"Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 20 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 желтоқсанда № 35463 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы №20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18136 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 18-1) тармақшасына, 13-бабы 5-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 72) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 58) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Статистикалық әдіснама өзгерген жағдайда статистикалық мақсаттар үшін және жаңартылған, құжатпен расталған ақпарат негізінде жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 12-бабы 18-1) тармақшасына, 13-бабының 5-1) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 72) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-нқ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы туралы ереженің 15-тармағы 58) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидалар жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізетін Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына (бұдан әрі – Бюро), сондай-ақ ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізетін және (немесе) статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыратын мемлекеттік органдарға және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – мемлекеттік статистика органдары) қолданылады.";

      7-тармақта:

      1) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "1) маусымдық деңгейлестіру (маусымдық түзету);";

      мынадай редакциядағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "2-1) есептіліктің тиісті нысандары үшін көзделген мерзімдерде бастапқы статистикалық және (немесе) әкімшілік деректерді түзету (өзгерту, толықтыру);

      2-2) әкімшілік деректермен салыстыру негізінде және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер сарапшыларының тауарлармен өзара сауда бойынша статистикалық ақпаратты салыстыру бойынша екіжақты кездесулерінің нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы тауарларының сыртқы және өзара сауда статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпаратты өзектілендіру;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Статистикалық мақсаттар үшін жарияланған ресми статистикалық ақпаратты ауқымды қайта қарау (бұдан әрі – ауқымды қайта қарау) үшін негіздемелер болып табылатын:

      1) әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта құру;

      2) ұлттық санақтардың қорытындылары;

      3) халықаралық және ұлттық стандарттар мен жіктеуіштерге өзгерістер енгізу немесе жаңа халықаралық стандарттар мен жіктеуіштерге көшу;

      4) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу.";

      9-тармақ мынадай редакциядағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:

      "Ауқымды қайта есептеулерді жүзеге асыру үшін көрсеткіштер тізбесін, кезеңді, басымдықты (жеделдікті) және мерзімдерді көрсете отырып, алдыңғы жылдардағы ресми статистикалық ақпаратты кезең-кезеңмен қайта есептеу бойынша қажеттілік тұындаған жағдайда жол картасы әзірленеді.

      "Ауқымды қайта қарау шеңберінде деректердің динамикалық қатарлары үш жылда бір реттен жиі емес қайта есептелуге және жариялануға жатады.";

      мынадай редакциядағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:

      "9-1. Салалық статистика көрсеткіштерін қайта есептеу кезінде ұлттық шоттар жүйесі көрсеткіштерінің тиісті қайта есептеуі ресми жарияланған қайта есептелген салалық көрсеткіштерден кейін бір жылдан ерте емес жүргізіледі. Қайта есептеу салалық көрсеткіштер қайта есептелген кезеңдер үшін жүргізіледі.

      Ұлттық шоттар жүйесі көрсеткіштерін қалыптастырудың жаңа халықаралық стандарттарына көшу кезінде енгізу жоспары әзірленеді, онда жаңа халықаралық стандарттарды енгізудің іс-шаралары мен мерзімдері және тиісті қайта есептеулер жүргізу егжей-тегжейлі сипатталады.";

      10-тармақта:

      1) тармақша келесі редакцияда жазылсын:

      "1) респонденттің өзі және (немесе) мемлекеттік статистика органдарының бұдан бұрын ұсынған статистикалық нысандардағы бастапқы статистикалық деректер бойынша қателерді, бұрмалануларды анықтауы;";

      мынадай редакциядағы 3-1)-тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) жаңа экономикалық құбылыстардың және (немесе) процестердің пайда болуына немесе қолданыстағы жағдайлардың өзгеруіне, сондай-ақ ақпараттың жаңа көздерін пайдалануға байланысты әдіснамалық тәсілдерді қайта қарау;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      мынадай редакциядағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Айлық (тоқсандық) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша жарияланған жедел деректердің бұрмалануы жылдық нақтыланған ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру және жариялау алдында анықталған жағдайда, жедел деректер жылдық жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың негізінде нақтылатындықтан арнайы қайта қарау жүргізілмейді.";

      12, 13-тармақтар алып тасталсын;

      14-тармақта:

      бірінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:

      "14. Ресми статистикалық ақпаратты арнайы қайта қарауды жүзеге асыру жөніндегі шешім және оны жүргізу мерзімдері әзірлеуші мемлекеттік статистика органының басшысы ұсынған немесе онда қалыптастырылған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қорытындысы негізінде қабылданады.";

      алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктері алып тасталсын;

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Осы Қағидалардың 14-тармағында баяндалған негіздемелер бойынша арнайы қайта қарауды жүзеге асырмау туралы шешім қабылдаған кезде анықталған бұрмалаулар бойынша респонденттің бастапқы статистикалық деректерін түзету ғана жүзеге асырылады; түзетілген бастапқы статистикалық деректер статистикалық ақпаратты одан әрі қайта қалыптастырмай мемлекеттік статистика органдарының ақпараттық жүйелерінде сақталады. Бұл жағдайда жарияланған ресми статистикалық ақпаратты қайта қарау талап етілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi Ұлттық статистика бюросының Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті Заң департаментімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Стратегиялық жоспарлау және әдіснамалық үйлестіру департаменті Заң департаментімен бірлесіп осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросының басшысы
М. Турлубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Су ресурстары және

      ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады