"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 18-1) тармақшасына, 13-бабы 5-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 72) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.1. Қоса беріліп отырған Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу үшін жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (Г.М.Керімханова) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы |
Н. Айдапкелов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігi
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігi
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрлігi
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігi
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігi
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 20 бұйрығымен бекітілген |
Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 18.07.2023 № 8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 18-1) тармақшасына, 13-бабының 5-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 72) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 58) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.2. Осы Қағидалар жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізетін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына (бұдан әрі – Бюро), сондай-ақ ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – мемлекеттік статистика органдары) қолданылады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қағидалар статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарауды жүргізу тәртібін айқындайды.
4. Осы Қағидаларда Заңда айқындалған мәндердегі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) алдын ала (жедел) деректер – кейіннен нақтылауға жататын алғашқы статистикалық деректерді, әкімшілік деректерді, мемлекеттік органдардың статистикалық ақпараты мен басқа мемлекеттердің статистика органдарының және халықаралық ұйымдардың статистикалық ақпаратын өңдеу барысында алынған агрегатталған деректер;
2) арнайы қайта қарау – алғашқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректердің бұрмалаулары расталғаннан кейін жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа өзгерістер енгізу;
3) әзірлеуші – мемлекеттік статистика органдарының ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
4) динамикалық қатар – белгілі бір уақыт аралығындағы қандай да бір құбылыстың өзгеруін көрсететін бірыңғай статистикалық шамалар жиынтығы;
5) жаңа базистік жылға көшу – өсу қарқынын, өзгеріс динамикасын, экономикалық индекстерді анықтау кезіндегі база, есептеудің бастапқы нүктесі ретінде қабылданатын базистік жылдың ауысуы;
6) жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау – ресми статистикалық ақпаратты жинау, өңдеу, тарату процестерін немесе процестердің біреуін жекелей немесе ішінара қайтадан жүргізу жолымен жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа кез келген өзгерістер енгізу;
7) маусымдық деңгейлестіру (маусымдық түзету) – көрсеткіштің уақыт қатарынан маусымдық және күнтізбелік ауытқуларды шығару;
8) тұрақты қайта қарау –статистикалық әдіснамаға және (немесе) Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіппен бекітілген өзге де құқықтық актілеріне сәйкес жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа өзгерістер енгізу;
9) түпкілікті деректер – алдын ала (жедел) деректерді нақтылау негізінде алынған агрегатталған деректер;
10) ауқымды қайта қарау – статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру әдіснамасының өзгеруі және (немесе) динамикалық қатарларды қалыптастыру үшін пайдаланылатын жіктелімдердің өзгеруі нәтижесінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратқа өзгерістер енгізу.
2-тарау. Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау
5. Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау мынадай үш түрге бөлінеді:
1) статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты тұрақты қайта қарау;
2) статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты ауқымды қайта қарау;
3) статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарау.
6. Алдын ала (жедел) деректерді есептеу бойынша статистикалық әдіснама және (немесе) Қазақстан Республикасының белгіленген тәртіппен бекітілген өзге де құқықтық актілері статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты тұрақты қайта қарау үшін негіздеме болып табылады.
7. Тұрақты қайта қарау келесі типтерге бөлінеді:
1) маусымдық деңгейлестіру (маусымдық түзету);
2) жаңа базистік жылға көшу;
2-1) есептіліктің тиісті нысандары үшін көзделген мерзімдерде бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректерді түзету (өзгерту, толықтыру);
2-2) әкімшілік деректермен салыстыру негізінде және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер сарапшыларының тауарлармен өзара сауда бойынша статистикалық ақпаратты салыстыру бойынша екіжақты кездесулерінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы тауарларының сыртқы және өзара сауда статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпаратты өзектілендіру;
3) түпкілікті ай сайынғы, тоқсандық және жылдық деректер негізінде түзету.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.8. Статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты ауқымды қайта қарау (бұдан әрі – ауқымды қайта қарау) үшін негіздемелер болып табылатын:
1) әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта құру;
2) ұлттық санақтардың қорытындылары;
3) халықаралық және ұлттық стандарттар мен жіктеуіштерге өзгерістер енгізу немесе жаңа халықаралық стандарттар мен жіктеуіштерге көшу;
4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу.
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9. Ауқымды қайта қарау кезінде ресми статистикалық ақпарат көрсеткіштерінің біртектілігін және салыстырмалылығын сақтау үшін динамикалық қатарларға қайта есептеу жүргізіледі.
Ауқымды қайта есептеулерді жүзеге асыру үшін көрсеткіштер тізбесін, кезеңді, басымдықты (жеделдікті) және мерзімдерді көрсете отырып, алдыңғы жылдардағы ресми статистикалық ақпаратты кезең-кезеңмен қайта есептеу бойынша қажеттілік тұындаған жағдайда жол картасы әзірленеді.
"Ауқымды қайта қарау шеңберінде деректердің динамикалық қатарлары үш жылда бір реттен жиі емес қайта есептелуге және жариялануға жатады.
Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.9-1. Салалық статистика көрсеткіштерін қайта есептеу кезінде ұлттық шоттар жүйесі көрсеткіштерінің тиісті қайта есептеуі ресми жарияланған қайта есептелген салалық көрсеткіштерден кейін бір жылдан ерте емес жүргізіледі. Қайта есептеу салалық көрсеткіштер қайта есептелген кезеңдер үшін жүргізіледі.
Ұлттық шоттар жүйесі көрсеткіштерін қалыптастырудың жаңа халықаралық стандарттарына көшу кезінде енгізу жоспары әзірленеді, онда жаңа халықаралық стандарттарды енгізудің іс-шаралары мен мерзімдері және тиісті қайта есептеулер жүргізу егжей-тегжейлі сипатталады.
Ескерту. Қағидалар 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.10. Статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарау (бұдан әрі – арнайы қайта қарау) үшін негіздемелер:
1) респонденттің өзі және (немесе) мемлекеттік статистика органдарының бұдан бұрын ұсынған статистикалық нысандардағы бастапқы статистикалық деректер бойынша қателерді, бұрмалануларды анықтауы;
2) әкімшілік дереккөздердің әкімшілік деректерді бұрмалауын анықтауы;
3) мемлекеттік статистика органдарының, басқа мемлекеттердің статистика органдарының және халықаралық ұйымдардың статистикалық ақпаратты қайта қарауы;
3-1) жаңа экономикалық құбылыстардың және (немесе) процестердің пайда болуына немесе қолданыстағы жағдайлардың өзгеруіне, сондай-ақ ақпараттың жаңа көздерін пайдалануға байланысты әдіснамалық тәсілдерді қайта қарау;
4) алғашқы статистикалық деректердің және (немесе) әкімшілік деректердің бұрмалануын растайтын заңды күшіне енген сот актілері және қадағалау органдардың ұйғарымдары;
5) алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.Айлық (тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша жарияланған жедел деректердің бұрмалануы жылдық нақтыланған ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру және жариялау алдында анықталған жағдайда, жедел деректер жылдық жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың негізінде нақтылатындықтан арнайы қайта қарау жүргізілмейді.
Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.11. Ресми статистикалық ақпаратты жариялағаннан кейін респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың әкімшілік деректерді бұрмалаулары расталған кезде (осы Қағидалардың 10-тармағы 3-тармақшасынан басқа) әзірлеуші қате анықталған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде статистикалық мақсаттар үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қараудың қажеттілігі туралы қорытынды жасайды.
12. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.13. Алып тасталды - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
14. Ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарауды жүзеге асыру жөніндегі шешім және оны жүргізу мерзімдері әзірлеуші мемлекеттік статистика органының басшысы ұсынған немесе онда қалыптастырылған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қорытындысы негізінде қабылданады.
Комиссияның құрамын тиісті мемлекеттік статистика органының басшысы бекітеді.
Комиссия Төрағадан, Төрағаның орынбасарынан және Комиссия мүшелерінен тұрады. Комиссия хатшысы Комиссия құрамына кірмейді.
Комиссияның жалпы құрамы тақ саннан, бірақ кемінде бес адамнан құралады.
Комиссияның құрамы мүдделі құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатарынан, сондай-ақ қажеттілігіне қарай тиісті аумақтық бөлімшелердің басшылығы қатарынан қалыптастырылады.
Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру жолымен жай көпшілік дауыспен қабылданады және егер оларға қатысушы Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
Комиссия отырысының нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған Төраға және қатысып отырған Комиссия мүшелері қол қояды.
Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.15. Осы Қағидалардың 14-тармағында баяндалған негіздемелер бойынша арнайы қайта қарауды жүзеге асырмау туралы шешім қабылдаған кезде анықталған бұрмалаулар бойынша респонденттің бастапқы статистикалық деректерін түзету ғана жүзеге асырылады; түзетілген бастапқы статистикалық деректер статистикалық ақпаратты одан әрі қайта қалыптастырмай мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйелерінде сақталады. Бұл жағдайда жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау талап етілмейді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 09.12.2024 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.16. Ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарау есепті кезеңнен кейін 3 (үш) жыл өткен соң (Қағидалардың 10-тармағының 3) және 4) тармақшаларын қоспағанда, барлық негіздер бойынша) жүзеге асырылмайды.
3-тарау. Статистикалық мақсаттар үшін қайта қаралған ресми статистикалық ақпаратты тарату
17. Статистикалық мақсаттар үшін қайта қаралған ресми статистикалық ақпарат осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарау бойынша ақпараттық анықтамамен және өзгерістер енгізілген, белгіленген кестенің соңында жарияланым ішінде қайта қарау туралы тиісті ескертпемен мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында жарияланады.
18. Ресми статистикалық ақпаратты тұрақты, ауқымды және арнайы қайта қараулар туралы ақпарат мемлекеттік статистика органдарының интернет-ресурстарында қайта қарау жүргізілетін жарияланымды көрсете отырып орналастырылады.
19. Мемлекеттік статистика органдарының дерекқорларында қайта қарау сәтіне дейін жарияланған ресми статистикалық ақпарат, сондай-ақ қайта қаралған ресми статистикалық ақпарат сақталады.
Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларына 1-қосымша |
Статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарауға қорытынды
Ресми статистикалық ақпарат атауы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кезең: ___________
Қайта қаралатын көрсеткіш:
__________________________________________________________________
Негіздеме:
__________________________________________________________________
Бөлім / кіші бөлімді көрсетумен жарияланым атауы
___________________________________________________________________
Салыстырмалы кесте
№ | Бет нөмірі/кесте нөмірі | Қолданыстағы редакция | Ұсынылатын редакция | Енгізілген өзгеріс/сандардағы айырмашылықты көрсету |
Қорытынды:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қосымша:
____________________________________________________________________
Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларына 2-қосымша |
Статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарауға ақпараттық анықтама
Ресми статистикалық ақпарат атауы:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кезең: ___________
Қайта қаралатын көрсеткіш:
__________________________________________________________________
Салыстырмалы кесте
№ | Бет нөмірі/кесте нөмірі | Арнайы қарауға дейінгі қолданыстағы редакция | Арнайы қараудан кейінгі жаңартылған редакция |
Негіздеме:
__________________________________________________________________
Ескертпе:
__________________________________________________________________