"Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 917 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 3 қаңтарда № 18149 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 707 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.12.2020 № 707 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 917 бұйрығымен бекітілген

"Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Жалғыз тұрғын үйі авариялық деп танылған азаматтарға анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Мемлекеттік қызметті Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету қызметті нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 5 (бес) жұмыс күні.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес тұрғын үйді авариялық деп тану туралы анықтаманы немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағына сәйкес мемлекеттік кызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00, 14.30-ге дейін түскі үзіліспен, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 8.30, 9.00-ден 18:00, 18.30-ға дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.00, 14-30-ға дейін түскі үзіліспен 09.00-дан 17.30-ге дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не: өкілеттігін растайтын құжат бойынша жеке тұлғаның; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлғаның уәкілетті өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жасаған кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажет құжаттар тізбесі:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес тұрғын үйді авариялық деп тану туралы анықтама беру туралы өтініш;

      жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);

      ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асыру құқығына тиісті аттестаты бар сарапшы не құрамында аттестатталған сарапшылары бар аккредиттелген ұйым берген ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптамалық қорытынды;

      Тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілген құжаттармен бірге көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге олардың көшірмелерін ұсынады. Салыстырып тексеруден кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту үшін:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі негіз болып табылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.

      Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) оның қабылданғанын растау болып табылады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап көрсетілетін қызметті алушыға пошта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.

4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

      15. Көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 25.07.2019 № 551 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Жалғыз тұрғын үйі авариялық
деп танылған азаматтарға
анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 1-қосымша
  нысан

Тұрғын үйді авариялық деп тану туралы № ___ анықтама

      _____________________                         20__ жылғы "___" ________

      (орналасқан жері)

      Осы анықтама

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың

      деректемелері)

      ұсынылған құжаттардың негізінде

      ____________________________________________________________________

      (орналасқан жері, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)

      мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйді авариялық тұрғын үй деп тану

      туралы шешім шығарылғаны туралы берілді.

      Әкім (Әкімнің орынбасары) ______________________________________________

                                    (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) (қолы)

  "Жалғыз тұрғын үйі авариялық
деп танылған азаматтарға
анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
стандартына 2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(көрсетілетін қызметті
берушінің атауы)
әкімі________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
(болған жағдайда))

Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға анықтама беру туралы өтініш

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), жеке басын куәландыратын құжаттың

      деректемелері, байланыс телефоны, өтініш беруші-жеке тұлғаның мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (нотариалды немесе өзге жолмен куәландырылған құжатқа сілтеме

      _____________________________________________________________________

      жеке тұлғаның атынан осы өтінішті беруге өтініш берушінің өкілеттіктерін растайтын)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

                        (орналасқан жері, жер учаскесінің кадастрлық нөмірі)

      мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйді авариялық деп тану туралы анықтама беруді сұраймын.

      Өтініш берушілер осы өтінішке қоса берілген құжаттардың дұрыстығына толық жауап береді, сондай-ақ осы өтінішті қарауға байланысты сұрау салынатын ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге дер кезінде ұсынуға міндеттенеді.

      Қосымша (жіберілетін құжаттардың атауы жазылған тізілімді, даналар санын және олардың әрқайсысының парақ санын көрсету керек):

      __________________________________

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

                                                            (өтініш иесінің қолы, күні)

                                                __________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады