Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы әкімдігінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/554 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № 6С-27-24 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 29 желтоқсанда № 6997 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, "Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу ұсынысы туралы" Жақсы ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 13 сәуірдегі № а-3/96 қаулысының және Жақсы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6ВС-22-2 шешімінің негізінде, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақмола облысы Жақсы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      1) Ақмола облысы Жақсы ауданының Новокиенка ауылдық округінің Парчевка ауылы Ақмола облысы Жақсы ауданы Новокиенка ауылдық округі Новокиенка ауылының құрамына енгізіліп, басқа қоныстар санатына көшірілсін және есептік деректерден шығарылсын;

      2) Ақмола облысы Жақсы ауданының Новокиенка ауылдық округі Ақмола облысы Жақсы ауданының Новокиенка ауылы деп қайта құрылсын.

      2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин
      Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
Б.Наурызбаева
      Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы
Д.Нұрмолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады