Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 953 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 18138 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігімен

  Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және
даму министрінің
2018 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 953 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 114 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10058 болып тіркелген, 2015 жылы 2 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау қағидаларында:

      10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын

      "1) жергілікті атқарушы органға:

      осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат - өтініш берушінің жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады;

      кәсіптік жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі (ғылыми дәрежесі немесе ғылыми атағы болған жағдайда, тиісті құжаттардың көшірмелері);

      еңбек кітапшасының көшірмесі.

      Өтініш беруші еңбек кітапшасын дәйекті себептер бойынша ұсынбаған жағдайда, ол еңбек қызметін растайтын мынадай құжаттардың бірін тапсырады:

      жұмыс берушінің жұмысқа қабылдау және оны тоқтату негіздері туралы белгісі бар еңбек шарты;

      жұмыс берушінің еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын актілерінен үзінді;

      қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған мұрағаттық анықтама;

      көшірмелерін ұсынған жағдайда, салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары ұсынылады немесе болмаған жағдайда құжаттарды нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады;";

      2. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. "Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 709 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12535 болып тіркелген, 2015 жылы 31 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарында:

      4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) аккредиттеу туралы куәлікті ресімдеу, тіркеу және беру не бас тарту туралы дәлелді жауап жіберу.";

      5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Мынадай бұзушылықтар мен сәйкессіздіктер аккредиттеуден дәлелді бас тарту үшін негіз болып табылады:

      1) өтініш беруші аккредиттеуден өту үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігі анықталғанда;

      2) өтініш беруші және (немесе) аккредиттеуден өту үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер және мәліметтер осы Қағидаларда және рұқсат беру талаптарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде.

      6. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру туралы шешім қабылдау немесе аккредиттеуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімдері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) құжаттардың толық жинағын қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Аккредиттеуден өту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

      2) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 2-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;

      3) аттестатталған сарапшылардың штаттық құрамы туралы кадр қызметі анықтамасының көшірмесі.";

      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Өтініш берушіні аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және ол осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.";

      15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Аккредиттелген ұйымдар осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, заңды тұлғаның деректемелері, аккредиттеу туралы куәліктің берілген күні мен нөмірі туралы, жауапкершілік деңгейі, штатында мамандардың болуы туралы ақпарат жиынтығы, сондай-ақ осы заңды тұлғаға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапкершілік шаралары туралы мәліметтер қамтылған бірінші немесе екінші деңгейдегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі жауапкершілік нысандарында техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың тізіліміне енгізіледі.

      16. Аккредиттеуден өту үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 6-қосымшаға сәйкес бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау бойынша техникалық қадағалау және сараптама жұмыстары жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды аккредиттеуден өтуі үшін мәліметтер нысаны;

      3) аттестатталған сарапшылардың және басқа да мамандардың штаттық құрамы туралы кадр қызметі анықтамасының көшірмесі;

      4) инженер-геодезист дипломының көшірмесі.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Өтініш берушіні аккредиттеуді уәкілетті орган жүргізеді және ол осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 7-қосымшаға сәйкес аккредиттеу туралы куәлікпен расталады.";

      4. "Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 733 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12702 болып тіркелген, 2016 жылы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу жөніндегі қағидаларда:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару жөніндегі ұйымдарға койылатын рұқсат беру талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттарды жібереді.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар мен материалдарға өтініш берушінің бірінші басшысы қол қояды.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Құжаттарды қарау және аккредиттеу туралы куәлік беру туралы шешім қабылдау немесе аккредиттеуден бас тарту туралы дәлелді жауап қайтару мерзімдері "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) құжаттардың толық жинағын қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күнін құрайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы Тізбеге 16-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      5. "Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларды және рұқсат беру талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 735 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12752 болып тіркелген, 2016 жылы 15 қаңтарда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу жөніндегі қағидаларда:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Аккредиттеуден өту үшін өтініш берушілер мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидаларда 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы;

      3) осы Қағидалар мен рұқсат беру талаптарына 3-қосымшаға сәйкес рұқсат беру талаптарына сай мәліметтер мен құжаттарды жібереді.";

      8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Куәлікті беру мерзімі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынан құжаттардың толық жинағы қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.

      9. Уәкілетті орган көрсетілген мерзімде аккредиттеу туралы тиісті куәлікті бір мезгілде бере отырып, аккредиттеу бойынша өзінің шешімі туралы не көрсетілетін қызметті алушы және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер рұқсат беру талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, аккредиттеуден дәлелді бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы Тізбеге 17-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      6. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      7. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      8. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша

3-қосымша

4-қосымша

5-қосымша

6-қосымша

7-қосымша

8-қосымша

9-қосымша

10-қосымша

11-қосымша

12-қосымша

13-қосымша

14-қосымша

15-қосымша

16-қосымша
  Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларға
1-қосымша
Нысан

ӨТІНІШ

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі деректемелері)

      Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару

      жөніндегі ұйым ретінде аккредиттеуді өтінемін

      Мекенжай_________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске) ____________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (орналасқан жері және деректемелері)

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез-келген ақпарат жіберілетіні;

      өтініш берушіге қызметтің аталған түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

      Басшы ___________ ________________________________________________________

      (қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
17-қосымша
  Сәулет, қала құрылысы және
құрылыс саласындағы
жобаларды басқару жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу
жөніндегі қағидаларға
2-қосымша
Нысан

ӨТІНІШ

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті органның толық атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның толық атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник

      жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі аттестаттау орталығы ретінде аккредиттеуді

      өтінемін.

      Мекенжай_________________________________________________________________

      (индекс, қала, аудан, облыс, көше, үй нөмірі, телефон, факс, е-mail)

      Банк шоты ________________________________________________________________

      (шоттың нөмірі, банктің атауы және орналасқан орны)

      Филиалдар (өкілдік, объекті, пункті, учаске) ____________________________________

      __________________________________________________________________________

      (орналасқан орны және деректемелері)

      Осымен:

      барлық көрсетілген деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға куәлік беру немесе беруден бас тарту мәселелері бойынша кез келген ақпарат жіберілетіні;

      өтініш берушіге қызметтің аталған түрімен айналысуға сот тыйым салмағаны;

      барлық қоса берілген құжаттардың шындыққа сәйкес келетіні және жарамды болып табылатыны;

      өтініш беруші аккредиттеу туралы куәлікті беру кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді пайдалануға келісімін бергендігі расталады.

      Басшы ___________ ________________________________________________________

      (қолы)                  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Толтырылған күні: 20__ жылғы "__" __________

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
18-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігінің өзгерістер
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
19-қосымша

20-қосымша

21-қосымша

22-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 04.02.2021 № 44 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады