ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану қағидалары мен шарттары;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сараптама комитетін құру және оның жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ оның сандық құрамы бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.2. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілерінің құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаменті (Көшербаева А.М.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
6. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Ұлттық Банк Төрағасы |
Д. Ақышев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 319 қаулысына 1-қосымша |
Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану қағидалары мен шарттары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану тәртібі мен шарттарын белгілейді.
2. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың құрылуы мен жұмыс істеуі биржаның ішкі құжаттарымен регламенттелетін, қор биржасының алаңдарында айналыста болатын, бағалы қағаздарға және (немесе) туынды қаржы құралдарына қатысты әрекеттері (мәмілелер жасасуды және қор биржасының сауда жүйесінде өтінімдер жариялауды, ақпарат таратуды қоса алғанда) бағалы қағаздар нарығындағы айла-шарғы жасауды анықтау тұрғысынан мониторингтеуге және талдауға жатады.
2-тарау. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп танудың тәртібі мен шарттары
3. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған әрекеттерін анықтау мәнін мониторингтеуге және талдауға мынадай әрекеттер жатады (Қағидалардың 4-тармағының ережелерін ескере отырып):
1) екі немесе одан да көп брокерлер арқылы бір клиент берген, осы бағалы қағаздар бойынша сауда-саттық бағасының, сұранысының, ұсынысының немесе көлемінің елеулі өзгеруіне әсер еткен бір шығарылымның бағалы қағаздарын сатуға және сатып алуға қарсы бұйрықтар (тапсырыстар) негізінде ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында мәміле жасасу;
2) олардың нәтижесінде бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен бағасы, сұранысы, ұсынысы және (немесе) сауда-саттық көлемі деңгейден ауытқып кеткен және (немесе) осындай мәмілелер қалыптасатын деңгейден айтарлықтай ерекшеленетін деңгейде сақталған ұйымдастырылған нарықта бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер (мәмілелер сериясы) жасасу;
3) мынадай әрекеттерді жасау арқылы бағалы қағаздың өтімділігі және оның бағасы туралы жалған және (немесе) жаңылыстыратын түсінік қалыптастыру:
қор биржасының сауда жүйесінде жекелеген қатысушылардың экономикалық мәні жоқ және (немесе) осындай қатысушылардың шоттарындағы бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруіне әкеп соқпайтын осы бағалы қағазбен мәмілелер сериясын жасасуы;
және (немесе) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға арналған өтінімдерді осы бағалы қағаздар бойынша алдыңғы өтінімдерден айтарлықтай жоғары немесе төменірек етіп, оларды мәміле жасалғанға дейін одан әрі алып тастай (кері қайтарып ала) отырып хабарландыру;
және (немесе) қор биржасының сауда жүйесінде экономикалық мағынасы тұрғысынан мәмілелерді жасауға көптеген өтінімдердің елеусіз көлемін негізсіз деп жариялау, бұл сауда-саттық белсенділігінің түрін құратын, көлемі бойынша көптеген шағын мәмілелерді жасасуға алып келуге ықпал етеді;
және (немесе) осы бағалы қағазға қатысты дәйексіз және (немесе) жаңылыстыратын ақпарат тарату;
4) нәтижесінде осы бағалы қағаздармен қор биржасының сауда жүйесіндегі баға, сұраныс, ұсыныс немесе сауда-саттық көлемі деңгейден ауытқып кеткен немесе осындай мәліметтер таратылмай қалыптасатын деңгейден айтарлықтай ерекшеленетін деңгейде сақталған жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жарнамада ұсынылған ақпаратты қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы бағалы қағаздар және (немесе) олармен жасалатын мәмілелер, олардың эмитенттері және (немесе) бағалары туралы анық емес және (немесе) жаңылыстыратын мәліметтерді таратуы;
5) сауда сессиясының соңында қалыптасқан бағаларға қатысты нарық қатысушыларын жаңылыстыру мақсатында қор биржасының сауда сессиясын жабу алдында қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздарды немесе туынды қаржы құралдарын сатып алу немесе сату;
6) нәтижесінде бағалы қағаздардың бағасы, сұранысы, ұсынысы немесе сауда-саттық көлемі кейіннен осы баға бойынша үлкен көлемде мәміле (мәмілелер) жасай отырып, осындай мәмілелерсіз қалыптасатын деңгейден айтарлықтай ерекшеленетін деңгейден ауытқып кеткен, ұйымдастырылған нарықта бағалы қағаздармен шағын көлемді мәмілелер сериясын жасау;
7) брокердің қор биржасының сауда жүйесінде өз шоты бойынша бағалы қағаздармен мәмілелер жасасуға өтінімді (өтінімдерді) өз клиентінің шоты бойынша осы бағалы қағаздармен мәміле (мәмілелер) жасасудан оза отырып, осы бағалы қағаздар бағасының өзгеруіне ықпал еткен мәлімдеуі;
8) ұйымдастырылған нарықта бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәміле жасаған сыңай танытып, оған сәйкес құқықтық салдар жасау ниетінсіз бір не бірнеше мәміле жасасу;
9) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған қосымша шарттарға сәйкес келетін бір не бірнеше мәміле жасасу.
Егер Қағидаларда өзгеше белгіленбесе, бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп жоғарыда көрсетілген әрекеттерін мониторингтеу және талдау үшін өлшемдер, тәртіптер мен талаптар, оның ішінде бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен бағаның, сұраныстың, ұсыныстың, сауда-саттық санының немесе көлемінің айтарлықтай ауытқу өлшемшарттары бағалы қағаздар және (немесе) туынды қаржы құралдарының түрі, өтімділігі және (немесе) нарықтық құнына байланысты қор биржасының ішкі, оның ішінде конфиденциалды құжаттарында айқындалады.
4. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің немесе өзге де тұлғалардың бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған әрекеттерін анықтау тұрғысынан мынадай талаптарға сәйкес келетін әрекеттер мониторингтеуге және талдауға жатпайды:
үлестік құралдар бағасының өзгеруі акциялар бойынша бөлшектеуді (сплитті) жүргізу және (немесе) бір депозитарлық қолхаттың базалық активі болып табылатын акциялар санын қайта қарау нәтижесінде қалыптасқан жағдайда;
бағалы қағаздармен осы бағалы қағаздар эмитентінің директорлар кеңесінің оларды жаңа бағамен орналастыру туралы қабылдаған шешімінің ықпалымен қалыптасқан және (немесе) осы бағалы қағаздардың бағасына және (немесе) кірістілігіне айтарлықтай әсер етуі мүмкін оларды шығару талаптарына (проспектісіне) түзетулер енгізілген (енгізілген) баға бойынша мәмілелер жасасу;
жинақталған кірісті және (немесе) борыштық бағалы қағаздардың кірістілігін ескере отырып, бағаның өзгеруі бағалы қағаздарды купондық төлеу немесе өтеу күнінің жақындауымен байланысты. Мұндай өзгерістің шамасы және оны есептеу тәртібі қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.5. Орындалуы осы мәмілелер тараптарындағы осындай бағалы қағаздар санының елеулі өзгеруіне әкеп соқпаған бағалы қағаздарды сатып алу-сатудың мынадай мәмілелері айла-шарғы жасау мақсатында жасалған болып табылмайды:
1) осындай операцияларға арналған қор биржасы сауда жүйесінің секторында жүзеге асырылатын сол бір репо операциясына жататын репо ашу және жабу мәмілелері;
2) сол бір бағалы қағаздармен бір көлемдегі екі мәміле, олардың екіншісі ұйымдастырылған нарықта осы мәмілелердің біріншісін жасау кезінде жіберілген техникалық қатені түзету мақсатында жасалған болса;
3) қор биржасының сауда жүйесінде мәміле жасалған күннің алдындағы соңғы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде ашық сауда-саттық әдісімен жасалған, бірақ осы кезеңнің кемінде 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде бағалы қағаздармен жасалған мәмілелер осы атаудың бағалы қағаздарымен жиынтық көлемі кемінде 35 000 000 (отыз бес миллион) теңгеге мәміле жасалды, олардың тараптары қор биржасының кемінде 7 (жеті) мүшесі болды. Қор биржасының сауда-саттық жүйесінде сауда-саттыққа қатысушыларға сауда-саттықтың ағымдағы күнінің алдындағы соңғы 30 (отыз) жұмыс күні ішінде осы бағалы қағаз бойынша жасалған мәмілелердің тараптары болып табылатын қор биржасы мүшелерінің санын әрбір бағалы қағаз бойынша жеке-жеке қадағалауға мүмкіндік беретін баптаулар көзделеді;
4) жасау талаптары қор биржасының ішкі құжаттарында айқындалған өлшемшарттар негізінде елеусіз деп танылған мәміле.
