық әдіснама
өзгерген жағдайда
статистикалық мақсаттар үшін
және жаңартылған, құжатпен
расталған ақпарат негізінде
жарияланған ресми
статистикалық ақпаратты қайта
қарау қағидаларына
2-қосымша

Статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарауға ақпараттық анықтама

      Ресми статистикалық ақпарат атауы:

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      Кезең: ___________

      Қайта қаралатын көрсеткіш:

      __________________________________________________________________

Салыстырмалы кесте

Бет нөмірі/кесте нөмірі

Арнайы қарауға дейінгі қолданыстағы редакция

Арнайы қараудан кейінгі жаңартылған редакция













      Негіздеме:

      __________________________________________________________________

      Ескертпе:

      __________________________________________________________________


Об утверждении Правил пересмотра опубликованной официальной статистической информации для статистических целей в случае изменения статистической методологии и на основании обновленной, подтвержденной документально информации

Приказ Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан от 28 декабря 2018 года № 20. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2018 года № 18136.

      В соответствии с подпунктом 18-1) статьи 12, подпунктом 5-1) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике", а также подпунктом 72) пункта 15 Положения об Агентстве по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427" и подпунктом 58) пункта 15 Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ, ПРИКАЗЫВАЮ:

      Сноска. Преамбула – в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить прилагаемые Правила пересмотра опубликованной официальной статистической информации для статистических целей в случае изменения статистической методологии и на основании обновленной, подтвержденной документально информации.

      2. Управлению планирования статистической деятельности совместно с Юридическим управлением Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней со дня государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на казахском и русском языках в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации" для официального опубликования и включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в периодические печатные издания;

      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Управлению планирования статистической деятельности Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан довести настоящий приказ до структурных подразделений и территориальных органов Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан для руководства в работе.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Председателя Комитета по статистике Министерства национальной экономики (Керимханова Г.М.).

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Председатель Комитета по
статистике Министерства
национальной экономики
Республики Казахстан
Н. Айдапкелов

      СОГЛАСОВАН
      Министерство сельского хозяйства
      Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
      Министерство труда и
      социальной защиты населения
      Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
      Министерство по инвестициям и
      развитию Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
      Министерство финансов
      Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
      Министерство культуры и спорта
      Республики Казахстан

      СОГЛАСОВАН
      Национальный Банк
      Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Председателя
Комитета по статистике
Министерства национальной
экономики Республики Казахстан
от 28 декабря 2018 года № 20

Правила пересмотра опубликованной официальной статистической информации для статистических целей в случае изменения статистической методологии и на основании обновленной, подтвержденной документально информации

      Сноска. Правила – в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 18.07.2023 № 8 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Глава 1.Общие положения

      1. Правила пересмотра опубликованной официальной статистической информации для статистических целей в случае изменения статистической методологии и на основании обновленной, подтвержденной документально информации (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 18-1) статьи 12, подпунктом 5-1) статьи 13 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" (далее – Закон), а также подпунктом 72) пункта 15 Положения об Агентстве по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Указом Президента Республики Казахстан от 5 октября 2020 года № 427" и подпунктом 58) пункта 15 Положения о Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан, утвержденного Приказом Председателя Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан от 23 октября 2020 года № 9-нқ;

      Сноска. Пункт 1 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящие Правила распространяются на Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам Республики Казахстан (далее – Бюро), проводящий общегосударственные статистические наблюдения, а также государственные органы и Национальный Банк Республики Казахстан, проводящие ведомственные статистические наблюдения и (или) формирующие официальную статистическую информацию в соответствии с планом статистических работ (далее – органы государственной статистики).

      Сноска. Пункт 2 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. Правила определяют порядок проведения пересмотра опубликованной официальной статистической информации для статистических целей в случае изменения статистической методологии и на основании обновленной, подтвержденной документально информации.

      4. В настоящих Правилах используются понятия в значениях, определенных в Законе, а также следующие понятия:

      1) предварительные (оперативные) данные – агрегированные данные, полученные в ходе обработки первичных статистических данных, административных данных, статистической информации государственных органов и статистической информации органов статистики других государств и международных организаций, подлежащие последующему уточнению;

      2) специальный пересмотр – внесение изменений в опубликованную официальную статистическую информацию после подтверждения искажений первичных статистических и (или) административных данных;

      3) разработчик – структурное подразделение органов государственной статистики, ответственное за формирование официальной статистической информации;

      4) динамический ряд – совокупность однородных статистических величин, показывающих изменение какого-либо явления на протяжении определенного промежутка времени;

      5) переход на новый базисный год – смена базисного года, принимаемого за базу, начальную точку отсчета при определении темпов роста, динамики изменения, экономических индексов;

      6) пересмотр опубликованной официальной статистической информации – внесение изменений в опубликованную официальную статистическую информацию, путем повторного запуска процессов сбора, обработки, распространения официальной статистической информации, либо одного из процессов в отдельности или частично;

      7) сезонное сглаживание (сезонная корректировка) – исключение сезонных и календарных колебаний из временного ряда показателя;

      8) регулярный пересмотр – внесение изменений в опубликованную официальную статистическую информацию в соответствии со статистической методологией и (или) иными утвержденными в установленном порядке правовыми актами Республики Казахстан;

      9) окончательные данные – агрегированные данные, полученные на основе уточнения предварительных (оперативных) данных;

      10) крупный пересмотр – внесение изменений в опубликованную официальную статистическую информацию в результате изменения методологии формирования статистических показателей и (или) изменения классификаций, используемых для формирования динамических рядов.

Глава 2. Пересмотр опубликованной официальной статистической информации для статистических целей в случае изменения статистической методологии и на основании обновленной, подтвержденной документально информации

      5. Пересмотр опубликованной официальной статистической информации для статистических целей в случае изменения статистической методологии и на основании обновленной, подтвержденной документально информации подразделяется на следующие три вида:

      1) регулярный пересмотр опубликованной официальной статистической информации для статистических целей;

      2) крупный пересмотр опубликованной официальной статистической информации для статистических целей;

      3) специальный пересмотр опубликованной официальной статистической информации для статистических целей.

      6. Основанием для регулярного пересмотра опубликованной официальной статистической информации для статистических целей является статистическая методология и (или) иные утвержденные в установленном порядке правовые акты Республики Казахстан по расчету предварительных (оперативных) данных.

      7. Регулярный пересмотр подразделяется на следующие типы:

      1) сезонное сглаживание (сезонная корректировка);

      2) переход на новый базисный год;

      2-1) корректировки (изменения, дополнения) первичных статистических и (или) административных данных в сроки, предусмотренные для соответствующих форм отчетности;

      2-2) актуализация официальной статистической информации по статистике внешней и взаимной торговли товарами Республики Казахстан на основе сопоставления с административными данными и по результатам двусторонних встреч экспертов государств-членов Евразийского экономического союза по сопоставлению статистической информации по взаимной торговле товарами;

      3) корректировка на основе окончательных ежемесячных, квартальных и годовых данных.

      Сноска. Пункт 7 c изменениями, внесенными приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Основанием для крупного пересмотра опубликованной официальной статистической информации для статистических целей (далее – крупный пересмотр) является:

      1) преобразование административно-территориальных единиц;

      2) итоги национальных переписей;

      3) внесение изменений в международные и национальные стандарты и классификаторы или переход на новые международные стандарты и классификаторы;

      4) внесение изменений в нормативные правовые акты Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 8 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9. При крупном пересмотре производится пересчет динамических рядов для сохранения однородности и сопоставимости показателей официальной статистической информации.

      Для осуществления крупного пересчета при необходимости разрабатывается дорожная карта по поэтапному пересчету официальной статистической информации за предыдущие года, с указанием перечня показателей, периода, приоритетности (оперативности) и сроков.

      В рамках крупного пересмотра динамические ряды данных подлежат пересчету и опубликованию не чаще одного раза в три года.

      Сноска. Пункт 9 c изменениями, внесенными приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      9-1. При пересчете показателей отраслевой статистики соответствующий пересчет показателей системы национальных счетов проводится не раньше одного года после официально опубликованных пересчитанных отраслевых показателей. Пересчет проводится за те периоды, по которым пересчитаны отраслевые показатели.

      При переходе на новые международные стандарты формирования показателей системы национальных счетов разрабатывается план по внедрению, в котором детально описываются мероприятия и сроки внедрения новых международных стандартов и проведения соответствующих пересчетов.

      Сноска. Глава 2 дополнена пунктом 9-1 в соответствии с приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      10. Основаниями для специального пересмотра опубликованной официальной статистической информации для статистических целей (далее – специальный пересмотр) являются:

      1) выявление ошибок самим респондентом и (или) органами государственной статистики искажений по ранее представленным первичным статистическим данным в статистических формах;

      2) выявление административными источниками искажений административных данных;

      3) пересмотр статистической информации органами государственной статистики, органами статистики других государств и международных организаций;

      3-1) пересмотр методологических подходов в связи с появлением новых экономических явлений и (или) процессов или изменением существующих условий, а также с использованием новых источников информации;

      4) судебные акты, вступившие в законную силу и предписания надзорных органов, подтверждающие искажения первичных статистических и (или) административных данных;

      5) исключен приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В случае обнаружения искажения опубликованных оперативных данных по месячным (квартальным) общегосударственным статистическим наблюдениям до формирования и публикации годовой уточненной официальной статистической информации, специальный пересмотр не осуществляется, так как оперативные данные уточняются на основании годовых общегосударственных статистических наблюдений.

