Ескерту. Күші жойылды - Астана қаласы мәслихатының 23.08.2018 № 298/36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2018 жылы Астана қаласы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне Жеңіс күніне орай 350000 (үш жүз елу мың) теңге мөлшерінде қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихаты сессиясының төрағасы |
А. Ким |
Астана қаласы мәслихатының хатшысы |
Ж. Нұрпейісов |