6. Қор биржасы 1 (бір) сауда күні ішінде валюталық жұп Америка Құрама Штаттарының долларымен және теңгемен 2 (екі) және одан көп мәмілелер сериясын жасасу жөніндегі іс-қимылдарды мониторингтеуді және талдауды, олар мынадай шарттарға сәйкес келген кезде жүзеге асырады:
1) мәмілелер қор биржасының сауда жүйесіне қарсы екі және одан көп өтінішті автоматты түрде қанағаттандыруға алып келген сатып алуға немесе сатуға бір өтініш беру нәтижесінде жасалды, бұл ретте осындай мәмілелердің біреуінің бағасы осындай өтінімді бергенге дейін жасалған соңғы мәміле бағасынан 10 (он) пайыздан көпке шегеріледі;
2) орындалуы әрбір осындай мәміле сауда-саттықтың екі қатысушысы қарсы өтінімдер беру нәтижесінде жасалу талабымен осы мәмілелердің тараптарда бар шетел валютасы санының айтарлықтай өзгеруіне әкелмеген, 5 (бес) пайыздан көп емес және беру уақыты бойынша 1 (бір) секундтан көп емес көлемдегі айырма көтерілетін немесе төмендейтін баға бойынша мәмілелер;
3) нәтижесінде баға, сұраныс, ұсыныс және (немесе) сауда-саттық көлемі деңгейден ауытқыған және (немесе) осындай мәмілелерсіз қалыптасатын деңгейден айтарлықтай ерекшеленетін деңгейде қолдау тапқан мәмілелерге қатысушының қорытындысы.
Осы тармақтың мақсаты үшін:
шетел валютасы нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың Америка Құрама Штаттарының доллары мен теңгенің валюталық жұбымен сауда-саттықта айла-шарғы жасау мақсатында жасалғаны сияқты жоғарыда көрсетілген әрекеттерінің өлшемдері, мониторинг және оларды талдау тәртібі мен шарттары, оның ішінде сауда-саттық бағасының, сұранысының, ұсынысының немесе көлемінің айтарлықтай ауытқу өлшемшарттары қор биржасының ішкі құжаттарымен, оның ішінде конфиденциалды құжаттармен айқындалады, егер Қағидаларда өзгеше белгіленбесе;
шетел валютасы санының айтарлықтай өзгеруі мәмілелердің тараптарында тұрған шетел валютасының бастапқы санынан 10 (он) және одан көп пайызға айырмашылық танылады;
көтерілетін баға бойынша мәмілелер сериясы деп осы серияның алдыңғы мәмілесінің әрқайсысының бағасынан жоғары мәмілелер түсініледі;
төмендейтін баға бойынша мәмілелер сериясы деп осы серияның алдыңғы мәмілесінің әрқайсысының бағасынан төмен мәмілелер түсініледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мониторингке және талдауға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәмілелер жасауға байланысты әрекеттері жатпайды.
7. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп анықтауды:
1) қор биржасының және бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың есептерінде, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің, мемлекеттік органдар мен өзге де жеке және заңды тұлғалардың хаттарында (өтініштерде, шағымдарда), бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарында, бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін тексеру нәтижелерінде қамтылған ақпарат негізінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган);
2) қор биржасының сауда жүйесінде бағалы қағаздармен және басқа қаржы құралдарымен бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың әрекеттерін қадағалау қызметін жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі жүргізеді.
8. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың әрекеттерін қадағалау қызметін жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын және Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында белгіленген ережелерді ескере отырып, бағалы қағаздар субъектісінің және Қағидалардың 3 және 6-тармақтарына сәйкес келетін бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың әрекеттерін анықтаған кезде, осындай әрекеттер туралы есеп қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде, бірақ осындай әрекеттер анықталған күннен кейінгі күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға жіберіледі.
Қор биржасының сауда жүйесінде жасалатын мәмілелерді қадағалау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын қор биржасының құрылымдық бөлімшесі Қағидалардың 3-тармағы 9) тармақшасына сәйкес келетін әрекеттерді, сондай-ақ осы әрекеттердің айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп пайымдауға негіздер болатын бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге де тұлғалардың әрекеттерін анықтаған кезде, осындай әрекеттер туралы есеп қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленген мерзімде, бірақ осындай әрекеттер анықталған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күннен кешіктірмей уәкілетті органға жіберіледі.
9. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануды бағалы қағаздар субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелерін қарауды жүзеге асыратын сараптама комитетінің қорытындысын қарау нәтижелері бойынша жүзеге асыратын уәкілетті орган іске асырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.10. Алып тасталды – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 319 қаулысына 2-қосымша |
Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сараптама комитетін құру және оның жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ оның сандық құрамы
Ескерту. Қаулы 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 28.10.2022 № 83 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сараптама комитетін құру және оның жұмыс істеу қағидалары, сондай-ақ оның сандық құрамы (бұдан әрі – Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабына сәйкес әзірленді және бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың әрекеттерін бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тану мәселелерін қарауды жүзеге асыратын сараптама комитетін құру және жұмыс істеу тәртібін (бұдан әрі – сараптама комитеті), сондай-ақ оның сандық құрамын белгілейді.
2-тарау. Сараптама комитетін құру және оның жұмыс істеу тәртібі, сондай-ақ оның сандық құрамы
2. Сараптама комитеті қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жанынан кемінде он мүшеден тұратын құрамда құрылады:
уәкілетті органның кемінде бес өкілі;
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кемінде бір өкілі;
қор биржасының кемінде екі өкілі;
орталық депозитарийдің кемінде бір өкілі;
кемінде бір тәуелсіз сарапшы.
Тәуелсіз сарапшы (тәуелсіз сарапшылар) уәкілетті органмен келісілгеннен кейін Қазақстанның қаржы секторының мүдделерін шоғырландырылған түрде білдіретін заңды тұлғалар бірлестігінің ұсынысы негізінде сараптама комитетінің құрамына енгізіледі.
Сараптама комитетінің отырысына уәкілетті орган сараптама комитетінің шешімі негізінде шақырған жағдайда, қаралып отырған мәселе бойынша пікірін білдіру үшін қаржы нарығы субъектілерінің өкілдері дауыс беру құқығынсыз сарапшылар ретінде қатысады.
3. Сараптама комитетінің отырыстары қажеттілігіне қарай қатыса отырып, сырттай не аралас нысандарда өткізіледі.
Сараптама комитетінің отырысын өткізу үшін кворум оның мүшелерінің кемінде үштен екісін құрайды. Сараптама комитетінің әрбір мүшесі бір дауысқа ие. Дауыстар тең болған жағдайда сараптама комитеті төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
Сараптама комиссиясының мүшесі егер сараптама комиссиясы қараған мәселе бойынша шешім қабылдау кезінде дауыс беруінің нәтижесі оның жеке мүддесіне байланысты болса, қарсылық білдірілуге (өздігінен бас тартуға) жатады және отырысқа қатыспайды. Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) дәлелденеді және отырыс басталғанға дейін не сараптама комитетінің отырысы барысында мәлімделеді. Сараптама комитеті мүшесіне қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы шешімді сараптама комитеті отырысқа қатысушы мүшелерінің көпшілік даусымен қабылдайды, сараптама комитеті мүшесінің қатысуымен жария етіледі және осы тармақтың жетінші бөлігінде көрсетілген хаттамада көрсетіледі.
Сараптама комитетінің шешімдері отырысқа қатысқан сараптама комитеті мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады.
Егер шешім қабылдауға сараптама комитеті мүшелерінің қарапайым көпшілігі дауыс берсе, белгіленген мерзімде алынған бюллетеньдерде кворум болған жағдайда, сырттай дауыс беру арқылы шешім қабылданды деп танылады.
Сырттай дауыс беру қажет болған жағдайда отырысқа қатысып отырған сараптама комитеті мүшелерінің дауыс беруімен (аралас дауыс беру) бірге қолданылады. Шешімдері аралас дауыс беру арқылы қабылданатын кворумды айқындау кезінде сараптама комитетінің отырысын өткізу басталғанға дейін ұсынылған, сырттай дауыс берген сараптама комитеті мүшелерінің бюллетеньдері ескеріледі.
Сараптама комитетінің шешімдері сараптама комитетінің отырысы өткізілгеннен кейін бесінші жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сараптама комитетінің төрағасы мен хатшысы қол қоятын хаттамамен және дауыс беруге қатысқан сараптама комитетінің барлық мүшелері қол қоятын сараптама қорытындысымен ресімделеді.
Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге тұлғалардың айла-шарғы жасау мақсатында жасалған ретінде шетел валютасына қатысты әрекеттеріне байланысты мәселелер, егер осы отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі қатысса, сараптама комитетінің отырысында қаралады.
4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілері немесе әрекеттері туралы ақпарат сараптама комитетінің қарауына шығарылған өзге де тұлғалар уәкілетті органның сұратуы бойынша көрсетілген әрекеттерді жасаудың мән-жайларына жазбаша түсіндірме береді.
Сараптама комитетінің ұсынымы бойынша мұндай адамдар көрсетілген әрекеттерді жасау мән-жайларының түсіндірмелерін ұсыну мақсатында сараптама комитетінің отырысына шақырылады. Мұндай адамдар сараптама комитетінің отырысына қатысуға ниет білдірген кезде сараптама комитетінің отырысы қатыса отырып не аралас нысандарда өткізіледі.
5. Сараптама комитетінің қорытындысы оның бағалы қағаздар субъектісі және өзге де тұлғалардың әрекеттерін айла-шарғы жасау мақсатында жасалған деп тануына қажетті және жеткілікті негіздердің болуына қатысты пікірінің көрінісі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 319 қаулысына 3-қосымша |
Ескерту. Қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 26.06.2023 № 63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Күші жойылды деп танылатын Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері құрылымдық элементтерінің тізбесі
1. "Ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында жасалған бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен мәмiлелердi айла-шарғы жасау мақсатында жасалды деп тану, қор биржасының сараптама комитетін жасақтау және оның жұмыс жасау қағидаларын, сондай-ақ оның сандық құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 13 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13333 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
2. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 17 наурыздағы № 106 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13668 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 50 қаулысымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 4-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15274 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 шілдеде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. "Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізімінің жекелеген санаттарына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 54 қаулысымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын реттеу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 14-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15175 болып тіркелген, 2017 жылғы 14 маусымда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).