      Пункт 10 с изменениями, внесенными приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      11. При подтверждении искажений респондентами первичных статистических данных, а также физическими и (или) юридическими лицами административных данных, после опубликования официальной статистической информации (кроме подпункта 3) пункта 10 настоящих Правил), разработчик в течение пяти рабочих дней с момента выявления ошибки составляет заключение к специальному пересмотру опубликованной официальной статистической информации для статистических целей о необходимости пересмотра, согласно приложению 1 к настоящим Правилам.

      12. Исключен приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      13. Исключен приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      14. Решение по осуществлению специального пересмотра официальной статистической информации и сроках его проведения принимается на основании заключения, представленного разработчиком руководителем органа государственной статистики или сформированной в нем Комиссии по пересмотру официальной статистической информации (далее – Комиссия).

      Состав Комиссии утверждается руководителем соответствующего органа государственной статистики.

      Комиссия состоит из Председателя, заместителя Председателя и членов комиссии. Секретарь Комиссии не входит в состав Комиссии.

      Общий состав Комиссии формируется из нечетного количества, но не менее пяти человек.

      Состав Комиссии формируется из числа представителей заинтересованных структурных подразделений, а также по мере необходимости из числа руководства соответствующих территориальных подразделений.

      Решения Комиссии принимаются простым большинством голосов путем открытого голосования и считаются принятыми, если за них подано большинство голосов от общего числа участвующих членов Комиссии.

      По результатам заседания Комиссии составляется протокол, который подписывается Председателем и присутствующими членами Комиссии.

      Пункт 14 с изменениями, внесенными приказом Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      15. При принятии решения не осуществлять специальный пересмотр по основаниям, изложенным в пункте 14 настоящих Правил осуществляется только корректировка первичных статистических данных респондента по выявленным искажениям; исправленные первичные статистические данные сохраняются в информационных системах органов государственной статистики без дальнейшего пересмотра статистической информации. В этом случае пересмотр опубликованной официальной статистической информации не требуется.

      Пункт 15 - в редакции приказа Руководителя Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК от 09.12.2024 № 36 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      16. Специальный пересмотр официальной статистической информации не осуществляется по истечению 3 (трех) лет после отчетного периода (по всем основаниям, за исключением подпунктов 3) и 4) пункта 10 Правил).

Глава 3. Распространение пересмотренной официальной статистической информации для статистических целей

      17. Пересмотренная официальная статистическая информация для статистических целей публикуется на интернет-ресурсах органов государственной статистики с Информационной справкой к специальному пересмотру опубликованной официальной статистической информации для статистических целей, согласно приложению 2 к настоящим Правилам и с соответствующим примечанием о пересмотре внутри публикации в конце выделенной таблицы, в которой были внесены изменения.

      18. Информация о регулярных, крупных и специальных пересмотрах официальной статистической информации размещается на интернет-ресурсах органов государственной статистики с указанием публикаций, в которых производится пересмотр.

      19. В базах данных органов государственной статистики сохраняется официальная статистическая информация, опубликованная до момента пересмотра, а также пересмотренная официальная статистическая информация.

  Приложение 1
к Правилам пересмотра
опубликованной официальной
статистической информации для
статистических целей в случае
изменения статистической
методологии и на основании
обновленной, подтвержденной
документально информации

Заключение к специальному пересмотру опубликованной официальной статистической информации для статистических целей

      Наименование официальной статистической информации:________________________
      __________________________________________________________________________
      Период: ___________Пересматриваемый показатель:____________________________
      Основание:________________________________________________________________
      Наименование публикации с указанием раздела / подраздела _____________________

Сравнительная таблица

Номер страницы/номер таблицы

Действующая редакция

Предлагаемая редакция

Внесенное изменение/указать разницу в цифрах
















      Вывод:________________________________________________________________
      ______________________________________________________________________
      ______________________________________________________________________
      Приложение:___________________________________________________________

  Приложение 2
к Правилам пересмотра
опубликованной официальной
статистической информации для
статистических целей в случае
изменения статистической
методологии и на основании
обновленной, подтвержденной
документально информации

Информационная справка к специальному пересмотру опубликованной официальной статистической информации для статистических целей

      Наименование официальной статистической информации: _______________________
      __________________________________________________________________________
      Период: ___________Пересматриваемый показатель:____________________________

Сравнительная таблица

Номер страницы/номер таблицы

Действующая редакция до специального пересмотра

Обновленная редакция после специального пересмотра

      Основание:________________________________________________________________
      Примечание: ______________________________________________________________